СП РК 4.01-101-2012 ВНУТРЕННИЙ ВОДОПРОВОД И КАНАЛИЗАЦИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ (ҚР ЕЖ 4.01-101-2012) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 4.01-101-2012 ВНУТРЕННИЙ ВОДОПРОВОД И КАНАЛИЗАЦИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ (ҚР ЕЖ 4.01-101-2012)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 4.01-101-2012 ВНУТРЕННИЙ ВОДОПРОВОД И КАНАЛИЗАЦИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ (ҚР ЕЖ 4.01-101-2012) - 1

 

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

 

 

 
 
 

ҒИМАРАТТАР  МЕН  ИМАРАТТАРДЫҢ  ІШКІ  
СУ ҚҰБЫРЫ  ЖӘНЕ  КӘРІЗІ 
 
ВНУТРЕННИЙ  ВОДОПРОВОД  И

 

КАНАЛИЗАЦИЯ  ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ 

 

 
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 
СП РК 4.01-101-2012 

 
 

Ресми басылым 
Издание официальное

 

 

 

 
 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер 
ресурстарын баcқару комитеті

 

 

Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального 
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан

 

 
 

Астана 2015 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012

 

CП РК 4.01-101-2012 

II 

 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҒСТҚСИ» РМК, «ЗЦ АТСЭ» ЖШС

 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігінің 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  және 
жер  ресурстарын  басқару  комитетінің  Техникалық  реттеу 
және нормалау басқармасы

 

3

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ 
ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГIЗІЛГЕН: 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  және 
жер  ресурстарын  баcқару  комитетінің  2014  жылғы  29-
желтоқсандағы  №  156-НҚ  бұйрығымен  2015  жылғы  1-
шілдеден бастап 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1

 

РАЗРАБОТАН:  

РГП «КазНИИССА», ТОО «ЗЦ АТСЭ»

 

2

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением  технического  регулирования  и  нормирования 
Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-коммунального 
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан

 

3

 

УТВЕРЖДЕН 
И

 

ВВЕДЕН

 

В

 

ДЕЙСТВИЕ: 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами 

Министерства 

национальной 

экономики 

Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года № 156-НҚ с 
1 июля 2015 года 

 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми 
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды  

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан 

 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрлігі  Құрылыс  және 

тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  25.12.2017  жылғы    №319-НҚ 
бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 

Внесены  изменения  и  дополнения  в  соответствии  с  приказом  Комитета  по  делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  по  инвестициям  и 
развитию Республики Казахстан №319-НҚ от 25.12.2017 года 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

III 

МАЗМҰНЫ 

 
КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... IV

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 1

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР .................................................................................... 3

 

4 ІШКІ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................ 5

 

4.1 Суық су құбырлары жүйесі ................................................................................................ 5

 

4.2 Өрт сөндіру құбырлары жүйесі.......................................................................................... 6

 

4.3 Ыстық су құбырлары жүйесі ............................................................................................ 12

 

5 СУ ҚҰБЫРЛАРЫ, АРМАТУРА  ЖӘНЕ  ӨЛШЕУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ .............................. 13

 

5.1 Қолдану жөніндегі жалпы ұсыныстар ............................................................................. 13

 

5.2 Суық су құбырлары жүйесі .............................................................................................. 15

 

5.3 Өрт сөндіру құбырлары жүйесі........................................................................................ 16

 

5.4 Ыстық су құбырлары жүйесі ............................................................................................ 16

 

6 СОРҒЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ МЕН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ ................................................................................................................................. 17

 

7 ЕРЕКШЕ ТАБИҒИ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒИМАРАТТАР МЕН 
ИМАРАТТАРДЫҢ ІШКІ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮЙЕЛЕРІ ..................................................... 19

 

8 КӘРІЗДІ ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ......................................................................................... 19

 

8.1 Жалпы талаптар ................................................................................................................. 19

 

8.2 Ішкі кәріз жүйесі ............................................................................................................... 19

 

8.3 Ақаба суларды тазарту мен айдап қотаруға арналған жергілікті қондырғылар ......... 20

 

8.4 Ішкі суағарлар .................................................................................................................... 21

 

9 САНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ АСПАПТАР ЖӘНЕ АҚАБА СУ 
ҚАБЫЛДАУЫШТАРЫ .............................................................................................................. 23

 

10 ЕРЕКШЕ ТАБИҒИ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҒИМАРАТТАР МЕН 
ИМАРАТТАРДЫҢ ІШКІ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ МЕН СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖОБАЛАУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ ................................................................................................................................. 24

 

11 ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУДЫ ЖОБАЛАУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ ................................................................................................................................. 24

 

12 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ІШКІ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ МЕН КӘРІЗІН 
ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ...................................................................................................... 25

 

А қосымшасы (ақпараттық) Негізгі әріптік белгілер ............................................................... 27

 

Б қосымшасы (ақпараттық) Санитарлық аспаптардың су мен ағысты шығындауы  29

 

В қосымшасы (ақпараттық) Тұтынушылардың  су шығындау нормалары ........................... 31

 

Г қосымшасы (ақпараттық) Суық су құбырлары желісінің гидравликалық есебі 

39

 

Д қосымшасы (ақпараттық) Ыстық су құбырлары желісінің гидравликалық есебі  52

 

Е қосымшасы (ақпараттық) Кәріз желісінің гидравликалық есебі   ...................................... 55

 

Ж қосымшасы (ақпараттық) W реттеу сыйымдылығының көлемін анықтау, м

3

 ................. 59

 

 
 

 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

IV 

КІРІСПЕ 

 

Осы  ережелер  жинағы  ғимараттар  мен  имараттардың  ішкі  жүйелерінің  су  құбыры 

мен  кәріздерін  орталықтандырылған  сумен  жабдықтау  және  кәріз  жүйелерінің  барлық 
элементтерімен  су  ресурстарын  бөлу,  тасымалдау  және  оңтайлы  тұтынудың  біртұтас 
технологиялық  процесінде  өзара  әрекеттері  бөлігіндегі  өзара  қатынасымен  бірге 
жобалауға қатысты нұсқаулықтардың жинағын белгілейді. 

Осы  ережелер  жинағын  әзірлеу  кезінде  отандық  және  шет  елдік  компаниялардың 

нормативтік материалдары пайдаланылды, Қазақстанның жобалау және пайдалануға беру 
ұйымдарының қолданыстағы нормаларды қолданудың көп жылдық тәжірибесі ескерілді. 
 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

СП РК 4.01-101-2012 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ІШКІ СУ ҚҰБЫРЫ ЖӘНЕ КӘРІЗІ 

ВНУТРЕННИЙ ВОДОПРОВОД И 

КАНАЛИЗАЦИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ 

 

Еңгізілген күні 

– 2015–07–01

 

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1  Осы  ережелер  жинағы  ҚР  ҚН  4.01-01  «Ғимарат  мен  имараттардың  ішкі  су 

құбыры және кәрізі» құрылыс нормалары талаптарын дамыту үшін әзірленген. 

1.2 Бұл құжатта ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбырлары мен кәріз жүйесін  

жобалау барысында қолданылатын ережелер келтірілген. 

1.3  Қазақстан  Республикасы  аумағында  ерікті  түрде  қолдануға  арналған  осы 

ережелер  жинағында  ғимараттар  мен  имараттардың  ішкі  су  құбырлары  мен  кәріз 
жүйелеріне қойылатын негізгі талаптарды іске асырудың қолайлы шешімдері қамтылған. 

Қолайлы  шешімдер  ғимараттар  мен  имараттардың  ішкі  су  құбырлары  мен  кәріз 

жүйелерін  жобалау  барысында  қолданылатын  құрылыс  нормалары  талаптарын 
орындаудың  жалғыз тәсілі болып табылмайды. 
 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы  ережелер  жинағын  қолдану  үшін  мынадай  сілтемелік  нормативтік  құжаттар 

қажет: 

Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2009  жылғы  16  қаңтарындағы  №14 

қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігінің жалпы талаптары» техникалық регламенті; 

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардің ішкі су құбыры және кәріз жүйесі 
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002* Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. 
ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 Ғимараттар мен имараттардың өрт сөндіру автоматикасы. 
ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* Қала  құрылысы.  Қалалық  және  ауылдық  қоныстарды 

жоспарлау және құрылысын жүргізу. 

ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001* Қоғамдық ғимараттар мен имараттар. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-04-2002 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-20-2004 Мәдени-ойын-сауық мекемелері. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-21-2004* Бөлшек сауда кәсіпорындары. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-22-2004 Моншалар және монша-сауықтыру кешендері. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-24-2004 Мектепке дейінгі мекемелер. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004* Жалпы білім беру мекемелері. 
 
 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

ҚР ҚНжЕ 3.02-27-2004 Бір пәтерлі тұрғын үйлер. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-31-2005 Мүгедек балаларға арналған үйлер мен интернаттар. 
ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 Тұрғын үй ғимараттары. 
ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 Сумен жабдықтау. Сыртқы желілер мен имараттар. 
ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су қүбыры жэне кэрізі; 
ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Жылыту, желдету және кондициялау. 
ҚР ҚНжЕ 2.01.09-91 Дайындалып  жатқан  аумақтар  мен  шөккен  топырақтағы 

ғимараттар мен имараттар. 

ҚР ҚНжЕ 2.04.03-85 Кәріз. Сыртқы желілері мен имараттары. 
ҚНжЕ 3.05.01-85* Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер. 
ҚР  ҚН  2.02-11-2002*  Ғимараттарды,  жайларды  және  имараттарды  автоматты  өрт 

дабылымен,  автоматты  өрт  сөндіру  және  адамдарға  өрт  туралы  хабарлау  жүйелерімен 
жабдықтау нормалары. 

ҚР ҚН 4.01-01-2011  Ғимарат мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі. 
ҚР  ҚН  4.01-05-2002  Пластмасса  құбырлардан  жасалған  су  құбырлары  мен  кәрізді 

жобалау және жинақтау жөніндегі нұсқаулық. 

ҚР  ҚН  4.04-23-2004  Тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттардың  электржабдықтауы. 

Жобалау нормалары. 

ҚР ЕЖ 4.01-102-2001  Металл-полимерлік құбырларды қолданып, суық және ыстық 

сумен қамсыздандырудың ішкі жүйелерінің су құбырларын жобалау және жинақтау. 

ҚР  ЕЖ  4.02-16-2005  Бір  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  инженерлік  желілерін  жобалау 

және құрылысын жүргізу. 

ҚР ЕЖ 4.02-17-2005 Жылу бекеттерін жобалау. 
ХҚН 3.02-03-2002 Мекемелер мен ұйымдарға арналған ғимараттар мен имараттар. 
ХҚН 4.02-02-2004  Жылу желілері. 
ХҚН 4.02-03-2004 Құрал-жабдықтар мен құбырларды жылумен оқшаулау. 
МҚН  4.19-2005  Мәскеу  қаласындағы  көп  функциялы  биік  ғимараттарды  және 

ғимараттар кешенін жобалаудың уақыт нормалары мен ережелері. 

ҚР ҚБҚ 3.02-21-2006 Балалар мен жасөспірімдердің көпшілік демалыс мекемелерін 

жобалау жөніндегі нұсқаулық. 

ВҚН  52-86  Күн  сәулесі  негізінде  ыстық  сумен  қамсыздандыру  қондырғылары. 

Жобалау нормалары. 

ВҚН  60-89  Тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттардың  инженерлік  құрал-

жабдықтарының  байланыс  құрылғылары,  дабыл  беру  және  диспетчерлеу  құрылғылары. 
Жобалау нормалары. 

ҚР  ҚН  1.34-2003  Міндетті  нормалар  мен  талаптарды  анықтап,  техникалық 

регламенттер мен нормативтік құжаттарға енгізу тәртібі. 

ҚР  ҚН  1174-2003  Нысандарды  қорғауға  арналған  өрт  сөндіру  техникасы. 

Орналастыру мен қызмет көрсетудің негізгі түрлері. 

ҚР  СТ  МЕМСТ  Р  51232-2003    Ауыз  су.  Сапаны  бақылау  әдістеріне  қойылатын  жалпы 

талаптар. 

МЕМСТ 25150-82 Кәріз. Терминдер мен анықтамалар. 
МЕМСТ 25151-82 Сумен жабдықтау. Терминдер мен анықтамалар. 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

МЕМСТ 28352-89  Өрт сөндіру құралдарына арналған біріктіруші бүршіктер. 
МЕМСТ 12.1.003-83* ЕҚСЖ. Шу. Жалпы қауіпсіздік талаптары. 
Қазақстан Республикасының электр құрылғыларын қондыру ережелері (ЭҚЕ), Астана, 2003 ж. 
 

Ескертпе  –  Осы  ережелер  жинағын  пайдалану  кезінде  сілтемелік  нормативтік  құжаттардың 

қолданысын  жыл  сайын  басып  шығарылатын  тізімдемелер  мен  ағымдағы  жылдың  көрсеткіштері  және  ай 
сайын басып шығарылатын тиісті ақпараттық бюллетендер мен ағымдағы жылы жарияланған көрсеткіштер 
бойынша тексерген жөн.  

Сілтемелік  нормативтік  құжат  ауыстырылған  (өзгертілген)  жағдайда,  осы  Мемлекеттік  нормативті 

қолданған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн.  

Сілтемелік  құжаттың  ауыстырусыз  күші  жойылған  жағдайда,  оған  сілтеме  жасалған  ереже  сол 

сілтемеге қатысы жоқ тұрғысында ғана қолданылады. 

        

 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 

 

Осы ережелер жинағында ҚР ҚН 4.01-01 «Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры 

және  кәрізі»  құрылыс  нормаларының  терминдері  қолданылған  және  келесі  терминдер  мен 
тиісті анықтамалар қолданылады: 

3.1 

Тұрмыстық кәріз:

  Санитарлық-техникалық  жабдықтардан  (унитаз,  қол  жуғыш, 

ванна, душ және т.б.) ақаба суларды бұру жүйесі. 

3.2 

Біріктірілген  кәріз:

 Біріктіріп  тасымалдау  және  тазрту  мүмкіндігі  болған 

жағдайда тұрмыстық және өндірістік ақаба суларды бұру. 

3.3 

Бензоұстағыш:

 Мұнай  заттары  қосылған  ақаба  суларды  жергілікті  жерде 

тазартуға арналған қондырғы.   

3.4 

Су құбырының кірісі:

 Сыртқы желіден су өлшеу торабына дейін тартылған тармақ. 

3.5 

Сужылытқыш:

  Ауыз  суды  жылытып,  осы  ыстық  суды  жіберіп,  бөлу  жүйесіне 

жіберетін кез-келген жылыту жабдығы немесе құрылғысы.  

3.6 

Тармақ:

 Су құбыры жүйесінің тіреушісінен басқа кез-келген бөлігі. 

3.7 

Ішкі суағарлар:

 Ғимараттың шатырынан жауын-шашын және қар суын ағызуға 

арналған су құбырлары жүйесі. 

3.8 

Ішкі  кәріз:

 Санитарлық-техникалық  аспаптар  мен  технологиялық  құрал-

жабдықтардың  ақаба  суларын,  сонымен  қатар  жауын-шашын  және  қар  суын  тиісті 
мақсаттағы  кәріз  желісіне  ағызуды  қамтамасыз  ететін,  бірінші  байқау  құдығына  дейінгі 
шығарылымы бар су құбырлары мен қондырғылар жүйесі. 

3.9 

Ыстық су:

 Температурасы 50

о

С  кем емес су. 

3.10 

Джакузи:

 Әрбір  қолданғанда  суды  толтыруға,  айналдыруға  және  ағызуға 

арналған айналма су құбырлары жүйесімен жабдықталып, жасақталған ванна. 

3.11 

Үлкен құмыра (ендова):

 Шатыр үстіндегі суды жинауға арналған көршілес үй 

төбелерінің екі арасында науа (кіріс бұрыш) кұрайтын кеңістік. 

3.12 

Май  тұтқыш:

 Майлы  ақаба  суларды  жергілікті  жерде  тазартуға  арналған 

қондырғы. 

3.13 

Су  құбырларының  аймақтындырылған  жүйесі:

 Жүйедегі  шекті  рауалы 

гидростатикалық қысым бойынша бөліктерге бөлінген су құбырлары жүйесі. 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

3.14 

Зияткерлік ғимарат:

 Қауіпсіздік, өмір сүруді қамтамасыз ету, ақпараттандыру 

жүйелер  кешенін  автоматтандырылған  түрде  бақылау  жүйесімен  жабдықталған, 
ғимараттың инженерлік құрал-жабдықтарын біртұтас мониторинг жүйесі бар орталықпен 
диспетчерлеу жүйесіне біріктіру мүмкіндігі бар ғимарат. 

3.15 

Қысымды  түсіру  қақпағы:

 Қысыммен  іске  қосылатын,  жабық  күйінде 

серіппелі құрылғы немесе басқа құралдар ұстап тұратын және өзі қондырылған қысымды 
автоматты түрде түсіруге арналған қақпақ. 

3.16 

Температураны  түсіру  қақпағы:

 Температурамен  іске  қосылатын,  өзі 

қондырылған температура деңгейін автоматты түрде түсіруге арналған қақпақ. 

3.17 

Кері  қақпақ:

 Су  құбырына  қондырылатын  сұйықтықтың  кері  ағысын 

болдырмайтын құрылғы. 

3.18 

Кәріз    шығысы:

  Ғимараттың  қабырғасынан  ауладағы  немесе  көшедегі  кәріз 

жүйесі құдығына дейін жүргізілген су құбыры. 

3.19 

Санитарлық аспапқа тартылған құбыр:

 Санитарлық аспапты су құбырының 

тармағына немесе тікелей суқұбыр суын беретін құбырға жалғайтын су құбыры.  

3.20 

Өрт бекеті:

 Нысанның кезекші қызметкерлер тәулік бойы кезекшілік атқаратын 

арнайы бөлмесі. 

3.21 

Шұңқыр:

 Су құбырлары мен кәріз жүйелеріне қызмет көрсету үшін кедергісіз 

кіруді қамтамасыз ету мақсатында ғимараттың немесе имараттың қандай да бір бөлігінде 
орналастырылатын жергілікті шұңқыр. 

3.22 

Өндірістік  кәріз:

  Жобаның  технологиялық  бөлімінде  белгіленген  өндірістік 

технологиялық  процестер  нәтижесінде  пайда  болатын  ақаба  суларды  арнайы 
қабылдағыштардан бұрып ағызу жүйесі. 

3.23 

Тазарту:

  Қоқысты  (су  құбырындағы)  тазарту  үшін  кәріз  жүйелеріне  қызмет 

көрсетуге арналған саңылау. 

3.24 

Теңдеуіш ыдыс:

 Судың беті бос тұратын ыдыс.  

3.25 

Құрал-жабдықтарды  жинақтауды  тексеру:

 Жинақтау 

алдында  құрал-

жабдықтардың техникалық талаптарға сәйкестігін арнайы тексеру. 

3.26 

Ішкі  су  құбыры  жүйесі:

 Бір  немесе  бірнеше  ғимарат  пен  имаратқа  қызмет 

көрсететін,  санитарлық-техникалық  аспаптарға,  өрт  сөндіру  крандарына  және 
технологиялық  құрал-жабдықтарға  су  жіберуді  қамтамасыз  ететін  суды  өлшейтін 
құрылғысы бар су құбырлары, жабдықтар (сорғы қондырғылары, қордағы және реттеуіш 
ыдыстар) мен құрылғылар жүйесі. 

3.27 

Санитарлық-техникалық 

арматура:

 Қорғауыш 

(қақпақтар), 

реттеуіш 

(вентильдер,  қысым  реттеуіштер)  және  тиекті  (вентильдер,  тиектер)  арматураларға 
бөлінетін  су  құбырлары  арқылы  ағатын  сұйықтықтарды  реттеуге  және  таратыуға 
мүмкіндік беретін құрылғылар. 

3.28 

Ақаба  сулар:

 Еріген  химиялық  заттары  бар  сұйықтықтарды  қоса  алғанда, 

құрамында  шөгінді  немесе  еріген  органикалық  немесе  өсімдік  текті  заттары  бар  әртүрлі 
сұйық қалдықтар. 

3.29 

Тіреуше:

 Суды  тармақтар  арқылы  су  бөлгіш  аспаптарға  не  өрт  сөндіру 

крандарына жеткізуге  немесе  санитарлық  және басқа аспаптардан, соның ішінде жауын-

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

шашын және қар суынан түсетін ақаба суларды ағызуға арналған тұрғын немесе өндірістік 
ғимараттың ішінде бір не бірнеше қабат арқылы өтетін тік су құбыры. 

3.30 

Фитингтер,  қалып  бөлшектер:

 Құбырларды 

бір-біріне  жалғау  үшін 

қолданылатын құрылғылар. 

3.31 

Суық 

су:

 Санитарлық-эпидемиологиялық 

талаптарға 

сай 

келетін, 

температурасы 5 

о

С кем емес су. 

 

4 ІШКІ СУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

4.1 Суық су құбырлары жүйесі 

 
4.1.1 Ішкі су құбырлары жүйесін таңдау кезінде Б, В, Г қосымшаларына сәйкес суық 

су құбыры желісінің гидравликасық есебін жүргізу керек. 

4.1.2 Суық судың ішкі су құбырлары жүйелерін: 
- су  беру  кезінде  үзіліске  жол  берілсе    және  өрт  сөндіру  крандардың  саны  12-ге 

жетпеген жағдайда тұйыққа тірелген деп; 

- суды үздіксіз беруді қамтамасыз ету үшін әрқайсысынан тұтынушыларға тармақталған 

екі тұйық су құбырының айналма кірістер немесе шығыршықталған деп қабылдау керек. 

Айналма  желілер  сыртқы  айналма  желіге  екіден  кем  болмайтын  кірістермен 

жалғануы керек. 

Екі және одан көп кірістер: 
- 12 (қоса алғанда) және одан көп өрт сөндіру краны орнатылған ғимараттар; 
-  тиісті ҚР ҚНжЕ және жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес, пәтерлер  саны 400-

ден асатын тұрғын ғимараттар, мәдени -ойын-сауық мекемелері (орын санына қарамастан 
театрлар және сахнасы бар клубтар); 

- ҚР  ҚН  2.02-11 талаптарына  сәйкес  басқару  тораптарының  саны  3-тен  астам 

болатын спринклерлі және дренчерлі жүйелермен жабдықталған  ғимараттарды  

- орындар саны 200 және одан астам болған жағдайда моншалар; 
-  бір  ауысымда  2  тонна  және  одан  көп  кірге  арналған  кір  жуатын  орындар  үшін 

қарастырылады. 

4.1.3  Жарық  түсіріп  көлденеңінен  қарағанда,  шаруашылық-ауыз  су  құбырының  кірісі  мен 

кәріз және суағарлардың шығысы арасындағы қашықтық кіріс диаметрі қоса алғанда 200 мм дейін 
болған жағдайда 1,5 м, ал кіріс диаметрі қоса алғанда 200 мм асқан жағдайда 3 м кем болмауы тиіс. 

4.1.4 Кіріс  пен  жертөле  қабырғаларының  қиылысын  су  құбыры  мен  құрылғылар 

арасына  0,2  м  саңылау  қалдырып  құрғақ  топыраққа  жасап,  қабырғадағы  саңылауды  су 
өткізбейтін  және  газ  өткізбейтін  (газ  жүргізілген  аймақтарда)  икемді  материалдармен 
бітеу керек, ал ылғалды топырақтарда саңылауды герметизациялап жауып тастау қажет.                 

4.1.5 Тұрғын  және қоғамдық ғимараттарда ішкі  су  құбырының  үлестіру  желілерін жер 

астына,  жертөлелерге,  техникалық  қабаттар  мен  шатыр  астына,  шатыр  асты  болмаған 
жағдайда  –  бірінші  қабаттағы  жасырын  арналарға  жылу  құбырларымен  бірге  немесе  алып-
салынатын  тақталармен  жауып,  еден  астына,  сондай-ақ,  құбырды  ашық  орнатуға  рұқсат 
етілген  ғимараттардың  құрылысы  бойымен,  немесе  жоғарғы  қабаттың  төбесінің  астына 
жасауды қарастыру керек. Ішкі су құбырының тіреушелері мен үлестіру желісін шахталарға, 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

ашық  түрде  –  жуынатын  бөлмелердің,  душтардың,  асүйлердің  және  басқа  да  бөлмелердің 
қабырғаларына орнатуды қарастыру қажет. Өндеуіне қатаң талаптар қойылатын ғимараттар 
үшін  және  ҚР  ҚНжЕ  4.01-05  талаптарына  сәйкес  орнатылатын  пластмасса  құбырлардан   
жинақталған    жүйелері  үшін  (санитарлық  тораптарда  орналасатындарын  қоспағанда)  су 
құбырларының жасырын түрде өткізілуін қарастыру қажет. 

4.1.6 Cу құбырларын 0,002 кем болмайтын еңіспен тартуды қарастыру қажет.   
4.1.7 Өртке  қарсы  бағаналарды  қоспағанда,  арналар,  шахталар,  кабиналар, 

тоннельдер,  сонымен  қатар  ылғалдығы  жоғары  бөлмелер  арқылы  тартылатын  су 
құбырларын ылғалдың суға айналуынан оқшаулау қажет. 

4.1.8 Жыл  бойына  жұмыс  істейтін  ішкі  суық  су  құбырын  2 

С  температурадан 

аспайтын  бөлмелерде  тарту  қарастырылуы  қажет.  Температурасы  2 

С  төмен  болатын 

жайларда  су  құбырларын  тартқан  жағдайда,  оларды  қатып  қалудан  қорғау  жөніндегі  іс-
шараларды қарастыру қажет. 

4.1.9 Дербес  қауіпсіздікті  сақтау  мақсатында    жобалау    тапсырмасына  сәйкес  апаттық 

душтарды,  ванналарды  және    өзіне  көмек  көрсету  раковиналарын)  көзге  көрінетін  әрі 
қолжетімді жерлерге орналастырады және шаруашылық-ауыз су құбырларына жалғайды. 

 

4.2 Өрт сөндіру құбырлары жүйесі 

 
4.2.1 Тұрғын,  қоғамдық  ғимараттар,  өнеркәсіп  кәсіпорындарының  тұрмыстық 

ғимараттары  мен  жайлары  үшін  ішкі  өртке  қарсы  су  құбырын  тарту  қажеттілігі 
ғимараттың  өртке  төзімділік  дәрежесіне,  ғимараттың  өрт  қауіптілігі  санатына  және 
ғимараттың  функционалдық арналымына қарай қарастырылуы керек. 

Жалпы  білім  беру  мектептері,  мектеп-интернаттар  ғимараттарында,  ғимараттың 

көлеміне қарамастан, шығыны бір ағыс  – 2,5 л/с құрайтын ішкі өртке қарсы су құбырын 
орнату қарастырылған. 

Өрт сөндіруге берілетін ең аз есептік су шығындарын 1-кестеге сәйкес, ал өндірістік 

және қойма ғимараттары үшін 2-кестеге сәйкес анықтау қажет. 

Ағынның  тұтас  бөлігінің  биіктігіне  және  шашырау  диаметріне  қарай  өрт  сөндіруге 

жұмсалатын су шығынын 3-кесте бойынша анықтау қажет. 

Автоматты өрт сөндіру жүйелерін қондыру қажеттілігін ҚР ҚН 2.02-11 талаптарына 

және  жобалау  тапсырмасына  сәйкес  қабылдау  қажет.  Бұл  жағдайда  өрт  сөндіру 
крандарының және спринклерлі немесе дренчерлі қондырғылардың бір уақытта іс-әрекет 
жасауын есепке алу қажет. 

4.2.2 Өртке  төзімділік  дәрежесі  келесі  шамаларды  құрайтын  ғимараттар  үшін  

ағындар саны және бір ағынның су шығыны: 

IIIа – көбінесе қорғалмаған металл қаңқадан және қоршау құрылғылары жылылағышының 

жануы қиын әрі жанбайтын табақша материалдардан жасалған ғимараттар; 

IIIб – көбінесе  қаңқа  құрылғылы  ғимараттар.  Қаңқаның  бөлшектері  тұтас  немесе 

желімденген ағаштан және басқа да жанғыш материалдардан (көбінесе ағаштан) жасалып, өртке 
қарсы өңдеуден өткен. 

IVа – көбінесе  бір  қабатты,  қорғалмаған  металл  қаңқадан  жасалған  және  қоршау 

құрылғылары  жанбайтын  табақ  материалдардан  жасалған,  жылылағышы  жанғыш,  4.2.5 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

тармағының талаптарын ескере отырып, 2-кесте бойынша орналасқан өндірістерге қарай, өртке 
төзімділігі II және IV дәрежеге жатқызылатын (IIIа отқа төзімділік дәрежелерін II-ге, IIIб-ға, ал Ivа 
отқа төзімділік дәрежесін IV-ке теңеп) қабылданады. 

4.2.3  Көлемі  1,  2-кестелерінде  көрсетілген  шамалардан  астам  болып  келетін  ғимараттар 

мен  жайларда  судың  ішкі  өртті  сөндіруге  жұмсалатын  шығысын  әрбір  нақты  жағдайда  өрт 
бақылау органдарымен келісу керек. 

4.2.4  Кір  жуу  орындары  фабрикаларының  құрғақ  кірді  өңдеу  мен  сақтау  жайларында 

көзделуі  тиіс  ішкі  өртті  сөндіруше  жұмсалатын  судың  есептік  шығысы  2-кесте  бойынша 
ғимараттың көлеміне сәйкес және өртке төзімділігі мен өрт қауіптілігі санатына қарай анықталады.  

 

1-кесте – Өрт сөндіруге жұмсалатын ең кіші есептік су шығысы 

 

Тұрғын, қоғамдық ғимараттар, мекемелер мен ұйымдарға 

арналған ғимараттар мен жайлар, мәдени-ойын-сауық 

мекемелері, өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрмыстық 

ғимараттары мен жайлары

 

Ағындар 

саны

 

Ішкі өртті сөндіру 
кезінде бір ағынға 

келетін ең кіші су 

шығысы, л/с

 

1. Тұрғын үй ғимараттары: 
- биіктігі 28-50 м дейін болғанда

 

2,5 

- биіктігі 28-50 м дейін, коридордың жалпы ұзындығы 10 
м астам болғанда 

2,5 

- биіктігі 50-75 м дейін болғанда   

2,5 

- биіктігі 50-75 м дейін, коридордың жалпы ұзындығы 10 
м астам болғанда  

2,5 

2.  Жатақханалар,  қоғамдық  ғимараттар  мен  имараттар,  мекемелер  мен  ұйымдарға 
арналған ғимараттар мен жайлар: 
- биіктігі 28 м дейін, көлемі 5000-25 000 м

дейін болғанда 

2,5 

- биіктігі 28 м дейін, көлемі 25 000 м

астам болғанда  

2,5 

- биіктігі 28 м астам, көлемі 25 000 м

дейін болғанда 

2,5 

Қоғамдық ғимараттар, мекемелер мен ұйымдарға арналған ғимараттар мен жайлар: 
- биіктігі 50 м астам, көлемі 50 000 м

дейін болғанда  

5,0 

- биіктігі 50 м астам, көлемі 50 000 м

астам болғанда 

5,0 

3. Мәдени-ойын-сауық мекемелері: 

ҚР ҚНжЕ 3.02-02, ҚР ҚН 3.02-07 
және ҚНжЕ 2.02-15 сәйкес 

4.  Өнеркәсіп  кәсіпорындарының  көлемі  келесі  шамаларды  құрайтын  тұрмыстық 
ғимараттары мен жайлары:  
- 5000-нан 25 000 м

дейін болғанда 

2,5 

- 25 000 м

астам және одан 50 000 м

3

 дейін болғанда 

2,5 

- биіктігі 50 м астам, көлемі 50 000 м

дейін болғанда 

5,0 

- биіктігі 50 м астам, көлемі 50 000 м

астам болғанда 

5,0 

Ескертпе  –  Ғимараттың  көлемі  ретінде  ҚР  ҚНжЕ  3.02-02,  ҚР  ҚН  3.02-08  сәйкес  анықталатын  құрылыс 
көлемі қабылданады

 

 

 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

2-кесте – Өндірістік және қойма ғимараттарында өрт сөндіруге арналған судың 

ең кіші есептік шығыстары 

 

Ғимараттың 

өртке 

төзімділік 

дәрежесі

 

Ғимарат 

пен үй-

жайдың 

өрт 

қауіптілік 

санаты

 

Биіктігі 50 м дейін, көлемі төменде келтірілген өндірістік және 

қойма ғимараттарының ішінде өрт сөндіруге жұмсалатын 

ағыстар саны және судың ең кіші есептік шығыстары, мың м

3

 

0,5-5 дейін  5-50 дейін 

50-200 

дейін 

200-400 

дейін 

400-800 

дейін 

I және II 

А, Б, В 

2 - 2,5 

2 - 5 

2 - 5 

3 - 5 

4 - 5 

III 

В 

2 - 2,5 

2 - 5 

2 - 5 

III 

Г, Д 

2 - 2,5 

2 - 2,5 

IV және V 

В 

2 - 2,5 

2 - 5 

IV және V 

Г, Д 

2 - 2,5 

 

3-кесте – Ағыстың тұтас бөлігі биіктігіне және бүрку диаметріне қарай өрт 

сөндіруге жұмсалатын су шығысы 

Ағыс 

не үй-

жайд

ың 

шағы

н 

бөлігі

нің 

биікті

гі, м 

Өрт 

сөндір

у 

ағысы

ның 

өнімді

лігі, 

л/с 

Жеңінің ұзындығы 

төмендегідей өрт 

кранының ағысы, м 

Өрт 

сөнді

ру 

ағысы

ның 

өнімд

ілігі, 

л/с 

Жеңінің ұзындығы 

төмендегідей өрт 

кранының ағысы, м 

Өрт 

сөнді

ру 

ағысы

ның 

өнімд

ілігі, 

л/с 

Жеңінің ұзындығы 

төмендегідей өрт 

кранының ағысы, 

м 

10 

15 

20 

10 

15 

20 

10 

15 

20 

Өрт сөндіру ұңғысы ұшының бүрку диаметрі, мм 

13 

16 

19 

d=50 мм өрт сөндіру крандары 

2,6 

9,2 

9,6 

10 

3,4 

8,8 

9,6 

10,4 

2,9 

12 

12,5 

13 

4,1 

12,9 

13,8 

14,8 

10 

3,3 

15,1 

15,7 

16,4 

4,6 

16 

17,3 

18,5 

12 

2,6 

20,2 

20,6 

21 

3,7 

19,2 

19,6 

21 

5,2 

20,6 

22,3 

24 

14 

2,8 

23,6 

24,1 

24,5 

4,2 

24,8 

25,5 

26,3 

16 

3,2 

31,6 

32,2 

32,8 

4,6 

29,3 

30 

31,8 

18 

3,6 

39 

39,8 

40,6 

5,1 

36 

38 

40 

d=65 мм өрт сөндіру крандары 

2,6 

8,8 

8,9 

3,4 

7,8 

8,3 

2,9 

11 

11,2 

11,4 

4,1 

11,4 

11,7 

12,1 

10 

3,3 

14 

14,3 

14,6 

4,6 

14,3 

14,7 

15,1 

12 

2,6 

19,8 

19,9 

20,1 

3,7 

18 

18,3 

18,6 

5,2 

18,2 

19 

19,9 

14 

2,8 

23 

23,1 

23,3 

4,2 

23 

23,3 

23,5 

5,7 

21,8 

22,4 

23 

16 

3,2 

31 

31,3 

31,5 

4,6 

27,6 

28 

28,4 

6,3 

26,6 

27,3 

28 

18 

3,6 

38 

38,3 

38,5 

5,1 

33,8 

34,2 

34,6 

32,9 

33,8 

34,8 

20 

46,4 

46,7 

47 

5,6 

41,2 

41,8 

42,4 

7,5 

37,2 

38,5 

39,7 

 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

4.2.5 2-кестеге сай ішкі өрт сөндіру су құбырын қондыру көзделетін өндірістік және 

қойма  ғимараттарында  2-кесте  бойынша  белгіленген  ішкі  өрт  сөндіруге  жұмсалатын  ең 
кіші шығысын мына жағдайларда ұлғайту керек: 

- өртке  төзімділігі  IIIа  және  IVа  дәрежелі  ғимараттарда  қорғалмаған  болат 

құрылғылардан, сондай-ақ, тұтас немесе желімденген ағаштан (соның ішінде оттан қорғау 
өңдеуден өткен) жасалған қаңқа элементтері қолданылған жағдайда – 5 л/с (бір ағыс); 

-  өртке  төзімділігі  IVа  дәрежелі  ғимараттардың  қоршау  құрылғыларында  жанғыш 

материалдардан жасалған жылылағыштар қолданылған жағдайда – көлемі 10 мың м

3

 дейін 

жететін ғимарттар үшін 5 л/с (бір ағыс); 10 мың м

3

 астам болатын ғимараттар үшін – әрбір 

кейінгі толық не толық емес 100 мың м

3

 көлем үшін – қосымша 5 л/с (бір ағыс). 

4.2.6 50  және  одан  астам  адам  жиналатын  зал  жайларының  (театрлар  мен 

кинотеатрлардың  залдары,  отырыс,  мәжіліс  залдары,  дәрісханалар,  мейрамханалар, 
вестибюльдер, касса залдары т.с.с.) өртенетін әрлеуі болған жағдайда олардағы ішкі өртті 
сөндіруге жұмсалатын ағыстар санын 1-кестеде көрсетілгеннен 1-ге артық алу керек. 

4.2.7 Келесі ғимараттар мен имараттарда: 
-  көлемі  не  биіктігі  1*  және  2-кестелерде  көрсетілгеннен  кем  болып  келетін 

ғимараттар мен жайларда; 

- кез-келген орын санына есептелген маусымдық кинотеатрлардың ғимараттарында; 
- суды қолдану жарылысқа, өртке, өрттің таралуына апарып соғуы ықтимал болатын 

өндірістік ғимараттарда; 

- көлеміне  қарамастан  өртке  төзімділігі  I  және  II-дәрежелі  Г  және  Д  санатты 

өндірістік ғимараттарда және өртке төзімділігі III-V дәрежелі, көлемі 5000 м

3

 аспайтын Г 

және Д санатты өндірістік ғимараттарда; 

- өнеркәсіп  кәсіпорындарының  өндірістік  және  тұрмыстық  ғимараттары  мен 

имараттарында,  сондай-ақ,  көкөністер  мен  жемістерді  тоңазытқыштарда  сақтауға 
арналған,  шаруашылық-ауыз  су  немесе  өндірістік  су  құбырымен  жадбықталмаған,  өртті 
ыдыстардан (су қоймаларынан) сөндіру көзделген жайларда; 

- қатты  жемшөп,  пестицидтер  және  минералды  тыңайтқыштар  қоймаларында  ішкі 

өрт сөндіру су құбырын жасамауға болады.  

Өртке  төзімділігі  I  және  II-дәрежелі,  көлемі    5000  м

3

  дейін  жететін  В  санатты 

ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеуге арналған өндірістік ғимараттарда өрт сөндіру 
су құбырын жасамауға болады. 

4.2.8 Шаруашылық-ауыз су немесе шаруашылық-өрт сөндіру су құбыры жүйесіндегі 

ең төмен орналасқан санитарлық-техникалық аспап деңгейіндегі гидростатикалық қысым 
60 м аспауы керек. 

Бөлек  өрт  сөндіру  су  құбыры  жүйесіндегі  ең  төмен  орналасқан  өрт  сөндіру  краны 

деңгейіндегі гидростатикалық қысым 90 м аспауы керек. 

Өрт сөндіру су құбыры желісіндегі есептік қысым 0,60 МПа астам болған жағдайда, 

өрт сөндіру су құбырының бөлек желісін жасау көзделуі керек.  

4.2.9  Шаруашылық-өрт  сөндіру  су  құбыры  жүйесінде  өрт  сөндіру  кезінде  ең  төмен 

орналасқан  санитарлық-техникалық  аспап  деңгейінде  қысымды  90  м  дейін  арттыруға 
болады, бұл орайда жүйелердің гидравликалық сынағын су бөлгіш арматураны қондырып 
алған  соң  жүргізу  керек.  Жүйеде  қажетті  есептік  көрсеткіштер  (қысым,  шығыс) 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

10 

қамтамасыз  етілмеген  жағдайда,  ҚР  ҚНжЕ  2.02-15  сәйкес  қысымды  арттыруға  арналған 
сорғы станциясын жасау қарастырылуы керек. 

4.2.10 Өрт сөндіру крандарының жанындағы қысым 60 м астам болған жағдайда, өрт 

сөндіру  краны  мен  жалғағыш  бүркеншіктің  арасына  артық  қысымды  төмендететін 
иафрагмаларды  қондыру  қарастырылуы  тиіс.  Ғимараттың  3-4  қабатына  ойықтарының 
диаметрі  бірдей  диафрагмаларды  қондыру  қарастырылуы  керек  (Г  қосымшасының  4.5-
суретіндегі номограмманы қараңыз). 

4.2.11  Ішкі  өрт  сөндіру  крандарының  жанындағы  еркін  қысымдар  тәуліктің  кез-келген 

уақытында  ғимараттың  ең биік және қашық бөлігіндегі өртті  сөндіру  үшін қажетті тұтас  өрт 
сөндіру ағыстарын алуды қамтамасыз етуі тиіс. Өрт сөндіру ағысының тұтас бөлігінің ең кіші 
биіктігі  мен  әсер  ету  радиусын  жайдың  еденінен  бастап  арқалықтың  ең  жоғарғы  нүктесіне 
дейінгі биіктігіне тең шамада алу қажет, бірақ ол мына шамалардан кем болмауы тиіс: 

- биіктігі  50  м  дейінгі  өнеркәсіп  кәсіпорындарының  тұрғын,  қоғамдық,  өндірістік 

және тұрмыстық жайларында – 6 м; 

- биіктігі 50 м астам тұрғын үй ғимараттарында – 8 м; 
- биіктігі 50 м астам болып келетін өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрғын, қоғамдық, 

өндірістік және тұрмыстық жайларында – 16 м. 

Өрт  сөндіру  крандарының  жанындағы  қысымды  ұзындығы  10,  15  немесе  20  м 

құрайтын өрт сөндіру жеңдеріндегі қысым жоғалту мөлшерін есепке алып анықтау керек. 

Су шығысы 4 л/с дейін жететін өрт сөндіру ағысын алу үшін диаметрі 50 мм құрайтын 

өрт  сөндіру  крандары  мен  жеңдерін  қолдану  керек,  ал  өнімділігі  одан  артық  өрт  сөндіру 
ағысын алу үшін өрт сөндіру крандары мен жеңдерінің диаметрі 65 мм болуы тиіс.  

4.2.12 Ғимараттардың суайдауыш бактарының биіктік белгілері мен көлемі тәуліктің 

кез-келген  мезгілінде  жоғарғы  қабатта  немесе  тікелей  бак  астында  орналасқан  қабатта 
биіктігі 4 м кем емес тұтас ағысты қамтамасыз етуі тиіс, басқа қабаттарда тұтас ағыстың 
биіктігі 6 м кем болмауы керек. 

4.2.13  Өрт  сөндіру  крандарының  жұмыс  уақытын  3  сағат  деп  алу  керек.  Ішкі  өрт 

сөндіру крандарын спринклерлік су желісінде басқару тораптарынан кейін орналастыруға 
болады, бұл орайда олардың жұмыс уақытын автоматты өрт сөндіру жүйелерінің жұмыс 
уақытына тең етіп алу керек.  

4.2.14 Биіктігі 3 қабаттан астам келетін және шаруашылық-өрт сөндіру су құбыры жүйесі 

біріктірілген ғимараттарда өрт сөндіру тіреушелерін үстіңгі жағынан тұйықтау қажет. 

Жүйелерді  біріктіру  мүмкін  болған  жағдайда  өрт  сөндіру  су  құбырының  бөлек 

жүйесінің  тіреуіштерін  бөгет  арқылы  су  құбырының  шаруашылық-ауыз  су  жүйесімен 
жалғауға болады. 

Жылытылмайтын ғимараттарда орналасқан құрғақ құбырлы өрт сөндіру жүйелерінің 

тиекті арматурасын жылытылатын жайларға орнату керек.  

4.2.15 Ғимараттарға  өрт  сөндіру  тіреушелері  мен  өрт  сөндіру  крандарын 

орналастыру орындары мен санын белгілеу кезінде келесі жағдайлар ескерілуі керек: 

– қоғамдық  және  өндірістік  ғимараттарда  ағыстардың  есептік  саны  үштен  кем 

болмаған,  ал  тұрғын  жай  ғимараттарында  –  екіден  кем  болмаған  жағдайда  тіреушелерге 
қосарланған өрт сөндіру крандарын қондыруға болады; 

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

11 

–  коридорларының  ұзындығы  10  м  астам  болып  келетін  тұрғын  жай  ғимараттарында, 

сондай-ақ, өндірістік және қоғамдық ғимараттарда ағыстардың есептік саны екі және одан 
астамды құрайтын жағдайда жайдың әрбір нүктесін екі ағыспен шаю керек – екі көршілес 
тіреушелерден (екі өрт сөндіру шкафынан) бір-бір ағыс жіберу қажет.  

Өрт  сөндіру  бөлімшелерінің  көтерілуіне  арналған  лифттердің  жанындағы  тамбур-

шлюздерге (лифт холдарына) міндетті түрде өрт сөндіру крандарын орнату көзделеді.  

Техникалық  қабаттарда,  шатырлардың  астында  және  жертөлелер  мен  еден  астында 

жанғыш материалдар  мен құрылғылар болған жағдайда, оларға да  өрт сөндіру крандары 
орнатылады.  

Әрбір  тіреушеден  жіберілетін  ағыстардың  санын  екіден  астам  көлемде  алуға 

болмайды.  

Ағыстардың  саны  төрт  және  одан  астам  болған  жағдайда,  жалпы  қажетті  су 

шығысын алу үшін, көрші қабаттардағы өрт сөндіру крандарын пайдалануға болады.  

Коридордың  жалпы  ұзындығына  пәтераралық  коридорлардың,  жарықтандыру 

холдарының,  аралық  өткелдердің,  галереялардың  және  (баспалдақ  текшесі  мен  лифт 
холдарынан басқа) қабаттағы осы сияқты басқа да жайлардың жалпы ұзындығы кіреді. 

4.2.16 Өрт  сөндіру крандары жайдың едені деңгейінен 1,35 м биіктікте орнатылады 

және  желдетуге  арналған  және  пломба  салу  мен  ашпай-ақ  көзбен  көріп  тексеруге 
имкемделген  тесік-саңылаулары  бар,  өрт  сөндіру  шкафтарына  орналастырылады. 
Қосарланған  өрт  сөндіру  крандарын  бір-бірінің  үстіне  орнатуға  болады,  және  де  екінші 
кран еденнен 1 м аспайтын биіктікке орнатылады.  

4.2.17  Тұрғын  жай,  қоғамдық,  өндірістік  және  қосалқы  ғимараттардың  өрт  сөндіру 

крандарында  сыйымдылығы  10  л  құрайтын  екіден  кем  емес  өрт  сөндіргіш  орналастыру 
мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.  

Өрт сөндіру шкафтары ҚР ҚН 1174 талаптарына сай қолданылуы тиіс.  
Әрбір өрт сөндіру краны ұзындығы 10, 15 немесе 20 м құрайтын, өзінің диаметрімен 

тең диаметрлі өрт сөндіру жеңімен және өрт сөндіру ұңғысымен жабдықталуы тиіс 

Өртке  қарсы  қабырғалармен  бөлінген  ғимараттарда  немесе  ғимарат  бөліктерінде 

бүркуіштер,  ұңғылар,  диаметрі  бірдей  өрт  сөндіру  крандары  мен  ұзындығы  бірдей  өрт 
сөндіру жеңдерін қолдану қажет.  

4.2.18 Биіктігі 50 м және одан астам болып келетін ғимараттың әрбір аймағының өрт 

сөндіру  су  құбыры  ішкі  желілерінде  өрт  сөндіру  автокөліктерін  жалғау  үшін  сыртқа 
шығарылған  диаметрі  80  мм  жалғағыш  бүркеншікті  өрт  сөндіруге  арналған  екі  келте 
құбыры  және  ғимараттың  ішінде  кері  қақпақ  пен  ысырма  болуы  тиіс.  Ысырма  сыртқы 
есікке тікелей жақын орнатылуы тиіс. 

4.2.19  Құрғақ  құбырлардың  сыртқа  шығарылған  келте  құбырлары  ҚР  ҚНжЕ  2.02-05 

сәйкес өрт сөндіру гидранттарынан 150 м аспайтын қашықтықта тұруы керек. 

4.2.20 Ішкі 

өрт  сөндіргіш  крандарды  көбінесе  кіру  есіктерінің  маңына, 

жылытылатын  баспалдақ  текшелері  алаңында  (түтіндемейтіндерін  қоспағанда), 
вестибюльдерде,  коридорларда,  өткелдерде  және  тағы  басқа  қолжетімді  жерлерде 
орнатылуы  тиіс,  және  де  олардың  орналастырылуы  адамдарды  эвакуациялауға  кедергі 
туғызбауы  керек,  сонымен  қатар  өрт  сөндіру  бөлімшелері  мен  олардың  құрал-

ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 

 

12 

жабдықтарының  өрт  сөндіру  сумен  жабдықтау  жүйесіне  кепілді  түрде  қол  жеткізуін 
қамтамасыз етуі керек. 

Автоматты түрде сумен өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған ғимараттар мен 

жайларда спринклерлік өрт сөндіру қондырмаларының құбырларына орнатуға болады.  

 

4.3 Ыстық су құбырлары жүйесі 

 
4.3.1  Ыстық  су  құбырлары  жүйесін  таңдау  кезінде  Б,  В,  Д  қосымшаларына  сәйкес 

ыстық су құбырлары желісінің гидравликалық есебін жасау керек.  

4.3.2 Жуынатын  бөлмелер  мен  душ  бөлмелерінде  сүлгі  кептіргіштерді  орнату 

көзделуі тиіс, олар өзін үздіксіз ыстық сумен ысытуды қамтамасыз ететін сызба бойынша 
ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне жалғануы қажет.  

Ыстық  су  құбырлары  жүйесін  жобалау  барысында  құбырлардың  температура 

әсерімен өзгеруінің орнын толтыру қарастырылады.  

Тұрғын  үй  ғимараттарын  пайдалану  кезінде  сүлгі  кептіргіштерді  (ыстық  су 

тіреушелерін ажыратусыз) ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында әдетте сүлгі 
кептіргіштерді  тігінен  тұтас  болып  келетін  су  бөлгіш  тіреушеге  жалғап,  қосылған 
жерлеріне тиекті арматура қондырады.  

Жылу  желілеріне  қосылған  орталықтандырылған  ыстық  сумен  жабдықтау  жүйесі 

ыстық  су  берген  кезде  сүлгі  кептіргіштерді  ванна  және  душ  бөлмелерінің  жыл  бойы 
қолданылатын дербес жылу жүйелеріне қосуға болады.  

4.3.3 Тұрғын  үй  және  қоғамдық  ғимараттарда  су  бөлгіш  тіреушелердің  бір  тобын 

түйықтауыш  бөгеттер  арқылы  секциялық  тораптарға  біріктіріп  (сумен  жабдықтау 
аймақтары  бөлінген  жерлерде  қоса  алғанда  50,0  м  дейін),  әрбір  секциялық  торапты  бір 
айналым құбыры арқылы жүйенің жинақтауыш айналым құбырына жалғап қосуға болады. 
Секциялық торапқа үш су бөлгіш тіреушеден  кем қоспау керек. Тұйықтауыш бөгеттерді 
жылытылатын  шатыр  астымен,  құбырларды  оқшаулай  отырып,  жылытылмайтын  шатыр 
астымен,  су  бөлгіш  тіреушелеріне  су  төменгі  жағынан  келетін  жағдайда  жоғарғы  қабат 
төбесінің астынан немесе су бөлгіш тіреушелеріне су жоғарғы жағынан келетін жағдайда 
жертөле арқылы өткізуге болады. 

4.3.4 Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне аккумулятор бактарды 

орнатуды 6-бөлімге сәйкес орындау керек. 

4.3.5 Душ торлары үштен асатын душ бөлмелерінде су бөлгіш құбыр тұйықталуы керек. 
Су коллектор арқылы тарайтын жағдайда ыстық суды біржақты беруді қарастыруға болады.  
4.3.6  Ыстық  сумен  жабдықтау  жүйелерін  4.1.2,  4.1.5  тармақтарының  талаптарының 

есебімен жобалау керек.  

4.3.7 Температурасы ҚР  ҚН  4.01-01  көрсетілгеннен  жоғары  болатын  суға  мұқтаж  су 

тұтынушыларға арнап суды қосымша жылыту үшін ҚР ҚЕ 4.02-17 және ҚР ҚНжЕ 4.02-42 
талаптарына сай су жылытқыштарды жасау көзделуі керек.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////