Xerox B1022 Көпфункционалды құрылғы Пайдаланушы нұсқаулығы (2018) - 5

 

  Главная      Книги - Разные     Xerox B1022 Көпфункционалды құрылғы Пайдаланушы нұсқаулығы (2018)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..     3      4      5     

 

 

 

 

Xerox B1022 Көпфункционалды құрылғы Пайдаланушы нұсқаулығы (2018) - 5

 

 

Сипаттамалары
Стандартты конфигурациядағы
аппараттар өлшемдері
Габариттік талаптар
Сол жақта суретте 1 науасы бар принтерге арналған габариттік талаптар көрсетілген.
Оң жақта суретте 1 науасы және 2 опционалдық науасы бар принтерге арналған
габариттік талаптар көрсетілген.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
158
Пайдаланушы нұсқаулығы
Сипаттамалары
Қоршаған ортаға қойылатын талаптар
Температура
• Оңтайлы температура: 16-30° C (61-86° F)
• Пайдалану кезіндегі температура: 10-30 °C (50-86 °F)
Салыстырмалы ылғалдылық
Ылғалдылықтың қолжетімді диапазоны: 10-90%, орамда 90% аз
• Оңтайлы ылғалдылық: 30-70%
• Пайдалану кезіндегі ылғалдылық: салыстырмалы ылғалдылық 20-80%
Ескертпе. Экстремалдық қоршаған жағдайларда, мысалы 10° C (50°F)
температура және 85% салыстырмалы ылғалдылық кезінде, конденсациямен
шарттастырылған ақаулықтар байқалуы мүмкін.
Теңіз деңгейінен биіктік
Барынша жақсы өнімділік теңіз деңгейінен 2500 м (8 202 фут) дейінгі биіктікте
қамтамасыз етіледі.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
159
Пайдаланушы нұсқаулығы
Сипаттамалары
Электр қуат көзі
Кернеу және қуат көзінің жиілігі
Кіру жиілігі: 110-127 В айнымалы т. (±10%), 220-240 В айнымалы т. (±10%)
Номиналды жиілік: 50-60 Гц (± 3%)
Энергия тұтынуы
• Энергия үнемдеу режімі (ұйқы): 1 Вт аз
• Үздіксіз басып шығару кезінде: 550 Вт аз
• Дайындық және күту режімінде: 80 Вт аз
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
160
Пайдаланушы нұсқаулығы
Сипаттамалары
Пайдалану сипаттамалары
Принтердің қызу уақыты
• Жүктеу ұзақтығы: 43 секундтан аз.
• Энергия тұтыну режімінен шығу кезінде: 18 секундтан аз.
Ескертпе. Қызу уақыты 40% салыстырмалы ылғалдылық кезінде 22º C (71,6° F)
температура үшін көрсетіледі.
Басып шығару жылдамдығы
• Бір жақты басып шығару жылдамдығы: A4 (210 x 297 мм) форматы үшін 22 бет/мин
дейін және Letter (8,5 x 11 дюйм) форматы үшін 22 бет/мин
• Екі жақты басып шығару жылдамдығы: A4 (210 x 297 мм) форматы үшін 11 бет/мин
дейін және Letter (8,5 x 11 дюйм) форматы үшін 11 бет/мин.
Басып шығару жылдамдығы келесі факторларға байланысты: басып шығару режімі,
қағаздың форматы және түрі.
• Басып шығару режімі: стандартты режімде басып шығару жылдамдығы үлкен емес.
Жоғары сапа режімі барынша жақсы сападағы таңбаларды қамтамасыз етеді.
«Жоғары сапа» режімінде басып шығару жылдамдығы стандартты режімнен екі есе
аз.
• Қағаз форматы: A4 (210 x 297 мм) және Letter (8,5 x 11 дюйм) форматтағы қағазда
басып шығару ең жылдам.
• Қағаз түрі: әдеттегі қағазда басып шығару карточкаларда және тығыз қағазда басып
шығаруға қарағанда жылдамырақ орындалады.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
161
Пайдаланушы нұсқаулығы
Сипаттамалары
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
162
Пайдаланушы нұсқаулығы
B
Стандарттарға сәйкестік туралы
ақпарат
Бұл қосымшада мазмұндалады:
• Негізгі стандарттарға сәйкестік
164
• Көшірмелеуге шектеулер
169
• Факстарды табыстауға шектеулер
172
• Material Safety Data Sheets (Материалдардың қауіпсіздігі туралы деректер)
176
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
163
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Негізгі стандарттарға сәйкестік
Xerox компаниясы осы принтерге электр магниттік сәулелену және кедергіге төзімділік
бойынша стандарттарға сәйкестікке сынақ жүргізді. Бұл стандарттар принтермен
құрылатын немесе кеңсенің әдеттегі жағдайларында оның жұмысына әсер ететін
кедергілер деңгейін төмендету үшін әзірленген.
Аппарат ENERGY STAR® талаптарын
қанағаттандырады
Бұл аппарат кескіндемелерді өңдеу құрылғыларына арналған
ENERGY STAR бағдарламасының талаптары шеңберінде ENERGY
STAR® стандарты бойынша сертификатталған.
ENERGY STAR және ENERGY STAR белгісі АҚШ-та тіркелген тауар
белгісі болып табылады.
ENERGY STAR Imaging Equipment Program бағдарламасы АҚШ,
Еуропалық Одақ және Жапония үкіметтерінің және көшірмелер,
принтерлер, факсимильдік аппараттар, көпфункционалды
принтерлер, компьютерлер мен энергияны аз тұтынатын
мониторларды дамыту бойынша ұйымдастыру техникасын
өндірушілердің бірлескен бастамасын білдіреді. Энергия тұтынудың
төмендеуі түтіннің, қышқылды жаңбырлардың және климаттың
жахандық өзгерістерінің азаюына ықпал етеді, өйткені бұл ретте
электр энергиясын өндіру кезінде пайда болатын зиянды
шығарындылар қысқартылады. ENERGY STAR таңбаламасы бар
Xerox жабдығы дайындаушы-зауытта бапталады. Бұл аппарат соңғы
таңба немесе көшірмелер орындалғаннан кейін бір немесе екі
минуттан соң энергияны үнемдеу режіміне өтудің кіріктірілген
таймерімен жеткізіледі. Бұл режімнің егжей-тегжейлі сипаттамасы осы
нұсқаулықтың «Энергияны үнемдеу режімі» бөлімінде келтірілген.
АҚШ байланыс жөніндегі Федералдық
комиссия ережелері
Бұл жабдық байланыс жөніндегі Федералдық комиссия (БФК) Ережесінің 15-бөліміне
сәйкес B сыныпты цифрлық жабдыққа арналған стандарттарға сай сынақтан өтті және
сәйкес келеді. Бұл нормалар кеңсе жағдайында осы аппаратты пайдалану кезінде
кедергілерден қажетті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл аппарат радиожиілік
жолағында энергияны генерациялайды, пайдаланады және сәуле шығаруы мүмкін.
Орнату және пайдалану бойынша осы нұсқаулықтар бұзылған жағдайда ол
радиобайланыстың зиянды кедергілерін тудыруы мүмкін. Бұл аппаратты тұрғын
аймақта пайдаланған кезде пайдаланушы өз есебінен жоюға тиіс жол берілмейтін
кедергілер туындауы мүмкін.
Егер бұл жабдық радио және теледидар сигналдарын қабылдауға жол берілмейтін
кедергі көзі болып табылса, ол оны өшіру және қосу жолымен анықталады, төменде
аталған шараларды қолдана отырып, кедергілерді жоюға тырысуға болады.
• Қабылдаушы антеннаның бағдарын немесе орналасуын өзгертіңіз.
• Жабдық пен қабылдаушы құрылғы арасындағы арақашықтықты ұлғайтыңыз.
• Жабдықты қабылдаушы құрылғы қуат көзін алмайтын электр қуат көзі желісінің
басқа тармағындағы розеткаға қосыңыз.
• Көмек алу үшін сатушыға немесе білікті радио- немесе телешеберге хабарласыңыз.
Xerox компаниясының рұқсатынсыз аппаратқа өзгерістер енгізу және түрлендіру осы аппаратты
пайдалану құқығынан айырылуға әкелуі мүмкін.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
164
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Ескертпе. БФК ережелерінің 15 бөліміне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін
экрандалған интерфейстік кабельдерді қолданыңыз.
Еуропалық Одақ
Осы аппараттағы ЕС белгісі 2014 жылы 16 сәуірде қабылданған: 2014/53/ЕО
радиобайланыс құралдары туралы ЕО Директивасы Еуропалық Одақтың
келесі директиваларына сәйкестік туралы Xerox корпорациясының
мәлімдемесінің болуын білдіреді.
Осымен Xerox компаниясы, радиотехникалық жабдыққа жататын B1022/B1025
аппаратының моделі 2014/53/ЕО директивасының талаптарына сәйкес келетінін
куәландырады. ЕО сәйкестік туралы мәлімдеменің толық мәтінімен www.xerox.
com/environment_europe мекен-жайы бойынша танысуға болады.
Бұл аппарат нұсқаулықтарға сәйкес тиісті дәрежеде пайдаланылған кезде
пайдаланушылар мен қоршаған ортаға қауіп төндірмейді.
ЕСКЕРТУ.
• Xerox корпорациясының ерекше рұқсатынсыз осы аппаратқа өзгерістер енгізу және
оны түрлендіру осы аппаратты пайдалануға арналған құқықтан айырылуға алып
келуі мүмкін.
• Өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық жабдықтардың сыртқы сәулеленуі осы
Xerox аппаратының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Егер өнеркәсіптік, ғылыми
немесе медициналық жабдықтардың сыртқы сәулеленуі осы аппараттың жұмысына
кедергі келтірсе, кеңес алу үшін Xerox компаниясының өкілдігіне хабарласу керек.
• Бұл аппарат А сыныптағы цифрлық құрылғыларға жатады. Тұрғын үй-жайда бұл
аппарат радио кедергілер көзі болуы мүмкін - бұл жағдайда пайдаланушы оларды
басу бойынша сәйкесінше шаралар қолдануы тиіс.
• Еуропалық Одақтың нормативтік талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету
мақсатында экрандалған интерфейстік кабельдерді пайдаланыңыз.
Кескіндемелер жасауға арналған жабдық
жөніндегі ЕО келісімі (4 топ). Экологиялық
ақпарат
Экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға және
шығындарды қысқартуға арналған экологиялық
ақпарат
Келесі ақпарат ЕО энергия тұтынатын өнім жөніндегі Директивасына, соның ішінде
кескіндемелерді жасауға арналған жабдық жөніндегі 4-топтың зерттеуіне сәйкес
келтіріледі. Бұл директива өндірушілерден шығарылатын өнімнің экологиялық
көрсеткіштерін жақсарту және ЕО энергия тиімділігі жөніндегі жоспарын сақтауды
жақсартуды талап етеді.
Бұл келесі өлшемдерді қанағаттандыратын тұрмыстық техникаға және кеңсе
жабдығына жатады:
• минутына А4 66 кескіндемеге дейінгі максималды жылдамдығы бар монохромды
форматтағы стандартты техника;
• минутына А4 51 кескіндемеге дейінгі максималды жылдамдығы бар түрлі-түсті
форматтағы стандартты техника.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
165
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Кіріспе
Келесі ақпарат ЕО энергия тұтынатын өнім жөніндегі Директивасына, соның ішінде
кескінлемелерді жасауға арналған жабдық жөніндегі 4-топтың зерттеуіне сәйкес
келтіріледі. Бұл директива өндірушілерден шығарылатын өнімнің экологиялық
көрсеткіштерін жақсарту және ЕО энергия тиімділігі жөніндегі жоспарын сақтауды
жақсартуды талап етеді.
Бұл келесі өлшемдерді қанағаттандыратын тұрмыстық техникаға және кеңсе
жабдығына жатады:
• минутына А4 66 кескіндемеге дейінгі максималды жылдамдығы бар монохромды
форматтағы стандартты техника;
• минутына А4 51 кескіндемеге дейінгі максималды жылдамдығы бар түрлі-түсті
форматтағы стандартты техника.
Дуплекстік басып шығарудың экологиялық артықшылықтары
Көптеген Xerox аппараттары дуплексті (екі жақты) басып шығару функциясымен
жабдықталған. Бұл автоматты түрде қағаз парағының екі жағында қағаздың
тұтынылуын азайту есебінен ресурстарды жұмсауды қысқарта отырып, басып шығаруға
мүмкіндік береді. Кескіндемелер (4-топ) жасауға арналған жабдық жөніндегі ЕО
келісіміне сәйкес басып шығару жылдамдығы түрлі-түсте 40 бет/ мин немесе қара-ақ
режімде 45 бет/мин болатын модельдерде драйвелерді баптау және орнату кезінде екі
жақты басып шығару атқарымы автоматты түрде қосылуы тиіс. Басып шығару
жылдамдығы барынша төмен кейбір Xerox аппараттарының модельдерінде орнату
кезінде сондай-ақ екі жақты басып шығару баптаулары да автоматты қосыла алады.
Екі жақты басып шығаруды пайдалану қоршаған ортаға осындай жабдықты қолданудан
келетін зиянды азайтады. Бір жақты басып шығару қажет болған жағдайда, тиісті
баптауларды принтер драйверінің интерфейсінде өзгертуге болады.
Қағаз түрлері
Бұл аппарат экологиялық талаптарға және EN12281 сапа стандартына немесе соған
ұқсас сапа стандарттарына сәйкес келетін екінші шикізаттан жасалған қағазда да,
бірінші рет шығарылған қағазда да басып шығаруға арналған. Белгілі бір мақсаттарда
неғұрлым жұқа қағаз (60 г/м2) пайдаланылуы мүмкін, оны дайындау үшін шикізат аз
талап етіледі, сондықтан ол реурстарды үнемдейтін болады. Сіз оны басып шығару
үшін пайдалана аласыз ба, тексеру ұсынылады.
ENERGY STAR (Еуропалық Одаққа арналған ақпарат)
ENERGY STAR қоршаған ортаға келтірілетін залалды төмендететін энергиялық тиімді
модельдерді әзірлеу мен сатып алудың ерікті бағдарламасынан тұрады. ENERGY
STAR бағдарламасы мен оның талаптарын қанағаттандыратын модельдер туралы
мәліметтер www.energystar.gov/find_a_product мекен-жайы бойынша мазмұндалады.
Энергия тұтыну және белсенділік жағдайында болу уақыты
Аппараттың энергия тұтынуы оны пайдалану режіміне байланысты. Бұл аппаратты
электр энергиясына төленетін төлемге жұмсалатын шығын аз болатындей етіп
баптауға болады. Соңғы таңбаны орындағаннан кейін аппарат дайындық режіміне
өтеді. Бұл режімде басып шығару кідіріссіз басталады. Егер аппарат қандай да бір
уақыт аралығында қолданылмайтын болса, ол энергия үнемдеу режіміне ауысады. Бұл
режімде тек қана негізгі атқарымдар электр энергиясының үнемделуі үшін белсенді
болып қалады.
Энергия үнемдеу режімінен шыққаннан кейін аппаратқа бірінші таңбаны басып шығару
үшін дайындық режімінен басып шығару кезіндегіге қарағанада көбірек уақыт қажет
болады. Мұндай энергия үнемдеу режімінен шығу кезіндегі іркіліс осыған ұқсас
жабдықтардың көпшілігіне тән.
Энергия үнемдеу режіміне өту уақытын ұлғайтуға немесе бұл режімді ажыратуға
болады. Аппаратқа төмендетілген энергия тұтыну режіміне көшу үшін көбірек уақыт
қажет етілуі мүмкін.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
166
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Xerox компаниясының экологиялық тұрақтылық жөніндегі бастамаларға қатысуы
туралы қосымша мәліметтер www.xerox.com/about-xerox/environment/enus.html мекен-
жайы бойынша мазмұндалады.
CCD-035 стандарты бойынша кеңсе жабдығын Environmental Choice
сертификаттау
Бұл аппарат кеңселік жабдыққа арналған Environmental Choice
стандарты бойынша сертификатталған және қоршаған ортаға
келтірілетін зиянды азайту жөніндегі барлық талаптарды
қанағаттандырады. Xerox корпорациясы осы аппараттың энергия
тиімділігі бойынша Environmental Choice стандартының талаптарына
сәйкестігін растайды. Сертификатталған көшірмелер, принтерлер,
көпфункционалды құрылғылар мен факстер химиялық заттарды
бөлуге және қайталама қайта өңдеуден кейін алынған шығыс
материалдарын ауыстыруға байланысты талаптарға сәйкес болуы
тиіс. 1988 жылы қабылданған Environmental Choice бағдарламасы
тұтынушыларға қоршаған ортаға аз шығынмен ерекшеленетін өнімдер
мен қызметтерді таңдауға көмектеседі. Environmental Choice
стандарты бойынша экологиялық сертификаттау ерікті, көп жоспарлы
және өнімнің барлық өмірлік циклына арналған. Аппаратта осы
сертификаттаудың болуы оның қатаң экологиялық стандарттарға
сәйкестігін тексеру кезінде ғылыми негізде мұқият тестілеуден немесе
түгел қамтитын аудиттен (немесе тағы басқа) өткенін білдіреді.
Германия
Германия: Blue Angel (Көгілдір періште)
RAL, неміс сапа бақылауы және таңбалау институты, осы
құрылғыға Blue Angel (Көгілдір періште) экологиялық белгісін
берді. Бұл белгі аппарат әзірлеу, өндіру және пайдалану
саласындағы Blue Angel экологиялық өлшемдерге сәйкес
келетінін куәландырады. Егжей-тегжейлі мәліметтерді
www.blauer-engel.de қараңыз.
Blendschutz
Das Gerät ist nicht für die Benutzung im unmittelbaren Gesichtsfeld am Bildschirmarbeitsplatz
vor- gesehen. Um störende Reflexionen am Bildschirmarbeitsplatz zu vermeiden, darf dieses
Produkt nicht im unmittelbaren Gesichtsfeld platziert werden.
Lärmemission
Maschinenlärminformations-Verordnung 3. GPSGV: Der höchste Schalldruckpegel beträgt
70 dB (A) oder weniger gemäß EN ISO 7779.
Importeur
Xerox GmbH
Hellersbergstraße 2-
4
41460 Neuss
Deutschland
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
167
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Түркия үшін зиянды заттардың құрамын
шектеу ережелері
7 (d) Бапқа сәйкес осымен «аппараттың ЕЕЕ нормативтік талаптарына сәйкестігі»
расталады.
«EEE yönetmeliğine uygundur.»
2,4 ГГц сымсыз желісінің адаптеріне
арналған нормативтік ақпарат
Бұл аппараттың құрамында 2,4 ГГц сымсыз жергілікті желіге арналған байланыс
жөніндегі АҚШ Фелералдық комиссиясы (БФК) ережелерінің, Канаданың RSS-210
салалық стандартының және ЕО кеңесінің 99/5/ЕО директивасының талаптарына
сәйкес келетін радио таратқыш құрылғы модулі бар.
Осы аппаратты пайдалану кезінде мынадай екі шартты ескеру қажет: (1) аппарат
кедергі жасамауы тиіс; (2) аппарат жұмыста бұзушылық тудыруы мүмкін кедергілерді
қоса алғанда, кез келген кедергілер болған кезде жарамды болып қалуы тиіс.
Xerox корпорациясының ерекше рұқсатынсыз осы аппаратқа өзгерістер енгізу
немесе оны түрлендіру осы аппаратты пайдалану құқығынан айырылуға алып келуі
мүмкін.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
168
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Көшірмелеуге қойылатын шектеулер
АҚШ
АҚШ Конгресі белгілі бір жағдайларда келесі құжаттардың көшірмесін жасауға заң
жүзінде тыйым салды. Мұндай репродукцияларды жасағаны үшін ақшалай айыппұл
немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
1. АҚШ Үкіметінің облигациялары мен бағалы қағаздары, соның ішінде келесілер:
борышкерлік міндеттемелер;
ұлттық банк валютасы;
облигациялар купондары;
АҚШ федералдық резервтік банкінің банкноттары;
күміс сертификаттар;
алтын сертификаттар;
АҚШ облигациялары;
қазынашылық билеттер;
АҚШ Федералдық резервінің бакнтік билеттері;
ұсақ банкноттар;
депозиттік сертификаттар;
қағаз ақшалай белгілер;
кейбір үкіметтік мекемелердің қарыздары имен облигациялары, мысалы FHA
Федералдық тұрғын қор басқармасы және т.б.;
облигациялар (АҚШ жинақ облигацияларын тек қана осындай облигацияларды
сату жөніндегі кампаниялармен байланысты жарнама мақсатында суретке
түсіруге болады);
Ішкі елтаңбалық маркалар. (Жойылған елтаңбалық маркалары бар заң
құжаттарын тек заңда көзделген мақсаттарда ғана жаңғыртуға болады.);
Пошталық маркалар, өтелген немесе өтелмеген. (Филателия мақсаттары үшін
пошталық маркаларды олар қара-ақ немесе түпнұсқадан 75% аз емес немесе
150% артық сызықтық өлшемдермен көрсетілетін шарттарда ғана суретке
түсіруге болады.);
пошталық төлем тапсырмалары;
АҚШ уәкілетті лауазымды тұлғаларының шоттары, чектері және төлем талаптары;
АҚШ Конгрессі қабылдаған заңдарға сәйкес шығарылған немесе шығарылуы мүмкін
кез келген құндыдылықтағы маркалар және басқа да ақша алмастырғыштар.
Әлемдік соғыс ардагерлеріне түзетілген үстемақы туралы сертификаттар.
2.
Шет елдік үкіметтердің, банктер мен корпорациялардың облигациялары
мен басқа да бағалы қағаздары.
3. Авторлық құқықпен қорғалатын материалдар, авторлық құқық иесінің келісімі
алнған, немесе авторлық құқық иесінің келісімінсіз заңды түрде қайта шығару,
сондай-ақ кітапханада қайта шығару авторлық құқық туралы заңда көзделген
жағдайлардан басқа жағдайларды қоспағанда. Осы талаптар туралы қосымша
ақпаратты АҚШ авторлық құқықты тіркеу бюросынан (АҚШ Конгресінің кітапханасы,
Вашингтон, Колумбия федералдық округі, 20559, циркуляр R21) алуға болады.
4. Азаматтық немесе натуралдандыру сертификат. Шетелдік натуралдандыру туралы
сертификатты суретке түсіруге болады.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
169
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
5. Паспорттар. Шетелдік паспорттарды суретке түсіруге болады.
6. Иммиграциялық құжаттар.
7. Шақыруды тіркеу қағаздары.
8.
Әскери есепте тұрған адам туралы мынадай мәліметтердің кез келген бөлігін
қамтитын әскери міндеттен босату туралы құжаттар.
• жалақы немесе табыс,
• сот отырыстарының хаттамалары,
• дене немесе психикалық жай-күйі,
• асырауындағының мәртебесі,
• алдындағы әскери қызметі.
• Ерекшелік: АҚШ-тың запасқа шығару туралы сертификаттарын суретке түсіруге болады.
9. Әскери қызметкерлер және әртүрлі федералдық ведомстволардың қызметкерлері,
оның ішінде ФТБ және АҚШ Қаржы министрлігінің қызметкерлері алып жүретін
белгілер, жеке куәліктер, рұқсаттамалар және айырым белгілері (суретке түсіру
Департамент немесе бюро бастығының бұйрығы бойынша орындалатын
жағдайларды қоспағанда).
Бірқатар штаттарда сондай-ақ келесіні суретке түсіруге тыйым салынған:
• номерлік белгілер,
• жүргізуші куәлігі,
• автомобильге меншік құқығы туралы куәлік.
Бұл тізім толық емес, Авторлар оның толықтығына немесе дәлдігіне жауапкершілік
көтермейді. Күмән болған жағдайда, адвокатқа хабарласыңыз.
Бұл шарттар туралы қосымша ақпаратты АҚШ авторлық құқықты тіркеу бюросынан
(АҚШ Конгресінің кітапханасы, Вашингтон, Колумбия федералдық округі, 20559,
циркуляр R21) алуға болады.
Канада
Парламент белгілі бір жағдайларда мынадай заттарды қайта шығаруға заң жүзінде
тыйым салды. Мұндай репродукцияларды жасағаны үшін ақшалай айыппұл немесе
бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
• Айналыстағы банкноттар немесе қағаз ақша белгілері.
• Үкіметтің немесе банктің облигациялары және басқа да бағалы қағаздары.
• Қазынашылық вексельдер және елтаңбалы маркалар.
• Канаданың / провинциялардың мемлекеттік мөрі немесе Канаданың мемлекеттік
органдары мен мекемелерінің мөрлері, сондай-ақ жалпы юрисдикция соттарының
мөрлері.
• Ресми мәлімдемелер, бұйрықтар, ұйғарымдар, тағайындаулар немесе
осындайлар туралы хабарламалар (Канаданың Корольдік баспаханасы немесе
провинциялардың тиісті баспаханалары шығарған ұқсас құжаттарды бұрмалау
мақсатында).
• Канаданың немесе жекелеген провинциялардың үкіметтері не олардың атынан:
басқа мемлекеттердің үкіметтері немесе Канаданың, провинциялардың немесе
басқа мемлекеттер үкіметтерінің ведомстволары, ұйымдары, комиссиялары немесе
мекемелері пайдаланатын белгілер, коммерциялық белгілер, мөрлер, қаптамалар
немесе сызбалар.
• Канада, провинциялар үкіметтерінің немесе басқа елдер үкіметтерінің кіріс көзі
ретінде пайдаланылатын баспа немесе желімделетін маркалар.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
170
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
• Олардың заңды көшірмесін жасауға уәкілетті мемлекеттік лауазымды тұлғалармен
сақталатын құжаттар, тізілімдер немесе жазбалар (егер мұндай көшірме жасау
заңды көшірмелерді имитациялау мақсатында болса).
• Авторлық құқық немесе тауар таңбасының иесі болып табылатынына қарамастан,
авторлық құқықпен қорғалатын барлық материалдар мен тауар таңбалары.
Келтірілген тізім толық емес және пайдаланушының ыңғайлылығы үшін көмекші
материал ретінде ұсынылған. Авторлар оның толықтығына немесе нақтылығына жауап
бермейді. Күмән болған жағдайда заң кеңесіне жүгініңіз.
Басқа елдер
Сіздің елде кейбір құжаттарды көшіру заңсыз болуы мүмкін. Заңсыз көшірмелерді
жасау ақшалай айыппұлмен немесе бас бостандығынан айырумен жазаланады.
• Ақша белгілері.
• Банкноттар мен чектер.
• Банктік және мемлекеттік бағалы қағаздар.
• Паспорттар мен жеке куәліктер.
• Авторлық құқықпен қорғалатын материалдар мен тауар белгілері
олардың иелерінің келісімінсіз.
• Потша маркалары мен басқа да айналым құжаттары.
Бұл тізім толық емес және толықтығы мен дәлдігін талап етпейді. Күмән болған
жағдайда заң кеңесіне жүгініңіз.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
171
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Факстерді табыстауға қойылатын
шектеулер
АҚШ
Жіберілетін факстердің тақырыбына қойылатын
талаптар
1991 жылғы Телефон қызметтерін тұтынушыларды қорғау туралы заң хабарламаны
электрондық құрылғылардың көмегімен, оның ішінде факс арқылы жіберуге рұқсат
береді, тек жіберілетін хабарламаның әрбір немесе ең болмағанда бірінші бетінде
жөнелту күні мен уақыты, кәсіпорынның атауы көрсетілген жоғарғы немесе төменгі өрісі
болған жағдайда ғана,
немесе хабарламаны жіберген адамның тегі, сондай-ақ жіберуші құрылғының,
кәсіпорынның, ұйымның немесе тұлғаның телефон нөмірі бар болған шарттарда.
Жергілікті, қалааралық немесе халықаралық телефон сөйлесулеріне тарифтерден
аспайтын телефон нөмірін көрсету керек; оның ішінде 900-ден басталатын телефон
нөмірін пайдалануға болмайды.
Деректерді табыстау құрылғысы туралы мәліметтер
Бұл аппарат байланыс жөніндегі Федералдық комиссия (БФК) Ережесінің 68 бөлімінің
талаптарына және терминалдарды қосу жөніндегі Әкімшілік кеңеспен (Administrative
Council for Terminal Attachments, ACTA) бекітілген талаптарға сәйкес келеді.
Аппараттың артқы жағында жапсырма орналасқан, онда өзге ақпараттан басқа,
US:AAAFA##BXXXX форматтағы тауар сәйкестендіргіші көрсетіледі. Қажеттілігіне
қарай бұл нөмірді телефон компаниясына хабарлауға болады.
Осы аппарат үй-жайдағы сымдарға және телефон желісіне қосылатын ұялы және
штепсельді ажыратқыштар байланыс жөніндегі Федералдық комиссия (БФК) Ережесінің
68 бөлімінің талаптарына, сонымен қатар АСТА ұйымымен бекітілген талаптарға сәйкес
келуі тиіс. Талаптарға сәйкес келетін телефон кабелі мен модульді аша аппаратты
жеткізу жиынтығына кіреді. Кабель тиісті талаптарға сәйкес келетін үйлесімді модульдік
ұяшыққа қосылады. Егжей-тегжейлі ақпарат орнату жөніндегі нұсқаулықта келтірілген.
Аппаратты орнату жиынтығына кіретін модульдік ашасы бар сәйкесінше телефон
кабелінің көмегімен USOC RJ-11C стандартты модульдік ажыратқышқа қосуға рұқсат
етіледі. Егжей-тегжейлі ақпарат орнату жөніндегі нұсқаулықта келтірілген.
Телефон желісіне қосуға болатын құрылғылар санын анықтау үшін эквивалентті жүктеу
коэффициенті (Ringer Equivalence Number, REN) қолданылады. Егер бір телефон
желісіне арналған REN коэффициенттерінің сомасы рұқсат етілген минимумнан асатын
болса, құрылғылар кіріс қоңырауларына жауап бермеуі мүмкін. Өңірлердің көпшілігінде
REN коэффициенттерінің сомасы бестен (5,0) аспауы тиіс. Желіге қанша құрылғы
қосуға болатынын білу үшін (REN сомасының мәніне байланысты), жергілікті телефон
компаниясына хабарласыңыз.
23 шілде 2001 ж. кейін шығарылған құрылғылар үшін,
REN коэффициентінің мәні US:AAAFA##BXXXX форматындағы құрылғы
сәйкестендіргішінің құрамына кіреді. ## белгілерімен белгіленген сандар ондық
бөлгішсіз REN коэффициентінің мәнін білдіреді (мысалы, 03 саны REN мәні 0,3 тең
екенін білдіреді). Бұрын шығарылған құрылғылар үшін, REN коэффициентінің мәні
белгіде жеке көрсетіледі.
Жергілікті телефон компаниясына тиісті қызметке тапсырыс берген кезде төменде
атап көрсетілген кодттар туралы ақпарат талап етілуі мүмкін:
• Құрылғы интерфейсінің коды (FIC) = 02LS2
• Қызметке тапсырыс беру коды (SOC) = 9.0Y
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
172
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Назар аударыңыз! Жергілкті телефон компаниясынан сіздің желіңізде
орнатылған модульдік қосқыштың түрін біліңіз. Бұл аппаратты
сертификатталмаған ажыратқышқа қосу телефон компаниясының жабдықтарын
зақымдауы мүмкін. Бұл жағдайда сіз, Xerox компаниясы емес, аппаратты
сертификатталмаған ажыратқышқа қосудың салдарынан келтірілген шығын үшін
барлық жауапкершілікті өзіңіз қабылдайсыз.
Егер Xerox® аппараты телефон желісінің жұмысына кедергі келтіретін болса, телефон
компаниясы телефон желісін өзінің желісінен уақытша ажырата алады. Егер абонентті
алдын ала хабардар ету үлкен қиындықтармен ұштасуы мүмкін болса, телефон
компаниясы абонентке бірінші мүмкіндік болған кезде хабарлайды. Егер телефон
компаниясы абонентке қызмет көрсетуді тоқтататын болса, ол қажет болған жағдайда
БФК-на (АҚШ) шағым беруге құқылы.
Телефон компаниясы өзінің техникалық құралдарына, жабдығына және рәсімдеріне
өзгерістер енгізе алады, бұл жабдықтың жұмысына әсер етуі мүмкін. Егер телефон
компаниясы Жабдықтың жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін қандай да бір
компоненттерге өзгерістер енгізсе, ол абонентті үздіксіз пайдалануды қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін белгілі бір өзгерістерді енгізу қажеттілігі туралы хабардар етуге
міндетті.
Жөндеу немесе кепілдік туралы ақпарат алу үшін Xerox® жабдықтарымен проблемалар
туындаған жағдайда, тиісті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Байланыс
ақпараты «Машина мәртебесі» мәзірінде, сондай-ақ «Ақауларды жою» бөлімінің
соңында Пайдаланушы нұсқаулығында келтірілген. Егер аппарат телефон желісінің
жұмысына кедергі жасайтын болса, телефон компаниясы ақаулықтарды жойғанға дейін
оны өшіруді талап етуі мүмкін.
Принтерді жөндеу тек Xerox сервистік өкілдігінің мамандарымен немесе Xerox
компаниясының өкілетті қызмет көрсетушісімен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл талап
кепілдік қызмет көрсету мерзімі ішінде де, ол аяқталғаннан кейін де өз күшін сақтайды.
Уәкілетті емес тұлғалар жөндеуді орындаған жағдайда кепілдік міндеттемелерінің күші
жойылады және кепілдік мерзімі тоқтатылады.
Бұл жабдық ұжымдық пайдалану желілерінде (қосарланған телефондар)
пайдаланылмауы тиіс. Ұжымдық пайдалану байланыс желісіне қосылу басқа тарифтер
бойынша төленеді. Қосымша ақпарат алу үшін тиісті мемлекеттік немесе
муниципалдық органдарға хабарласыңыз.
Сіздің кеңсеңіз телефон желісіне қосылған сымды сигнал беру жүйесімен жабдықталуы
мүмкін. Xerox® аппаратын орнату сигнализацияның ажыратылуына әкеп соқпайтынына
көз жеткізу қажет.
Сигналды өшіруді тудыруы мүмкін сұрақтар туындаса, телефон компаниясына немесе
білікті мамандарға хабарласыңыз.
Канада
Бұл өнім Канада өнеркәсіп министрлігінің қолданыстағы техникалық
сипаттамаларына сәйкес келеді.
Сертификатталған Жабдықты жөндеуді ұйымдастыруға жеткізуші тағайындаған өкіл
жауап береді. Пайдаланушы модификацияларды немесе жөндеу жұмыстарын
орындаған жағдайда, сондай-ақ құрылғы дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
телекоммуникациялық компания жабдықты өшіруді талап ете алады.
Пайдаланушылардың қауіпсіздігі мақсатында принтер дұрыс жерге тұйықталуы тиіс.
Ауыспалы токтың электр желісін, телефон желілерін және ішкі металл су құбыры
құбырларын қолда бар жерге тұйықтау біріктірілуі тиіс. Бұл сақтық шарасы әсересе
ауылдық жерлерде маңызды.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
173
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
ЕСКЕРТУ. Мұндай қосылыстарды дербес орындауға әрекет жасамаңыз. Жерге
тұйықтауды орындау үшін тиісті ұйымға немесе білікті маманға хабарласыңыз.
Әрбір соңғы құрылғыға тағайындалған REN (Ringer Equivalence Number) эквивалентті
жүктеме коэффициенті бір телефондық интерфейске (бір телефон желісіне) қосылатын
терминалдардың максималды рұқсат етілген санын есептеуге мүмкіндік береді.
Интерфейске құрылғыны кез келген комбинацияда қосуға болады. Құрылғылар санын
шектеу эквивалентті жүктеме коэффициентінің сомасы 5 аспауы тиіс екендігінен тұрады.
Канадаға арналған REN мәнін аппараттың паспорттық тақтайшасынан қараңыз.
Еуропалық Одақ
Радиобайланыс құралдары және телекоммуникациялық
шеткі жабдықтар жөніндегі директива
Факсимильдік аппарат 1999/5/EC директивасының талаптарына сәйкес жалпы
пайдаланудағы коммутацияланатын телефон желісіне (ТфОП) бір терминалды қосуға
сертификатталды. Алайда, әртүрлі елдердегі ТСОП желілерінің сипаттамалары
арасындағы айырмашылықтарға байланысты мұндай сертификаттау ТСОП кез келген
желісіне терминалды қосудың әрбір нүктесінде аппараттың дұрыс жұмыс істеуіне
кепілдік бермейді.
Қиындықтар туындаған жағдайда уәкілетті жергілікті дилерге хабарласу қажет.
Бұл аппрат Еуропалық экономикалық аймақ елдеріндегі ұқсас коммутацияланатын
телефон желілері үшін жеткі жабдыққа арналған ES 203 021-1, -2, -3 - техникалық
шарттарға сынақтан өткен және сәйкес келеді. Аппаратта елдің коды енгізу қажет.
Елдің кодын аппаратты желіге қосқанға дейін енгізу қажет. Елдің кодын баптау
процеударыс пайдаланушыларға арналған құжаттамада сипатталған.
Ескертпе. Аппарат импульстік, сондай-ақ тоналды жиынтықты да (DTMF)
қолданады, алайда сенімді және жылдам байланысты қамтамасыз ету үшін
тоналды жиынтықты қолдану ұсынылады. Хегох компаниясы осы аппаратты
түрлендіруді жүргізуге, оны сыртқы басқару бағдарламасына қосуға рұқсат
бермейді. Мұндай әрекеттер сертификаттың күшін жоюға әкеп соқтырады.
ОАР
Бұл модемді кернеуді секіруден қорғайтын құрлғымен бірге пайдалану қажет.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
174
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Жаңа Зеландия
1. Қандай да бір терминалдық жабдықты байланыс желісіне қосуға арналған рұқсат
(Telepermit) Telecom корпорациясы осы жабдықтың оны желіге қосу үшін ең төменгі
талаптарға сәйкестігін растау болып табылатынын білдіреді. Ол осы өнімнің
пайдасына берілген Telecom куәлігі болып табылмайды және қандай да бір
кепілдіктер бермейді және Telepermit рұқсаты бар өнімнің Telecom-ның барлық
желілік қызметтерімен үйлесімділігін білдірмейді. Бұдан басқа, ол құрамдас бөліктің
басқа үлгідегі немесе басқа партиядан Telepermit рұқсаты бар жабдықтың басқа
құрамдас бөліктерімен дұрыс және толық өзара әрекеттесуіне кепілдік бермейді.
Аппарат деректерді берудің жоғары жылдамдығы кезінде дұрыс жұмысты қамтамасыз
етпеуі мүмкін. 33,6 кбит/с және 56 кбит/с жылдамдығы бар қосылу кейбір жалпы
қолданыстағы телефон желілеріне (УАТС) қосылған кезде деректерді берудің нақты
аз жылдамдығын қамтамасыз етуі мүмкін. Telecom осыған байланысты туындайтын
қолайсыздық үшін жауапкершілік көтермейді.
2. Бұл құрылғы физикалық зақынданған кезде оны дереу өшіріп, кәдеге жаратуды
немесе жөндеуді ұйымдастыру қажет.
3. Бұл модемді Telecom-ның басқа клиенттеріне қолайсыздық тудыруы мүмкін кез
келген тәсілмен пайдалануға тыйым салынады.
4. Бұл аппарат импульстік жиынтық құрылғысымен жабдықталған, ал Telecom
стандарты тоналдық жиынтықты (DTMF) пайдалануды білдіреді. Telecom өз
желілерімен тұрақты импульстік жиынтықты қолдауына кепілдік бермейді.
5. Осы жабдықты басқа жабдықпен пайдаланылатын желіге қосқан кезде
импульстік жиынтықты пайдалану «қоңырау шалу» әсерінің, сондай - ақ
«жалған» жауаптың пайда болуына әкелуі мүмкін. Мұндай ақаулар туындаған
жағдайда Telecom Faults Service қолдау қызметіне хабарласыңыз.
6. Тоналды жиынтық қолайлы болып табылады, себебі импульстік (дискілік)
жиынтықпен салыстырғанда жоғары жылдамдықты қамтамасыз етеді және Жаңа
Зеландияда телефон коммутаторларының басым көпшілігімен қолдау көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ. Электр қуаты істен шыққан кезде бұл аппарат қоңырауларды
орындауға, оның ішінде шұғыл қызметтердің нөмірлерін теруге мүмкіндік
бермейді (мысалы 111).
7. Бұл құрылғы қоңырауды жалпы желіге қосылған басқа құрылғыға тиімді
бағыттамауы мүмкін.
8. Telecom компаниясының Telepermit талаптарына сәйкестігін тану үшін қажетті
кейбір параметрлер осы құрылғымен байланысқан жабдыққа (компьютерге)
байланысты болады. Telecom техникалық сипаттамаларына сәйкестігін қамтамасыз
ету үшін ілеспе жабдық келесі шектеулерді ескере отырып, пайдалануды қолдауы
тиіс.Бір нөмірді қайта шақыру үшін:
• жеке қолмен шақыру үшін 30 минут мерзім ішінде бір нөмірді шақыруға 10
әрекеттен артық емес, сондай-ақ
• Әртүрлі нөмірлерге автоматты қоңыраулар үшін:
• жабдық бір шақыру әрекеті аяқталған сәттен бастап келесі әрекет басталғанға
дейін әр түрлі нөмірлерге автоматты қоңыраулар арасындағы аралықты кемінде
бес секунд қамтамасыз етуі тиіс.
9. Тиісті жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін бір мезгілде бір желіге
қосылған барлық құрылғылардың REN жалпы коэффициенті бесеуден аспауы
тиіс.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
175
Пайдаланушы нұсқаулығы
Стандарттарға сәйкестік туралы ақпарат
Material Safety Data Sheets
(Материалдардың қауіпсіздігі жөніндегі
деректер)
Еуропалық Одаққа арналған материалдар қауіпсіздігі жөніндегі ақпаратты алу үшін
www.xerox.com/environment_europe сайтына кіріңіз.
Техникалық қолдау орталығының телефондарын www.xerox.com/office/worldcontacts
мекен-жайы бойынша табуға болды.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
176
Пайдаланушы нұсқаулығы
C
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Бұл қосымшада мазмұндалады:
• Барлық елдер
178
• Еуропалық Одақ
179
• Басқа елдер
181
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
177
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Барлық елдер
Егер сіз Xerox аппаратын кәдеге жаратуға жауап беретін болсаңыз, онда оның
құрамында қорғасын, сынап, перхлораттар және басқа да материалдар болуы мүмкін
екеніне назар аударыңыз, оларды кәдеге жарату қоршаған ортаны қорғау
ережелерімен реттелуі мүмкін. Бұл материалдардың құрамы аппараттың нарыққа
шығуы кезінде қабылданған әлемдік стандарттарға толық сәйкес келеді. Аппаратты
қайта өңдеу және кәдеге жарату тәсілдері туралы ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті
органдарға хабарласыңыз.
Хлорлы қышқылды материал
Бұл аппараттың құрамында аккумулятор сияқты хлорлы қышқылды материалы
(перхлорат) бар бір немесе бірнеше құрылғы болуы мүмкін. Олар үшін жұмыс істеудің
ерекше тәртібі қарастырылуы мүмкін. www.dtsc.ca.gov/hazardouswaste/perchlorate
бөлімін қараңыз.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
178
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Еуропалық Одақ
Кейбір жабдықты тұрмыстық, сол сияқты коммерциялық жағдайларда да
қолдануға болады.
Тұрмыстық пайдалану
Аппаратта бұл белгінің болуы оны тұрмыстық қалдықтармен бірге
кәдеге жаратуға болмайды дегенді білдіреді.
Еуропалық Одақ заңнамасына сәйкес, электр техникалық және электрондық
жабдықтың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін, оны тұрмыстық қалдықтардан бөлек
кәдеге жарату қажет.
ЕО-қа мүше-елдердегі жеке меншік иелері қолданылған электрлік және электрондық
жабдықтарды арнайы арналған жинау пункттеріне тегін қайтара алады. Қосымша
ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті органдарға хабарласыңыз.
Бірқатар елдерде жабдықты бөлшек сатып алу кезінде сатушы-ұйыммен ескі жабдықты
тегін қабылдау туралы келісуге болады. Егжей-тегжейлі ақпаратты сатушыдан алуға
болады.
Кәсіби пайдалану
Жабдықта бұл белгінің болуы оны белгіленген ережелерге сәйкес кәдеге
жарату керек екендігін білдіреді.
Еуропалық Одақ заңнамасына сәйкес, электр техникалық және электрондық
жабдықтың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін, оны белгіленген ережелерге сәйкес
кәдеге жарату қажет.
Кәдеге жаратудың алдында жабдықтың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін жабдықты
қайтару жөнінде ақпарат алу үшін жергілікті дилерге немесе Xerox өкілдігіне
хабарласыңыз.
Еуропалық Одақтағы корпоративтік
пайдаланушылар
Электр техникалық және электрондық жабдықты кәдеге жарату жөнінде ақпарат алу
үшін сәйкесінше дилерге немесе жеткізушіге хабарласыңыз.
Еуропалық Одақ шегінен тыс кәдеге
жарату
Бұл таңбалар тек Еуропалық Одақ елдеріне арналған. Бұл бұйымдарды кәдеге жарату
жөнінде ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті органдарға немесе сәйкесінше дилерге
хабарласыңыз.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
179
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Аккумуляторларға арналған ескерту
белгілері
Бұл қоқыс себетінің белгісі химиялық элемент белгісімен үйлесімде
қолданылуы мүмкін. Бұл белгі көрсетілген директивамен көзделген
талаптардың бар екенін білдіреді.
Аккумуляторларды шығарып алу
Аккумуляторларды ауыстыру дайындаушымен уәкілеттік берілген сервистік
ұйымдармен ғана жүргізуге рұқсат етіледі.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
180
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Басқа елдер
Кәдеге жарату жөніндегі ақпарат үшін қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі жергілікті
уәкілетті органға хабарласыңыз.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
181
Пайдаланушы нұсқаулығы
Қайта өңдеу және кәдеге жарату
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
182
Пайдаланушы нұсқаулығы
D
Атқарымдар
Элек-
Сканер-
Кө-
трон-
леу
шір-
ды
(қайда)
Баптау
Сипаттамасы
мелеу
пошт
USB
2-жақты
Мысалы, көшірмелеу және
X
X
X
X
көшірмелеу және
сканерлеу жұмыстары үшін бір
сканерлеу
немесе екі жақты таңбаларды
көрсету қажет.
Ескертпе. Егер
түпнұсқаларды бергіш
орнатылған болса, екі
жақты көшірмелеу және
сканерлеу электронды
пошта, сканерлеу (қайда)
USB і
і
і
Автоорталық
Кескіндемені
парақтың
X
ортасына орналастыру үшін
Автоорталық
баптауын
қолданыңыз
Фонды басу
«Атобасу» баптауы принтердің
X
X
X
X
ашық фон түсінің өзгерістеріне
сезімталдығын азайту үшін қызмет
етеді.
Көшірмелеуге
Жұмысқа арналған науаны көрсету
X
арналған науа
үшін, Көшірмелеуге арналған науа
баптауын қолданыңыз. «Авто»
нұсқауын таңдау кезінде науа
түпнұсқаның және берілген
баптаулардың өлшеміне байланысты
таңдалады.
Іріктеу
Көшірмелеудің көп беттік
X
жұмыстары үшін көшірмелерді
автоматты түрде іріктеу
қарастырылған. Мысалы, құжаттың
алты беттен тұратын үш бір жақты
көшірмесі жасалған кезде
көшірмелер келесі тәртіппен
басылады:
Мұқабалар
Алдыңғы, артқы немесе алдыңғы
X
және артқы мұқабаларды жұмысқа
қосуға болады. Бұл ретте басқа
науадан мұқабалар үшін арнайы
қағаз пайдаланылады. Мұқабалар
мөрмен және онсыз да болуы
і
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
183
Пайдаланушы нұсқаулығы
Элек-
Кө-
трон-
Скане
шір-
ды
р-леу
Баптау
Сипаттамасы
меле
пошт
(қайда
USB
Файл форматы
Сақталатын кескіндеме форматын
X
X
X
орнату үшін Файл форматы
баптауын қолданыңыз.
Кімнен
«Кімнен» баптауы пошта
X
хабарламасын жіберушінің немесе
сканерлеу файлының атын көрсету
үшін қызмет етеді.
Макет
Куәліктерді көшіргенде, парақта
X
бірнеше беттерді басып шығарғанда
және кітаптар мен бекітілген
түпнұсқаларды көшіргенде Макет
атқарымын пайдаланыңыз.
Ашығырақ/Қаралау
«Ашығырақ/Қаралау» баптауын
X
X
X
X
қолдана отырып, шығатын
кескіндемені немесе таңбаны
ашығырақ немесе қаралау етіп
жасауға болады.
Өрістерді жылжыту
Өрістерді солға, оңға, жоғары
X
немесе төмен жылжыту үшін
өрістерді жылжыту баптауларын
Бағдар
«Бағдар» баптауы кескіндемелерді
X
X
X
X
бағдарлауды көрсету үшін
қолданылады. Осы ақпарат
негізінде көшірмелер жасау кезінде
бейнелерді бұрудың талап
етілмейтіндігі анықталады.
Түпнұсқа форматы
Түпнұсқаның қажетті аймағын
X
X
X
X
дұрыс сканерлеу үшін оның
өлшемін көрсету керек.
Түнұсқаның түрі
Кескіндеме сапасы түпнұсқалардың
X
X
X
X
түріне және оларды жасау тәсіліне
байланысты оңтайландырылады.
Дайын жұм.түрі
«Дайын
жұм.түрі»
баптауы
X
X
X
кескіндемедегі және таңбадағы түс
беруді түзету үшін қызмет етеді.
Саны
Сан өрісіне жұмыс үшін қажетті
X
көшірмелер санын енгізіңіз.
Азайту/ұлғайту
Кескіндемені бастапқы өлшемнен
X
25% - ға дейін азайтуға немесе 400%
- ға дейін арттыруға болады.
Кімге жауап беру
«Кімге жауап беру» баптауы
X
хабарламаға эл. поштаны қосуға
мүмкіндік береді, сол арқылы
алушыға жауап хабарлама жіберу
керек.
Xerox® B1022 көпфункционалды құрылғысы
184
Пайдаланушы нұсқаулығы
Атқарымдар
Элек-
Кө-
трон-
Скане
шір-
ды
р-леу
Баптау
Сипаттамасы
меле
пошт
(қайда
USB
Ол электрондық пошта хабарын
алушыдан жауап принтерге емес,
пайдаланушыға келу үшін қажет
болған кезде қолданылады.
Ескертпе. Бұл
параметр алдын ала
жүйелік әкімшімен
орнатылуы мүмкін.
Рұқсат
Рұқсат графикалық кескіндердің
X
X
X
сапасын анықтайды. Сурет
ажыратымдылығы дюйм (dpi)
нүктелерінде өлшенеді.
Тақырып
«Тақырып» баптауы тақырыпты
X
электронды пошта хабарына
енгізу үшін қызмет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     3      4      5