Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 515

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     513      514      515      516     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 515

 

 

 

??? № 1

Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1  (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою

 

??? № 2

Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3.  (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн


 

??? № 3

Аменореяның аналық бездi формасына тән емес синдром:
1. Шерешевского-Тернер
2.  (+) Киари-Фроммеля
3. Аналық безiнiң поликистозы
4. Аналық безiнiң резистенттiлiгi
5. Аналық безiнiң жұқаруы

 

??? № 4

Жетілген нәресте кіндігінің орташа ұзындығы:
1. 10-19 см
2. 20-29 см
3. 30-39 см
4.  (+) 40-70 см
5. 71-80 см

 

??? № 5

Обсервация бөлімін күнде тазалағанда дезенфекциялаушы ерітінді қанша рет қолданылады
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 әр күні 3 рет
4 қажеттілігіне байланысты
5 (+)  күніне 4 рет

 

??? № 6

Нағыз конъюгата тең:
1.  (+) 11см
2. 13см
3. 9см
4. 20см
5. 23см

 

??? № 7

Бартолинитке тән:
1. Жатырдың ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердің болуы
3.  (+)  Бартолин бездерінің ісінуі,ауру сезімі, флюктуация
4. Іштiң төменгi аймақында ауру сезiмi
5. Бел аймағындағы ауру сезiмi

 

??? № 8

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуының негiзгi себебi:
1. Қатты толғақ
2. Ұзын кiндiк
3.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
4. Қағанақ суының ерте кетуi
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.

 

??? № 9

Овуляция – бұл:
1. Фоликуланың жетiлуi
2. Жұмыртқа жасушасының керi дамуы
3.  (+) Жетiлген фолликуланың жарылуы және аналық жыныс жасушасының шығуы
4. Сары дененің түзiлуi
5. Сары дененiң жарылуы

 

??? № 10

Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5.  (+)  жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан

 

??? № 11

Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2.  (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп

 

??? № 12

Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5.  (+)  Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi

 

??? № 13

Отбасын жоспарлау бөлмесіне контрацепция жөнінде кеңес алу үшін 33 жастағы әйел көрінді. Күйеуі, баласы жоқ,тұрақты жыныстық серігі жоқ. Сіз төмендегілердің қайсысын контрацепция ретінде қолдануға кеңес бересіз
1 акүрделі ауыз контрацептерін
2 таза прогстинді контрацептерді
3 жатыр ішіне спираль салуды
4 өз еркімен хирургиялық стерилизация жасауды
5 (+)  барьерді

 

??? № 14

Аменорея - етеккiрдiң болмауы:
1. 2 ай
2. 4 ай
3.  (+) 6 ай
4. 8 ай
5. 10 ай.

 

??? № 15

Жүктiлiкке байланысты гипертензия бұл жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1.  (+) 20 аптада
2. 22 аптада
3. 24 аптада
4. 28 аптада
5. 30 аптада.

 

??? № 16

Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3.  (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы

 

??? № 17

Гормональды контрацепияның әсер ету механизімі:
1. Сперматозоидтардың бірнеше секунд ішінде бұзылуы.
2. Репродуктивті жүйенің жоғарғы бөлімдеріне жатыр мойының өзегі арқылы сперматозоидтардың енуін болдырмау.
3. Мыстың спермато – овотоксикалық әсері, жатыр түтіктерінің және миометрий тонусының күшеюі, эндометрийдің энзимді бұзылысы және асептикалық қабынуы.
4.  (+) Эндометрий және жатыр мойнының шырышты қабатының өзгеруі, овуляцияның басылуы.
5. Эякуляттың қынапқа түспеуі

 

??? № 18

Ерте босану кезеңінде қан кету басталғанда ең бірінші қажет
1 жатыр қуысын қолмен зерттеу
2 жұмсақ босану жолдарын қарау
3 (+)  жатырға сырттай массаж жасау және утеротониктер енгізу
4 параметрийді клеммирлеу
5 қолқаны қысу

 

??? № 19

Жатыр денесiнiң ұзындығы :
1. 2 см
2.  (+) 5 см
3. 3 см


 

??? № 20

Жүктілік кезінде гломерулонефриттің жиі асқынуы:
1.  (+) Жүктілерде гипертензияның дамуы
2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
3. Плацентаның жатуы
4. Мерзімінен бұрын босану
5. Мерзімінен кеш босану

 

??? № 21

Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды көрсетіңіз:
1 Егіз нәрестелік
2 Үштік нәрестелер
3  (+) Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі
4 Ірі нәресте
5 Туа біткен жүрек ақауы

 

??? № 22

Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері:
1. тығыз, ауру сезімді
2. (+)  жұмсақ, ауру сезімді
3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін
4. көлемінің кішіреюі
5. артқа еңкейген

 

??? № 23

Төменде көрсетiлген мүшелердiң қайсысы әйелдiң iшкi жыныс мүшелерiне жатады:
1. Бартолин бездерi
2. Клитор
3.  (+) Жатыр
4. Кiшi жыныс ерiндерi
5. Құйымшақ

 

??? № 24

Қандай гинекологиялық операция жатырды зондтаудан басталады:
1. Қынаптың артқы күмбезi арқылы пункция жасау
2.  (+) Жатыр қуысын диагностикалық қыру
3. ЖҚС алу
4. Жатыр мойнының диатермоэксцизиясы
5. Кольпоскопия.

 

??? № 25

Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:
1. 1-шi күні
2.  (+)  2-3-шi күні
3. 5-6-шы күні
4. 7-8-шi күні
5. 1 ай

 

??? № 26

Овуляция кезiнде доминантты фолликула қай өлшемге дейiн жетедi:
1. 1-5 мм
2. 7-11 мм
3. 12- 17 мм
4.  (+) 18-24 мм
5. 25 -28 мм.

 

??? № 27

Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4 (+)  дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы

 

??? № 28

Босанғаннан кейінгі 4-8-шi күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2.  (+) Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.

 

??? № 29

Қыздардағы қабыну үрдісінің ең жиі орналасуы:
1.  (+) Сыртқы жыныс мүшелері
2. Қынап
3. Жатыр
4. Аналық бездері
5. Жатыр түтіктер

 

??? № 30

Босанғаннан кейiн қан ағу - бұл босанғаннан кейiнгi қан жоғалту:
1. 100 мл және одан жоғары
2. 200 мл және босанудан кейiн көп
3. 300 мл және босанудан кейiн көп
4. 400 мл және босанудан кейiн көп
5.  (+)  500 мл және босанудан кейiн көп.

 

??? № 31

Жүктілердің ерте токсикозына тән:
1. Ісіктер, протеинурия
2. Артериалдық қан қысымын жоғарылауы, бастың ауруы
3.  (+) Құсу, сілекей ағу
4. Протеинурия, бактериурия
5. Гипотония, бастың айналуы

 

??? № 32

Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы

 

??? № 33

Леопольд Левицкийдің неше пальпация тәсілі бар?
1) (+)  4
2) 5


 

??? № 34

Алғашқы босанушы әйел 35 жаста, аудандық орталық тұрғыны, 10 жыл бойы I бедеулікпен ауырады,осы жүктілігі экстракорпоралдық ұрықтанудан кейін дамыды. Босануға қайда жіберіледі:
1.  (+) Облыстық перинатальды орталыққа.
2. Аудандық орталық ауруханаға.
3. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында
4. Қалалық перзентханада
5. Қалалық перинатальды орталыққа.

 

??? № 35

Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5.  (+) 24 сағаттан кейiн

 

??? № 36

Эктопиялық жүктiлiкте ең қажетті ақпаратты зерттеу:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий абсцессі
3.  (+) Лапароскопия
4. ХГ сериялық анықтау
5. Кіші жамбас қуысының УДЗ

 

??? № 37

Босанудың екінші кезеңінің басталу белгілері
1 іштегі нәрестенің кіші жамбас куысына түсуі
2 күшену
3 бастың іште бұрылыс жасауы
4  (+) жатыр мойынының толық ашылуы
5 нәрестенің туылуы

 

??? № 38

Тар жамбаспен босану кезiндегі асқынуларға жатады:
1.  (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
2. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
3. Қарқынды босану
4. Шапшаң босану
5. Нәресте қолының түсiп кетуi

 

??? № 39

Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1.  (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 40

Жүктi әйелдерде гипогликемиялық команың болу себептері:
1.  (+) Терлегiштiк,тынышсыздық,ашыққан сезiм,қозғалмалы қозғыштық
2. Терлегiштiк, ұйқышылдық,шөлдеу
3. Терлегiштiк,тынышсыздық
4. Терлегiштiк, апатия, ашыққан сезiм
5. Терлегiштiк,гиподинамия

 

??? № 41

Гинеколог дәрігерге мерзімі 9-10 апталық жүктілігі бар әйел келді. Әйел инфекциялық ауруханадан қызылшаның ауыр дәрежесімен ауырып емделіп шықты. Дәрігердің тактикасы:
1 Жүктілікті жалғастыруға болады
2 Гормонотерапияны тағайындап диспансерлің бақылау керек
3 Витаминотерапия жүргізу керек
4 (+)  Жүктілікті үзу керек
5 Дене шынықтыратын шаралар жүргізу керек

 

??? № 42

“Ребаунд эффект” КОК алып тастағанда болады:
1 менструация тәрізді қанның болуы
2 ФСГ, ЛГ бөлінуінің төмендеуі
3 аменореяның болуы
4 (+)  овуляцияның күшеюі
5 овуляцияның төмендеуі

 

??? № 43

Жетiлiп туылған нәрестелердiң босану бөлiмiндегi температурасы төмен емес:
1. 18 градус
2. 20 градус
3. 22 градус
4. 24 градус
5.  (+) 25 градустан.

 

??? № 44

Экстрагенитальды аурулардың қандай түрінде преэклампсия жиі дамиды:
1.  (+) Артериальды гипертензия
2. Семіру
3. Миопияның жоғары дәрежесі
4. Жүректің туа пайда болған ақаулары
5. Варикозды аурулар

 

??? № 45

Қалыпты жүктіліктің соңғы айында
1 жүкті әйел әйелдер консультациясына келмейді
2  (+) әрбір 7-10 күнде әйелдер консультациясына көрінеді
3 әрбір 2-3 аптада әйелдер консультациясына көрінуі керек
4 әйелдер консультациясына күн ара көрінеді
5 тек арыз шағымы болғанда көрінеді

 

??? № 46

Кольпитке тән:
1. Жатыры тығыз, қосалқылары ұлғайған, ауру сезiмдi, көлемді аккір
2. Жатыр мен жатыр қосалқылары аймағы қатты ауру сезiмiнен пальпацияланбайды
3.  (+) Қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған, iсiнген, iрiңдi бєлiндiлер бар
4. Жатыры ауру сезiмдi, қосалқылары анықталмайды, iрiңдi-қанды аккiр
5. Жатыры қалыпты, қосалқылары ұлғайған,ауру сезiмді, iрiңдi бєлiндiлер бар
 

 

??? № 47

Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5.  (+) Вульвоскопия.

 

??? № 48

Қыз балаларда алғаш етеккiр дене салмағы жеткенде пайда болады
1. 35- 39 кг-ға
2.  (+) 40-44 кг-ға
3. 45-50 кг-ға
4. 51-54 кг-ға
5. 55-58 кг-ға.

 

??? № 49

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені емiзу жүргiзiледі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. 4 сағат сайын
4.  (+) Нәрестенiң қалауы бойынша
5. 5 сағат сайын

 

??? № 50

Қыздардағы жыныстық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
1.  (+) Аменорея
2. Дисменорея
3. Меноррагия
4. Гипертрихоз
5. Гиперполименорея

 

??? № 51

Етеккiр циклының екi фазалылығын анықтайды:
1. Етеккiрдiң дұрыс ритмi
2. Циклдың ұзақтығы
3. Гипопрогестеронемия
4. Гиперпролактинемия
5.  (+) Овуляция

 

??? № 52

Альфа-фетопротеин деңгейі қандай ауыруында жоғарлайды:
1 Ұрықтың дамуы дұрыс болғанда
2 (+)  ұрық жүйке трубкасының қалыптасуы дұрыс болмаса
3 Ұрық бүйрегінің қалыптасуы дұрыс болмаса
4 Ұрық жатырының қалыптасуы дұрыс болмаса
5 ұрық Даун ауруына шалдықса

 

??? № 53

Туғаннан кейінгі бөлімшедегі төсек орын №420 бұйрыққа сәйкес ауыстырылуы керек.
1 әрбір 12 сағатта
2 әрбір 2 тәулікте
3 әрбір 3 тәулікте
4 (+)  әрбір 6 күнде
5 әрбір 24 сағатта

 

??? № 54

Жатырдың сезiмталдық рецепторлары жыныстық стероидтық гормондардың қатынасына, гормондық фонға тәуелдi:
1. Тестостерон және эстрадиолға
2. Пролактин және СТГға
3.  (+) Эстрогендер мен прогестерондарға
4. Эстрогендер мен тестостерондарға
5. ЛГ және ФСГ-ға.

 

??? № 55

Жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң жүрек тондарының аускультациясын тыңдауға болады:
1. 14 апта
2. 16 апта
3.  (+)  20 апта
4. 25 апта
5. 28 апта

 

??? № 56

Қандай контрацептив жыныс жолдарымен таралатын аурудан. сақтайды
1 люфеминал
2 депо провера
3 (+)  презерватив
4 фарматекс
5 тригулон

 

??? № 57

Арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жатырдың қосалқыларымен бiрге ампутациясы, жатыр экстрипациясы, тубэктомия, цистэктомия
2. Метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум
3. Кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия
4.  (+) Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, айнамен қарау, бимануалды-қынаптық, ректо-абдоминалды зерттеу

5. Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысын қыру, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысын пункциялау

 

??? № 58

Сыртқы акушерлiк зерттеудің бiрiншi әдісінде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3.  (+) Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. Нәрестенің позициясы
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы

 

??? № 59

Бала жолдасы кезеңiнде физиологиялық қан жоғалту босанушы әйелдiң дене салмағының қанша пайызын құрайды:
1. 0,1%
2. 0,3%
3.  (+) 0,5%
4. 0,8%
5. 1%

 

??? № 60

Бедеулiк кезiнде жатыр түтiкшесі мен аналық безінің патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кольпоскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистероскопия
4.  (+) Лапароскопия
5. Ирригоскопия

 

??? № 61

Меноррагияға тән:
1.  (+) Ұзақ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп)
2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Реттi емес, етеккiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер.

 

??? № 62

Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды:
1. құсу
2. дәм сезудің өзгеруі
3. Жүрек айну
4. иіс сезудің бұрмалануы
5.  (+)  Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі

 

??? № 63

Преэклампсияның негізгі симптомдары:
1.  (+) Артериалдық гипертензия, протеинурия, ісіктер
2. Гипотония, олигоурия, гематурия
3. Ауру сезімі, жағынды тәрізді бөлінулер, дене қызуының жоғарылауы
4. Лейкоцитурия, бактериурия, глюкозурия
5. Лейкоцитоз, тромбоцитопения, нейтрофилез

 

??? № 64

Екиншипозицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3  (+) нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы

 

??? № 65

Босану кезiнде жатырдың жыртылуы бойынша қауiп - қатер тобына жататын жүктi әйелдер:
1.  (+) Анатомиялық тар жамбаспен
2. Мерзiмiнен бұрын босанумен
3. Қағанақ суының ерте кетуiмен
4. Азсулықпен
5. Көпсулықпен.

 

??? № 66

Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия. Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы:
1 Антигипертензивті терапия жүргізу
2  (+) Жедел жәрдем көрсететін көлікпен перзентханаға жеткізу
3 Диуретик тағайындау
4 Магензиалді терапия жүргізіп емдеу
5 Күндізгі стационарда емдеу

 

??? № 67

Жүктіліктің нақты белгісіне жатады
1 нәрестенің қозғалуы
2 жатырдың үлкеюі
3 қынаптың көгеруі
4 (+)  нәрестенің дене құрылысының бөліктерін пальпация арқылы анықтау
5 ректалды қызудың көтерілуі
 

 

??? № 68

32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады. Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1.  (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ

 

??? № 69

Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кiмдерде жиi кездеседi:
1. Тұңғыш босанушыларда
2.  (+)  Көп босанушыларда
3. Жас тұңғыш босанушыларда
4. Үлкен жастағы алғаш босанушыларда
5. Тар жамбаста

 

??? № 70

Босану кезiнде жұмсақ тiндерiнiң жыртылуында қан ағу сипаты:
1.  (+) Нәресте туылғаннан кейiнгi қатты қан ағу
2. Босанудың 1 кезеңiндегi қан ағу
3. Бала жолдасы бөлiнгеннен кейiнгi қан ағу
4. Жатырдың жиырылмауы
5. Ұйындылармен қан ағу
1. созылмалы қабынуы

 

??? № 71

Суретте нәресте басының орналасуын анықтаңыз:
 

 

1. Кiшi жамбасқа кiреберiсте
2.  (+) Кiшi жамбас кiреберiсне қондырылған
3. Кiшi жамбастың кiреберiсiндегi кiшi сегментiнде
4. Кiшi жамбасқа кiреберiстегiүлкен сегментте
5. Кiшi жамбас бөлiгiнiң кеңейген жерiнде

 

??? № 72

Жүктi әйелдiң салмағын өлшеу жиiлiгi:
1.  (+) Әр қабылдауда
2. 1 рет бiрiншi триместрде, 2 рет екiншi триместрде, 3 рет үшiншi триместрде
3. Екi аптада 1рет
4. Айына 1 рет
5. Аптасына 1 рет

 

??? № 73

Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:
 

/

1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2.  (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі
 

 

??? № 74

Плацентация басталады:
1.  (+)  Жүктiлiктiң 3- аптасынан
2. Жүктiлiктiң 10 аптасынан
3. Жүктiлiктiң 16 аптасынан
4. Жүктiлiктiң 20 аптасынан
5. Жүктiлiктiң 30 аптасынан

 

??? № 75

Жүктіліктің қай мерзімінде босануға дейінгі декретті демалыс беріледі:
1 26 апта
2 (+)  28 апта
3 30 апта


 

??? № 76

Кіндік бау арқылы жалпы қанша қан ағады?
1 300 мл/мин
2 400 мл/мин
3 (+)  500 мл/мин
4 600 мл/мин


 

??? № 77

Әйелдің жүктілік мерзімі 38-39 апта. Іш шеңбері – 99 см, Жатыр денесінің биіктігі – 36см. Жорданиа бойынша нәрестенің болжам салмағын көрсетіңіз:
1) 3375,0 гр
2) 4000,0 гр
3)  (+) 3564, 0 гр


 

??? № 78

Нәрестенi Апгар шкаласымен бағалауда 1-шi және 5-шi минуттан кейiн 8 және 9 баллға жеттi.Асфиксия дәрежесiн атаңыз:
1.  (+) Нәрестеде физиологиялық жағдай
2. Жеңiл
3. Орта дәрежесi
4. Ауыр дәрежесi
5. Өте ауыр жағдай

 

??? № 79

(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын" стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+)  6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет


 

??? № 80

Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:
1. 30 минутта
2. 1-2 сағатта
3. 2-3 сағатта
4. 5-7 сағатта
5.  (+)  24 сағатта.

 

??? № 81

Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі:
1. (+)  бимануалды тексеру
2. УДЗ
3. гистероскопия
4. бактериоскопия
5. ПЦР

 

??? № 82

Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың орташа дәрежесiнде құсу жиiлiгi:
1. 1-2 рет
2. 3-5 рет
3.  (+)  6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет

 

??? № 83

Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2.  (+) 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл

 

??? № 84

Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 3 сатысында қандай ем қолданылады?
1.Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы.
2.  (+) Қосарланған сәулелі ем.
3. комбинациялық ем
4. комплексті ем
5.ем қажет емес

 

??? № 85

Диагональдi конъюгата тең:
1.  (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см

 

??? № 86

«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2)  (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен


 

??? № 87

Преэклампсияның ауыр дәрежесiне тән :
1. Гипокоагуляция
2. Гиперволемия
3. Диурездiң жоғарлауы
4. Бактериурия
5.  (+) Олигурия

 

??? № 88

Олигоменореяға тән;
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2.  (+) Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 89

Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5.  (+) 10 балл

 

??? № 90

Сыртқы акушерлiк зерттеудiң екiншi әдiсiнде анықталады.
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3. Жатыр түбiнiң биiктiгi
4.  (+) Нәрестенің позициясы мен түрі
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы

 

??? № 91

Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2.  (+)  Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия

 

??? № 92

Жүктi әйелдердегi ерте токсикоздың жиi кездесетiн клиникалық белгiсi:
1.  (+) Құсу
2. Сiлекей ағу
3. Жүрек айну
4. Бөртпелер
5. Остеомаляция.

 

??? № 93

Жүктiлiктiң екiншi жартысындағы қан ағулардың негiзгi себептерi:
1. Жатырдан тыс жүктiлiк,жатыр мойнының патологиясы, қынап көк тамырларының варикозды кеңеюi, көпiршiктi тығын
2. Плацентаның қалыпты орналасуы,мерзiмiнен бұрын босану қаупi,қынап көк тамырларының варикозды кеңеюi
3.  (+) Плацентаның жатуы,қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын бөлiнуi, қынап көк тамырларының варикозды кеңеюi
4. Өздiгiнен болған түсiк,жатырдан тыс жүктiлiк,қынаптың көктамырларының варикозды кеңею
5. Жүрiстегi түсiк, аналық безiнiң лютеиндi кистасының бұралуы,гестациялыіқ диабет, плацентаның тығыз жабысуы.

 

??? № 94

Бала жолдасының қалыптасуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде аяқталады:
1. 10 апта
2. 13 апта
3.  (+) 16 апта
4. 19 апта
5. 22 апта

 

??? № 95

Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі қаншаға тең:
1) 9,0 см
2)  (+) 13,0 см

 

??? № 96

Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2.  (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ

 

??? № 97

Эктопиялық жүктiлiктi диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий биопсиясы
3.  (+) Лапароскопия
4. ХГ сериясын анықтау
5. Кiшi жамбас мүшелерiнiң УДЗ

 

??? № 98

Алғаш босанушы әйелдің I кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. 4-5 сағ
3. 6-7 сағ
4. 8-9 сағ
5.  (+) 11-12 сағ

 

??? № 99

Физиологиялық жүктілікте қасаға буынының өлшемі тең:
1. 0,1- 0,3 см
2. 0,4 - 0,6 см
3.  (+)  0,8- 0,9 см
4. 1,0-1,2 см

 

 

??? № 100

Қалыпты етеккірдің келу ұзақтығы (күндер):
1. 1-2
2.  (+) 3-7
3. 8-9
4. 10-11
5. 12 және одан көп

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     513      514      515      516     ..