Ентігу синдромы (75). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

  Главная       Тесты      Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер элективі бойынша емтихан тапсыруға арналған тесттік тапсырмалары (2017)

 поиск по сайту           правообладателям

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..       1      2      3      ..

 

 

 

 

Дәлелдемелерге негізделген зерттеулер. Тесттік тапсырмалары (2017) - 2

 

 

 

 

Ентігу синдромы (75). Жауаптары бар тесттер (2017)

 

 

!  Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат сілікпесі (желесі) тәрізді, иісі күйген ет тәрізід, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен  жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «араның ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш болуы БАРЫНША мүмкін:

* хламидия

*+ клебсиелла

* микоплазма

* гриптің вирусы

* ішек таяқшалары

 

! 55 жастағы ер адам кезеңді тұншығу ұстамасы, айқын ентігу, қиын бөлінетін шырышты қақырықты жөтелге шағымданады. Ұстамалар аптасына 2-3 рет қайталанады. Қарап тексергенде: «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» белгілері оң, кеуде торшасы «бөшке тәрізді». Перкуссияда: қорап реңді өкпелік дыбыс, аускультацияда - әлсіреген везикулалық тыныс.

Қандай дерттің дамуы Барынша мүмкін?

* пневмонияның

* пневмоторакстың

* жедел бронхиттің

* +өкпе эмфиземасының

* созылмалы бронхиттің

 

!  Бронх демікпесінің ұстамасы мен демікпелік статустың бастапқы кезеңін салыстырмалы диагноз жүргізгендегі барынша  сенімді белгі:

* айқын цианоз

* мәжбүрлік қалып

* +бета 2 агонисттерге рефрактерлік

* экспираторлық тұншығудың ауырлығы

* эуфиллинді көк тамырға енгізудің тиімсіздігі

 

!  ӨСОА–ның маңызды ажырату диагностикалық белгісі болуы БАРЫНША мүмкін:

* экспираторлық диспноэ

* қақырық бөлінетін жөтел

* қорапты сипатты өкпелік дыбыс

* +жартылай қайтымсыз бронхиальды обструкция

* құрғақ сырылды және  тыныс шығарудың  ұзаруымен  сипатталатын везикулалық тыныстың әлсіреуі

 

 ! 65 жастағы ер адам, қиын бөлінетін қақырық, физикалық жүктемеден кейінгі ентігуге  шағымданады. 15 - жыл бойы бронхоөкпелік дертпен ауырады. Объективті: қатаң тыныс, барлық өкпе беткейінен құрғақ ызыңдаған сырылдар мен тыныс шығарудың ұзарғаны естіледі.

Келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* пневмонияның

* бронх демікпесінің

* бронхоэктазды ауруының           

* созылмалы іріңді бронхитттің           

* +созылмалы обструктивті бронхиттің 

               

!  67 жастағы ер адам, қиын бөлінетін шырышты -  іріңді қақырықты жөтел, физикалық жүктемеден кейін күшейетін ентігу, дене қызуының  38оС көтерілуіне шағымданады. Суықтаудан кейін жедел ауырған. Тәулігіне  20 данаға дейін темекі шегеді. Аускультацияда: тыныс шығарудың ұзаруы мен әлсіз тыныс фонынды жайылған құрғақ сырылдар, оң жақтағы жауырын асты аймағында ылғалды - майда көпіршікті сырылдар естіледі. Осы жерде перкуторлық дыбыстың тұйықталуы анықталады. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде өлшемі 1-2 см болатын көптеген инфильтративті көлеңкелер анықталады. Лейкоциттер - 14 мың. ЭТЖ – 22 мм/сағ.

Берілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін:

* созылмалы іріңді бронхиттің, өршу сатысы

* ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесінің, өршу сатысы

* бронх демікпесінің, орташа ауырлықта, өршу сатысы

* бронх демікпесі, орташа ауырлықта. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігі пневмониясының

*+ ӨСОА, орташа ауырлық дәрежесі, өршу сатысы. Оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің  пневмониясының

 

! 65 жастағы ер адамда 3 жыл бұрын жедел инфарктымен ауырған. Ентігуі біртіндеп үдеген. Кеуде торшасында ауру сезімсіз плевральді жалқық, қызба және қан анализдерінде өзгерістер анықталды. 

Жалқықтың пайда болу себебі болуы БАРЫНША мүмкін:

* +іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

* жүйелі қызыл жегі

* инфаркттан кейінгі синдром

* өкпе туберкулезі

* өкпе инфарктысы

 

!  Кенеттен пайда болған кеуде торшасындағы ауыру сезімі, үдемелі ентігу, цианоз, қорап тәрізді перкуторлық дыбыс, кенет тыныстың әлсіреуі мынаған БАРЫНША тән:

* плевритке

* пневмонияға

* +пневмотораксқа

* миокард инфарктысына

* қабырғааралық невралгияға

 

!  Аяқтың терең веналарының тромбофлебитімен ауыратын науқаста кенеттен ентігу, қан жолақтары аралас жөтел, жүрек қағуы, айқын әлсіздік дамыды.

Дамыған жағдайдың себебі  болуы БАРЫНША мүмкін:

* спонтанды пневмоторакс

* бронх демікпесінің ұстамасы

* тыныс жолдарындағы бөгде зат

* өкпе артериясының ауалы эмболиясы

* +өкпе артериясы бұтақтарының тромбоэмболиясы

 

! 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын ер адамда, аздаған физикалық жүктемеден кейінгі  ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер.

ЭКГ-да мына белгінің анықталуы БАРЫНША мүмкін:

* қарыншаішілік бөгемелер

* солжақ қарынша гипертрофиясы

* солжақ жүрекше гипертрофиясы

* +оңжақ қарынша гипертрофиясы

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

 

!  Көп жылдардан бері бронхиальды демікпемен ауыратын  58 жастағы ер адамды соңғы кезде жүректің шалыс соғуы, ентігуі мазалайды.  Қарағанда, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің IIБ, 3 ФК  белгілері анықталды.   ЭКГ-де -жыпылықтаушы аритмиясы.

Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын қосу БАРЫНША тиімді?

* атенолол  25 мг күніне

* фуросемид 40 мг күніне

* верошпирон 25 мг күніне

*+ дигоксин 0, 025 мг күніне

* изоптин 20 мг 3 рет күніне

 

! 50 жастағы ер адамда бронхиальды демікпенің өршуіне байланысты,  преднизолон күніне  60 мг тағайындалды. Бір аптадан кейін тұншығу ұстамасы жойылды, бірақ, эпигастриий аймағында ауырсыну, қыжылдау, ауызға қышқыл дәм келу пайда болды.

Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын тағайындаған  БАРЫНША тиімді?

* жылдам преднизолонды алып тастау

* преднизолонды парентеральді тағайындау

* препараттың сол дозасын қалдыру, бірақ аралығын   бірнеше күнге созу

* преднизолонның тәуліктік дозасын 15 мг-ға дейін азайтып,  маалокс қосу

*+омепразол  мен ингаляциялық кортикостероидтар тағайындап, преднизолонды біртіндеп тоқтату

 

! 29-жастағы ер адам, құрғақ жөтелге, ентігуге, сол жақ кеудесінің ауырсынуына, дене қызуының субфебрильді деңгейге дейін жоғарылауына, түнгі мезгілдегі тершеңдікке шағымданада. Ауырғанына  1,5 айдайболған.  Объективті: ТЖ - 24 минутына. Қарағанда кеуденің сол жағы тыныс алғанда қалыңқы, сол жақ жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталып, дауыс дірілі әлсіреген.  Аускультацияда плевраның үйкеліс шуылы естіледі, ЖСЖ минутына – 98 рет. Қан анализінде: лейкоциттер 9,8 мың, эозинофилдер - 5, базофилдер – 1, таяқшаядролылар – 5, сегментядролылар - 37, лимфоциттер - 52%. 

Төменде келтірілген диагноздардың  қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* плевра эмпиемасы

* хилезды плеврит

* плевраның мезотелиомасы
* уремиялық плеврит

* +туберкулезді плеврит 

 

! 65 жастағы ер адам, 3 жыл бұрын миокард инфарктысымен ауырды. Үдемелі ентігуге шағымданады. Тексергенде: ЭТЖ-65 мм/сағ. Рентгенологияда плеврада жалқық анықталды. Пункция жасағанда  500 мл сұйықтық алынды. 2 күннен кейін плевра қуысында қайтадан сұйықтық жиналғаны анықталды.

Диагнозды нақтылауға берілген зерттеулердің қайсысы БАРЫНША мәліметті:

* компьютерлік томография

* трансбронхиальды пункция

* онкомаркерлерге тексеру

* магнитті резонансты томогрфия

*+экссудатты цитологиялық зерттеу

 

! 35 жастағы ер адам, 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы беротекпен басылады, гормонға тәуелді. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде: тыныштықтағы ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар.

Төменде келтірілген тәсілдердің қайсысы барынша тиімді? 

* эуфиллин  к/т

* теофиллин per os

*+преднизолон  к/т

* вентолин небулайзер арқылы

* беротекпен ингаляцияны жалғастыру

 

! Таңертеңгі уақытта иісі жағымсыз шырышты - іріңді қақырықтың көп бөлінуі (ауыз толтыра) БАРЫНША қайсысына тән:

* тотальды пневмонияға

* кавернозды туберкулезге

*+бронхоэктаздық ауруға

* өкпе рагының қуысты түріне

* созылмалы іріңді бронхитке

 

!  Кәсіптік канцерогендерге жатуы БАРЫНША мүмкін:

*+асбест

* бензин

* қорғасын

* кремний

* марганец

 

 ! Өкпе ісінуіне тән жөтелдің барынша тән сипатын таңдаңыз:

*+сырылды, көп мөлшерде алқызыл, көбікті қақырықпен

* үзілмелі, «үрмелі», ауыз толтыра шығатын қақырық

* ұстама тәрізді, құрғақ, ауыр сезімді, өте күрделі түрі

* құрғақ, күрт қиналатын   

* сырылды, үнсіз

 

!  44 жастағы ер адам, түнде тұншығу ұстамасына, құрғақ жөтелге, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: бала кезінде жиі бронхит; мезгілдік поллиноз; цитрустарға, шоколадқа, жануарлардың жүніне аллергиясы бар. Қараған кезде кеуде қуысы эмфизематозды; саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат айнасы» тәрізді. Диагнозды анықтау үшін төмендегі зерттеу тәсілдерінің қайсысын жүргізу БАРЫНША тиімді?

* бронхоскопия

* бронхография

*+пикфлуометрия

* кеуде ағзаларының рентгенографясы

* кеуде ағзаларының  компьютерлік томографиясы

 

! 40 - жастағы ер адамды ентігу, тұншығу ұстамалары, ісінулер мазалайды. 0б-ті: өкпесінде дыбыссыз ылғалды сырылдар;  жүрек шекаралары кеңейген, үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл;  жыбыр аритмиясының тахисистолалық түрі. ЭхоКГ: солжақ қарыншаның соңғы-диастолалық өлшемі - 8,2, айдау фракциясы - 21%.

Емдеу жоспарына  көрсетілгендердің қайысын қосқан БАРЫНША тиімді?

* метаболиктерді

* антиоксиданттарды

* кортикостероидтарды      

* анаболикалық гормондарды

*+шеткілік вазодилататорларды

 

! 18 - жасар қыз бала, физикалық жүктеме кезінде ентігу мен тез шаршауға шағымданады. Анамнезінде: жиі бронх-өкпелек инфекциялар. Қарап тексергенде: тері жабындысының бозаруы, жүрек ұшы түрткісінің күшеюі, эпицентрі сол жақтағы төс шетінде  төртінші қабырға аралығында орналасқан дөрекі пансистолалық шуыл, өкпе артериясы үстінде екінші үннің акценті. ЭхоКГ–сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға шунт анықталады.

Ақаудың негізгі асқынуларына барлығы жатады, мынадан басқасы:

* +аортаның стенозы

* инфекциялық эндокардит

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* солжақ қарыншаның жетімсіздігі

* үлкен қанайналымдағы эмболиялар

 

!  Жүрекшеаралық перденің ақауына тән негізгі диагностикалық белгі:

* сол қарыншаның гипертрофиясы

* төстің сол жағындағы ІІ қабырға/аралықтағы (қ/1) диастолалық шуыл

* төстің сол жағындағы ІІ қ/а діріл және үзіліссіз шуыл

* төстің оң жағындағы ІІ қ/а қарқынды систолалық шуыл

* +төстің сол жағындағы ІІІ қ/а үрлеген систолалық шуыл

 

! 19 - жастағы ер бала ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдындағы “шіркей” тәрізді көрініске, аяғының ұюына, тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: білектегі пульс кернеулі және жылдам, сан артерияларында әлсіз, кернеуі төмен. АҚ қолында 170/90 мм с.б.б., аяғында 100/70 мм с.б.б. Жүрек аускультациясында: Боткин-Эрба нүктесіндегі, жүрек ұшындағы әлсіз систолалық шуыл омыртқа айналасындағы аймаққа беріледі. Рентгенологияда: қабырғаның өрнектелуі.

Осы адамда қандай ақау болуы БАРЫНША мүмкін?

* Фалло үштігі

*+ аорта коарктациясы

* аорта сағасының тарылуы

* митралді қақпақшаның пролапсы

* солжақ атриовентрикулалық саңылаудың тарылуы

 

! Созылмалы жүрек жетпіспеушілігіне мынау БАРЫНША тән:

*+Ентігу

* Әлсіздік

* Құрғақ жөтел

* Жүрек тұсындағы ауыру сезімі

* Жүрек ырғағының бұзылыстары

 

! Созылмалы гломерулонефритпен науқас, 49 жастағы ер адам ауыр жағдайда жеткізілді.  Кенет пайда болған ентігу мен көпіршікті күлгін қақырыққа, қорқыныш сезіміне шағымданады.  Қарап тексергенде: ортопноэ, тыныс шулы, сыңғырлаған, өкпенің барлық үстінде әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. ТЖ  - 28 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия -120 рет мин.  АҚ  - 240/140 мм сн.бғ. 

Шұғыл көмек көрсету үшін келтірілген дәрілердің қайсысын тағайындаған маңыздырақ:

*Энамды

* Изоптинді

*+Фуросемидті

* Пропранололды

* Магний сульфатын

 

!  Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы мен жыпылтаушы аритмиямен  ауыратын, 57 жастағы әйел адам, тыныштықтағы ентігуге, жүрек қағуы мен жиі жүрек соғуына, оң жақ қабырға астындағы ауырлау сезіміне, балтырдағы ісінулерге шағымданады.  Үнемі  дигоксин, гипотиазид қабылдайды. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлаған. Қанда: калий – 2,3 ммоль/л. ЭКГда: жүрешелер жыпылықтау ЖСЖ 120 рет мин. ST сегментінің корыта тәрізді ығысуы.

Науқастың жағдайының нашарлауына келтірілген жағдайлардың қайсысы барынша себеп болған?

* Гипокалиемия

* Миокард  ишемиясы

* Жыпылқтаушы аритмия

* Диуретиктерді артық қолдану

*+Дигиталисті интоксикация

 

! Бұрынырақта инфаркт миокардын басынан өткерген 58 жастағы ер адам ентігу және түнде болатын тұншығу ұстамалары шағымдарымен ауруханаға жатқызылды. Қараған кезде: жүрек тондары тұйықталған , ЖСЖ 64  мин. ЭКГ тәуліктік мониторлау барысында миокардтың ауру сезімсіз ишемиясы эпизодтары, «R на T» типтегі ерте жиі қарыншалық экстрасистолалар  анықталған. Холестерин 4,2 ммоль/л, қандағы қант 5,1 ммоль/л, ПТИ 96%;  ЭХОКГ: сол қарынша қуысы кеңейген, қарыншааралық пердеде  гипокинезия зоналары ,лақтырыс  фракциясы 42%.   

 Миокард ишемиясының ауру сезімсіз формасы келесі аталғандардың қасысының дамуына алып келеді:

* Лақтырыс фракциясының жоғарылауына

* Дислипопротеидемияға

*+Кенет өлімге

* Гиперкоагуляцияға                                    

* Гипергликемияға

 

 

!  Дене салмағы артық 50 жастағы әйелде ашқарындағы гликемия деңгейі 2 рет 6,9 және 7,2 дейін жоғарылағаны байқалған.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

* семіздіктің

* 1 типті қант диабетінің

* +2 типті қант диабетінің

* ашқарындағы гликемияның бұзылысы

* глюкозға толеранттылықтың бұзылысы

 

12-екі елі ішектің ойық жарасымен ауыратын 42 - жастағы әйел, әлсіздік, бас айналуы, ентігу, физикалық күш түскенде жүрек соғуына шағымданады. Бір рет нәжісі қара түсті болған. Объективті: терісі мен көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Жүрек үндері тұйық, жүрек ұшында систолалық шуыл, ЖЖЖ - 102 рет мин. Эпигастриде ауыру сезімі. Қанында: эритроциттер - 2,6 млн., Нв - 70 г/л, ТК - 0,8,  лейкоциттер - 3,8 мың.

Ойық жара ауруының асқынуы фонынында қандай анемия дамуы барынша мүмкін?

* В12-тапшылықты

* гипопластикалық

* +темір тапшылықты

* Маркиафава-Микели ауруы

* аутоиммунды гемолитикалық

 

! 34 - жастағы ер адам, әлсіздік, бас айналуы, жүрек қағуы, дем жетіспеу сезіміне шағымданады. Геморроймен ауырғанына 2 жыл болған. Объективті: тері мен шырышты қабаттары бозғылт, койлонихиялар бар. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл естіледі. ЖЖЖ - 119 рет минутына. Қанда: эритроциттер - 2,7 млн., Нв - 82 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер - 4,8 мың, тромбоциттер - 200 мың, ЭТЖ - 17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Сарысулық темір – 6,4 мкмоль/л.

Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындау барынша тиімді:

*+сорбиферді пероральді

* преднизолонды пероральді

* ферум-лекті көк тамырға

* десфералды бұлшықетке

* эритроциттік массаны көк тамырға

 

! Панцитопения,  эритроциттер гиперхромиясы,  қан жасаудың мегалобластық түрі мынаған  Барынша тән:

* талассемияға

*+В12-тапшылықты анемияға

* темір тапшылықты анемияға

* сидероахрестикалық анемияға

* Минковский-Шоффар ауруына

 

!  47 жасар ер адам, алкоголик, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрек маңында қысқан тәрізді ауыру сезімге, жүректің шалыс соғуына, ентігуге шағымданады. Об-ті: жүрек шекаралары ортаңғы- бұғана сызығына дейін ұлғайған, тондары айқын бәсеңдеген, жыпылықтауышы аритмия. АҚ 100/60 мм сб.б. Бауыры 5 см ұлғайған, сирағында ісінулер. ЭКГ: жүрекше жыпылықтауы, қарынша жиырылу жиілігі 130 - 150 рет мин.

 Ентігуі бар клиникалық жағдайға БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Теміртапшылықты анемия                 

* Біріншілік өкпелік гипертензия

*+ Алкогольді кардиомиопатия              

* Аорта аневризмасының сылынуы                      

* jiroveci пневмоцисті пневмониясы        

         

! 36 жасар ер адам оң қабырға астының ауыру сезіміне, аяғының ісінуіне, мойын веналарының пульсациясы және ісінуіне, іш көлемінің ұлғаюына, гепатомегалия шағымдарымен кардиоорталыққа келіп түсті ; Анамнезінде митральды стеноз ақауы. Аускультацияда: тыныс алу кезінде күшейетін, сол төс жиегі бойымен систолалық шу естіледі  (Риверо-Карвалло симптомы).

Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз?

* Аорта саңылауының стенозы                              

* Дилатационды кардиомиопатия

* СӨОА(ХОБЛ), аралас  тип, өршу, ТЖ 1

* ЖИА. Күштемелі стенокардия  ФК II

*+ Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

 

! 11 айлық нәресте ауруханаға мынадай шағымдармен келіп түсті:физикалық дамуы артта қалған ( салмағы7 кг), ентігу, физикалық жүктемеден кейін ернінің көгеруі, емізгенде тез шаршайды. Обьективті: тері жабындыларының цианозы, перифериялық цианоз, «барабан таяқшалары» және «сағат әйнегі» симптомы, перкуторлы жүректің сол шекарасы  - сол ортаңғы бұғана сызығымен,  оң- оң төс жиегі бойымен, жоғарғы- II қабырғааралық.  Жүрек тондары анық, ЖСЖ 140 рет минутына, ТЖ 40 рет минутына. Төстің сол жағында дөрекі систолалық шу естіледі, сол  II  қабырғааралықта II тон бәсеңдеген.

Берілген клиникалық жағдайға БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз?

*+ Фалло тетрадасы

* Аорта саңылауының стенозы                              

* Біріншілік өкпелік гипертензия

* пневмоцисті пневмониясы        

* Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

 

! 72 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағумен келіп түсті. Бір күн бұрын үлкен дәреті қара болған. Ұзақ уақыт аспирин қабылдайды. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қанда: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер – 3,3 х 109/л, түсті көрсеткіш – 0,65, тромбоциттер – 110 х 109/л.

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

*+ ЭФГДС

* Кеуде торының рентгенографиясы

* Қандағы Д-димер

* Спирография

* Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

        

! Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бар 19 жасар қыз, жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, жүрек тұсындағы шаншыған тәрізді ауыру сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек шекаралары солға және төменге ығысқан. Жүрек ұшында қолтық астына берілетін систолалық  шу естіледі. 

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты?

*+ ЭХОКГ 

* Кеуде торының рентгенографиясы

* Бүйрек биопсиясы

* Спирография

* Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

 

! 36 жасар ер адам орталық аудандық ауруханаға ентігу, құрғақ жөтел, төс артында жағымсыз сезімдер, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті; Анамнезінен: балалық шақта «воронка тәріздес кеуде» бойынша ота жасалған. 18 жасынан күніне 1 қорап темекі шегеді. Аускультация кезінде: тынысы қатаң, барлық өкпе алаңы бойынша құрғақ ысқырықты сырылдар.

Диагнозды айқын  дәлелдейтін БАРЫНША ақпаратты диагностика әдісін атаңыз?

* ЭКГ 

*+Спирография

* Коронарография

* Миокард сцинтиграфиясы

* Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

 

! 18 жасар жасөспірім қызба, ентігу, бас ауыру шағымдарымен келіп түсті. Қарағанда: тырнақ астында сызықты геморрагиялар, саусақ ұшы терісінде қызыл-күлгін түстес, ауру сезімді тығыздану ошақтары анықталады; шынтақ бүгілуінде көптеген инъекция іздері; конъюктиваның ауыспалы қатпарында петехиялар, аяғында ісінулер. Өкпеде ылғалды сырылдар. Текірек ырғағы, Боткина-Эрба нүктесінде диастолалық шу естіледі. Қаннан жасылды  стрептококк себілді

БАРЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз?

* Кальций антогонисты

*+ Антибиотикотерапия

* Перифериялық вазодилататорлар

* Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

* Жүрек гликозидтері

 

! 28 жасар әйелді ЖРВИ өткергеннен кейін 3 аптадан соң ентігу, жүрек маңында сыздаған тәрізді ауыру сезім, аз ғана  физикалық жүктемеден соң пайда болатын тез шаршағыштық мазалайды. ЭКГ: 1 дәрежелі АВ бөгеме. ЭхоКГ: Сол қарынша лақтырыс фракциясы - 48%.

БАРЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз?

* Нитраттар

* b-блокаторлар

* Жүрек гликозидтері

* Перифериялық вазодилататорлар

*+ Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

 

! 36 жасар ер адам орталық аудандық ауруханаға ентігу, құрғақ жөтел, төс артында жағымсыз сезімдер, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті; Анамнезінен: балалық шақта «воронка тәріздес кеуде» бойынша ота жасалған. 18 жасынан күніне 1 қорап темекі шегеді. Аускультация кезінде: тынысы қатаң, барлық өкпе алаңы бойынша құрғақ ысқырықты сырылдар. Спирография: ФВД - рестрикция II дәрежесі, обструкция III дәр бұзылу анықталады.

БАРЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз?

* b-блокаторлар

*+ Беродуалмен ингаляция

* Жүрек гликозидтері

* Антибиотикотерапия

* Темір препараттары

 

! 26 жасар әйел адам әлсіздік, ентігу, жүрек қағу, бір жыл ішінде меноррагияларға шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қан анализінде: эритроциттер-2,5 млн., Нв-67г/л, ТК-0,77, лейкоциттер-4,5мың., тромбоциттер-230 мың.,ЭТЖ-15 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,8 мкмоль/л

Төменде аталған препараттардың қайсысын БАРЫНША ем бағдарламасына қосуға болады?

* Метаболиктер

* Темір препараттары

* Жүрек гликозидтері

* Нитраттар

* Статиндер

 

26 жасар әйел адам әлсіздік, ентігу, жүрек қағу, бір жыл ішінде меноррагияларға шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қан анализінде: эритроциттер-2,5 млн., Нв-67г/л, ТК-0,77, лейкоциттер-4,5мың., тромбоциттер-230 мың.,ЭТЖ-15 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,8 мкмоль/л

Ентігуі бар  науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.

* +Теміртапшылықты анемия          

*  jiroveci пневмоцисті пневмония        

* Алкогольды кардиомиопатия

* 12 ішек жарасынан қан кету               

* Аорта саңылауының стенозы                              

 

Анамнезінде АИВ бар 45 жасар ер адам үдемелі ентігу, ақ қақырығы бар продуктивті жөтел, дене қызуы 38,3 °С  шағымдарымен жедел жәрдем ауруханасына келіп түсті. ТЖ 30 рет/мин. Өкпе аускультациясында  - сырыл және дөрекі сықыр. Кеуде торының рентгені -  диффузды, екі жақты  интерстициальды үлкейген көлеңкелер. Кеуде торының КТ ангиографиясы  лимфаденопатиясыз немесе өкпе эмболиясыз бұлыңғыр әйнек типтес диффузды күңгірттену анықталады.

Ентігуі бар науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.

* Дилатациялық кардиомиопатия

* + jiroveci пневмоцисті пневмония        

* Біріншілік өкпелік гипертензия

* 12 ішек жарасынан қан кету                

* Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

 

8 апталық мерзімі бар жүкті әйелде айқын ентігу, аяғында ісінулер және жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқас ЭХОКГ жіберілді, онда жүрек қуыстарының айқын кеңеюі және ЛФ 38% төмендеуі анықталды.

БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз

* +Дилатациялық  кардиомиопатия

* Гипертрофиялық  кардиомиопатия   

* Жүктілер Гестозы

* ЖИА. Күштемелі стенокардия  ФК II

* Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі 

 

72 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағумен келіп түсті. Бір күн бұрын үлкен дәреті қара болған. Ұзақ уақыт аспирин қабылдайды. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қанда: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер – 3,3 х 109/л, түсті көрсеткіш – 0,65, тромбоциттер – 110 х 109/л.

Ентігуі бар науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.

* СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ1

* Фалло Тетрадасы

* +12 ішек жарасынан қан кету            

* ЖИА. Күштемелі стенокардия  ФК II

* Теміртапшылықты анемия          

 

36 жасар ер адам орталық аудандық ауруханаға ентігу, құрғақ жөтел, төс артында жағымсыз сезімдер, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті; Анамнезінен: балалық шақта «воронка тәріздес кеуде» бойынша ота жасалған. 18 жасынан күніне 1 қорап темекі шегеді. Аускультация кезінде: тынысы қатаң, барлық өкпе алаңы бойынша құрғақ ысқырықты сырылдар. Спирография: ФВД - рестрикция II дәрежесі, обструкция III дәр бұзылу анықталады.

Ентігуі бар науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.

* + СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ1

* Инфаркт миокарды

* Ауруханадан тыс пневмония

* ЖИА. Күштемелі стенокардия  ФК II

* Өкпелік гипертензия               

53 жасар әйел адам жүрек маңында ауыру сезімге, физикалық жүктеме және иілген кезінде ентігуге шағымданады; біраз уақыттан бері әлсіздік, бас айналу, тахикардия қосылды. ТТГ, Т, Т - патологиясыз.

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША информативті

* Кеуде торының рентгенографиясы

* ЭФГДС

* Бүйрек биопсиясы

* + Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

* ЭХОКГ

 

28 жасар әйел адам әлсіздікке, ентігу, бас ауруға, бел аймағындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Анамнезінде жиі баспалар, соңғы 4 жыл ішінде АҚ жоғарылауы байқалады.  Об-ті: терісі бозғылт, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-80/мин. АҚ-170/110 мм сб.б.  Беті домбыққан, аяғында ісіну. Қанда: эр - 3,8 млн., лейк - 5,6 мың., ЭТЖ - 13 мм/сағ. Зәр анализінде: белок-0,98 г/л, эр - 22-35 к/а., түйіршікті цилиндрлер 2-4 к/а

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША информативті

* Коронарография

* ҚҚМ УДЗ

* + Бүйрек Биопсиясы

* Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

* ЭХОКГ

 

Бір жыл көлемінде оральды контрацептивтерді қабылдайтын  35 жасар әйел адам, темекі шегеді, дене массасының индексі 32, бірден пайда болған ентігуге, дене қызуының  37,5°С көтерілуіне, қан аралас қақырығы бар жөтелге, әлсіздік, кеуде торының сол жақ аймағының ауыру сезіміне шағымданады

Берілген жағдайда қандай зерттеу әдісі БАРЫНША информативті

* + Қандағы Д-димер

* Липидті спектр

* Қандағы Электролиттер

* Сарысулық темір

* Гепатиттерге ИФА

 

45 жасар науқас қарқынды терапия бөліміне жедел алдыңғы инфаркт миокардымен келіп түсті. АҚ 150/100 мм.сб.б., ЖСЖ 100 рет мин. 2 күннен соң қысқа уақытқа созылған ентігуге шағымданды, АҚ 100/70мм.сб.б, ЖСЖ 120 рет мин., ТЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлімдерінде галоп ырғағымен қосарланған голосистолалық шу естіледі.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болатын зерттеу әдісін таңдаңыз  

* Коронарография

* ҚҚМ УДЗ

* Бүйрек Биопсиясы

* Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ

* +ЭХОКГ

 

3 жасар баланың анасы баласының ентігуіне, физикалық жүктемеден кейін тез шаршауына, жиі ЖРВИ – мен ауруына шағымданады. 7-8 айында ТЖА(ВПС) анықталған.  Об-ті: 3-4 қабырғааралықта систолалық шу, 11 тон А. Pulmonalis күшейген. ЭХОКГ:ӨА              (ЛА) – кеңейген, қақпақша жармалары өзгермеген, қозғалысы шектелмеген. ҚАП (МЖП) мембранозды бөлімінде дефект-10мм. ДЭХОКГ – турбулентті систолалық ағым.

БАРЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз

* Жүрек гликозидтері

* Беродуалмен ингаляция

* Перифериялық вазодилататорлар

* Кальций антогонистері

*+ Ақауды жамаумен жабу

 

Жүректің туа пайда болған ақауы бар 22 жасар әйел, ентігуінің күшеюіне, оң қабырға астының ауырлық сезіміне, аяғының ісінуіне, қысқа уақытқа созылған естен тануына шағымданады. Жүрек қуысы катетеризациясы кезінде айқын өкпе гипертензиясы анықталды.

БАРЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз

* Дигоксин

* +Силденафил

* Моносан

* Диклофенак

* Конкор

 

57 жасар ер адам ентігу, жүрек қағуына, жүрек маңында сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Көп жылдар бойы ішімдік қабылдаған. Об-ті: салмағы төмен, бұлшықет гипотрофиясы, тері жабындылары сарғыш. Жүрек тондары тұйық, АҚ - 100/60 мм сб. б. Бауыры қабырға доғасынан 4 см шығып тұр, аяғы ісінген. ЭКГ: Жүрек жыпылықтауы ҚЖЖ  95- 120 рет мин, барлық кеуде шықпаларында әлсіз теріс Т тісшесі. ЭХОКГ: жүрек барлық қуысының кеңеюі, лақтырыс фракциясы - 27%.

БАР ЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз

* +Жүрек гликозидтері

* Гиполипидемиялық заттар

* Перифериялық вазодилататорлар

* Кальций антогонистері

* Темір препараттары

 

36-37 мерзімдегі жүкті әйел ентігуінің үдемелі күшеюін, үнемі болатын жүрек қағуды байқайды. Қарағанда сирағында және аяқ басында ісінулер. Өкпеде ылғалды сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, экстрасистолалармен үзіледі. ЖСЖ - 100  рет минуына. АҚ– 90/60 мм сб.б. ЭхоКГ  сол қарынша ұлғаюы, лақтырыс  фракциясы - 40%.

БАР ЫНША дұрыс ем тактикасын таңдаңыз

* + Мерзімнен бұрын босандыру

* Күту тактикасы

* Жоспарлы түрде босандыру

* Тұрғылықты мекен жайы бойынша кардиолог бақылауы

* Кардиолог кеңесі

 

 

!  62 жастағы ер адам көп мөлшерлі шырышты іріңді қақырыққа,аздаған ентігуге шағымданады.Обьективті: тері түсі бозғылт, мұрын ерін үшбұрышында акроцианоз.Тырнақтары «сағат шынысы» тәрізді,тыныс алукезінде кеуде клеткасы әлсіз қозғалады; әлсіз везикулярлы тыныс,тыныс шығаруы қысқа,құрғақ сырылдар.Жүрек қағысы  пальпацияланады.,семсер тәрізді өсіндіде систолалық шу,тізесінде аздап ісіну бар.

Эхокардиографиясын зерттеуде айтылған өзгерістердің қайсысы байқалады?  

* сол қарынша гипертрофиясы және   аортальды жеткіліксіздік

* митральды жетіспеушіліктегі сол қарынша гипертрофиясы

* оң қарыншаның артқы қабырғасының гиперкинезиясы

*+оң қарыншаның гипертрофиясы және  дилатациясы

*  солқарыншаның гипертрофиясы және  дилатациясы

 

! 54 жастағы ер адам,ентігуге,ұстамалы жөтелге шағымданады.Қақырық әрең бөлінеді. Объективті: тері түсі бозғылт,көкшіл-сұр түсті,қолдары жылы,тырнақтары «сағат шынысы тәрізді»,кеуде клеткасы бөшке тәрізді.Визуальды эпигастральды  пульсация,жүрек соғысы пальпайияланады. Аускультативі: Боткина-Эрба нүктесінде I  тон әлсіреген және семсер тәрізді өсіндіде I тон әлсіреген. ЭКГ көрсетілген белгілердің қайсысы тіркеледі?  

* сол қарынша гипертрофиясы

* сол жүрекшее гипертрофиясы

*+ оң қарынша гипертрофиясы

* Гис шоғырының сро аяқшасы блокадасы

* сол қарыншаның артқы қабырғасы ишемиясы

 

! Науқас 65 жаста.Темекіні көп шегеді.Шағымы:ентігу,ұстамалы жөтел,қақырық әрең бөлінеді,жүрек тұсында ауру сезімі иррадация жоқ және оттегі ингалясясында азайады.  Объективті: жүректің оң жақ шекарасы кеңкйген,өкпе артериясында II тон акценті және бөлінген.Комплексті терапияға қандай препарат тобы қажет?

* β2-адреноблокатор 

* жүрек гликозиды

*+кальции каналы антагонисті

* Диуретиктер

* АПФ ингибиторы

 

! Науқас К 43 жаста.Созылмалы өкпелі жүрекпен ауырады. ЭКГ да Гисс шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы.

Осы патологияға  ЭКГ  тән

* Теріс Т  V5-V6

*+rSR V1-V2  

* QRS  0,1 сек төмен

* терең S V1-V2  

*  I, AVL,V5-V6  да R тісі кең тісті

 

 

! Науқас С.  74 жаста, инфарктан кейінгі кардиосклерозы бар,  аздаған физикалық жүктемеден кейін ентігу, түнде тұншығу ұстамалары, ісінулер пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ, акроцианоз. ТЖ 26 рет 1 мин. Өкпесінде – екі өкпенің де төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар естіледі.  Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСЖ 98 рет 1 минутта. АҚ 120/70 мм сн. бғ. Бауыры үлкейген, қабырғалар доғасынан 3-4 см шығып тұр. Аяқтарында массивті ісінулер бар.  Диурезі азайған.

Науқаста жүрек жетіспеушілігінің қай сатысы болуы мүмкін?.

* СЖЖ I

* СЖЖ II А

*+СЖЖ II Б

* СЖЖ III

* СЖЖ 0

 

! Науқас С.  74 жаста, инфарктан кейінгі кардиосклерозы бар,  аздаған физикалық жүктемеден кейін ентігу, түнде тұншығу ұстамалары, ісінулер пайда болды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, ортопноэ, акроцианоз. ТЖ 26 рет 1 мин. Өкпесінде – екі өкпенің де төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті ылғал сырылдар естіледі.  Жүрек тондары бәсеңдеген. ЖСЖ 98 рет 1 минутта. АҚ 120/70 мм сн. бғ. Бауыры үлкейген, қабырғалар доғасынан 3-4 см шығып тұр. Аяқтарында массивті ісінулер бар.  Диурезі азайған.

Миокардтың систолалық дисфункциясын анықтау үшін аспаптық зерттеулердің қайсын қолдану керек?

* велоэргометрия

*+ЭхоКГ

* жүрек рентгенографиясы             

* коронарография

* жүректі  радиоактивті талиймен сцинтиграфиялау

 

! Науқас К., 74 жста, бір жұма бұрын ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін ентігуі күшейді. Қарап тексергенде: ортнопное, денесін алға еңкейтіп отыр, бетін жастыққа басады, мойын көк тамырлары бұлтиған, ол тынысты алғанда күшейеді, беті және мойындарында цианоз. Жүректің абсолюттік тұйықтығы үлкейген.  Жүрек тондары өте бәсең, ырғағы дұрыс емес, ЖСЖ 100 рет 1 мин.  АҚ 90/60 мм.сн.бғ., гепатомегалия, аяқ басында аздаған ісінулер бар.

Науқастың диагнозы қандай болу мүмкін?

* рестриктивті кардиомиопатия

* өкпе артериясының тромбоэмболиясы 

*+экссудативті перикардит 

* жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

* миокард инфаркты

 

! Науқас К., 74 жста, бір жұма бұрын ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін ентігуі күшейді. Қарап тексергенде: ортнопное, денесін алға еңкейтіп отыр, бетін жастыққа басады, мойын көк тамырлары бұлтиған, ол тынысты алғанда күшейеді, беті және мойындарында цианоз. Жүректің абсолюттік тұйықтығы үлкейген.  Жүрек тондары өте бәсең, ырғағы дұрыс емес, ЖСЖ 100 рет 1 мин.  АҚ 90/60 мм.сн.бғ., гепатомегалия, аяқ басында аздаған ісінулер бар.

Диагноз қою үшін бірінші орында қай зерттеуді жүргізу керек?

* ЭКГ

* кеуде ағзаларының рентгенографиясы

*+ЭХОКГ

* коронарография

* аортография

 

! Науқас Д. 74 жаста, оң қарыншалық түрде жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Анамнезінде өкпе туберкулезі.  Аспаптық зерттеуде: рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы төмендеген («тыныш» жүрек); ЭХОКГ – жүрек өлшемдері қалыпты, перикардиальді өсінулер. Орталық венозды қысым жоғарылаған. 

            Науқастың диагнозы қандай болу мүмкін?

 * жедел фибринозды перикардит

 * жедел экссудативті перикардит

 * созылмалы экссудативті перикардит

 *+констриктивті перикардит

 * адгезивті перикардит

 

! Науқас Д. 74 жаста, оң қарыншалық түрде жүрек жетіспеушілігінің декомпенсациясымен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Анамнезінде өкпе туберкулезі.  Аспаптық зерттеуде: рентгеноскопияда – жүрек пульсациясы төмендеген («тыныш» жүрек); ЭХОКГ – жүрек өлшемдері қалыпты, перикардиальді өсінулер. Орталық венозды қысым жоғарылаған?

            Төмендегілердің қайсы науқасты емдеу барысында ең тиімді?

* туберкулезге қарсы дәрілердің мөлшерін жоғарылату

* глюкокортикостероидтер тағайындау

* үлкен мөлшерде диуретиктер тағайындау

*+перикардэктомия 

* антибиотиктер тағайындау

 

! Науқас С., 67 жаста, плевра мезотелиомасына байланысты химиотерапия мен сәулелік ем жүргізілген. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, мәжбүрлік кейіпте – денесін алға еңкейтіп отыр, бетін жастыққа басады, мойын көк тамырлары бұлтиған, беті мен мойындары ісінген және цианозданған. Жүрек шекаралары барлық жаққа қарай ығысқан, жүрек тондары өте бәсеңдеген, жиі қарыншалық экстрасистолалар, АҚ - 95/60 мм.сн.бғ.  

Осындай жағдай дамудың себебі не болуы мүмкін?

* өкпе ісінуі

* өкпе артерия тромбоэмболиясының дамуы

*+жедел экссудативті перикардит дамуы

* қарыншааралық перденің жарылуы

* миокард инфарктының дамуы

 

! Науқас С., 67 жаста, плевра мезотелиомасына байланысты химиотерапия мен сәулелік ем жүргізілген. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, мәжбүрлік кейіпте – денесін алға еңкейтіп отыр, бетін жастыққа басады, мойын көк тамырлары бұлтиған, беті мен мойындары ісінген және цианозданған. Жүрек шекаралары барлық жаққа қарай ығысқан, жүрек тондары өте бәсеңдеген, жиі қарыншалық экстрасистолалар, АҚ - 95/60 мм.сн.бғ.  Перикард қуысына пункция жасалды.

Перикард сұйықтықтығын лабораторлық зерттеу кезінде анықталуы мүмкін:

 * нейтрофилдердің жоғарылауы

 * лимфоциттердің жоғарылауы

 *+атипиялық жасушалардың жоғарылауы

 * эритроциттердің жоғарылауы

 * эозинофилдердің жоғарылуы

 

! Идиопатиялық дилятациялық кардиомиопатияға тән ЭхоКГ өзгерісін таңдаңыз:

*+Жүрек қуысының дилятациясы

* Ошақтық миокард гиперкинезиясы

* Аорта склерозы

* Оң қарынша қабырғасының гипертрофиясы

* Сол қарынша қабырғасының гипертрофиясы

 

! Идиопатиялық дилятациялық кардиомиопатияға  тән ЭхоКГ өзгерісі қандай?

* Қарынша аралық перденің гипертрофиясы

*+Миокардтың жиырылу қызметінің диффузды төмендеуі

* Сол жақ антривентрикулярлық аңқаның тарылуы

* Аорта склерозы

* Оң жүрекше қабырғасының гипертрофиясы

 

! Идиопатиялық дилятациялық кардиомиопатияда ЭхоКГ қандай өзгерістер болады?

* Сол қарынша қуысының  кішіреюі

*+Жүрек лақтырысы мен соғу көлемінің төмендеуі

* Айқын өкпелік гипертензия дамиды

* Оң антриовентрикулярлық саңылаудың тарылуы байқалады

* Қарыншааралық перденің гипертрофиясы пайда болады

 

! Идиопатиялық дилятациялық кардиомиопатияға  тән ЭхоКГ өзгерісіне не жатады?

*+Миокардтың систолалық қызметінің глобалдық төмендеуі

* Митральды жармалы қақпақшаның деформациялануы мен қысқаруы

* Митральді тарылу

* Миокардтың жиырылу қабілетінің локальді төмендеуі

* Оң және сол қарынша қуысының кішіреюі

 

! Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатияда  жиі кездесетін асқынулар:

*+Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Қарынша аралық перденің үзілуі

* Емізіктәрізді бұлшықеттің үзілуі

* Жедел сол жүрекшелік жетіспеушілік

 

! Стационарға тексерілуге 35 жасар ер адам клиникасында тотальді жүрек жетіпеушілігі, кардиомегалия, жүрек соғысының бұзылысымен келіп түсті. Анамнезінде әкесінің туған ағасы жас кезінде жүрек ауруынан қайтыс болған, ал бір жыл бұрын өзінің ұлкен ағасы 37 жаста қайтыс болғаны анықталды. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

*+Дилатациялық кардиомиопатия

* Алкогольді кардиомиопатия

* Созылмалы ревмтикалық жүрек ауруы

* Вирусты миокардит

* Туа біткен жүрек ақауы

 

! Ер адам 39 жасар, қаңтар айында жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырып,  5-7 күнге созылған қызба болған. 3-4 ай өткен соң алғашқыда физикалық жүктемеден кейін ентігу пайда болды. Сонан соң тыныштық жағдайда   ентігу, жүрек қағысы, жүрек ырғағының бұзылысы байқалды. 2 айдан кейін аяғында ісіктер пайда болды. ЭхоКГ-де қарынша мен жүрекше қуысының дилатациясы, миокардтың жиырылу қабілетінің күрт төмендеуі. Қандай ауыру туралы ойлауға болады?

* Гипертрофиялық кардиомиопатия

* Жедел вирусты миокард

* Жедел  ревматикалық қызба

*+Дилатациялық кардиомиопатия

* Рестриктивті кардиомиопатия

 

 

! Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатияның диагностикалық белгісіне жатады:

*+Үдемелі  жүрек жетіспеушілігі

* Қарттық жас

* Емдеуге келетін, жүрек жетіспеушілігі

* Қанда тропониннің көбеюі

* Қабыну процессінің белгілерінің болуы

 

! Идиопатиялық дилатациялық кардиомиопатияға  тән клиникалық белгілерді көрсетіңіз?

*+Ентікпе, жүрек астмасының ұстамасы

* Полиартрит, артралгия

* Температураның көтерілуі

* Спленомегалия

* Шырышты-іріңдіқақырықты жөтел                   

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..       1      2      3      ..