Главная Книги - Разные SP 3500SF/SP 3510SF. Пайдалану нҰсҚаулары (2015)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 6 7 8 9 ..
Сканер баптаулары
Сканер баптаулары
Бұл бөлімде сканер баптауларын теңшеу әдісі сипатталған.
Сканер баптауларын өзгерту
Файл түрі баптауын өзгерту рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Сканер] түймесін басыңыз.
RU CMF132
2.
[
][
] пернелерін басыңыз.
RU CMF144
3.
[Файл түрі] параметрін таңдау үшін [ ][
] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
4.
[Көп бет] немесе [Бір бет] параметрін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
5. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
281
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Сканер баптауының параметрлері
Бұл бөлімде сканер баптауының параметрлері сипатталған.
Сканерлеу өлшемі
Түпнұсқаның өлшеміне байланысты сканрелеу өлшемін көрсетеді.
Әдепкі:
[A4],
[8 1/2 × 11]
• 8 1/2 × 14, 8 1/2 × 11, 8 1/2 × 5 1/2, 7 1/4 × 10 1/2, A4, B5, A5, Теңшелетін өлшем
Сканерлеу режимі
Басқару панелін пайдаланып сканерлеу режимін көрсетеді.
Әдепкі: [Түс]
• B&W
Құрылғы 1 биттік ақ-қара суреттер жасайды. Суреттерде тек ақ-қара түстер болады.
• Түс
Құрылғы 8 биттік түрлі-түсті суреттер жасайды. Суреттерде түстер толық болады.
• Сұр реңк
Құрылғы 8 биттік ақ-қара суреттер жасайды. Суретте ақ-қара және орташа сұр реңктері
болады.
Ең көп электрондық хат өлшемі
Электрондық пошта арқылы жіберілетін файлдың ең көп мөлшерін көрсетеді.
Әдепкі: [1 МБ]
• 1 МБ
• 2 МБ
• 3 МБ
• 4 МБ
• 5 МБ
• Шексіз
Тығыздық
Түпнұсқаларды сканерлеу үшін суреттің тығыздығын көрсетеді.
Әдепкі:
•
(Ең ашық)
•
•
•
•
(Ең қараңғы)
282
Сканер баптаулары
Ажыратымдылық
Түпнұсқаны сканерлеу үшін ажыратымдылықты көрсетеді.
Әдепкі: [300 × 300 нүкте/дюйм]
• 100 × 100 нүкте/дюйм
• 150 × 150 нүкте/дюйм
• 200 × 200 нүкте/дюйм
• 300 × 300 нүкте/дюйм
• 400 × 400 нүкте/дюйм
• 600 × 600 нүкте/дюйм
Сығу (Түс)
JPEG файлдарының түсін сығу қатынасын көрсетеді. Сығу қатынасы төмен болса, сапасы
жоғары болады, бірақ файлдың өлшемі көп болады.
Әдепкі: [Орташа]
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
Шексіз сканерлеу
Экспозиция әйнегімен сканерлеген кезде құрылғыны келесі түпнұсқаларды сұрауына
орнатады.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
• Өшірулі
Файл түрі
Барлық беттерді қамтитын бірнеше беттік файл жасауды немесе бірнеше бет сканерлеген
кезде бір беттік файлдарды бөлуді көрсетеді.
Сканерленген файлда файлдың пішімі PDF немесе TIFF пішімінде болғанда ғана бірнеше бет
болатынын ескеріңіз. Егер файлдың пішімі JPEG болса, бір беттік файл әр сканерленген бетке
жасалады.
Әдепкі: [Бірнеше бет]
• Бірнеше бет
• Бір бет
Түпнұсқа
ARDF пайдаланған кезде құрылғының автоматты түрде түпнұсқаның екі жағын сканерлеуін
теңшейді.
283
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Осы функцияны пайдаланған кезде осы түпнұсқаларға сәйкес бетті және түптеу бағдарларын
көрсетіңіз.
Бұл параметр 2 модель түрі үшін ғана пайда болады.
Әдепкі: [1 жақты]
• 1 жақты
• 2 жақты кітаптық: T to T
• 2 жақты кітаптық: T to B
• 2 жақты альбомдық: үсті үстіне
• 2 жақты альбомдық: үсті төменге
284
Факс жіберу баптаулары
Факс жіберу баптаулары
Бұл бөлімде факс жіберу баптауларын теңшеу әдісі сипатталған.
Факс жіберу баптауларын өзгерту
Түпнұсқаны сканерлеу ажыратымдылығын орнату рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Факсимиле] пернесін басыңыз.
RU CMF133
2.
[
][
] пернелерін басыңыз.
RU CMF144
3.
[Ажыратымдылық] параметрін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
4. Қажетті ажыратымдылықты таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
5. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
285
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Факс жіберу баптауының параметрлері
Бұл бөлімде факс жіберу баптауының параметрлері сипатталған.
Дереу TX
Түпнұсқа сканерленген кезде құрылғының дереу факс жіберуін теңшейді.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Өшірулі
Жад жіберуін пайдаланған кезде осыны таңдаңыз.
• Қосулы
Дереу жіберуді пайдаланған кезде осыны таңдаңыз.
• Тек келесі факс
Дереу жіберуді тек келесі жіберу үшін пайдаланған кезде осыны таңдаңыз.
Ажыратымдылық
Түпнұсқаларды сканерлеу үшін пайдаланылатын ажыратымдылықты көрсетеді.
"Фотосурет" ажыратымдылығы Интернет факстары үшін қолжетімді емес. Факстар
"Мәліметтер" ажыратымдылығын пайдалану арқылы, егер "Фотосурет" ажыратымдылығы
көрсетілген болса, жіберіледі.
Әдепкі: [Стандартты]
• Стандартты
Түпнұсқа қалыпты өлшемді таңбалармен басылған немесе терілген құжат болған кезде
осыны таңдаңыз.
• Егжей-тегжей
Түпнұсқа кішкентай баспамен құжат болған кезде осыны таңдаңыз.
• Фотосурет
Түпнұсқада фотосуреттер немесе көлеңкелі сызбалар сияқты кескіндер болған кезде
осыны таңдаңыз.
Тығыздық
Түпнұсқаларды сканерлеу үшін пайдаланылатын кескін тығыздығын көрсетеді.
Әдепкі: [Қалыпты]
• Ашық
• Қалыпты
• Қараңғы
Кідіріс уақыты
Факс нөмірінің сандары арасына кідіріс енгізілген кезде кідіріс уақытының ұзақтығын
көрсетеді.
286
Факс жіберу баптаулары
Әдепкі: 3 секунд
• 1 - 15 секунд
Автоматты қайта теру
Желі бос болмаған кезде немесе құрылғы Жад жіберу режимінде жіберу қатесі болғанда
құрылғыны факстың мақсатты жерін автоматты түрде қайта теруіне орнатады. Қайта теру
саны [Әкімші құралдары] ішіндегі [Ел] параметріне байланысты бес минут аралығында екі
немесе үш ретке алдын ала орнатылады.
Әдепкі: [Қосулы]
• Өшірулі
• Қосулы
Факс тақырыбын басып шығару
Құрылғының жіберілетін әрбір факсқа тақырып қосуын теңшейді. Тақырып ағымдағы күн мен
уақытты, құрылғының пайдаланушы факсының аты мен факс нөмірі, тапсырманың
идентификаторы және беттің ақпаратын қамтиды.
Әдепкі: [Қосулы]
• Өшірулі
• Қосулы
Түпнұсқа
Жад жіберу режиміндегі ARDF пайдаланған кезде сканерлеу үшін түпнұсқа жақтарын (1 жағы
немесе 2 жағы) көрсетеді.
Түпнұсқаның 2 жағын сканерлеген кезде осы түпнұсқаларға қарай бет және түптеу
бағдарларын көрсетіңіз.
Бұл баптау құрылғы 2-түр үлгісінің Жад жіберу режимінде болған кезде ғана пайда болады.
Әдепкі: [1 жақты]
• 1 жақты
• 2 жақты кітаптық: T to T
• 2 жақты кітаптық: T to B
• 2 жақты альбомдық: үсті үстіне
• 2 жақты альбомдық: үсті төменге
287
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Факс мүмкіндігінің баптаулары
Бұл бөлімде факс мүмкіндігінің баптауларын теңшеу әдісі сипатталған.
Факс мүмкіндігінің баптауларын өзгерту
Факстарды басып шығару үшін науаны орнату рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
RU CMF134
2.
[Факс мүмкіндіктері] параметрін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
3.
[Қағаз науасын таңдау] пәрменін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
4. Қажетті науаны таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
5. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
Факс мүмкіндігі баптауының параметрлері
Бұл бөлімде факс мүмкіндігі баптауының параметрлері сипатталған.
• Пайдаланып отырған үлгі түріне байланысты кейбір элементтер пайда болмауы мүмкін.
Қабылдау параметрлері
Факс қабылдаудың параметрлерін көрсетеді.
• Қабылдау режимін ауыстыру
Қабылдау режимін көрсетеді.
288
Факс мүмкіндігінің баптаулары
Әдепкі: [Тек факс]
• Тек факс
Құрылғы факсты қабылдау режимінде барлық кіріс қоңырауларға автоматты түрде
жауап береді.
• FAX/TEL(Mnl. )
Құрылғы кіріс қоңырауларын алған кезде шылдырлайды. Құрылғы факсты тек
қолмен алғанда ғана қабылдайды.
• FAX/TAD
Құрылғы факс қоңырауы қабылданғанда факсты автоматты түрде қабылдайды.
Немесе қосылған телефонға жауап беру құрылғысы қоңырауға жауап береді.
• FAX/TEL(Автоматты)
Құрылғы факс қоңырауы қабылданғанда факсты автоматты түрде қабылдайды. Кері
жағдайда, құрылғы қоңырау шалуды бастайды.
• Жалпы шылдырлар саны (TAD)
Құрылғы FAX/TAD режимінде факстар қабылдауды бастамас бұрын сыртқы телефонға
жауап беру құрылғысы қанша рет шылдырлайтынын көрсетеді.
Әдепкі: 5 рет
• 1-20 рет, 1 еселігінде
• Автоматты кішірейту
Қабылданған факс бір қағаз парағына басылу үшін тым үлкен болған кезде құрылғының
факс өлшемін кішірейтуін теңшейді.
Құрылғы тек өлшемді тек 74%-ға дейін төмендететінін ескеріңіз. Егер факсты бір параққа
қиыстыру үшін қосымша кішірейту қажет болса, ол кішірейтілмей бөлек парақтарға
басылады.
Әдепкі: [Қосулы]
(Әдепкі [Әкімші құралдары] ішіндегі [Ел] параметріне байланысты [Өшірулі] болуы
мүмкін.)
• Өшірулі
• Қосулы
• Шылдырлар саны
Тек факс режимінде факстарды қабылдауды бастамас бұрын құрылғы соғатын
қоңыраудың санын көрсетеді.
Әдепкі: 3 рет
• 3-5 рет
• RX режимін автоматты алмастыру уақыты
289
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Құрылғы FAX/TEL автоматты режимінде факстың қоңырау шалу үнін анықтауға әрекет
ету уақытының ұзыныдығын көрсетеді.
Әдепкі: 15 секунд
• 5 - 99 секунд
• Рұқсат етілген қабылдау
Құрылғыны бағдарламаланған Арнайы жіберушілерден ғана факстарды қабылдауға
(немесе қабылдамауға) орнатады. Бұл қалаусыз факстар секілді қажет емес құжаттарды
алып тастауға және факс қағазының жұмсалуын тоқтатуға көмектеседі.
Әдепкі: [Белсенді емес]
• Белсенді
• Белсенді емес
• Рұқсат етілген RX: Қабылдау шарттары
Бағдарламанған Арнайы жіберушілерден факстарды қабылдауды немесе
қабылдамауды көрсетеді.
Бұл параметр [Рұқсат етілген қабылдау] қосылғанда қолжетімді болады.
Әдепкі: [Арнайы жіберуші]
• Арнайы жіберуші
Арнайы жіберушілерден факстарды қабылдайды және барлық басқа
қабылдаушылардан факстарды қабылдамайды.
• Арнайы жіберушіден басқа
Арнайы жіберушілерден факстарды қабылдамайды және барлық басқа
жіберушілерден факстарды қабылдайды.
• Қабылдайтын файл параметрі
Қабылданған файлдарды басып шығару немесе алдын ала белгіленген мақсатты жерге
жіберу үшін құрылғыны жадқа сақтауға орнатады.
Қайта жіберу тағайындауын көрсету үшін Web Image Monitor пайдаланыңыз (мәлімет
алу үшін 342-бет "Факс баптауларын теңшеу" бөлімін қараңыз).
Әдепкі: [Басып шығару]
• Басып шығару
• Қайта жіберу
• Қабылданған файлды басып шығару
Құрылғыны жадқа қабылданған факстарды автоматты түрде басып шығаруға немесе
оларды кейін қолмен басып шығаруға орнатады.
Әдепкі: [Қосулы]
• Қосулы
290
Факс мүмкіндігінің баптаулары
Қабылданған факстарды автоматты түрде басып шығарады және жадтан жояды.
• Өшірулі
Қабылданған файлдарды қолмен басып шығару үшін жадта сақтайды.
• Қайта жіберілген файлды басып шығару
Құрылғыны басып шығару үшін жадта факстарды сақтауға және оларды қайта
жібергеннен соң жоюға орнатады.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
Факстарды қайта жібергеннен соң басып шығару үшін жадта сақтайды.
• Өшірулі
Факстарды қайта жіберген соң жадтан жояды.
• Қайта жіберу күйін хабарлау
Құрылғыны факстар қайта жіберілгеннен кейін электрондық хат жіберуге орнатады.
Электрондық пошта хабарландыруының тағайындауы Web Image Monitor арқылы қайта
жіберу тағайындауының теңшелгеніне байланысты болады (мәлімет алу үшін 342-бет
"Факс баптауларын теңшеу" бөлімін қараңыз).
Әдепкі: [Белсенді емес]
• Белсенді
• Белсенді емес
• Қолмен POP
POP3 серверіне электрондық пошта хабарларын қолмен қабылдау үшін қосады.
POP3 серверіне қосылу және электрондық пошта хабарларын қабылдау үшін [Ия]
түймесін басыңыз. POP3 серверіне қосылмастан мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне
шығу үшін [Жоқ] түймесін басыңыз.
Қағаз науасын таңдау
Қабылданған факстарды басып шығару үшін науаны көрсетіңіз. Факстарды басып шығару
үшін тек A4, Letter немесе Legal өлшемді қағазды пайдалануға болатынын ескеріңіз.
Жарамды өлшемді қағазы бар науаны таңдағаныңызды тексеріңіз.
Егер 2-науа орнатылмаса, тек [1-науа] пайда болады.
Әдепкі: [Авто]
• Авто
Құрылғы бірдей өлшемді қағазы бар 1-науаны және 2-науаны пайдаланады. Бұл
жағдайда құрылғы жүйе баптаулары астындағы [Қағаз науасының басымдығы] ішінде
басым науа ретінде көрсетілген науадан басып шығара бастайды. Егер сол науада
қағаз таусылса, құрылғы басып шығаруды жалғастыру үшін автоматты түрде басқа
науаға ауысады.
291
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• 1-науа
• 2-науа
TX қосымша файлын жою
Құрылғының жадында қалған жіберілмеген факс тапсырмаларын жояды. Құрылғы 5
жіберілмеген факстарға дейін сақтай алады.
Бұл функция тек таңдалған кезде орындалады.
• Таңдалған файлды жою
Факс тапсырмасын жою үшін қалаған тапсырманы таңдап, [Иә] түймесін таңдаңыз.
[Жоқ] түймесін таңдасаңыз, факс тапсырмасын жоймастан мәзір тармағының алдыңғы
деңгейіне шығады.
• Барлық файлдарды жою
Факс тапсырмаларын жою үшін [Иә] түймесін таңдаңыз. [Жоқ] түймесін таңдасаңыз,
факс тапсырмасын жоймастан мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне шығады.
Байланыс параметрлері
• ECM жіберуі
Құрылғының жіберу кезінде жоғалатын деректердің бөліктерін автоматты түрде қайта
жіберуін теңшейді.
Бұл функция Интернет факс жіберілімімен қолжетімді емес.
Әдепкі: [Қосулы]
• Өшірулі
• Қосулы
• ECM қабылдауы
Құрылғының қабылдау кезінде жоғалатын деректердің бөліктерін автоматты түрде алуын
теңшейді.
Бұл функция Интернет факсын қабылдау функциясымен қол жетімді емес.
Әдепкі: [Қосулы]
• Өшірулі
• Қосулы
• Теру үнін анықтау
Құрылғы мақсатты жерді автоматты түрде теруді бастамас бұрын теру үнін анықтауға
орнатылады.
Әдепкі: [Жою]
• Анықтау
• Анықтамау
• Жіберу жылдамдығы
292
Факс мүмкіндігінің баптаулары
Факс модемі үшін жіберу жылдамдығын көрсетеді.
Әдепкі: [33, 6 Кб/сек]
• 33,6 Кбит/сек
• 14,4 Кбит/сек
• 9,6 Кбит/сек
• 7,2 Кбит/сек
• 4,8 Кбит/сек
• 2,4 Кбит/сек
• Қабылдау жылдамдығы
Факс модемі үшін қабылдау жылдамдығын көрсетеді.
Әдепкі: [33, 6 Кб/сек]
• 33,6 Кбит/сек
• 14,4 Кбит/сек
• 9,6 Кбит/сек
• 7,2 Кбит/сек
• 4,8 Кбит/сек
• 2,4 Кбит/сек
• JBIG
MMR-/MR-/MH сығылған кескіндерге қарағанда аздау байланыс уақытын талап ететін
JBIG сығылған кескіндерді жіберу және қабылдау мүмкіндігін береді.
Бұл функцияны пайдалану үшін [ECM жіберілімі] және [ECM қабылдауы] қосылуы
қажеттігін ескеріңіз.
Бұл функция Интернет факсы функциясымен қолжетімді емес.
Әдепкі: [Белсенді]
• Белсенді
• Белсенді емес
Есеп басып шығару параметрлері
• TX күйі есебін басып шығару
Құрылғының факс жіберуден кейін жіберу есебін автоматты түрде басып шығаруын
теңшейді.
Құрылғы Бірден жіберу режимінде болғанда түпнұсқаның суреті [Тек қате (Сурет
тіркелген)] немесе [Әрбір TX (Сурет тіркелген)] параметрі таңдалса да есепте
көрсетілмейді.
LAN-Fax жіберуі үшін жад қатесі орын алса, жіберу есебі осы баптауға қарамастан
үнемі басып шығарылатынын ескеріңіз.
293
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Жіберу есебі A4 немесе Letter өлшемді қағазға басып шығарылады.
Әдепкі: [Әрбір TX (Сурет тіркелген)]
• Тек қате
Жіберу қатесі орын алған кезде есепті басып шығарады.
• Тек қате (Сурет тіркелген)
Жіберу қатесі орын алған кезде түпнұсқа кескінімен есепті басып шығарады.
• Әрбір TX
Әрбір факс жіберуі үшін есепті басып шығарады.
• Әрбір TX (Сурет тіркелген)
Әрбір факс жіберуі үшін түпнұсқа кескінімен есепті басып шығарады.
• Басып шығармау
• Факс журналын басып шығару
Құрылғыны әр 50 факс тапсырмасы сайын факс журналын басып шығаруға орнатады
(жіберілген және қабылданған).
Факс журналы A4 немесе Letter өлшемді қағазға басып шығарылады.
Әдепкі: [Авто басып шығару]
• Автоматты басып шығару
• Автоматты басып шығармау
294
Факстың мекенжай кітабы баптаулары
Факстың мекенжай кітабы баптаулары
Бұл бөлімде факстың Тез теру/жылдам теру баптаулары сипатталған.
Факс тағайындауларын факстың тез теру/жылдам теру ішінде тіркеу
Осы мәзір арқылы факс тағайындауларын Мекенжай кітабында тіркеңіз.
• [Мекенжай кітабы] мәзіріне кіруге арналған құпиясөз [Әкімші құралдарын құлыптау]
түймесінде көрсетіледі.
• Факс тағайындауларын тіркеу рәсімі туралы мәлімет алу үшін 215-бет "Басқару тақтасы
арқылы факс тағайындауларын тіркеу" бөлімін қараңыз.
• [Әкімші құралдарын құлыптау] туралы мәлімет алу үшін 318-бет "Әкімші параметрлері"
бөлімін қараңыз.
Факстың мекенжай кітабы параметрлері
Жылдам теру тағайындауы
Жылдам теру жазбалары үшін факс нөмірі мен атын көрсетеді. 20 жылдам теру жазбасына
дейін тіркей аласыз.
• Нөмір
Жылдам теру нөмірін көрсетеді.
• Факс нөмірі
Жылдам теру жазбалары үшін факс нөмірін көрсетеді. Факс нөмірі 40 таңбаға дейін,
соның ішінде 0 - 9 сандарын, үзілісті, " ", " ", және бос орынды қамти алады.
• Ат
Жылдам теру жазбалары үшін атты көрсетеді. Ат 20 таңбаға дейін қамти алады.
Факстың жылдам теру тағайындаулары
Жылдам теру жазбалары үшін факс нөмірі мен аттты көрсетеді. 200 жылдам теру жазбасына
дейін тіркей аласыз.
• Нөмір
Жылдам теру нөмірін көрсетеді.
• Факс нөмірі
295
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Жылдам теру жазбалары үшін факс нөмірін көрсетеді. Факс нөмірі 40 таңбаға дейін,
соның ішінде 0 - 9 сандарын, үзілісті, " ", " ", және бос орынды қамти алады.
• Ат
Жылдам теру жазбалары үшін атты көрсетеді. Ат 20 таңбаға дейін қамти алады.
296
Жүйе баптаулары
Жүйе баптаулары
Бұл бөлімде құрылғының жұмыс баптаулары сипатталған.
Жүйе баптауларын өзгерту
Тақта пернесінің дыбыс деңгейін өзгерту рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
RU CMF134
2.
[Жүйе баптаулары] параметрін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
3.
[Дыбыс деңгейін реттеу] пәрменін таңдау үшін [ ][
] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
4.
[Тақта пернесінің дыбысы] параметрін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
5. Дыбыс деңгейін өзгерту үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
6. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
Жүйе баптауының параметрлері
Бұл бөлімде жүйе баптауының параметрлері сипатталған.
• Пайдаланып отырған үлгі түріне байланысты кейбір элементтер пайда болмауы мүмкін.
Дыбыс деңгейін реттеу
Құрылғы шығаратын дыбыстар деңгейін көрсетеді.
297
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Әдепкі: [Төмен] [Панель түймелерінің дыбысы] үшін және [Орташа] басқа параметрлер үшін.
• Тақта пернесінің дыбысы
Түйме басылған кезде шығатын дыбыстың деңгейін көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
• Қоңырау деңгейі
Қоңырау қабылданғанда, қоңыраудың деңгейін көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
• Тұтқаны көтермеу режимі
Тұтқаны көтерместен сөйлесу режимінде динамиктен шығатын дыбыстың деңгейін
көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
• Тапсырманы аяқтау үні
Тапсырма аяқталған кезде шығатын дыбыстың деңгейін көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
• Тапсырма қатесінің үні
Факс жіберуде қате болған кезде шығатын дыбыстың деңгейін көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
• Дабыл деңгейі
298
Жүйе баптаулары
Әрекетте қате болған кезде шығатын дыбыстың деңгейін көрсетеді.
• Өшірулі
• Төмен
• Орташа
• Жоғары
Науа қағазының баптаулары
• Қағаздың түрі: 1-науа
1-науа үшін қағаз түрін көрсетеді.
Әдепкі: [Тегіс қағаз]
Жұқа қағаз, Кәдімгі қағаз, Қайта өңделген қағаз, Түсті қағаз, Letterhead, Алдын ала
басылған қағаз, Алдын ала тесілген қағаз, Жапсырма қағазы, Құжат қағазы, Ашық хат
қағазы, 1-қалың қағаз, 2-қалың қағаз
• Қағаздың түрі: 2-науа
2-науа үшін қағаз түрін көрсетеді.
Бұл баптау тек 2-науа орнатылған кезде пайда болады.
Әдепкі: [Тегіс қағаз]
Жұқа қағаз, Кәдімгі қағаз, Қайта өңделген қағаз, Түсті қағаз, Бланк, Алдын ала
басылған қағаз, Алдын ала тесілген қағаз, 1-қалың қағаз
• Қағаз түрі: Қосымша науа
Қосымша науаға арналған қағаздың түрін көрсетеді.
Әдепкі: [Тегіс қағаз]
Жұқа қағаз, Кәдімгі қағаз, Қайта өңделген қағаз, Түсті қағаз, Letterhead, Алдын ала
басылған қағаз, Алдын ала тесілген қағаз, Жапсырма қағазы, Құжат қағазы, Ашық хат
қағазы, Хатқалта, 1-қалың қағаз, 2-қалың қағаз, OHP
• Қағаз өлшемі: 1-науа
1-науа үшін қағаз өлшемін көрсетеді.
Әдепкі:
[A4],
[8 1/2 × 11]
A4, B5 JIS, A5, B6 JIS, A6, 8 1/2 × 14, 8 1/2 × 11, 5 1/2 × 8 1/2, 7 1/4 × 10 1/2, 8 ×
13, 8 1/2 × 13, 8 1/4 × 13, 16K, Теңшелетін өлшем
• Қағаз өлшемі: 2-науа
2-науа үшін қағаз өлшемін көрсетеді.
Бұл баптау тек 2-науа орнатылған кезде пайда болады.
Әдепкі:
[A4],
[8 1/2 × 11]
A4, 8 1/2 × 11, B5 JIS, A5, 8 1/2 × 14, 5 1/2 × 8 1/2
• Қағаз өлшемі: Қосымша науа
299
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Қосымша науаның қағазы өлшемін көрсетеді.
Әдепкі:
[A4],
[8 1/2 × 11]
A4, B5 JIS, A5, B6 JIS, A6, 8 1/2 × 14, 8 1/2 × 11, 5 1/2 × 8 1/2, 7 1/4 × 10 1/2,
16K, 4 1/8 × 9 1/2, 3 7/8 × 7 1/2, C5 Env, C6 Env, DL Env, Теңшелетін өлшем
• Өткізу науасының басымдығы
Өткізу науасы арқылы баспа тапсырмаларын өңдеу әдісін көрсетеді.
Әдепкі: [Құрылғы баптау(лар)ы]
• Құрылғы баптау(лар)ы
Құрылғы барлық баспа тапсырмаларын құрылғы баптауларына қарай басып
шығарады.
Егер құрылғының және принтер драйверінің қағаз өлшемі/түрі баптаулары сәйкес
келмесе, қате орын алады.
• Кез келген өлшем/түр
Құрылғы барлық баспа тапсырмаларын принтер драйверінің баптауларына қарай
басып шығарады.
Тіпті егер құрылғының және принтер драйверінің қағаз өлшемі/түрі баптаулары
сәйкес келмесе, басып шығару жалғасады. Дегенмен, егер қағаз баспа
тапсырмасы үшін тым кішкентай болса, басып шығарылған кескін қиылады.
• Кез келген теңшелетін өлшем/түр
Құрылғы теңшелетін өлшемді баспа тапсырмаларын принтер драйверінің
баптауларына қарай және стандартты өлшемді баспа тапсырмаларын құрылғы
баптауларына қарай басып шығарады.
Теңшелетін өлшемді баспа тапсырмалары үшін, тіпті егер құрылғының және принтер
драйверінің қағаз өлшемі/түрі баптаулары сәйкес келмесе, басып шығару
жалғасады. Дегенмен, егер қағаз баспа тапсырмасы үшін тым кішкентай болса,
басып шығарылған кескін қиылады.
Стандартты өлшемді баспа тапсырмалары үшін, егер құрылғының және принтер
драйверінің қағаз өлшемі/түрі баптаулары сәйкес келмесе, қате орын алады.
• Қағаз науасының басымдығы
Науа автоматты түрде таңдалуға теңшелген кезде құрылғының алдымен тапсырма үшін
пайдалануға болатын қағаз науасын көрсетеді.
Егер бірнеше науада жарамды қағаз болса, құрылғы табатын бірінші науа басып
шығару үшін пайдаланылады; осы науада қағаз таусылған кезде құрылғы басып
шығаруды жалғастыру үшін келесі науаға автоматты түрде ауысады.
[2-науа] тек 2-науа орнатылған кезде пайда болады.
Барлық функциялар үшін әдепкі: [1-науа]
• Принтер
300
Жүйе баптаулары
Алдымен басып шығару жұмысына науаны автоматты түрде таңдау қашан
көрсетілгенін тексеру үшін науаны таңдаңыз.
• 1-науа
• 2-науа
• Қосымша науа
• Көшіргіш
[A4] немесе [8 1/2 × 11] мәні көшіру баптауларының астындағы [Қағазды таңдау]
пәрмені үшін таңдалған кезде алдымен тексерілетін науаны таңдаңыз.
• 1-науа
• 2-науа
• Қосымша науа
• Факс
[Автоматты] мәні факс мүмкіндігі баптаулары астындағы [Қағаз науасын таңдау]
үшін таңдалған кезде алдымен тексерілетін науаны таңдаңыз.
• 1-науа
• 2-науа
Енгізуді/шығаруды күту уақыты
• USB
Деректер компьютерден USB арқылы жіберіліп, деректер кедергі болғанда құрылғының
деректерді басып шығаруын неше секунд күтенінін көрсетеді. Егер құрылғы көрсетілген
уақыт ішінде ешқандай деректер қабылдамаса, құрылғы тек алынған деректерді басып
шығарады. Егер басып шығаруға басқа порттардан жиі кедергі келсе, күту уақытын
көбейтіңіз.
Әдепкі: [60 сек. ]
• 15 сек.
• 60 сек.
• 300 сек.
• Желі
Деректер компьютерден желі арқылы жіберіліп, деректерге кедергі болғанда
құрылғының деректерді басып шығаруын неше секунд күтенінін көрсетеді. Егер құрылғы
көрсетілген уақыт ішінде ешқандай деректер қабылдамаса, құрылғы тек алынған
деректерді басып шығарады. Егер басып шығаруға басқа порттардан жиі кедергі келсе,
күту уақытын көбейтіңіз.
Әдепкі: [60 сек. ]
• 15 сек.
• 60 сек.
301
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• 300 сек.
• Құрсауланған басып шығару
Құрылғы енді Құрсауланған баспа файлдарын сақтай алмағанда, жаңа Құрсауланған
баспа файлын қанша секунд ұстап тұратынын көрсетеді. Осы уақыт ішінде жаңа
Құрсауланған баспа файлын басып шығаруға немесе жоюға болады. Сонымен қатар,
жаңа Құрсауланған баспа файлын құрылғыға сақтай алу үшін бар Құрсауланған баспа
файлын басып шығаруға немесе жоюға болады.
Әдепкі: 60 секунд
• 0 - 300 секунд
• Тұрақты USB порты
Бір принтер/LAN-Fax драйверін бірнеше құрылғы үшін немесе USB қосылымында емес
пайдалануға болатынын көрсетеді.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
Егер құрылғының үлгісі бірдей болса, компьютерге орнатылған принтер/LAN-Fax
драйверін орнату үшін бастапқыда пайдаланылғаннан басқа кез келген
құрылғымен пайдалануға болады.
• Өшірулі
Жеке құрылғылар үшін принтер/LAN-Fax драйверін бөлек орнату керек, себебі
бастапқыдан басқа құрылғы USB қосылымында жаңа құрылғы ретінде танылады.
Автоматты жалғастыру
Құрылғының қағаз өлшеміндегі немесе түріндегі қатені елемей басып шығаруды
жалғастыруын теңшейді. Басып шығару қате болған кезде уақытша тоқтайды және басқару
панелінде жасалған параметрлерді пайдаланып шамамен он секундтан кейін автоматты
түрде қайтадан басталады.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
• Өшірулі
Тонерді үнемдеу
Құрылғыны азайтылған тонерді пайдалануға орнатады (көшіргіш функциясы арқылы
жасалған баспалар үшін).
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
• Өшірулі
302
Жүйе баптаулары
Күй береді
Шығыс материалдары туралы ақпаратты көрсетеді. Бекіту құралын, бергіш шығыршықты
немесе қағазды беру шығыршығын ауыстыру үшін сауда немесе қызмет өкіліне
хабарласыңыз.
• Баспа картриджі:
Қалған тонер мөлшерін көрсетеді.
(Жаңа),
,
,
,
,
(Ауыстыру қажет)
• Бекіту құралы:
Бекіту құралының қалған мөлшерін көрсетеді.
(Жаңа),
,
,
,
,
(Ауыстыру қажет)
• Бергіш шығыршық:
Бергіш шығыршықтың қалған мөлшерін көрсетеді.
(Жаңа),
,
,
,
,
(Ауыстыру қажет)
• Қағазды беру шығыршығы
Қағазды беру шығыршығының қалған мөлшерін көрсетеді.
(Жаңа),
,
,
,
,
(Ауыстыру қажет)
Сканердің жылжымалы бөлігі
• Сканердің жылжымалы бөлігін құлыптау
Құрылғы ішіндегі сканерлеу құрылғысын бастапқы күйіне қайтарады. Құрылғыны
тасымалдамас бұрын, сканерлеу құрылғысын бастапқы күйіне қайтару үшін осы
функцияны пайдаланыңыз.
Сканерлеу құрылғысын бастапқы күйіне қайтару үшін [Иә] параметрін таңдаңыз.
Сканерлеу құрылғысын бастапқы күйіне қайтармай мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне
өту үшін [Жоқ] параметрін таңдаңыз.
Принтерді тіркеу
Егер қажет болса, әрбір науа тіркеуін реттеңіз. -15 және +15 арасындағы тіркеу мәнін
реттеуге болады (яғни, -1,5 және +1,5 мм, 0,1 мм еселігінде).
[Көлденең: 2-науа] және [Тік: 2-науа] тек 2-науа орнатылған кезде пайда болады.
[Көлденең: екі жақты: арты] және [Тік: екі жақты: арты] тек 2-түр үлгісі үшін пайда болады.
Әдепкі: 0 барлық параметрлер үшін
• Көлденең: 1-науа
1-науа тіркеуін көлденең реттеу үшін осыны таңдаңыз.
303
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• Тік: 1-науа
1-науа тіркеуін тік реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Көлденең: 2-науа
2-науа тіркеуін көлденең реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Тік: 2-науа
2-науа тіркеуін тік реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Көлденең: өткізу науасы
Өткізу науасының тіркеуін көлденең реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Тік: өткізу науасы
Өткізу науасының тіркеуін тік реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Көлденең: екі жақты: арты
Екі жақты артқы жағы тіркеуін көлденең реттеу үшін осыны таңдаңыз.
• Тік: екі жақты: арты
Екі жақты артқы жағы тіркеуін тік реттеу үшін осыны таңдаңыз.
Сканерлеуді жылыту уақыты
Егер құрылғы температурасы төмен бөлмеде пайдаланылса, құрылғы түпнұсқаларды анық
сканерлей алмауы мүмкін. Осы баптау үшін [Ұзын] параметрін таңдау сканерлеу сапасын
жақсартуы мүмкін.
Әдепкі: [Қалыпты]
• Қалыпты
Бөлме температурасы шамамен 19 °C (66,2 °F) немесе жоғары болған кезде осыны
таңдаңыз.
• Ұзын
Бөлме температурасы шамамен 18 °C (64,4 °F) немесе төмен болған кезде осыны
таңдаңыз. Бұл құрылғының сканерлеу құралының жылыну уақытын шамамен 10 секундқа
ұзартады.
Төмен ылғалдылық режимі
Егер құрылғы ылғалдылық деңгейі төмен бөлмеде пайдаланылса, қалыңдығы бірнеше
миллиметрлік қара жолақтар арасында 75 миллиметрлік бос орынмен баспаларда көрінуі
мүмкін. Осы баптау үшін [Қосулы] параметрін таңдау осы сызықтардың көрінуіне тыйым
салуы мүмкін (осы баптау күшіне енгенше шамамен бір күн күтіңіз).
Осы баптау қосылған кезде құрылғының 10 минут сайын өзіндік қызмет көрсетуді автоматты
түрде орындайтынын ескеріңіз.
Әдепкі: [Өшірулі]
• Қосулы
304
Жүйе баптаулары
• Өшірулі
Сурет тығыздығы
Баспаларда кескіндер тығыздығын реттейді.
Әдепкі: 0
• -3 - +3
305
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Желі параметрлері
Бұл бөлімде желі баптаулары сипатталған.
Желі баптауларын өзгерту
Желі жылдамдығын өзгерту рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
RU CMF134
2.
[Желі баптаулары] параметрін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
3. Егер құпиясөз теру сұралса, сан пернелерін пайджаланып құпиясөзді енгізіп, [OK]
пернесін басыңыз.
4.
[Ethernet] параметрін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
5.
[Ethernet жылдамдығын орнату] пәрменін таңдау үшін [ ][
] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
6. Желі жылдамдығын таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
7. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• [Желі баптаулары] мәзіріне кіруге арналған құпия сөзді [Әкімші құралдарын құлыптау] ішінде
көрсетуге болады.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
• [Әкімші құралдарын құлыптау] туралы мәлімет алу үшін 318-бет "Әкімші параметрлері"
бөлімін қараңыз.
306
Желі параметрлері
Желі баптауының параметрлері
Бұл бөлімде желі баптауының параметрлері сипатталған.
Ethernet
• MAC мекенжайы
Құрылғының MAC мекенжайын көрсетеді.
• Ethernet жылдамдығы
Ағымдағы Ethernet жылдамдық параметрін көрсетеді.
• 100 Мбит/сек толық дуплекс
• 100 Мбит/сек жартылай дуплекс
• 10 Мбит/сек толық дуплекс
• 10 Мбит/сек жартылай дуплекс
• Ethernet қолжетімді емес
Желі кабелі қосылмаған кезде пайда болады.
• Ethernet жылдамдығын орнату
Ethernet байланысы үшін жылдамдықты көрсетеді. Желі ортасына сәйкес келетін
жылдамдықты таңдаңыз.
Көптеген желілер үшін әдепкі параметр оңтайлы параметр болып табылады.
Әдепкі: [Авто таңдау]
• Авто таңдау
• 100 Мбит/сек толық дуплекс
• 100 Мбит/сек жартылай дуплекс
• 10 Мбит/сек толық дуплекс
• 10 Мбит/сек жартылай дуплекс
IPv4 конфигурациясы
• DHCP
Құрылғыны оның IPv4 мекенжайын, ішкі желі пердесін және әдепкі қақпа мекенжайын
DHCP серверінен автоматты түрде алатын етіп орнатады.
Әдепкі: [Белсенді]
• Белсенді
• Белсенді емес
• IP мекенжайы
DHCP пайдаланылмаған кезде құрылғының IPv4 мекенжайын көрсетеді.
307
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
DHCP пайдаланылған кезде ағымдағы IP мекенжайын тексеру үшін осы мәзірді
пайдаланыңыз.
Әдепкі: XXX.XXX.XXX.XXX
"X" арқылы көрсетілген сандар желі ортасына қарай әр түрлі болады.
• Қосымша желі маскасы
DHCP пайдаланылмаған кезде құрылғының қосымша маскасын көрсетеді.
DHCP пайдаланылған кезде ағымдағы қосымша масканы тексеру үшін осы мәзірді
пайдаланыңыз.
Әдепкі: XXX.XXX.XXX.XXX
"X" арқылы көрсетілген сандар желі ортасына қарай әр түрлі болады.
• Желіаралық қалқан мекенжайы
DHCP пайдаланылмаған кезде құрылғының әдепкі желіаралық қалқанын көрсетеді.
DHCP пайдаланылған кезде ағымдағы әдепкі желіаралық қалқан мекенжайын тексеру
үшін осы мәзірді пайдаланыңыз.
Әдепкі: XXX.XXX.XXX.XXX
"X" арқылы көрсетілген сандар желі ортасына қарай әр түрлі болады.
• IP мекенжайы әдісі
IP мекенжайын алу әдісін көрсетеді.
• DHCP
• Авто IP
• Қолмен реттеу
• Әдепкі IP
IPv6 конфигурациясы
• IPv6
IPv6 қосуды немесе өшіруді таңдаңыз.
Әдепкі: [Белсенді]
• Белсенді
• Белсенді емес
• DHCP
Құрылғыны DHCP серверінен IPv6 мекенжайын алуға орнатады.
Әдепкі: [Белсенді емес]
• Белсенді
• Белсенді емес
• IP мекенжайы (DHCP)
308
Желі параметрлері
DHCP серверінен алынған IPv6 мекенжайын көрсетеді.
• Қолмен реттеу мекенжайы
• Қолмен реттеу мекенжайы
DHCP пайдаланылмаған кезде құрылғының IPv6 мекенжайын көрсетеді. 39 таңбаға
дейін таңба болуы мүмкін.
Таңбалар енгізу туралы мәлімет алу үшін 128-бет "Таңбаларды енгізу" бөлімін
қараңыз.
• Қосымшаның ұзындығы
0 және 128 аралығындағы мәнді пайдаланып қосымшаның ұзындығын көрсетеді.
• Желіаралық қалқан мекенжайы
Әдепкі желіаралық қалқанның IPv6 мекенжайын көрсетеді. 39 таңбаға дейін таңба
болуы мүмкін.
Таңбалар енгізу туралы мәлімет алу үшін 128-бет "Таңбаларды енгізу" бөлімін
қараңыз.
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай
Маршрутизатор хабарландыруынан алынған IPv6 бақыланбайтын күйдегі
мекенжайларды көрсетеді.
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай 1
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай 2
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай 3
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай 4
• Жергілікті қосылатын мекенжай
IPv6 жергілікті қосылатын мекенжайды көрсетеді.
• Желі конфигурациясы туралы ақпарат алу үшін желі әкімшісіне хабарласыңыз.
309
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Тізімдерді/есептерді басып шығару
Бұл бөлімде басып шығаруға болатын есептердің түрлері сипатталған.
Теңшелім бетін басып шығару
Теңшелім бетін басып шығару үшін төмендегі рәсімді орындаңыз.
1.
[Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
RU CMF134
2.
[Тізімді/есепті басып шығару] пәрменін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
3.
[Теңшелім беті] параметрін таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
4. Растау экранында [Иә] түймесін басыңыз.
Теңшелім беті басып шығарылады.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
Тізімдердің/есептердің түрлері
Теңшелім беті
Жалпы ақпаратты және құрылғының ағымдағы конфигурациясын басып шығарады.
Факс журналы
Соңғы 50 тапсырма үшін факс жіберу және қабылдау журналын басып шығарады.
TX/RX күту файлының тізімі
Құрылғының жадында басып шығарылуы, жіберілуі нмесе қайта жіберілуі қажет қалған факс
тапсырмаларының тізімін басып шығарады.
310
Тізімдерді/есептерді басып шығару
Жылдам теру тағайындауының тізімі
Сканерлеу және факс жылдам теру жазбаларының тізімін басып шығарады.
Факс жылдам теру тағайындауының тізімі
Жылдам теру жазбаларының тізімін басып шығарады.
• Тез теру нөмірі бойынша сұрыптау
Тез теру тіркеу нөмірі бойынша сұрыпталған жазбалары бар тізімді басып шығарады.
• Аты бойынша сұрыптау
Аты бойынша сұрыпталған жазбалардың тізімін басып шығарады.
Сканер мақсатты жерінің тізімі
Сканерлеу мақсатты жерінің тізімін басып шығарады.
Сканер журналы
Соңғы 100 Электрондық поштаға сканерлеу, FTP серверіне сканерлеу және Қалтаға
сканерлеу тасымалының сканер журналын басып шығарады.
Техникалық қызмет көрсету беті
Техникалық қызмет көрсету бетін басып шығарады.
Арнайы жіберуші тізімі
Арнайы жіберуші факстарының тізімін басып шығарады.
• Есептер A4 немесе Letter өлшемді қағазда басып шығарылады. Есептерді басып шығармастан
бұрын мына қағаз өлшемдерінің біреуін науаға салыңыз.
• Қағаз салу туралы мәлімет алу үшін 101-бет "Қағаз салу" бөлімін қараңыз.
Теңшелім бетін оқу
Жүйе сілтемесі
• Модель атауы
Құрылғы үлгісінің атауын көрсетеді.
• Құрылғының идентификаторы
Құрылғыға өндіруші тағайындаған сериялық нөмірді көрсетеді.
• Жалпы жад
Құрылғыға орнатылған жалпы жад көлемін көрсетеді.
• Жүктеуші нұсқасы
Құрылғы жүктеушісінің нұсқасын көрсетеді.
311
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• Ендірілген ақпарат нұсқасы
Құрылғы шағын бағдарламасының нұсқасын көрсетеді.
• Қозғалтқыш FW нұсқасы
Құрылғы қозғалтқышы бағдарламасының нұсқасын көрсетеді.
Қағаз кірісі
2-науа туралы мәліметтер тек ол орнатылған кезде пайда болады.
• 1-науа
Қағаз өлшемі және түрі баптауларын көрсетеді.
• 2-науа
Қағаз өлшемі және түрі баптауларын көрсетеді.
• Қосымша науа
Қағаз өлшемі және түрі баптауларын көрсетеді.
• Науа басымдылығы
Факс, принтер және көшірме басым науасы баптауларын көрсетеді.
• Өткізу науасының басымдығы
Өткізу науасының басымдығы баптауларын көрсетеді
Санағыш
Есептегіш мәліметтерін көрсетеді.
• Жалпы есептегіш
• Принтер
• Сканер
• Факс
• Көшіргіш
• Екі жақты
Күй береді
Шығыс материалдарының деңгейлері туралы ақпаратты көрсетеді.
• Баспа картриджі
• Бекіту құралы
• Қағазды беру шығыршығы
• Бергіш шығыршық
Жүйе баптаулары
Жүйе баптауларын көрсетеді.
312
Тізімдерді/есептерді басып шығару
Әкімші құралдары
Әкімші баптауларын көрсетеді.
Көшіру баптаулары
Көшіру баптауларын көрсетеді.
Сканерлеу баптаулары
Сканер баптауларын көрсетеді.
Интернет факсы (T. 37)
Интернет факсы баптауларын көрсетеді.
• SMTP сервер мекенжайы
• Электрондық пошта мекенжайы
• POP сервер мекенжайы
• POP тіркелгісі
• Әкімшінің электрондық пошта мекенжайы
• Автоматты POP
• POP аралығы
• Түпнұсқалығын растау (Интернет факсын жіберу)
• Түпнұсқалығын растау (Интернет факсын қабылдау)
• Интернет факсын жіберу
• Қате туралы ескерту электрондық поштасы
• POP сервері: электрондық хабарды қабылдау баптауы
• Жүйеге бекітілген мәтінді кірістіру
Факс мүмкіндіктері
Факс баптауларын көрсетеді.
Желі баптаулары
Мына элементтер баптауларын көрсетеді:
• MAC мекенжайы
• Ethernet жылдамдығын орнату
• TCP/IP
• SNMP
• Электрондық пошта
IPv6 конфигурациясы
IPv6 баптауларын көрсетеді.
• IPv6
313
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• DHCP
• IP мекенжайы
• Бақыланбайтын күйдегі мекенжай
• Жергілікті қосылатын мекенжай
• Қолмен мекенжайы
• Қосымшаның ұзындығы
• DNS әдісі
• Бастапқы DNS сервері
• Қосымша DNS сервері
• Домен атауы
• Әдепкі шлюз
• Шлюз (қол мекенжайы)
LDAP теңшелімі
LDAP баптауларын көрсетеді.
• 1-LDAP сервер мекенжайы
• 2-LDAP сервер мекенжайы
• 3-LDAP сервер мекенжайы
• 4-LDAP сервер мекенжайы
• 5-LDAP сервер мекенжайы
• Аутентификация
• Іздеуді күту уақыты
Факс журналын оқу
Нөмір
Тапсырма нөмірін көрсетеді.
Күні/Уақыты
Факс жіберу үшін басталу күні мен уақытын көрсетеді.
Факс қабылдау үшін күні мен уақытын көрсетеді.
Байланыс түрі
Мына мәліметтерді көрсетеді:
• Жіберу: факс жіберілген.
• Қабылдау: факс қабылданған.
• LAN-Fax: факс LAN-Fax арқылы жіберілген.
314
Тізімдерді/есептерді басып шығару
• I-Fax жіберу: факс Интернет факсы арқылы жіберілген.
• I-Fax қабылдау: факс Интернет факсы арқылы қабылданған.
• Қайта жіберу: факс қайта жіберілген.
Ұзақтық
Факс жіберу немесе қабылдау үшін жұмсалған уақытты көрсетеді.
Жіберуші/тағайындау
Қабылданған факс үшін жіберуші тіркеген факс нөмірін немесе факс Интернет факсы арқылы
қабылданған кезде электрондық пошта мекенжайын көрсетеді.
Жіберілген факс үшін жіберу әдісіне қарай мына мәліметтерді көрсетеді:
• Егер сыртқы телефон пайдаланылған болса: қабылдаушы тарап тіркеген факс нөмірін
көрсетеді.
• Егер Тез теру/жылдам теру пайдаланылған болса: тағайындау үшін тіркелген атты
көрсетеді; егер ат бағдарламаланған болмаса, тағайындаудың факс нөмірін көрсетеді.
• Егер басқару тақтасының сан пернелері арқылы факс нөмірі енгізілген болса: терілген
факс нөмірін көрсетеді.
• Егер факс компьютерден жіберілген болса (LAN-Fax): терілген факс нөмірін көрсетеді.
• Егер факс Интернет факсы арқылы жіберілген болса: тағайындаудың электрондық пошта
мекенжайын көрсетеді.
Беттер
Жіберілген немесе қабылданған беттер санын көрсетеді.
Нәтижелер
Факс жіберу немесе қабылдау нәтижесін көрсетеді. Егер факс байланысы кезінде қате орын
алса, қате кодын көрсетеді.
• Қате кодтары туралы мәлімет алу үшін 419-бет "Факс қателері" бөлімін қараңыз.
Жіберуді/қабылдауды күту файлдарының тізімін оқу
Нөмір
Тапсырма нөмірін көрсетеді.
Күні/Уақыты
Факс жадта сақталған күні мен уақытын көрсетеді.
Түрі
Мына мәліметтерді көрсетеді:
• Қайта теру: жіберу автоматты қайта теру арқылы орындалған.
315
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
• Тарату: жіберу тарату арқылы орындалған.
• LAN-Fax: жіберу LAN-Fax арқылы орындалған.
• Қайта жіберу: жіберу қайта жіберу арқылы орындалған.
• Жад жіберуі: жіберу басқа әдіс арқылы орындалған.
• Қабылдау: факс қабылданған.
Жіберуші/тағайындау
Қабылданған факс үшін жіберуші тіркеген факс нөмірін немесе факс Интернет факсы арқылы
қабылданған кезде электрондық пошта мекенжайын көрсетеді.
Жіберілген факс үшін жіберу әдісіне қарай мына мәліметтерді көрсетеді:
• Егер сыртқы телефон пайдаланылған болса: қабылдаушы тарап тіркеген факс нөмірін
көрсетеді.
• Егер Тез теру/жылдам теру пайдаланылған болса: тағайындау үшін тіркелген атты
көрсетеді; егер ат бағдарламаланған болмаса, тағайындаудың факс нөмірін көрсетеді.
• Егер басқару тақтасының сан пернелері арқылы факс нөмірі енгізілген болса: терілген
факс нөмірін көрсетеді.
• Егер факс компьютерден жіберілген болса (LAN-Fax): терілген факс нөмірін көрсетеді.
• Егер факс Интернет факсы арқылы жіберілген болса: тағайындаудың электрондық пошта
мекенжайын көрсетеді.
Беттер
Факс құрамындағы беттер санын көрсетеді.
Сканер журналын оқу
Нөмір
Тапсырма нөмірін көрсетеді.
Күні
Жіберу күнін көрсетеді.
Уақыт
Жіберу аяқталған уақытты көрсетеді.
Түрі
Жіберу әдісін көрсетеді.
Тағайындау
Сканерлеу тағайындауын көрсетеді.
Файлдар
Жасалған файлдар санын көрсетеді.
316
Тізімдерді/есептерді басып шығару
Түс
Сканерлеу орындалған түс режимін көрсетеді.
Пішім
Файл пішімін көрсетеді.
Нәтижелер
Жіберудің сәтті аяқталғанын немесе орындалмағанын көрсетеді.
317
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Әкімші параметрлері
Бұл бөлімде әкімші баптаулары сипатталған.
Әкімші баптауларын өзгерту
Қуатты қосқаннан кейін қосу режимін өзгерту рәсімі үлгі ретінде берілген.
1.
[Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
RU CMF134
2.
[Әкімші құралдары] параметрін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK] түймесін
басыңыз.
3. Егер құпиясөз теру сұралса, сан пернелерін пайджаланып құпиясөзді енгізіп, [OK]
пернесін басыңыз.
4.
[Функция басымдығы] параметрін таңдау үшін [ ][ ] пернелерін басып, [OK]
түймесін басыңыз.
5. Қажетті режимді таңдау үшін [
][
] пернелерін басып, [OK] түймесін басыңыз.
6. Бастапқы экранға оралу үшін [Пайдаланушы құралдары] пернесін басыңыз.
• [Әкімші құралдары] мәзіріне кіру үшін құпия сөзді [Әкімші құралдарын құлыптау] терезесінде
көрсетуге болады.
• Мәзір тармағының алдыңғы деңгейіне өту үшін [Escape] пернесін басуға болады.
• [Әкімші құралдарын құлыптау] туралы мәлімет алу үшін 318-бет "Әкімші параметрлері"
бөлімін қараңыз.
318
Әкімші параметрлері
Әкімші баптауының параметрлері
Бұл бөлімде әкімші баптауының параметрлері сипатталған.
Күнді/уақытты орнату
Құрылғының ішкі сағатының күнін және уақытын орнатады.
• Күнді орнату
Құрылғының ішкі сағатының күнін орнатады.
Тек жыл мен айға сәйкес келетін күн орнатылады. Сәйкес келмейтін күндерден бас
тартылады.
Әдепкі күн пішімі:
[Күн/Ай/Жыл],
[Ай/Күн/Жыл]
• Күн пішімі: Ай/Күн/Жыл, Күн/Ай/Жыл немесе Жыл/Ай/Күн
Жыл: 2000-2099
Ай: 1-12
Күн: 1-31
• Уақытты орнату
Құрылғы ішкі сағатының уақытын орнатады.
Әдепкі уақыт пішімі:
[24 сағаттық пішім],
[12 сағаттық пішім]
• Уақытт пішімі: 12 сағаттық пішім, 24 сағаттық пішім
AM/PM белгісі: AM, PM (12 сағаттық пішім үшін)
Сағат: 0 - 23 (24 сағаттық пішім үшін ) немесе 1 - 12 (12 сағаттық пішім үшін )
Минут: 0-59
Бағдарлама факсы туралы ақпарат
Құрылғының факстық атауы мен факс нөмірін көрсетеді.
• Нөмір:
0-9, бос орынды және "+" қоса ең көп 20 таңба арқылы құрылғының факс нөмірін
көрсетеді.
• Аты:
20-ға дейінгі әріп және сандық құрылғының факстық атауын көрсетеді.
Теру/басу телефоны
Телефон желісінің түрін көрсетеді.
Бұл баптауды теңшеу үшін, телефон компаниясына хабарласыңыз және телефон желісіне
қарай баптауды таңдаңыз. Қате параметрді таңдау факс жіберудегі сәтсіздіктерге әкелуі
мүмкін.
[Телефон теру(20PPS)] құрылғының елдік параметріне байланысты көрсетілмеуі мүмкін.
319
7. Басқару тақтасын пайдаланып құрылғыны теңшеу
Әдепкі: [Түймесі басылатын телефон]
• Басу телефоны
• Теру телефоны (10 импульс/сек)
• Теру телефоны (20 импульс/сек)
PSTN / АТС
Құрылғыны жалпы қосылған телефон желісіне (PSTN) немесе жеке телефон станциясына(PBX)
қосылуға орнатады.
Әдепкі: [PSTN]
• PSTN
• АТС
АТС қатынас нөмірі
Құрылғы PBX желісіне қосылғанда сыртқы желіге кіретін теру нөмірін көрсетеді.
Осы параметрдің PBX параметріне сәйкес келетінін тексеріңіз. Кері жағдайда сыртқы
мақсатты жерлерге факс жібере алмайтын боласыз.
Әдепкі: 9
• 0-999
Функция басымдығы
Қуат қосылған немесе [Жүйені автоматты түрде қайта орнату таймеріне] белгіленген уақыт
ағымдағы режимнің бастапқы экраны көрсетілген кезде әрекетсіз өткен кезде қосылған
режимді көрсетеді.
Әдепкі: [Көшіргіш]
• Көшіргіш
• Факс
• Сканер
Жүйені автоматты түрде қалпына келтіру таймері
Құрылғыны [Функция басымдығы] ішінде көрсетілген режимге оралтуға орнатады.
Әдепкі: [Қосулы] (30 секунд)
• Қосулы (30 сек. , 1 мин. , 2 мин. , 3 мин. , 5 мин. , 10 мин. )
• Өшірулі
Қуатты үнемдеу режимі
Құрылғыны қуатты үнемдеу үшін Қуат үнемдеу режиміне, Қуат үнемдеу режимі 1 немесе Қуат
үнемдеу режимі 2 режимдерін енгізуге орнатады. Құрылғы баспа тапсырмасын алған,
қабылданған факсты басып шығарған немесе [Көшіру] немесе [Бастау] пернесі басылған
кезде Қуатты үнемдеу режимінен шығады.
• Қуатүнемдеурежимі1
320
содержание .. 6 7 8 9 ..
|
||
|
|
|