Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

  Главная       Тесты      Тестовые задания (с ответами) для интернов на казахском языке (2017-2020 год)

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..       1      2      3      ..

 

 

 

 

 

 

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

 

Вариант І

 

 

 

#1

Қай жағдайда  жасанды  сауыт емдік  және профилактикалық  мәнге  ие

   бола алады?

*жасанды сауыт тістің биіктігін сақтаса

*жасанды сауыт  тістің физиологиялық пішініне сай болса

*жасанды сауыт  функционалды ерекшеліктерін сақтаса

*жасанды сауыт  тіс қабырғасының  белгілі қалыңдығын сақтаса

*жасанды сауыт әдемі болса

 

#2

Пластмасса сауытпен емдеу кезінде егелген тұқылға қандай пішін беру

керек?

*барлық жағы доғалданған конус тәрізді

*конус тәрізді, вестиулярлы цилиндр тәрізді

*барлық жағы цилиндр тәрізді

*барлық жағы конус тәрізді

*конус тәрізді, кесу қыры сәл еңкейтілген

 

#3

Адамның қай жасында дентин қалыңдығы  тіске  жетілген пішін бере алады?

*28

*25

*40

*50

*60

 

#4

Дентиннің  қалыңдығы қай жастан бастап ұлғаяды?

*25

*40

*60

*18

*50

 

#5

Тістің ұлпа қуысының көлемі  қай жастан кішірейеді?

*25

*40

*60

*18

*50

 

#6

Әртүрлі жастағы адамдардың  бүйір тістерінің  қабырғаларының  қалың-           

дығын  зерттеген ғалым?

*И.М.Оксман

*М.С.Липин

*Аболмасов, Гаврилов

*Клюев, Гаврилов

*Курляндский

 

#7

Салма үшін  дайындалатын  қуыстың жиегіне  фальц қандай бұрышпен жасалады?

*15 °астмассалы сауыт дайындаудың екінші  клиникалық кезеңінде дәрігердің іс әрекеті?

*тіс  тұқылынан қалып алу,  балауыздан жасанды сауыт  дайындау

*тістің  окклюзиялық бетін қосымша егеу

*тістем кезінде қалып алу

*тіске шақтап көру,  шетін  коррекциялау

 

#9

Штампталған сауыт  жиегінің  тіске кигізгеннен кейін  орналасатын жері:

*тістің анатомиялық  мойын деңгейі

*тістің клиникалық  мойын деңгейін

*қызыл иектің астына 4 мм-ге дейін кіреді

*қызылиектің астына 2-3 мм кіріп тұрады

*қызылиектің астына 0,3 мм-ге дейін кіріп тұрады

 

#10

Металды  керамикалық  сауытпен емдегенде егелген тістің   тұқылына

қандай  пішін беру керек?

*конус  тәрізді, барлық  қабырғалары жұмырланған

*конусқа ұқсаған, басқа беткейлері цилиндр тәрізді

*цилиндр пішінді,  бестибулярлы бетке бағытталған

*барлық жағы  конус тәрізді

*конус тәрізді,  кесу қыры  немесе окклюзиялық беті вестибулярлы бетіне  бағытталған

 

#11

Қандай сауыт дайындау кезінде,  тістің вестибулярлы бетінің  мойын бөлігінің қызыл иек  деңгейінде  айналмалы тік кертпе 0,5-1,0  мм        шамасында  жасалады?                                              

*пластмассалы

*фарфорлы

*комбинирленген

*металды керамикалы

*металды пластмассалы

 

#12

Қандай сауыт дайындау кезінде  тістің  вестибулярлы бетінің мойын бөлігінің қызыл иек  деңгейінде тік бұрышты кертпе 0,5-1,0 мм шамасында жасалады?

*пластмассалы

*фарфорлы

*комбинирленген

*металды керамикалы

*металды пластмассалы

 

#13

Қандай  сауыт дайындау кезінде тістің  вестибулярлы бетінің мойын        бөлігінің қызылиек деңгейінен сәл төмен 0,3-0,5 мм  шамасында кертпе  жасалады?

*пластмассалы

*фарфорлы

*комбинирленген

*металды керамикалы

*металды пластмассалы

 

#14

Металды керамикалық сауыт дайындаудың 1-клиникалық кезеңі?

*тексеру, диагноз қою, протез құрылымын таңдау, тісті егеу, екі қабатты қалып алу

*тексеру, диагноз қою, протез құрылымын таңдау, жансыздандыру, тісті  егеу, тіс қызыл иектің  ретракциясын, кертпені қалыптастыру, қалып алу

*диагноз қою, протез құрылымын таңдау,  жансыздандыру, кертпені қалыптастыру, екі қабатты қалып алу

*тексеру, диагноз  қою, протез құрылымын таңдау,  тістерді егеу, тіс қызыл  иектің ретракциясын, кертпені қалыптастыру, қалып алу

*диагноз қою, қалып алу,  жансыздандыру

 

#15

Алтын қоспасынан КПҚ сауыт дайындағанда 1-клиникалық кезеңдерінің

сатылары:

*тексеру, диагноз қою, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама және наряд толтыру

*тексеру, диагноз қою, емдеу жоспарын  тағайындау

*тексеру, жансыздандыру, протез  құрылымын таңдау, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама мен наряд толтыру

*тексеру,  тістерді егеу, тістеу  жағдайында  қалып алу, сырқатнама мен  наряд  толтыру

*диагноз қою,  қалып алу,  сырқатнама толтыру

 

#16

Штампталған сауытты тіске кигізіп өлшегенде  ол 0,2 мм қысқа  болып         шықты. Не істеу керек?

* сауыт ұзартылады

* сол қалпында қалдырады

*сауытты қайтадан істейді

*тісті егеп жеткізеді

*Крампондайды

 

#17

Жасанды сауыт ұзын болғанда:

* төске ұрып соғады

*крампон қысқашымен  тартады

*қайтадан жасайды

*сауыт шеттерін қысқартады

*сауытты қайта негіздейді

 

#18

Жасанды сауытты дайындаудың 2-клиникалық кезені:

* тісті егеу

*қалып алу

*сауытты отырғызып өлшеу

*сауытты тапсыру

* сауытты қайта негіздеу

 

#19

Төмендегі тіс техникалық материалдардың қайсысынан салма жасауға болмайды?

*пластмасса 

*фарфор

*металл

*ситалл

*тез балқитын металл

 

#20

Тіс қуысын  салмаға дайындау  барысында фальц қалай жасалады?

*тіс кіреукесінің қалыңдығына сәйкес 

*тіс кіреукесінің 1/3 қалыңдығына сәйкес

*тіс кіреукесінің 1/2 қалыңдығына сәйкес

*дентин мен кіреуке аймағына сәйкес

*дентин қалыңдығына сәйкес

 

#21

Металды керамикалық сауыттың кемшілігін атаңыз?

*егеудің зиянды болуы, қымбаттылығы, дайындаудың қиын болуы

*түсін өзгертуі, сынғыштығы, қымбаттылығы

*аллергиялық  реакция тудырады, дайындау қиын

*эстетикасы  төмен,  морт сынғыш,  егегенде зиян келтіреді

*түсін өзгертуі, сынғыштығы

 

#22

Қандай  сауыт  дайындағанда тістің  қатты  тіндерін  көп егеу керек?

*металды сауыт

*металды керамикалық сауыт

*тұқылды сауыт

*штифті тіс

*экваторлы  сауыт

 

#23

Фарфор сауытымен  емдеуде қандай  тістемнің  түрі кері көрсеткіш        болады?

 *тік

* прогениялық

*терең

* барлық тістемдер

* аралас тістем

 

 

#24

Металдан  штампталып жасалған  сауыттың  тез тозып қалу себебі неде?

* шайнау беті толық штампталмаған

*ағарту уақыты ұзарып кеткен

* мойын бөлігі толық  штампталмаған

* дұрыс мүсінделмеген

* тірек тіс көп  егелген

 

#25

Металды сауыттың клиникалық  сапасы:

*анатомиялық пішінін сақтау,  тістемді қалпына келтіру, кең немесе тар болмау,  қызыл иектің астына 0,3 мм ену, қасындағы тістермен түйісу

* тегіс, кең  болу, тістемді биіктетпеу, қызылиекке түйісу

*анатомиялық пішінін сақтау, қысқа болу, тістемді биіктетпеу, қызыл иек астына 0,3 мм астам ену

* анатомиялық пішінін сақтау, тістемді биіктетпеу, қызылиек астына 0,3 мм астам ену

* тегіс, тар болу, қызылиек астына 0,1 мм ену

 

#26

Металды керамикалық сауыттың артықшылығы:

* сәнді, мықты, арзан

* сәнді, мықты, дайындау қарапайымдылығы

* сәнді, түсін өзгертпейді

*сәнді, мықты, түсін өзгертпейді және  маргиналды пародонтқа кері  әсерін тигізбейді

* қызыл иекті жарақаттамайды, осал,  түсін өзгертеді

 

#27

Мүсіндегі тіс тұқылына  қандай мақсатпен лакты екі рет жағады?

*металдың  шөгуін болдырмау  мақсатында

* ғаныш мүсіннің  шөгуін  тоқтату үшін

* ғаныш  мүсіннің  беріктігі үшін

* металл қалпақша  жеңіл  алынуы үшін

* пішінді бұзбау үшін

 

#28

Металды керамикалық  сауыттармен  протез салғанда  ең жиі қолданыла-   тын  жансыздандыру түрлері?

* аппликациялық, интралигаментарлық

* аппликациялық, инфильтрациялық

*инфильтрациялық, интралигаментарлық

* наркоз, аппликациялық

* аппликациялық, өткізгіштік

 

#29

Жартылай  бұзылған  сауыттың негізгі аспаптық  тексеру әдісі?

* шұқып тексеру, қағып тексеру, тістің қозғалғыштығын анықтау

шұқып тексеру, ЭОД, қағып тексеру,  томография

* қағып тексеру, R- сурет, электромиография

* ЭОД,  R- сурет, электромиография

*шұқып тексеру, ЭОД,  R- сурет

*R- сурет, электромиография

 

#30

В.Ю.Миликевич бойынша жартылай бұзылған  сауытты  жасанды сауытпен

емдеу көрсеткіштері:

* 0,4-0,5 мм

*0,6-0,8 мм

* 0,8 бірліктен  жоғары

*1,0 бірліктен жоғары

* 0,3-0,4 бірлік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вариант ІІ

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

#1

Штампталған жасанды  сауыттың  клиникалық кезеңдері:

* тексеру, егеу, қалып алу,  мүсін құю, сауытты  шақтау және тапсыру

* егеу, қалып алу, мүсін құю, сауытты шақтау және тапсыру

* тексеру, қалып алу, қарсы штамп құю, біржолата штамптау, сауытты шақтау

*тексеру, егеу, қалып алу, сауытты  шақтап көру, тапсырып,цементке бекіту

*қалып алу, алдын ала және соңғы штамптау, ағарту, цементке бекіту

 

#2

Штампталған  сауытты дайындаудың  зертханалық  кезеңдері:

*тісті егеу, мүсін құю, мүсіндеу, ғанышты және металды қалыптау, бастапқы және ақырғы қалыптау

* мүсін құю, окклюдаторға отырғызу, мүсіндеу, ағарту, тегістеу, цементке отырғызу

*мүсіндеу, қалыптау, шақтау, ағарту, тегістеу

*мүсін құю, ғанышты және екі металды штамп алу

*мүсін құю, окклюдаторға отырғызу, тістің  сауыт бөлігін мүсіндеу, ғаныштан  және  екі металл  штамптар алу, бастапқы және ақырғы  штамптау, ағарту, тегістеу

 

#3

Сауытты цементке бекіту кезеңдері:

*жасанды сауытты  антисептикалық жолмен тазарту, цемент әзірлеу, араластыру, сауытты толтыру, бекіту

* тісті, сауытты антисептикалық жолмен өңдеу (сутегі асқын тотығы, эфир, спирт), цементті араластыру, бекіту

* цементті дайындап және араластыру, тісті, жасанды сауытты антисептикалық жолмен тазартып, сауытты бекіту, тампонмен  айыру

* цементті дайындап және араластыру, тісті мақта тампонымен айыру, тісті, жасанды сауытты антисептикалық жолмен тазарту, цементті араластыру, бекіту цементті дайындау

*цементтің  ұнтағымен сұйығын дайындау, антисептикалық жолмен тазарту, цементті араластыру, цементпен сауытты толтыру, бекіту

 

#4

Штампталған жасанды сауытты шақтап кигізген кезде оның алдына        қойылатын технологиялық сапалары:

* жасанды сауыт ағартылған, жылтыратылған, тістің анатомиялық пішініне сай

* сауыттың шеті ғаныш бағанасында тістің клиникалық мойын деңгейінде, ғаныш бағанасында тістің клиникалық мойын  деңгейінде, ғаныш  бағанасынан күшпен алынады

* жасанды сауыт ағартылмаған, жылтыратылмаған, дөңестері нашар көрінеді, сайлары тығыз, сауыттың шеті клиникалық мойынға жетпейді,  ғаныш бағанасынан жеңіл алынады

* жасанды сауыт  ағартылған, ғаныш бағанасына  жылтыратылған түрде  киілген, сауыт шеті анатомиялық  мойынды жауып тұрады ғаныш бағанасына  күшпен алынатын,  қалыңдығы бірқалыпты

*сауыт жылтыратылмаған, тістің анатомиялық  пішінін қайталайды, ғаныш бағанасында клиникалық  мойынды жауып жатады, одан сәл күшпен алынады, қалыңдығы бірқалыпты, қатпарсыз

 

#5

Тұқылды штифті салманы қай кезде қолдануға болады?

 *тістің патологиялық қажалуы кезінде

*тістің ұлпасы бір жыл бұрын алынса

*тістің түбір өзегі толығымен бекітілсе

*тіс түбір тұсының тіндері сау болса

*тістің сауыт бөлігі  қызыл иекке дейін бұзылса

 

#6

Металды  керамикалық  протезге қалып алу үшін қандай қалыптық масса        қолданылады?

* сиэласт, стенс, репин

* стомальгин, дентофлекс, ортокор

*сиэласт, дентофлекс

*упен, ғаныш, сиэласт

 *ғаныш, стенс

 

#7

Не үшін металды  керамикалық сауытта  фарфор  массасымен  жабылмаған металдық  «жаға» қалдырады?

*жақсы бекіту үшін

* жақсы эстетикалық қасиет үшін

*жақсы жылу өткізу үшін

* сауыттың мықтылығын жоғарылату үшін

* фарфордың бұзылуын тоқтату үшін

 

#8

Фарфордың  металға өту шекарасы  қалай болуы керек?

*фарфор толығымен  сауытты жауып тұруы керек

*орталық  окклюзиядағы антагонист тістердің түйісу аймағында болуы керек

*фарфор вестибулярлы және шайнау бетінің кесу қырын жауып тұру керек

* өту шекарасы окклюзиядағы антагонист тістердің түйісу аймағында болу керек

* фарфорды жартылай жабу керек

 

#9

Жасанды сауыттармен емдеуге көрсетілімдер:

*клиникалық сауыттың жартылай бұзылуы

* клиникалық сауыттың толық бұзылуы

* терең тістем, аномалиялары

* периодонттағы созылмалы қабыну

* Пародонтоз

 

#10

Металды  керамикалық сауытқа арнап  тісті егеу ерекшелігі қандай?

*мойын аймағында кертпені жасау

* «қарлығаш»  құйрығы тәрізді егеу

* кертпе жасау, тегістеу

* экватор аймағында кертпе жасау

* тіс тұқылына цилиндр тәрізді пішін беру

 

#11

Салма үшін қуыстың түбін (табанын) қалай қалыптастырады?

*тіс қуысының төбесіне параллель 

* тіс қуысы төбесінің бедерін қайталап

* ұлпа мүйізшесіне 5° етіп

* ұлпа мүйізшесіне 10° етіп

* тіс қуысының қабырғасына параллель

 

#12

Тісті протез салу үшін егеп болған соң ұлпаның қантамырындағы  бұзылыстар қанша мерзімнен кейін  қалпына келуі мүмкін?

* бір аптадан соң

* екі аптадан соң

*бір айдан кейін

* бір жылдан соң

* екі жылдан соң

 

#13

Пластмассадан жасалған салманы қай кезде жылтыратады?

*тісті цементпен бекітер алдында 

*тісті  цементпен бекітіп болған соң

* кез-келген уақытта

* маңызы жоқ

* зертханалық жағдайда

 

#14

Металдан жасалған  салманы қай кезде жылтыратуға болады?

*тіске цементпен бекітер алдында 

* тіске цементпен бекітіп болған соң

* кез-келген уақытта

* маңызы жоқ

* зертханалық жағдайда

 

#15

Штифті тіс ненің себебінен түсіп қалуы мүмкін?

* пародонттың қабынуынан 

* штифті тістің қозғалуынан

*штифті тісті бекіткен цементтің еріп кетуінен

* пародонтиттің пайда болуынан

* пульпиттің пайда болуынан

 

#16

Пластмассалы сауытқа  кертпе  жасала ма?

* жоқ

*жасауға болады

* міндетті түрде

* тістемге байланысты

* денсаулығына байланысты

 

#17

Хромникель  қорытпасынан  штампталған сауытты  дайындаудың 1-клиникалық кезеңі:

*тексеру, диагноз қою, конструкция таңдау, жансыздандыру, тісті егеу, тістемде қалып алу, сырқатнама мен тапсырыс толтыру

* тексеру, диагноз қою, жансыздандыру, қалып алу, шақтап көру, сырқатнама және  тапсырыс толтыру

* тексеру, жансыздандыру, тісті егеу, қалып алу, сырқатнама және тапсырыс  толтыру

* егеу, қалып алу,  сауытты цементке бекіту

* жансыздандыру, қалып алу, тапсырыс толтыру

 

#18

Штифті тістерді  қолданып протез саларда  қандай қателіктер жиі кездесуі мүмкін?

* тіс түбірінің қақ жарылмауы

*тіс түбір қабырғасының тесілуі

* шырышты қабықты  тістей беру

* штифті тістің пародонтты жаралауы

* қызылиектің қабынуы

 

#19

Жасанды сауыт  шайнау  қызметін  қанша  пайызға қалпына келтірді?

* 55-70%

* 40-55%

* 70-90%

*95-100%

* 90-95%

 

#20

Пластмассалы сауыт шетінің тіске  орналасуы қандай?

* тістің анатомиялық мойын деңгейінде

*тістің клиникалық мойын деңгейінде

* қызылиек астына 4 мм-ге енеді

* қызылиек астына 2-3 мм-ге енеді

* қызылиек астына 0,1-0,2 мм-ге енеді

 

#21

Штамп сауыттың  шеті тіске қалай орналасады?

* тістің анатомиялық мойын деңгейінде

* тістің клиникалық мойын деңгейінде

* қызылиек астына 4 мм-ге енеді

* қызылиек астына 2-3 мм-ге енеді

*қызылиек астына 0,1-0,2 мм-ге енеді

 

#22

Жасанды сауытты цементке отырғызу кезінде  медикаментозды  өңдеудің       реті:

*сутегі асқын тотығы, спирт, эфир

* эфир, спирт

* спирт, сутегі, асқын тотығы

* ауа, эфир

* эфир, спирт, ауа

 

#23

Қазақтың қай стоматолог ғалымы тістің қатты  тініне ортопедиялық ем        жасау кезінде  жансыздандыру  мәселелерін зерттеді?

*Д.Н.Джумадиллаев

* В.С.Погодин

* М.А.Темирбаев

* И.И.Постолаки

* С.С.Рузуддинов

 

#24

Тіс кіреукесінің үстін кесу үшін  аспаптың  қандай жылдамдығы керек?

* орташа

*жоғары

* аз

* өте жоғары

* шамалы жылдамдық

 

#25

Металды керамикалық сауыттың 2-клиникалық кезеңі:

* тісті егеу

* күйдіруден кейінгі сауытты шақтап көру

*қалпақшаны шақтап көру, түсін анықтау

* сауытты тапсыру

* сауытты қайта өңдеу

 

#26

Штампталған сауыттың 2-клиникалық кезеңі:

* тісті егеу

* қалып алу

*сауытты шақтап кигізіп көру

* сауытты  тапсыру

* сауытты қайта негіздеу

 

 

#27

Егелген тіске штампталған   сауыт 0,2мм-ге  қысқарса не істеу керек?

* созу керек

* сол қалпында қалдыру керек

*қайта жасау

* тісті  сәйкес келгенше егеу

* крампонмен созу керек

 

#28

Егелген тіске штампталған сауыт ұзын  болған жағдайда

*қысқарту керек

* қайта жасау

* сол қалпында қалдыру

* крампонмен созу

* қалпында қалдыру

 

#29

Тіректі тістің сауытын  егегеннен кейінгі  оның пішіні:

* дұрыс цилиндр тәрізді болады

*анатомиялық пішіні сақталады, бірақ көлемі кішірейеді

* көлемі кішірейеді, тістің беткей бөлігі бір-біріне 90°С бұрышқа тең

* сауыт тіс  түбірінен қызыл иек астына 0,5-1 мм кіреді

* бір-біріне бүйір бөлігі параллель, ұзындығы өзгермейді

 

#30

Пластмассалы сауытты дайындауда қолданылатын мүсін:

*суперғаныштан құйылады

* отқа төзімді мүсін құйылады

* аралас суперғаныштан тұрады

* ғаныштан тұрады

* аралас металдан тұрады

 

 

 

 

 

 

Вариант ІІІ

 

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

#1

Сауытты  тапсырған  кездегі  тістемнің жоғарылауы неге байланысты?

* тіс толығымен егелмеген

* фосфат-цемент сұйық араласқан

*фосфат-цемент қою араласқан

* сауыттағы мақта талшықтары  кіріп кеткен

* сілекейге байланысты

 

#2

Штампталған сауыттың 1-клиникалық  кезеңі:

*тісті егеу,  қалып алу

* тісті егеу

* қалып алу

* сауытты шақтап көру

* сауытты ағарту

 

#3

Егер қызылиек   науашығының  тереңдігі 0,5 мм тең болса,  металдан         құйылған сауыт  шетінің ұзындығы неге тең болады?

* 0,1-0,2 мм-ге

*0,3-0,4 мм-ге

* 0,5-0,7 мм-ге

* қызылиек түбіне жетпейді

* қызылиекке тиіп тұрады

 

#4

Тісті форфорлы сауытқа егегенде:

* кертпе қызылиек  шетінен жоғары жасалады

*кертпе қызылиек  шетінен бір қатарда жасалады

* кертпе қызылиек қатарынан төмен жасалады

* кертпе экватор  деңгейінде жасалады

* кертпе клиникалық мойыннан  жоғары жасалады

 

#5

Құйылған сауыттың 2-клиникалық  кезеңі:

*шақтап кигізіп көру

* сауытты негіздеу

* сауыттың балауызбен  жабылған окклюзиялық  бетін қосымша егеу

* вестибулярлық бетінде  тесік жасау

* тісті қосымша егеу

 

#6

Ортопедиялық емді жоспарлауда  металды  керамикалық  сауыт таңдау неге байланысты?

*тістем түріне, клиникалық сауыт биіктігіне, пародонт жағдайына

* тек тістем түріне,  парадонтқа

* тістің топтығына, пародонт жағдайына

* тістің түріне байланысты

* тістің ақауына, сау тістің жағдайына

 

#7

Жасанды фарфорлы  сауыт тістің тұқылына қалай отыру керек:

* тығыз

* қысым түсіріп

* бос, күшсіз

*тығыз, күшсіз

* бос күйде

 

#8

Сауытты  бекітуге арналған цемент қандай күйде болу керек?

* сұйық күйде

* қою

* қамыр тәрізді

*қаймақ тәрізді

* қатты

 

#9

Металды сауыт сапасының  технологиялық көрсеткіштері:

*саңылаусыз, ойықсыз, жақсы жылтыратылған

* кең, ойықсыз жылтыратылған

* саңылаусыз, ойығымен, жақсы жылтыратылған

* саңылау, тесігі жоқ

* өткір қыры жоқ, тегіс, жылтыратылмаған

 

#10

Металды сауыт сапасының клиникалық көрсеткіштері:

*анатомиялық пішінін сақтау,  тістемді жоғарылатпау, кең болмау, қызылиек астына 0,2 мм ену керек

* тегіс,  кең болу,  тістемді жоғарылатпау

* анатомиялық формасын сақтау,  тістемді жоғарылатпау, қызылиек астына 0,3 мм еніп бекітілуі тиіс

* анатомиялық пішінін сақтау, қысқа болу, тістемді жоғарылатпау

* тегіс болу, жұқа болу, қызылиек астына 0,1 мм ену керек

 

#11

Қандай сауыт дайындау кезінде тістің  вестибулярлы  бетінің қызылиек

деңгейінде 0,5 мм кертпе жасалғаны дұрыс?

*пластмассалық

* фарфорлық

* комбинирленген

* металды  керамикалық

* штампталған

 

#12

Тісті фарфорлы сауытқа арнап егегеннен кейін  асқынудың алдын-алу үшін   

нені қолданған дұрыс?

* БФ-6-медицинаға арналған желімді

*қорғаныс қалпақшаларын

* «Циакрин», «Циодент» композиттерді

* пластмассадан жасалған қорғаныс сауыттарды

* емдік фторлы сықпаларды

 

#13

Штампталған сауытты тіске шақтап көру кезінде сауыт тар болды. Дәрігер әрекеті:

*сауытты бұзу

* сол күйінде қалдыру

* тісті ағарту

*қайта қалыптау (штамптау)

* тісті қайта егеу

 

#14

Тіс сауытының толық бұзылуы неге байланысты?

* пародонтитке

* гингивитке

*тісжегінің салдарынан сауыттың бұзылуына

* пародонтозға

* флюорозға

 

#15

Тістің түбірі қызылиек деңгейінде сынса қандай протез түрін салуға болады?

* жасанды сауыт 

* салма

* көпір тәрізді протез

*штифті құрылымдар

* шендеуіш салу

 

#16

Тұқылды сауытпен қандай тістерді емдеуге болады?

* күрек тістерді 

* күрек тістер мен сүйір тістерді

* күрек, сүйір және кіші азу тістерді

*күрек, сүйір, кіші және үлкен азу тістерді

* кетігі бар тіс қатарын

 

#17

Ричмонд ұсынған штифті тістің ерекшелігі қандай?

* салманың болуы 

*сыртқы сақинаның болуы

*қорғағыш пластинканың болуы

* кламмердің болуы

* бұранданың болуы

 

#18

Тістің түбірін пайдаланып штифті құрылым арқылы протез саларда не кедергі болуы мүмкін?

* тіс түбір өзегінің кеңдігі 

* түбір қабырғаларының қалыңдығы

*түбір қабырғаларының  жұқалығы

* тіс түбір ұшындағы  емделген өзгерістер

* пародонтальді қалтаның болуы

 

#19

Егерде  жартылай алмалы-салмалы пластиналы  протездегі кламмерлердің  орналасуы  сагитальді  сызық бойынша  болса,  оның  бекітілу болжамын анықтаңыз:

* өте нәтижелі (қолайлы)

* қолайлы

* жоғарғы жақта  қолайлылау

*екі жақта да (төменгі-жоғарғы) сәл қолайлылау

* қолайсыз

 

#20

Науқастың тістемін  тірексіз  (нефиксированный)   ететін не?

* ауызда қалған қарама-қарсы тістердің болуы

*барлық қарама-қарсы тістердің (антагонистердің) түсіп қалуы

* барлық шайнау тістерінен айрылу

* алдыңғы тістерден  айрылу

* алмалы-салмалы  ескі протездердің болуы

 

#21

Жартылай алмалы-салмалы протез жасау үшін қандай тістерді  қолдануға  болмайды?

* пластмасса тістерді

* фарфор  тістерді

* металл тістерді

* ситалл тістерді

*сүйек тістерді

 

#22

Тіс қызылиек жиегінің ретракциясы дегеніміз не?

* кептіру

*қызылиек   тіндерін ажырату және қызылиек  саңылауын кеңейту

* сауыт шекарасын кеңейту

* тістің мойын  аймағының  анық көшірмесін алу

* тісті химиялық және  температуралық  тітіркендіргіштен қорғау

 

#23

Каучукті пайдаланып алмалы-салмалы пластиналы протезді  вулканизациялау  тәсілін кім ұсынды?

* Дюшато

* Фошар

*Гуднер

* Кеннеди

* Джексон

 

#24

Жақ сүйектердің орталық ара қатынастарын бекіткенде окклюзиялық біліктің немесе  протез табанының жаншылып, мыжылуына не себеп болады?

* балауыз табанды  жасағанда балауыз пластинасының  мүсінге толық қысылып жабысуы

*окклюзиялық білігі бар балауыз табанды дайындағанда сым-қаңқаның болмауы

* ауыздағы балауыз базистің қатты болуы

* тістем біліктің қатты табанға (базиске) қойып жасалуы

* окклюзиялық біліктің биіктігі жоғары болуы

 

#25

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің  бекіту элементтеріне  не жатпайды?

* механикалық құрылымдар

*протездің негізі

* құлыптық бекітулер

* кламмерлер

* аттачмендер

 

#26

Науқастың  толық алмалы-салмалы пластиналы протезге  бейімделу уақыты қаншаға созылады?

* 2 аптаға дейін

* 2 тәулікке дейін

* алғашқы тәуліктерге дейін

*2аптадан 1,5 аптаға дейін

* 1,5 айдан жарты жылға дейін

 

#27

Жартылай алмалы-салмалы  пластиналы протездің ұстағыш кламмерлері шайнау қысымын қалай таратады?

* табиғи тістерге

* шайнау бұлшық еттеріне

*ауыз қуысының  шырышты қабығына

* шырышты қабыққа, табиғи тістерге

* табиғи тістерге және бұлшық етке

 

#28

Жартылай алмалы-салмалы  пластиналы тіс протезі нүкте арқылы  бекітілгенде тиімділігі қандай  болады?

*өте қолайлы

* қолайлы

* жоғарғы жаққа қолайлы

* екі жаққа  да онша қолайлы емес

*қолайсыз

 

#29

Жартылай алмалы-салмалы  пластиналы протез  дайындаудың  бірінші  зертханалық кезеңінде не істеледі?

*мүсіндерді  окклюдаторға ғаныштау

* балауызды  пластмассаға  ауыстыру

* жұмысшы және көмекші мүсін құю

* тістерді құю, түзету

* қалып алу

 

#30

Бір иықты  кламмердің ию кезеңдерін көрсетіңіз:

* ортасын ию

*иығын ию, денесін ию, өсіндісін ию

* екі жақты ию, денесін ию

* өсіндісін ию, денесін ию

* денесін ию, иығын ию

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вариант ІV

 

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

#1

Тіс қатары толық модельді  орнынан жылжытып көргенде  экваторлық  сызықтың  жағдайы қандай болады?

*жағдайы өзгереді

* жағдайы өзгермейді

* жағдайы сәл өзгереді

* жағдайы шамалы өзгереді

* жағдай көп өзгереді

 

#2

Нея жүйесінде  кламмерлер  түрінің жалпы саны қанша?

*бес

* үш

* төрт

* екі

* алты

 

#3

Нея жүйесіне  тіреп-ұстап тұратын  кламмердің  қандай түрі кірмейді?

* Аккер кламмері

* Роуч кламмері

* айналмалы кламмер

*Бонвил кламмері

* бір иықты кері  әсері бар кламмер

 

#4

Окклюзиялық  бастырманың мәні неде?

* протезді дұрыс ұстап тұруда

* тістерге шендеуіш болуында

*шайнау қысымын дұрыс таратуда

* бос тістерді бекіту

* протезді тұрақтандыру

 

#5

Кламмер  иығының  тұрақтандырғыш бөлігінің қызметі қандай?

* протезді дұрыс ұстап тұру

* тістерге шендеуіш болу

*шайнау қысымын дұрыстап бөлу

* бос тістерді бекітуде

* протезді тұрақтандыруда

 

#6

Параллелометрия әдісін  қолданғанда  жалпы клиникалық  экватор  мен анатомиялық  экватор бір-біріне  қаншалықты сәйкес келеді?

* барлық жағдайда сәйкес келеді

*кейбір жағдайда ғана сәйкес келеді

* сәйкес келмейді

* сәйкес келуі мүмкін

* екеуі екі басқа түсінік

 

#7

Кламмер иығының  ретенциялық  бөлігі қандай аймаққа орналасады?

* тістің шайнау бетіне орналасады

* тістің  экваторына  орналасады

* тістің  окклюзиялық аймағына орналасады

*тістің  гингивалық аймағына  орналасады

* тістің  қырына  орналасады

 

#8

Кламмерлер қызметіне (функциясына) қарай қандай түрлерге  бөлінеді?

*ұстап тұратын,  тіреп тұратын, тіреп-ұстап тұратын түрге

* екі иықты, бір иықты, тұзақ  тәрізді түрге

* майыстырылған,  құйылған түрге

* сым темірлі, таспа тәрізді түрге

* бір иықты,  тірек түрге

 

#9

Пластиналық  протезді  қозғалтпай  бекітетін  элементке  не жатады?

*механикалық құралдар жатады

* протез табаны (базисі) жатады

* жасанды  тіс қатары жатады

* протездің  ершігі жатады

* aдгезия жатады

 

#10

Тіс қатарының үлкен ақауында  қолданылатын  пластиналық протездің   табанына  (базисіне) тамақты шайнау  кезінде  түсетін шайнау  қысымын  қалай азайтуға болады?

*табан (базистің) көлемін кішірейту арқылы

* механикалық  бекіткіштер арқылы

* жасанды  тістің  санын азайтып   отырғызу арқылы

* адгезия арқылы

* торус арқылы                          

 

#11

Егер тіс қатарының  ақауын пластиналы  протезбен  қалпына келтіретін  болса, орталық окклюзияны қалай  тауып бекітуге болады?

*жұмсарған балауыз жолағы көмегімен

* тістем білікше көмегімен

*тістем  білікше  көмегімен анықталатын окклюзия биіктігі бойынша

* тістем білікшемен  тыныштық күйде

* балауыз жолағымен  окклюзиялық биіктігі бойынша

 

#12

Протез табаны (базисі) қай кезде клиникалық  әдіспен  қайта  жасалмайды?

*ауыздың шырышты қабықтары ауырған кезде  және  науқасқа пластмасса жақпаған кезде

* тістем (прикус) биіктігі төмендеген кезде

* шықшыт буыны бұрыннан  ауыратын кезде

* шырышты қабық қабынғанда

* шырышты қабық дистрофияға ұшырағанда

 

#13

Қайта жасау әдісінің  қайсысын қолданғанда протез табанының (базисінің) пластмассасы тастай тығыз (монолит) болып шығады?

* клиникалық әдісті қолданғанда

*зертханалық әдісті қолданғанда

* қалыпты балауызбен алғанда

* аралас әдісті қолданғанда

* қалыпты ғанышпен алғанда

 

#14

Егер жоғарғы жақ сүйекке арналған қалыпты (стандартты) қасық жоғарғы жақтың  төмпешіктеріне  жетпесе не істеу   керек?

*қасықтың шетіне балауыз жабыстырып,  қасықтың мөлшерін үлкейту керек

* қасықтың дистальді бөлімін ұзарту керек

* қасықты өзгеріссіз қалдыру керек

* жоғарыда аталғандардың бәрін істеу керек

* қасықтың  шетіне пластмасса жабыстыру керек

 

#15

Тісті Васильев әдісімен орнықтырған кезде  бірінші азу тіс қалай тұру керек?

* оның екі төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

*әйнекке  оның ұрт төмпешігіне ғана тиюі керек, ал таңдай төмпешігі әйнектен  1мм төмен болуы керек

*тістің екі төмпешігі де әйнекке 3 мм жетпеуі керек

*тістің екі төмпешігі де әйнекке 2 мм жетпеуі керек

*оның үш төмпешігі де әйнекке тиіп тұру керек

 

#16

Әйнек бойынша  жасанды тісті орнықтырғанда ортаңғы күрек  тістер қалай тұруы керек?

* тістеу қырлары әйнекке жетпеуі керек

*тістеу қырлары әйнекке тиіп тұруы керек

* тістеу қырлары әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* тістеу қырлары әйнектен 2мм төмен болуы керек

* тістеу қырлары әйнекке тек медиальді бұрыштарымен ғана тиіп тұру керек

 

 

#17

Балауыз құрылымын тексерген кезде,  жоғарғы жақтың жасанды    тістері  өте үлкен  болып шыққаны  анықталды. Не істеу керек?

*жақ  сүйектердің  ара қатынасын  қайтадан анықтау керек

* тек алдыңғы тістерді  ауыстыру керек

* барлық тістердің орындарын  ауыстыру керек

* жоғарғы жақтағы  барлық тістердің  орындарын ауыстыру керек

* төменгі жақтың  алдыңғы  тістерінің  орындарын ауыстыру керек

 

#18

Қай кезде протез  табанын клиникалық әдіспен  қайта жасауға болады?

*протез табаны шамалы ғана қысқарған кезде

* протез табаны айтарлықтай қысқарған кезде

* жақ сүйекке протез  тепе-тең боп отырмаған кезде

* тістем биіктігі төмендеген кезде

* протез табаны сынған кезде

 

#19

Әйнек бойынша жасанды тіс салған  кезде өртаңғы күрек тістер  альвеолааралық  өскін қырының ортасына  қарағанда қалай орналасқаны дұрыс?

* альвеолааралық өскін қырының ортасына тік болған дұрыс

*жасанды тістің 2/3 бөлігі альвеолааралық өскін қыры ортасының сыртында болғаны дұрыс

* жасанды тістің  2/3 бөлігі альвеолааралық өскін ортасының ішінде болғаны  дұрыс

* альвеолааралық өскіннің сыртқы беті бойынша орналасқаны дұрыс

* альвеолааралық өскіннің қыры тақ ортасы бойынша орналасқаны  дұрыс

 

#20

Нея  жүйесіндегі  кламмердің  тісте  орналасу  заңдылығы қандай?

*тірек (стабилизациялық) бөлігі шолу сызығынан жоғары,  ілмек (ретенциялық) ұшы одан төмен

* тірек бөлігі шолу  сызығында,  ілмек ұшы одан жоғары

* тірек бөлігі шолу сызығынан төмен, ілмек ұшы одан жоғары

* тірек бөлігі шолу сызығынан жоғары, ілмек ұшы шолу  сызығының  деңгейінде

* тірек бөлігі шолу сызығынан өте жоғары, ілмек ұшы  сәл төмен

 

#21

Тіреп-ұстайтын Нея  кламмерлерінің 3-түрін атаңыз:

*құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

* Роуч түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

* Джексон кламмері

 

#22

Тіреп-ұстайтын  Нея  кламмерінің 4-түрін атаңыз:

* құрама 1 және 2-түрі

* Аккер түрі

*Роуч түрі

* окклюзиялық қос батырмасы  бар сақина түрі

* окклюзиялық бастырмасы бар кері әсерлі бір иықты түрі

 

#23

Жасанды тістерді салғанда ортаңғы күрек тістердің орналасуы қалай болуы керек?

* әйнекке тимеуі керек

*әйнекке күрек тістің өткір қыры тиуі керек

* әйнекке 0,5 мм жетпеуі керек

* әйнекке 2 мм жетпеуі керек

* әйнекке медиальді бұрышымен тиіп, ал дистальді бұрышымен 0,5 мм-ге тимеуі керек

 

#24

Тісті  Васильев  әдісі бойынша салғанда бірінші кіші азу тіс  қалай орналасуы керек?

* қос төмпешігімен әйнекке тиіп тұру керек

*әйнекке тек ұрт төмпешігімен ғана тиеді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді

* әйнекке тек таңдай төмпешігі ғана тиеді, ал  ұрт төмпешігі әйнекке 1мм жетпейді

* екі төмпешіктің екеуі де 1 мм жетпейді

* ұрт төмпешігі әйнекке 1 мм жетпейді, ал таңдай төмпешігі әйнекке 0,5 мм жетпейді

 

#25

Жоғарғы жақтың алдыңғы бөлiгiне салынатын көпiр тәрiздi протездiң жасанды тiстерi қызылиекке қарағанда қандай пiшiнде жасалуы керек?

* шайнау кеңiстiгi пiшiнде

*жанасқан пiшiнде

* ершiк тәрiздi

* көлденең пішінде

* қиғаш пішінде

 

#26

Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi пiшiнде жасауға бола ма?

* болады

*болмайды

* кейде болады

* кейде болмайды

* тікелей жасаған дұрыс

 

#27

Көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгіндегi пластмасса фасетка шырышты қабыққа қарағанда қалай жайласуы керек?

* шырышты қабыққа жанасуы керек

*шырышты қабыққа жанаспау керек

* фасеткiнiң шырышты қабыққа қатынасының мәнi жоқ

* шырышты қабыққа тиіп тұрған дұрыс

* алшақ жатқан жөн

 

#28

Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездiң аралық бөлiгiн ершiк тәрiздi қылып жасау мүмкiн бе?

* мүмкiн

*мүмкiн емес

* кейде болады

* кейде болмайды

* жасаған дұрыс

 

#29

Көпiр тәрiздi протездегi тiстердiң және жасанды тiстердiң шайнау төмпешiктерi қандай пiшiнде болуы керек?

* анық бөлiнiп тұруы керек

*дөңгеленiп онша анық болмағаны дұрыс

* жалпақ болуы керек

* бедерлі болған дұрыс

* жалпақ болған дұрыс

 

#30

Көпiр тәрiздi протездiң бөлiктерiн дәнекерлемес бұрын оларды алдын ала немен бекiтедi?

*базистi балауызбен

* жабысқақ балауызбен

* мүсiндегiш балауызбен

* дәлденген электродәнекермен

* дәлденген магнит дәнекермен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вариант V

 

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

#1

Металды керамикалық көпiр тәрiздi протездi қай мүсiнде жасайды?

* суперғаныш мүсiнде

*құрамалы мүсiнде (разборный)

* медициналық ғаныш мүсiнде

* отқа төзiмдi мүсiнде

* металл мүсінде

 

#2

Көпір тәрізді  металл  протездің  тірек сауыттарын  шақтап кигізіп  көру    қандай  клиникалық  кезеңге жатады?

* бірінші кезеңге

*екінші кезеңге

* үшінші кезеңге

* төртінші кезең

* бесінші кезең

 

#3

Кеннедидің жіктеуі бойынша  тіс қатарының  қандай  кетігінде көпір  тәрізді протез жасау абсолютті көрсеткіш  болып табылады?

* I, II,  III, IV класстар

* I, II класс

* I, III класс

* I, II, III класс

*III, IV класс

 

#4

Көпір тәрізді  протез  дайындаудың II-клиникалық  кезеңінде  не істейді?

* орталық ара  қатынасын  анықтау және  бекітілмеген тістемде  альвеола биіктікті анықтау

* тексеру, диагноз қою

* мүсін құю

*сауытты  кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

* протезді кигізіп шақтау, тістем күйінде қалып алу

 

#5

Көпір тәрізді протездің аралық бөлігіне  қандай талаптар қойылады?

*шайнау бетінің кеңдігі, жұлынған тіс сауыттың көлеміне сай болу  керек

* сауыт ені аралық бөліктің енімен бірдей болмауы керек

* сауыт ені аралық еніне қарағанда  үлкен болу керек

* техниктің  мамандануына байланысты кеңдігінің мәні жоқ

* тірек тістердің көлемінен үлкен болу керек

 

#6

Қандай себеп жартылай екіншілік адентияға алып келеді?

* тұрақты тістер ұрығының толық қалыптаспауы

* қызылиек аурулары

* шықшыт буынының аурулары

* таңдайдың жырығы

*тісжегінің асқынулары

 

#7

«Көпір тәрізді» протезге дұрыс анықтама беріңіз:

* протездің конструкциясы көпірдің конструкциясына ұқсас

* алынбайтын протез, тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады

* протез  тіс қатарындағы кетіктің орнын толтырады, тірек тістерге цементпен бекітіледі

*алынбайтын протез кем дегенде екі тірегі бар, кіші және орта тіс атарының кетігін кетіреді

*бір тіректі көпір тәрізді протез

 

#8

Қандай жағдайда шайнау қысымы көпір тәрізді  тістің тірек тістеріне физиологиялық тұрғыдан жайсыз болады?

* тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кіргенде

* тісаралық кетік тік сызықты бағытта болғанда

* тірек тістерге  әртүрлі функциялы тістер қосылғанда

* тірек тістер функциональді бағыттаушы топқа кірмегенде

*тірек тістерге  қысым бұрыштан түскенде

 

#9

Көпір  тәрізді  протез кезінде шайнау қысымы  қандай тінге  таралмайды?

* пародонтқа

* тірек тістерге

* көрші тістерге

* қарама-қарсы тістерге

*шырышты қабыққа

 

#10

Көпір  тәрізді  протездің  функциональді тиімділігі қандай?

*90-95% шайнау  тиімділігін қалпына келтіреді

* эстетикаға сай емес

* барлық тіс қатарын қалпына келтіреді

* 80-90% шайнау тиімділігін қалпына келтіреді

* 70-80% қалпына келтіреді

 

#11

Ортопедиялық стоматология  клиникасында бір тірек тісті көпір тәрізді  протез қолданыла ма?

* иә, көпір тәрізді протездер бір тіске бекуі мүмкін

* жоқ, мұндай протез қолданылмайды

*кіші азу тістер немесе фронтальді тұста тіс жоқ болғанда  протездеуге қолданылады

* тек бүйір тістерге протездеуге қолданылады

* басқа протез түрлерін қолдану  мүмкін болмаған жағдайда  қолданылады

 

#12

Көпір тәрізді протез  дайындағанда тірек  тістердің санын  дұрыс  таңдап алмау неге алып келеді?

* функциональді артық күштің түсуіне

* қызылиекті зақымдауға

*көпір тәрізді протез денесінің  сынуына

* қарсы тістердің  периодонтында патологиялық  үрдістің дамуына

* тірек тістердегі ұлпаның  патологиясына

 

#13

Көпір тәрізді  протездің аралық бөлігін қандай  жадығаттан мүсіндейді?

*мүсіндеуіш балауызбен

* негіздік балауызбен

* лавакспен

* доғалы балауызбен

* протакрил арқылы

 

#14

Протезбен қарсы тістердің  арасында түйісу болмаған кезде не істеу керек?

*протезді қайта жасау керек

* сауытты ұзарту керек

* цементпен көтеріп мойнына дейін отырғызу керек

* қайта мүсіндеу керек

* қарсы тіске пломба салу керек

 

#15

Көпір тәрізді  протезді уақытша бекіту үшін не қолданылады?

*суға шыланған дентин

* висфат-цемент

* фосфат-цемент

* адгезор

* репин

 

#16

Сауытты тірек тіске кигізіп көргенде қызылиегі ағарып кетті, бұл нені көрсетеді?

*сауыттың ұзын болғанын

* сауыттың тар болғанын

* сауыттың кең болғанын

* сауыттың қысқа болғанын

* тістемнің биіктеуін

 

#17

Көпір тәрізді протезді бекітудің алдында тірек тістерді қандай дәрі-дәрмектің ерітіндісімен өңдеу керек?

* люголь ерітіндісімен

* 10% марганец ерітіндісімен

* ортофосфор ерітіндісімен

*спиртпен

* сутегінің асқын тотығымен

 

#18

Қандай мақсатпен көпір тәрізді протезді мүсіндеуді  артикуляторда жүргізеді?

* эстетикалық талаптарға сай

* парадонт жарақаттарының алдын алу үшін

* жақсы жабысу үшін

*біркелкі  окклюзиялық түйісуге жету үшін

* тез мүсіндеу үшін

 

#19

Көпір тәрізді протез қандай құрама бөліктерден тұрады?

* негіз және ұстап тұрушы кламмерлерден

* жасанды сауыттардан

*тіректі бөліктер мен аралық бөліктерден

* сақиналы қондырмадан

* кламмерлері бар сауыттардан

 

#20

Көпір тәрізді протезді мүсіндегенде денесі мен шырышты қабықтың арасында 2-3 мм саңылау қандай пішінде сақталу  қажет?

* сына тәрізді

*иек тәрізді

* иек тәрізді, жанаса

* аралас

* вертикальді

 

#21

Көпір тәрізді протезді бүйір бөлікке  салуға қанша  тістің болмауы көрсеткіш болып табылады?

*3-4 тістен кем емес

* 4-5 тістің болмауы

* 4-6 тістің болмауы

* 7 тістің болмауы

* жоқ тістердің санының маңызы жоқ

 

#22

Көпір тәрізді протездерге қойылатын  клиникалық талаптар қандай?

* серпімділігі

* жұмсақтылығы

*тиімділігі

* мықтылығы

* жылу өткізгіштігі

 

#23

Пластмассалы фасетканың сынап кету себебі?

*металды қаңқаның ретенциялық ілмегінің қысқа болуы

* полимеризацияның бұзылуы

* металды қаңқаны мүсіндеудің дұрыс болмауы

* тірек тістердің дұрыс мүсінделмеуі

* металды қаңқа ілмегінің  ұзын болуы

 

#24

Пластмассалы көпір тәрізді протезді бекіту үшін қандай цементті қолдануға тыйым салынған?

* адгезор

* фосфат-цемент

* унифас

* висфат-цемент

*күмісті фосфат

 

#25

Құрамдастырылған  көпір тәрізді протездің тірек тістерін шақтап көру, қай кезеңде істеледі?

* 1

*2

* 3

* 4

* 5

 

#26

Көпір тәрізді протездің сыну себебіне не жатады?

*сауыттарды дәнекерлеуге алаңның аз болуы

* көп мөлшерде бура қолдану

* көпір тәрізді протездің денесі мен  сауытындағы саңылаулар

* дәнекерлеудің үлкен алаңы

* дәнекердің көп болуы

 

#27

Пластмассалы көпір тәрізді протездің түсін қай клиникалық кезеңде анықтайды?

*1

* 2

* 3

* 4

* 5

 

#28

Көпір тәрізді протезді висфат-цементке бекіту кезінде мүмкін болатын  қателіктер мен асқынулар қандай?

*тістемнің биіктеуі

* цементтің жай қатуы немесе қатпауы

* қызылиекке  жетіп  жатуы

* сауыт  астына мақта  бөліктерінің кіріп кетуі

* гальванизм көрінісі

 

#29

Көпір тәрізді  протездің тірек тістері мен аралық бөлігін желімдеп тұрған жабысқақ балауызды немен ерітіп шығарады?

* дәнекерлеуші аспаппен

* газды горелкамен

* бензинмен, мономермен сүртеді

* спиртті ыдыста қыздырады

*қайнаған сумен кетіреді

 

#30

Көпір тәрізді протезді  уақытша немен бекітуге болады?

*дентинді сумен

* висфат-цементпен

* фосфат-цементпен

* адгезормен

* сиэластпен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вариант VІ

 

Ортопедиялық стоматология пәнінен дәрігір-интерндер үшін емтиханға арналған тест сұрақтары

 

#1

Қай клиникалық кезеңде тіректік пластмассалық сауыттарды қайта негіздеуге болады?

* 1

*2

* 3

* 4

* 5

 

#2

Тіс қатарының  Кеннеди бойынша қай кластық  ақауын көпір тәрізді  протездер  толықтырады?

* 1,2-класс

* 1,3-класс

* 2-4-класс

*4-класс

* 1-4-класс

 

#3

Кеннеди  жіктеуінің негізіне не жатады?

*тістердің топтастырылуы, ақаудың  сипаты, орналасуы

* жақта орналасуына байланыссыз, жеке сақталған тістерге байланысты

* тістемнің функциональді жағдайы

* тұрақты орналасқан сау тістер саны

* жоқ тістер саны

 

#4

Пластмассалы көпір тәрізді  протезді бекітудің басқа көпір тәрізді протезді бекітуден  айырмашылығы неде?

*қайта негіздеу (перебазировка)

* фосфат-цементке отырғызу

* қызыл иек жарақаты

* көпір тәрізді протез денесінің  сынып қалуы

* антогонист тістердің  периодонтында  паталогиялық үрдістің  дамуы

 

#5

Пластмассалы  көпір тәрізді  протез  үшін тірек  тістерді егеу неге тең?

* 0,2мм

* 0,5мм

* 1,0мм

*1,5мм

* 2-3мм

 

#6

Көпір тәрізді протез салу үшін тірек тістерді егеуді қай беттен бастайды?

* окклюзиялық беттен

* тіл бетінен

* вестибулярлы беттен

*жанасу бетінен

* мойын бетінен

 

#7

Тірек  тістердің шайнау бетін  қандай бормен егейді?

*алмаз бормен

* шар тәрізді бормен

* кері конус тәрізді бормен

* фиссурлы бормен

* цилиндр тәрізді бормен

 

 

#8

Тістемді биіктетіп тұрған көпір тәрізді  протездің  аралық бөлігін қандай аспаппен  өңдейді?

* үлкен карборунд тасымен

* екі жақты тегершікпен

*вулканитті тегершікпен

* бір жақты тегершікпен

* алмаз бормен

 

#9

Көпір тәрізді протезді салу үшін дайындауға қажетті көрсеткіш?

* тірек тістердің қозғалғыштығы

* тіс қатарының шектелмеген ақауы

*ақауды шектейтін тістердің үлкен конвергенциясы

* тіс қатары ақауының ұзақтығы

* ақауы шектелмейтін конвергенциясы

 

#10

Көпір тәрізді  протез  дайындау үшін тірек  тістерді  егеудің ерекшеліктері қандай?

* көпір тәрізді протездің құрылымына байланысты

* тірек тістер санына байланысты

*тірек тістердің қабырғаларының толық  параллельдігін сақтауға байланысты

* қабырғаларының орналасуына байланысты

* параллельдікті  сақтау міндетті емес, ең бастысы көп мөлшерде қатты тінді егеп тастау керек

 

#11

Окклюзиялық білігі бар балауыз базистің деформациясын болғызбау үшін немен беріктігін арттырады?

* тез қататын пластмассамен

* ғанышты блокпен

*металл сыммен

* балауызды қалыңдату арқылы

* негізді қалыңдату арқылы

 

#12

Көпір тәрізді протездің қандай түрлері бүгінгі талаптарға сай емес?

* біртұтас құйылған

*дәнекерленген

* құрамдастырылған

* тіреп-ұстап тұрушы кламмерлері бар

* адгезивті

 

#13

Металды керамикалық және пластмассалық протез жасау  үшін қалыптың қандай түрін алады?

* функциональді

* тістем күйінде (в прикусе) қалып алу

* жартылай қалып алу

*толық анатомиялық қалып алу

* ерікті әдіспен қалып алу

 

#14

Окклюзиялық бастырма үшін орынды қандай құрал-саймандармен

жасайды?

* сепарациялық тегершіктермен, карборунд тастармен

* сайлы бұрғылармен

* жалын тәрізді бұрғылармен және сепарациялық тегершіктермен

*карборунд және алмаз тастармен

* шар тәрізді және сайлы бұрғылармен, сепарациялық  бұрғылармен

 

#15

Физиологиялық тыныштық кезеңінде тістер аралығы неге тең?

* 0-2 мм-ге

*2-4 мм-ге

* 4-6 мм-ге

* 6-8 мм-ге

*8-10 мм-ге

 

#16

Металсыз протез салу жүйесіне не кіреді?

*фарфор протездер

* ситальді протездер

* металды протездер

*«Targjg Vectrig» жүйесінің протездері

* пластмассалы протездер

 

#17

«Сеrec»  жүйесі дегенді  қалай түсінеміз?

*фрезерлеу арқылы протездер жасау

* панорамды рентген түсіруге арналған аспап

* толық тіссіз жаққа  тістерді  орналастыру жүйесі

* пластиналы  протездерді  полимеризациялау жүйесі

* жасанды сауытпен көпір тәрізді протезді алу жүйесі

 

#18

Жалғыз тістің немесе жақ сүйектегі тіс түбірінің негізгі биологиялық ерекшелігін атаңыз:

*алмалы-салмалы протезге бейімделуді оңтайлатады

* тіс протезінің әсерін жақсартады

* тіс протезінің бекітілуін жақсартады

* жасанды тіс қатарының конструкциялануын жақсартады

*альвеола өсінді биіктігін семуден сақтайды

 

#19

Жазық түрде кламмерді қолданғанда алмалы-салмалы пластиналы протездің фиксациясы қалай болады?

*ең қолайлы болады

* қолайлы болады

* жоғары жақта қолайлы болады

* жоғарғы, төменгі жақта қолайсыздау болады

* қолайлы емес

 

#20

Қиғаш сызықтық кламмерді қолданғанда алмалы-салмалы пластиналы  протездің фиксациясы қалай болады?

* ең қолайлы болады

*қолайлы болады

*жоғары жақта қолайлы болады

*жоғарғы, төменгі жақта қолайсыздау болады

*қолайлы емес

 

#21

Көлденең сызықтық орналасқан кламмерді қолданғанда алмалы-салмалы пластиналы протездің фиксациясы қалай болады?

*ең қолайлы болады

*қолайлы болады

*жоғары жақта қолайлы болады

*жоғарғы, төменгі жақта қолайсыздау болады

*қолайлы емес

 

#22

Сагитальді сызықтық орналасқан кламмерді қолданғанда алмалы-салмалы пластиналы протездің фиксациясы қалай болады?

*ең қолайлы болады

*қолайлы болады

*жоғары жақта қолайлы болады

*жоғарғы, төменгі жақта қолайсыздау болады

*қолайсыз

 

#23

Нүктелі орналасқан кламмерді қолданғанда алмалы-салмалы пластиналы протездің фиксациясы қалай болады?

*ең қолайлы болады

*қолайлы болады

*жоғары жақта қолайлы болады

*жоғарғы, төменгі жақта қолайсыздау болады

*қолайсыз

 

#24

Жартылай алмалы-салмалы протездің бекіту элементіне не жатады?

*механикалық бейімделу 

*протез негізі

*жасанды тіс қатары

*адгезивті крем

*жоғарғы жақ төмпешігі

 

#25

Тіс қатарының үлкен ақауы кезінде пластиналы протез негізіне түсетін шайнау қысымын қалай азайтуға болады?

*негіздің үлкен көлемін сақтау

*механикалқ бекігіштер қолдану

*тістерді аз көлемде қою

*негіз алаңын азайту

*жеңіл базис қолдану

 

#26

Егер пластиналы протез көмегімен тіс қатарының ақауын орнына келтіре алса, онда орталық окклюзияны қалай бекітуге болады?

*жұмсартылған балауыз жолақ көмегімен

*тістем бөлігі көмегімен

*окклюзияның іздемелі биіктігі тістем білігі көмегімен

*қалыптық масса көмегімен

*балауыз базис көмегімен

 

#27

Жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез тіс-жақ сүйек жүйесінің шайнау тиімділігін қаншалықты қалпына келтіреді?

*55-70%

*70-90%

*95-100%

*45-55%

*90-95%

 

#28

Қанша тіс жоқ болғанда емдеуге жартылай алмалы-салмалы пластиналы протез қолданылады?

*4-9

*1-4

*9-13

*4-10

*2-4

 

#29

Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің негізі қалай дұрыс орналасады?

*тістің клиникалық экваторынан сәл төмен

*таңдай төмпешігінен сәл төмен

*тістің экваторынан жоғары

*альвеола өсіндісінен төмен

*альвеола өсіндісінен жоғары

 

#30

Төменгі жақтың тістерінде жартылай алмалы-салмалы пластиналы протездің негізі қалай дұрыс орналасады?

*тістің клиникалық экваторынан сәл төмен

*таңдай төмпешігінен сәл төмен

*тістің экваторынан жоғары

*альвеола өсіндісінен төмен

*альвеола өсіндісінен жоғары

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..       1      2      3      ..