Кеудедегі ауру сезімі синдромы (88). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

  Главная       Тесты      Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары (2017)

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..        1      2      ..

 

 

 

 

Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер. Тесттік тапсырмалары (2017) - 1

 

 

 

 

 

Кеудедегі ауру сезімі синдромы (88). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

 

 

! Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты      гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің  БАРЫНША мүмкін қоздырғышы:

* +кандидалар

* эхинококтар

* аспергиллалар

* микоплазмалар

*  ішек таяқшалары

 

! 16 жасар техникум оқушысында, суықтанудан дене қызуы көтеріліп, кеуде торшасындағы күйдіру сезімі, жасыл-сарғыш түсті, қиын бөлінетін қақырық, ұстама тәрізді қалжырататын жөтел, әлсіздік, бас және бұлшық еттердегі ауыру сезімі, суықты көтере алмау (суықта кенет аяқ башпайылары және қолдың саусақтарының ұштарында ауыру сезімі) пайда болды. Топта бірнеше адамның ауырғаны анықталды. Физикалық тексергенде оң жақтың төменгі бөлігінде қатаң тыныс, бірен-саран сырылдар естіледі. Қанның иммуноферментті анализінде аурудың жасушаішілік қоздырғышы анықталды.

Төмендегі қоздырғыштардың қайсысы ауруды шақыруы БАРЫНША мүмкін:

* +хламидия

* клебсиелла

* пневмококк

* стафилококк

* көк ірің таяқшасы

 

! 67 жастағы созылмалы алкоголизммен ауыратын және темекіні көп шегетін ер адам, суықтағаннан кейін ауыр жағдайда кеуде торшасының сол жағындағы ауыру сезіміне, шырышты -  іріңді қақырықпен жөтел, айқын ентігуге шағымданып түсті. Қараптексергенде: науқас мазасыз, тері жабындылары жер түстес. ТЖ - 36 рет мин. Сол жақ өкпенің жауырын астында ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек үндері тұйықталған. ЖЖЖ - 104 рет мин. АҚҚ – 110/70мм.с.б.б. Рентгенде – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде массивті инфильтрация анықталады.

Науқаста қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* миокардиттің

* өкпе артериясы эмболиясының

*+ тыныс жеткіліксіздігінің

* инфекциялы - токсикалық шоктың

* ересектердің респираторлы дистресс - синдромына

 

! 28 жастағы әйелде плевраның  үйкеліс шуылы естіледі. Рентгенде  өзгерістер жоқ. Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* +құрғақ плевриттің

* плевра эмпиемасының

* жедел пневмонияның

* экссудативті плевриттің

* бронхоэктаз ауруының

 

! 62 жастағы ӨСОА, тыныс жеткіліксіздігі, екіншілік эритроцитоз, декомпенсациялы өкпетекті жүрекпен ауыратын ер адамда, төс артындағы ауыру ұстамасы дамыды. Қарап тексергенде: ТЖ  - 18 рет мин., ЖЖЖ - 100 рет мин., АҚҚ - 120/80 мм.с.б.б.

Қандай препаратты тағайындау тыныс жеткіліксіздігінің күшеюіне әкелуі БАРЫНША мүмкін?

* изокетті

* аналгинді

* +морфинді

* баралгинді

* нитроглицеринді

 

!  ӨСОА-мен ауыратын науқастың негізгі базисті емі болуы БАРЫНША мүмкін:

* оксигенотерапия

* антибактериальды ем

* тыныс жеткіліксіздігін реттеу

* муколитикалық, мукорегуляторлық ем

* +бронхолитиктерді жүйелі қолдану

 

!  Бронхоэктаздық аурумен ауыратын ер адамда, күшті жөтелден кейін кенеттен оң жақ кеуде торшасында ауыру сезімі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: тыныс  алғанда кеуде торшасының сол жақ бөлігінің қалыңқылығы мен қабырғааралық ісінуі, перкуторлы – тимпанит анықталды.

Қандай асқынудың дамуы БАРЫНША мүмкін:

* ателектаз

* +пневмоторакс

* өкпе инфарктысы

* өкпе эмфиземасы

* экссудативті плеврит

 

!  46 жастағы ер адам, әлсіздік, субфебрилитет, кеуде торшасының оң жақ бөлігіндегі сыздап ауыру сезімі мен көп мөлшердегі жағымсыз иісті, іріңді қақырықты жөтелге шағымданады. ТЖ  мин.-26 рет.  Оңжақ өкпенің жоғарғы бөлігі үстінде амфоралық тыныс. Рентгенде: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде қуыс анықталды.

Келтірілген жағдайда төмендегі тәсілдердің  қайсысы БАРЫНША тиімді:

* плазмаферез курсы

* өкпе бөлігінің резекциясы 

* ампициллин инъекциясы

* левофлоксацин инфузясы

* +моксифлоксацинді қуыс ішіне енгізу

 

! Тромбофлебитпен ауыратын әйелде, тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауыру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үнінің акценті.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын БІРІНШІ кезекте қосқан жөн:

* антибиотиктерді

* бета-блокаторларды

* +антикоагулянттарды

* кортикостероидтарды

* АПФ ингибиторларын

 

Өкпенің«бұлыңғыр айна» және  «ұялы өкпе» рентгенологиялық симптомдары төменде көрсетілген  аурулардың қайсысына БАРЫНША тән?

* өкпе рагіне

* өкпе ателектазына

* 2 жақты пневмонияға

* спонтанды пневмотораксқа

* +идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке

 

! 43 - жастағы ер адам, сол қолға, жауырын астына берілетін  төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- V2-V4 шықпаларында STсегментінің элевациясы.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:

* ӨАЭС (ЧПЭС)

*+ коронарографияны

* вентрикулографияны

* миокардтың сцинтиграфиясын

*позитронды-эмиссионды томографияны

 

! Нитраттарды көк тамырға енгізу көрсеткішіне төмендегілердің барлығы жатады,мынадан басқасы:

*+ тұрақты стенокардия

* тұрақсыз стенокардия

*жедел миокард инфаркты

*вазоспастикалық стенокардия

* жедел солжақ қарыншаның жеткіліксіздігі

 

42 - жастағы ер адам,  таңалдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң.  

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* +ЖИА. Вазоспастикалық стенокардияның

* ЖИА. Үдемелі стенокардияның.

* ЖИА. Күштемелі стенокардия II ФК. 

* ЖИА. Күштемелі стенокардия III ФК.

* ЖИА. Күштемелі стенокардия IV ФК.

 

! 65 - жастағы ер адам, сол қолға берілетін, төс артындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. ЖСЖ – 92 рет мин. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ: v2-v4 әкетулеріндегі ST сегментінің элевациясы

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындау БАРЫНШАтиімді?

* ӨАЭС (ЧПЭС)

* вентрикулография

* +коронарография

* миокард сцинтиграфиясы

* позитронды-эмиссионды томография

 

Жедел коронарлық синдромға күдікті науқасты емдеуді, төмендегілердің барлығын қолданудан бастау қажет, мынадан басқасын:

* конкорды

* нитраттарды

* гепаринді

* аспиринді

* +нифедипинді

 

 ! 46 - жастағы ер адам, көшеде келе жатып, кенеттен эпигастрий аймағында ауыру, лоқсу сезініп, екі рет құсқан. Таңертең кеше кешке дайындалған тағамды қабылдаған. Науқасты инфекциялық ауруханаға жеткізген. Объективті: жағдайы орташа, тері жабындысы бозғылт. Жүрек үндері тұйық, сирек экстрасистолалар. ЖЖЖ - 98 рет мин. АҚ - 90/60 мм. с.б.б. Ішті сипағанда эпигастрийде аздаған ауыру сезімі байқалады. Асқазанды жуғаннан кейін ауыру төс артына ауысып, жағдайы кенеттен ауырлаған. ЭКГ: II, III, aVF әкетулерінде QS. Осы әкетулерде ST монофазды қисық түрінде.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* сальмонеллездің                                                     

* жедел гастриттің

*+ миокард инфарктысының

* жедел панкреатиттің

* тағамдық токсикалық инфекцияның

 

!  54 - жастағы ер адам, наркотикалық аналгетиктерге жойылмайтын төс артындағы басып ауыру, іштегі айқын қатты ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: тері жабындылары бозарған, жүрек үндері тұйықталған, ЖЖЖ -110 рет мин. АҚ - 90/60 мм с.б.б. Сипағанда іштің жоғарғы бөлігінде аздап ауыру байқалады. Эпигастрий аймағында құрсақ аортасының үстінен функциональдық систолалық шуыл естіледі. Нәжіс болған, жел шығады. ЭКГ: алдыңғы-перделік аймақтың тыртықтық өзгерісі. Қанда: лейк – 22 мың,т/я – 16, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Холестерин – 8,6 мкмоль/л, фибриноген – 6,2 г/л.. Бірнеше сағаттан кейін құрсақтың тітіркену синдромымен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы барынша мүмкін?

* панкреонекроздың

* бауырасты абсцесс

* ішектің жедел түйілуі

* құрсақ аортасы аневризмінің жыртылуы

*+ мезентериальды артерияның жедел тромбозы

 

53 - жастағы әйел, жүрек тұсының қысып ауыруы, ентігу, жүрек соғуы, шаршау және бас ауыруына шағымданады. Ауыру эмоциялық жүктемеден кейін күшейеді, тыныштықта басылмайды, нитроглицерин қабылдау көмектеспейді. Жатыр миомасымен операция жасатқан. Объективті: беті қызарған, ашушаң, эмоциональды лабильді,  ТЖ - 20 рет мин.,  ЖЖЖ –100 рет мин., АҚ - 155/75 мм с.б.б. ЭКГ: тахикардия, V1-V4әкетулеріндеТ-тісшесі теріс. Гормондарды тексергенде эстрогендер деңгейінің төмендегені анықталған.

Төмендегі диагноздардың қайсысы барынша мүмкін:

* артериальды гипертензиясы

* Q  тісшесіз миокард инфарктісі

* нейроциркуляторлық  дистониясы

* бірінші рет пайда болған стенокардия

*+ эндокринді генезді кардиомиопатия

 

Қандай метаболикалық кардиопатияға негізгі зат алмасудың төмендеуі, терінің құрғауы, брадикардия, ТТГ жоғарлауы Барынша тән?

* алкогольдік

* анемиялық

* +гипотиреоидтық

* гипертиреоидтық

* климактериялық

 

!  26 - жастағы ер адам, тұмаумен ауырғаннан кейін екі аптадан соң ентігу, жүрек аймағындағы ауыру сезімі мен дене қызуының жоғарлағанын  байқаған. Қарап тексергенде: ортопноэ, балтырлары ісінген. Өкпесінде іркілмелі, ылғалды сырылдар, ТЖ - 32 рет мин. Кардиомегалия. Жүрек үндері бәсең, жүрек ұшында III тон,  систолалық  шуыл естіледі, жыпылықтаушы аритмия. ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ - 100/60 мм.с.б.б. Бауыры 3 см  ұлғайған. Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлаған, кардиоспецификалық ферменттер ұлғайған.  ЭКГ- АВ-блокадасының І дәрежесі, жиі қарыншалық  экстрасистолалар. ЭхоКГ- сол жақ қарынша қуысының ұлғаюы, айдау фракциясы - 40%.

Сіздің диагнозыңыз?

* жалқық (выпотной) перикардит

* инфекциалық эндокардит

* жүйелі қызыл жегі

* +ревматизмдік емес миокардит

* ревматизмдік жүрек ақауы

 

! Жүрек өткізгіштігі мен ырғағының бұзылуы,  кенеттен пайда болған  тромбоэмболия, іркілмелі жүрек жетіспеушілікті кардиомегалия, мынаған  БАРЫНША тән:

* ревматизмдік емес кардиомиопатияға

*+ дилатациялық кардиомиопатияға

* гипертиреоидтық кардиомиопатияға

* климактериялық кардиомиопатияға

* гипертрофиялық кардиомиопатияға

 

!  Айдау фракциясы мен миокардтың жиырылу қабілетінің айқын жоғарылауы қайсыған  барынша тән:

* алкогольдік кардиомиопатияға

* ревматикалық емес миокардитке

* созылмалы өкпетекті жүрекке

* дилатациялық кардиомиопатияға

* +гипертрофиялық кардиомиопатияға

 

! Рентгенологиялық зерттеуде анықталатын: жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек пішінінің тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсация қандай ауруда болуы барынша мүмкін?

* плевритте

* пневмонияда

*+ перикардитте

* аорта аневризмасының сылынуында

*өкпе артериясының тромбоэмболиясында

 

!  Берілген бес белгінің ішінде төртеуі қандай ауруға жатуы барынша мүмкін екенін көрсетіңіз:1. Ауыру сезімі.  2. Үйкеліс шуы.  3. Парадоксальді пульс.  4. Қарынша аралық перденің гипертрофиясы.   5. Стандартты шықпаларда  ST- сегментінің  элевациясы:

* плевритке

* +перикардитке

* миокард инфарктысына

* өкпе артериясының тромбоэмболиясына

* гипертрофиялық  кардиомиопатиясына

 

!  Жыпылықтаушы аритмиямен асқынған дилатациялық кардиомиопатиямен ауыратын науқастарды варфаринмен емдегенде бақылау жүргізілуі міндетті:

* белсендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт

* +халықаралық  қалыптастырылған қатынасты

* қанның ұю уақытын

* қанағу ұзақтығын

* III антитромбинді

 

!  Суправентрикулярлы тахикардия мен ауыр синкопальді ұстамасы бар науқаста Холтерлі мониторлағанда «тахикардия-брадикардия» синдромы, ұзақ синусты паузалы өтпелі  синоатриальды блокада, қарынша үстілік ұстма анықталды. Аллапинмен емдеу әсер бермеді.

Көрсетілген емдеу әдістерінің қайсысы, БАРЫНША тиімді?

* электрлік  кардиоверсия

* аритмогенді аймақ абляциясы

* +кардиостимулятор имплантациясы

* аритмогенді аймақтың криодеструкциясы

* уақтша  эндокардиальды электростимуляция

 

!  Туа біткен жүрек ақауларын анықтауға төмендегі зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті?

* өңештік электростимуляция

* селективті коронарография

* электрокардиография

* фонокардиография

*+ эхокардиография

 

Перикардит кезіндегі ауыру синдромына төмендегі барлық белгілер тән, мынадан БАСҚАСЫ:

*горизонтальді қалыпта құрсақта күшеюі

* терең тыныс алғанда, жөтелгенде, жұтынғанда күшеюі

* +нитроглицерин қабылдағанда басылуы

* вертикальді қалыпта әлсіреуі

* ұзақ мерзім, бір қалыпты сипатта

 

!  79  жастағы әйел, төс артындағы басып ауыру, баспалдақтың 1 жартысына көтерілгендегі ентігу мен жүрек тұсындағы аритмияға шағымданады. Миокард инфарктысы болған.  Объективті: өкпесінде іркілмелі сырылдар, ЖЖЖ-106 рет мин. АҚ - 170/100 мм  с.б. Тропонин Т – теріс, холестерин - 6,2 ммоль/л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның алдыңғы, перде аралық, ұшы және бүйір қабырғасының тыртықты өзгерісі. ЭхоКГ: шығару фракциясы - 49,6%. Сол жақ қарыншаның алдыңғы, пердеаралық, ұшы және бүйір қабырғасында гипокинезия зонасы анықталған.

Созылмалы қан айналым жетіспеушілігін дәлелдейтін белгілерге жатуы барынша мүмкін:

*Жүрек тұсындағы ырғақ бұзылысы

*+Іркілмелі ылғалды сырылдар

*Төс артындағы басып ауыру

*ЭКГ –де  тыртықтық өзгеріс

*ЭхоКГ-да  гипокинезия аймағы

 

! Коронароангиографияны тағайындау мынада БАРЫНША тиімді:

*СЖШ декомпенсациясы

*+ЖИА үдемелілігі

* Жүрек ырғағының бұзылысы

* тұрақты стенокардияның I  -  II ФК

*тұрақты стенокардияның III—IV ФК

 

! Холтерлі мониторинг жүргізуге барлық көрсетілгендер жатады, біреуінен басқаСЫ:

*+тұрақты стенокардияның диагностикасы

* антиаритмиялық дәрілік заттардың тиімділігін бақылау 

* тәуліктік жүрек ырғағы  бұзылысының жиілігі мен жалпы ұзақтығын анықтау

* кардиостимулятордың жұмысын бақылау және оның жарамдылығын анықтау

* кенеттен жүректік өлім қаупі жоғары науқастарда жүрек ырғағын бағалау

 

 

! 50 - жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне ауыр жағдайда түсті. Науқас төс артындағы қарқынды ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозғылт. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 90/60 мм с.б.б. ЭКГ: коронарлы қан айналымның жедел бұзылысы. Ұстамалы қарынша үстілік тахикардия. Жедел жәрдем бригадасы ырғақты қалпына келтіру үшін изоптин, кордарон енгізген, ырғақ қалпына келмеген.  

Жүрек ырғағын шұғыл қалпына келтіру мақсатында жасау БАРЫНШАтиімді:

* аблацияны

* реваскуляризацияны

* электрокардиостимуляцияны

*+электрлік кардиоверсияны

* жүрекшелердің өңеш арқылы  электростимуляциясын

 

 

! 68 - жастағы ер адам, аздаған физикалық күштемеден кейін және тыныштықта мазалайтын төс артындағы басып ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Анамнезінде миокард инфарктысы. ЖЖЖ мин.- 62 рет. АҚ - 110/60 мм. с.б.б.Тропонин I-0 нг/мл. ЭКГ - созылмалы тәждік жетіспеушіліктің белгілері.

Емдеу жоспарына мынаны қосу  БАРЫНША тиімді:

* кетоналды

*+кардикетті

* дигоксинді

* коринфарды

* эуфиллинді

 

! 67 - жастағы ер адам, төс артындағы басып, күйдіріп ауыру сезіміне шағымданады. ЖИА мен ауырғанына 10  жыл болған. Миокард инфарктысы болған. 

Төмендегі тәсілдердің  қайсысы БАРЫНША тиімді? 

* үйдегі аурухана

* күндізгі аурухана

* жоспармен ауруханаға жатқызу

*+шұғыл ауруханаға жатқызу

* емханалық жағдайда тексеру

 

! 64 - жастағы ер адам, тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артындағы қысып ауыруға шағымданады.  Нитроглицерин көмектеспейді.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте  жүргізген барыншатиімді?

*+ЭКГ, тропонин Т-ны

* Tl201сцинтиграфияны

* эхокг  добутаминмен

* ЭКГ  физикалық күштемемен

* тәуліктік ЭКГ мониторлауды

 

! Қабыну  реакциясы, «механикалық шаршау», «асқынған атеросклероздық табақшалар» аймағындағы түйілу және ішіне қан құйылу, қандай стенокардияға тән?

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК I

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

* ЖИА. Күштемелі стенокардия  ФК III

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК IV

*+ЖИА. Үдемелі стенокардияға

 

! 62 - жастағы ер адам, реанимациялық бөлімге  сол қолға берілетін төс артының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсең, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм с.б.б. Бауыр қабырға доғасында. Ісіну жоқ.  ЭКГ: V2-V4 шықпаларында ST сегментініңэлевациясы.

Емдеу жоспарына төмендегілердің барлығын қосқан тиімді, мынадан басқасын:

* нитраттарды

* дезагреганттарды

* тромболитиктерді

* антикоагулянттарды

*+жүрек гликозидтерін

 

! 47 - жастағы ер адам ірі ошақты артқы диафрагмалық миокард инфарктысымен түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖЖЖ - 110 рет мин. АҚ-150/100 мм с.б.б. ЭхоКГ- да гипокинезия аймағы анықталған.

Тромболитиктерді қандай мерзімде тағайындаған барынша тиімді: 

*+алғашқы 6 сағатта

* алғашқы 24 сағатта

* екінші тәулікте

* тыртықтану кезеңінде

* жедел кезеңде

 

! 48 - жастағы ер адам, ірі ошақты миокард инфарктысымен емделді. 2-ші тәулікте кеуде торшасындағы күшті ауыру сезімі, ентігу сезіміне аздаған қанды қақырық бөлінетін жөтел қосылуы салдарынан жағдайы шұғыл нашарлаған. ЭКГ- алдыңғы қабырғаның миокард инфарктысының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі үшбұрыш тәрізді қарайған.

Қандай асқыну дамуы барынша мүмкін?

* өкпе ісінуі

* жедел аневризма

* жүрек тампонадасы

* Дресслер синдромы

* +өкпе артериясы бұтағының тромбоэмболиясы

 

! 52 - жастағы ер адам, трансмуралды алдыңғы-перделік миокард инфарктысымен емделді. Аурудың 3-ші күні жағдайы нашарлап, төстің сол жиегінде ІІІ-ші қабырға аралығында систолалық шуыл және оң қарыншаның үдемелі жетіспеушілік белгілері пайда болды.

Дамыған асқыну диагностикасын нақтылауда қандай тексеру әдісін жүргізу БАРЫНША тиімді?

* ЭКГ

* ӨАЭС (ЧПЭС)

*+ЭхоКГ

* селективті коронароангиография

* кеуде қуысы  торшасы ағзаларының рентгенография

 

! Жүрекше аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай патологоанатомиялық субстратты құрайды?

*+Фалло тетрадасын

* Эбштейн аномалиясын

* Лютембаш синдромын

* Эйзенменгер синдромын

* артериальдық өзекшенің бітіспеуін

 

! Жұқпалы эндокардит  емінің негізгі емдеу ұстанымдарына барлығы жатады, мынадан басқасы:

* емнің ұзақтығы  4-6 аптадан кем емес

*+дене  қызуы толық қалпына келгенде емді тоқтату

* консервативті ем тиімсіз болған жағдайда хирургиялық ем көрсетіледі

*  гломерулонефрит, васкулит кезінде глюкокортикоидтарды тағайындау

* қанда бактерицидты  антибиотиктердің жоғарғы концентрациясын жасау

 

 

! 73 жастағы ер адам, реанимация бөліміне ауыр жағдайда түсті. Төс артындағы  қатты басып ауыру сезімі ауруханаға дейінгі кезеңде жойылды. Объективті: тері жамылғылары сұрғылт, суық жабысқақ термен жабылған. Өкпеде- іркілісті сырылдар. Жүрек үндері тұйық, айқын тахикардия, АҚ - 30/0 мм с.б.б. ЭКГ: V2-V6  шықпаларында ST сегментінің депрессиясы.

Жедел жүрек жетіспеушілігінің белгілерін жою үшін мынаны БІРІНШІ кезекте енгізу барынша тиімді:

* лазиксті

* изокетті

*+допаминді

* промедолды

* тромбофлюксті

 

! 46 - жастағыер адам жедел коронарлық синдром диагнозымен аруханаға түскен. Төс артындағы күйдірген, тағамнан қабылдаған және физикалық күш түскеннен кейін, денесін төмен еңкейткенде пайда болатын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГ-да: V1-V3 шықпаларында  Т тісшесі теріс. Тәуліктік өңешішілік рН – метрияда өңеш рН-ы 3,5.

Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* эзофагиттің

* q тісшесіз инфаркттың

* тұрақсыз стенокардияның

* өңештің диффузды тарылуының

*+гастроэзофагальды рефлюксті аурудың

           

! 67 - жастағы әйел соңғы аптада күшейген төс артындағы ауыру сезіміне шағымданады, нитроглицерин әсері төмендеген. ЭКГ-да: ST сегменті 1,5 мм жоғарылаған.

Бірінші кезекте қандай  зерттеу әдістерін қолданған барынша тиімді?

* жалпы қан анализін

* гемостазды зерттеуді

*+тропонин деңгейін анықтауды

* трансаминаза деңгейін анықтауды

* қанның жеделфазалы көрсеткіштерге анализін

 

 

! Кардиологиялық бөлімшеге төс артындағы күшті күйдіріп ауыру сезімімен 78 жастағы науқас жеткізілді. Обективті: тері жамылғысы – сұрғылт, суық тер басқан. Жүрек үндері тұйықталған, ЖСЖ - 110 рет минутына, АҚ - 30/20 мм с.б.б. ЭКГ: II, III, aVF, V2-V6 шықпаларында ST сегментінің  элевациясы.

Төмендегі асқынулардың қайсысы дамуы БАРЫНША мүмкін?

* өкпе ісінуі

*+кардиогенді шок

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* эпистенокардиялық перикардит

* сол қарыншаның жедел аневризмасы

 

! 34 жастағы  әйел жүрек аймағындағы сыздаған ауыру сезіміне, ентігуге шағымданады. Об-ті: еріндеріндері көгерген, мойын тамырларының пульсациясы. Жүрек шекарасы солға 3,5 см ұлғайған. Жүрек ұшында I үн әлсіреген, өкпе артериясында II үннің акценті. I нүктеде қатаң, үрлмелі систолалық шуыл. ЖСЖ -112  рет мин. АҚ-140/80 мм с.б.б.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* солжақ атриовентрикулалық саңлаудың стенозының

* үшжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігінің

* қарынша аралық перденің ақауының

*+митральді қақпақшаның жеткіліксіздігінің

* қолқа сағасының стенозының

 

! Постинфаркты кардиосклерозбен 74 жастағы әйелді бір сағаттан көп изокет-спреймен әлсіз басылатын кеуде артындағы ауыру сезімі; жүрек тұсындағы ырғақты бұзылыстар, жүрек қағу, ентігу мазалайды. ЭКГда: жүрекше фибрилляциясы ҚЖЖ шамамен 140/мин. STV2-V4 депрессиясы.

Аритмия пароксизмін басу үшін көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

* обзидан

* дигоксин

* лидокаин

*+кордарон

* верапамил

 

! Созылмалы алкоголизммен ауыратын 54 жастағы ер адамды жүрек тұсында ұзақ сыздаған ауыру сезімі, жүктемеде ентігу, жүрек ырғағының бұзылыстары, аяқтарындағы ісінулер мазалайды. Объективті: ТАЖ – 32/мин, өкпесінде майда көпіршікті сырылдар. Жүрек үндері тұйықталған, аритмиялық, жүрек ұшында систолалық шу, ЖСЖ 50/мин. АД - 90/60 мм сб.б. ЭКГда: АВ – бөгеме I дәрежесі, политопты қарыншалық экстрасистолалар.

Көрсетілген медикаментозды емес тағайындаулардың қайсысы емдеу соңына БАРЫНША  нәтижелі әсер етеді?

* тәулігіне 1,0-2,0 дейін сұйықтықты шектеу

* калий және магний ем дәмін тағайындау

* физикалық жүктемені шектеу             

* тұзды  шектеу

*+алкоголдан бас тарту

 

! 42 жастағы ер адам алдыңғы жайылған Q-миокард инфарктын өткерді. Ауыру сезімін басқаннан кейін төсек режимін және дәрігер нұсқауларын сақтамады. Қарап тексергенде:  анық прекардиальді пульсация IV сол жақ қабырға аралықтан анық естіледі, «суып қалған ЭКГ», сол қарыншаның ішкі контурының тұрақты систолалық және диастолалық деформациясы анықталды.

Осы клиникалық көрініс қандай жағдайға БАРЫНША тән?

* миокард дискинезиясы 

* миокард гипокинезиясы

* сол қарынша дилатациясы

*+сол қарыншаның нағыз аневризмасы

* сол қарыншаның динамиялық аневризмасы

 

! 52 жастағы ер адам 150-200 м жүргенде және баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде сол қолға берілетін, изокет-спреймен басылатын, төс артындағы күйдіріп ауыратын сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, бірен-сараң қарыншалық экстрасистолалар. ЭКГ-да  – сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері. Стандартты терапия тағайындалынған, бір айдан кейін стенокардия толық басылған.

Көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы физикалық күштемеге толеранттылықтың жоғарлауын анықтау үшін БАРЫНША информативті?

* Сцинтиграфия

* Рентгенография

*+Велоэргометрия

* Коронарография

* Электрокардиография

 

! Инфаркт миокардын өткерген  78 жастағы әйел баспалдақпен бір қабатқа көтерілгенде пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімді,  ентігуді, жүрек соғысы мен аритмияны, бас айналуды байқаған. Объективті: өкпеде іркілісті ылғалды сырылдар, аяқтарында ісінулер. Жыпылықтаушы аритмия қарыншалардың жиырылу жиілігі 106 рет/мин. АҚ - 170/100 мм с.б.

Көрсетілген препараттардың қайсысы «ұрлау» синдромына мен коронарлы  ағыстың нашарлауына БАРЫНША алып келуі мүмкін?

* Капотен

* Небилет

*+Эуфиллин

* Фуросемид  

* Кардиомагнил

 

! Инфаркт миокардын өткерген  68 жастағы ер адам аздаған физикалық күштемеде және тыныштық жағдайда пайда болатын төс артындағы басып ауыратын сезімге, ентігуге шағымданады.  Об-ті: ЖСЖ – 62 рет мин. АҚ – 110/60 мм с.б. ЭКГ-да  – созылмалы  коронарлы жетіспеушілік белгілері. Тропонин I - 0 нг/мл.

Көрсетілген препараттардың қайсысын антиангинальді мақсатпен тағайындау БАРЫНША оптимальді:

* Изоптинді

* Кетоналды

* Аспиринді

* Аналгинді

*+Кардикетті

 

! Атеросклероз бойынша қауіп тобына кіретін 42 жастағы ер адамда ең алғаш рет аналгетиктермен басылатын төс артында қысқан тәрізді қарқынды ауру сезімі пайда болды. ЭКГ: Миокардтың алдыңғы қабырғасының ишемия белгілері, сол қарыншаның гипертрофиясы. Коронароангиографияда сол коронарлы артерияның алдыңғы қарыншааралық бұтағының 85% стенозы анықталды.

Емдік тактиканың ең қолайлысын таңдап алыңыз:

*+Стенттеу

* Трансплантация 

* Баллонды ангиопластика

* Аорто-коронарлы шунттау

* Маммарлы-коронарлы шунттау

 

! 76 жастағы ер адам сол қолға берілетін төс артындағы ауру сезіміне, жүрек тұсының қағып кетуіне, ентігуге шағымданады. Қараған кезде: өкпеде іркілісті сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған,ритмі ырғақсыз,бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы.  АҚ – 100/70 мм с.б.б. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы  ҚСЖ 140  мин. Созылмалы коронарлы жеткіліксіздіктің белгілері.

Негізгі терапияға аталған препараттардың қайсысын қосуға болады?

* Тромболитиктер

* Антиоксиданттар

* Кардиопротекторлар

* Кальций антагонистері

*+Жүрек гликозидтері

 

!  56 жастағы әйел күндіз дайындалған тамақты қолдануымен байланыстыратын кенетен эпигастрийдегі ауырсыну мен жүрек айнуына шағымданады. Өздігімен асқазанын жуып, одан кейін жағдайының тіпті нашарлауын байқаған. Об-ті: жағдайы ауыр, терісі бозғылт, суық терімен қапталған. Жүрек тондары тұйықталған, бірлі-жарым экстрасистолиялар. ЖСЖ – 118 рет мин. АҚҚ-80/60мм с.б.б. Ішінің пальпациясында эпигастрий аймағы керілген. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF  монофазды қисық.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

* Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Экстрасистолия I топ. Лаун бойынша.

* Q тісшелі алдыңғы-қалқалық миокард инфаркты. Рефлекторлы гипотензия. 

* Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты. Гиповолемиялық шок.

*+Q тісшелі артқы-диафрагмальді миокард инфаркты . Кардиогенді шок. 

* Q тісшелі артқы-бүйірлі миокард инфаркты. Кардиогенді шок. 

 

!  73 жастағы ер кісіде коронарлы ағымның үштамырлы зақымдалуы бар 73 жастағы ер кісіде актилизені ендірген соң ангинозды ауырсыну сақталған, қарыншалық тахикардия қайталануда, стенокардия ұстамалары қайталануда. Қандай емдеу әдісі БАРЫНША тиімді?

* Қайталамалы тромболизис

* Тері арқылы әрекет(вмешательство)

*+Аорто-коронарлы шунттау

* Консервативті терапияны жалғастыру

* Антиаритмиялық препараттарды қосымша тағайындау

 

!  Көрсетілген белгілердің қайсысы миокард инфарктісінің резорбционды-некротикалық синдромына  БАРЫНША жатуы мүмкін:

* Ентігу

*+Қызба

* Гипотония

* Жүрек тондарының әлсіреуі

* Галопты  протодиастолалық ырғақ

 

!  ААФ ингибиторлар тобының препараттарының нефропротективті эффектісіне не жатады :

* Бүйрек каналшалары клеткаларының эпителиальды пролиферациясы

* Мезангиальды матрикс синтезінің жоғарылауы

*+Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазодилатациясы

* Бүйрек тостағаншалары афферентті артериолалардың вазоконстрикциясы

* Тостағанша капиллярларында гидравликалық қысымның жоғарылауы

 

! Ревматикалық миокардит пен ревматикалық емес миокардитті ажырату диагностикасын жүргізу үшін барынша тән:

* Лейкоциттер мен ЭТЖ ның деңгейінің ұзақ және тұрақты жоғарлауы

*+Антистрептококкты антиденелердің жоғарғы титрі

* Трансаминаз белсенділігінің жоғарлауы

* Жеделфазалы белоктардың жоғарлауы

* Тропониндердің деңгейінің жоғарлауы

 

! 25 жастағы әйел,жүйелі қызыл жегімен 70 мг/тәу преднизолон алады. Әйелде жалқық перикардит, асцит, плевра қуысында жалқық пайда болды. Метилпреднизолонмен және циклофосфанмен пульс-терапия, плазмаферез жүргізуге қарамастан пациент плеврасында жалқық сақталады, плевралық сұйықтың анализі – лейкоциттер 10 000/мл, лимфоциттер – 65%.

Бұл жағдайда төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысы БАРЫНША тиімді?

* кең спектрлі антибиотиктерді қосу

* метилпреднизолонмен пульс-терапия

*+ туберкулезге қарсы терапия

* преднизолонды тоқтатып,азатиоприн және метотрексат тағайындау

* преднизолонды тоқтатып, дексаметазонды азатиопринмен қосып тағайындау

 

! 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының  болуы БАРЫНША мүмкін?

* кардия ахалазиясының

* өңеш дискинезиясының

* өңештің пептикалық жарасының

*+ гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

* көкеттің өңештік тесігінің жарығының

 

! 49 жастағы ер адам бірнеше жылдар бойы тамақтанған кейін және ауыр көтерген кезде, горизонтальды қалыпта күшейетін, кекіруден кейін азаятын, семсер тәрізді өсінді аймағындағы ауырсыну мен қыжылға шағымданады. Рентгенде өңештің абдоминальды бөлігінің, асқазанның кардиальды және фундальды бөліктерінің кеуде торшасына ығысуы анықталады. Кенеттен науқаста кеуде артында айқын ауыру сезімі, қан аралас құсық пайда болды.

Қандай емдеу тәсілі БАРЫНША тиімді?

* химиотерапия

* сәулелік терапия

* +оперативті ем

* консервативті ем

* санаторлы курорттық ем

 

! 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Соңғы 3-4 айда  тамақтанумен байланысты ұстама тәрізді ауырсыну сипатты тұйыққа ауысқан. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының  болуы  БАРЫНША мүмкін?

* асқазан полипінің

* Менетрие ауруының

* +асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

* асқазан ойық жарасының

* асқазан ойық жарасының пенетрациясының

 

!  66 жастағы әйел, майлы тағам жегеннен кейін пайда болып, жүрек аймағына берілетін  оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 3 жыл болған. Обьективті: дене қызуы 38,2º С,  сипағанда өт қабы  тұсында ауырсыну, Ортнер симптомы оң. Қанда лейкоциттер - 9,8 мың. ЭТЖ - 18 мм/сағ. Өтті зерттеуде: барлық порцияларда шырыш және лейкоциттер. 

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының  болуы БАРЫНША мүмкін?

* жедел холециститтің

* жедел аппендициттің

* созылмалы дуодениттің өршуі

* +созылмалы өт-тасты емес холециститтің өршуі

* 12-елі ішектің ойық жара ауруының өршуі

 

! 65 жастағы әйелде 2 айдан бері қатты тағам қабылдағанда жұтынудың қиындауы және 6 кг-ға дейін салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық байқалады.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

*+өңештің қатерлі ісігінің

* кардия ахалазиясының

* өңеш дивертикуласының

* өңеш дискинезиясының

* гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруының

 

! 49 жастағы ер адам, тамақ қабылдағаннан 40-60 мин кейін пайда болатын  эпигастрий аймағындағы басып ауыру, ауырлық сезімі, қышқылды ауамен кекіру, әлсіздік, тітіркенгіштікке шағымданады. Ауырғанына 3-4 жыл болған. Бір жыл бұрын асқазан полипіне байланысты операция ұсынылған. Обьективті: пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Қан анализінде: гипохромды анемия, гипопротеинемия. Рентгенде: асқазанның үлкен иіні мене синусы аймағындағы гигантты қатпарлардың пиязшыққа (привратникке иілетіні анықталған.

 Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША мәліметті?

* гастрографияны

* ирригоскопияны

* ректороманоскопияны

* биопсия мен колоноскопияны

*+көзделген биопсиямен ЭФГДС

 

!  35 - жастағы әйел, стресстен кейін тершеңдік, мазасыздық,  дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтары қалтырайды. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі,   ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған,  2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. 

 Төмендегі зерттеу әдісінің қайсысы БАРЫНША  мәліметті?

* ЭХОКГ

* АҚ тәуліктік мониторингі

* қалқанша безінің пункциясы

* +Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу

*  гликозилирленген гемоглобинді зерттеу

 

!  47 - жастағы әйел, седативті тұндырмаларды немесе валидолды қолданғаннан кейін басылатын жүрек аймағының қысып ауыруы, тершеңдік, бетінің гиперемиясымен қосарласатын жиі қызу сезімін байқаған. Науқаста 6 ай бойы аменорея. Объективті: тері жабындылары ылғалды, гиперемияланған. ЖЖЖ - 102 рет минутына. АҚҚ -145/85 мм.с.б.б. Анаприлиндік сынама оң. Қынап жағындысы атрофияланған.

Төмендегі диагноздың қайсысының болуы барынша  мүмкін:

* тиреотоксикоздың

* артериальді гипертензияның

* НЦД гипертониялық түрі

* +патологиялық климакстың 3 сатысының

* ЖИА. Күштемелі стенокардияның 3 ФК.  

 

!  60  жастағы ер адам  нитроглицерин қабылдауына басылмайтын, ұзақтығы 20 минуттан асатын кеуде артындағы қысқан тәрізді ауру сезімі шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Тексергенде жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, АҚ –100/70 мм сб. б.  Тропонин Т – 4,0 нг/мл. ЭКГ- комплекс QS  I, aVL, V1-3 комплекс QS  .

Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?

*+Миокард инфаркты

* Үдемелі стенокардия                               

* Жұқпалы эндокардит 

* Аорта аневризмасының сылынуы

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы                     

 

! 58 жастағы ер адам нитроглицерин қабылдауына басылатын, сол қолға беріліп, ұзақтығы 10 минутқа созылатын кеуде артындағы қысқан тәрізді ауру сезімге шағымданады. Ауыру сезімі 400 метр жүргенде пайда болады.

Берілген клиникалық жағдайда емдік бағдарламаға физикалық жүктеме алдында қандай топ препараттарын БАРЫНША қосу қажет?

*+Нитраттар

* Метилдопа

* Диуретиктер

* Антикоагулянттар

* Ангиотензин рецепторларының тежегіштері

                                                                                                                                                                                                                                                                                

 

! 70  жасар әйел наркотикалық анальгетиктерге басылмайтын төс артындағы қатты ауыру сезімге шағымданады. Анамнезінде ұзақ уақыт артериальды гипертензиямен зардап шегеді. Соңғы аптада гипотензивті препараттарды үнемі қабылдағанына қарамастан АҚ көтерілу эпизодтары жиеленді. Объективті: жүрек тондары бәсеңдеген, ырғағы дұрыс, аортада систолалық  шу. ЖСЖ-110 рет мин.  АҚ 100/60 мм сб.б.

Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?

* Жұқпалы эндокардит

* Вазоспастикалық стенокардия

*+Аорта аневризмасының сылынуы

* Гастроэзофагальды рефлюксті ауру

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы                     

     

!  45 жасар ер адамды әсіресе таңертенгілік уақытта қарқынды төс артындағы ауыру сезімі мазалайды.  Күндіз айқын физикалық жүктемені жақсы көтереді. Коронароангиография жасалынды  -  тәждік қантамырлар барлық жолында өткізгіштігі бар. ВЭӘ (ВЭМ) – теріс.

Диагнозды анықтауда  келесі қандай диагностикалық әдіс БАРЫНША маңызды болып табылады?

* ЭХОКГ

*+Эргометринді сынама

* Катехоламинді сынама

* Дексаметазонды сынама

* Өңешішілік электроынталандыру

                                                                                                                                                                                                                                                                                 

 

! 44 жасар әйел кеуде артында күйдіру тәрізді сезімдерге, жалпы әлсіздікке шағымданады.  Күйдіру тәрізді сезім тамақтан кейін, физикалық жүктемеден соң, денені алға еңкейткенде пайда болады. ЭКГ түсірілді: Ырғағы синусты ЖСЖ 80 рет мин. ЖЭО қалыпты жағдайда. V1-V3 Т теріс. Өңешарқылы тәуліктік рН – метрия кезіндне өңеш рН 3,3 болды.

Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?

* Миокардит

* Тұрақты стенокардия

* Вазоспастикалық стенокардия

* Аорта аневризмасының сылынуы

*+Гастроэзофагальды рефлюксті ауру

     

                                                                                                                        

! 47 жасар ер адам жүрек тұсында сыздаған тәрізді ауыруға, түнгі уақытта тұншығу ұстамаларға, аяғының ісінуіне, оң қабырға астындағы ауыру сезімдерге шағымданады. Объективті: өкпенің төменгі бөлімдерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұрыс емес. ЖСЖ 96 рет мин. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы ЖСЖ 90-100 рет мин. ЭхоКГ: барлық қуыстарының дилатациясы. Диффузды гипокинезия.

Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?

* Жұқпалы эндокардит

* Миокард инфаркты

* Вазоспастикалық стенокардия

*+Дилятациялық кардиомиопатия

* Рестриктивті кардиомиопатия

 

 

 

! 44 жасар ер адам ЖРВИ кейін арқасына берілетін  және дем алуы кезінде күшейетін жедел пайда болған төс артындағы ауыру сезімге шағымданады. Аускультация кезінде жүрек маңында  перикардтың үйкеліс шуы естіледі. ЭКГ: кеуде және стандартты шықпаларда ST сегментінің жоғарылауы.

Берілген клиникалық жағдайда емдік бағдарламаға қандай топ препараттарын БАРЫНША қосу қажет?

* Нитраттар

* Диуретиктер

* Бета-блокаторлар

*+Глюкокортикостеродтар

* Ангиотензин рецепторларының тежегіштері

 

! 29 жасар ер адам, наркоман қалтыраумен жүретін қызбаға, жөтелге, денедегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: дене қызуы 380С. Алақан, саусақ және табан терісінде – ауру сезімді қызыл түйіндер. Өкпенің сол жақ төмен бөлімінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек ұшында – систолалық шу. Қанда: эритроциттер- 2,3•1012/л, Нв - 82 г/л, лейкоциттер – 13,1•109/л, ЭТЖ- 60 мм/сағ.

Диагнозды анықтауда  келесі қандай диагностикалық әдіс БАРЫНША маңызды болып табылады?

*+ЭХОКГ

* Коронароангиография

* Миокард сцинтиграфиясы

* Өңешішілік электроынталандыру

* Кеуде торының рентгенографиясы

 

! 48 жасар ер адам ірі ошақты инфаркт миокардының 2-ші тәулігінде ентігу, аз қақырығы бар жөтел, қантүкіру, кеуде артында қарқынды ауру сезімді сезінді, ол жағдайының күрт нашарлауына алып келді. ЭКГ: алдыңғы инфаркт миокардының жедел кезеңі. Рентгенограммада: оң өкпенің ортаңғы бөлімінде өкпенің үшбұрыш тәрізді күңгірттенуі

Берілген клиникалық жағдайда емдік бағдарламаға қандай топ препараттарын БАРЫНША қосу қажет?

* и-ААФ

* Статиндер

* Бета-блокаторлар

* Глюкокортикостеродтар

*+Фибринолитикалық терапия

 

! 4 жыл ішінде ЖИА зардап шегетін, кезеңді түрде нитраттарды және үнемі дезагрегант және β-блокатор қабылдайтын 62 жасар әйел әдеттегідей жүктеме әсерінен стенокардия ұстамаларының ұзақтығының ұзаруы және жиеленуіне шағымданады. ЭКГ STV1-V3 депрессиясы анықталды.

Берілген клиникалық жағдайда кеудедегі ауру сезімінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?

* Миокардит

* Миокард инфаркты

*+Үдемелі стенокардия

* Вазоспастикалық стенокардия

* Гипертрофиялық кардиомиопатия

 

! Пневмокониоз,созылмалы өкпелік жүрек бар науқасқа кіші қан айналымдағы қысымды төмендету үшін не қолдану керек:

*+Изокет    

* Лазолван

* Дигоксин

* Варфарин

* Верошпирон

 

! 68 жастағы ер адамға анамнезінде бронхоөкпелі инфекция бар.Рентгенограммада прифериялық тамырлар әлсіз түскен,өкпе түбіндегі тамырлар кеңейген,өкпе артериялы негізінде,конусында ісінген.Нені білдіреді:

* Созылмалы бронхит

* Түбірлі пневмония

* Бронхоэктатикалық ауру

* Өкпедегі іркілу белгісі

*+созылмалы өкпелік жүрек

 

! Науқас ер адам.Созылмалы өкпелік жүрек декомпенсация сатысы бар?Қандай зерттеу жүргізуге болады?

* Өкпе сцинтиграфиясы

*+Қанның газ құрамын зерттеу

* кеуде қуысы МРТ

* Позитронды-эмиссионды томография

* бауыр,көкбауыр КТ

 

! Науқас С. 67 жаста, алдыңғы қабырғаға таралған миокард инфаркты дамығаннан кейін 4 тәуліктен соң төс артының қысып ауыруына, ентігуге, оң қабырға астының ауырлап тұруына, ісінулерге шағымданды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопное, акроцианоз. ТЖ 28 рет 1 мин. Өкпесінің төменгі базалдық аймақтарында ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген, төстің сол жақ қырының бойында II, III, IV қабырғааралықтарында қатаң систолалық шу, ЖСЖ 100 рет 1 мин. АҚ 100/60 мм.сн.бғ. гепатомегалия, балтырларында ісінулер.

Диагноз қою үшін қай зерттеу бірінші орында жүргізілуі керек?

*+эхокардиография

* коронарография

* бронхоскопия

* медикаментозды ЭКГ- сынақ

* стресс ЭХОКГ

 

! Науқас К.  75 жаста, ауа жетпеуге, тұншығуға, көпірікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Ауруы психоэмоциональді күштемеден кейін кенет басталды. Анамнезінде - ЖИА. Қарап тексергеде: жағдайы ауыр, ортопноэ, бүлкілдемелі тыныс. ТЖ – 28 рет 1 минутта. Өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 110 рет 1 минутта, АҚ – 100/70 мм сн.бғ. ЭКГ-да  V1-V4 – QR әкетулерде ST доға тәрізді көтерілген және Т тісшесімен бірігіп кеткен.

Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

* ЖИА, сол қарыншаның артқы-диафрагмальді қабырғасының ірі ошақты миокард

инфаркты

* ЖИА, сол қарыншаның алдыңғы қабырғасының жедел трансмуральді миокард инфаркты

*+ЖИА, сол қарыншаның алдыңғы-жүрек ұшы  қабырғалрының ірі ошақты миокард инфаркты

* ЖИА,  сол қарыншаның алдыңғы-жүрек ұшы  қабырғалрының ұсақ ошақты миокард инфаркты

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

 

! Науқас К.  75 жаста, ауа жетпеуге, тұншығуға, көпірікті қақырықпен жөтелге шағымданады. Ауруы психоэмоциональді күштемеден кейін кенет басталды. Анамнезінде - ЖИА. Қарап тексергеде: жағдайы ауыр, ортопноэ, бүлкілдемелі тыныс. ТЖ – 28 рет 1 минутта. Өкпесінде әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсең, ырғағы дұрыс, ЖСЖ – 110 рет 1 минутта, АҚ – 100/70 мм сн.бғ. ЭКГ-да  V1-V4 – QR әкетулерде ST доға тәрізді көтерілген және Т тісшесімен бірігіп кеткен.

Осы науқаста қандай асқыну болуы мүмкін?

* кардиогенді шок

*+өкпенің альвеолярлы ісінуі

* инфарктты пневмония

* қарыншааралық перденің жарылуы

* жүрек аневризмасы

 

! Ер адам 42 жасар, бірнеше күн алкогольді ішімділіктен кейін клиникаға келіп түсті. Көп жылдар бойы алкогольді көп мөлшерде қабылдайды. Нитроглицеринге қоймайтын жүрек ұшындағы тұйық, сыздап ауыратынына шағымданады, ауа жетіспеу сезімі, жүрегі қағады, аяқ-қолы мұздайды. ЭКГ: синустық ритм, қарыншалық полифокусты экстрасистоламен жиі үзілуі байқалады. Нақты диагнозды таңдаңыз?

* ИБС, үдемелі стенокардия

* ИБС, миокард инфарктысы

* Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатия

*+Алкогольді кардиомиопатия

* Гипертрофиялық кардиомиопатия

 

! Ер адам 42 жасар, бірнеше күн алкогольді ішімділіктен кейін клиникаға келіп түсті. Көп жылдар бойы алкогольді көп мөлшерде қабылдайды. Нитроглицеринге қоймайтын жүрек ұшындағы тұйық, сыздап ауыратынына шағымданады, ауа жетіспеу сезімі, жүрегі қағады, аяқ-қолы мұздайды. ЭКГ: синустық ритм, қарыншалық полифокусты экстрасистоламен жиі үзілуі байқалады. Бұл науқас үшін қандай ем  маңызды болып келеді?

* Нитраты

* Бета-адреноблокаторлар

* Кальций каналының блокаторы

* Спортпен шұғылдану

*+Алкогольдан толығымен бас тарту

 

 

 

 

 

 

содержание      ..        1      2      ..