Қызба синдромы (37). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

  Главная       Тесты      Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары (2017)

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1      2      3      4      ..

 

 

 

 

Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер. Тесттік тапсырмалары (2017) - 3

 

 

  

Қызба синдромы (37). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

38 жастағы ер адамда, 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі  бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке.

 Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

1)  өкпе рагінің

2) жедел бронхиттің

3) +ошақты пневмонияның

4 ) крупозды пневмонияның

5) өкпенің ошақты туберкулезінің

 

 

! 72  жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын ер адам, өте жоғары дене қызуы критикалық  түскенде  кенеттен әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі  айнып,  лоқсу пайда болды. Объективті: ер адам бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер,ЖСЖ – 120 рет мин,  жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ – 80/50мм.с.б.б..

Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* сепсистің

* кардиогенді шоктың

* +өкпе артериясының тромбоэмболиясының

* инфекциялық -токсикалық шоктың

* жедел респираторлы дистресс-синдромның

 

 

! 48 жастағы әйелді, 50 мл көлеміндегі шырышты- іріңді қақырықты жөтел, дене қызуының  38оС дейін көтерілуі, ентігу мазалайды. Алғаш рет 6-7 жыл бұрын ауырған, соңғы 2 жылда аурудың өршуі жиілеген. Өкпеде тынысы әлсіз, барлық өкпе беткейінен құрғақ және ылғалды әртүрлі көлемдегі сырылдар естіледі.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* пневмония

* өкпе туберкулезі

* бронхоэктазды ауру

*+ созылмалы іріңді бронхит

* созылмалы катаральды бронхит

 

! 25 жастағы әйел жанұялық дәрігерге шырышты - іріңді қиын бөлінетін қақырықты жөтелге, дене қызуының 37оС көтерілуіне шағымданып қаралды. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Жауырын аралық аймақтың  сол жағынан құрғақ сырылдар естіледі. Жалпы қан анализі өзгеріссіз.  Науқастың  8-10 апталық мерзімді жүктілігін ескерсек, қандай емді тағайындаған БАРЫНША тиімді:

* гентамицинді

*+ ампицилин

* азитромицин

* доксициклин

* ципрофлоксацинді

 

! 38  жастағы әйел,  ентігу, құрғақ жөтел, тершеңдік, әлсіздік, дене қызуының  38оС көтерілуіне  шағымданады.  3-ай бұрын ЖРВИ мен ауырған. Қарап тексергенде:  мойын, қолтық, шап лимфа түйіндері  1,5 см дейін ұлғайған және ауырмайды. Кеуде торшасы терісінде түйінді эритема. Қанда: ЭТЖ – 35мм/сағ; АЛТ - 128 Б/л, АСТ - 78 Б/л, жоғарылаған. Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +саркоидоздың  

* өкпе амилоидозаның

* ауруханадан тыс пневмонияның

* фиброздаушы альвеолиттің

* оң өкпенің ошақты туберкулезінің

 

 

 

! Емханаға 16-жаста ұл бала қызбаға, демалғанда кеудедегі күйдіру сезіміне, қиын бөлінетін жасыл-сары түсті қақырықпен күшті ұстамалы жөтелге, бұлшықеттердегі ауырсынуға, бас ауыруна, әлсіздікке шағымданып келді.  Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Өкпесінде қатқыл тыныс,  оң жақта жауырын астында ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.

Аталған диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* жедел бронхит

* жедел  ларингит

* +ауруханадан тыс  пневмония       

* бронхоэктаз ауруы

* жедел респираторлық вирустық инфекция

 

 

!  28 жастағы ер адамда, дене қызуының 38˚С-қа жоғарылап; кілегейлі қақырықпен жөтел, әлсіздік пайда болған. Суықтағаннан кейін кенеттен ауырды. Объективті: өкпеде бронхиальдытыныс, сырыл жоқ.  Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,5 мың, ЭТЖ- 20 мм/с.

Қандай диагноз болуыБАРЫНША мүмкін?

* +жедел бронхит

* жедел ринофарингит

* созылмалы бронхит, өршу

* ауруханада тыс  түбір маңы пневмониясы

* өкпенің созылмалы обструктивті ауруының I дәрежесі, өршу кезеңі

 

! 43 - жастағы әйел дене қызуының 38,5˚С-қа жоғарылауына, тізе және шынтақ буындарындағы ауырсынуға; үдемелі ентігуге шағымданады.  Қараған кезде түйінді эритема анықталды. Рентгенограммада  өкпенің әдеттегі мөлдірлігі фонында екі жағындада түбір маңының лимфа түйіндері элипс түрінде үлкейген.  Жүргізілген антибактериальды терапия нәтиже бермеді. 

Төменде келтірілген диагноздың  қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* +саркоидоз

* туберкулез

* актиномикоз

* альвеококкоз

* пневмокониоз

 

 

! Анамнезінде, пансионаттар мен қонақ үйлерде кондиционер мен душ қолданғаны туралы көрсетілген, айқын уланумен фебрильді қызба, жөтел, диарея; лейкоцитоз лимфоцитопения, пневмонияның қандай түріне БАРЫНША тән:

* хламидиялық

*+легионеллездік

* микоплазмалық

* пневмококктық

* стафилококктық

 

! 47 жастағы қантты диабетпен ауыратын және пневмониямен емделіп жүрген әйел қайтадан қалтырап, шылқып терлеп,  дене қызуы 39оС  дейін жоғарылады. ТЖ -32 рет мин. ЖЖЖ -108 рет мин. Қанда: лейкоциттер- 18 мың, таяқша ядролы -14, сегмент ядролы -52, лимфоциттер - 34, ЭТЖ – 48мм/сағ. Қаннан алтынды стафилококк егіліп алынды. ЭхоКГ зерттеуде қақпақшалар өзгермеген.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

*+сепсистің

* инфекциялық эндокардиттің

* инфекциялық-токсикалық шоктың

* жедел тыныс жеткіліксіздігінің

* жедел респираторлық  дистресс-синдромының

 

 

 

!  22 жастағы студентте, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін іріңді қақырықпен жөтел, дене қызуының  38,5˚С-қа жоғарылауы, әлсіздік пайда болды. Объективті: өкпедегі тыныс қатаң, уілдеуші бірлі жарым сырылдар естіледі. Зерттеу жүргізгенде: лейкоциттер - 9,7 мың, эритроциттер - 4,5 млн, Нb – 160 г/л, ЭТЖ - 22 мм/с.

Төменде көрсетілген дәрілер қосындыларының қайсысын емдеу жоспарына қосу БАРЫНША тиімді?

*+ампициллин, лазолван

* эуфиллин, карбоцистеин

* химотрипсин, фенотерол

* бромгексин, преднизолон

* ампициллин, гидрокортизон

 

! 46 жастағы әйел адамда дене қызуы  38°С көтерілді, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезімі, көз астындағы ісінулер, жағымсыз иіспен жабыспақ тер пайда болған. 2 апта бұрын  стрептококкты инфекцияны өткерген. Объективті: «барабан таяқшалары» тәрізді саусақтар мен «сағат әйнектері» тәрізді тырнақтар.  Конъюнктиваның ауыспалы аймағында Лукин дақтары. ЖСЖ-100 рет 1 мин, Аускультативті: II қабырға аралықта оң жағында және Боткин нүктесінде диастолалық шу естіледі. ЭхоКГ: аортальды клапанның жармаларында 1,5 мм қозғалмалы вегетациялар, сол қарынша гипертрофиясы.

Келтірілген дәрілердің  қайсысын тағайындаған барынша тиімдірек?

*Нитраттар

*Метаболиктер

*+Антибиотиктер

* Антиоксиданттар

* Антикоагулянттар

 

 

! Фебрильді қызба, «Ослер» түйіндері, «Рот» дақтары, екі және одан да көп сынамада тұрақты  бактеремия, жылжымалы вегетациялар қайсыған БАРЫНША тән:

* Абсцеске

* Пневмонияға

* Перикардитке

*+Инфекциялық эндокардитке

* Ревматикалық емес миокардитке

 

 

! 26 - жастағы ер адам дене қызуына, қалтырауға, тершеңдікке, құрсақтың сол жақ бөлігіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: конъюктиваның өтпелі қабықшасында петехия, тырнақ астында сызықты геморрагия.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

* коагулограмма

* қанның жалпы анализі

*+қанды гемокультураға егу 

* қанның биохимиялық анализі 

* зәрдің жалпы анализі

 

! Эмболалық абсцесстер, лейкоцитоз, қайталамалы қалтыраулы гектикалық қызба мынаған БАРЫНША тән:

* +сепсиске

* малярияға

* ТІШҚҰ-синдромына

* жедел лейкозға

* іш сүзегіне

 

! 46 жастағы ер адам, қалтыраусыз, тұрақты супфебрильді қызбаға, айқын әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, аздаған сарғыштыққа шағымданады. Қанда: эр – 1,9 млн., Нв – 95 г/л, лейк – 2,2 мың, СОЭ – 23 мм/сағ, СРБ оң. Билирубин 34 мкмоль/л.

Қандай синдром онкологиялық аурудың болуның БАРЫНША мүмкін екендігін көрсетеді?

* сарғаю синдромы

* қызба синдромы

* жедел фазалы көрсеткіштер

* дене салмағын жоғалту синдромы

*+ панцитопениялық синдром

 

! 37 - жастағы әйел бел аймағындағы ауыру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауыру сезімі, қызба, дизурия мазалағын. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақтада оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады.

Төменде келтірілген аурурадың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* бүйрек рагы

*+пиелонефрит

* бүйрек амилоиидозы

* бүйрек поликистозы

* гломерулонефрит

 

! 56 - жастағы ер адамда, денесінің қызуы  1 ай  бойы 38,5°С  дейін жоғарылап, мезгіл-мезгіл ауыру сезімінсіз макрогематурия пайда болған. Антибиотиктермен ем нәтиже бермеген. АҚҚ 140/80 мм.с.б.б. Қанда гемоглобин - 175 г/л, ЭТЖ - 50 мм/сағ.

Аталған диагноздардың қайсысының  болуы барынша мүмкін?

* +бүйрек ісігінің

* амилоидоздың

* поликистоздың

* созылмалы гломерулонефриттің

* пиелонефритпен асқынған нефролитиаздың

 

 

70 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызбага байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм с.б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты.

Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы   барынша мүмкін:

* жедел гломерулонефриттің

* гепаторенальды синдромның

*+ гентамициннің нефротоксикалығының

* сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының

* жедел интерстициальды нефриттің   

 

!  24 - жастағы пациент, жөтел шырышты-іріңді қақырықпен, дене қызуының 38 С жоғарылауы, тершеңдік, бел аймағында ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: везикулалық тыныс, оң жақ бұғана үстінде бірен-саран құрғақ сырылдар. Соққылау симптомы екі жақтан оң. Ісінулер жоқ. Қанда: эритроциттер – 4,0 млн., Нв – 120 г/л, лейкоцит – 9,8 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1020, реакциясы қышқыл, белок – 0,99 г/л, лейкоциттер – 20 к/а, эритроциттер – 8-10 к/а. Кеуде торы рентгенограмасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі қарайған.

Төмендегі препараттар тобының қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* цитостатиктерді

* кортикостероидтарды

* +туберкулостатиктерді

* нитрофуран туындыларын

* стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды

 

! 12 жастағы қыз  дене қызуының кешкі мезгілде  37,5ºС  көтерілуіне, жүрек соғуына, тершеңдікке, жүрек тұсындағы жағымсыз сезімге, тізе буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 аптадан соң баспамен ауырғаннан кейін пайда болды. Қарағанда : бозарған, тізе буындары аздап ісінген, қозғалысы ауыру сезімімен. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.ТЖ 20 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ 92 рет/ мин. АҚҚ  95/70 мм с.б.  АСЛ-О 1250 ХБ/мл.

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?

*+Жедел ревматикалық қызба

* В-12 тапшылықты анемия    

* Тоқ ішектің ісігі                  

* Токсикалық дифтерия    

* ЖИТС                                    

 

! 33 жастағы әйелде  бір апта бойы дене қызуының 37,0-38,0ºС көтерілуіне, бел аймағындағы сыздап ауыру сезіміне, зәр шығуының жиілеуіне шағымданады. Қарағанда: тынысы везикулярлы, ТЖ 19 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 90 рет мин., АҚҚ 115/75 мм с.б. ЖҚА:  эритроциттер- 4,5 х 10^12 л,  лейкоциттер - 9,2х10^9 л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. ЖЗА: аздап бұлыңғыр, түсі: ашық- сары, тығыздығы-1007, лейкоциттер: 20-30 к/а, ақуыз : 0,055 г/л, шырыш: ++, бактериялар: +++ ,  жалпақ эпителий: 5-4-2 к/а, эритроциттер өзгермеген 1-2-0 к/а, қышқылдығы нейтральді.

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?

* Инфекциялы эндокардит

*+Созылмалы пиелонефрит

* Өкпе туберкулезі

* ДТЖ.Тиреотоксикоз

* Бруцеллез

 

! 26 жастағы әйел  жедел ауырған: жалпы айқын әлсіздік,  бас ауруы, жұтыну кезіндегі тамағының ауру сезімі, дене қызуының 38°С  дейін көтерілуі пайда болды. Об-ті: мұрын астымен сөйлейді, тыныс алудың қиындауы, тамағының ісінуі мен қызаруы. Бадамшалары, таңдай, тілшік қиын алынатын  ақ жабындымен қапталған,  оны қырып алғанда орны қанайды.  Региональді лимфа бездері екі жағынан да аздап ұлғайған. Мойыннан бұғанаға дейінгі тері астының ісінуі байқалады.

 

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?

* СПИД

* Токсикалық дифтерия   

* Тоқ ішектің ісігі   

* В-12 тапшылықты анемия                                      

* Жедел ревматикалық қызба

 

! 18 жастағы студент аз мөлшердегі шырышты қақырығы бар  жөтелге, қалтырауға, 37,5-380С қызбаға, ентігуге, бас пен буын ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауруы 1 апта бұрын тамағының ауруымен, дауысының қырылдауымен басталған, содан соң жоғарыдағы шағымдары қосылды. Об-ті: өкпеде қатаң тыныс,  жергілікті  крепитация және аздаған құрғақ сырылдар естіледі. ТЖ – 20 рет мин. ЖҚА: эр.- 4,0х10/12/л, лейкоц.- 11,2 х10/9/л, ЭТЖ 15 мм /сағ.

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?

* Бүйрек рагы

*+Пневмония

* Жедел бруцеллез

* Лимфогрануломатоз

* Ревматоидты артрит

 

! 18 жастағы қызда  әлсіздіктің күшеюі, субфебрилитет, ентігу, бас ауру, жүрек айну байқалады. Анамнезінде жиі баспалар. Қарап тексергенде беті ісінген, бозарған, сирақтары   мен тобықтары аздап  ісінген. АҚҚ  150/110 мм.с.б.б.  ЖҚА: эр.-3,0х10/12/л, Нв-108 г/л, лейкоц.-11,0 х10/9/л, ЭТЖ- 25 мм/сағ.  ЖЗА:  белок- 1,05, эритроциттер- к/а 30 дан көп, дәнді цилиндрлер.

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?

* Сепсис

* Менингит

* Сальмонеллез

*+Ку-қызбасы

* Гломерулонефрит

 

! 32 жастағы ер адамды бір ай шамасында мезгілді түрде субфебрильді қызба, бұлшықеттегі және табан ұсақ буындарының ауру сезімі, таңертеңгі уақыттағы құрысу мазалайды. Соңғы аптада білезік, шынтақ, иық, самай – төменгі жақ буындардың ауру сезімі қосылды. Ауру сезім көбінесе түнгі және таңертеңгі уақытта мазалайды, қозғалғанда күшейеді. Қарап тексергенде саусақ буындарының азадған ісінуі және пальпацияда ауырсынуы байқалады.

Осы клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз?               

* Бүйрек рагы

* Пневмония

* Жедел бруцеллез

* Лимфогрануломатоз

*+Ревматоидты артрит

 

! 67 жастағы ер адамды бір ай шамасында 37,5˚ С дейін қызба, жалпы әлсіздік, кей-кезде ауру сезімсіз макрогематурия мазалайды. Антибиотиктермен ем нәтижесіз. АҚҚ 150/80 мм.с.б. ЭТЖ 50 мм/сағ.

*+Бүйрек рагы

* Пневмония

* Жедел бруцеллез

* Лимфогрануломатоз

* Ревматоидты артрит

 

! 17 жастағы жасөспірімде дене қызуы 38 °С  дейін жоғарылауы, тамағының ауыру сезімі, мұрыннан спонтанды қан кету, сүйектерінің сырқырап ауыруы, әлсіздік мазалайды. Қарағанда: терісінің бозаруы, жайылған  лимфоаденопатия. Бауыр мен көкбауырдың төменгі бөліктері пальпацияланады. Жалпы қан анализінде анемия, өте жоғары лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Науқасты тексерудің БАСТАПҚЫ  САТЫСЫНДА   БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

* Құрсақ қуысының МРТ 

* Нәжісті ішек құртына тексеру

* Жұлын сұйықтығының пункциясы

* Қол- саусақ рентгенографиясы

*+ Стернальді пункция

 

! 19 жастағы әскери қызметкер мұрын бітелуіне, жөтелге, қызбаның 37,3° - 37,8°С көтерілуіне шағымданған. Өздігінен тетрациклин қабылдаған. Аурудың 3-ші күніне жағдайы кенет нашарланып, дене қызуы  40°С жоғарылаған. Қалтырау, басының қатты ауруы мен қайталамалы құсу қосылған. Қарағанда  жағдайы ауыр, санасы тежелген, адинамиялы, қоршаған ортаға реакциясы селқос. Тері қабаттары бозғылт, бетінде, денесінде және қол-аяқтарында “жұлдызша” тәрізді геморрагиялық бөртпелер. Жалпы гиперестезия, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі анықталады.

Науқасты тексерудің БАСТАПҚЫ  САТЫСЫНДА   БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

* Құрсақ қуысының МРТ 

* Нәжісті ішек құртына тексеру

*+Жұлын сұйықтығының пункциясы

* Қол- саусақ рентгенографиясы

* Стернальді пункция

 

! Жас ер кісі су құбырындағы 3-ші жұмыс күнінде тамағынның ауруы, қалтырау, дене қызуының 39-40оС-қа жоғарылауы, әлсіздік, бас ауру, жүрек айну, ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданды. Кейін кеуде тұсындағы қадап ауыру сезімі, шырышты қақырықты жөтел қосылып, ентігу күшейе бастады.

Науқасты тексерудің БАСТАПҚЫ  САТЫСЫНДА   БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

* АНА мен  анти-ДНК-ға қан анализі

*+Рентгенография  грудной клетки

* МТ-ға  қақырық анализі

* Жалпы зәр анализі

* Эхокардиография       

 

37 жастағы әйелде 1,5-2 ай бойы дене қызуының  37-37,50С дейін көтерілуіне,жүрек қағуы,салмағының азаюы, ашушаңдық,ұйқысының бұзылуы,жиі бас ауруына,үлкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданады. Осыған байланысты жұмысында конфликттер пайда болды.Қарағанда: арық,эмоциональді тұрақсыз,жылауық. Көз жылтырының күшеюі,сирек жыпылықтауы байқалады. АҚҚ 150/95 мм.с.б. ЖСЖ 110 рет мин. «Телеграф бағана» симптомы оң,  жабық қабақтар және созылған қолдың треморі, «жуан мойын» симптомы.  Қандағы холестерин мөлшері  2,5 ммоль/л

Клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.

* Малярия

* Пневмония

* Токсикалық дифтерия                      

* Лимфогрануломатоз

*+ ДТЗ. Тиреотоксикоз

 

Студент қыз  22 жаста,  1,5-2 ай бойы дене температурасының  37,5 0С  көтерілуіне,түнгі тершеңдікке,қалтырауға,арықтауға,жөтелге,етеккірінің бұзылуына,әлсіздіктің күшеюіне шағымданады.Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық,арық, боз,беттері  ал қызыл.Дене қызуы 38 0 С. Терісі ылғалды,сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы,  ауру сезімінсіз. Өкпеде тыныс везикулярлы,  сол жақ бұғанаасты  және қолтық астында тынысы әлсіреген,майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.ТЖ 20 рет мин. Гемограмма: эр. - 3,2 х1012л, Нв - 100 г/л,  лейкоц. - 10,2 х 109л, т/я – 2%, с – 78%, л – 16%, м – 4%, ЭТЖ- 30 мм/сағ.

Берілген клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.

* +Өкпе туберкулезі

* ЖИТС

* Жұқпалы эндокардит

* Лимфогрануломатоз

* Созылмалы пиелонефрит

 

33 жастағы әйел ұзақ уақытқа созылған  35 тен 390С дейін көтеріліп түсетін қызбаға, қалтырауға, айқын өрістеуші әлсіздікке, арықтауға, қабырға астылық ауру сезімге шағымданады. 2 ай бұрын тісін жұлдырған. Гентамицин, амоксициллинмен ем нәтижесіз. Қарағанда: жүдеген, бозарған. Лимфа түйіндерінің барлық топтары пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз. Өкпесінде кей бір аймақтарында крепитация және майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ – 28 рет мин. Тахикардия, ЖСЖ – 104 мин. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен,  көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады, ауыру сезімді. ЖҚА: эритроциттер-2,5млн, лейкоциттер-17,5мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ.

Берілген клиникалық жағдайға қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.

* Ку-қызба

* Менингит

* + Сепсис

* Лимфогрануломатоз

* Бүйрек рагы

 

Әйел 2 жыл бойы гемодиализ қабылдайды.Соңғы 3 айда дене қызуы жоғарылап, қалтыраумазалайды. Өткізілген  антибиотикотерапияның нәтижесі аз.Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырылдар жоқ,ТЖ 20 р мин. Жүрек тондары тұйықталған,1тон әлсіреген,жүрек ұшында бұрын болмаған систолалық шу естіледі.ЖСЖ 92  рет/ мин, АҚҚ 170/100 мм с.б.б. Қанда жоғары лейкоцитоз, нейтрофилез, токсикалық  дәнді нейтрофилдер. ЭТЖ30 мм /сағ.

Науқасты тексерудің БАСТАПҚЫ  САТЫСЫНДА   БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

*  ҚҚМ УДЗ

*  Коронароангиография

*+ Эхокардиография

* Өкпе рентгенографиясы

* Бүйрек сцинтиграфиясы

 

Әйел 37 жаста,дене қызуының 37-38 0 С-қа жоғарылауына, әлсіздікдің күшеюіне,арықтауға,бетінде, мойнында, декольте аймағында бөртпелердің пайда болуына,буындарындағы ауру сезіміне,қан қысымының көтерілуіне шағымданады.ЖҚА: лейкопения, аздаған анемия, ЭТЖ-32 мм/сағ.ЖЗА: белок 0,99 г/л , эритроциттер -10-15 к/а, лейкоциттер-8-10к/а.

БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

* + Қан анализін АНА және анти-ДНК-ға тексеру

* Жұлын сұйықтығының пункциясы

* Стернальды пункция

* Өкпе рентгенографиясы

* Құрсақ қуысының МРТ

 

Басқа аймақтан жұмыс жасауға келген құрылысшы ұзаққа созылған қызбаға,әлсіздікке,түнгі уақыттағы тершеңдікке, қақырықты жөтелге,жүдеуге,жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне шағымданады.Өз бетінше жөтелге қарсы дәрілер қолданады, амоксициллин-нәтижесі жоқ. Флюорограммада  инфильтративті өзгерістер анықталған.

БАРЫНША АҚПАРАТТЫ зерттеу әдісін таңдаңыз?

* + Қақырықты Кох бактериясына тексеру

* Жұлын сұйықтығының пункциясы

* Нәжісті ішек құртына тексеру

* Құрсақ қуысының МРТ

* Эхокардиография

 

20 жастағы студент дене қызуының  37,50С дейін жоғарылауына, жабысқақ-шырышты қақырықпен қатты жөтелге, тамағының ауруына,  кеуде артындағы тырнап ауру сезімге, бас және бұлшық еттегі ауру сезімге, қатты тершеңдікке шағымданады. Қарағанда:  аңқаның гиперемиясы, жұтқыншақтың артқы қабырғасындағы дәнді бөртпелер, бадамшаларының ісінгені анықталды.Өкпеде қатаң тыныс, ызылдаған сырылдар.Қан анализінде  лейкоциттер 8,0 мың, ЭТЖ 12 мм/сағ.

Науқасты емдеудің БАРЫНША нәтижелі әдісін таңдаңыз.

* Макролид тобының антибиотиктері

* + Қақырық түсіруші, парацетамол, көп мөлшерде сұйықтық ішу

* Tиреостатиктер

* Туберкулезге қарсы терапия

* Витамин В12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1      2      3      4      ..