|
|
содержание .. 3 4 5 6 ..
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
BOND өңдеу модулі тек қана 150 мкл күйінде үлестіреді - Егер 100 мкл бөлуді талап ететін
препараттар жүктелсе, онда сіз өңдеуді бастай алмайсыз.
BOND-MAX және BOND-III антиденелердің таралу көлемі, Препаратты қосу (Add slide)
диалогында көрсетілгендей - 100 мл және 150 мкл. ISH препараттары үшін (құралдардың екі түрінде
де) 150 мкл қондырғысы мәжбүрлі түрде қолданылады және өңдеу модульдері Covertile қақпақшасын
және 150 мкл тарату үшін зонд қалпын пайдаланады. Дегенмен, BOND зондты 150 мкл бастап, астам
мөлшерде бөледі:
l РНҚ-зондтар үшін BOND 220 мкл екі кезеңде - 150 мкл және 70 мкл бөледі;
l ДНҚ-зондтар үшін BOND 240 мкл екі кезеңде - 150 мкл және 90 мкл бөледі.
Шаю барысында және басқа да кезеңдерде протоколға байланысты әр түрлі көлемдер қолданылады.
Әдепкі бөлу көлемі
BOND-MAX-те ИГХ арналған бөлінетін көлем (150 мкл немесе 100 мкл) әрбір жеке препарат үшін
берілуі мүмкін, сонымен бірге BOND әдепкі параметрлердің екі деңгейін орнатуға мүмкіндік береді.
Жүйе үшін әдепкі мән берілуі мүмкін (10.5.2 - Оқиғалар мен препараттардың баптаулары тармағын
қараңыз). Оқиғаны қосу (Add case) диалогында берілетін (Оқиғаны қосу (6.3.3-бөлім, 126-бет)
тармағын қараңыз) жекелеген оқиғалар үшін әдепкі орнату аталған орнатудан үстем болады.
Бөлінетін көлем Препаратты қосу (Add slide) диалогында жекелеген препараттар үшін белгіленуі
мүкін (6.5.2 - Препаратты құрутармағын қараңыз).
Бір циклде өңдеу үшін барлық препараттардың таралу көлемі бірдей болуы тиіс
(6.9 - Препараттардың үйлесімділігі тармағын қараңыз).
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
139
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.6
Препараттарды заттаңбалау
BOND жүйесінде боялатын барлық препараттардың оларға дұрыс протоколдар қолданылуы үшін
бағдарламалық жасақтамамен сәйкестендіруге арналған заттаңбалары болуы тиіс. BOND жүйесінде
жасалатын препараттардың заттаңбаларында өңдеу модулінде препараттарды автоматты
сәйкестендіру үшін пайдаланылатын сәйкестендіргіш (әріптік-сандық бірізділік немесе штрих-код
түрінде ұсынылған) бар. ЗАЖ жүйесінде жасалған заттаңбалар (штрих-код түріндегі сәйкестендіргіші
бар), сондай-ақ, автоматты түрде сәйкестендірілуі мүмкін. Дегенмен, заттаңбаларға әрдайым, егер
мұны автоматты түрде құруға болмайтын болса, мысалы, заттаңбаны ластаған кезде
(10.3 - Заттаңбалар тармағын қараңыз) препараттардың сәйкестендірілуі мүмкін болуы үшін адам
оқуға жарамды қосымша енгізілуі тиіс.
Заттаңбалар аппаратқа тиелгенге дейін препараттарға жапсырылуы тиіс. Сәйкестендіргіштерді
санауыш заттаңбаның сәйкестендіргішін (штрих-кодтар үшін) тиімді сканерлеуі немесе
заттаңбалардың сәйкестендіргішін суретке түсіруі (әріптік-сандық сәйкестендіргіштер және кейбір
реттеулерде, штрих-кодтар үшін) үшін заттаңбалардың дұрыс жапсырылғанына көз жеткізіңіз.
Сіз BOND препараттар заңбасының принтерімен пайдалану үшін, Leica Biosystems жеткізілетін
заттаңбаларды пайдалану керек.
l
6.6.1 - Заттаңбаларды басып шығару және оларды препараттарға жапсыру
l
6.6.2 - Препараттардың сәйкестендіргіштері және заттаңбалардың сәйкестендіргіштері
6.6.1
Заттаңбаларды басып шығару және оларды препараттарға
жапсыру
Бір препаратқа заттаңбаны басып шығару үшін оны тінтуірдің оң жақ пернесімен басып,
заттаңбаны басып шығару (Print label) батырмасын таңдаңыз. Бұл оқиғада
препараттардың заттаңбаларын Басып шығару (Print slide labels) диалогы пайда
болмайды. BOND-ADVANCE жүйесінде орнатылған өңдеу модульдерінің топтарын қамтитын
заттаңбаны басып шығару үшін әдепкі заттаңба принтері қолданылады. Болмаған жағдайда,
тізімдегі бірінші заттаңба принтері пайдаланылады (10.6.3 - Препараттар заттаңбаларының
принтері тармағын қараңыз).
1.
Барлық препараттарды реттегеннен кейін, Препараттарды реттеу (Slide setup) экрандағы
заттаңбаны Басып шығару (Print labels) батырмасын басыңыз.
2.
Препараттардың қандай заттаңбаларын басып шығару керек екендігін таңдаңыз:
l Әлі басып шығарылмаған препараттардың барлық заттаңбалары - заттаңбалары әлі
басып шығарылмаған барлық оқиғаларда препараттар.
l Осы оқиға үшін әлі басылмаған препараттардың барлық заттаңбалары - заттаңбалары
әлі басылмаған ағымдағы оқиғадағы препараттар.
l Ағымдағы оқиға - ағымдағы оқиғаға арналған барлық препараттар, соның ішінде бұрын
басылған.
Препараттардың заттаңбалары оқиғалар құру тәртібімен, ал әрбір оқиға шегінде -
препараттарды құру тәртібімен басылады..
140
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
3.
Препараттар заттаңбасының принтерін таңдаңыз.
(Әкімшілендіру клиентінің Аппараттық жасақтамасы (Hardware) экранында әдепкі
принтерді орнатыңыз - 10.6.2 - Өңдеу модульдерінің тобы тармағын қараңыз).
4.
Басып шығару (Print) батырмасын басыңыз.
Заттаңбаларды басып шығару барысында Препаратты реттеу (Slide
setup) экранның сол жақ төменгі бөлігінде жыпылықтайтын белгіше
пайдала болады.
5.
Препараттың заттаңба жапсырылатын күңгірт аймағы толығымен құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз (матамен сүрту жеткіліксіз), содан кейін препараттың сәйкестендіргіші бар
заттаңбаны оның шетіне параллель жапсырыңыз.
6.
Егер препаратты заттаңбасын жоғары қаратып ұстағанда, препараттың заттаңбасы дұрыс
бетімен жоғары бағытталуы тиіс (шынының тін орналасқан бетінде болуы керек).
Заттаңбаны түзу орнатыңыз, өйткені өңдеу модулі ығысқан заттаңбаларды дұрыс санай
алмайды.
Дұрыс:
Дұрыс
Дұрыс
емес:
емес:
Заттаңба
шыны шегінде
Заттаңба
Заттаңба
түзу
шынының
түзу
орналасқан.
шегіне
орнатылм
шығып
аған.
кеткен.
Сурет 6-4: Заттаңбаны шыны шегінде орналастырыңыз.
Заттаңбаны толығымен препараттың шегінде орналастырыңыз. Шығып тұрған
жабысқақ бет заттаңбаның (және препараттың) Covertiles қақпақшасына
немесе басқа жабдыққа жабысуы мүмкін, бұл перараттың бүлінуіне әкеп
соғады.
6.6.1.1
Сыртқы парафинсіздеу және антигенді анықтау
Антигенді парафинсіздендіру және анықтауды, егер олар BOND жүйесінден тыс жүргізілсе,
препараттарға заттаңбаларды жапсырығаннан кейін орындаған дұрыс. Бұл препараттар туралы
ақпаратты енгізгенше және қажетті протоколдарды BOND жүйесінде орнатқанша препараттың
кебуінен, сондай-ақ, осы кезеңдерден кейін ылғалды препараттарға заттаңбаларды жабыстырудағы
қиындықтардан құтылуға мүмкіндік береді.
Егер сіз аппараттан тыс парафинсіздендіру үшін ксилен пайдалансаңыз, оларды майламау үшін
заттаңбаларға тимеңіз. Сондай-ақ, алдымен заттаңбаны BOND препараттарының заттаңбаларына
арналған қақпақпен жабуға болады.
Препарат заттаңбасының ксиленге және/немесе суға ұзақ уақыт бойы батырылуы немесе байланыс
құруы препараттың заттаңба желімінің тиімділігін азайтуы мүмкін. Біз заттаңбалардың ксиленге
немесе суға он минуттан астам салынбалуына кеңес береміз. аппараттан тыс парафинсіздендіру және
дегидраттау барысында реагент деңгейінің препарат заттаңбасынан төмен болуы маңызды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
141
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
BOND-III және BOND-MAX аппараттарында тек BOND Dewax Solution ерітіндісін
пайдаланыңыз. Ксилен, ксилен алмастырғыштарын немесе жүйенің бөліктерін
зақымдауы және сұйықтықтың ағуына әкеп соғуы мүмкін басқа да реагенттерді
пайдаланбаңыз.
6.6.2
Препараттардың сәйкестендіргіштері және заттаңбалардың
сәйкестендіргіштері
BOND жүйесі әрбір жаңа препарат үшін бірегей «Препарат сәйкестендіргішін» ұсынады. BOND
жүйесі сондай-ақ, әрбір басып шығарылған препараттың заттаңбасы үшін бірегей «Заттаңба
сәйкестендіргішін» жасайды.
Заттаңбаның сәйкестендіргіші әріпті-сандық сәйкестендіргіш (СОТ), әкімшілендіру клиентінде бір
өлшемді немесе екі өлшемді штрих-код түрінде беріледі (10.5.2 - Оқиғалар мен препараттардың
баптаулары тармағын қараңыз).
ЗАЖ препараттары үшін препараттың сәйкестендіргіші ЗАЖ анықталуы мүмкін және кез келген сан (8
немесе одан аз сан) болуы мүмкін.
6.6.2.1
Штрих-коды бар заттаңбалардың сәйкестендіргіштері
Штрих-кодтары бар заттаңбалар осы препараттың бірегей сәйкестендіргіші болып табылатын 4
таңбалы ASCII заттаңба сәйкестендіргішін қолданады.
6.6.2.2
Заттаңбаның әріптік-сандық сәйкестендіргіштері
Әріптік-сандық заттаңбаларда алғашқы төрт таңба препараттың «бірегей сәйкестендіргіші» болып
табылады. Басып шығарылған заттаңбада олардан кейін оқу барысында препараттың дұрыс
сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін үш қосымша таңба қосылады.
6.6.2.3
Препараттарды сәйкестендіру
Заттаңбалар препараттарға салынған кезде, жүйе препараттарды бояу блоктарындағы әрбір оқиғада
препаратты сәйкестендіре алады (5.1.5.1 - Препараттарды автоматты сәйкестендіру қараңыз).
Сәйкестендіргіші жоқ немесе сәйкестендіргіші танылмаған препараттар жүйеде қолмен
сәйкестендірілуі тиіс (5.1.5.2 - Аппараттағы препараттарды қолмен сәйкестендіру қараңыз) немесе
олар үшін жаңа заттаңбаларды басып, оларды қайта тану керек.
Әкімшілендіру клиентінің заттаңбасының конфигурациясы (Label configuration) экранында
заттаңбаға салынатын ақпаратты реттеңіз (10.3 - Заттаңбалар қараңыз).
142
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.7
Препараттың параметрлері туралы есеп
Препараттардың параметрлерінің мәліметінде қазіргі уақытта Препаратты баптау (Slide setup)
экранында реттелген барлық препараттар (барлық оқиғалар үшін) ұсынылған. Препараттар
оқиғалары бойынша топтастырылады және олар үшін маркер және бөлінетін көлем сияқты
мәліметтер келтіріледі. Есептің төменгі бөлігінде есепте препараттар үшін талап етілетін барлық
реагенттер мен реагенттер жүйелерінің тізімі, әрқайсысы үшін сынамалар саны көрсетілген.
BOND-MAX және BOND-III аппараттарына арналған жеке тізімдер бар.
Есеп өңдеу циклдарын дайындау барысында пайдалы болып табылады. Ол сізге әрбір науашаларға
орналастырылатын препараттардың үйлесімді болуын бақылауға көмектеседі (6.9 - Препараттардың
үйлесімділігі тармағын қараңыз), сондай-ақ, жүктеу қажет реагенттер мен реагенттер жүйелерін
көрсетеді.
Препараттың параметрлері туралы есеп құру үшін, Препарат параметрлерінің мәліметтері
(Slide setup summary) батырмасын басыңыз.
Есеп әрбір препарат туралы келесі ақпаратты қамтиды.
Жолақ
Сипаттама
Препарат
BOND жүйесі әрбір препаратқа бірегей сәйкестендіргішті береді
сәйкестендіргіші
(Slide ID)
Маркер (Marker)
Маркер(лер)
Бояу протоколы
Бояу протоколы
(Staining protocol)
Дайындау
Дайындық протоколы (болған жағдайда)
(Preparation)
АЖА (HIER)
АЖА протоколы (болған жағдайда)
Фермент (Enzyme)
Ферменттік демаскировка протоколы (болған жағдайда)
Жағылатын көлем
Үлестірілуі тиіс реагенттің көлемі (6.5.8 - Төсеніш шынылардағы
(Dispense volume)
бөлінетін көлемдер мен тіндердің орналасуы тармағын қараңыз)
Тіннің түрі (Tissue
Зерттелетін тін, оң гистологиялық бақылау тіні немесе теріс
type)
гистологиялық бақылау тіні
Бірізді қосарлы боялатын препараттар үшін Маркер, Протоколдары, Үлестірілген көлем және Тін түру
бағандарында препараттардың сәйкестендіргіштері бойынша топтастырылған екі жолақ бар.
Есептер терезесі және басып шығару мүмкіндіктері туралы ақпаратты 3.7 - Есептер тармағынан
қараңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
143
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.8
Препараттар мен оқиғаларды бейреттік құру
Әдепкі бойынша, BOND жүйесі жаңа оқиғалар мен препараттар препараттарды өңдеу және оқу
модуліне препараттарға арналған науашаны жүктегеннен кейін жасалуы мүмкін болатындай етіп
бапталған.
Төменде келтірілген бөлімдердің біріншісінде оқиғалар мен препараттарды «бейреттік» құру үшін
нұсқаулар берілген. Екінші бөлімде баламалы жұмыс тәртібі үшін параметрлерді баптау сипатталған.
l
6.8.1 - Жаңа оқиғаларды және/немесе препараттарды оқылғаннан кейін құру
l
6.8.2 - Аппараттағы препараттарды сәйкестендіру нұсқалары
6.8.1
Жаңа оқиғаларды және/немесе препараттарды оқылғаннан
кейін құру
Препараттар жүктелгеннен және оқылғаннан кейін оқиғалар мен препараттар туралы ақпаратты қосу
үшін төменде сипатталған процедураларды орындаңыз (процедура 5.1.5.2 - Аппараттағы
препараттарды қолмен сәйкестендіру тармағындағы Препараттарды аппаратта қолмен
сәйкестендіруде сипатталған қолмен сәйкестендіруге ұқсас, бірақ жаңа оқиғалар мен препараттарды
құруды қамтиды).
1. Препараттарды өңдеу модуліне әдеттегі жолмен жүктеңіз.
BOND бағдарламалық жасақтамасында оқиға құрудың немесе заттаңбаларды басып
шығарудың қажеті жоқ - бөгде көздерден алынған немесе қолмен жазылған заттаңбаларды
пайдалануға болады.
2. Жүйе заттаңбаларды танымайды, сондықтан олардың фотосуреттерін көрсетеді.
Автоматты түрде танылмаған препарат
Егер заттаңбаның фотосуреттері қандай да бір өңдеу модулінде үнемі көрсетілмейтін болса, онда ол
препараттың заттаңбасының суреттерін оқымайтындай етіп бапталған болуы мүмкін. Өңдеу
модулінде осы баптауды өзгертуді ұйымдастыру үшін қолдау қызметімен хабарласыңыз.
144
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
3. Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогын іске қосу үшін келесі
әрекеттердің бірін орындаңыз:
i. Препараттың суретінің үстінен екі рет басыңыз.
ii. Тінтуірдің оң жақ пернесімен суретіт түртіп, ішкі мәзірден Қолмен таңдау (Select
manually) батырмасын таңдаңыз.
Жаңа оқиға (New case) және Жаңа препарат (New slide) ( 1 және 2 нөмірлері) қол
жетімді батырмалармен Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогы пайда
болады.
Препараттың жай-күйі экранымен препаратты сәйкестендіру диалогы.
(Кейбір зертханаларда Жаңа оқиға батырмасы немесе Жаңа оқиға және Жаңа препарат екі
батырмасы де өшірілуі мүмкін - төм. 6.8.2 - Аппараттағы препараттарды сәйкестендіру нұсқалары
нұсқаларын қараңыз)
Белсенді препарат препараттарға арналған науашада бөлінеді (номер 3).
Диалогта препаратты сәйкестендіруді жеңілдету үшін заттаңбаның үлкейтілген бейнесі (4
нөмірі) бар. Одан да үлкен заттаңбаны көру үшін оң жақтағы панельде меңзерді препараттың
үстінде ұстап тұрыңыз.
Сол жақтағы панельде ағымдағы препараттардың барлық оқиғалары көрсетілген. Әдепкі
параметрде заттаңбалар басылған препараттардың оқиғалары ғана көрсетіледі (заттаңбалар
әлі басылып шықпаған препараттардың оқиғаларын қосу үшін баптауды өзгерте аласыз -
6.8.2.2 - Препараттардың сыртқы заттаңбалары тармағындағы Аппараттағы препараттарды
сәйкестендіру нұсқалары. қараңыз).
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
145
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Орталық панельде препараттар өңдеу модулінде суретке түсірілген препараттардың
ешқайсысымен әлі салыстырылмаған сол панельде таңдалған оқиғада бапталған препараттар
көрсетілген. Тағы да, әдепкі реттеулерде заттаңбалар басылған препараттар ғана көрсетіледі,
бірақ бұл параметрді де оқиға үшін бапталған барлық препараттарды көрсету үшін өзгертуге
болады.
Заттаңбаның дұрыс суретін таңдағаныңызға көз жеткізіңіз, себебі дұрыс таңдамау сіздің
препараттарға әсер етуі мүмкін.
4.
Жаңа оқиға құру үшін Жаңа оқиға (New case) батырмасын басыңыз (нөмір 1).
Таңдалған препаратқа әдепкі жолмен жаңа оқиға құрыңыз (6.3.3 - Оқиғаны қосу тармағын
қараңыз).
5.
Оқиғаны қосу (Add case) диалогында ОК батырмасын басқаннан кейін, Препаратты
сәйкестендіру (Slide identification) диалогындағы оқиғалар тізімінде жаңа оқиғаны
таңдаңыз.
6.
Сіз жаңа ғана жасаған оқиғада жаңа Препаратты құру үшін Жаңа препарат (New slide)
батырмасын басыңыз (нөмір 2).
Препаратты қосу (Add slide) диалогы ашылады.
7.
Бағдарламалық жасақтамада оң жақ панелінде таңдалған физикалық препаратқа арналған
жаңа препарат құрыңыз (6.5.2 - Препаратты құру тармағын қараңыз).
Жаңа препарат қосылған кезде, ол диалогтың орталық панелінде көрсетіледі (яғни, жаңа оқиға
сол жақ оқиғалар тізімінде таңдалып тұрғанда).
8.
Оң жақтағы тақтада әлі де дұрыс сурет заттаңбасының таңдалғандығына көз жеткізіп, оны
орталық панельдегі жаңа препаратпен салыстыру үшін Енгізу (Insert) батырмасын басыңыз.
Препарат орталық панельден жойылады, ал оң жақ панельдегі заттаңбаның суреті жаңа ғана
жасалған препарат үшін енгізілген препарат туралы жүйелік ақпаратқа ауыстырылады.
Егер сіз препаратты дұрыс салыстырсаңыз, оң жақтағы панельде препаратты таңдау және
Жою (Remove) батырмасын басу арқылы осы қадамды тоқтатуға болады.
9.
Енді препарат әдеттегі жолмен өңделуі мүмкін.
Науашадағы қалған препараттар үшін жаңа оқиғалар мен препараттарды құру процедурасын
қайталаңыз.
146
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.8.2
Аппараттағы препараттарды сәйкестендіру нұсқалары
Әкімшілендіру клиентінің баптаулары Препаратты сәйкестендіру (Slide identification)
диалогындағы мүмкіндіктерді ішінара қоса немесе өшіре отырып, препараттарды сәйкестендірудің әр
түрлі тәртібін мәжбүрлі түрде белгілеуге немесе қоюға мүмкіндік береді.
6.8.2.1
Оқиғалар мен препараттардың бейреттік жасалуын шектеу немесе тыйым
салу
Әдепкі бойынша BOND BOND бағдарламалық жасақтамасында жасалмаған (немесе ЗАЖ жүйесінен
импортталған) препараттарды жүктеуге, сондай-ақ, Препаратты Сәйкестендіру (Slide
identification) диалогын пайдалана отырып, суреттерді оқығаннан кейін бағдарламалық
жасақтамада оқиғалар мен препараттарды құруға мүмкіндік береді. Таңдау бойынша, сіз осындай
жаңа оқиғаларды құруға тыйым салу үшін (бірақ бар оқиғалар үшін жаңа препараттарды құруға
рұқсат беру), немесе препараттарды жүктегеннен кейін препараттарды (және оқиғаларды) құруға
толық тыйым салу үшін жүйені баптай аласыз. Параметрлерге байланысты, Жаңа оқиға (New
case) батырмасы немесе Жаңа оқиға (New case) және Жаңа препарат (New slide) екі
батырмасы де Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогында өшіріледі (
қараңыз).
Әкімшілендіру клиенті зертханасының конфигурациясы (Laboratory Configuration)
экранында оқиғалар мен препараттарды бейреттік құру мүмкіндігін шектеңіз (10.5.2 - Оқиғалар мен
препараттардың баптаулары тармағын қараңыз).
6.8.2.2
Препараттардың сыртқы заттаңбалары
BOND барлық препараттардың заттаңбаларын өңдеу алдында BOND басып шығаруды талап ететінін
немесе талап етпеуін белгілей аласыз. ЗАЖ және ЗАЖ емес препараттарға арналған жеке баптаулар
бар.
ЗАЖ емес препараттар үшін әдепкі орнату BOND арқылы басып шығаруды талап етеді. Бұл дегеніміз,
басып шығарылған BOND заттаңбасы жоқ физикалық препараттар бағдарламалық жасақтамада
жасалған препараттармен автоматты түрде салыстырылмайды (сәйкестендіргіштер сәйкес келсе де).
Сонымен қатар, сіз Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогын пайдалана
отырып, препаратты қолмен салыстыра алмайсыз, өйткені онда тек BOND арқылы басылған
препараттар ғана көрсетіледі. Сондықтан заттаңбалары қолмен жазылатын немесе бөгде
өндірушілердің жабдықтарында басылатын BOND-ЗАЖ интеграциясы жоқ зертханалар осы
мүмкіндікті өшіруі тиіс. Бұл жүйеде жасалған барлық препараттарды BOND заттаңбаларының басып
шығарылғанына немесе басып шығарылмағанына қарамастан, өңдеу модуліне жүктелген
препараттармен салыстыруға мүмкіндік береді.
Басып шығарылған BOND заттаңбалары жоқ препараттарды өңдеуге рұқсат беру үшін, әкімшілендіру
клиентінің зертханасы (Laboratory) экранындағы BOND құрылғысында Мәжбүрлі басып
шығару (Force printing in ) тармағын таңдауды шешіп алыңыз (10.5.2 - Оқиғалар мен
препараттардың баптаулары тармағын қараңыз). (BOND құрылғысында Мәжбүрлеп басып
шығару (Force printing in ) тармағын таңдауды шешіп алу міндетті емес, жай ғана оқиғалар мен
препараттарды бейреттік құруға рұқсат беруге болады - жоғ.6.8.2.1 - Оқиғалар мен препараттардың
бейреттік жасалуын шектеу немесе тыйым салу қараңыз)
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
147
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
BOND жүйесінде Мәжбүрлеп басып шығару (Force printing in ) пунктінен таңдау алынғанға
дейін жасалған препараттар олардың заттаңбалары басып шығарылғанға дейін өңдеу үшін қол
жетімді болмайды. Осы таңдаудан кейін жасалған препараттар үшін заттаңбаны басып шығару талап
етілмейді.
ЗАЖ препараттары үшін әдепкі параметр BOND арқылы басып шығаруды талап етпейді. Бұл, ЗАЖ
басылған заттаңбалары бар препараттар BOND бағдарламасына (ЗАЖ жүйесінен импортталған)
жүктелген препараттармен автоматты түрде салыстырылуы мүмкін екендігін білдіреді. Немесе, егер
автоматты түрде салыстыруды орындау мүмкін болмаса (мысалы, препараттың заттаңбасы ластанған
оқиғада), Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогын пайдалана отырып,
препаратты қолмен салыстыруға болады. Дегенмен, егер жұмыс процесінде ЗАЖ жүйесінде жасалған
препараттар болған жағдайда, бірақ сіз заттаңбаларды BOND жүйесінде мәжбүрлеп басып
шығарғыңыз келсе, мұндай мүмкіндікті қосу керек (әкімшілендіру клиентінің ЗАЖ (LIS) экранында
BOND жүйесінде мәжбүрлі басып шығаруды (Force LIS printing in ) таңдаңыз - 10.2 - ЗАЖ
тармағын қараңыз).
148
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.9
Препараттардың үйлесімділігі
Әрбір өңдеу цикліндегі кезеңдер науашадағы барлық препараттар үшін оңтайлы нәтижелерді
қамтамасыз ету мақсатында үйлестірілген болуы үшін препараттар препараттарға арналған науалар
жүктелгенде BOND бағдарламалық жасақтамасымен үйлесімділігіне (compatibility) тексеріледі.
Үйлеспейтін препараттар Жүйенің жай-күйі (System status) экранында көрсетіледі. Сіз өңдеу
циклы басталғанға дейін үйлеспейтін препараттарды шешіп алуыңыз немесе ауыстыруыңыз керек
(5.1.4.4 - Препараттардың үйлеспейтін параметрлерін түзету қараңыз).
Әдеттегі препараттар үйлесімді болу үшін олар:
l бірдей бөлінген көлемі болуы;
l барлығы бір рет бояу немесе параллель екі рет бояу немесе дәйекті екі рет бояу үшін арналуы;
l бірдей дайындау протоколын пайдаланылуы;
l бірдей бояу протоколын пайдаланылуы; және
l алдын ала өңдеудің үйлесімді протоколдарын және/немесе ISH денатурация және
гибридизация протоколдарын пайдаланылуы керек.
Протоколдардың үйлесімділік ережелері төменде 6.9.1 - Протоколдардың үйлесімдігі келтірілген.
Препаратты күйге келтіру туралы есеп (6.7 - Препараттың параметрлері туралы есеп ) әрбір науашаға
үйлесімді препараттардың жүктелетіндігіне көз жеткізуге
6.9.1
Протоколдардың үйлесімдігі
Бояу және дайындау протоколдарының қатаң үйлесімділік шектеулері бар, ал жылу және алдын ала
ферменттік өңдеу протоколдары, сондай-ақ, ISH гибридизация және денатурация кейбір
өзгертулерге мүмкіндіктері бар. Бұл протоколдардың үйлесімділігі өңдеу модулінің түріне (BOND-III
немесе BOND-MAX), протоколдар кезеңдерінің саны мен ұзақтығы, сондай- ақ, бұл кезеңдердегі
аппараттардың жай-күйіне тәуелді болады. Бұл факторлар бір-біріне дәл келгенде немесе бояу
сапасына әсер етейтінде деңгейдегі айырмашылықтары болған оқиғада протоколдар үйлесімді
болады.
Протоколдардың барлық түрлері үшін үйлесімділік ережелері төменде келтірілген.
6.9.1.1
Бояу протоколдары
Препараттардың әрқайсысы үшін бірдей бояу протоколы қолданылуы керек. Бірізді екі реттік бояулы
циклдер үшін екі бірдей бояу протоколы дәл сол тәртіпте қолданылуы тиіс.
ИГХ және ISH препараттарын бір реттік бояу циклдерінде араластыруға болмайды, бірақ бірізді екі
реттік бояу циклдерінде біріктіруге болады.
6.9.1.2
Дайындау протоколдары
«Парафинсіздендіру» және «қыздыру және парафинсіздендіру» протоколдары үшін
1. Науашадағы барлық препараттар үшін бірдей протокол қолданылуы тиіс; және
2. Дайындау протоколы бар препараттарды дайындау протоколы жоқ препараттармен
араластыруға болмайды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
149
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.9.1.3
Алдын ала өңдеу протоколдары
Тек жылу демаскировкасы бар, тек ферментті демаскировкасы бар, жылу және ферментті
демаскировкасы бар, сондай-ақ, жалпы антиген демаскировкасы жоқ препараттардың бәрін бірге
өңдеуге болады. Қазіргі уақытта алдын ала өңдеуге ұшырамайтын препараттар протокол басқа
препараттарда орындалғанша гидратталады (жылу демаскировкасы әрқашан ферменттіктен бұрын
жүреді).
Сондай-ақ, ISH денатурациясы және гибридизациясы бар немесе жоқ препараттардың барлық
түрлері үйлесімді.
Төменде келтірілген бөлімдерде алдын ала өңдеу протоколдарының сол үлгідегі протоколдармен
үйлесімділігіне арналған шарттар сипатталған.
Алдын ала жылумен өңдеу
1. Алдын ала жылумен өңдеу протоколдары үйлесімді, егер:
i. олардың кезеңдерінің бірдей саны бар; және
ii. оларда жылыту кезеңдерінен басқа, әр кезеңде инкубация уақыты бірдей.
Уақыт бойынша сәйкес келетін қыздыру кезеңдерінде барлық препараттар үшін ең ұзақ
кезең уақыты белгіленеді. Осы кезеңнің берілген ұзақтығы аз препараттар олар үшін
белгіленген уақыт ішінде ғана қыздырылады, содан кейін препараттардың
қыздырғышының қуаты өшіріледі.
2. Өңдеу циклдерінде 1 және 2 антигенді анықтауға арналған ерітінділерді пайдаланатын
протоколдарды араластыруға болады.
3. Алдын ала жылумен өңдеуді пайдаланатын препараттар науашаларда алдын ала жылумен
өңдеуді пайдаланбайтын препараттармен бірге өңделеді. Алдын ала өңдеуге ұшырамайтын
препараттар басқа препараттар өңделгенге дейін қоршаған орта температурасында антигенді
демаскировкааеуға арналған ерітіндімен гидратталады.
Алдын ала ферментті өңдеу
1. Алдын ала ферментті өңдеу протоколдары үйлесімді, егер:
i. олардың кезеңдерінің бірдей саны бар; және
ii. оларда әр кезеңде инкубация уақыты бірдей.
2. Өңдеу циклы барысында ферменттердің 2 түріне дейін қолданылуы мүмкін.
3. Ферменттік алдын ала өңдеуді пайдаланатын препараттар науашаларда ферменттік алдын ала
өңдеуді пайдаланбайтын препараттары бірге өңделеді. Алдын ала өңдеуге ұшырамайтын
препараттар басқа препараттар өңделгенге дейін қоршаған орта температурасында
гидратталады.
6.9.1.4
ISH денатурация
Егер инкубация уақыты бірдей болса, денатурация протоколдары үйлесімді болып табылады.
Инкубация температурасы әртүрлі болуы мүмкін.
6.9.1.5
ISH гибридизация
Егер инкубация уақыты бірдей болса, гибридизация протоколдары үйлесімді болып табылады.
Инкубация температурасы әртүрлі болуы мүмкін.
150
7.
Протоколдар (BOND
контроллерінде)
BOND бағдарламалық жасақтамасында протоколдар тіндердің үлгілерін бояу үшін орындалатын
кезеңдер сериясын білдіреді.
Сіздің BOND жүйесі өңдеу немесе жою мүмкін емес алдын ала орнатылған Leica Biosystems
протоколдарының жиынтығымен жеткізіледі. Алдын ала орнатылған протоколдар мұқият тексеріліп,
Leica Biosystems бекітілді. Оларды дұрыс пайдаланған кезде бояудың тамаша нәтижелері алынады.
Дегенмен, сіз қолданыстағы протоколдарды көшіру және өңдеу арқылы өз протоколдарыңызду құра
аласыз.
Сіз құрған немесе редакциялайтын кез келген протоколды тексеру және бекіту үшін
жауапты боласыз. Протоколдарды құру және сақтау мүмкіндігі олардың қойылған
міндеттерді орындау үшін жарамды екендігін білдірмейді.
Бұл тарауда келесі бөлімдер бар.
l
7.1 - Протоколдардың түрлері
l
7.2 - «Протоколды реттеу» экраны
l
7.3 - Жаңа протоколдарды құру
l
7.4 - Пайдаланушы протоколдарын редакциялау
l
7.5 - Протоколдар туралы есептер
l
7.6 - Алдын ала орнатылған протоколдар
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
151
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.1
Протоколдардың түрлері
BOND құрылғысында барлық протоколдарында олар орындауға арналған арнайы функцияларға
сәйкес «типтері» бар. Мысалы, АЖА алдын-ала бояу протоколдары бір түрге, ал бірізді қосарлы ИГХ
бояуының протоколдары екіншісіне жатады.
l Протоколдың типін өзгертуге болмайды.
l Жаңа протоколды құру үшін, жаңа протокол сияқты бірдей түрдегі протоколды көшіру керек.
Содан кейін протокол кезеңдерін сізге керегіндей етіп түзете аласыз.
Әдетте кез келген өңдеу циклінде препаратты дайындау, маркерлерді жағу және кейіннен хромоген
жағу үшін бірнеше түрлі протоколдар жасалады. Қосарланған бояу үшін бұл тізбектер мен
протоколдар әдетте өзгерістерді талап етеді.
l
7.1.1 - Бояу әдістері
l
7.1.2 - Протоколдардың бірізділігі
7.1.1
Бояу әдістері
Қосарланған бояу - бір препаратқа екі түрлі маркерлер мен хромогендерді жағу. BOND құрылғысында
қосарлы бояудың екі тәсілі бар: бірізді қосарланған бояу - екі маркерді бірінен кейін бірін, жеке бояу
протоколдарында қолдану; параллель қосарланған бояу - бір бояу протоколында бірге
араластырылған екі маркерлер «коктейлін» жағу.
Бір рет бояу протоколдарын құру және түзету барысында бір реттік бояу бірізді қосарланғанбояудың
жеке орналасуы ретінде қарастырылады.
Әрбір бояу протоколында оның қосарланған немесе бір реттік бояудағы рөлін көрсететін «бояу әдісі»
көрсетіледі. «Бірізді қосарланған бояу» типті протоколдарда «бояу әдісінің» үш нұсқасы бар:
l Бір реттік - жеке пайдалану үшін, бір маркерді қолдана отырып
l Бірінші - бірізді қосарланған бояу барысында бірінші протокол ретінде пайдалану үшін
l Екінші - бірізді қосарланған бояу барысында екінші протокол ретінде пайдалану үшін
Барлық алдын ала орнатылған бірізді қосарланған бояу протоколдарында «бір реттік» бояу әдісі
орнатылған, оны өзгертуге болмайды. Дегенмен, пайдаланушы жасаған бірізді қосарланңан бояу
протоколдарында бояу әдісі кез келген нұсқаға немесе кез келген нұсқаларға өзгертілуі мүмкін.
Мысалы, пайдаланушының протоколы қосарланған бояудағы жалғыз ретінде, сонымен бірінші
ретінде пайдалану үшін де бапталатын болуы мүмкін.
«Параллельді қосарланған бояу» типті протоколдарда бояу әдісінің тек бір нұсқасы бар -
«параллельді ҚБ».
Егер пайдалануға немесе көшіруге болатын алдын ала орнатылған параллель қосарланған бояу
протоколы болмаса, паралель қосарланған бояу үшін, бір реттік бояу протоколын түзетіңіз және оған
екінші хромоген және басқа да қажетті қосымша реагенттерді қосыңыз. Қосымша реагенттер ашық
контейнерлерде жүктелуі мүмкін.
152
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Протоколдар түрлері және бояу әдістері төмендегі кестеде көрсетілген:
Типі
Бояу әдісі
Сипаттама
Бояу
ИГХ бояу
Бір реттік
Бір рет бояу барысында жалғыз
антидененің детекциясына
Паралель қосарланған
арналған
бояу
Бірінші
Бірізді қосарланған бояу
барысында бірінші антидененің
детекциясына арналған
протокол
Екінші
Бірізді қосарланған бояу
барысында екінші антидененің
детекциясына арналған
протокол
ИГХ бояу
Паралель ҚБ
Параллель қосарлы бояу
барысында антиденелер
Паралель қосарланған
коктейлінің детекциясына
бояу
арналған протокол
ISH анықтамасы
Бір реттік
Бір реттік бояу барысында
жалғыз зондтың детекциясына
Паралель қосарланған
арналған
бояу
Бірінші
Бірізді қосарланған бояу
барысында бірінші зондтың
детекциясына арналған
протокол
Екінші
Бірізді қосарланған бояу
барысында екінші зондтың
детекциясына арналған
протокол
ISH анықтауы
Паралель ҚБ
Параллель қосарланған бояу
барысында зонд коктейлінің
Паралель қосарланған
детекциясына арналған
бояу
протокол (қазіргі уақытта
протоколдардың осы санаты
жоқ)
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
153
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Типі
Бояу әдісі
Сипаттама
Алдын-ала бояу
Дайындық
Қ/М
Препаратты парафинсіздендіру
немесе қыздыру (тіннің
BOND-III және
адгезиясы үшін), содан кейін
BOND-MAX
тіннің
Алдын ала жылумен
Қ/М
Қыздыру арқылы антигенді
өңдеу
анықтау
Алдын ала ферментті
Қ/М
Ферменттерді пайдалана
өңдеу
отырып, антигенді анықтау
ISH денатурация
Қ/М
ISH ДНҚ үшін денатурация
протоколдары
ISH гибридизация
Қ/М
ISH арналған гибридтеу
протоколдары
154
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.1.2
Протоколдардың бірізділігі
Әдетте әрбір препарат үшін әртүрлі протоколдар тізбегі қолданылады. Бұл зертханада қабылданған
тіндерге, маркерге және жалпы рәсімдерге байланысты антигенді дайындау, анықтау,
денатурациялау, гибридизациялау және бояу протоколдары болуы мүмкін. Бұл тізбектер әрбір
препаратты жасаған кезде жеке берілуі мүмкін (6.5.2 - Препаратты құру тармағын қараңыз). Сонымен
қатар, BOND сізге арнайы протоколдар қажет болмаған оқиғада Препаратты құруды жеделдету үшін
әдепкі протоколдар қоюға мүмкіндік береді:
l әдепкі дайындық протоколы (мысалы, *Dewax) әкімшілендіру клиентінде барлық BOND жүйесі
үшін орнатылады (10.5.2 - Оқиғалар мен препараттардың баптауларытармағын қараңыз);
l барлық басқа протоколдар түрлері үшін әдепкі параметрлер әрбір маркер үшін Реагенттерді
баптау (Reagent Setup) экранында белгіленеді (8.2.1 - Реагентті қосу немесе редакциялау
тармағын қараңыз).
Жеке препараттарды дайындауға кететін уақытты қысқарту үшін сәйкесінше әдепкі протоколдарды
орнатыңыз. Сіз, қажет болған жағдайда, оларды құру барысында жеке препараттар үшін
протоколдарды өзгерте аласыз.
Келесі кестеде көрсетілгендей, протоколдар ретімен орындалатын тәртіп BOND автоматты түрде
беріледі. Зондтарды енгізу және жою бірде-бір протоколға кірмейді - бұл да автоматты түрде жүреді.
Тәр
Протокол (немесе зонд)
ИГХ
Түсініктеме
тіп
немесе
ISH
1
Дайындық
Екеуі де
Таңдау бойынша: бояуға дайындау
барысында аппаратта балауызды жою.
2
АЖД
Екеуі де
Көптеген препараттар үшін АЖД немесе
(антигенді жылумен анықтау)
АФД протоколы орындалады, сирек
оқиғаларда екеуі де немесе ешқайсысы
3
АФД
Екеуі де
емес.
(антигенді ферментті анықтау)
4
Зонд
ISH
Зондты салу - бірде бір протоколға
енгізілмейді.
5
Денатурация
ISH
ДНҚ зонд үшін денатурация протоколы.
ДНҚ зондтар үшін әрқашан денатурация
жасалуы керек.
6
Гибридизация
ISH
ISH арналған қажетті гибридизация
протоколы.
7
Зонд
ISH
Зондты жою - бірде бір протоколға
қосылмайды.
8
Бояу
Екеуі де
Хромоген мен ілеспе реагенттерді жағу
үшін қажетті протокол. Бұл протоколда
ИГХ бастапқы антиденелері бөлінеді.
Тізбектер үшін таңдалған протоколдар алдын ала орнатылған болуы мүмкін немесе сіз өз
протоколдарыңызды жасай және таңдай аласыз (Chapter 7.3 - Жаңа протоколдарды құру тармағын
қараңыз).
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
155
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.1.2.1
Бірізді қосарланған бояу үшін протоколдар мен протоколдардың бірізділігі
Бірізді қосарлаған бояу барысында, шын мәнінде, бірінен кейін бірі бір реттік бояудың екі протоколы
орындалады. Бұл ИГХ екі протоколы, ISH екі протоколы, немесе кез келген тәртіпте екеуі де болуы
мүмкін. Әдетте, бірақ барлық оқиғаларда емес, бірінші маркер үшін ДАБ хромогені бар BOND Polymer
Refine Detection жүйесі, ал екінші маркер үшін - Fast Red хромогені бар BOND Polymer Refine Red
Detection жүйесі қолданылады.
Көбінесе екінші маркерді салу үшін тізбектегі кейбір протоколдар өткізіп алынуы мүмкін, немесе егер
олар қолданылса, өзгертілуі тиіс. Бірінші және екінші маркерлер үшін бояу протоколдарының
кезеңдері, сондай-ақ, әдетте, модификациялануы тиіс (протоколдар қажетті бояу әдісін орнату үшін
кейбір өзгерістерді қажет етеді - 7.1.1 - Бояу әдістері қараңыз). Бірізді қосарланған бояу үшін
протоколдар мен протоколдар тізбектерін өзгерту бойынша кейбір ұсыныстар төменде келтірілген.
Барлық оқиғаларда нәтижелерді тексеру үшін өз талдауларын орындау керек.
l Дайындық протоколдары тек бірінші маркер үшін бірізділікпен орындалуы мүмкін - BOND екінші
маркер үшін дайындық протоколын таңдауға мүмкіндік бермейді.
l Жиі оқиғада, бірінші маркерді қолданар алдында антигенді бір реттік анықтау талап етіледі.
Екінші маркерге қосымша анықтау қажет болған жағдайда, оның ұзақтығы аз болуы мүмкін.
l Қосарланған ISH бояу барысында гибридизация екі маркерлер үшін де орындалуы тиіс, бұл
ретте екінші маркер үшін бір реттік бояуға қарағанда оның ұзақтығы аз болуы мүмкін.
l Екі ДНҚ-зондтармен қосарланған бояу барысында тек бір реттік денатурация қажет - бірінші
маркерді қолданар алдында. Екінші маркер үшін қосымша денатурация қажет болған
жағдайда, әдетте оның ұзақтығы аз.
l Әдетте, бояу протоколдарында, егер гематоксилинді кезең бірінші протоколдың аяқталуынан
алынып тасталса, ал пероксидті блоктың кезеңі (болған оқиғада) екінші протоколдың басынан
алынып тасталса, ең жақсы нәтижелерге қол жеткізіледі.
156
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.2
«Протоколды реттеу» экраны
Протоколдармен жұмыс істеу үшін, функциялар панеліндегі Протоколды реттеу (Protocol setup)
белгішесін басыңыз.
Сурет 7-1: Протоколды баптау (Protocol setup) экраны
Протоколды баптау (Protocol setup) экранында кейбір негізгі мәліметтермен бірге барлық
протоколдар келтірілген кесте бар. Алдын ала орнатылған протоколдар олардың толық және
қысқартылған атауында бірінші әріп жұлдызша (*) ретінде белгіленген.
Бұл кестеде сіз есепті көшіру, түзету және құру сияқты операциялар үшін протоколды таңдай аласыз.
Осы операцияларға қол жетімді кестенің үстіндегі түймелер арқылы немесе тінтуірдің оң жақ пернесін
басқанда пайда болатын мәзір арқылы алуға болады.
Кесте астындағы сүзгілер протоколдардың түрін көрсетуге мүмкіндік береді. Сіз бояу және алдын ала
бояу протоколдарының арасында таңдай аласыз, содан кейін протоколдардың нақты түрлерін
көрсету үшін таңдауды анықтай аласыз (7.1 - Протоколдардың түрлері тармағын қараңыз). Сонымен
қатар, бояу әдісі, протокол көзі және артықшылық орналасуы бойынша сүзгіні орнатуға болады.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
157
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Протоколдар тізіміндегі ақпарат төменде сипатталған:
Тақырыбы
Сипаттама
Мүмкіндіктер
Протоколдың
Протоколдың толық атауы
Алдын ала орнатылған (Leica
атауы
Biosystems компаниясы)
протоколдардың атаулары әрдайым
жұлдызшадан (*) басталады
Протокол түрі
Протоколдың мақсатын сипаттайды
7.1 - Протоколдардың түрлері
тармағын қараңыз.
Сипаттама
Протоколдың мақсаты мен
қолданылуын сипаттайды
Өзгертілген
Протоколды кім құрды немесе соңғы
Leica алдын ала орнатылған Leica
рет өзгертті
Biosystems протоколын білдіреді
Өзгерту күні
Протоколдың жасалған немесе соңғы
өзгертілген күні
Артықшылық
Протоколдың артықшылық
Белгіленген - бұл протокол қолайлы
орналасуын көрсетеді
және Препаратты қосу (Add slide)
диалогында таңдау үшін қол жетімді
Белгіленбеген - бұл протокол қолайлы
емес және Препаратты қосу (Add
slide) диалогында таңдау үшін қол
жетімді емес
158
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.2.1
Протокол туралы толық ақпарат
Протоколды баптау (Protocol setup) экранында ұсынылған протоколды ашу, көру немесе түзету
үшін, оған екі рет басыңыз (немесе оны таңдап, Ашу (Open) батырмасын басыңыз). Бағдарламалық
жасақтама Протокол сипаттарын редакциялау (Edit protocol properties) диалогын
бейнелейді.
Leica Biosystems алдын-ала орнатылған протоколдар үшін тек артықшылыұ күйін өзгертуге болады,
басқа баптаулар тек пайдаланушы протоколдарында ғана өзгертілуі мүмкін.
Сурет 7-2: Пайдаланушы протоколына арналған Протокол сипаттарын редакциялау диалогы
(Edit protocol properties)
Диалогта топ үшін пайдалануға енгізілген өңдеу модулінің (BOND және BOND-MAX) әрбір түрі үшін
қойынды (немесе бірде бір түрі пайдалануға берілмеген болса, екі қойынды) қарастырылған.
Сондай-ақ, жаңа протоколды құру барысында және пайдаланушы протоколын редакциялау
барысында пайда болатын Протоколды импорттау (Import protocol) пәрмені бар. Толығырақ
7.4.4 - Аппараттардың түрлі типтері және протоколдар нұсқалары тармағынан қараңыз.
Протоколдың барлық кезеңдерін (шаю кезеңдерін қоса алғанда) қарау үшін кесте астындағы шаю
кезеңдерін Көрсету (Show wash steps) батырмасынтаңдаңыз. Шаю кезеңдерін жасыру үшін
таңдауды шешіп алыңыз.
Протокол сипаттарын редакциялау (Edit protocol properties) диалогында протокол туралы
келесі ақпарат көрсетіледі.
Атауы (Name)
Протоколдың толық атауы.
Қысқартылған
Мысалы, препараттардың заттаңбасында қолданылатын протоколдың
атауы (Abbreviated
қысқартылған атауы.
name)
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
159
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Сипаттама
Протоколдың қысқаша
(Description)
Бояу әдісі (Staining
(Төменде қараңыз)
method)
Протоколдың түрі Түрі протоколдың мақсатын көрсетеді және рұқсат етілген кезеңдер
(Protocol type)
мен реагенттерді анықтайды.
Қолайлы анықтау
Осы Протокол үшін қолайлы анықтау жүйесі.
жүйесі (Preferred
Алдын ала бояу протоколдарына жатпайды.
detection system)
Протоколдардың ақпаратының астындағы кестеде протоколдың әрбір кезеңі мен оның қасиеттері
ұсынылған (Сурет 7-2 қараңыз). Бұл кестеде пайдаланушы протоколдарының кезеңдерін түзету
орындалады (7.4 - Пайдаланушы протоколдарын редакциялау тармағын қараңыз).
Кестеде келесі мәліметтер көрсетіледі.
Элемент
Сипаттама
Кезең нөмірі
Протокол кезеңдері орындалатын тәртіп.
(Step No.)
Шаю (Wash)
Шаю кезеңі орналасуында белгіленеді.
Реагент
Осы кезеңде пайдаланылатын Реагент.
(Reagent)
Жеткізуші
Реагентті жеткізуші. Редакциялауға болмайды.
(Supplier)
Қоршаған орта
Егер кезең қоршаған орта температурасында болса, белгіленеді.
температура
(Ambient)
Температура
Препараттың таңдалған температурасы, егер қоршаған орта
(Temperature)
температурасынан өзгеше болсаса (тек алдын ала бояу протоколдары үшін).
Инк. (мин) (Inc.
Реагент препаратта қалатын ең аз уақыт.
(min))
160
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.2.1.1
Бояу әдістері
Бояу протоколдары «бояу әдісі» бөлімін қамтиды. Бір реттік бояу және бірізді қосарланған бояу
протоколдарының келесі нұсқалары бар:
l Бір реттік (Single) - бір ертік бояуға арналған протокол
l Бірінші (First) - бірізді қосарланған бояу барысында бірінші протокол
l Екінші (Second) - бірізді қосарланған бояу барысында екінші протокол
Параллель қосарланған бояу протоколдарында бояу әдісінің тек бір нұсқасы бар: параллель ҚБ
(Parallel DS).
Бояу әдістерін одан әрі талқылауды 7.1.1 - Бояу әдістері тармағынан қараңыз.
7.2.1.2
Артықшылық орналасуы
Препаратты қосу (Add slide) диалогында таңдау үшін Қолайлы протоколдар ғана қол жетімді,
сондықтан сіз пайдалануды жоспарлап отырған протоколдарды қолайлы ету керек. Мұны істеу үшін,
Қолайлы (Preferred) квадратын белгілеңіз. Қалауды болдырмау үшін ерекшелеуді шешіп алыңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
161
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.3
Жаңа протоколдарды құру
Сіз қолда бар пайдаланушы протоколдарын немесе Leica Biosystems протоколдарын көшіре отырып,
жаңа протоколдарды құра аласыз. Сіз протоколды көшіргенде, оның түрі бұрынғы болып қалады
және кейін өзгертілуі мүмкін емес. Сондықтан, егер сіз ИГХ жаңа протоколын жасағыңыз келсе, онда
қолданыстағы ИГХ протоколын көшіру керек; АЖД протоколын құру үшін АЖД протоколын көшіріңіз
және т.с.с.
Протоколды көшіру үшін, Протоколды баптау (Protocol setup) экранындағы тізімдегі оны таңдап,
Көшіру (Copy) батырмасын басыңыз. Осыдан кейін Жаңа протокол сипаттары (New protocol
properties) диалогында таңдалған протоколдың редакциялауға дайын көшірмесі пайда болады.
Жаңа протоколға 7.4.3 - Протоколдардың ережелері сәйкес келетін бірегей толық және қысқартылған
атау талап етіледі. Протоколдың толық және қысқартылған атауларын өзгертуден басқа, жаңа
протоколдың басқа компоненттерін өзгерту міндетті емес. Дегенмен, сіз, әрине, төменде
7.4 - Пайдаланушы протоколдарын редакциялау тармағында сипатталғандай, жаңа Протоколдың кез
келген тармағын өзгерте аласыз.
Редакциялағаннан кейін, Сақтау (Save) батырмасын басыңыз. Егер протокол ережелерге сәйкес
келсе, сізден протоколды барлық «қауіптері бен тәуекелдерін» мойындай отырып, құратынын
растауды сұрайды. Бұл хабар Leica Biosystems пайдаланушы жасаған немесе өзгертілген
протоколдарды пайдалану барысында бояу сапасын болжай алмайтынын еске салады. Сіз
жалғастыру батырмасын растағанда, протокол өзгертулері сақталады.
162
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.4
Пайдаланушы протоколдарын редакциялау
Сіз пайдаланушы протоколдарын (бірақ Leica Biosystems протоколдары емес) Протоколдың
сипаттарын редакциялау (Edit protocol properties) диалогын пайдалану арқылы түзете
аласыз. Протоколды өңдеу үшін, оны Протоколды баптау (Protocol setup) экранындағы тізімдеі
таңдап, Ашу (Open) батырмасын басыңыз (немесе протоколды тінтуірмен екі рет шертіңіз). Сондай-
ақ, жаңа протоколды дәл сондай типтегі бұрын бар протоколды көшіру және түзету арқылы баптай
аласыз (7.3 - Жаңа протоколдарды құру тармағын қараңыз).
Бояу протоколдарында реагенттердің кезеңдерін қосуға және жоюға, сондай-ақ, жаңа реагенттерді
және инкубация уақытын қоюға болады. Шаюдың қосымша кезеңдерін қосуға және жоюға болады.
Алдын-ала бояу протоколдарындағы кезеңдердің санын өзгертуге болмайды, бірақ кейбір кезеңдер
үшін инкубация температурасы мен уақытын өзгертуге болады. Рұқсат етілген өзгерістер тізбесін
7.4.3 - Протоколдардың ережелері тармағынан қараңыз.
Жаңа реагентті бөлгеннен кейін шаю кезеңін ұстануға тиіс болғандықтан, бояу протоколына
реагенттің жаңа кезеңін қосу реагент кезеңінен және шаюдың келесі үш кезеңінен тұратын
протоколдың «сегментін» құруға автоматты түрде әкеп соғуы мүмкін.
Протоколдың редакциялануына қарай барлық қажетті ақпаратты қамтитын өзгертілген немесе жаңа
кезеңдер сол жағынан жасыл жолақпен белгіленген. Қызыл жолақпен белгіленген қосымша
ақпаратты талап ететін кезеңдер.
Редакциялау барысында протоколдың барлық кезеңдерін көре аласыз немесе кесте астында шаю
кезеңдерін көрсету (Show wash steps) құсбелгісін пайдаланып, шаю кезеңдерін жасыра аласыз.
Протоколдардың көптеген кезеңдерінде инкубация уақыты 30 минутқа дейін беріледі. Одан ұзақ
уақытта тіндер кептріілуі мүмкін. Егер инкубацияның ұзағырақ кезеңді қажет ететін болса, кезеңді бір
немесе одан да көп рет қайталаңыз, содан кейін қажетті кезеңді кезеңдер арасында бөліңіз. Жалғыз
ерекшелік ISH гибридизация кезеңдеріне тән, олар әрқашан 30 минуттан артық және қысқа
кезеңдерге бөлінуі тиіс.
Протоколдарды құру және сақтау мүмкіндігі олардың қойылған міндеттерді орындау үшін жарамды
екендігін білдірмейді. Сіз өзіңіз жасайтын немесе редакциялайтын кез келген протоколды тексеру
және бекіту үшін жауапты боласыз.
l
7.4.1 - Протокол кезеңдерін редакциялау
l
7.4.2 - Протокол кезеңдерін қосу және жою
l
7.4.3 - Протоколдардың ережелері
l
7.4.4 - Аппараттардың түрлі типтері және протоколдар нұсқалары
l
7.4.5 - Протоколдарды жою
7.4.1
Протокол кезеңдерін редакциялау
Жаңа протокол сипаттары (New protocol properties) диалогында жаңа протокол
конфигурациясы үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз немесе Протокол сипаттарын
редакциялау (Edit protocol properties) диалогында бұрын бар протоколды редакциялаңыз.
Рұқсат етілген протокол жасайтыныңызға көз жеткізу үшін 7.4.3 - Протоколдардың ережелері
тармағын қараңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
163
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Сіз протоколды сақтаған сайын жүйеде көшірме сақталады. Протокол бойынша есеп құрған кезде
олардың біреуін таңдау керек (7.5 - Протоколдар туралы есептер тармағын қараңыз).
Протоколдардың көптеген қосымша нұсқаларының болуын болдырмау үшін, протоколдарды тек
конфигурация аяқталғаннан кейін сақтаңыз.
1.
Жаңа протоколдар үшін протоколдың толық және қысқартылған атауын жазыңыз.
2.
Қалаған оқиғада протокол сипаттамасын енгізіңіз.
3.
Бояу протоколдары үшін бояу әдісін орнатыңыз (7.1.1 - Бояу әдістері тармағын қараңыз).
4.
Протокол артықшылық (Preferred) жай-күйін орнатыңыз (жоғ.7.2.1.2 - Артықшылық
орналасуы қараңыз).
5.
Бояу протоколдары үшін, Артықшылық анықтау жүйесі (Preferred detection system)
қалқымалы тізіміндегі протоколда қолданылатын анықтау жүйесін таңдаңыз.
6.
Протоколда қажетті кезеңдер саны болмайынша протокол кезеңдерін қосыңыз немесе
жойыңыз (7.4.2 - Протокол кезеңдерін қосу және жою тармағын қараңыз).
1.
Жаңа және қолданыстағы протоколда өңделетін параметрлерді өзгерту үшін, алдымен
өзгерткіңіз келетін параметрді екі рет шертіңіз.
i.
Қалқымалы тізімнен реагентті таңдаңыз.
Ескерту: ИГX протоколдарындағы бастапқы антиденелер пайдаланылатын кезеңді
көрсету үшін *МАРКЕР таңдаңыз. Шаю кезеңдері үшін тек*BOND Wash Solution шаю
ерітіндісі немесе *деионсыздандырылған су пайдаланылуы мүмкін.
ii.
Инкубация уақытын минут және секундпен (мм:сс) қойыңыз. Бұл препарат келесі
кезеңнің басталуын күтетін ең аз уақыт. Инкубация уақытының шектерін -
7.4.3 - Протоколдардың ережелері ережелеріндегі 9 қадамнан қараңыз.
Әдетте Leica Biosystems реагенттерін жағу кезеңдері үшін инкубацияның ұзақтығы 30
минуттан аспайды. Егер одан ұзақ уақыт қажет болса, сол реагентті тарату үшін кезеңді
қайталаңыз (7.4.2.2 - Реагенттердің қайталанған кезеңдері тармағын қараңыз).
iii.
Температураны орнатыңыз (алдын ала бояу протоколдарындағы кейбір кезеңдер үшін).
Егер қоршаған орта температурасынан өзгеше температураны орнатқыңыз келсе,
Қоршаған орта температурасы (Ambient) параметрін шешіп алыңыз. Содан кейін
бос Температура (Temperature) параметрін таңдап, температураны Цельсий
градустарында бүтін сан түрінде енгізіңіз.
Егер қоршаған ортаның температурасын орнатқыңыз келсе, Қоршаған ортаның
температурасы (Ambient) параметрін таңдап, оны белгілеңіз.
Температураның рұқсат етілген шектері - 7.4.3 - Протоколдардың ережелері
тармағындағы 8 қадамды қараңыз.
iv.
(iv) Өзгертілген параметрлерді растау үшін кез келген қадамды басыңыз.
7.4.2
Протокол кезеңдерін қосу және жою
Сіз ИГХ және ISH бапталатын протоколдарында кезеңдерді қосуға және жоюға болады, бірақ алдын
ала бояу протоколдарында емес. Протокол кезеңдері бар кесте астындағы түймелердің кезеңдерін
қосыңыз немесе жойыңыз. Түймелер контекстке сезімтал және олардың қол жетімділігі мен
функциялары таңдалған кезеңге байланысты.
Толық нұсқауларды келесі бөлімдерден қараңыз:
164
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
l
7.4.2.1 - Реагенттердің сегменттері
l
7.4.2.2 - Реагенттердің қайталанған кезеңдері
l
7.4.2.3 - Шаю кезеңдері
7.4.2.1
Реагенттердің сегменттері
Реагенттің жаңа сегментін қосу үшін (реагент кезеңі және үш міндетті шаю кезеңі):
1. Реагентті таңдаңыз және Сегментті кірістіру (Insert segment) батырмасын басыңыз. Жаңа
сегмент осы реагенттің үстінен қойылатын болады.
Егер сіз соңғы реагентті таңдасаңыз, оның астына жаңа сегментті енгізе аласыз.
Тізімде жаңа сегмент пайда болады (реагент және шаю кезеңдерімен). Шаю кезеңдері жасыл
жолақтармен белгіленген, бұл сақталған протоколға қатысты өзгерістердің болуын көрсетеді.
Реагент кезеңі қызыл жолақпен белгіленеді, бұл осы кезең үшін реагентті таңдау қажеттілігін
көрсетеді.
2. Бос Реагент параметрін екі рет шертіңіз және қалқымалы тізімнен қажетті реагентті таңдаңыз.
Қажет болған жағдайда, жаңа реагенттің және шаю кезеңдерінің басқа параметрлерін
редакциялаңыз.
Сегментті жою үшін реагентті таңдап, Сегментті жою батырмасын басыңыз. Қайталанған реагенті бар
сегментті жою үшін алдымен қайталауды жойыңыз.
7.4.2.2
Реагенттердің қайталанған кезеңдері
Қайталанған кезең - шаю кезеңінсіз бірінен кейін бірі келетін екі немесе одан да көп бірдей реагент.
1. Кезеңдер тізімінде қайталағыңыз келетін реагент кезеңін таңдаңыз.
2. Қайталау (Duplicate) батырмасын басыңыз.
3. Ағымдағы кезеңнің үстіне бірдей параметрлермен жаңа кезең қосылады.
Жаңа кезең жасыл жолақпен белгіленген, ол сақталған протоколға қатысты өзгерістердің
болуын көрсетеді.
4. Қажет болған жағдайда жаңа кезең үшін инкубация уақытын редакциялаңыз.
Егер де сіз қайталанған кезеңде реагенттің түрін өзгертсеңіз, онда реагенттің барлық басқа
кезеңдері бірізділікпен өзгереді - қайталанған кезеңдерде бірдей реагент қолданылуы тиіс.
Қайталанған кезеңді жою үшін, оны таңдап, Дубликатты жою (Delete duplicate) батырмасын
басыңыз.
7.4.2.3
Шаю кезеңдері
Шаю кезеңдерін қосу препараттардағы сұйықтықтардың қасиеттерін өзгертіп, нашар боялуға әкеп
соғуы мүмкін. Диагностикалық мақсатта пайдаланар алдында әрқашан жаңа немесе редакцияланған
протоколдарды сынаңыз.
Хромоген кезеңіне дейін және кейін деионсыздандырылған сумен шаю кезеңінің қосылуын
қадағалаңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
165
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Егер шаю кезеңдері көрінбесе, кезеңдер тізімінің астындағы Шаю кезеңдерін көрсету (Show
wash steps) белгісін таңдаңыз.
Қосымша шаю кезеңін қосу үшін:
1. Кезеңдер тізімінде бұрыннан бар шаю кезеңін таңдаңыз (ISH және ИГХ протоколдары).
2. Шаюды кірістіру (Insert wash) батырмасын басыңыз.
ISH және ИГХ протоколдарында және оларды шаюдың жаңа кезеңі бар шаю тізбегінің соңына
қосылады.
Шаюдың жаңа кезеңі жасыл жолақпен белгіленген, ол сақталған протоколға қатысты
өзгерістердің болуын көрсетеді.
3. Шаю кезеңінің параметрлерін кезеңдер тізімінде қажетті кезеңдерге өзгертіңіз.
Шаю кезеңін жою үшін, оны таңдап, шаюды Жою (Delete wash) батырмасын басыңыз. ISH
протоколдарында сіз шаю тізбегіндегі үш міндетті кезеңнен кейін болатын шаю кезеңдерін ғана жоя
аласыз.
7.4.2.4
Дайындық қадамдары
Белгілі бір ережелерді ескере отырып, дайындық протоколдарына парафин мен спирт қадамдарын
қосуыңызға және оларды алып тастауыңызға болады (бірақ оларды өңдей алмайсыз).
Қосымша парафин қадамын қосу үшін:
1. Қадамдар тізімінен ағымда бар болған парафин қадамын таңдаңыз.
2. Реагентті енгізу (Insert reagent) опциясын басыңыз.
Таңдалған парафин қадамының үстіне жаңа парафин қадамы қосылды.
Парафин қадамын жою үшін оны таңдап, Қадамды жою (Delete step) опциясын басыңыз.
Жойғыңыз келген парафин қадамында қоршаған ортадан өзгеше температура болуы керек. Сондай-
ақ, қазіргі уақытта протоколда үштен артық парафин қадамы болуы керек.
Қосымша спирт қадамын енгізу үшін:
1. Қадамдар тізімінен ағымда бар болған спирт қадамын таңдаңыз.
2. Шаюды кірістіру (Insert wash) батырмасын басыңыз.
Таңдалған спирт қадамының үстіне жаңа спирт қадамы қосылады.
Спирт қадамын жою үшін оны таңдап, Қадамды жою (Delete step) опциясын басыңыз.
Қазіргі уақытта протоколда үштен артық спирт қадамы болуы керек.
166
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.4.3
Протоколдардың ережелері
Сіз жасайтын немесе редакциялайтын кез келген протокол сақтау алдында бірнеше негізгі
ережелерге сәйкес болуы тиіс. Назар аударыңыз: бұл ережелер протоколдың пайдалану барысында
қолайлы нәтижелер беретініне кепілдік бермейді.
1.
Протоколдың атауы:
i. бірегей болуы керек;
ii. бос орын немесе жұлдызшадан ерекшеленетін символдан басталуы тиіс.
2.
Протоколдың қысқартылған атауы:
i. бірегей болуы керек;
ii. бос орын немесе жұлдызшадан ерекшеленетін символдан басталуы тиіс;
iii. ең көп 8 таңбадан тұратын болуы тиіс.
3.
ИГХ барлық протоколдарында маркердің ең болмағанда бір кезеңі болуы тиіс.
4.
Барлық бояу протоколдары Leica Biosystems анықтау жүйесінен кем дегенде бір реагентті
қамтуы тиіс.
5.
Реагент кезеңдерінен кейін шаюдың үш (кем дегенде) кезеңі немесе сол реагенті бар кезең
болуы тиіс.
6.
Бояу протоколдарында соңғы үш кезең шаю кезеңдері болуы тиіс.
7.
Бояу протоколдарында барлық кезеңдер қоршаған ортаның температурасында болуы тиіс.
8.
Алдын ала бояуды қамтитын протоколдарда қыздыру кезеңдеріндегі температура келесі
кестеде көрсетілген шектерде болуы тиіс:
Протокол кезеңі
Температура шектері (°C)
Қыздыру және парафинсіздендіру, қыздыру
35-72
кезеңі
Жылумен алдын ала өңдеу
35 -100
Ферментті алдын ала өңдеу
35 -100
Денатурация
70 - 100
Гибридтеу
37-65
9.
Минут және секундта (мм:сс) берілетін кезеңдегі инкубация уақыты келесі кестеде көрсетілген
шектерде болуы тиіс. Шектер мәжбүрлі емес:
Протокол кезеңі
Инкубация ұзақтығы (минуттар)
Қыздыру және парафинсіздендіру, қыздыру
0-60
кезеңі
Жылумен алдын ала өңдеу (қоршаған орта
0 -15
температурасындағы кезеңдері)
Жылумен алдын ала өңдеу (қыздыру
5-60
кезеңдері)
Ферментті алдын ала өңдеу (1-кезең)
0
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
167
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Протокол кезеңі
Инкубация ұзақтығы (минуттар)
Ферментпен алдын ала өңдеу (ферментпен
0 -15
өңдеу кезеңдері)
Денатурация
5-20
Гибридтеу
20-950
Бояу протоколдары, реагенттердің
0-60
кезеңдері
Бояу протоколдары, шаю кезеңдері
0-55
Әдетте реагенттерді жағу кезеңдері үшін инкубацияның ұзақтығы 30 минуттан артық болмауы
керек. Егер одан көп уақыт қажет болса, сол реагентті тарату үшін кезеңді қайталаңыз
(7.4.2.2 - Реагенттердің қайталанған кезеңдері тармағын қараңыз).
10. Әрбір кезеңде реагент, инкубация уақыты және температура (қажет болған жағдайда) толық
көрсетілуі тиіс.
11. Бір реттік бояу және бірізді қосарланған бояу протоколдары бір протоколдың ең көп дегенде
екі кезеңінде пайдаланылатын тек бір аралас реагент (мысалы, аралас ДАБ) енгізілуі мүмкін.
(Мысалы, бірізді қосарланған бояу рәсімінде екі аралас реагент болуы мүмкін - әрбір
протоколда бір-бірден және жағудың төрт кезеңіне дейін - әрбір протоколда екі аралас реагент
болуы мүмкін).
Параллель қосарланған бояу протоколдары екі аралас реагентті қамтуы мүмкін, бұл ретте
әрбір аралас реагент бір протокол барысында екі ретке дейін қойылуы мүмкін.
12. Бояу протоколының аралас реагенттері үшін қажетті барлық компоненттер протоколдың
таңдаулы жиынтығынан алынуы тиіс.
7.4.4
Аппараттардың түрлі типтері және протоколдар нұсқалары
BOND-III және BOND-MAX өңдеу модульдері бар BOND жүйелерінде әрбір протоколда аппраттың екі
түрі үшін жеке нұсқалары болуы мүмкін. «Бір және сол» протоколдың әртүрлі нұсқалары аппараттық
жасақтаманың BOND-III аппараттарында неғұрлым жылдам салқындату сияқты айырмашылықтарын
ескереді (препараттар салқындатылатын протоколдар кезеңдері, әдетте BOND-MAX арналған
нұсқалардағы тиісті кезеңдерге қарағанда, BOND-III аппараттарына арналған протоколдың
нұсқаларында қысқа болады). Протокол нұсқаларының кейбір айырмашылықтарын бағдарламалық
жасақтамадағы кезеңдер тізімінде көру мүмкін болмайды. Мысалы, BOND-III үшін протоколдардың
нұсқалары BOND-MAX аппараттарында жоқ сұйықтықтарды үлкен контейнерлерден құюға арналған
роботтар үшін жасырын нұсқауларды қамтиды.
BOND барлық жүйелерінде BOND-III үшін де, BOND-MAX үшін де алдын ала орнатылған барлық
протоколдардың нұсқалары бар. Алайда, егер жүйеге жаңа типті аппарат қосылған болса, онда сіз
жаңа үлгідегі аппарат үшін қолданыстағы пайдаланушы протоколдарының жаңа нұсқаларын
құруыңыз керек. Бұл басқа протоколдан тиісті нұсқаны көшіру («импорттау») және оны кейіннен
редакциялау жолымен құрылады (төменде қараңыз).
168
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.4.4.1
Протокол нұсқасын импорттау
Аппараттың жаңа түріне арналған протоколдың нұсқасын құру үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз. Бұл әдіс қолданыстағы протоколдардың орнына қайта жазу үшін пайдаланылуы мүмкін,
бірақ бұл әдетте бастапқы баптаудан кейін қажет емес.
1.
Протоколды орнату (Protocol setup) экранда жаңа нұсқаны жасағыңыз келетін
пайдаланушы протоколын таңдаңыз. Ашу (Open) батырмасын басыңыз.
Протокол сипаттарын редакциялау (Edit protocol properties) диалогы ашылады.
2.
Протоколды импорттау (Import protocol) батырмасын басыңыз.
Протоколды импорттау (Import protocol) диалогы ашылады.
3.
Өңдеу модульдері (Processing modules) қалқымалы тізімінде жаңа аппарат типін
таңдаңыз.
Диалогта көрсетілетін протоколдар тізімі жаңартылады және тек таңдалған аппарат түріне
арналған нұсқалары бар протоколдар көрсетіледі.
4.
Тек қалаулы немесе барлық протоколдарды көрсету үшін Артықшылық жай-күйін
(Preferred) таңдауға немесе таңдаудан бас тартуға болады.
5.
Тізімнен көшіргіңіз келетін протоколды таңдап, Импорттау (Import) батырмасын басыңыз.
Келесі баптауды жеңілдету үшін, жаңа нұсқасын жасайтын протоколға ұқсас протоколды
таңдаңыз. Мысалы, бірдей анықтау жүйесін пайдаланатын протоколды және мүмкін болса,
сондай кезеңдер санын таңдаңыз.
Протоколды импорттау (Import protocol) диалогы жабылады. Енді жаңа аппарат үшін
Протоколдың сипаттарын редакциялау (Edit protocol properties) диалогы
қойындысына импортталған протокол нұсқасы қосылды.
Таңдалған аппарат түріне арналған қойынды ғана жаңартылады.
6.
Протоколдың жаңа нұсқасын жұмыс сипаттамалары бар нұсқаларға сәйкес келуі үшін
редакциялаңыз (7.4.1 - Протокол кезеңдерін редакциялау тармағын қараңыз). Өңдеу
модульдері қойындыларының арасында деректерді жоғалтпай ауысуға болады.
7.
Сақтау (Save) батырмасын басыңыз.
Протоколдардың өңдеу модулдерінің екі түрі үшін бірдей бояудың тиімділігін қамтамасыз
ететіндігін тексеру үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі.
7.4.5
Протоколдарды жою
Пайдаланушының протоколын жою үшін, оны Протоколды баптау (Protocol setup) экранындағы
тізімднен таңдап, Жою (Delete) батырмасын басыңыз.
Алдын ала орнатылған Leica Biosystems (жұлдызшадан басталатын) протоколдарын жоюға болмайды.
Дегенмен, оларды жасыра аласыз - протоколдарды ашыңыз және Артықшылық (Preferred)
таңдауын шешіп алыңыз, содан кейін Протоколды баптау (Protocol setup) экранында
Артықшылық жай- күйі (Preferred status) сүзгісін «Артықшылық» деп орнатыңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
169
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.5
Протоколдар туралы есептер
Протокол есептері таңдалған протоколдар үшін кезеңдердің егжей-тегжейін көрсетеді. Есепті құру
үшін, Протоколды баптау (Protocol setup) экранындағы тізімнен протоколды таңдап, Есеп
(Report) батырмасын басыңыз. Егер жүйеңізде BOND-MAX және BOND-III аппараттары болған
жағдайда, қажетті нұсқа протоколы үшін өңдеу модулінің типін таңдап, Есеп құру (Generate
report) батырмасын басыңыз. Сондай-ақ, бұрын пайдаланылған протоколдың ағымдағы нұсқасын
немесе бұрын пайдаланылған нұсқасын өзгерте аласыз. Аяқтаған кезде, Есеп құру (Generate
report) батырмасын басыңыз.
Есеп жаңа терезеде көрсетіледі. Оң жақта, есептің жоғарғы бөлігінде келесі кестеге сәйкес ақпарат
көрсетіледі.
Өріс
Сипаттама
Толық атауы (Full
Протоколдың толық атауы.
name)
Сәйкестендіргіш (ID)
Протоколдың бірегей сәйкестендіру нөмірі.
Типі (Type)
Протокол типі (7.1 - Протоколдардың түрлері тармағын қараңыз).
Кім жасаған (Created
Көрінетін нұсқаны жасаған тұлға үшін орнатылған пайдаланушы аты.
by)
Жасалу уақыты
Алдын ала орнатылған протоколдар үшін - дерекқорды жаңарту
(Creation time)
барысында протокол импортталған күн мен уақыт. Пайдаланушы
протоколдары үшін - құрылған күні мен
Мекеме (Facility)
Әкімшілендіру клиентінің Зертхана баптаулары экранында
көрсетілгендей мекеме атауы (10.5.1 - Зертахананың баптаулары
тармағын қараңыз).
Бояу жай-күйі
Протоколдың мақсаты - қосарланған немесе бір реттік бояу үшін
(Staining status)
(7.2.1.1 - Бояу әдістері тармағын қараңыз).
Есептің негізгі бөлімінде әрбір кезең үшін мыналар сипатталған:
l Реагент және жеткізуші
l Үш кезең (реагент немесе шаю)
l Инкубация уақыты
l Температура
l Реагенттің таралу түрі (Covertiles қақпақшасының орналасуын және бөлінетін көлемін
сипаттайды - сервистік қызмет өкілі сұрата алады)
Есептер терезесі және басып шығару мүмкіндіктері туралы ақпаратты 3.7 - Есептер тармағынан
қараңыз.
170
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.6
Алдын ала орнатылған протоколдар
Келесі бөлімдерде BOND бағдарламалық жасақтамасының құрамдас бөлігі ретінде жеткізілетін алдын
ала орнатылған протоколдар туралы толық ақпаратта сипатталған.
Тізімде көрсетілген протоколдар бағдарламалық жасақтаманың жаңа нұсқасы шығарылғанға дейін
жаңартылғанда өзгертілуі мүмкін. Төменде келтірілген тізім жариялану мерзіміне жарамды.
l
7.6.1 - Бояу протоколдары
l
7.6.2 - Бояғанға дейін қолдануға арналған протоколдар
7.6.1
Бояу протоколдары
Әрбір бояу протоколы нақты BOND анықтау жүйесін пайдалануға арналған.
Әрбір анықтау жүйесі туралы толық ақпаратты әрбір өнімге қоса берілетін құжаттардан немесе Leica
Biosystems компаниясының веб-сайтынан қараңыз: www.LeicaBiosystems.com.
Сіз бұл протоколдарды редакциялау функцияларын қолдана отырып, жеке протоколдарды құру үшін
негізгі құрылыс элементтері ретінде пайдалана аласыз (7.3 - Жаңа протоколдарды құру және
7.4 - Пайдаланушы протоколдарын редакциялау тармақтарын қараңыз).
Төменде келтірілген протоколдардың кейбірі сіздің аймағыңызда пайдалануға рұқсаты болмауы
мүмкін мәтіндер жүйелерімен пайдалануға арналған. Бұл протоколдар бағдарламалық жасақтамада
көрсетілмейді.
7.6.1.1
ИГХ
Атауы
Анықтаудың
Анықтау жүйелері туралы ескертулер
қолайлы жүйесі
*IHC Protocol B
BOND Intense R
Биотин/стрептавидин жүйесі, екінші антиденені еркін
Detection
таңдауды талап ететін зерттеу үшін қолайлы.
Пероксидті блок, ДАБ қарқынды бояуға және
гематоксилинмен (винирлеуді қоса алғанда) қарсы
бояуға мүмкіндік береді.
*IHC Protocol F
BOND Polymer
BOND жүйесінде пайдалану үшін оңтайландырылған,
Refine Detection
жоғары күшеюі бар биотинсіз анықтау жүйесі. Бояудың
жоғары қарқындылығы бар мембраналармен
байланысты антигендердің нақты анықтамасын береді.
*IHC Protocol H
Система BOND™
HER2 бастапқы антиденелінен және HER2 теріс
Oracle™ HER2 IHC
бақылауынан тұратын, Compact Polymer негізіндегі
сезімталдығы жоғары анықтау жүйесімен үйлескен
HER2 толық анықтау жүйесі.
ЕСКЕРТУ:
Жүйе HER2 иммуногистохимиялық профилін толық
қол жетімділік
автоматты түрде, бірізді түрде анықтауға мүмкіндік
реттеуші органдар
тарапынан рұқсатқа
беретін белгілі HER2 профилі бар бақылау
байланысты.
препараттарын қамтиды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
171
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Атауы
Анықтаудың
Анықтау жүйелері туралы ескертулер
қолайлы жүйесі
*IHC Protocol J
BOND Polymer
Сілтілі фосфатазаның көмегімен ашық-қызыл
Refine Red
иммундық бояуға, сондай-ақ, гематоксилинмен контр-
Detection
бояуға (көкпен бояуды қоса) мүмкіндік беретін
зертханалық диагностика үшін Compact Polymer
сезімталдығы жоғары жүйесі.
*IHC Protocol K
ChromoPlex™ 1
Зертханалық диагностика барысында IgG класты
Dual Detection (100
алғашқы тышқан және қоян антиденелерінің
сынама)
тіндерімен байланысты детекциялау үшін.
BOND жүйесінде парафинге құйылған тіндердің
формалинмен бекітілген кесінділерін бояуға
*IHC Protocol K
ChromoPlex™ 1
Зертханалық диагностика барысында IgG класты
- 50 сынама
Dual Detection (50
алғашқы тышқан және қоян антиденелерінің
сынама)
тіндерімен байланысты детекциялау үшін.
BOND жүйесінде парафинге құйылған тіндердің
формалинмен бекітілген кесінділерін бояуға
7.6.1.2
ISH
Атауы
Анықтаудың
Анықтау жүйелері туралы ескертулер
қолайлы жүйесі
*FISH Protocol A
Leica HER2 FISH
LSI HER2/ CEP17 қос зондымен FISH толық жүйесі,
System - 30 Test
пайдалануға дайын LSI HER2/CEP17 қос зондынан
және 2 гибридтеуден кейін шаюға арналған ерітіндіден
тұрады. Сүт безі обыры тіндерінің парафин құйылған
және формалимен бекітілген үлгілерін FISH арқылы
ЕСКЕРТУ:
HER2 генінің амплификациясын анықтайды.
қол жетімділік
Зертханалық диагностика үшін.
реттеуші органдар
тарапынан рұқсатқа
Ескерту: LSI және CEP Abbott Molecular Inc сауда белгілері
байланысты.
болып табылады. Барлық құқықтар қорғалған. Лицензия
бойынша пайдаланылады.
*ISH Protocol A
BOND Polymer
BOND жүйесінде пайдалану үшін оңтайландырылған,
Refine Detection
жоғары күшеюі бар биотинсіз анықтау жүйесі. Анти-
FITC линкерін пайдалану арқылы РНҚ анықтайды.
*ISH Protocol B
BOND Polymer
BOND жүйесінде пайдалану үшін оңтайландырылған,
Refine Detection
жоғары күшеюі бар биотинсіз анықтау жүйесі.
Антибиотин линкерін пайдалану арқылы ДНҚ
анықтайды.
172
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
7.6.2
Бояғанға дейін қолдануға арналған протоколдар
Протокол
Протокол атауы
Ескертулер
типі
Дайындық
*Dewax
Дайындау протоколдарында тіндерді
қорытындысына қолданылатын парафинді шешіп
алу үшін BOND Dewax Solution ерітіндісі
пайдаланылады және сынаманы
регидратациялау жүргізіледі.
*Bake and Dewax
Парафинсіздендіру алдында тіндердің үлгісін
төсеніш шынысына адгезиясын жақсарту үшін
қыздырады.
Толығырақ 14.2.3 - Парафинсіздеу және қыздыру
тармағынан қараңыз.
Алдын-ала
*HIER с ER1 или ER2
Антиденені жылумен анықтау барысында тіннің
жылумен өңдеу
кесігі қыздырылған буферлік ерітіндінің әсеріне
ұшырайды, бұл тіннің құрылымын өзгертуге және
бояуды жақсартуға көмектеседі. Алдын ала
жылумен өңдеудің бірнеше алдын ала
орнатылған протоколдары бар, олар ұзақтығы
мен қолданылатын температура бойынша
ерекшеленеді.
Алдын-ала
*Enzyme 1
Ферменттермен алдын ала өңдеудің сегіз
ферменттік
протоколы бар.
*Enzyme 2
өңдеу
Протоколдар пайдаланылатын ферментке және
*Enzyme 3
инкубация уақытына қарай ерекшеленеді.
*Enzyme 5
ISH
*Denaturation (10 мин)
Бір (10 минуттық) алдын ала орнатылған ISH
Денатурация
денатурация протоколы бар.
ISH
*ISH Hybridization (2 сағ).
Екі алдын ала орнатылған ISH протоколыбар (2
Гибридизация
сағат және 12 сағат).
*ISH Hybridization (12
сағ).
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
173
7. Протоколдар (BOND контроллерінде)
Бұл бет әдейі бос қалдырылды.
174
8.
Реагенттерді басқару (BOND
контроллерінде)
BOND жүйесі реагенттердің әрбір контейнерін және оның мазмұнын қадағалап, үлкен
контейнерлерден басқа жүйеде пайдаланылған барлық реагенттерді тіркеуді жүргізеді. Ол сондай-
ақ, оқиғалар құруды жеделдету үшін көрсетілген маркерлер бар препараттар панельдерін қоюға
мүмкіндік береді.
Бұл тарауда келесі бөлімдер бар.
l
8.1 - Реагенттерді басқаруға шолу
l
8.2 - Реагенттерді баптау экраны
l
8.3 - Реагенттер қорының экраны
l
8.4 - Реагенттер панельдерінің экраны
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
175
8. Реагенттерді басқару (BOND контроллерінде)
8.1
Реагенттерді басқаруға шолу
BOND жүйесінде реагенттерді басқару жекелеген реагенттер туралы мәліметтерді баптауды және
сақтауды, реагенттердің барлық қаптамаларының қорын басқаруды (үлкен контейнерлердегі
реагенттерді қоспағанда) және препараттарды құру барысында пайдалану үшін «панельдер» деп
аталатын маркерлер жиынтығын құруды қамтиды.
Осы әрекеттер орындалатын реагенттерді басқару экрандарын ашу үшін, функциялар
панеліндегі Реагенттерді баптау (Reagent setup) белгішесін басыңыз.
Экранды ашу үшін, экранның сол жақ жоғарғы жағындағы қойындыларға (Баптау
(Setup), Қор (Inventory) немесе Панельдер (Panels)) басыңыз.
Сурет 8-1: Реагенттерді баптау экраны
Реагенттерді баптау (Reagent setup) экранында BOND жүйесіне белгілі барлық реагенттердің
толық тізімі көрсетіледі. Тізімге қаптамада жеткізілетін қандай да бір реагенттер жүйесі, мысалы,
BOND анықтау жүйесі енгізілмеген, бірақ басқалардың компоненттері ретінде пайдаланылатын
реагенттер көрсетілген. Сондай-ақ, тізімде анықтау жүйесінің компоненттерінен өңдеу модулінде
араласатын аралас реагенттер көрсетілген. Бұл экран реагенттердің қасиеттерін қарау, жүйеде жаңа
реагенттерді құру және реагенттерді пайдалану нұсқаларын орнату үшін қолданылады.
Бұған қарағанда, Реагенттер қоры (Reagent inventory) экранында реагенттер мен реагенттер
жүйесінің қоры жеке орамдарда көрсетілген. Тізімдегі реагенттің немесе жүйенің әрбір түрі үшін
жалпы қор көрсетілген, сондай-ақ, жеке қаптамалар туралы ақпарат қол жетімді.
Реагенттер панелінің (Reagent panels) экраны белгілі бір диагнозда әдетте бірге
пайдаланылатын маркерлер жиынтығын құруға мүмкіндік береді. BOND бағдарламалық
жасақтамасында Препаратты құру процесінде панельді таңдағанда панельдегі әрбір маркер үшін
препарат құрылады, бұл осы процесті айтарлықтай тездетеді.
l
8.1.1 - Жалпы ақпарат
l
8.1.2 - Тераностика жүйелері
176
8. Реагенттерді басқару (BOND контроллерінде)
8.1.1
Жалпы ақпарат
l
8.1.1.1 - Реагенттер санаттары
l
8.1.1.2 - Реагенттермен жұмыс істеу тәртібі
l
8.1.1.3 - Реагенттерді сәйкестендіру
l
8.1.1.4 - Реагенттерді ауыстыру
8.1.1.1
Реагенттер санаттары
BOND жүйесінде үлкен контейнерлерден басқа, сұйықтықтың төрт түрлі «қаптама типі» қолданылуы
мүмкін:
l BOND анықтау жүйесі: препаратты баптау барысында пайдаланушылар таңдаған
маркерлермен пайдалану үшін детекцияға арналған қаптамадағы реагенттер лотоктары
l Leica тераностика жүйелері: науашаларға қаптамада жеткізілетін маркерлер,қосымша
реагенттер мен нақты дәрілік препаратты қолдану көзделген пациенттерді тексеру мақсатында
пайдалану үшін детекцияға арналған реагенттер. Жүйелер бақылау препараттарын қамтуы
мүмкін (14.1.2 - Тераностика жүйелері тармағын қараңыз)
l BOND тазарту жүйесі: аппаратты тазартуға арналған оралған күйінде жеткізілетін тазартушы
ерітінділер (12.6.1 - Аспирациялық зондты тазарту тармағын қараңыз)
l Реагенттер контейнерлері: пайдалануға дайын немесе ашық контейнерлерде - маркерлері
(бастапқы немесе зондтар) немесе қосымша реагенттері бар реагенттердің жеке
контейнерлері (2.6.3 - Реагенттер жүйелері және реагенттерге арналған контейнерлер
тармағын қараңыз)
BOND детекция, тазарту және тераностика жүйелері бірге «реагенттер жүйелері» деп аталады.
Бастапқы ИГХ антидене немесе ISH зонды «маркер» деп аталады.
Реагенттер келесі «реагенттердің типтеріне» бөлінеді:
l Бастапқы: ИГХ барысында пайдаланылатын маркерлік реагент
l Зонд: ISH барысында пайдаланылатын маркерлік реагент
l Қосымша: маркермен бояғанға дейін немесе одан кейін тіндерді өңдеу үшін пайдаланылатын
маркерлерге жатпайтын реагенттер.
l Аралас: протокол орындау барысында реагенттер жүйесінің компоненттерінен немесе
компоненттерінен жеке контейнерлердің компоненттерінен жасалатын қосымша реагенттер.
Аралас реагенттердің қорының болуы мүмкін емес, бірақ олар протоколдар кезеңдеріне қосу
үшін жүйеге қатысуы тиіс.
Реагенттер мен реагенттер жүйелерінің тізімдері Реагенттерді баптау (Reagent Setup) және
Реагенттер қоры (Reagent Inventory) көрсетілген санаттарға сәйкес сүзілуі мүмкін.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
177
8. Реагенттерді басқару (BOND контроллерінде)
8.1.1.2
Реагенттермен жұмыс істеу тәртібі
BOND реагентті пайдаланар алдында оны тану керек. Бұл үш кезеңде жасалады:
1. Реагент түрін Реагенттерді баптау (Reagent Setup) экрандағы тізімге қосу керек-Leica
Biosystems реагенттерін пайдалануға дайын барлық Leica Biosystems реагенттері және Leica
Biosystems көптеген қосымша реагенттері (оның ішінде детекция, тераностика және тазарту
BOND) алдын ала орнатылған, бірақ басқа реагенттер тізімге пайдаланушылардың өздері
қосуы тиіс.
2. Жаңа жеткізілімді алған кезде реагенттердің жеке контейнерлері мен реагенттер жүйелері
BOND-пен сканерленеді немесе оларды қорға қосу үшін «тіркеледі».
1. Реагент немесе жүйе пайдалануға дайын болған кезде, олар реагенттерге арналған науашаға
жүктеледі, онда BOND оларды сәйкестендіреді және реагентті пайдалану шамасына қарай
қорды жаңартады.
BOND жекелеген контейнерлер мен жүйелердің ішіндегісін, сондай-ақ, реагенттердің әрбір түрі үшін
жалпы көлемін есепке алады. Leica Biosystems реагенттері үшін Сіз оның аз қалдығы барысында
реагентке тапсырыс беру қажеттілігі туралы хабарлама берілетін шектеуді қоя аласыз.
8.3.2 - Реагенттер немесе реагенттер жүйелері туралы толығырақ тармағындағы Ең аз қор
баптауларын өзгерту қараңыз.
8.1.1.3
Реагенттерді сәйкестендіру
Реагенттердің контейнерлерінде сәйкестендіру үшін екі штрих-код бар. Контейнерлердің алдыңғы
бөлігіндегі ұзын штрих-кодтар контейнерлерді тіркеу және оларды тіркеуден кейін сәйкестендіру үшін
пайдаланылады (8.3.3 - Реагенттерді және реагенттер жүйелерін тіркеу тармағын қараңыз).
Контейнерлердің жоғарғы бөлігіндегі қысқа штрих-кодтар (қақпақтардың астында) BOND өңдеу
модульдеріне жүктелгенде, контейнерлерді сәйкестендіру үшін қолданылатын қаптаманың бірегей
сәйкестендіргішін (ҚБС) кодтайды. Сәтті сканерленбеген реагенттің тиелген контейнерін қолмен
сәйкестендіру үшін ОБИ пайдаланыңыз (5.1.3.5 - Реагент анықталмаған оқиғаларды түзету қараңыз).
Реагенттер жүйесі науашалардың бүйіріндегі екі штрих-кодтармен сәйкестендіріледі. Жүйені тіркеу
және тіркеуден кейін оларды сәйкестендіру үшін штрих-кодтың екеуін де пайдаланыңыз. Реагенттер
жүйелеріндегі жеке контейнерлердің жоғарғы және алдыңғы бөлігінде ОБИ штрих-кодтары болады.
BOND оларды өңдеу модульдеріне жүктеу барысында жүйелерді сәйкестендіру үшін пайдаланады.
Егер автоматты сәйкестендіру мүмкін болмаса, контейнерлерді сәйкестендіру үшін осы кодтарды
қолмен енгізу керек.
Сіз кез келген уақытта тіркелген кез келген реагент немесе реагенттер жүйесі туралы ақпаратты
көрсете аласыз. Ол үшін жеке контейнерлердің бүйіріндегі ұзын штрих-кодты немесе реагенттер
жүйелерінің бүйіріндегі екі штрих-кодты қайта сканерлеңіз.
Егер қаптама сканерленбесе, функциялар панеліндегі Іздеу (Search) батырмасын басып,
Сәйкестендіргішті қолмен енгізу (Manual ID entry)
диалогын ашыңыз немесе
Реагенттер қоры (Reagent Inventory) экранындағы Сәйкестендіргішті енгізу (Enter ID)
батырмасын басыңыз.
Сәйкестендіргішті немесе қаптама сәйкестендіргішін енгізіңіз және Растау (Validate) батырмасын
басыңыз (реагенттер жүйесі үшін әрбір штрих-кодты енгізгеннен кейін Растау (Validate)
178
содержание .. 3 4 5 6 ..
|
||
|
|
|