BOND 6.0 Пайдаланушы нүсқаулығы (2021) - 4

 

  Главная      Книги - Разные     BOND 6.0 Пайдаланушы нүсқаулығы (2021)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..     2      3      4      5     ..

 

 

 

BOND 6.0 Пайдаланушы нүсқаулығы (2021) - 4

 

 

5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.3.5
Реагент анықталмаған оқиғаларды түзету
Егер реагент анықталмаса, келесілерді орындаңыз:
1.
Келесілерге көз жеткізіңіз:
l Реагенттер контейнері реагенттерге арналған науашада дұрыс орналасқан
l Реагенттер контейнерінің қақпағы ашық және контейнердің артқы бөлігіне бекітілген
l Контейнердің алдыңғы бөлігінде реагент сәйкестендіргішінің зақымданбаған штрих-
коды бар.
2.
Реагенттің қорда тіркелгенін тексеріңіз.
l Егер реагент тіркелмеген болса, онда 8.3.3 - Реагенттерді және реагенттер жүйелерін
тіркеу тармағына сәйкес тіркеңіз.
3.
Бұл кезеңде сіз:
i. реагенттерге арналған науашаны алу (осыдан кейін күмән тудыратын реагенттің
қаптаманың бірегей сәйкестендіргішін (ҚБС) жазыңыз), содан кейін жүйе оны қайта
сәйкестендіруі үшін науашаны орнына салу немесе
ii. егер науашаны аппаратқа қайта орналастыру мәселені шешпесе, сіз реагентті қолмен
сәйкестендіре аласыз - Жүйенің жай-күйі (System status) экранындағы контейнер
белгісі бойынша тінтуірдің оң пернесін басып, ішкі мәзірде Таңдау (Select …)ды
басасыз. Бұрын жазылған реагенттің ҚБС енгізіп OK басыңыз.
Суретте реагенттің қолмен сәйкестендірілгендігін білдіретін
белгі пайда болады, төменде
Сурет 5-8 қараңыз. Реагенттерге арналған науаша алынса, белгіше (және қолмен
сәйкестендірілген реагент) жойылады.
Сурет 5-8: Қолмен енгізілген реагент
5.1.3.6
Үлкен контейнерлердің жай-күйі
Жүйенің жай-күйі (System status) экранның төменгі жағында қалдықтар мен реагенттерге
арналған контейнерлер үшін үлкен контейнерлер белгішелері көрсетіледі. Әрбір контейнер
белгіленген, бұл ретте түстер орнатылған контейнерлермен сәйкес келеді. Жүйенің жай- күй
экранында үлкен контейнерлер белгішелерінің орналасуы өңдеу модуліндегі үлкен контейнерлер
үшін тиісті бөліктердің физикалық орналасуын көрсетеді.
Өңдеу модульдерінің әрбір түріне арналған контейнерлердің нақты конфигурациясын 2.2.7 - Үлкен
контейнерлерге арналған бөлім тармағынан қараңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
99
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Сурет 5-9: Үлкен контейнерлер (BOND-III конфигурациясы)
Сурет 5-10: Үлкен контейнерлер (BOND-MAX конфигурациясы).
Оң жақ шеткі белгішесі қалдықтарға арналған сыртқы контейнердің орналасуын көрсетеді
Төменде жоғарыда көрсетілген үлкен контейнерлердің әрқайсысының мазмұнының сипаттамасы
келтірілген.
Үлкен контейнердің
Үлкен контейнердің құрамы
заттаңбасы
*Dewax
BOND Dewax Solution парафинсіздеуге арналған ерітінді
*DI
Деионсыздандырылған су
*BWash
BOND Wash Solutionшаю ерітіндісі
*Alcohol
Спирт (химиялық таза)
*BlkWast
Қалдықтарға арналған үлкен контейнер
*HazWast
Қауіпті қалдықтар
*ER1
BOND Epitope Retrieval Solution 1 антигенді анықтауға
арналған ерітінді
*ER2
BOND Epitope Retrieval Solution 2 антигенді анықтауға
арналған ерітінді
BOND-III
Бағдарламалық жасақтама BOND-III реагенттердің үлкен контейнерлері мен қалдықтарға арналған
контейнерлердегі сұйықтық деңгейін көрсетеді. Егер реагенттің деңгейі аз немесе қалдықтар деңгейі
үлкен болса, проблеманың күрделілігіне сәйкес, ескерту, хабарландыру (жыпылықтаушы) немесе
сақтандыру белгішесі пайда болады. Назар аударуды қажет ететін хабарламаны көру үшін тінтуірдің
оң жақ пернесін басыңыз, сондай-ақ, мәселені шешу үшін - 12.2.2 - Үлкен контейнерлерді толтыру
немесе босату тармағына сәйкес әрекеттерді орындаңыз.
Ескерту: сақтандыру белгішесі пайда болса, мәселе шешілгенге дейін өңдеу уақытша тоқтатылады.
100
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
BOND-III үлкен контейнерлердің жай-күйін индикациялау үшін келесі суреттер үйлесімін
пайдаланады:
Үлкен
Анықтамасы
контейнерлер
Контейнер толы.
Контейнер жартысынан астам толы
Контейнер жартысынан кем толы
Контейнер бос немесе босауға жақын.
Келесілер орын алса, пайда болады:
l қалдықтарға арналған контейнер толыға жақын және дереу
босатылуы тиіс
l реагент жақында аяқталады және тез арада толықтырылуы тиіс
l контейнер жоқ
l көлемі өңдеуді бастау үшін жеткіліксіз
12.2.2 - Үлкен контейнерлерді толтыру немесе босату тармағын қараңыз.
Егер өңдеу келесі себептердің бірі бойынша тоқтатылған болса, пайда
болады:
немесе
l қалдықтарға арналған контейнер толы және тез арада босатылуы
тиіс (сақтандыру)
l реагент бітуге жақын және тез арада толықтырылуы тиіс
(сақтандыру)
l контейнер жоқ, бірақ өңдеу үшін қажет (хабарландыру)
12.2.2 - Үлкен контейнерлерді толтыру немесе босату тармағын қараңыз.
Жүйенің жай-күйі (System status) экранындағы үлкен контейнерлердің жай-күйі (Үлкен
контейнерлерді жарықтандыру жүйесі (BOND-III) 36-бет) жарықтандыру жүйесінде сипатталғандай,
жарықтандыру жүйесімен үйлестірілген.
BOND-MAX
Бағдарламалық жасақтама мәселені анықтаған кезде үлкен контейнердің үстінде (мысалы,
контейнердегі реагенттер көлемі аз немесе қалдықтарға арналған контейнердегі көлемі үлкен) назар
аудару қажеттілігі белгісін көрсетеді. Толығырақ көру үшін тінтуірдің оң жақ пернесінің ескертудің
үстінен басыңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
101
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.4
Препараттар туралы ақпарат
Төмендегі бөлімдерде Жүйенің жай-үйі (System status) экранында препараттар туралы
ақпаратты көрсету үшін пайдаланылатын белгішелер сипатталған. Сондай-ақ, препараттың
қалқымалы мәзірінде мүмкіндіктері сипатталған.
l
5.1.4.1 - Препараттардың белгішелері
l
5.1.4.2 - Препараттарға арналған науашаның қалқымалы мәзірі
l
5.1.4.3 - Препараттар үшін оқиғалар туралы ескертулер
l
5.1.4.4 - Препараттардың үйлеспейтін параметрлерін түзету
5.1.4.1
Препараттардың белгішелері
Жүйенің жай-күйі (System status) экраны әрбір препаратқа арналған белгішесі бар
препараттарға арналған үш науашаның әрқайсысының графикалық көрінісін көрсетеді.
Препараттардың белгішелері әрбір препараттың жай-күйін көрсетеді.
Сіздің жүйеңіз препараттардың немесе штрих-кодтардың әріптік-сандық заттаңбаларының
символдарын оптикалық тануды (СОТ) пайдалану үшін бапталуы мүмкін. Кез келген оқиғада,
қаласаңыз, жүйені препараттардың белгішелері препараттар заттаңбаларының оқылған бейнелерін
қосатындай етіп реттеуге болады. Қолданыстағы параметрлерді өзгертгіңіз келсе, қолдау қызметімен
хабарласыңыз.
Препараттар белгішілерінің мысалдары келесі кестелерде көрсетілген.
СОТ заттаңбасы бар препараттардың белгішелері
Препарат саналған және автоматты түрде
сәйкестендірілген (төмендегі 5.1.5.1 - Препараттарды
автоматты сәйкестендіру тармағын қараңыз)
Препарат саналған, бірақ жүйе оны сәйкестендіре алмады
(белгіше заттаңба аймағының суретін көрсетеді)
Препарат қолмен саналған және сәйкестендірілген -
препараттағы белгішеге (қызылға боялған) назар
аударыңыз (төменде 5.1.5.2 - Аппараттағы
препараттарды қолмен сәйкестендіру тармағын қараңыз)
Препарат бір науашадағы бір немесе одан да көп
препараттармен үйлеспейді (төменде
5.1.4.4 - Препараттардың үйлеспейтін параметрлерін
түзету тармағын қараңыз)
102
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Мұндай күйдегі препарат жоқ
Оқиға туралы хабарламасы бар препаратты өңдеу
(төменде келтірілген 5.1.4.3 - Препараттар үшін оқиғалар
туралы ескертулер тармағын қараңыз)
Штрих-коды бар заттаңбаларға арналған препараттар белгішелері
Бұл оқиғада препарат жоқ немесе жүйе санаған, бірақ
оны сәйкестендіре алмады
Препарат саналған және автоматты түрде
сәйкестендірілген (төмендегі 5.1.5.1 - Препараттарды
автоматты сәйкестендіру тармағын қараңыз)
Препарат қолмен саналған және сәйкестендірілген -
препараттағы белгішеге (қызылға боялған) назар
аударыңыз (төменде 5.1.5.2 - Аппараттағы
препараттарды қолмен сәйкестендіру тармағын қараңыз)
Препарат бір науашадағы бір немесе одан да көп
препараттармен үйлеспейді (төменде
5.1.4.4 - Препараттардың үйлеспейтін параметрлерін
түзету тармағын қараңыз)
Оқиға туралы хабарламасы бар препаратты өңдеу
(төменде келтірілген 5.1.4.3 - Препараттар үшін оқиғалар
туралы ескертулер тармағын қараңыз)
Препараттың қасиеттері (Slide properties) диалогын ашу үшін BOND таныған препараттарды екі
рет басыңыз. Егер өңдеу циклы әлі басталмаған болса, диалогта препараттар туралы ақпаратты
өңдеуге болады, бірақ содан кейін препаратқа арналған жаңа заттаңбаны басып шығару қажет
етіледі, науашаны шығарып, жаңа заттаңбаны жабыстырып, науашаны кері жүктеу керек.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
103
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.4.2
Препараттарға арналған науашаның қалқымалы мәзірі
Препараттың немесе науашаның бірқатар мүмкіндіктерін таңдау үшін Жүйенің жай-күйі (System
status) экранындағы науашаның суретінде препараттарды тінтуірдің оң жақ пернесін басыңыз.
Команда
Сипаттама
қолмен таңдаңыз
Препарат автоматты түрде сәйкестендірілмеген жағдайда іске
қосылады.
Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогын ашу
үшін таңдаңыз, ол сізге препаратты жүйеде бапталғандердің бірімен
теңестіруге мүмкіндік береді (төмендегі 5.1.5.2 - Аппараттағы
препараттарды қолмен сәйкестендіру тармағын қараңыз).
Бұл мүмкіндік, сондай-ақ, егер сәйкестендірілмеген препаратты екі
рет бассаңыз, таңдалуы мүмкін.
Назар аударуды
Егер препарат оқиға туралы ескертуді көрсетсе, назар аударуды
қажет ететін
қажет ететін хабарламаны көру керек (төмендегі
хабарлама..
5.1.4.3 - Препараттар үшін оқиғалар туралы ескертулер тармағын
қараңыз).
Өңдеу циклының
Өңдеу циклының оқиғалары туралы есеп құрыңыз (9.4 - Өңдеу
оқиғалары
циклының оқиғалары туралы есеп тармағын қараңыз).
Кейінге қалдырылған
Өңдеу циклы үшін кейінге қалдырылған бастау (5.1.8 - Кейінге
бастау
қалдырылған бастау тармағын қараңыз).
5.1.4.3
Препараттар үшін оқиғалар туралы ескертулер
Сурет 5-11: Оқиға туралы хабарламасы бар препарат
Өңдеу барысында күтпеген оқиға пайда болғанда, препарат белгішесінде ескерту белгісі пайда
болады. Бұл хабарлама міндетті түрде бояу қандай да бір дәрежеде қанағаттанарлықсыз болғанын
көрсетпейді. Ескерту белгісі пайда болғанда, жүйе операторы немесе зертхана инспекторы
препараттың диагностикалық пайдалану үшін жарамды екендігіне көз жеткізу үшін төменде
сипатталған қосымша шараларды қабылдауы тиіс.
1. Өңдеу циклының оқиғалары туралы есепті құру үшін тінтуірдің оң жақ пернессін басып Өңдеу
циклының оқиғаларын (Run events) таңдаңыз (9.4 - Өңдеу циклының оқиғалары туралы
есеп тармағын қараңыз).
Ескертулерге пайда болуына алып келген барлық оқиғалар қалың қаріппен көрсетіледі. Жүйе
операторы немесе зертхана инспекторы аталған ескертулері бар оқиғаларды мұқият тексеруі
тиіс, өйткені оларда препаратпен болған оқиғаның мәні туралы маңызды мәліметтер
келтіріледі.
2. Боялған тінді мұқият қарап шығыңыз.
3. Барлық бақылау препараттарын мұқият қарап шығыңыз.
104
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Егер зертхана бояу сапасын растай алмаса, онда патологқа хабарлама туралы мәлімдеу немесе
сынаманы қайта жасау керек.
Өңдеу циклының оқиғалары туралы бір есепте бірнеше хабарлама шығарылуы мүмкін. Егер өңдеу
циклы Орындалды жай-күйімен орындалса (барлық оқиғалар белгіленген), барлық
есептің тексерілгеніне көз жеткізіңіз. Егер жай-күй Орындалды деп көрсетілсе (OK), онда есепті
тексеру қажет емес.
5.1.4.4
Препараттардың үйлеспейтін параметрлерін түзету
Егер BOND жүйесі үйлеспейтін препаратты анықтаса, ол науашадағы барлық препараттарға жоғарғы
оң жақ бұрышында қызыл қалың қаріппен көрсетілетін әріптерді береді. Бірдей қаріп бар препараттар
үйлесімді болады.
Сурет 5-12: Үйлеспейтін препараттар
Препараттарға арналған науашаны алып, үйлеспейтін препараттарды шешіп алыңыз немесе
препаратты үйлесімді ету үшін препараттардың қасиеттерін (оларда қателіктер болса) өзгертіңіз.
Егер сіз препараттардың қасиеттерін өзгертсеңіз, онда өзгертілген препараттарға арналған
заттаңбаларды қайта басып шығару және науашаны қайта жүктеу алдында оларды желімдеу қажет.
Препараттардың үйлесімділігі туралы толық ақпаратты 6.9 - Препараттардың үйлесімділігі
тармағынан қараңыз.
5.1.5
Аппараттағы препараттарды сәйкестендіру
Ең көп таралған жұмыс тәртібінде BOND немесе ЗАЖ препараттары мен заттаңбалары өңдеу модуліне
жүктеледі және содан кейін автоматты түрде сәйкестендіріледі. Сәйкестендіру не штрих-кодтарды
оқу жолымен, не әріптік-цифрлық сәйкестендіргіштерді пайдалану барысында символдарды
оптикалық тануды (СОТ) пайдалану жолымен жүргізіледі. Егер заттаңба шайылған болса немесе
басқа себеппен оқылуы мүмкін болмаса, оны BOND бағдарламалық жасақтамасында қолмен
сәйкестендіруге болады. Кейбір жұмыс процестерінде қолмен сәйкестендіру стандартты ретінде
пайдаланылады (6.8 - Препараттар мен оқиғаларды бейреттік құру тармағын қараңыз).
5.1.5.1
Препараттарды автоматты сәйкестендіру
BOND жүйесі заттаңбалар принтерін пайдаланумен жасалған BOND стандартты штрих- кодтарын
немесе BOND препараттарының әріптік-сандық заттаңбаларын (6.6 - Препараттарды заттаңбалау
тармағында сипатталғандай) және штрих-кодтардың танылатын пішімін пайдаланатын ЗАЖ басып
шығарылған заттаңбаларын (11.3 - ЗАЖ қосылу және инициализация тармағын қараңыз) автоматты
түрде сәйкестендіре алады. Препараттарға арналған науаша бұғатталғанда, жүйе препараттардың
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
105
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
әрбір заттаңбасын сәйкестендіруге және оны заттаңба басылған препаратпен салыстыруға
тырысады. Жүйе заттаңбаны басып шығарылған препаратпен салыстыра алатын оқиғаларда,
препарат автоматты түрде сәйкестендіріледі және одан әрі іс-қимылдар талап етілмейді.
Егер жүйе СОТ қолданса (немесе штрих-кодтар үшін әдепкі бойынша реттеулер Leica Biosystems
сервис қызметінің өкілімен өзгертілген), ол препараттарды сәйкестендіру барысында әрбір
заттаңбалардың суретін оқиды. Бұл суреттер препараттардың салыстыруын сенімді құжаттау үшін
келесі есептерде пайда болады:
l
9.4 - Өңдеу циклының оқиғалары туралы есеп
l
9.5 - Өңдеу циклының мәліметтері туралы есеп
l
9.6 - Оқиға туралы есеп
Егер жүйе заттаңбаны сәйкестендіре алмаса, Препаратты қолмен сәйкестендіру (келесі тармақты
қараңыз) процедурасын пайдалана отырып, препаратты қолмен сәйкестендіру керек.
5.1.5.2
Аппараттағы препараттарды қолмен сәйкестендіру
Препараттың әрбір заттаңбасының (СОТ және штрих-кодтардың кейбір түрлерінің) суретін оқуға
бапталған жүйелерде, автоматты сәйкестендіру мүмкін болмаса, олар өңдеу модулінде болғанда,
препараттар қолмен сәйкестендірілуі мүмкін. Жүктелген препаратты қолмен сәйкестендіру үшін
келесі процедураны пайдаланыңыз.
1. Жүйе препаратты автоматты түрде сәйкестендіре алмаған кезде, бағдарламалық жасақтама
заттаңбаның суретін көрсетеді.
Автоматты түрде танылмаған препарат
2. Препаратты қолмен сәйкестендіру диалогын іске қосу үшін келесі әрекеттердің бірін
орындаңыз:
i. Препараттың суретін екі рет басыңыз; немесе
ii. Тінтуірдің оң жақ пернесімен-суретті басып, қалқымалы мәзірден Қолмен таңдау
(Select manually) жолағын таңдаңыз.
106
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
3. Препаратты сәйкестендіру (Slide identification) диалогы пайда болады.
Препаратты сәйкестендіру диалогы
Сол жақтағы панельде (нөмірі 1) өңделмеген препараттардың барлық оқиғалары көрсетілген.
Әдепкі параметрде заттаңбалар басылған препараттардың оқиғалары ғана көрсетіледі
(заттаңбалар әлі басылып шықпаған препараттардың оқиғаларын қосу үшін баптауды өзгерте
аласыз - 6.8.2.2 - Препараттардың сыртқы заттаңбалары тармағындағы Аппараттағы
препараттарды сәйкестендіру нұсқалары. қараңыз).
Препараттардың ағымдағы бояу блогындағы заттаңбалары оң жақтағы панельде (нөмірі 2)
көрсетілген.
Диалог ашылған кезде таңдалған препарат оң жақтағы панельде бөлінеді және үлкейтілген
түрде (3 нөмірі) жанында көрсетіледі. Ұлғайтылған суретті көру үшін оң жақтағы тақтада
препараттың үстіндегі меңзерді ұстап тұрыңыз.
Орталық панельде (4 Нөмір) препараттар өңдеу модулінде саналған препараттардың
ешқайсысымен әлі салыстырылмаған сол панельде таңдалған оқиғада бапталған препараттар
көрсетілген. Тағы да, әдепкі күйге келтірулерде заттаңбалары басылып шығарылған
препараттар ғана көрсетіледі, бірақ бұл параметрді осы оқиға үшін барлық бапталған
препараттар көрсетілуі үшін өзгертуге болады (6.8.2.2 - Препараттардың сыртқы заттаңбалары
тармағын қараңыз).
Бұл кезеңде, қажет болған жағдайда, Жаңа оқиға мен Жаңа препараттың
(6.8 - Препараттар мен оқиғаларды бейреттік құру тармағындағы нұсқауларды қараңыз)
көмегімен жаңа оқиғалар мен препараттарды құруға болады. Төменде берілген нұсқаулар
талап етілген препараттар BOND жүйесінде бапталғанын болжайды.
4.
Препараттың қай оқиғаға жататынын анықтау үшін оң жақ заттаңбаның таңдалған суретінде
көрінетін ақпаратты пайдаланыңыз. Оқиғалар панелінен (1 нөмірі) осы оқиғаны таңдаңыз.
Препараттардың тізіміне (4 нөмірі) осы оқиға үшін бапталған жеткізілмеген препараттар
енгізілген.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
107
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5. Енді тізімдегі препаратпен сәйкестендірілмеген препаратты салыстырыңыз (4 нөмірі).
Препаратты таңдап, Енгізу (Insert) батырмасын басыңыз.
Препарат препараттар тізімінен жойылады, ал оң жақтағы панельдегі сурет жаңартылып,
препараттың сәйкестендірілгендігін көрсетеді. белгішесі
препараттың қолмен
таңдалғанын білдіреді.
Енді сәйкестендіру үшін, болған жағдайда, препараттың келесі сәйкестендірілмеген заттаңбасы
бөлінеді.
6. Жоғарыда көрсетілген қадамдарды қайталай отырып, барлық сәйкестендірілмеген
препараттарды салыстырыңыз.
7. Науашадағы барлық препараттар анықталған кезде, диалогты жабу үшін OK батырмасын
басыңыз. Болдырмау (Cancel) батырмасын бассаңыз, сіз орындай алатын барлық
сәйкестендіру процедуралары жоғалады.
8. Жүйенің жай-күйі (System status) экранында енді науашадағы барлық препараттар мен
олар туралы мәліметтер көрсетілген. Қолмен сәйкестендірілген препараттар заттаңба мен
препараттың қолмен сәйкестендірілгенін көрсететін
белгішесі болады.
Өңдеуге дейінгі қолмен сәйкестендірілген препарат
9. Қолмен сәйкестендірілген препараттар әдеттегі тәсілмен өңделеді.
Препараттың суреті препараттардың салыстыруын сенімді құжаттау үшін келесі есептерде пайда
болады:
l
9.4 - Өңдеу циклының оқиғалары туралы есеп
l
9.5 - Өңдеу циклының мәліметтері туралы есеп
l
9.6 - Оқиға туралы есеп
5.1.5.3
Препараттың әрбір заттаңбасының суретін алуға бапталмаған жүйелер
Бұл препараттар қолмен сәйкестендірілуі мүмкін, бірақ бұл науашаны алуды талап етуі мүмкін.
Препараттың автоматты түрде сәйкестендірілмеген сәйкестендіргішін және орналасуының нөмірін
жазыңыз (Covertile қақпақшасының мойынынан төмен препараттарға арналған науашада басылған).
Препараттарға арналған науашаны қайта жүктеңіз және препараттың тиісті орналасуы бойынша екі
рет шертіңіз (есептеу Жүйенің жай-күйі (System status) экранында препараттардың бояу
блогының жоғарғы қалпынан жүргізіледі).
108
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.6
Өңдеу циклы барысының индикаторы
Өңдеу жүрісінің индикаторлары препараттарға арналған науашалардың әрбір суретінің астында
орналасады. Олар өңдеу циклының жай-күйі мен барысы туралы тез көрнекі ақпарат береді.
l
5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-күйі
l
5.1.6.2 - Өңдеу циклының барысы
l
5.1.7.1 - Өңдеу циклын тоқтату
l
5.1.8.1 - Кейінге қалдырылған бастау уақытын орнату
5.1.6.1
Өңдеу циклының жай-күйі
Ағымдағы өңдеу циклының нөмірі мен жай-күйі әрбір индикатордың төменгі жағында көрсетіледі.
Өңдеу циклының мүмкін жай-күйі:
Өңдеу
Сипаттама
циклының жай-
күйі
Бұғаттан ашық
Препараттарға арналған науаша бұғаттан ашық.
Бұғаттаулы
Препараттарға арналған науаша бұғаттаулы, бірақ әлі өңдеуді бастауға
болмайды. Бұл оқиға әдетте препараттарды санауды аяқтағанға дейін
туындайды.
Препараттар
Препараттарды бояу блогындағы барлық препараттар саналды.
дайын
Басталды
Бастау батырмасы басылды және жүйе бастау алдында тексеру мен
жоспарлауды орындайды.
Қабылданбады/
BOND өңдеу циклын бастауға тырысты, бірақ бұл орындалмады.
препараттар дайын
Тоқтатудың ең көп ықтимал себептері реагенттердің болмауы, үлкен
контейнерлердегі реагенттердің төмен деңгейі немесе қалдықтарға
арналған контейнердің толы болуы. Өңдеу циклының оқиғалары туралы
есеп құрыңыз, онда көрсетілген барлық мәселелерді жойып, өңдеу
циклын қайта іске қосыңыз.
Жоспарланған
Өңдеу циклы жоспарланған, бірақ өңдеу басталған жоқ. Өңдеу
циклының индикаторы жоспарланған басталу уақытын көрсетеді.
Өңд. (ОК)
Өңдеу орындалуда, күтпеген оқиғалар болмады.
Өңд. (хабарлама)
Өңдеу орындалуда, күтпеген оқиғалар пайда болды.
Өңдеу циклы оқиғалары туралы есепте егжей-тегжейлі қараңыз.
Тоқтату
Өңдеу циклы тоқтатылады. Бұл оператор тоқтату батырмасын басқанда
орын алады.
Орындалды (OK)
Өңдеу аяқталды, күтпеген оқиғалар болған жоқ.
Орындалды
Өңдеу аяқталды, күтпеген оқиғалар болды.
(хабарлама)
Өңдеу циклы оқиғалары туралы есепте егжей-тегжейлі қараңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
109
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.6.2
Өңдеу циклының барысы
Препараттарға арналған науашаның әрбір суретінің астында орындау индикаторы өңдеу циклының
барысы туралы көрнекі түсінік береді. Орындау индикаторы уақыттың шектік сәттерін көрсетеді,
шектік сәттерге қатысты ағымдағы жүрісті көрсетеді және өңдеу жүрісінің төрт кезеңін көрсету үшін
келесі түстерді пайдаланады:
l Көк - препараттаға арналған науаша бұғатталған, өңдеу басталған жоқ
l Қызыл - өңдеу басталған жоқ, бастау үшін уақыт лимиті асырылды
l Жасыл - өңдеу орындалуда
l Күлгін - өңдеу аяқталды, гидратация орындалуда.
Өңдеу циклының жай-күйін көрсету үшін өңдеу циклының орындалу барысы бөлімінде тінтуір
меңзерін кідіртуге болады, мысалы, Сурет 5-13 көрсетілгендей, «Бұғатталған сәттен бастап уақыт»,
«Аяқтауға дейінгі уақыт» және «Аяқтағаннан кейінгі уақыт».
Сурет 5-13: Өңдеу циклының жай-күй дисплейі
Препараттар дайын - басталады
Препараттар саналып, өңдеу бастауға дайын болғаннан кейін, сондай-ақ, іске қосу немесе кейінге
қалдырылған іске қосу батырмасын басқаннан кейін қысқа мерзім ішінде индикатор келесі
элементтерді көрсетеді (элементтердің нөмірлерін Сурет 5-14 қараңыз).
Шартты белгі
Шартты белгі
1
Препараттарға арналған
4
Ағымдағы өңдеу барысы
науаша бұғатталған уақыт
5
Басталу уақытының асырылу
2
Рұқсат етілген бастау кезеңі
кезеңі (қызыл жолақ)
(көк жолақ) (төм.Басталуы
6
Өңдеу циклының жай-күйі
және хабарландырудың рұқсат
(5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-
етілген уақыты 111-
күйі тармағын қараңыз)
бетқараңыз)
3
Рұқсат етілген басталу уақыты
110
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Сурет 5-14: Өңдеу циклының барысы (іске қосу)
Басталуы және хабарландырудың рұқсат етілген уақыты
Препараттарға арналған науашаларды бұғаттағаннан кейін әрқашан өңдеуді мүмкіндігінше ертерек
бастаңыз. Препараттар «бастапқы» кезеңде (науашаны бұғаттау және өңдеу басы арасында)
гидратацияланбайды, сондықтан егер бұл кезең тым ұзақ болса, тіндер зақымдануы мүмкін. BOND
бұл науашаларды бұғаттаған сәттен бастап уақытты бақылау және препараттардың (парафинделген
немесе депарафинделген) жүктелген түрі үшін ең жоғары рұқсат етілген бастапқы кезеңді көрсету
арқылы бақылауға көмектеседі. Рұқсат етілген бастапқы кезең «препараттар дайын» индикаторында
ақ жолақ түрінде визуалды бейнеленеді (жоғарыда қараңыз). Депарафинделген препараттар
орналасуында, егер өңдеу рұқсат етілген бастапқы кезеңнен кейін біраз уақыттан кейін басталмаған
болса, хабарландыру беріледі.
Депарафинделген препараттың басталу кезеңдері мен хабарлау кезеңі төменде келтірілген. Барлық
кезеңдер науашаларды бұғаттан кейін көрсетілген:
Рұқсатты басталу немесе хабарландыру
Науашаны бұғаттау басталған кейінгі
уақыты.
уақыт (минут)
Депарафинделген препараттар үшін рұқсат
15
етілген бастау уақыты
Депарафинделген препараттар үшін
25
хабарлағанға дейінгі уақыт
Парафинделген препараттар үшін рұқсат етілген
60
бастау уақыты
Егер өңдеуді бастау кезеңі ішінде бастамасаңыз, препараттарды қолмен гидраттау үшін науашаларды
алуға болады. Науашаны қайта салғанда, BOND жаңа өңдеуді бастайды, өңдеу циклының жаңа
сәйкестендіргішін береді және кезеңді қайта санауды бастайды.
Бастау кезеңінің рұқсат етілген шектері дереу басталатын циклдерге ғана қолданылады; олар кейінге
қалдырылған бастау циклдарына жатпайды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
111
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Жоспарланған
Өңдеу циклы басталғаннан кейін іске қосу батырмасымен немесе кейінге қалдырылған басталуымен,
ол жүйеде жоспарланады. Жоспарлау мен өңдеуді бастау арасындағы кезеңде - кейінге қалдырылған
бастау орналасуында ұзын болуы мүмкін - орындау индикаторы келесі элементтерді көрсетеді
(элементтердің нөмірлерін Сурет 5-15 қараңыз).
Шартты белгі
Шартты белгі
1
Өңдеу циклының басталуы
5
Өңдеуден кейінгі гидратация
жоспарланған уақыт
кезеңі (күлгін жолақ)
2
Басталар алдында кідіріс (көк
6
Өңдеу циклы аяқталатын
жолақ)
шамамен уақыт
3
Өңдеу кезеңі (жасыл жолақ)
7
Өңдеу циклының жай-күйі
(5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-
4
Ағымдағы өңдеу барысы
күйі тармағын қараңыз)
Сурет 5-15: Өңдеу циклының барысы (кейінге қалдырылған басталуымен іске қосу)
112
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Өңдеу циклы барысында
Өңдеу фазасы барысында индикатор келесі элементтерді көрсетеді (Сурет 5-16 элементтердің
номерлерін қараңыз).
Шартты белгі
Шартты белгі
1
Жоспарланған басталу уақыты
5
Өңдеуден кейінгі гидратация
кезеңі (күлгін жолақ)
2
Бастау кезеңі - ақ: басталуы ОК,
қызыл: бастау кезеңі асып кетті
6
Өңдеу циклы аяқталатын
болжамды уақыт
3
Өңдеу кезеңі (жасыл жолақ)
7
Өңдеу циклының жай-күйі
4
Ағымдағы өңдеу барысы
(5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-
күйі тармағын қараңыз)
Сурет 5-16: Өңдеу циклының барысы (өңдеу)
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
113
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.7
Өңдеу циклын бастау немесе тоқтату
Сіз препараттарға арналған науашаны жүктеу және бұғаттау арқылы өңдеуді бастайсыз. Науаша
оқылады және жүйе өңдеу циклын орындай алатынына көз жеткізу үшін келесілерді тексереді:
l Барлық препараттар үйлесімді
l Барлық реагенттер қол жетімді.
Препараттарды оқығаннан кейін өңдеу жай-күйі Препараттар дайын деп белгіленеді (жоғ.
5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-күйі) және бастапқы фазада орындау индикаторы пайда болады
(жоғ.5.1.6.2 - Өңдеу циклының барысы). Өңдеу циклы препараттардың барлық үйлесімсіздігін
жойғаннан, барлық препараттарды сәйкестендіргеннен және қажетті реагенттердің бар-жоғын
барлық тексеруді орындағаннан кейін басталуы мүмкін.
l Өңдеу циклын мүмкіндігінше тезірек бастау үшін
басыңыз. Кейінге қалдырылған бастау
үшін науашаны тінтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, қалқымалы мәзірден Кейінге
қалдырылған бастау (Delayed start) таңдаңыз; келесі нұсқауларды 5.1.8 - Кейінге
қалдырылған бастау тармағынан қараңыз.
l Өңдеу циклының жай-күйі цикл және жоспарлау алдында тексеру аяқталғаннан кейін
Басталады ретінде белгіленеді.
Орындау индикаторы бастау сатысында қалады.
l Жоспарлау аяқталғаннан кейін оқиға Жоспарланды болып өзгереді.
Енді орындау индикаторы өңдеу фазасына өтеді. Жоспарланған басталу уақыты
бейнеленеді, ал жолақтың сол жақ шетінде басталу сәтіндегі оқиға көрсетіледі (ОК
немесе уақыт шегінен асып кеткен).
l Өңдеу жоспарланған уақытта басталғанда, жай-күй Өңд. (ОК) (Proc (OK)) болып
өзгереді.
Егер басталу уақытының лимиті асып кетсе, алдын ала ескерту немесе хабарлау өңдеу іс
жүзінде басталғаннан кейін жойылады. Дегенмен, орындау индикаторының бастапқы
бөлігі қызыл болып қалады.
l Басталады және Жоспарланған жай-күйі біраз уақыт алатынын және бастау
кезеңінің уақыт шегінен асып кетуі мүмкін екендігін ескеріңіз. Егер мұндай ықтимал
болған жағдайда, препараттарға арналған науашаны ашып, қайтадан бастамас бұрын
препараттарды қолмен гидраттауға болады. Егер сіз өңдеу басталғанға дейін науашаның
құлпын ашсаңыз, цикл тоқтатылған болып саналмайды және жаңартылуы мүмкін.
Әр кезде тек бір рет өңдеу циклын бастау керек, содан кейін келесі цикл басталар алдында 1-2 минут
күту керек. Әрбір цикл басталғаннан кейін оның сәтті басталғанына көз жеткізу үшін біраз күтіңіз.
Егер олай болмаса, өңдеу циклының жай-күйі Қабылданбады/Препараттар дайын күйінде.
5.1.6.1 - Өңдеу циклының жай-күйі тармағын қараңыз.
114
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.1.7.1
Өңдеу циклын тоқтату
Бастапқы батырманы басқаннан кейін (немесе кейінге қалдырылған бастауды белсендіргеннен кейін)
өңдеудің нақты басталуына дейін - өңдеу циклы Басталады немесе Жоспарланған күйінде
болғанда - өңдеу оны тоқтату қажеттілігінсіз тоқтатылуы мүмкін. Осы уақытта өңдеуге сұрау салуды
болдырмау үшін өңдеу модуліндегі препараттарға арналған науашаларды (осы кезеңде бастау және
тоқтату түймелері белсенді емес) ашыңыз. Препарат туралы ақпарат жүйеде қалады және өңдеу
циклы қаласаңыз қайта басталуы мүмкін. Қабылданбаған өңдеу циклы үшін Препарат тарихы
тізіміне бір жол енгізіледі.
Ол басталғаннан кейін өңдеу циклын тоқтату үшін,
басыңыз. Өңдеу модулі ағымдағы кезең
аяқталғаннан кейін циклдегі жұмысты тоқтатады. Препараттардың жай-күйі Препарат тарихы
(Slide history) экранында Орындалды (оқиғалар белгіленген) болып өзгереді (Done
(notification)).
Өңдеу циклының тоқтатылуын мұқият ойлаңыз - тоқтатылған циклдарды қайта бастауға болмайды,
ал өңделмеген препараттардың барлық сапасы нашарлауы мүмкін.
5.1.8
Кейінге қалдырылған бастау
BOND жүйесінде парафинделген препараттармен циклдердің басталуы болашақта белгілі бір уақытқа
жоспарлануы мүмкін (ағымдағы сәттен бастап бір аптаға дейін). Түнгі уақытқа жоспарланған
циклдер, мысалы, келесі күні жұмыс басталмас бұрын аяқталуы мүмкін болатындай етіп жоспарлануы
мүмкін. Препараттар парафинде әлі де сенімді сақталады, өңдеуден кейін гидратация кезеңі азаяды.
Leica Biosystems компаниясымен өндірілмеген кейбір реагенттердің сапасы кейінге қалдырылған
бастауды күтуде өңдеу модулінде ұзақ сақтауда нашарлауы мүмкін. Реагенттерді пайдалану және
сақтау жөніндегі ақпаратты нұсқаулықтарда тексеріңіз. Leica Biosystems гистологиялық бақылау тінін
зерттелетін тіндер бар препаратқа орналастыруды ұсынады.
5.1.8.1
Кейінге қалдырылған бастау уақытын орнату
Науашаны кейінге қалдыра отырып, өңдеу үшін препараттарды әдеттегідей дайындаңыз және
препараттарға арналған науашаны бұғаттаңыз. Циклдің жай-күйі Препараттар дайын деп
белгіленгенде, Жүйенің жай-күйі (System status) экранында тінтуірдің оң жақ пернесін
басқаннан кейін пайда болатын мәзірден Кейінге қалдырылған бастауды (Delayed start)
таңдаңыз.
Науашаны өңдеудің қалаған күні мен уақытын Кейінге қалдырылған бастау (Delayed start)
диалогында орнатыңыз және OK батырмасын басыңыз (Күн және уақыт ажыратып-қосқыштарын
пайдалану 205-бет тармағын қараңыз). Жүйе Басталады жай-күйіне ауысады және басқа
операцияларды ескере отырып, өңдеу циклын жоспарлай бастайды. Жоспарланған жай-күйі бар
науаша белгіленген бастау уақытын күтеді, содан кейін әдеттегі өңдеу басталады.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
115
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.2
Протокол жай-күйінің экраны
Бұл экранда жекелеген препараттардың жай-күйі туралы толық ақпарат көрсетіледі.
Протоколдың жай-күйі (Protocol status) экранын көрсету үшін Жүйенің жай-күйі (System
status) экранына өтіп, Протоколдың жай-күйі (Protocol status) қойындысын басыңыз.
Сурет 5-17: Протоколдың жай-күйі (Protocol status) экраны
Препаратты өңдеу барысын көру үшін, экранның жоғарғы жағындағы препараттың тиісті орналасуы
батырмасын басыңыз. Препараттарсыз оқиға түймелері белсенді емес және оларды таңдау мүмкін
емес.
Егер Пациенттің аты-жөні тым ұзын болса және бөлінген аймаққа (1, 2 және 3 препараттарға
арналған науаша) орналастырылмаса, ол қысқартылады, ал соңында «...» қойылады. Қалқымалы
терезеде емделушінің толық атын көргіңіз келсе, қысқартылған атаудың үстінде тінтуір меңзерін
ұстап тұрыңыз.
Егер сіз препараттың орнын таңдасаңыз, бағдарламалық жасақтама кейбір мәліметтерді және
протокол барысын көрсетеді. Препарат туралы қосымша ақпаратты көру мақсатымен Препарат
сипаттары (Slide properties) диалогын ашу үшін Толығырақ (Толығырақ) батырмасын
басыңыз.
Таңдалған препаратқа арналған протокол кезеңдері препарат туралы мәліметтермен көрсетіледі.
Ағымдағы кезең көк түспен бөлінген. Аяқталған кезеңдерде жасыл шеңбермен қоршалған белгі
немесе күтпеген оқиғалар туындаған оқиғада
белгісі бар.
Егер ағымдағы кезең үшін барлық талап етілетін әрекеттер орындалса, бірақ келесі кезең басталғанға
дейін күту кезеңі болса, онда белгі немесе
сұр түсті болады. Келесі кезеңнің басталуына дейін сұр
болып қалады, содан кейін әдеттегі түске өзгереді
Қалқымалы мәзірден Өңдеу циклы оқиғаларын (Run events) таңдап, кезеңдер тізімі бойынша
тінтуірдің оң жақ пернесін басу арқылы, өңдеу циклының оқиғаларын көре аласыз. Сондай-ақ,
қалқымалы мәзірден Препараттардың қасиеттері (Slide properties) диалогын ала аласыз.
116
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.3
Қызмет көрсету экраны
Қызмет көрсету (Maintenance) экранын көрсету үшін Жүйенің жай-күйі (System status)
экранына өтіп, Қызмет көрсету (Maintenance) қойындысын басыңыз.
Сурет 5-18: Қызмет көрсету (Maintenance) экранында төменде келтірілген бірқатар қызмет
көрсету тапсырмалары үшін командалар түймелері бар:
Команда
Сипаттама
Шприцті ауыстыру
Шприцті немесе шприцтерді ауыстыру барысында өңдеу
модулін бақылайды.
12.13 - Шприцтер тармағын қараңыз.
Ағынды автоматиканы тазарту
Ағынды автоматика жүйесін толтырады.
Ағынды автоматиканы тазарту 294-бет тармағын қараңыз.
Аспирациялық зондты тазалау
BOND Aspirating Probe Cleaning System арқылы аспирациялық
зондты тазартады.
12.6.1 - Аспирациялық зондты тазарту тармағын қараңыз.
Аспирациялық зондты
Аспирациялық зондты ауыстыру барысында өңдеу модулін
ауыстыру
бақылайды
12.6.2 - Аспирациялық зондты ауыстыру тармағын қараңыз.
Үлкен контейнерлердің
Сұйықтықтарды үлкен контейнерлерден құю роботтарын (тек
сұйықтарың құю роботтарын
BOND-III) зондтарды сүртуге болатын оқиғаға жылжытады.
тазарту
12.12.1 - Сұйықтықтарды үлкен контейнерлерден құюға
арналған роботтардың зондтарын тазарту тармағын қараңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
117
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Команда
Сипаттама
Үлкен контейнерлердің
Үлкен контейнерлерден сұйықтықтарды құю үшін
сұйықтықтарын құю
роботтарды (тек BOND-III) зондтарды ауыстыруға болатын
роботтарының зондтарын
оқиғаға жылжытады.
ауыстыру
12.12.2 - Сұйықтықтарды үлкен контейнерлерден құюға
арналған роботтардың зондтарын ауыстыру тармағын
қараңыз.
Қызмет көрсету туралы есеп
Таңдалған өңдеу модулі үшін қызмет көрсету есебін құру. Бұл
команда әрқашан қол жетімді.
5.3.1 - Қызмет көрсету туралы есеп тармағын қараңыз.
Қызмет көрсету (Maintenance) экраны ағымдағы таңдалған өңдеу модулінің атауын және онымен
байланысты қызмет көрсетуді басқару батыомаларын көрсетеді. Диалогтық терезелер сериясы
таңдалған қызмет көрсету тапсырмасын орындауға көмектеседі.
Егер қызмет көрсету міндеті қол жетімсіз болса, мысалы, қызмет көрсету орындалып жатқанда, оның
батырмасы өшіріледі. Барлық басқару батырмалары (Қызмет көрсету есебін (Maintenance
report) қоспағанда) өңдеу модулі өшірілген кезде өшіріледі.
118
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
5.3.1
Қызмет көрсету туралы есеп
Қызмет көрсету есебі таңдалған уақыт кезеңінде нақты өңдеу модулі туралы ақпаратты көрсетеді.
1. Клиникалық клиентте Жүйенің жай-күйі (System status) экранын көрсету үшін өңдеу
модулінің қойындысын таңдаңыз.
2. Қызмет көрсету (Maintenance) қойындысын басыңыз, содан кейін Қызмет көрсету есебі
(Maintenance report) батырмасын басыңыз.
Сурет 5-19: Қызмет көрсету туралы есеп диалог терезесі
Қалқымалы мәзірден өңдеу модулін таңдаңыз, содан кейін Бастап (From) және Дейін (To)
түймелерін пайдаланып қажетті уақыт кезеңін таңдаңыз. Немесе Соңғы он екі ай (Last twelve
months) дегенді осы мерзімді бекіту үшін таңдаңыз.
Қызмет көрсету есебін құру үшін Құру (Generate) батырмасын басыңыз.
Есеп жаңа терезеде көрсетіледі. Оң жақта, есептің жоғарғы бөлігінде келесі кестеге сәйкес ақпарат
көрсетіледі.
Өріс
Сипаттама
Учреждение
Әкімшілендіру клиентінің зертхана баптаулары экранының
Мекеме өрісінде көрсетілгендей мекеменің атауы - 10.5.1 - Зертахананың
баптаулары тармағын қараңыз.
Уақыт кезеңі
Есеп мерзімі үшін «Бастап» және «Дейін» күндері.
Өңдеу модулі
Әкімшілендіру клиентінің Аппараттық жасақтама
конфигурациясының (Hardware configuration) экранындағы Атау
(Name) өрісінде көрсетілгендей өңдеу модулінің бірегей аты -
10.6.1 - Өңдеу модульдері тармағын қараңыз
Өңдеу
Өңдеу модулінің бірегей сериялық нөмірі
модульдерінің
сериялық №
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
119
5. Жай-күй экрандары (BOND контроллерінде)
Төменде есептегі назар аударатын тармақтар көрсетілген:
l
Өңдеу модулінің белгішесінен жүйенің жай-күй экранында (5.1.2 - Аппараттық жасақтаманың
жай-күйі) тінтуірдің оң жақ пернесін басу арқылы ескертумен, қызмет көрсету бойынша осы
міндеттердің мерзімі келген кезде (бұл уақытта болжанған күн «Бірінші мүмкіндік барысында»
ретінде көрсетіледі) назар аудару қажеттігін білдіретін белгіше пайда болады.
l
Келесі қызмет көрсету операцияларының болжамды күндері өңделген препараттардың санына
және/немесе операциялар арасындағы ұсынылған кезеңдерге негізделген.
l
Егер есепті кезеңде оқиғалар туындамаса, онда бұл туралы хабарлама оқиғалар тарихының
орнына орналастырылады.
l
Тарих кестесіндегі бірінші күн - есепті бастау кезеңі немесе өңдеу модулін пайдалануды бастау
күні, егер ол кейінірек басталса. Ұяшықтарда «соңғы қызмет көрсету / ауыстыру уақытынан
бастап препараттардың» тиісті бағандарында әрдайым «0 препарат» көрсетілген.
l
Тарих кестесіндегі соңғы күн есептің соңында болады.
l
Препараттардың әр бояу блогы үшін препараттарды есептеу, сондай-ақ, барлық 3 блоктарға
препараттардың жалпы есебі жүргізіледі. Препараттардың есептегіштері әрбір қызмет көрсету
операциясынан кейін 0 дейін түсіріледі.
l
Препараттарды бояу блогының үлкен контейнерлерінен сұйықтықтарды құю үшін роботтың
әрбір зондына жеке есептеу жүргізіледі.
l
Препараттарды бояу блогының әрбір шприціне жеке есептеу жүргізіледі.
l
Негізгі шприц үшін жеке есептеу жүргізіледі.
l
BOND 5.0 нұсқасында немесе бұрын орындалған қызмет көрсету операциялары үшін Аяқтау
күйі бағанында «белгісіз» көрсетілуі мүмкін.
l
BOND 4.0 нұсқасында немесе бұрын орындалған қызмет көрсету операциялары көрсетілмейді.
120
6.
Препаратты баптау (BOND
контроллерінде)
BOND көмегімен өңдеу үшін препараттарды құру тәртібі келесі негізгі қадамдардан тұрады:
1. Төсеніш шыныларда кесінділерді дайындау.
2. BOND бағдарламалық жасақтамасында препараттар үшін оқиға құру (немесе оқиға ЗАЖ
жүйесінен импортталуы мүмкін).
3. Қажет болса, дәрігер туралы мәліметтерді қосу немесе түзету.
4. Препараттар туралы мәліметтерді енгізу (немесе оларды ЗАЖ жүйесінен импорттау).
5. Зертхананың стандартты процедураларына сәйкес бақылау препараттарын құру.
6. Препараттардың заттаңбаларын құру (егер олар ЗАЖ жүйесінің заттаңбалары болмаса).
7. Препараттарды науашаларға және препараттарға арналған науашаларды өңдеу модуліне салу.
Препаратты өңдеу басталғаннан кейін сіз Препарат тарихы (Slide history) экранда препараттар,
өңдеу оқиғалары мен циклы туралы бірқатар есептер құра аласыз. Толығырақ 9 - Препарат тарихы
(BOND контроллерінде) тармағынан қараңыз.
Егер стандартты жұмыс тәртібі сіздің зертханаға сәйкес келмесе, сіз басқаларын да пайдалануға
болады.
Бұл тарауда келесі бөлімдер бар.
l
6.1 - Препаратты баптау экраны
l
6.2 - Бақылаулармен жұмыс
l
6.3 - Оқиғалармен жұмыс
l
6.4 - Дәрігерлер тарапынан басқару
l
6.5 - Препараттармен жұмыс
l
6.6 - Препараттарды заттаңбалау
l
6.7 - Препараттың параметрлері туралы есеп
l
6.8 - Препараттар мен оқиғаларды бейреттік құру
l
6.9 - Препараттардың үйлесімділігі
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
121
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.1
Препаратты баптау экраны
Препаратты баптау (Slide setup) экранында BOND құрылғысына енгізілген, бірақ әлі өңделмеген
оқиғалар мен препараттар көрсетіледі. ЗАЖ кірістірілген жүйелерде ЗАЖ импортталған оқиғалар мен
препараттар көрсетіледі. ЗАЖ жоқ жүйелерде сіз осы экрандағы оқиғалар мен препараттарды
құрасыз және қажет болған жағдайда түзетесіз. Препараттар оқиғаға тиесілі болуы керек, сондықтан
сіз Препаратты құру алдында оқиғаны құру керек.
Препаратты баптау (Slide setup) экранын көрсету үшін, функциялар панелінде Препаратты
баптау (Slide setup) белгішесін
басыңыз.
Сурет 6-1: Препаратты баптау (Slide setup) экраны
Сурет 6-1 Препаратты баптау (Slide setup) экраны көрсетілген. Экранның жоғарғы оң жағында
оқиғалармен жұмыс істеуге арналған элементтер бар, оң жағында препараттармен жұмыс істеуге
арналған элементтер бар.
122
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.2
Бақылаулармен жұмыс
Leica Biosystems BOND жүйесінде үнемі бақылауларды пайдалануды ұсынады. Бақылау препараттары
бүкіл процесті тексеру үшін пайдаланылатынын есте сақтаңыз. Келесі ақпаратты 14.3 - Сапаны
бақылау тармағынан қараңыз.
BOND Leica Biosystems жүйе жұмысын барынша сәйкесінше бақылау үшін тиісті гистологиялық
бақылау тіндерін де пациенттің тіндері сияқты төсеніш шыныға орналастыруды ұсынады.
Гистологиялық бақылау тіндерін зерттелетін тіндермен бірге орналастыру ұсынылатынына
қарамастан, BOND бағдарламалық жасақтамасы сонымен қатар, тек бақылау тіндері бар
препараттарды, сондай-ақ, реагенттердің бақылауын жасауға мүмкіндік береді. Пациенттердің
зерттелетін үлгілерімен шатасуын болдырмау үшін гистологиялық бақылау тіндерін ғана
препараттардың тиісті түрде белгіленуіне шаралар қабылдаңыз.
6.2.1
Гистологиялық бақылау тіні
Әрбір препарат BOND бағдарламалық жасақтамасында келесі тіндердің түрлерінің бірі ретінде
белгіленуі тиіс:
l Зерттелетін тін
l Теріс гистологиялық бақылау тіні
l Оң гистологиялық бақылау тіні
Бұл Препаратты қосу (Add slide) диалогында белгіленеді (6.5.2 - Препаратты құру тармағын
қараңыз). Пациенттің тіндері бар барлық препараттар «зерттелетін тін» ретінде белгіленуі тиіс. «Оң
гистологиялық бақылау тіні» және «теріс гистологиялық бақылау тіні» параметрлерін тек бақылау
тіндері бар препараттар үшін пайдаланыңыз.
Препаратты қосу (Add slide) диалогында жаңа препаратқа арналған тіннің түрі өзгергенде,
Маркер (Marker) өрісі автоматты түрде тіндерге арналған маркерді таңдау үшін тазартылады.
Оң немесе теріс гистологиялық бақылау тіндері бар препараттар Препаратты баптау (Slide setup)
экранда тиісінше «-» және «+» белгіленеді. Препарат тарихы (Slide history) экранында әрбір
препаратқа арналған Тип (Type) бағанында «зерттелетін», «теріс» немесе «оң» деп көрсетіледі.
Препараттардың өздері бақылау ретінде анық белгіленуі үшін, «тіннің түрі» препараттардың әдетті
заттаңбаларының үлгілеріндегі ақпараттық өрістердің бірі ретінде қосылады. Бұл ретте оң бақылау
тіндерінің заттаңбаларында үлкен «(+)» және теріс бақылау тіндерінің заттаңбаларында «(- )»
басылады. Сынақ тініне арналған өрісте ешнәрсе басып шығарылмайды. Біз осы өрісті кез келген
басқа конфигурацияланатын препараттардың заттаңбаларына қосуға кеңес береміз
(10.3 - Заттаңбалар тармағын қараңыз).
6.2.2
Бақылау реагенттері
Препараттар препаратты конфигурациялау барысында стандартты антиденелердің немесе
зондтардың орнына маркер ретінде тиісті реагентті таңдау жолымен бақылау реагентімен бапталады.
ИГХ барысында BOND бағдарламалық жасақтамасы теріс бақылау реагентін пайдалану мүмкіндігін
қамтиды. Препаратты қосу (Add slide) диалогында ИГХ таңдап, қалқымалы Маркер (Marker)
тізімінен *Теріс (*Negative) көрсеткішін таңдаңыз. Осы кезеңдерде BOND BOND wash Solution шаю
ерітіндісін таратады.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
123
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
ISH барысында BOND бағдарламалық жасақтамасы РНҚ және ДНҚ үшін теріс және оң бақылау
реагентін пайдалану мүмкіндігін қамтиды. Маркер (Marker) тізімінен тиісті бақылау зондын
таңдаңыз.
Бақылау реагенттері бар препараттардың, егер маркер өрісі этикетканың тиісті шаблонына қосылған
болса, Препаратты баптау (Slide setup) экранында көрсетілген маркер атауынан және
препараттың заттаңбасында көрсетілгеннен басқа арнайы белгілері болмайды.
6.3
Оқиғалармен жұмыс
Бұл бөлімде Препаратты баптау (Slide setup) экранның сол жағындағы элементтерді сипаттайды,
олар сізге оқиғалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ішкі бөлімдерде сипаттама бөлігінен кейін
оқиға туралы мәліметтерді қосу, өңдеу және жою процедуралары көрсетілген.
Төмендегі бөлімдер:
l
6.3.1 - Оқиғаны басқару және белсенді оқиға туралы ақпарат
l
6.3.2 - Оқиғаларды сәйкестендіру
l
6.3.3 - Оқиғаны қосу
l
6.3.4 - Оқиғалар үшін қайталау, қалпына келтіру және уақытының өтуі
l
6.3.5 - Оқиғаны редакциялау
l
6.3.6 - Оқиғаны көшіру
l
6.3.7 - Тәуліктік оқиғаны құру мүмкіндігі
l
6.3.8 - Оқиға туралы есеп
6.3.1
Оқиғаны басқару және белсенді оқиға туралы ақпарат
Жаңа оқиға туралы ақпарат қосу үшін, Оқиғаны қосу (Add case) батырмасын басыңыз.
6.3.3 - Оқиғаны қосу Процесс тармағында сипатталған.
Бар оқиға туралы ақпаратты түзету үшін Оқиғаны редакциялау (Edit case) батырмасын басыңыз.
6.3.5 - Оқиғаны редакциялау Процесс тармағында сипатталған.
Бар оқиғаны жою үшін Оқиғаны жою (Delete case) батырмасын басыңыз.
6.3.5.1 - Оқиғаны жою Оқиғаны жою тармағында сипатталған.
Осы оқиға үшін оқиға мен препараттардың көшірмесін қосу үшін Оқиғаны көшіру (Copy case)
батырмасын басыңыз.
6.3.6 - Оқиғаны көшіру тармағында оқиғаны қалай көшіру керектігі сипатталған.
Түзету (Edit), Жою (Delete) және Көшіру (Copy) батырмалары, сондай-ақ, оқиғаның үстінен
тінтуірдің оң жақ пернесімен басқанда, қалқымалы мәзір арқылы кіруге болады.
Таңдалған оқиға бойынша есепті көру үшін Оқиға бойынша есепті (Case report) (оқиғалар
тізімінің соңында) басыңыз
(6.3.8 - Оқиға туралы есеп тармағын қараңыз).
124
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Түймелердің астындағы кесте белсенді оқиға туралы келесі ақпаратты көрсетеді:
Оқиғаның
Оқиғаның сәйкестендіргіші. Кез келген әріптік-сандық бірізділік болуы
сәйкестендіргіші
мүмкін.
Бұл өрісте әріптер мен сандар болуы мүмкін болғандықтан,"оқиғаның
сәйкестендіргіші" бағананың тақырыбына басқан кезде осы өріс мәтін
ретінде танылады - «10» басталатын сәйкестендіргіш «2» басталатын
сәйкестендіргіштен жоғары болады.
Пациенттің аты-
Пациенттің сәйкестендіргіші.
Дәрігердің аты
Пациентті жолдаған жауапты дәрігердің немесе патологтың аты.
Препараттар
Таңдалған оқиға үшін бапталған өңделмеген препараттар саны.
Препараттарды өңдеу басталғаннан кейін, олар препаратты баптау
(препаратты баптау) экранынан Препарат тарихы (Slide history)
экранына ауысады, және бұл сан тиісінше жаңартылады.
Сол жағында қызыл жолақпен белгіленген Оқиға бір немесе одан да көп басым ЗАЖ препараттарын
қамтиды
(11.2.5 - Басым препараттар тармағын қараңыз).
Белсенді оқиғалар тізімінің астында барлық оқиғалар мен препараттардың келесі мәліметтері
келтіріледі:
Оң гистологиялық
Өңделмейтін барлық енгізілген оқиғалар үшін оң гистологиялық
бақылау тіндері
бақылау тіндерінің жалпы саны.
Теріс гистологиялық
Өңделмейтін барлық енгізілген оқиғалар үшін теріс гистологиялық
бақылау тіндері
бақылау тіндерінің жалпы саны.
Барлық оқиғалар
Белсенді оқиғалардың жалпы саны.
Барлық препараттар
Өңделмейтін барлық енгізілген оқиғалар үшін препараттардың
жалпы саны.
6.3.2
Оқиғаларды сәйкестендіру
BOND жүйесі оқиғаның екі негізгі сәйкестендіргішті қолданады: оқиғаның сәйкестендіргіші және
оқиғаның нөмірі (Бағдарламалық жасақтамада оқиғаның сәйкестендіргіші және оқиғаның
нөмірі, тиісінше).
l Оқиғаның сәйкестендіргіші: зертханада қолданылатын сәйкестендіру схемасына сәйкес
пайдаланушы енгізген Оқиғаның сәйкестендіргіші. BOND жүйесінде жасалатын оқиғалар үшін
оқиғаның сәйкестендіргіші оқиғаны жасаған кезде Оқиғаны қосу диалогында енгізіледі. ЗАЖ-
ip жүйесінде оқиғаның сәйкестендіргіші ЗАЖ жүйесінен алынады (онда ол «қатынау коды»
немесе басқа терминмен белгіленуі мүмкін).
l Оқиғаның нөмірі: BOND жүйесі жүйеде әрбір оқиғаға автоматты түрде беретін бірегей
сәйкестендіру нөмірі (BOND жүйесінде жасалатын және ЗАЖ жүйесінен алынатын). Оқиғаның
нөмірі Оқиғаның сипаттары (Case properties) диалогында көрсетіледі.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
125
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
BOND 4.1 дейінгі нұсқаларында оқиғалардың сәйкестендіргіштерінің бірегей болуы талап етілмейді,
сондықтан бірдей сәйкестендіргіштері бар екі немесе одан да көп әр түрлі оқиғалар болуы мүмкін. Бұл
оқиғаларда, дегенмен, пациенттердің әр түрлі аттары болуы мүмкін және оқиғаның әр түрлі нөмірлері
болған болуы тиіс. BOND 4.1 басталған нұсқаларында жаңа оқиғалардың барлық сәйкестендіргіштері
бірегей болулары тиіс.
Оқиғалар сондай-ақ, Пациенттің аты-жөні бойынша жиі сәйкестендіріледі, бірақ пациенттердің аты
талап етілмейді және бірегей болуы тиіс емес.
6.3.3
Оқиғаны қосу
Препаратты баптау (Slide setup) экранынан бастап оқиғаны қосу үшін, келесілерді орындаңыз:
1. Оқиғаны қосу (Add case) диалогын көрсету үшін Препаратты баптау (Slide setup)
экранында Оқиғаны қосу (Add case) батырмасын басыңыз ( қараңыз).
Оқиғаны қосу (Add case) диалогы
Оқиға сәйкестендіргіші, Пациенттің аты-жөні, Оқиғаға түсіндірмелер және Дәрігер өрісіне тиісті
мәліметтерді енгізіңіз.
Олар туралы ешқандай ақпарат жоқ оқиғаларды қосуға болады.
2. Егер қажетті дәрігер Дәрігер тізімінде болмаса, Дәрігерлер тарапынан басқару (Manage
doctors) диалогын ашу үшін Дәрігерлер тарапынан басқару (Manage doctors)
батырмасын басу арқылы оны қосыңыз (6.4 - Дәрігерлер тарапынан басқару тармағын
қараңыз).
3. Егер ол әдепкі бойынша белгіленген бөлу көлемінен өзгеше болса, осы оқиғада жасалған
препараттар үшін бөлінетін көлемді таңдаңыз.
BOND аппаратындағы барлық препараттар үшін 150 мкл бөлінетін көлем талап етілетініне
назар аударыңыз. Сонымен қатар, ISH бояу үшін өңдеу модульдерінің барлық түрлерінде 150
мкл бөлу көлемі қолданылады.
126
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Төсеніш шынылардың қолданылатын салалары туралы ақпаратты 6.5.8 - Төсеніш
шынылардағы бөлінетін көлемдер мен тіндердің орналасуы тармағынан қараңыз.
4. Бұл оқиғада жасалатын барлық препараттар үшін оны әдепкі етіп орнату үшін Дайындық
протоколы (Preparation protocol) тізімінен дайындық нұсқасын таңдаңыз ( қараңыз).
5. Жүйеге мәліметтерді енгізбестен осы диалогтан шығу үшін Болдырмау (Cancel) батырмасын
басыңыз.
Оқиға туралы ақпаратты енгізу үшін, OK батырмасын басыңыз.
6. Оқиға оқиғалар тізіміне қосылады.
Егер жүйеде оқиғаның сәйкестендіргіші болған жағдайда, Оқиға сәйкестендіргішінің
дубликаты (Case ID duplication) диалогы ашылады (6.3.4 - Оқиғалар үшін қайталау,
қалпына келтіру және уақытының өтуі тармағын қараңыз).
6.3.4
Оқиғалар үшін қайталау, қалпына келтіру және уақытының өтуі
BOND 4.1 дейінгі бағдарламалық жасақтама нұсқаларында әр түрлі оқиғалардың бірдей
сәйкестендіргіштері болуы мүмкін болатын. Мұндай оқиғалар әдетте Пациенттің аты-жөні бойынша
ерекшеленді және әрқашан бірегей оқиға нөмірі бойынша кепілді түрде ерекшеленді. BOND бұдан
былай жаңа оқиғаларға қолданыстағы оқиғамен бірдей идентификатордың болуына мүмкіндік
бермейді - әрбір жаңа оқиға бірегей сәйкестендіргіш алуы тиіс немесе жүйеде бар оқиға ретінде
анықталуы тиіс.
Егер сіз жүйеде бар сәйкестендіргіші бар оқиғаны енгізсеңіз, Оқиға сәйкестендіргішінің
дубликаты (Case ID duplication) диалогы сол сәйкестендіргіші бар оқиғаны көрсететін оқиғаны
көрсетіледі. Бар оқиғаны пайдалану үшін, оны таңдап, Таңдалған оқиғаны (Use selected)
пайдалану батырмасын басыңыз (төм. Оқиғаларды біріктіру 127-бет тармағын қараңыз). Не болмаса,
жаңа оқиға құру үшін диалогты жойып, оқиға сәйкестендіргішін өзгертіңіз.
Оқиға сәйкестендіргішінің дубликаты (Case ID duplication) диалогындағы оқиғалар жойылуы
мүмкін (яғни, өздерінің барысында барлық препараттар өңделген оқиғалар - төменде қараңыз),
немесе Препаратты баптау (Slide setup) экранда әлі де болса көрсетілетін ағымдағы оқиғалар
болуы мүмкін. Өткен оқиға таңдалған және оқиғалар тізімінде қалпына келтірілген кезде, «қалпына
келтірілген» деп аталады.
ЗАЖ оқиғалары үшін қайталанған идентификатордың толығырақ сипаттамасын Оқиғаның
қайталанған сәйкестендіргіші 223-бет қараңыз.
6.3.4.1
Оқиғаларды біріктіру
Егер сіз Оқиға сәйкестендіргішін өзгертсеңіз және ол бұрыннан бар сәйкестендіргішпен бірдей болса,
содан кейін қалқымалы Оқиға сәйкестендіргішінің дубликаты (Case ID duplication)
диалогында Таңдалғанды пайдалануды (Use selected) басасыз, онда өңделетін оқиғаның
барлық өңделмеген препараттары бұыннан бар оқиғаға ауыстырылады.
Тек өңделмеген препараттар бар оқиғаны өзгертуге болады; сондықтан өңделген препараттар бар
оқиғаны өзгертуге болмайды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
127
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.3.4.2
Өңделген оқиғаның сақталу мерзімі
Оқиғадағы соңғы препаратты өңдеу аяқталған кезде, ол (әдепкі күйге келтіргенде) препараттарға
арналған науашаны бұғаттан босатқаннан кейін 10 минуттан соң Препаратты баптау экранынан
шығарылады.
BOND жүйесін Препаратты баптау (Slide setup) экранындағы оқиғаларда соңғы препараттар
өңделгеннен кейін берілген күндер саны сақталатындай етіп баптай аласыз. Әкімшілендіру клиентінің
Зертханасы (Laboratory) экранында «Өңделген оқиғаның істеу мерзімін» белгілеңіз
(10.5.2 - Оқиғалар мен препараттардың баптаулары тармағын қараңыз).
Мерзімі өткен оқиғалар жүйеде сақталады, бірақ қарастырыла алмйды. Мерзімі өткен оқиғалар
тізімде оқиғаны қайта қосу (қалпына келтіру) немесе ЗАЖ арқылы препаратты қосу жолымен қалпына
келтірілуі мүмкін.
Өңделген препараттар жоқ оқиғалар Препаратты баптау экранынан ешқашан автоматты түрде
жойылмайды.
128
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.3.5
Оқиғаны редакциялау
Оқиға туралы ақпаратты өңдеу үшін, тізімнен оны таңдап, Оқиғаны редакциялау (Edit case)
батырмасын басыңыз. Бағдарламалық жасақтама Оқиға сипаттары (Case properties) диалогын
көрсетеді. Сіз оны, сондай-ақ, бұрын сипатталған Оқиғаны қосу (Add case) диалогы сияқты
пайдалана аласыз.
Егер сіз заттаңба басылған препарат туралы ақпаратты түзетсеңіз, препаратты өңдеуден бұрын
заттаңбаларды қайтадан басып шығарыңыз (мұны істеу қажеттілігі туралы хабарлама экранда пайда
болады).
6.3.5.1
Оқиғаны жою
Оқиғаны жою үшін, оны тізімнен таңдап, Оқиғаны жою батырмасын басыңыз.
Егер Препаратты баптау экранында BOND оқиғада тек өңделмеген препараттар болса, онда сіз
оны «мерзімі өткен» деп белгілей отырып, қолмен шешіп ала аласыз. (Барлық препараттар, егер
өңделген препараттар болмаса, автоматты түрде жойылады).
Өңделетін немесе өңделген препараттар болған жағдайда, оқиғаны қолмен жоюға болмайды.
Оқиғаны жою барысында онда жасалған барлық өңделмеген препараттар да жойылады.
Сіз жойылған оқиғалар туралы ақпаратты қалпына келтіре аласыз, бірақ олардағы препараттар
туралы ақпаратты емес.
6.3.6
Оқиғаны көшіру
Оқиғаларды көшіру пациент үшін жаңа оқиғаны құрудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Қаласаңыз,
жаңа оқиғада мәліметтерді өзгерте аласыз немесе оларды бұрынғы күйінде қалдыра аласыз. Жаңа
оқиғаның нөмірі автоматты түрде құрылады және жаңа оқиғаның сәйкестендіргішін енгізу қажет
етіледі.
Егер оқиғада бұрын жойылған (жарамсыз) протоколды пайдаланатын препарат болса, онда оқиғаның
көшірілуі мүмкін емес.
Көшірілген препараттар Препараттарды баптау (Slide setup) экранында заттаңбаларды басып
шығаруға және өңдеуге дайын. Қажетсіз препараттарды тінтуірдің оң жақ пернесін басып,
Препаратты шешіп алыңыз (Delete slide).
Оқиғаны көшіру үшін:
1. Препаратты баптау (Slide setup) экранның сол жағындағы тізімінен көшірілуі керек
оқиғаны таңдаңыз.
2. Оқиғаны көшіру (Copy case) батырмасын басыңыз; бағдарламалық жасақтама Оқиғаны
көшіру (Copy case) диалогын көрсетеді.
3. Қажет болса, жаңа оқиға сәйкестендіргішін енгізіп, оқиға туралы ақпаратты түзетіңіз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
129
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
4. Өңделмеген препараттардың (Unprocessed slides) немесе Барлық препараттардың
(All slides) ішінен қажетті нұсқасын таңдаңыз.
l Өңделмеген препараттар - тек өңделмеген препараттарды бастапқы оқиғадан көшіруге
арналған.
l Барлық препараттар - бастапқы оқиғадан барлық препараттарды (өңделмеген,
өңделетін және өңделген) көшіруге арналған. Жүйе барлық препараттарды жаңа
оқиғада өңделмеген ретінде белгілейді.
5. OK батырмасын басыңыз.
Жүйе жаңа оқиғаны құрады және таңдалған нұсқаға сәйкес түсіндірмелерді қоса алғанда,
препараттарды көшіреді. Барлық көшірілген препараттар (соның ішінде ЗАЖ) Препаратты
қосу диалогында (Add Slide) жасалған препараттар сияқты (6.5.1 - Мәтіндік өрістер мен
препаратты басқару элементтерінің сипаттамасы тармағын қараңыз).
6.3.7
Тәуліктік оқиғаны құру мүмкіндігі
BOND жүйесі тәулігіне жасалатын барлық препараттар бір оқиғаға жатуы үшін әрбір 24 сағат сайын
автоматты түрде жаңа оқиғаны құру үшін бапталуы мүмкін. Бұл препараттардың аз мөлшерін
өңдейтін зертханалар үшін уақытты қысқартуы мүмкін, себебі пациенттердің аттары мен оқиғалардың
сәйкестендіргіштері енгізілмейді. Әрбір тәуліктік оқиғаның келесі қасиеттері бар:
l Оқиғаның сәйкестендіргіші ретінде жаңа күннің датасы қолданылады.
l Таратылатын көлемі мен әдепкі дайындау протоколы әкімшілендіру клиентінде берілген.
Оларды түзетуге болады.
l Пациенттің аты-жөні (Patient name) мен Дәрігер (Doctor) өрісі бос қалады және
өзгертілуі мүмкін емес.
Тәуліктік оқиғаны белсенді құру мүмкіндігі барысында сіз қаласаңыз, жеке оқиғалар жасай аласыз.
Жаңа тәуліктік оқиғаны құру мүмкіндігін орнату жөніндегі нұсқаулықты 10.5.2 - Оқиғалар мен
препараттардың баптаулары тармағынан қараңыз.
6.3.8
Оқиға туралы есеп
Жеке оқиғалар үшін есептер құра аласыз. Есепте оқиға туралы негізгі мәліметтер және барлық
препараттар туралы ақпарат, мысалы, препараттардың сәйкестендіргіштері, сондай-ақ, олар үшін
пайдаланылған протоколдар мен реагенттер көрсетіледі. Есепті басып шығарған оқиғада әрбір
препаратқа Түсініктеме жазу үшін орын бар. Толық сипаттамасын 9.6 - Оқиға туралы есеп тармағынан
қараңыз.
Препаратты баптау (Slide setup) және Препарат тарихы (Slide history) экрандағы оқиғалар
туралы есептерді құрыңыз. Тиісті оқиғаны немесе препаратты таңдаңыз, содан кейін Оқиға есебі
(Case report) батырмасын басыңыз. Оқиғалар бойынша есептер өңдеу модулінен өңделген және
бұғаттан шығарылған препараттарға арналған реагенттер туралы мәліметтерді қамтуы мүмкін.
130
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.4
Дәрігерлер тарапынан басқару
BOND қаласаңыз, оқиға туралы мәліметтерге қосуға болатын дәрігерлер тізімін сақтайды. Дәрігерді,
Оқиғаның сипаттарын (Case properties) немесе Оқиғаны қосу (Add case) диалогында
«қалаулы» тізімінен таңдаңыз немесе дәрігерлерді Оқиға сипаттарының сол диалогынан ашылатын
Дәрігерлер тарапынан басқару (Manage doctors) диалогында, қосыңыз немесе түзетіңіз.
Әрбір дәрігер үшін келесі өрістер көрсетіледі:
l Аты-жөні: - дәрігердің аты-жөні
l ЗАЖ сәйкестендіргіші: - зертхананың ақпараттық жүйесі ұсынатын бірегей сәйкестендіргіш
(қолданылған жағдайда)
l Қалаулы - дәрігердің таңдалу орналасуы (оқиғаны жасаған қалқымалы тізімде тек таңдалған
дәрігерлер ғана қол жетімді болады). Жай-күй Дәрігерді редакциялау (Edit doctor)
диалогында орнатылады.
Бұл параметрлер Дәрігерді редакциялау (Edit doctor) диалогында да көрсетіледі. Сонымен
қатар, Дәрігерді редакциялау (Edit doctor) диалогында:
l Сәйкестендіргіш: - BOND жүйесімен жасалатын және берілетін бірегей сәйкестендіргіш
l Түсіндірмелер - жалпы түсініктеме немесе аты туралы қосымша ақпарат үшін өңделетін өріс
Ашық тұрған Дәрігерлер тарапынан басқару (Manage doctors) диалогында жаңа дәрігерлерді
қосу немесе бар дәрігерлерді түзету үшін Қосу (Add) немесе Редакциялау (Edit) батырмасын
басыңыз. Редакциялау мүмкіндігі түсініктеме өрісімен және қалауыңызды өзгертумен шектелген -
дәрігердің атын енгізгеннен кейін оны өзгерте алмайсыз.
Сіз Дәрігерлер тарапынан басқару (Manage doctors) диалогында дәрігерлерді шешіп ала
аласыз. Қашықтағы дәрігердің аты бұрыннан пайда болған оқиғаларда көрсетіледі, бірақ ол жаңа
оқиғаларға қол жетімсіз. Жаңа дәрігер үшін қашықтағы дәрігердің атын пайдалануға болмайды.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
131
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.5
Препараттармен жұмыс
Бөлімде Препаратты құру және оларды Препартты баптау (Slide setup) экранында басқару
сипатталған. Соңғы бөлімде бөлінетін көлемді орнату және оның тіндердің Төсеніш шыныда
орналасуына әсері сипатталған.
l
6.5.1 - Мәтіндік өрістер мен препаратты басқару элементтерінің сипаттамасы
l
6.5.2 - Препаратты құру
l
6.5.3 - Препаратты көшіру
l
6.5.4 - Препаратты редакциялау
l
6.5.5 - Препаратты жою
l
6.5.6 - Препаратты қолмен сәйкестендіру
l
6.5.7 - Препараттар панелін қосу
l
6.5.8 - Төсеніш шынылардағы бөлінетін көлемдер мен тіндердің орналасуы
132
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.5.1
Мәтіндік өрістер мен препаратты басқару элементтерінің
сипаттамасы
Препартаттар тізімінің жоғарғы бөлігінде екі батырма бар:
l Таңдалған оқиға үшін препаратты қосу үшін Препаратты қосу (Add slide) батырмасын
басыңыз.
l Таңдалған оқиға үшін панельді қосу үшін, Панельді қосу (Add panel) батырмасын басыңыз.
Толығырақ мәліметтерді 6.5.7 - Препараттар панелін қосу тармағынан қараңыз.
Препараттардың тізімі экранның оң жақ бөлігінде таңдалған оқиғаға арналған препараттар туралы
ақпаратты көрсетеді. Әрбір препарат үшін препараттың сәйкестендіргіші және осы препаратпен
орындалатын протоколдар туралы толық ақпаратты көрсетіледі. Препараттардың оң бөлігіндегі
заттаңбаларға арналған аймақтар құру орнын көрсететін келесі түстердегі кодтар болады:
Ақ:
Препаратты қосу (Add slide) диалогында жасалған
препарат
(6.5.2 - Препаратты құру тармағын қараңыз)
Сары:
Препаратты сәйкестендіру (Slide identification)
диалогында құрылған препарат
(6.8 - Препараттар мен оқиғаларды бейреттік құру
тармағын қараңыз)
Ақшыл-сұр:
ЗАЖ препараты
(11 - ЗАЖ жүйесіне кірістіру пакеті (BOND
контроллерінде) тармағын қараңыз)
Препараттарда келесі белгілер де көрсетіледі:
Минус белгісі:
теріс тіндері бар препарат (6.5.2 - Препаратты құру
тармағындағы 4 қадамды қараңыз)
Плюс белгісі:
оң тіндері бар препарат (6.5.2 - Препаратты құру
тармағындағы 4 қадамды қараңыз)
Қызыл Р:
ЗАЖ басым препараты (11.2.5 - Басым препараттар
тармағын қараңыз)
Үлгінің заттаңбасы:
Препараттың заттаңбасы басып шығарылады
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
133
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Препараттың сипаттары (Slide properties) диалогын ашу үшін препаратты екі рет басыңыз.
Препаратты жою немесе оған заттаңба басу үшін тінтуірдің оң жақ пернесін басыңыз.
6.5.2
Препаратты құру
Leica тераностика жүйелеріне арналған препараттарды құру үшін жүйелерге қоса берілген
нұсқауларды қараңыз.
Жаңа препарат құру үшін:
1. Тізімдегі оқиғаға басыңыз.
2. Препаратты қосу (Add slide) диалогын көрсету үшін Препаратты қосу (Add slide)
белгішесін басыңыз.
Препаратты қосу (Add slide) диалогы
Жаңа препаратқа препараттың бірегей сәйкестендіргіші (Slide ID) автоматты түрде
беріледі, бірақ ол Препаратты қосу (Add slide) диалогында батырманы басқаннан кейін
препаратты сақтағанға дейін көрсетілмейді.
3. Қаласаңыз, түсіндірмелер қосыңыз.
4. Тіндер түрі тобындағы ажыратып-қосқыштардың бірін басу арқылы тін типін (Tissue type)
(Зерттелетін тін, Теріс тін, Оң тін) түрін таңдаңыз.
6.2.1 - Гистологиялық бақылау тіні, ал басқару элементтерінің толық сипаттамасын
14.3.2 - Бақылау тіндері тармағынан қараңыз.
5. Қажет болған жағдайда препаратқа бөлінетін көлемді өзгертіңіз
(6.5.8 - Төсеніш шынылардағы бөлінетін көлемдер мен тіндердің орналасуы тармағын
қараңыз).
134
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.
Бояу тәсілін таңдаңыз.
l Егер бір реттік (Single) бояу жасалатын болса, бірінші өрісте бір реттік (әдепкі
бойынша), немесе қосарланған бояу жасалатын болса Бірізді ҚБ (Sequential DS)
немесе Параллель ҚБ (Parallel DS) батырмасын басыңыз (7.1.1 - Бояу әдістері
тармағын қараңыз).
l Екінші өрісте Қалыпты (Routine) (әдепкі) таңдаңыз (Leica BOND ™ Oracle ™ HER2 IHC
System жүйесі нұсқауларында көрсетілсе ғана Oracle таңдаңыз).
7.
Бояу процесін таңдаңыз (ИГХ или ISH).
8.
Бір реттік бояу таңдалған болса, бастапқы антиденені немесе зондты Бір реттік (Single)
қойындыдағы Маркер (Marker) немесе екі реттік бірізді бояу үшін Бірінші (First)
қойындысын таңдаңыз. Егер паралель қосарлы бояу таңдалған болса, Парарель ҚБ (Parallel
DS) қойындысындағы маркерді таңдаңыз.
ИГХ бақылау реагентін пайдалану үшін, теріс реагентті таңдаңыз *Теріс (*Negative) немесе
сіз жасаған теріс реагентті (14.3.3 - ИГХ арналған теріс бақылау реагенті тармағын қараңыз)
таңдаңыз.
ISH теріс бақылау реагентін пайдалану үшін *NO Negative Control Probe немесе *DNA Negative
Control таңдаңыз.
ISH оң бақылау реагентін пайдалану үшін *RNA Positive Control Probe немесе *DNA Positive
Control Probe таңдаңыз.
Элементтерді Маркер (Marker) қалқымалы тізіміндегі қосу немесе жою үшін, бағдарламалық
жасақтама экранындағы Реагент баптау (Reagent Setup) реагент үшін Қолайлы
(Preferred) өрісті шешіп алыңыз немесе өрісті таңдаңыз. 8.2.1 - Реагентті қосу немесе
редакциялау тармағын қараңыз.
9.
Әрбір өңдеу кезеңі тиісті протоколды таңдаңыз.
Бастапқы антиденелерді немесе зондты таңдасаңыз, бағдарламалық жасақтама әдепкі
протоколдарды енгізеді. Әрбір кезең үшін дұрыс протоколдың таңдалғанын тексеріңіз және
қажет болса сәйкесінше қалқымалы тізімнен жаңа протоколды таңдаңыз. Егер қандай да бір
кезең үшін протокол қажет болмаса, * таңдаңыз.
Әдепкі протоколдар Реагенттерді баптау (Reagent Setup) экранында орнатылады.
8.2.1 - Реагентті қосу немесе редакциялау тармағын қараңыз.
Қалқымалы протокол тізімдерінде элементтерді қосу немесе жою үшін, Протоколды баптау
(Protocol setup) экранындағы протокол (Protocol) үшін Таңдалған (Preferred) өрісінен
таңдауды басыңыз немесе шешіп алыңыз. 7.2.1 - Протокол туралы толық ақпарат тармағын
қараңыз.
10. Бірізді қосарлы бояуды қолдансаңыз, Екінші қойындысын басып, Екінші (Second) маркерді
таңдаңыз.
Бірінші маркердегі сияқты, әдепкі протоколдарды тексеріңіз және қажет болса, оларды
өзгертіңіз.
11. Препаратты енгізу (Add slide) белгішесін басыңыз.
Препаратты қосу (Add slide) батырмасын басқан кезде Препаратты қосу (Add slide)
диалогында ағымдағы көрсетілген егжей-тегжейлермен препарат қосылады, содан кейін
диалог ашық қалады. Бұл таңдалған оқиғаға бірнеше препараттарды қосуды жеңілдетеді.
12. Препаратты қосу аяқталған кезде Жабу (Close) батырмасын басыңыз.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
135
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
6.5.3
Препаратты көшіру
Егер бұрын жойылған (жарамсыз) протокол пайдаланылса, препараттың көшірілуі мүмкін емес.
Қолданыста бар препаратты көшіру үшін:
1. Препараттың сипаттары (Slide properties) диалогын ашу үшін көшіргіңіз келетін
препараттың үстінен екі рет басыңыз.
2. Препаратты көшіру (Copy slide) батырмасын басыңыз.
Диалог Препаратты қосу (Add slide) батырмасы бар Препаратты Қосу (Add slide)
диалогына өзгереді.
2. Тексеріңіз және қажет болса, Препарат туралы ақпаратты өзгертіңіз.
3. Препаратты енгізу (Add slide) белгішесін басыңыз.
Жаңа препарат, соның ішінде түсіндірмелерді қоса, көшірілген препарат сияқты, оқиғаға қосылады.
6.5.4
Препаратты редакциялау
Препаратты баптау (Slide setup) экранындағы препарат туралы ақпаратты түзету мақсатында,
Препарат сипаты (Slide properties)ның диалогын ашу үшін, препараттың үстінен тінтуірмен екі
рет басыңыз. Ақпаратты 6.5.2 - Препаратты құру тармағында сипатталғандай өзгертіңіз.
Егер сіз заттаңбасы басылған препарат туралы ақпаратты түзетсеңіз, препаратты өңдеуден бұрын
заттаңбаны қайта басып шығарыңыз
6.5.5
Препаратты жою
Препаратты препараттар тізімінен шешіп алу үшін, Препаратты баптау (Slide setup) экранында
тінтуірдің оң жақ пернесін басыңыз, содан кейін препаратты ішкі мәзірден Шешіп алу (Delete slide)
батырмасын таңдаңыз. Таңдалған препаратты жою үшін «Жою» батырмасын басуға да болады.
6.5.6
Препаратты қолмен сәйкестендіру
BOND жүйесіндегі кез келген препарат кез келген уақытта сәйкестендірілуі мүмкін.
Сәйкестендіргішті қолмен енгізу (Manual ID entry) диалогын ашу үшін функциялар панеліндегі
Іздеу (Search)
батырмасын басыңыз.
Сурет 6-2: Сәйкестендіргішті қолмен енгізу диалогы
136
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Бір немесе екі өлшемді штрих - коды бар препараттар үшін, мысалы, BOND жүйесінде басып
шығарылған препараттар үшін, Препарат сипатының (Slide properties) диалогын ашу үшін
заттаңбаны сканерлеңіз. Немесе бірінші нөлдерді қоса алғанда, 8 таңбалы сандық сәйкестендіргішті
енгізіңіз, содан кейін Растау (Validate) батырмасын басыңыз.
Әріптік-сандық сәйкестендіргіштері бар препараттар үшін өріске препараттың төрт таңбалы
сәйкестендіргішін (сәйкестендіргіш заттаңбасының алғашқы төрт таңбасын) жазыңыз, содан кейін
Растау (Validate) батырмасын басыңыз.
6.5.7
Препараттар панелін қосу
Панель - маркерлер және олармен байланысты тіндердің түрлерінің алдын ала орнатылған
жиынтығы. Панельдерді жиі бірге қолданылатын маркерлерімен бірнеше препараттарды жылдам
қосу үшін пайдаланыңыз - 8.4 - Реагенттер панельдерінің экраны тармағын қараңыз.
Препараттардың панелін қосу үшін, Препаратты баптау экранында (Slide setup) келесілерді
орындаңыз:
1. Панелді қосу (Add panel) батырмасын басыңыз. Панельден сынама қосу диалогы (Add
tests from panel ) пайда болады.
2. Қалқымалы тізімнен панельді таңдаңыз. Панельде препараттар көрсетіледі.
3. Қажет болған жағдайда торлардан бөлінуін алып, кейбір препараттарды шешіп алыңыз, одан
кейін OK батырмасын басыңыз.
BOND препараттарды оқиғаға қосады.
l ISH препараттары үшін бөлінетін көлем автоматты түрде 150 мкл тең болады.
l ИГХ препараттары үшін бөлінетін көлем әдепкі оқиға үшін тең болады.
l Барлық препараттар үшін әдепкі оқиға үшін қолданылатын дайындық протоколы
орнатылады.
Панельдер бір реттік немесе паралель ҚБ бар, бірақ бірізді ҚБ емес препараттарды қосу үшін
пайдаланылуы мүмкін.
6.5.8
Төсеніш шынылардағы бөлінетін көлемдер мен тіндердің
орналасуы
BOND бағдарламалық жасақтамасында Препаратты қосу (Add slide) диалогында әрбір препарат
үшін бөлінетін көлемнің екі қондырғысы бар (6.5.2 - Препаратты құру тармағын қараңыз). 100 мкл
қондырғысы тек BOND-MAX өңдеу модулінде ИГХ препараттары үшін пайдаланылуы мүмкін -
BOND-III өңделетін барлық препараттар және ISH (өңдеу модульдерінің екі түрінде де) барлық
препараттары 150 мкл қондырғысын пайдалануы тиіс.
Бөлінетін көлемді орнату реагент бөлінетін препараттың орналасқан жерін, сондай-ақ, бөлінетін
көлемінің өзін анықтайды.
l
100 мкл бөлінген жағдайда Covertiles қақпақшалары шамамен препараттың ортасына дейін
артқа тартылады және аспирациялық зонд антиденені Covertiles жоғарғы бөлігіне (шамамен
препараттың ортасына) жеткізеді.
l
150 мкл бөлінген жағдайда Covertiles қақпақшалары препаратты толықтай дерлік жабады.
Тағы да, реагент Covertiles жоғарғы бөлігіне жеткізіледі, сондықтан ол препараттың едәуір
үлкен ауданын жабады.
BOND 6.0 пайдаланушы нұсқаулығы (АҚШ пен Қытайға арналмаған)
137
6. Препаратты баптау (BOND контроллерінде)
Реагент қолданылатын препарат аудандарының айырмашылығы тіндерді дұрыс орналастыру
маңызды екендігін білдіреді. 100 мкл бөлу барысында әдетте бір үлгі боялуы мүмкін, оны төсеніш
шынының төменгі бөлігіне (заттаңбадан алыс) салу керек. 150 мкл бөлу барысында төсеніш шыныға
тіндердің екі үлгісін оңай қоюға болады; егер тек бір үлгі болса, онда оны төсеніш шынының
ортасында орналастыру керек. Бөлінетін көлемнің әр түрлі баптауларына арналған төсеніш
шынылардың пайдалануға жарамды бөліктері Сурет 6-3 көрсетілген. Leica BOND Plus төсеніш
шыныларының тіндерді орналастыру керек бөліктерін көрсететін белгілері бар.
100 мкл
150 мкл
Қолданылатын
аймақ
Сурет 6-3: Штрихталған бөліктер әр түрлі бөлінетін көлемде тіндерді төсеніш шынысының қай жеріне
орналастыру керектігін көрсетеді.
Көрсетілген бағдарлаушы нүктелер Leica BOND Plus төсеніш шыныларында бар (2.6.1 - Препараттар
тармағын қараңыз).
138

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     2      3      4      5     ..