Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 517

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     515      516      517      518     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 517

 

 

 

??? № 1

Өсіп ,дамып жетілген фолликулада овуляция болу ушын қандай гормон қажет?
1 ФСГ
2 (+) ЛГ
3 прогестерон
4 пролактин
5 тестостерон

 

??? № 2

Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:
1. Преэклампсия
2. Көпсулық
3.  (+) Нәрестенiң көлденең жатуы
4. Азсулық
5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

 

??? № 3

Тұрмыстағы 25 жастағы студентке контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз, аяқтарында созылмалы тромбофлебитпен ауырады, 1 баланың анасы:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3.  (+) жатырішілік контрацепция
4. екіфазалы гормоналды контрацепция
5. үшфазалы гормоналды контрацепция

 

??? № 4

Төменде көрсетiлген байламдардың қайсысы жатырды ұстап тұру аппаратына жатады:
1. Жамбас түбiнiң фасциялары
2.  (+) Жалпақ байламдар
3. Аралықтың сiңiрлi орталығы
4. Жамбас диафрагмасы
5. Кардиналды байламдар

 

??? № 5

Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай аталады:
1 шынайы конъюгата
2 жамбастың откізгіш осі
3 анатомиялық конъюгата
4 (+)  жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығабері жазықтықтың тік өлшемі

 

??? № 6

Жатыр денесiнiң ұзындығы :
1. 2 см
2.  (+) 5 см
3. 3 см


 

??? № 7

Менструалды циклдың реттелуiне келесi құрылымдар қатысады:
1. Гипоталамус,гипофиз,сыртқы жыныс мүшелерi
2. Ми қыртысы,гипоталамус,iшкi жыныс мүшелерi
3. Гипоталамус,гипофиз,бүйрек үстi безi, жатыр
4.  (+) Ми қыртысы,гипоталамус,гипофиз,аналық безі,нысана мүшелерi мен тiндер
5. Ми қыртысы,аналық безі,сүт бездерi.

 

??? № 8

Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерiнiң бiрi:
1. Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Шырышты қабаттың көгеруі
4. Етеккірдің кідіруі
5.  (+) Жүректің айнуы

 

??? № 9

Кіндік бау қандай қан тамырлардан қуралған?
1  (+) екі артерия бир венадан
2 үш венадан
3 екі қолқадан
4 он артериядан
5 бес венадан

 

??? № 10

Аналық безіндегі жаңа түзілістерді диагностикалауда негізгі зерттеу әдістері:
1.  (+) Гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Метросальпингография, хромогидротубация
4. ТФД, вульвоскопия
5. Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы

 

??? № 11

Гестоздың ауыр сатысының белгілері:
1 АҚ қысымы 130/85мм с/б дейін
2 Балтырда ісік пайда б/ды
3 зәрде 0,33 % ақуыз пайда болады
4 зәрде 0,33% ақуыз бар
5 (+)  АҚ қысымы 170/100мм с/б жоғары, зәрдегі ақуыз 1% жоғары, анасарка, анурия

 

??? № 12

Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жиі себебі:
1.  (+) Механикалық
2. Химиялық
3. Физикалық
4. Инфекционды
5. Термиялық

 

??? № 13

Плацентаның жатуын қандай қосымша зерттеу әдiстерi анықтайды:
1. Жалпы қан анализi
2. Картиотокография
3.  (+) УДЗ
4. Жатырдың рентгенографиясы
5. Нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау

 

??? № 14

Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2.  (+) 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл

 

??? № 15

Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1.  (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 16

Босанғаннан кейiнгi кезеңде жиiлiгi бойынша бiрiншi орындағы жыланкөз:
1. Мойындық-қынаптық
2. Аралық-қынаптық
3. Несепағар-қынаптық
4. Несеп қуық-қынаптық
5.  (+) Тiк iшек-қынапты

 

??? № 17

Нәрестенің орналасуын анықтау әдiсi:
1. Пельвиометрия
2. Кардиотокография
3. Амниоцентез
4. Допплерометрия
5.  (+)  Сыртқы акушерлiк тексеру

 

??? № 18

«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен қанша ЕД окситоцин ерітіндісі енгізіледі?
1 15 ЕД
2 5 ЕД
3  (+) 10 ЕД
4 20 ЕД
5 7 ЕД

 

??? № 19

Гестоз емі кезінде магний сульфатын тамыр ішіне енгізу жүргізіледі
1 жүргізілмейді
2 АҚ жоғары болғанда жылдам енгізіледі
3 кристаллоидтар ерітіндісінде тамшылатып
4 (+)  дозамен, АҚ-ға байланыссыз
5 20мл-ға бөліп енгізу

 

??? № 20

Аменорея - етеккiрдiң болмауы:
1. 2 ай
2. 4 ай
3.  (+) 6 ай
4. 8 ай
5. 10 ай.

 

??? № 21

Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3.  (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея

 

??? № 22

Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері:
1. жатыр
2. қынап
3. сыртқы жыныс мүшелері
4. жатыр мойны
5. (+)  жатыр түтіктері

 

??? № 23

Босану әрекетiнiң басталғанының шарты:
1. Жатыр түбiнiң биiк тұруы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3.  (+)  Реттi толғақтардың пайда болуы
4. Кiшi жамбас кiреберiсiне нәресте басының қондырылуы
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi

 

??? № 24

Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы не болып табылады:
1 кіші жыныс еріндері
2 (+)  қыздық перде
3 жатыр мойнының сыртқы мойны
4 жатыр мойнының ішкі мойны
5 қынап

 

??? № 25

Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2  (+) Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)

 

??? № 26

Эстроген әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. Секреция
2.  (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 27

Гиперменоррея дегеніміз:
1. Етеккір циклының ұзақтығының қысқаруы
2.  (+) Мерзімінде көп мөлшерде келетін етеккір
3. Ұзаққа созылған етеккір
4. Жиі пайда болатын етеккір
5. Сирек пайда болатын етеккір

 

??? № 28

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына тән:
1. Нәрестенiң жамбаспен жатуы
2. Нәрестенiң көлденең және қиғаш орналасуы
3.  (+) Жатыр гипертонусы, жергiлiктi ауру сезiмi
4. Жатыр гипотонусы, диффузды ауру сезiмi
5. Толғақ тәрiздi ауру сезiмi, қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.

 

??? № 29

Бала полимилит вакцинасын алады
1 туылған бойда
2 туылғаннан кейін 24 сағат өткенде
3 4 күннің ішінде
4 (+)  2 айдан кейін
5 6 айда

 

??? № 30

Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+)  11х11 см
3) 12х12 см


 

??? № 31

Нәрестенiң көлденең жатуында оның жүрек соғысы қай жерден естiледi:
1. Кiндiктен жоғары сол жақтан
2. Кiндiктен төмен сол жақтан
3. Кiндiктен төмен оң жақтан
4.  (+)  Кiндiк деңгейiнде
5. Кiндiктен жоғары оң жақтан

 

??? № 32

Жедел плацентарлық жетiспеушiлiктiң себебi:
1. Плацентаның мерзiмiнен бұрын жетілуі
2.  (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Плацентаның жатуы
4. Жүктiлiкпен шақырылған гипертензия
5. Темiр жетiспеушiлiктi анемия

 

??? № 33

Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4.  (+)  Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы

 

??? № 34

Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1.  (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте  өлiм
3. Кеш  өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi

 

??? № 35

Туғаннан кейін бөлмені әр күнгі жинастырғанда дезинфекциялаушы зат қанша рет қолданылады
1 (+)  1 рет
2 2 рет
3 3рет
4 аптасына 1 рет
5 аптасына 2 рет

 

??? № 36

Нәрестенің бағыты (позиция) дегеніміз не?
1 (+)  нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы
2 нәрестенің жүрек соғысы
3 нәрестенің дене қызуы
4 жаңа туылған нәрестенің сарғаюы
5 нәрестенің бойының өлшемі

 

??? № 37

Базалды температураны өлшеп нені анықтаймыз?
1 (+)  овуляцияның болғанын
2 нәрестенің дене қызуының
3 әйелдің дене қызуының
4 әйелдің босанғанын
5 нәрестенің жүрек соғысын

 

??? № 38

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 39

Түтiкшелi-перитонеалды бедеулiкті диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Лапароскопия + кольпоскопия
2. Лапароскопия + хромосальпингоскопия
3. Гистероскопия+ кольпоскопия
4.  (+) Лапароскопия + кульдоскопия
5. Истероскопия + кульдоскопия

 

??? № 40

Екиншипозицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3  (+) нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы

 

??? № 41

32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады. Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1.  (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ

 

??? № 42

Менопауза – бұл:
1. 6 ай ішінде етеккірдің болмауы
2. Өздігінен келген соңғы етеккірге дейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
3.  (+) Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің болмауы
4. Менопаузадан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
5. 65-69 жастан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы

 

??? № 43

Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3.  (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн


 

??? № 44

Аналық безiнiң iсiктерiн қандай аурулармен дифференциалды диагностика жүргiзіледі:
1. Трофобластикалық ауру
2. Жатырлық жүктiлiк
3.  (+) Жатырдан тыс жүктiлiк
4. Созылмалы пиелонефриттiң өршуi
5. Ішектiң шаншуы.

 

??? № 45

Плацентаның жатырға жабысуының жиi кездесетiн түрi:
1. Алдыңғы қабырғa
2.  (+) Артқы қабырғасымен
3. Төменгi сегмент
4. Жатыр түбi
5. Жатыр жаны

 

??? № 46

Төмендозалых этинилэстрадиолы бар концентрация КОК құрайды:
1 10-15 мкг/тәу
2 20-25 мкг/ тәу
3 30-35 мкг/ тәу
4 (+)  40-45 мкг/ тәу
5 50-55 мкг/ тәу

 

??? № 47

Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек соғысы қанша?
1 (+)  120-160
2 100-110
3 80-90


 

??? № 48

Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1.  (+)  Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас

 

??? № 49

Эктопиялық жүктiлiктi диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий биопсиясы
3.  (+) Лапароскопия
4. ХГ сериясын анықтау
5. Кiшi жамбас мүшелерiнiң УДЗ

 

??? № 50

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының негiзгi симптомы:
1. Жүктiлiк кезiнде жыныс жолдарынан қанды бөлінділіердің болуы
2. Жоғарлаған анемия
3.  (+) Жатырдың жергiлiктi ауру сезiмi
4. "Жастық" симптомы
5. Нәрестенiң жүрек соғысы 136 рет.мин

 

??? № 51

Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4.  (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта

 

??? № 52

Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты:
1.  (+) Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен
2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен
3. Гонаданың дисгенезиясымен
4. Шихан синдромымен
5. Симмондссиндромымен

 

??? № 53

Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2.  (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу

 

??? № 54

Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:
 
 

 


1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3.  (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі

 

??? № 55

Мерзімінен кеш босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5.  (+) 42-43 аптада

 

??? № 56

Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+)  4
2) 5

 

??? № 57

Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5.  (+) 1,5- 2,0 см

 

??? № 58

Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+)  2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына

 

??? № 59

Босаудан кейінгі реттік толтыру палатасы-бұл бір бөлмеде босанушыны орналастыру :
1  (+) 1-2 тәулікте
2 3-ші тәулікте
3 5-ші тәулікте


 

??? № 60

Менструалды циклдың реттелуiнде қанша деңгей бар:
1. Бір
2. Үш
3. Төрт
4.  (+) Бес
5. Алты

 

??? № 61

Суреттен жатыр түтiкшелерiнiң интерстициалды бөлiмiн көрсетіңіз:
 

 

 

 

 

1.  (+) А
2. В
3. С
4. Д
5. Г
 

 

 

??? № 62

Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5  (+) нәресте өлшемдерімен
 

 

??? № 63

Бала жолдасын қарап тексергенде оның бүтiндiгi күмән туғызады, жатыры тығыз. Дәрiгер тактикасы:
1. Араласу қажет емес
2. Жатыр қуысын қыру
3.  (+)  Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен алып тастау
5. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және алу

 

??? № 64

Обсервация бөлімін күнде тазалағанда дезенфекциялаушы ерітінді қанша рет қолданылады
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 әр күні 3 рет
4 қажеттілігіне байланысты
5 (+)  күніне 4 рет

 

??? № 65

Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1  (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей

 

??? № 66

Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1.  (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография

 

??? № 67

Бiрiншiлiк аменореяның себептерi:
1. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
2.  (+) Гипоталамикалық құрылым функциясының бұзылыстары
3. Семiздiк
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Артериалдық гипертензия.

 

??? № 68

Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3.  (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу

 

??? № 69

Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:
 

1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4.  (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі

 

??? № 70

Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының мазмұны:
1 (+)  жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері

 

??? № 71

Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3.  (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.

 

??? № 72

Жатыр мойнында бұлшық ет талшықтарының орналасуы
1. қиғаш
2. (+) циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. тікелей
5. көлденең

 

??? № 73

Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың ауырлығы немен сипатталады?
1. Салмақ жоғалтумен
2.  (+) Ацетонуриямен
3. Субфебрильдi дене қызуымен
4. Бас ауруымен
5. Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмiмен

 

??? № 74

Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3  (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы

 

??? № 75

Суретте қандай тексеру жүргiзілуде:
 


1. Қасағаның биiктiгiн өлшеу
2. Кiшi жамбастың шығаберiсiндегi тiк өлшемiн өлшеу
3. Сыртқы пельвиометрия
4.  (+) Диагональды конъюгатаны анықтау

 

 

??? № 76

Босануға дейінгі декреттік демалыс қанша күнге беріледі:
1.60
2. (+) 70
3.80


 

??? № 77

Етеккір циклінің нешінші күндері овуляция болады?
1 20-25
2 (+)  10-14
3 1-5
4 7-10
5 13-17

 

??? № 78

Эклампсияға тән:
- Гипотония, iсiктер
- Альбуминурия, iсiктер
- Лейкоцитурия, iсiктер
-  (+) Ұстамалар, кома
- Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
 
 

 

??? № 79

Жүктілердің ерте токсикозына тән:
1. Ісіктер, протеинурия
2. Артериалдық қан қысымын жоғарылауы, бастың ауруы
3.  (+) Құсу, сілекей ағу
4. Протеинурия, бактериурия
5. Гипотония, бастың айналуы

 

??? № 80

Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:
1. 30 минутта
2. 1-2 сағатта
3. 2-3 сағатта
4. 5-7 сағатта
5.  (+)  24 сағатта.

 

??? № 81

Мерзiмiне жеткен жүктiлiктiң ұзақтығы (күн):
1. 180
2. 240
3. 210
4.  (+)  280
5. 300

 

??? № 82

Нағыз конъюгата -бұл:
1.Мықын сүйегiнiң қырларының аралығы
2. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi арлық
3. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы-
4. Сан сүйегiнiң үлкен ұршығының аралығы
5.  (+) Сегізкөз мүйісінен қасағаның ішкі бетінің ең шығыңқы жері-

 

??? № 83

Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы

 

??? № 84

Жүктіліктің 9 – 10 аптасында әйел келесі шағымдармен дәрігерге келді: сүйектер, бел, бұлшықеттерінің ауыруы. Ауыру себебінен жүрісі өзгерді, қасаға сүйектері ауыра бастады, парестезия байқалды. Сіздің диагнозыңыз:
1 Радикулит
2 Симфизит
3  (+) Жүктілер остеопатиясы
4 Қалыпты жағдай
5 Жүктіліктің үзілуіне қауіпті жағдай

 

??? № 85

Пиелонефритте қолайлы босандыру әдістері:
1. Жоспарлы түрде кесар тілігін жасау
2. Жедел түрде кесар тілігін жасау
3.  (+) Табиғи босану жолдары арқылы
4. Вакуум салу арқылы табиғи босандыру жолдармен
5. Акушерлік қысқыш салу арқылы

 

??? № 86

Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылғанда ұсынылады:
1. Жаңа туылған баланы педиатрға беру
2. Нәрестенi бөлеу
3.  (+) Ана мен нәрестеге "терiге терi" қатынасын қамтамасыз ету
4. Реанимациялық үстелге жатқызу
5. Салмағын өлшеу

 

??? № 87

Қыздардағы жыныстық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
1.  (+) Аменорея
2. Дисменорея
3. Меноррагия
4. Гипертрихоз
5. Гиперполименорея

 

??? № 88

Босанудың клиникалық ағымының бірінші кеезеңін анықтаңыз?
1 (+)  Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында

 

??? № 89

Жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі қалай өзгереді:
1. 1 триместрде 10-20%-ға көтеріледі
2.  (+) 26-32 аптасында 30-50%-ға көтеріледі
3. 26-32 аптасында 30-50%-ға төмендейді
4. Жүктіліктің соңында 10-20% көтеріледі
5. Жүктілік бойы өзгермейді

 

??? № 90

Жыныстық дамудың кiдiруi - бұл екiншiлiк жыныстық белгілерінің болмауы
1. 10 жаста, ал етеккiрi - 12 жаста
2. 12 жаста, ал етеккiрi - 14 жаста
3.  (+) 14 жаста, ал етеккiрi - 16 жаста
4. 16 жаста, ал етеккiрi - 18 жаста
5. 17 жаста, ал етеккiрi - 20 жаста.

 

??? № 91

Жатырдан тыс жүктіліктің емі:
1. Консервативті
2. Комбинирленген
3.  (+) Оперативті
4. Физиотерапиялық
5. Гормональды

 

??? № 92

Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2.  (+) 3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең


 

??? № 93

Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3.  (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология

 

??? № 94

Пельвиоперитонит – бұл:
1. Жатыр маңы клетчаткасының қабынуы
2.  (+) Кіші жамбас ішастарының қабынуы
3. Кіші жамбас клетчаткасының қабынуы
4. Жатырдың серозды қабатының қабынуы
5. Жатырдың шырышты қабатының қабынуы

 

??? № 95

ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2.  (+)  АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады

 

??? № 96

Бала жолдасының қалыптасуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде аяқталады:
1. 10 апта
2. 13 апта
3.  (+) 16 апта
4. 19 апта
5. 22 апта

 

??? № 97

Нәрестенің басымен орнығуы, II позиция. Жүрек тондарына аускультация нүктелеріне анықтаңыз
1 (+)  оң жағы кіндіктен төмен
2 сол жағы кіндіктен төмен
3 оң жақ кіндік тұсында
 

 

??? № 98

Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерi:
1. Ұрықтың қозғалуы,жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау
2. Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау,жүрек соғысын тындау
3.  (+) Жүрек айну,құсу, дәм сезудiң өзгеруi,иiстерге сезiмталдық
4. Жатыр пiшiнiнiң өзгеруi,үлкеюi,жұмсаруы
5. Пискачек,Снегирев,Горвица-Гегар белгiлері

 

??? № 99

Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4  (+) дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы

 

??? № 100

Мерзімінде босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4.  (+) 38-41 аптада
5. 42-43 аптада

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     515      516      517      518     ..