|
содержание ..
517
518
519
520 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 519
??? № 1
ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+) кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы
??? № 2
Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+) 17.10
4 10.11
5 07.12
??? № 3
Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерiнiң бiрi:
1. (+) Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Ұрықтың мүшелерін пальпациялау
4. Тәбеттің төмендеуі
5. Етеккірдің тоқтауы
??? № 4
Жүкті әйелдің жамбас сүйектерін өлшегенде келесі өлшемдер 28-29-30-17 см
анықталды. Бұл өлшемде тар жамбастың қандай түріне және дәрежесіне сай келеді:
1. (+) Жай жалпақ рахиттік тар жамбас 2 дәрежесі
2. Жай жалпақ рахиттік тар жамбас 1дәрежесі
3. Жай жалпақ тар жамбас 1 дәрежесі
4. Жай жалпақ тар жамбас 2 дәрежесі, көлденең тарылған тар жамбас 1 дәрежесі
5. Көлденең тарылған тар жамбас 1 дәрежесі
??? № 5
Ішкі әйел жыныс мүшесі...
1 Қасаға
2 (+) жатыр
3 Шүрті
4 үлкен жыныс ернеу
5 кіші жыныс ернеу
??? № 6
Бiрiншiлiк аменореяның себептерi:
1. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
2. (+) Гипоталамикалық құрылым функциясының бұзылыстары
3. Семiздiк
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Артериалдық гипертензия.
??? № 7
Жүкті әйелдің іш айналымын өлшейді:
1. (+) Кіндік деңгейінде
2. Семсер тәрізді өсінді тұсында
3. Кіндіктен 2 саусақ жоғары
4. Кіндіктен 3 саусақ жоғары
5. Қасаға деңгейінде
??? № 8
Кесар тiлiгi арқылы босандыру кезiндегi босанғаннан кейiнгi қан жоғалту көлемi
деп есептелiнедi:
1. Қан жоғалту 300 мл және кесар тiлiгi операциясынан кейiн одан артық
2. Қан жоғалту 500 мл және кесар тiлiгi операциясынан кейiн одан артық
3. Қан жоғалту 700 мл және кесар тiлiгi операциясынан кейiн одан артық
4. Қан жоғалту 900 мл және кесар тiлiгi операциясынан кейiн одан артық
5. (+) 1000 және одан артық
??? № 9
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 10
Арнайы емес этиологиялы әйел жыныс мүшелерінің қабыну процесінің ерекшеліктеріне
жатады:
1. 18 жасқа дейін және 55 жастан асқан аурулар санының көбеюі
2. тубоовариалды құрылыммен аурулар санының көбеюі
3. көптеген ауруларда ауруға тән айқын клиникалық белгісінің болмауы
4. (+) жиі параметриттің анықталуы
5. қабыну процесінің жиі асқынатын ұзақ уақытқа созылатын ағымға ауысуы
??? № 11
Пуберттаты кезеңде қасағаның түктенуі қалай аталады:
1. менархе
2. (+) Пубархе
3. Телархе
4. Дактостаз
5. Мастит
??? № 12
Босану кезінде жатыр мойны жыртылуын алдын алуға жатпайды
1 босануға жатыр мойнын дайындау
2 босанудың бірінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
3 босанудың екінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
4 (+) босануда бета-адреномиметиктерді қолдану
5 аталғандардың барлығы
??? № 13
Жатырдың өте жумсақ болуы қай белгіге тәң?
1 (+) Горвица-Гегар белгісі
2 Снегирев белгісі
3 Пискачека белгісі
4 Айламазян белгісі
5 Бисембаева белгісі
??? № 14
Қалқанша без аурулары кезінде босануда болатын негізгі асқыну:
1. (+) Босану әрекетінің ауытқуы
2. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі
3. Нәрестенің ұсақ бөліктерінің немесе кіндік бауының түсуі
4. Жатырдың жыртылуы
??? № 15
Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5. (+) Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi
??? № 16
Аналық жыныс жасушасының өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. (+) 24 сағат
4. 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 17
Босанғаннан кейінгі 10-шы күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. (+) Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 18
Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2. (+) 3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең
??? № 19
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені
емiзу жүргiзiледі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. 4 сағат сайын
4. (+) Нәрестенiң қалауы бойынша
5. 5 сағат сайын
??? № 20
Олигоменореяға тән;
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2. (+) Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 21
Жүктілік гестоздының ауырлығын бағаламайды
1 аурудың ұзақтығы
2 соматикалық аурулар
3 (+) жатыр суының мөлшері
4 жүргізілген емнің дәрменсіздігі
5 нәресте жетілуінің тоқтау симптомы
??? № 22
Жүктi әйелдерде анемияның қай түрі жиі кездеседі:
1. Мегалобластикалық гиперхромдық анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3. (+) Темiржетіспеушілікті гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия
5. Гемолитикалық анемия
??? № 23
Репродуктивтік денсаулықты сақтау саясаты деген не:
1. (+) Ана және бала денсаулығын сақтау, ана қауіпсіздігі, жанұяны жоспарлау,
медико-генетикалық консультация
2. Ана мектептерінің санын көбейту
3. Жоспарланбаған жүктіліктер санын азайту мақсатында жанұяны жоспарлау және
түсік санын төмендету
4. Жанұяны жоспарлау
5. Босанушылықтың экономикалық өсімділігі
??? № 24
Нәрестенiң циркуляторлық гипоксиясы - бұл:
1. (+) Артериялық қанда оттегiнiң жеткiлiксiздiгi
2. Нәресте тiндерiнiң оттегiмен қанығуының төмендеуi
3. Тiндердiң оттегiнi сiңiру қабiлетiнiң төмендеуi
4. Эритроцит пен гемоглобиннiң төмендеуi және оларды оттегіні байланыстыру
қабiлетiнiң төмендеуi
5. Артериялық қандағы оттегiнiң нәрестеге төмен жекізілуі
??? № 25
16 жастағы бірінші босанушы ауыл тұрғыны. Жүктілік мерзімі 39-40 апталық,
асқынусыз өтті. Пациент қай мекемеде босану керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2 Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 (+) 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
5 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
??? № 26
Гинекологиядағы клиникалық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. (+) Анамнез жинау
2. Функционалды диагностикалық тесттер
3. Гистологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 27
Эклампсияның негізгі белгілері:
1 АҚҚ көтерілуі
2 Ісіктер
3 АҚҚ көтерілуі , ісік
4 Протеинурия
5 (+) АҚҚ көтерілуі ,протеинурия
??? № 28
Босанғаннан кейiнгi кезеңнiң ұзақтығы:
1. 2 апта
2. 4 апта
3. (+) 6 апта
4. 10 апта-
5. 12 апта-
??? № 29
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 30
Туберкулезді эндометритте болатын шағымдар:
1. (+) бедеулік
2. аменорея
3. гиперполименорея
4. іштің төменгі жағының қатты ауруы
5. опсоменорея
??? № 31
Жатыр түбі биіктігіне байланысты жүктілік мерзімін бейнелейтін кесте қалай
аталады:
1 партограмма
2 гистерограмма
3 (+) гравидограмма
4 кардиотокограмма
5 электрокардиограмма
??? № 32
Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1. (+) Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.
??? № 33
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 34
Соловьев индексі дегеніміз не?
1 (+) әйелдің білезігін өлшеу
2 етеккірдің 10-11 куні
3 нәрестенің бойының өлшемі
4 үлкен жамбастың өлшемдері
5 кіші жамбастың өлшемдері
??? № 35
Босанудың I кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуымын
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. (+) Жатыр мойнының толық ашылуымен
4. Нәрестенің шығуымен
5. Плацентаның бөлінуімен
??? № 36
Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3. (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы
??? № 37
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жиі себебі:
1. (+) Механикалық
2. Химиялық
3. Физикалық
4. Инфекционды
5. Термиялық
??? № 38
Менопауза – бұл:
1. 6 ай ішінде етеккірдің болмауы
2. Өздігінен келген соңғы етеккірге дейін менопаузальды симптомдардың пайда
болуы
3. (+) Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің
болмауы
4. Менопаузадан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
5. 65-69 жастан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
??? № 39
Босанғаннан кейiнгi қан ағумен күресу қанша қадамнан тұрады:
1. Екi
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 40
Менструалды циклдың реттелуiнде керi байланыстың ұзын тiзбегiнде Гормондар
арасындағы арақатынас сипатталады:
1. Гипофиздiң алдыңғы бєлiгi мен гипоталамуста
2. Гипофиздің артқы бєлiгi мен гипоталамуста
3. (+) Аналық без,гипоталамус және гипофизде
4. Гипоталамус пен гипоталамус нейроциттерiнде
5. Аналықжәне қалқанша безде
??? № 41
Босанудың бiрiншi кезеңiнде қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын
сылынуында акушерлiк тактика:
1. Акушерлiк қысқаштар салу
2. Нәрестенi бөлiп шығару операциясы
3. (+) Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау
4. Босануды окситоцинмен қоздыру
5. Кристеллер әдiсiн қолдану
??? № 42
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 43
Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3. (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу
??? № 44
Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. (+) Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Пневмопельвиография, метросальпингография
4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу
5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау.
??? № 45
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 46
Босанғаннан кейiнгi ерте кезеңде босанушы әйелдердi бақылауға жатады:
1. Көз түбiн тексеру
2. (+) Жатыр тонусын анықтау
3. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығын анықтау
4. Тыныс алу жиiлiгiн есептеу
5. Гормондық статусты анықтау
??? № 47
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы
реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет
тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. (+) 10 балл
??? № 48
Ерте токсикоздар жүктіліктің қай мерзімінде пайда болады?
1. (+) 20 аптаға дейін
2. 16 аптаға дейін
3. 28 аптаға дейін
??? № 49
Перзентханада вагиналды тексеру міндетті түрде өткізіледі. түскен кезде
қажеттілігіне қарай әр 6 сағат сайын әр 4 сағат сайын әр 3 сағатта
1) 1, 3, 4
2) 2, 3, 5
3) 3, 4, 5
4) (+) 1, 2, 4
??? № 50
Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу,
лапароскопия
2. (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы,
ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу
??? № 51
Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+) бимануалды тексеру
5. МСГ
??? № 52
Босанудан кейінгі кезең қанша күнге созылады :
1) 7
2) (+) 42
??? № 53
Менструалды циклдың лютеинды фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң гиперплазиясы
2. Эндометрийдiң регенерациясы
3. (+) Сары дененiң жетiлуi
4. Фолликуланың пiсiп жетiлуi
5. Эстрадиол секрециясының жоғарылауы
??? № 54
Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1. (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография
??? № 55
Жатырдың салмағы (гр) ?
1) (+) 50
2) 60
??? № 56
Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:
1. (+) Эпилепсиямен
2. Истериямен
3. Гипертоникалық кризбен
4. Менингитпен
5. Паркинсон ауруымен.
??? № 57
Қынаптың зерттеу мақсатына жатпайды.
1 қағанақ бүтіндігін тексеру
2 (+) іштегі нәрестенің жағдайын бағалау
3 жатыр мойынының ашылу дәрежесін анықтау
4 бастың тірелу ерекшеліктерін анықтау
5 жамбас қуысы көлемін анықтау
??? № 58
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 59
Қынап тазалығының қанша дәрежесiн ажыратады:
1. Бір
2. Екі
3. Үш
4. (+) Төрт
5. Бес
??? № 60
ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2. (+) АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады
??? № 61
Патологиялық аменорея түрi:
1. Лактациялық
2. Гестациялық
3. (+) Аменорея – галакторея
4. Жыныстық жетiлуге дейiнгi
5. Менопаузальды.
??? № 62
Плацентаның бөлiну белгiлерiн қанша уақыт күтеміз:
1. 10 минут
2. 20 минут
3. (+) 30 минут
4. 40 минут
5. 50 минут
??? № 63
Қант диабетiнде босану мерзiмi тағайындалады:
1. 35апта
2. 36 апта
3. (+) 37-38 апта
4. 39 апта
5. 40 апта
??? № 64
Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+) есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде
??? № 65
Жүктiлiктiң ерте токсикозы қай мерзiмде басталады?
1. (+) 12 аптаға дейiн
2. 16аптаға дейiн
3. 22 аптаға дейiн
4. 34 аптаға дейiн
5. 40 аптаға дейiн
??? № 66
Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3. (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал
??? № 67
Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік
пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия.
Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы:
1 Антигипертензивті терапия жүргізу
2 (+) Жедел жәрдем көрсететін көлікпен перзентханаға жеткізу
3 Диуретик тағайындау
4 Магензиалді терапия жүргізіп емдеу
5 Күндізгі стационарда емдеу
??? № 68
Нәрестенiң жамбаспен жатуымен босанушы әйелдерде кездесетін асқынулар:
1. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Плацентаның жатуы
3. Көпсулық
4. (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
5. Мерзiмiнен бұрын босану.
??? № 69
Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4. (+) Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы
??? № 70
Туғаннан кейінгі бөлімшедегі төсек орын №420 бұйрыққа сәйкес ауыстырылуы керек.
1 әрбір 12 сағатта
2 әрбір 2 тәулікте
3 әрбір 3 тәулікте
4 (+) әрбір 6 күнде
5 әрбір 24 сағатта
??? № 71
Мерзімінде туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң температурасы тең:
1. 18°С
2. 20°С
3. 22°С
4. (+) 25°С
5. 30°С
??? № 72
Босануға дейінгі декретті демалыстың ұзақтығы:
1) 60 күн
2) (+) 70 күн
3) 126 күн
??? № 73
Босану үйінің санитарлық- гигиеналық тәртібін бақылайтын бұйрық номерін атаңыз:
1 42
2 148
3 240
4 (+) 420
5 840
??? № 74
Лактостазға жатпайды
1 сүт бездерінің аздап ісінуі
2 сүт бездерінің ісінуі
3 дене қызуы 40 с-көтеріліп, қалтырауы
4 (+) сүттің кедергісіз бөлінуі
5 қан қысымының көтерілуі
??? № 75
Бала жолдасының қалыптасуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде аяқталады:
1. 10 апта
2. 13 апта
3. (+) 16 апта
4. 19 апта
5. 22 апта
??? № 76
Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1. (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.
??? № 77
Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 78
Жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. (+) Толғақ тәрізді ауру сезімі, етеккірдің кідіруі,құрсақішілік қан кету
белгілері
2. Етеккiрдiң кiдiруi, жатырдың үлкеюi
3. Құрсақiшiлiк қан кету белгiлерi, етеккiрдiң кiдiруi байқалмайды
4. Менструалды циклдың ортасында құрсақiшiлк қан кетудiң пайда болу белгiлерi
5. Жатырдың жұмсаруы мен көлемiнiң үлкеюi
??? № 79
Босану блогының құрамына кіреді:
1 (+) босану алды палатасы, босау залы, операциондық бөлімше, интенсивті
терапия палатасы
2 босау залы, босанудан кейінгі палата, нәрестелердің интенсивті терапия
палатасы
3 қабылдау бөлімі, қарау бөлмесі, емшара бөлмесі
4 ана мен нәресте бірге болатын палата, емшара бөлмесі, шығыру бөлмесі
5 қабылдау бөлімі, емшара бөлмесі,кіші операция бөлмесі, жүкті әйелдер палатасы
??? № 80
Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3. (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.
??? № 81
Алғаш босанушы әйелдің I кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. 4-5 сағ
3. 6-7 сағ
4. 8-9 сағ
5. (+) 11-12 сағ
??? № 82
Физиологиялық жүріп жатқан жүктілік кезінде әйелге УДЗ-ны неше рет тағайындау
керек:
1) 2 рет
2) (+) 3 рет
3) 4 рет
??? № 83
Босанудан кейінгі бөлімше құрамына кіреді:
1 босану алды платасы,босау залы,операциондық бөлім,интенсивті терапия палатасы
2 босану залы,босаудан кейінгі палата, нәрестелердің интенсивті терапия палатасы
3 қабылдау бөлімі, қарау бөлмесі, емшара бөлмесі
4 (+) ана мен нәресте бірге болатын палата, емшара бөлмесі, шығару бөлмесі
5 қабылдау бөлімшесі, емшара бөлмесі, кіші операция болмесі, жүкті әйелдер
палатасы
??? № 84
Жатыр мойнында бұлшық ет талшықтарының орналасуы
1. қиғаш
2. (+) циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. тікелей
5. көлденең
??? № 85
Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі
циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3. (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация
??? № 86
Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену
қажет:
1. Ірi нәресте
2. (+) Преэклампсия
3. Көпсулық
4. Көп нәресте
5. Семiздiк
??? № 87
Довженко белгісі - бұл:
1. Жатыр түбi биiктiгi мен пiшiнiнiң өзгеруi
2. Кiндiктiң сыртқы бөлiгiнiң ұзаруы
3. Симфиз үстiнде томпаюдың байқалуы
4. (+) Терең дем алғанда кiндiктiң кiруi және шығуы
5. Симфиздiң үстiнен қолдың қырымен басқанда кiндiктiң ұзаруы
??? № 88
Обсервация бөлімін күнде тазалағанда дезенфекциялаушы ерітінді қанша рет
қолданылады
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 әр күні 3 рет
4 қажеттілігіне байланысты
5 (+) күніне 4 рет
??? № 89
Етеккір циклінің нешінші күндері овуляция болады?
1 20-25
2 (+) 10-14
3 1-5
4 7-10
5 13-17
??? № 90
Альгодисменореяға тән:
1. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кєп
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. (+) Ауру сезiмдi етеккiр
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 91
Суретте қандай тексеру жүргiзілуде:

1. Қасағаның биiктiгiн өлшеу
2. Кiшi жамбастың шығаберiсiндегi тiк өлшемiн өлшеу
3. Сыртқы пельвиометрия
4. (+) Диагональды конъюгатаны анықтау
??? № 92
Өсіп ,дамып жетілген фолликулада овуляция болу ушын қандай гормон қажет?
1 ФСГ
2 (+) ЛГ
3 прогестерон
4 пролактин
5 тестостерон
??? № 93
Плацентаның жатуын анықтауда ең тиімді зерттеу әдісі:
1. Анамнез жинау
2. Сыртқы акушерлiк тексеру
3. Айнамен қарау
4. Қынаптық зерттеу
5. (+) УДЗ
??? № 94
Қант диабетi кезiндегi жүктiлiктi үзудiң негiзгi көрсеткiшi:
1. Қант диабетi 1 түрi
2. Қант диабетi 2 түрi
3. (+) Ата-анасының екеуiнде де қант диабетiнің болуы
4. Глюкозаға толеранттылық
5. Семiздiктiң 2 сатысы
??? № 95
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия-гинекология көмегін жоғары сатыда
ұйымдастыру неше сатыға бөледі:
1. Бір саты
2. Екі саты
3. Үш саты
4. (+) Бес саты
5. Төрт саты
??? № 96
Кольпитке тән емес:
1. қынаптың шырышты қабаты ісінген
2. (+) Жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуі
3. Қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған
4. жыныс жолдарынан iрiңдi бөлiндiлердің бөлінуі
5. Жыныс жолдарының қышуы
??? № 97
Босануда ұрық гипоксиясының негізгі себебі
1 преэклампсия
2 ұрықтың жамбаспен келуі
3 (+) босану қызмет аномалиялары
4 көтерілген жүктілік
5 анасында жүрек-қан тамыр аурулары
??? № 98
Босануға дейінгі декреттік демалыс қанша күнге беріледі:
1.60
2. (+) 70
3.80
??? № 99
Босанғаннан кейiнгi кезеңде жиiлiгi бойынша бiрiншi орындағы жыланкөз:
1. Мойындық-қынаптық
2. Аралық-қынаптық
3. Несепағар-қынаптық
4. Несеп қуық-қынаптық
5. (+) Тiк iшек-қынапты
??? № 100
Физиологиялық жүктілікте қасаға буынының өлшемі тең:
1. 0,1- 0,3 см
2. 0,4 - 0,6 см
3. (+) 0,8- 0,9 см
4. 1,0-1,2 см
содержание ..
517
518
519
520 ..
|