Главная Книги - Разные СП РК 1.04-101-2012 ОБСЛЕДОВАНИЕ И ОЦЕНКА ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ (ҚР ЕЖ 1.04-101-2012)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 3 4 5 6 ..
ҚР ЕЖ 1.04-101-2012 59 Физикалық тозудың жеке өлшемдік белгілері бойынша аспаптық өлшенетін параметрлер – сызатты ашудың ені мен тереңдігі, майысу мен орын ауысу белгіленеді. жә не шекті болып бөлінеді. 8 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ Ж ӘН Е ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
8.1 Ғимараттар мен имараттарды техникалық тексеру кезінде [2], [3] жә не [8] нормативтерінің талаптары сақталуы керек. 8.2 Конструкцияны, құдықтарды, жерастылық коммуникацияларды, коллекторларды тексеру кезіндегі, сонымен қатар ұңғымалық жұмыстар мен ұңғымаларды бұрғылауды орындаған кездегі еңбектің қауіпсіз амалдарына үйрету, нұсқау беру жә не қауіпсіздікті қамтамасыз ету осы ережелер жинағының жә не [1] талаптарын сақтау арқылы жүргізіледі. 8.3 Шатырларды, құдықтарды, ұңғымаларды, тереңдігі 2 м асатын жер шұңқырларын, қазандықтарды, лифттерді жә не электр қалқаншасын ж.с.с. тексеретін тұлғаларға Ж қосымшасындағы форма бойынша жүктелім-рұқсат беріледі. 8.4 Тексеру жүргізетін жұмысшыларға еңбек қауіпсіздігінің технкасы бойынша нұсқау жүргізу оларды штатқа алумен бір уақытта жүргізілуі керек. 8.5 Ары қарай жұмысшылардың еңбектің қауіпсіз амалдары мен ә дістерін білетіндіктерін жыл сайын тексеру жүргізіледі. Білімді тексеру жұмысшылары тексеруді орындайтын ұйымның бұйрықтары бойынша бекітілетін комиссияның хаттамаларымен бекітіледі. Білімді тексерудің оң н ә тижесі кезінде білімді тексеру журналына тиісті жазылар жазылады. 8.6 Топтар мен бөлімдердің жетекшілерінің, шеберлерінің жә не бас мамандарының «Қауіпсіздік техникасының ережелерін» білулерін тексеру жүргізетін бас инженерінің төрағашылығы бойынша жыл сайын комиссия тексереді. Тексеру н ә тижелері хаттамалармен рә сімделеді. 8.7 Ғимараттар мен имараттарды тексеру жұмыстарын ұйымдастыру олардық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, қауіпті жерлердің барлығы қауіпсіздік таңбалармен, ескертпе жазулармен жә не плакаттармен белгіленеді. Тұрақты ә рекеттегі қауіпті жерлер қорғайтын қоршаулармен қоршалуы керек. 8.8 Ғимараттарды жә не имараттарды тексеру жұмыстарын орындайтын қызметкерлер қорғайтын каскалармен, тексерілген жә не сынаудан өткен сақтандырушы арқандары бар сақтық белдіктермен, ал шатырда жұмыс істеген кезде – сырғанамайтын аяқ киімдермен жабдықталуы керек. 8.9 Егер ғимараттың (имараттың) жеке бөліктерін тексеру жұмыстары басқа тұлғаларға кауіп төндірсе, онда жұмыстың жетекшісі осы аймаққа бөтен адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету керек. 8.10 Апаттық ғимараттарды немесе ғимараттың (имараттың) апаттық бөліктерінің тексеру бойынша жұмыстары тиісті сақтандыру шараларын өткізгеннен кейін ғана жүргізілуі керек. Сақтандыру шараларының тізімі осы жағдайда тапсырыс беруші ұйымның мамандарының жә не тексерушіден құрылған комиссиямен анықталады. 8.11 Конструкцияларды тексеру барысында жұмысшы орнын жарықтандыру үшін ашық жалындарды қолдануға тыйым салынады. |