Главная      Учебники - Менеджмент     Лекции по менеджменту - часть 11

 

поиск по сайту            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  299  300  301   ..

 

 

Ерлерлерді ж не йелдерді денасаулы ы

Ерлерлерді ж не йелдерді денасаулы ы

Ерлерлердің және әйелдердің денасаулығы.

2010 жылдың 2 қарашасында «Ерлердің денсаулығы: ахуалы, проблемалары, шешу жолдары» тақырыбында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығымен ұйымдастырылған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясының жұмысына: Сауле Диқанбаева - Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығының директоры; Тамерлан Хусаинов – Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі; Тамара Джусубалиева – Репродуктивтік денсаулық институтының директоры; Булат Шалекенов – Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі қатысты.
Біздің үкіметіміз қызметінің басымды бағыты Қазақстанның демографиялық саясаты болып табылады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында «демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Демография, халықтың репродуктивтік денсаулығы жайлы сөз қозғалғанда, әдетте, негізгі назар әйелдер денсаулығына аударылады. Ал «ерлер денсаулығының» мәселесі, атап айтқанда халық санын көбейтуге ерлердің қабылеттілігі турасында үнсіздік орын алады. Репродуктивтік қызметті іске асыруда және дені сау ұрпақ дүниеге келтіруде, ерлер атқаратын рөл, әйелдердікінен төмен емес.
ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 01.01 Қазақстан Республикасы халқының саны 16 036,1 мың адамды құрады, оның 7 738,2 мыңы (48.1%) ерлер, әйелдер – 8 297,9 мың (51,9%). Басқа сөзбен айтқанда 1000 еркекке 1078 әйел келеді. Және бұл ара қатынас жылдар өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 50-54 жастағы 1000 еркекке – 1 185 әйел; ал 60-64 жастағы 1000 еркекке – 1390 әйел келеді. Қазақстанда қыздарға қарағанда, ұл балалар көп туылады. 2009 жылы 1000 адамға 20,93 қыз және 24,09 ұл туды.
2009 жылы Қазақстандағы туылған кездегі өмір ұзақтығы 68,6 жасты құрады. Ерлерде – 63,62 жас, бұл 73,55 жасты құрайтын әйелдер өмір ұзақтығынан 10 жасқа дерлік аз. Мұндай гендерлік айырмашылықтар ұзақ уақыт бойына сақталады.
Бұл ахуал, әйелдерге қарағанда, ер адамдарда ауру-сырқаулық пайда болуының негізгі себептері мен өлім деңгейі тәртіптік қауіп-қатер факторларына жоғары дәрежеде тәуелділігімен түсіндіріледі. Мысалы, психоактивті заттарды қолдану бойынша есепте тұрғандардың 88% ерлер үлесінде. Алкоголь қолданатын тұлғалар арасында да осындай көрініс, мұнда ерлер үлесі 89%. Алкогольді тұтынудан болатын психикалық және тәртіптік бұзылыстар ауру-сырқаулығы 100 000 тұрғын халыққа ерлерде 588,6, ал әйелдерде – 70,8 құрайды. АҚТҚ (ВИЧ)- инфекциясын жұқтырғандар арасында еркектер үлесі 71,9% құрайды. Сифилиске шалдығушылық барлық тіркелгендер ішінде 51% еркектерде кездеседі. Ерлер туберкулезге жиірек шалдығады: 100 мың халық санына 121,8%, ал әйелдердегі туберкулезге шалдығушылық – 80,6% құрайды.
Жыл сайын республикада 152 мыңға жуық адам қайтыс болады, барлық өлімдердің 56,8% ерлер үлесінде. Өлім себептерінің ішінде көшбасшы рөлін (әйелдермен қатар ерлерде де) қан айналым жүйесінің аурулары алады. Әрі қарай еркектерде жарақаттанулар мен уланулар, ал әйелдерде – онкологиялық дерттер.
Өлім себептерінің құрылымында үлкен айырмашылық еңбекке жарамды жаста қайтыс болғандар арасында. Мысалы, еңбекке жарамды әйелдермен (16-58 жас) салыстырғанда, еңбекке жарамды еркектер (16-62 жас) арасында жүрек қан-тамыр ауруларынан болатын өлім 3,5 есеге жиірек кездеседі. Әйелдермен салыстырғанда, жарақаттанулар 4,4 есеге жиірек ерлер өлімінің себебі болады.
Көптеген жылдар бойына репродуктивтік денсаулық бойынша бағдарламалар әйелдерге ғана бағдарланған. Отбасын жоспарлау мәселелерінде жетекші рөл, «мақсатты топ» ретінде қарастырылып, әйелдерге берілетін. Алайда, ерлер, әйелдермен қатар жанұя және оның салауаттылығы үшін жауапкершілік жүгін көтереді.
Ерлердің репродуктивтік жүйесінің жәй-күйін шынайы бағалау үшін, Урология ғылыми орталығы 24 мыңнан астам еркектерді тексеріп, зерттеуін жүргізді. Әрбір екінші тексерілгеннің сексуалдық қатынастарда проблемалары бар, әрбір үшінші тексерілген кәзіргі жағдайда бала ұрықтандыруға қабылетсіз және тексерілгендердің жартысы инфекциялық сипаттағы аурулар арқылы проблемаларға кездесетіні анықталды. Қазақстанда тіркелген барлық некелердің 16% кәзіргі кезде балалары жоқ, мұның жартысы ер адам факторының үлесінде.
Бұл ерлердің өз денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыру қажеттігін, оларды репродуктивтік денсаулық мәселелерін шешуге қамту керектігін білдіреді.
2009 жылдан бері Қазақстанда «Еркектер және репродуктивтік денсаулық» атты мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыру барысында (2009 – 2012 жылдар) республикада андрологиялық көмек көрсету мекемелерінің жүйесі құрылады. Егер елімізде бұрын тек әйелдер консультациялары қызмет көрсетсе, енді еркектерге де арналған консультациялар ашылады. Андрологиялық науқастарға медициналық-санитарлық алғашқы көмек аудандық, қалалық және облыстық емханалар базасында көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласында ерлердің сексуалдық және репродуктивтік денсаулығын қорғау республикалық орталығы ашылмақ.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  299  300  301   ..

 

Бүгінде әйелдердің белсенділігі тым артып тұр. Бұл – бір жағынан, гендерлік саясаттың да ықпалы. Билікте де, кәсіпкерлік салада да тасын өрге домалатып жүргендер жетерлік. «Темір тұлпардың» құлағында ойнаушылар да аз емес. Тіпті көшеде жол тәртібін қадағалап тұратын ала таяқты аруларымыз да көбейді. Қысқасы, төмен етектілер тізгінін ұстамаған сала кемде-кем. Ендігі жерде «байталдың бәйге алатынына» күмән келтірушілердің ол ойдан бас тартуына тура келмек.

Жоғары білім жағынан қыздар алда .


Дәрігерлер қазір дүниеге келетін сәбилердің онының алтауы қыз екенін айтады. Ал статистиктер елімізде 7 млн. 704 мыңнан астам әйел бар деседі. Олардың саны алдағы уақытта арта түсетініне де күмән жоқ. «Еркектерден әйелдерді көп дейді, Ойбай, ойбай, бола берсін, көп мейлі!» Келісесіз ғой? Еліміздегі әйелдердің басым бөлігі (62 пайыз) жоғары білімді. Қорасында қарасы жоқтың өзі несие алса да, қызын оқытуға құмбыл. Әсіресе, ертеңгі күні біреудің босағасына барып кірер бойжеткенінің келешегін әріден ойлайтын ата-ана қызын мұғалімдікке, не болмаса дәрігердің оқуына түсіруге барын салады. Өйткені, ауылдық жерлерде нәпақа табуға болатыны – осы мамандықтар ғана.
Дегенмен әйелдер қауымы көптеп жұмыс істейтін әлеуметтік сала, яғни, медицина мен білім беру жүйесінде жалақы тым мардымсыз. Әрі барлық істі тап-тұйнақтай ететін қаракөздеріміздің дені ерлерден гөрі жалақыны аз алады. Жыл сайын жоғары оқу орындарында білім нәрімен сусындауға білек сыбана кірісетіндердің 77 пайызы – қыздар. Жоғары білім деңгейі жөніндегі көрсеткіш ер-азаматтар арасында 11,5 пайыз болса, әйелдерде 12,9 пайызды құрайды. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің жартысына жуығы – әйелдер. Олардың көбі орта деңгейде жұмыс атқарады. Сондай-ақ денсаулыққа зиянды жерлерде де әйелдердің көптеп жұмыс iстейтіні белгілі. Ауыр бейнет пен аз ғана табыс та солардың маңдайына жазылған. Қандай жағдай болса да алдыңғы шептен табылатын әйелдерге биліктің басында басымырақ болу бақыты бұйырмапты. Жаны нәзік, жолы жіңішке жандардың креслода отырғандары – 4,7-ақ пайыз.
Еліміздегі саяси қызметтерде 346 ғана әйел бар. Ал мемлекеттік органдардағы референт, одан төменірек жұмыстардың 88 пайызын әйелдер атқарады екен. Бір өкініштісі, осы уақытқа дейін облыстарды бірде-бір әкім-әйел басқармапты. Әзірге олар орынбасарлықтан аса қойған жоқ. Бұл – «биліктің бәрін әйелдерге беріңдер» деген сөз емес, әрине. Ақыл-парасатымен, ұлылығымен ұлтын ұйыта білген талай аналарымыз өткенін тарихтан білеміз. Шиеленісті сәттерден шешім тауып шыға білетін шешен әйелдердің ел тізгінін ұстап жүргенін шетелдерден көріп те жүрміз. Тіпті ол елдерде құзырлы қызметтерге тағайындау сәтінде екі үміткер бақталасса, басымдық әйелдерге беріледі екен. Ал бізде шетелдерге танымал, саясат сахнасынан көрініп жүрген әйелдер жоқтың қасы. Мүмкін бұл біздің әйелді төрге оздырғысы келмейтін психологиямыздан шығар, кім білген?
Қазіргі ауыртпалықтың миға жүк, санаға салмақ салып тұрғаны рас. Қоғамға қызмет етуден бөлек әйелдердің бала тәрбиесімен де, отбасы мәселесімен де айналысып, бәріне де үлгеруіне тура келеді. Қандай қиыншылық болса да әйелдер екі иығымен көтеріп, көнтерілі болып кеткен. Әйелдер биліктің басында болса да, ошақтың қасында болса да қашанда ұлт жоқтаушысы болып қала бермек...

«Оң жақта отырғандарды»
қайтеміз?
Қазір оң жақта отырып қалған қыздардың саны елімізде 1,5 миллионға жетіпті. Мұны демографтарымыз қауіпті құбылысқа балап отыр. Заңды некеде тұрған ақ жаулықтылардың төрттен бірін 16 мен 49 жас аралығындағылар құрайды екен. Мамандар соңғы жылдары отбасын құрған арулардың қатары 6 есеге дейін төмендеп кетті деп дабыл қағуда. Қазіргі жастардың 30-40 пайызы отау құруға онша құлықты емес. Олар үшін бала табу емес, жан бағу бірінші кезекке шықты. Әуелі материалдық жағдайды ойлайтын олар тұрмыс құруға келгенде тізгінді тарта тұруды жөн көреді.
Жастардың отау құруына ынталы еместігіне бірнеше мәселелер басты себеп. Жалақының аздығы, баспананың болмауы, материалдық жетіспеушілік... Қыздардың көпшілігі ілім қуса, жігіттердің дені материалдық жағдайын түзеп алайын деп уақыт өткізіп алады. Оның үстіне, қыздардың дені кілең әйелдер ғана жұмыс істейтін ортада қызмет етеді. Ал бұл олардың өмірлік серік табуына кедергі келтіріп жатады.
Етектен тартар тағы бір қауіпті құбылыс – кеш некенің кесірі кәрі қыздардың дүниеге ұрпақ әкелуін де қиындата түседі. Дәрігерлер тұрмысқа кеш шыққан қыздардың үштен бірінің ұрпақсыз қалуы мүмкін екенін айтады. Яғни, біз алдымен кәрі қыздар проблемасын да шешіп алуымыз қажет. Бірақ қайтіп? Біреулер тоқал алу мәселесін қолдап жүр. Оған кеңестік идеологиямен құрсауланған бәйбішелер дес бере ме? Егер екі-үш әйел алу туралы заң шықса, «шағын мемлекеттердің соғысы» басталып кетуі де кәдік...

Бесік пен бейіт арасы
Өткен ғасырда Америкада бала туу көрсеткішінің жедел қарқынмен дамуына байланысты «бэби-бум» болған еді. Елімізде тоқырау жылдарында бала туу азайып, көңіл қабаржытқан. Дегенмен соңғы жылдары әл-ауқаттың артуына байланысты біздің елімізде де демографиялық дүмпу байқалады. Елімізде осыған ұқсас өсім 1986 жылы болған екен. Яғни, сол жылы 417 мың бала дүниеге келіпті. Ал 2007 жылғы есеп бойынша 325 мың баланың кіндігі кесілген. Бұл да – көңілге демеу.
Дегенмен етектен тартар түйткілді мәселелер де жетерлік. Бала туу артып отырғанымен, сәби өлімі де өршіп барады. Оған бала тууға қабілетті жастағы аналардың өлімін қосыңыз. Бүгінде перзентханаға босануға кеткен аналардың кейбірі табытпен оралып жатыр. Соңғы жылдары Қазақстан сәбилердің өлім-жітімі жөнінен Батыс елдерін де басып озып кетті. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, сәби өлімінің 46 пайызы туа­бітті кемістікпен, 12,9 пайызы тыныс алу ағзаларының дертінен, 4,9 пайызы жұқпалы аурулардан туындайды екен. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысында 62 мың ана өмірге перзент әкелсе, оның 32-сі босану үстінде көз жұмған. Бұл – республикалық көрсеткіштен де жоғары. Сондай-ақ 825 сәби шетінеген. Облыс бойынша бала өлімі 19,1 пайызды құрайды. Бесікке бөлену бақыты бұйырмай, бөпелеріміз бейітке бет түзеуде. Қорқыныштысы – аз қазақты көбейтуді көздеген алтын құрсақты аналарға барынша жағдай жасауы тиіс ақ халаттылардың салғырттығы үрей туғызады.
Ал дәрігерлер өз кезегінде аяғы ауыр аналардың дер кезінде есепке тұрып, денсаулықтарына жіті көңіл бөлмейтінін жіпке тізіп отыр. Олардың дерегіне сүйенсек, бүгінде аналардың 60 пайызы анемиямен ауырады. Бес пайызы уақытынан бұрын босанса, 80 пайызы әртүрлі жұқпалы дерттерден зардап шегеді. Әрбір екінші әйелдің денсаулығы нашар. Ал әрбір төртінші әйел темекі тартатын болса, әрбір оныншы әйел аққайнармен (шампан, шарап) достасқан. Бұл деректер Қазақстан әйелдерінің денсаулығы жыл жылжыған сайын нашарлап бара жатқанын көрсетеді. Сау анадан сау бала туылатынын ескерсек, ертерек ес жиып, кешенді бағдарлама қабылдау қажеттігі туындайды.

Қыздар және...
қылмыс
Әйелдердің бәрін сүттен ақ, судан таза десек қателесерміз. Олардың арасында да бір қарын майдың обалына қалар құмалақтар жетерлік. Қырық үйден тыйым көрмей өскен еркетотайлар қылмыс әлемінде «өзіндік өрнек» сала бастады. Нәзікжандылардың қолынан келмес деген небір жантүршігерлік қылмыстар орын алуда. Ізін кескенде соқпақтың сорабы бұрымдыларға барып тіреледі.
Жуырда ғана Шымкенттегі бір мектептің бойжеткені өз құрбысынан ақша талап етіп, ұрып-соғып, оны ұялы телефонға түсіріп алып интернетке салып, оқиға бүкіл әлемді шарлап кетпеді ме? Өз замандасын аяусыз ұрып-соққан оған осыншалықты қатыгездік қайдан жұққан? Ертеңгі ұрпақ тәрбиелер болашақ аналар осыншалықты мейірімсіз болса, келешекке үміт артудың өзі қорқынышты сияқты. Бұл ретте теледидар-ұстаздың тәрбие құралының рөлін атқарып отырғанын тілге тиек етпей кетуге болмас. Қарын қамы мен бала-шағаның жайымен жүгіріп жүрген ата-ананың бала тәрбиесіне мойын бұруға мұршасы жоқ. Оның үстіне, телеарналардың денін шетелдік қантөгіс фильмдер жаулап алғанын қосыңыз. Күндіз-түні көргені сол болған соң, бала шіркін үйренбегенде қайтсін...
Кино демекші, бүгінде түрік сериалдарын тамашаламайтын адам кемде-кем. «Зерда» атты телесериал – әйелдерге өз құқын қалай қорғау керектігін үйрететін әдістемелік құрал іспеттес. Ұлттық үрдісті жоққа шығарып, күйеуін сыйламаудың неше түрлі әдіс-айласын алдыңызға тосады... Ол тек бер жағы ғой. Ал бізде көрсетіліп жүрген АҚШ-тың кинофильмдерінің дені адамды қалай қинап өлтірудің, азаптаудың неше атасын үйрететін «ұстаздың» рөлін атқарып отыр. Бұған тосқауыл қоятын кім? Телеарналар осындай фильмдер арқылы қарын тойдырып отыр. Осының салдары ғой соңғы жылдары мектептерде қыздар арасында атамандыққа таласу, қыздар арасындағы төбелес жиі шаң беріп қалып жүр. Мектепте жүргенде қатыгездіктің неше атасын үйренген қыздардан ертеңгі күні кәнігі қылмыскер шықпасына кім кепіл?

Әйелдер атқа қонса...
Елбасының әйелдерді қолдау мен олардың қоғамдағы рөлін арттыру туралы ұсынысы көңіл қуантады. Тек қана әйелдердің мәселесімен айналысатын сан мыңдаған комитеттер, қоғамдық ұйымдар, құрылымдар құрылуда. Олардың дені әйелдердің құқын қорғаумен айналысады. Мойындаймыз, бүгінде қоғамдағы әйелдердің рөлі зор. Еліміздегі мемлекеттік қызметкерлердің 27 пайызға жуығы – әйелдер.
Бірақ мұның артынан тағы бір мәселенің басы қылтияды. Әйелдер, мейлі, атқа қонсын, таққа отырсын... алайда демографиямызға кім үлес қосады? Карьера қуған әйелдердің бір-екі баладан кейін «құрсағы құлыпталып» қалатын әдеті бар. Гендерлік саясат деп жалаулатып жүргенде, осындай шетін мәселелердің де шеті шығады. Қай мәсе­ле­ні болсын үлкен парасатпен шеше білетін қазақ әйелі бұл жолы да абдырап қалмас. Қоғам үшін олардың жаппай саясат қуғаны тиімді ме, әлде өнегелі перзент тәрбиелегені тиімді ме, мұны аналарымыздан артық білетін ешкім жоқ.
...Бір есептен от-анасының ошақ қасын­да қалмай, тізгінді өз қолына алуына, мүм­кін, отағасылардың өзі себепші болған да шығар? Бір айтыста Қазақстанның халық ақыны Әселхан Қалыбекова 90-жылдардың ортасындағы ахуалға байланысты ерлерге қарата:
– Емес пе ед әке – айбат, ата – көрік,
Жалқаулық кеткен бе әлде
бата беріп?
Әйелдер қап арқалап базарда жүр,
Саржамбас болдыңдар ғой жата беріп! – деген еді. Сол кісі айтпақшы, егер ерлеріміз отбасын асырау тауқыметін өздері атқара алса, бәлкім, әйелдер үйде отырып, тек бала тәрбиесімен айналысар ма еді. Сонда «қайтадан матриархат дәуірі орнайды-мыс» деген сөз де шықпас па еді, кім білсін...