СП РК 2.04-107-2013 СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕПЛОТЕХНИКА (ҚР ЕЖ 2.04-107-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 2.04-107-2013 СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕПЛОТЕХНИКА (ҚР ЕЖ 2.04-107-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 2.04-107-2013 СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕПЛОТЕХНИКА (ҚР ЕЖ 2.04-107-2013) - 1

 

 

 
 
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

 

 

 

 
 
 
 
 
ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ 
 
СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕПЛОТЕХНИКА 
 
 
 
ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
СП РК 2.04-107-2013* 

 
 
 
 
 
Ресми басылым 
Издание официальное 

 
 

 
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық 
даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық істері комитеті 
 
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального 
хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного 
развития Республики Казахстан 

 

 

Астана 2019

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
СП РК 2.04-107- 2013* 

II 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

1.

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «Астана Строй-Консалтинг» ЖШС

 

2.

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 
және  жер  ресурстарын  басқару  комитетінің  Техникалық 
реттеу және нормалау басқармасы

 

3.

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГІЗІЛГЕН:  

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 
және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 29-
желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-
шілдеден бастап 

 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және 

құрылыс  істері  жөніндегі  Уәкілетті  мемлекеттік  органның  рұқсатынсыз  ресми  басылым  ретінде 
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс  және  тұрғын  үй-

коммуналдық  шаруашылық істері  комитетінің  техникалық және  лингвистикалық  тексеру  жүргізу 
тапсырмасына (2016 жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді  

Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  инфрақұрылымдық  даму

 

министрлігі  Құрылыс 

және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  01.04.2019  жылғы  №46-НҚ 
бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1.

 

РАЗРАБОТАН:  

АО «КазНИИСА», ТОО «Астана Строй-Консалтинг»

 

2.

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением  технического  регулирования  и  нормирования 
Комитета 

по 

делам 

строительства, 

жилищно-

коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами 

Министерства 

национальной 

экономики 

Республики Казахстан

 

3.

 

УТВЕРЖДЕН

 

И

 

 

ВВЕДЕН

 

В 

ДЕЙСТВИЕ: 
 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами 

Министерства 

Национальной 

экономики 

Республики  Казахстан  от  29.12.2014  № 156-НҚ  с  1  июля 
2015 года 

 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без  разрешения 
Уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры,  градостроительства  и 
строительства Республики Казахстан 

Текст  документа  откорректирован  в  соответствии  с  поручением  Комитета  по  делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  национальной  экономики 
Республики  Казахстан  (письмо  №  38-02-5-1542  от  7  ноября  2016 года)  по  технической  и 
лингвистической проверке 

Внесены  изменения  и  дополнения  в  соответствии  с  приказом  Комитета  по  делам 

строительства 

и 

жилищно-коммунального 

хозяйства 

Министерства 

индустрии 

и 

инфраструктурного развития Республики Казахстан от 01.04.2019 года №46-НҚ 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

III

 

МАЗМҰНЫ 

 
КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... IV 
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................. 1 
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 1 
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР .................................................................................... 3 
4 ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР ............................................................................ 5 

4.1 Жалпы ережелер .................................................................................................................. 5 
4.2 Қабырғалар .......................................................................................................................... 6 
4.3 Жабындар, шатырлар, мансардтар .................................................................................... 9 
4.4 Жарық ашық конструкциялар (терезелер мен шамдар) ................................................ 10 

5 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР ... 12 
6 ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖЫЛУ ҚОРҒАНЫСЫ ......................................................................... 13 

6.1 Жалпы ережелер ................................................................................................................ 13 
6.2 Әр элементтік талаптарды шешу ..................................................................................... 13 
6.3 Кешенді талаптарды шешу ............................................................................................... 18 
6.4 Санитарлық-гигиеналық талаптарды шешу ................................................................... 18 

7 ҚОРШАЙТЫН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ ЖЫЛУ БЕРІКТІЛІГІ ..................................... 20 
8 ҚОРШАЙТЫН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ АУА СІҢІРГІШТІГІ ....................................... 23 
9 ҚОРШАЙТЫН КОНСТРУКЦИЯЛАРДЫҢ ШАМАДАН АРТЫҚ ЫЛҒАЛДАНУДАН 
ҚОРҒАУ ....................................................................................................................................... 26 
10 ЕДЕНДЕРДІҢ БЕТКІ ЖАҒЫНЫҢ ЖЫЛУДЫ ИГЕРУІ .................................................... 31 
11 ҒИМАРАТТАРДЫ ЖЫЛЫТУ ЖӘНЕ ЖЕЛДЕТУГЕ ЖҰМСАЛАТЫН ЖЫЛУ 
ЭНЕРГИЯСЫ ШЫҒЫНДАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ........................................... 34 
А қосымшасы (міндетті) Ылғалдылық аймақтарының картасы ............................................ 39 
Б қосымшасы (міндетті) Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды жылыту және желдетуге 
жұмсалатын жылу энергиясының үлес сипаттамасының есебі .............................................. 40 
В қосымшасы 

(ақпараттық) 

Ғимараттың энергетикалық паспортын толтыруға арналған 

нысан ............................................................................................................................................ 47 
Г қосымшасы 

(міндетті) 

Кез келген бөлінген қоршау құрылымы немесе ғимараттың жылу 

қорғау қабығының фрагменті жылу берілісіне келтірілген кедергіні есептеу ..................... 52 
Д қосымшасы 

(міндетті) 

Ғимараттың меншікті жылу қорғау ерекшеліктерін есептеу ....... 58 

Е қосымшасы 

(ақпараттық)

 Коршау құрылымының сыртқы бетінің материалымен күн 

радиациясын сіңіру коэффициенті ............................................................................................ 60 
Ж қосымшасы 

(ақпараттық) 

Желдетілетін ауа қабаты бар ілмелі қасбетті жүйелерінің 

жылу физикалық есебінің әдістемесі ........................................................................................ 61 
И қосымшасы 

(ақпараттық) 

Буды оқшаулау жұқа қабаттары мен табақты материалдардың 

бу сіңіргіштігіне кедергі келтіру ............................................................................................... 67 
К қосымшасы 

(ақпараттық) 

Ауаны оқшаулау жұқа қабаттары мен табақты 

материалдардың ауа сіңіргіштігіне кедергі келтірү ................................................................. 68 
Л қосымшасы (

ақпараттық) 

Құрылыс материалдары мен бұйымдардың жылу техникалық 

есептік көрсеткіштері .................................................................................................................. 70 
 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

IV

 

КІРІСПЕ 

 
Осы  ережелер  жинағы  «Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары 

мен  бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентіне  және 
ҚР  ҚН  2.04-04-2013  «Құрылыстық  жылу  техникасы»  құрылыс  нормасы,  ғимараттар  мен 
құрылымдардың жылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.  

Ережелер  жинағында  ғимараттарға  жаңа  энергетикалық  көрсеткіштер  енгізу, 

энергияны  үнемдеу  және  ғимараттарды  жобалау,  салу  және  қолданысқа  беру  кезіндегі 
энергетикалық көрсеткіштеріне қарап бағалау келтірілген. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

СП РК 2.04-107-2013* 

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ  

 

СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕПЛОТЕХНИКА 

 

Енгізілген күні - 2015-07-01 

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ  

 

1.1 Осы ережелер жинағы белгілі бір температуралық-ылғалды тәртіпті ұстау қажет 

болатын жобаланған немесе қайта жаңартылатын тұрғылықты, қоғамдық, өндірістік, ауыл 
шаруашылық және жалпы ауданы  50 м

2

  астам  қойма  ғимараттарының  жылу  қорғанысын 

жобалауға қолданылады. 

1.2 Осы ережелер жинағы жылу қорғанысына қолданылмайды: 

1)

 

діни ғимараттар; 

2)

 

жүйелі  түрде  (аптасына  үш  күннен  аз)  немесе  мерзімді  (жылына  үш  айдан  аз 

үздіксіз) жылытылатын тұрғылықты және қоғамдық ғимараттар; 

екі жылу мерзімінен астам емес пайдалануда болған уақытша ғимараттар; 
3)

 

жылыжайлар, көшеттер және тоңазытқыш ғимараттары; 

4)

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  мәдени  мұра  нысандарына 

жатқызылған ғимараттар, құрылыстар мен имараттар (тарихи және мәдени ескерткіштері); 

5)

 

объектіні инженерлік қамтамасыз ету құрамындағы құрылыстар мен имараттар; 

6)

 

трансформаторлық ішкі станциялар, қазандықтар, КСС, ССС, ОЖП және т.б. 

Көрсетілген  ғимараттарда  жылу  қорғанысының  деңгейі  тиісті  нормалармен  белгіленеді, 

олар  жоқ  болған  кезде  –  Қазақстан  Республикасы  аумағындағы  қолданыстағы  санитарлық-
гигиеналық нормаларды сақтау арқылы меншік иесінің (тапсырыс берушінің) шешімі бойынша 
белгіленеді. 

1.3 Ережелер жинағы сәулеттік-тарихи мәні бар бар ғимараттарды реконструкциялау 

және  құру  кезінде  тарих  және  мәдениет  ескерткіштерін  күзету  облысында  мемлекеттік 
бақылау органдарымен келістіру және билік органдарының шешімдері негізінде олардың 
тарихи құндылықтарын ескере отырып әр нақты жағдайда қолданылады. 

 

*2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР  

 

Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар керек: 
Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы 

№  169  бұйрығымен  бекітілген  Адамға  әсер  ететін  физикалық  факторларға  қойылатын 
гигиеналық нормативтер. 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

2

 

Қазақстан  Республикасы  Инвестициялар  және  даму  министрінің  2015  жылғы  31 

наурыздағы  №  406  бұйрығымен  бекітілген  Ғимараттардың,  құрылыстардың, 
ғимараттардың  және  олардың  қоршау  конструкцияларының  бөлігі  болып  табылатын 
элементтерінің энергия тиімділігі бойынша талаптар. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 

ҚР  ДСМ-29  бұйрығымен  бекітілген  «Әкімшілік  және  тұрғын  үй  ғимараттарына 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. 

ҚР ҚН 2.02-01-2014 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. 
ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру. 
ҚР ҚН 2.04-03-2011 Ғимараттардың жылу қорғанысы. 
ҚР ҚН 2.04-04-2013 

Құрылыстық жылу техникасы

.  

ҚР ҚН 3.02-07-2014 Қоғамдық ғимараттар мен имараттар. 
ҚР ҚН 3.02-35-2013 Тоңазытқыштар. 
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 
ҚР  ҚНжЕ  3.02-11-2010  Мал  шаруашылығының,  құс  шаруашылығының  және  аң 

шаруашылығының ғимараттары мен үй-жайлары. 

ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктеме және әсер ету. 
ҚР ЕЖ 2.04-01-2017 Құрылыс климатологиясы. 
ҚР ЕЖ 2.04-106-2012 Ғимараттардың жылу қорғанысын жобалау.  
ҚР ЕЖ 3.02-138-2013 Энергия үнемдейтін ғимараттар.  
МЕМСТ 10832-2009 Перлитті күбінген құм мен қиыршық тас. Техникалық шарттар.  
МЕМСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының 

ауасына қойылатын жалпы санитариялық-гигиеналық талаптар. 

МЕМСТ 12865-67 Күбінген вермикулит.  
МЕМСТ 23166-99 Терезе блоктары. Жалпы техникалық шарттар. 
МЕМСТ 24700-99 Шыны пакеттері бар ағаш терезе блоктары. 
МЕМСТ 24816-81 Құрылыс материалдары. Сорбциялық ылғалдылықты анықтау әдісі. 
МЕМСТ 25820-2000 Жеңіл бетондар. Техникалық шарттар. 
МЕМСТ 26253-84 Ғимараттар мен құрылыстар. Қоршау конструкцияларының жылу 

тұрақтылығын анықтау әдісі.  

МЕМСТ 26254-84 Ғимараттар мен құрылыстар. Қоршау конструкцияларының жылу 

беру кедергісін анықтау әдістері. 

МЕМСТ  26602.1-99  Терезе  және  есік  блоктары.  Жылу  берілісіне  кедергіні  анықтау 

әдістері.  

МЕМСТ  26602.2-99  Терезе  және  есік  блоктары.  Ауа  және  су  өткізгіштікті  анықтау 

әдістері. 

МЕМСТ 30494-96 Тұрғын және қоғамдық ғимараттар. Үй-жайлардағы микроклимат 

параметрлері. 

МЕМСТ 30674-99 Поливинилхлоридті профильдерден жасалған терезе блоктары. 
МЕМСТ  31167-2009  Ғимараттар  мен  құрылыстар.  Табиғи  жағдайларда  қоршау 

конструкцияларының ауа өткізгіштігін анықтау әдістері. 

МЕМСТ 8736-93 Құрылыстық жұмыстарға арналған құм. Техникалық шарттар. 
МЕМСТ Р 51263-99 Полистиролбетон. Техникалық шарттар. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

 
Ескертпе  –  Осы  Ережелер  жинағын  пайдалану  кезінде  ағымдағы  жылға  қарағанда  жыл  сайын 

жасалатын  «Қазақстан  Республикасының  аумағында  қолданылатын  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 
саласындағы  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-техникалық  актілер  тізбесі»,  «Мемлекетаралық 
нормативтік  құжаттардың  көрсеткіштері»  және  «Қазақстан  Республикасының  стандарттау  жөніндегі 
нормативтік құжаттардың көрсеткіштері» бойынша сілтемелік құжаттарының қолданысын тексеру орынды. 
Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылса  (өзгертілсе),  онда  осы  нормативті  пайдалану  кезінде  ауыстырылған 
(өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек.  Егер  сілтемелік  құжат  өзгертілмей  ауыстырылса,  онда  оған 
сілтеме берілген Ережелер, осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады. 

(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық) 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР  

 
Осы  ережелер  жинағында,  ҚР  ҚН  2.04-04  келтірілген  тиісті  анықтамалары  бар 

терминдер, сондай-ақ келесідей қосымша терминдер мен анықтамалар қолданылады: 

3.1  Ғимарат  жобасының  энергетикалық  паспорты 

(

The  energy  passport  of  the 

project  of  a  building):  Қолданыстағы  ғимараттар  және  ғимараттар  жобалары  мен  оларды 
қоршайтын  конструкциялардың  энергетикалық,  жылу  техникалық  және  геометриялық 
ерекшеліктерін  қамтыған  және  энергетикалық  тиімділік  класы  мен  нормативті  құжаттар 
талаптарына сәйкестікті орнататын құжат. 

3

.

2  Қоршау  конструкциясының  фрагментінің  жылу  беруге  келтірілген 

тойтармасы жылу беруге келтірілген тойтармасы R

0пр, м

2∙°С/Вт

 

(

The reduced resistance 

to  a  heat  transfer  of  a  fragment  of  a  enclosuring):  Фрагменттің  алаңы  бойынша 
орташаландырылған,  әр  түрлі  жағынан  температураның  айырмашылығына  тең,  жылу 
берілісінің стационарлы шарттарындағы ғимараттың жылумен қорғау  қаптамасы  арқылы 
өтетін  жылу  ағынының,  фрагменттің  алаңы  бойынша  орташаландырылған,  тығыздығын 
сипаттайтын физикалық шама. 

3.3

 

Қоршайтын  конструкцияның  жылу  берілісінің  шартты  кедергісі 

R0усл, 

м

2∙°С/Вт

 

(

The  conventional  resistance  to  a  heat  transfer  of  a  fragment  of  a  enclosuring):  Жылу 

техникалық  біртектілік  жоқ,  шартты  конструкциясының  жылу  берілісі  кедергісіне 
берілген, сандық тұрғыдан тең келетін, физикалық шама. 

3.4

 

Бір  тектіліктің  жылу  техникалық  коэффициенті 

r

 

(

Factor  of  thermotechnical 

uniformity):  Фрагмент  сияқты  беттің  сол  ауданымен  шартты  қоршайтын  конструкция 
арқылы өтетін жылу ағынының, қоршайтын конструкция фрагменті арқылы өтетін жылу 
ағынына қатысты, сандық түрге тең келетін, мөлшерсіз көрсеткіш. 

3.5

 

Жылу  техникалық  біртекті  емес  қоршау  конструкциясының  фрагменті 

(

Thermotechnical nonuniform fragment of a enclosuring): Тең температура желілері бір біріне 

параллельді емес орналасатын қоршайтын конструкцияның фрагменті. 

3.6

 

Желілік  жылу  техникалық  біртекті  еместік  арқылы  жылудың  меншікті 

шығыны 

Ψ, Вт/м∙℃

 

(Specific losses of heat through linear thermotechnical uniformity): Желілік 

жылу  техникалық  біртекті  еместіктің  ұзындығы  бірлігіне  жатқызылған  жылудың  меншікті 
шығыны. 

3.7

 

Нүктелі  жылу  техникалық  біртекті  еместік  арқылы  жылудың  меншікті 

шығыны 

χ,  Вт/℃

 

(

Specific  losses  of  heat  through  dot  thermotechnical  uniformity):  Бір 

нүктелі жылу техникалық біртектілік емеске келетін жылудың меншікті шығындары. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

4

 

3.8

 

Ғимараттың меншікті жылу қорғау 

сипаттамасы

  (The  specific  heat  protection 

characteristic  of  a  building):  Ғимараттың  жылумен  қорғау  қаптамасының  сипаттамасы. 
Ғимаратты  жылумен  қорғау  қаптамасы  арқылы  1  °С  температурасының  ауытқуы  кезінде 
уақыттың  бірлігімен  алғанда  жылытылатын  ауқым  бірлігіне  жылу  энергиясының 
шығындарына тең келетін физикалық шама. 

3.9

 

Ғимараттың  желдетілуі  мен  жылытылуына  жылу  энергиясы  шығының 

меншікті  ерекшелігі, 

Вт/м3∙℃

 

(

The  specific  heat  protection  characteristic  of  a  building): 

Қосымша жылу шығару мен ауамен алмасуды ескере отырып, температураның ауытқуына 
жатқызылған  уақыттың  бірлігіне  ғимараттың  жылытылатын  ауқымының  бірлігі  жылу 
энергиясының шығынына тең физикалық шама. 

3.10

 

Ғимараттың  жылу  қорғау  қабығы 

(

Heat  protection  enclosure  of  a  building): 

Ғимараттың жылытылатын ауқымын шектейтін қоршайтын конструкциялардың жиынтығы. 

3.11

 

Шықтың  нүктесі 

(

Dew-point):  салыстырмалы  ылғалдылық  пен  белгілі  бір 

температурамен ауада конденсаттың пайда болуы басталатын температура. 

3.12

 

Энергетикалық тиімділік 

(

Energy efficiency):

 

Өнімге, технологиялық үдеріске, 

заңды  тұлғаға,  жеке  кәсіпкерге  қатысты  осындай  әсерді  алу  мақсатында  шығарылған 
энергетикалық ресурстар шығындарына энергетикалық ресурстарды қолданудан пайдалы 
әсердің қатынасын көрсететін ерекшелік. 

3.13

 

Энергияны  үнемдеу

  (

Energy  savings):  Қолдануынан  тиісті  пайдалы  әсерді 

сақтау  кезінде  қолданылатын  энергетикалық  ресурстардың  ауқымын  азайтуға  бағытталған 
ұйымдық, құқықтық, техникалық, технологиялық, экономикалық және басқа да шараларын іске 
асыру (сондай-ақ шығарылған өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет). 

3.14  Қоршайтын  конструкцияның  ылғалды  күйі 

(

Moisture  condition  of  a 

enclosuring):  Өзі  құрылған  материалдардың  ылғалдығымен  сипатталатын  қоршайтын 
конструкциялардың күйі. 

3.15 

Үй-жайд

ың ылғалдылы тәртібі 

(

Humidity behavior of a premise):

 

Үй-жайдағы 

ауа ылғалдығының уақыт бойында өзгеруі. 

3.16  Қоршау 

конструкциясының

  шамадан  артық  ылғалдануынан  қорғау 

(

Protection  against  strong  moisturing  of  an  enclosuring):  Оның  құраушыларының 

материалдарының  ылғалдылығы  нормаланған  мәндерден  аспайтын  қоршайтын 
конструкцияның ылғалдылық күйін қамтамасыз ететін шаралар. 

3.17  Құрылыс  ауданының  ылғалдылық  аймағы 

(

Zone  of  humidity  of  area  of 

construction): Құрылыс жүргізілетін ел аумағы ауданының сипаттамасы. 

3.18

 

Қоршайтын  конструкцияның  ауа  өткізгіштігі 

(

Air  permeability  of  an 

enclosuring):  Ауа  қысымының  ауытқуы  арқылы  туындаған  қоршайтын  конструкциядағы 
ауаны сүзуге негізделетін физикалық құбылыс.  

3.19

 

Жылыту  кезеңіне  жылыту  және  желдетуге  кететін  жылу  энергиясының 

шығыны 

(

The  charge  of  thermal  energy  on  heating  and  ventilation  for  the  heating  period): 

Жылыту кезеңі ағымында нысанның жылытылуы мен желдетілуіне нысанның тұтынатын 
жылу энергиясының жиынтық саны. 

3.20

 

Температуралық ауытқу 

(

Temperature difference): Температураның екі мәнінің 

айырмашылығы. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

3.21  Қоршайтын  конструкциялардың  ішкі  бетінің  жылу  беруі

  (

Heat  loss  of  an 

internal  surface  of  an  enclosuring):

 

Қоршаған  ортамен  қоршайтын  конструкцияның  ішкі 

бетінің жылуды алмасуына негізделген физикалық үдеріс. 

3.22 Еден бетінің жылуды ұстауы 

(

Assimilation of heat by a surface of a floor): Еден 

бетінің қандай да бір заттармен жанасу кезінде жылуды өткізу қасиеті.  

3.23 Қоршайтын конструкцияның жылуға беріктілігі

 (Heat stability of an enclosuring): 

Қоршайтын конструкцияның жайдың сыртқы және ішкі ортасы жағынан жылу әсерінің жүйелі 
өзгеруі кезінде температураның салыстырмалы тұрақтылығын сақтау қасиеті. 

 

4 ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР  

 
4.1 Жалпы ережелер  

 

4.1.1

 

Әртүрлі  мақсаттағы  ғимараттардың  жылумен  қорғауды  жобалау  кезінде 

сұйық  фазада  ылғалдың  өтуіне  жол  бермейтін  және  сулы  булардың  жылу  оқшаулау 
қабатына  өтуін  барынша  азайтатын  сенімді  судан  оқшаулағыштармен  ұштасып  келетін 
жылу  құбырлары  қосылулары  мен  түйіспе  байланыспалардың  аз  мөлшеріне  ие  тиімді 
жылу  оқшаулағыш  материалдарды  қолданумен  қол  жететін  орнықты  жылу  оқшаулағыш 
қасиеттері  бар  көп  қабатты  типтік  конструкциялар  және  зауыттан  толық  дайын  шыққан 
бұйымдар, соның ішінде кешенді түрде жеткізілген конструкциялар қолданылады. 

Қоршайтын  конструкциялардың  жекелеген  қабаттарының  өзара  кіріге  орналасуы 

конструкциялардың  кебуіне  көмектесуі  және  пайдалану  кезінде  қоршауда  ылғал  жиналу 
мүмкіндігін болдырмауы тиіс. 

4.1.2  Қоршайтын  конструкциялардың  ұзаққа  шыдауының  талап  етілетін  дәрежесін 

тиісті  шыдамдылыққа  (аязға  шыдамдылық,  ылғалға  шыдамдылық,  биошыдамдылық, 
тоттанудан,  жоғары  температурадан,  циклдік  температуралық  тербелістерден  және 
қоршаған  ортаның  басқа  да  бүлдіргіш  әсер  етулерінен  шыдамдылық),  сондай-ақ 
шыдамдылығы  жеткіліксіз  материалдардан  жасалатын  конструкциялар  элементтерін 
қажет  жағдайда  арнайы  қорғауды  көздейтін  тиісті  конструктивтік  шешімдерге  ие 
материалдарды қолданумен қамтамасыз ету керек. 

4.1.3

 

Қоршау  конструкциялары  қолданыстағы  материалдар  мен  бұйымдар 

номенклатурасы  каталогтарына  және  МЕМСТ-терге  енгізілген  материалдарды  және 
бұйымдарды қолданумен жобаланады. МЕМСТ немесе өзге нормативтік құжат болмаған 
жағдайда  әр  жаңа  материал  не  бұйым  түріне  арнап  белгіленген  тәртіп  бойынша 
материалдың  есептемелік  жылуфизикалық  көрсеткіштері  бар  техникалық  шарттар 
жасалады және бекітіледі. 

Қоршайтын  конструкциялар  бұйымдардың  тұрпат-мөлшерлерінің  ең  аз  санымен 

және қолданылатын элементтердің өзара ауыстыру мүмкіндігімен көзделуі тиіс. 

4.1.4

 

Ғимараттардың 

көпқабатты 

конструкцияларының 

үздік 

пайдалану 

сипаттамаларын  қамтамасыз  ету  үшін  жылы  жақтан  жылу  өткізгіштігі  жоғары  және  будың 
өтуіне  тойтармасы  күшейтілген  қабаттарды  оналастыру  жөн.  Сыртқы  қоршалатын 
конструкциялар  үшін  материалдар  таңдау  кезінде  жергілікті  құрылыс  материалдарына 
артықшылық беру керек. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

6

 

Ғимараттарды жобалау кезінде қабырғалардың ішкі  және сыртқы үстіңгі  беттерінің 

отқа  беріктілігінің  шегін  арттыру  үшін  сылау  немесе  жанбайтын  материалдардан  қаптау 
дың жайы, ал атмосфералық дымқылдық пен ылғалдың әсерінен қорғау үшін – пайдалану 
шарттары  мен  қабырға  материалына  байланысты  таңдалатын  суға  берік  құрамдарымен 
қосымша бояу көзделуі керек. 

Топыраққа  тиетін  қоршау  конструкцияларын  гидро  оқшаулауды  орнату  жолымен 

топырақ асты ылғалынан сақтандыру керек. 

 

4.2 Қабырғалар  
 

4.2.1  Қабырғаның  қабылдағыш  жүктемелерінің  түрлеріне  қарай  олар  тасушы, 

өздігінен  тасушы  және  аспалы  болып  бөлінеді.  Тасушы  қабырғалар  жүктемені  өзінің 
салмағынан, жабындардан, сондай-ақ желден жүктемені көтереді. Өздігінен тасушы және 
аспалы  қабырғалар  тек  өз  салмағынан  және  ғимараттың  қаңқасы  мен  ішкі  тасушы 
конструкцияларына берілетін жел жүктемесін ғана көтереді.  

4.2.2  Жылу  техникалық  көзқарастан  алып  қарасақ,  негізгі  қабаттарына  қарай  сыртқы 

қабырғалардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: бір қабатты, екі қабатты және үш қабатты. 

Бір қабатты қабырғалар тәулігіне 3850 градусқа дейін қолданылады.  
200-300 

мм  қалыңдығы  бар  минералды  мақта  мен  пенополистиролдан 

жылытқыштың нүктелі (икемді) байланыстарындағы қорғаныс қабаттарымен үш қабатты 
қоршауларда олардың солтүстік аймақтарында (тәулігіне 6000-6500 градус) қолданылуын 
қамтамасыз  етеді.  Үш  қабатты  бетон  панелдерінде  сыртқы  және  ішкі  қабаттарындың 
қалыңдығының  ара-қатынасы  50  мм  кем  емес  сыртқы  қабаттың  минималды  қалыңдығы 
кезінде 1:1,25 кем болмауы керек.                                                                                                                                                                                                                                   

Екі қабатты қабырғаларда жылытқыштың орналасуы сыртынан болса абзал. Сыртқы 

жылытқыштың  екі  түрі  болады:  сыртқы  сылау  қабаты  бар  жүйелер  мен  жылытқыш  пен 
әрлеудің сыртқы қабаты бар әуе саңылау жүйесі. Жылуды оқшаулау қабатында ылғалдың 
жинақталып  қалу  мүмкіндігіне  байланысты  ішкі  жақтан  жылу  оқшаулауды  қолдануға 
болмайды,  бірақ  бұлай  қолданған  жағдайда  жай  жағынан  беті  тұтас  және  төзімді  бу 
оқшаулау қабатына ие болуы керек.  

4.2.3  Қабырға  панельдері  қаңқалы  және  қаңқасыз  қабырғаларда,  сондай-ақ  бір 

монтажды  элементке  жинақталған  бетонды  ауқымды  блоктардан  жасалған  ғимараттарда 
қолданылады. Сыртқы қабырғалардың панелдерінің тік түйісуілері ғимараттың сындарлы-
жобалау  торларының  остерімен  сәйкес  келуі  керек.  Олар  қаңқасы  бар  ғимараттарында 
ұстын  өстері  бойынша  немесе  қайта  қоршаулармен  немесе  ішкі  қабырғадарымен  бірге 
орналастырылуы  керек.  Панельдердің  көлденең  түйісулерін  жабын  панелдерінің  барлық 
шектерінің деңгейлерінде орналасуы керек. 

4.2.4  Кірпіштен  және  басқа  ұсақ  даналы  материалдарынан  қабырғаларды  жобалау 

кезінде  әуе  қабаттары  мен  тиімді  жылуды  оқшаулау  материалдарынан  плиталарымен 
үйлесімде жеңілдетілген конструкцияларды максималды қолдану керек. Әуе қабаттарымен 
қабырғаларды  есептемегенде,  қыш  тастар  мен  кірпіштерден  ғимараттар  қабырғалары, 
сондай-ақ  кірпішпен  қапталған  қабырғаларды  әдетте  сыртқы  сылаусыз,  бірақ  қасбеті 
бойынша қалау жіктерін аша отырып жобалау қажет. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

4.2.5  Ағаш  (бөренеден  шаппа,  қырлы  бөренеден  бораланған,  қалқанды,  қаңқалы  – 

жапсарлы)  қабырғаларды  орман  жергілікті  материал  болып  келетін  жағдайларда  аз 
қабатты  ғимараттар  үшін  қолдану  ұсынылады.  Жиналмалы  (стандартты)  үйлер  үшін 
зауттық  әзірлеме  бұйымдары  мен  бөлшектерінен  ағаш  конструкциялы  қабырғалар 
пайдаланылуы керек.  

4.2.6  Желдетілмейтін  әуе  қабаттары  бар  қабырғаларды  жобалау  кезінде  келесі 

нұсқаулықтарды басшылыққа алу керек: 

1)

 

биіктігіне қарай қабаттың өлшемі 6 м астам емес және қабаттың биіктігінен көп болмау 

керек,  қалыңдығына  қарай  мөлшері  –  60  м  кем  емес  және  100  мм  астам  емес  болуы  керек, 
көрініс беру жылу оқшаулау құрылғысы кезінде 10 мм кем емес және қабатының ішінен тегіс 
беттерін қамтамасыз ету жағдайында 40 мм әуе қабатының қалыңдығына рұқсат беріледі; 

2)

 

жанғыш жылытқыш пен қоршайтын конструкциялар арасындағы ауа қабаттарын 

мөлшерлері  кемі  3  м3  телімдердегі  жанбайтын  материалдардан  жасалған  саңылаусыз 
диафрагмалармен бөлу керек; 

3)

 

әуе қабаттарын қоршауды суық жаққа қарай орналастыруға ұсыныс беріледі. 

4.2.7  Желдетілетін  әуе  қабатымен  жобалау  кезінде  (желдетілетін  қасбеті  бар 

қабырғалар) келесі нұсқауларды басшылыққа алу керек: 

1)

 

ауа қабаты 150 мм астам емес және 60 мм кем емес қалыңдықта болу керек және 

оны  жылу  оқшаулау  мен  сыртқы  қабат  ортасында  орналастыру  керек,  перфораторланған 
қоршаулардан әр үш қабат бойынша биіктікпен әуе ағынының жарығын қарастыру керек; 

2)

 

қабырғаның  сыртқы  қабатының  желдету  қуыстары  болуы  керек,  олардың 

жиынтық алаңы терезе алаңдарын қоса есептегенде, қабырғаның 20 м2 алаңына 7500 мм2 
есебімен белгіленеді; 

3)

 

төменгі  (жоғарғы)  желдету  қуыстарын,  әдетте  цокольдармен  (бұғаттармен) 

сыйыстыру  керек,  оның  үстіне  төменгі  қуыстар  үшін  ылғалды  бұру  және  желдету 
функцияларын сыйыстырған абзал; 

4)

 

каширленген  шыны  материалы  немесе  буды  сіңіргіш  желден-ауадан  қорғайтын 

үлдірді,  қабатқа  айналдырған  жаққа  қарай  80-90  кг/м

3-

  кем  емес  тығыздығы  бар  қатты 

жылу  оқшаулау  материалдарын  қолдану  керек,  немесе  арматураланған  массаның 
көмегімен жылу оқшаулауға бекіте отырып, шыны материалмен немесе 4х4 мм астам емес 
ұяшықтармен қабаттарға берілген жылу оқшаулау бетін қарастыру керек.  

5)

 

әрлеудің  жасанды  немесе  кәдімгі  тастардың  плиталарынан  сылаудың  сыртқы 

қабаты ретінде қолдану кезінде көлденең жіктер ашылуы керек (тығыздаушы материалмен 
толықтырылмауы керек). 

4.2.8  Сыртқы  қабырғалардың  жылу  оқшаулауын  ғимараттың  қас  бетінің  жазықтығында 

үздіксіз  жобалауға  тырысу  керек.  Қоршаулардың  мұндай  элементтері,  ішкі  қоршаулар, 
ұстындар,  арқалықтар,  желдету  арналары  мен  басқалары  сияқты  жылу  оқшаулау  қабатының 
тұтастығын бұзбауы керек. Қоршау қалыңдығынан жартылай өтетін ауа өткізгіштері, желдету 
арналары  мен  құбырларды,  жылу  оқшаулаудың  жылы  бетіне  дейін  тереңдету  керек.  Өтпелі 
жылу  өткізгіш  қосылыстарына  жылу  оқшаулаудың  тығыз  жанасуын  қамтамасыз  ету  керек. 
Сонымен бірге жылу өткізгіштік қосылыстармен жылу берілісіне берілген кедергі тұтынушы 
көзқарасына сәйкес нормаланған өлшемдерден кем болмауы керек немесе элементті көзқарас 
бойынша нормаланған өлшемдерден кем болмауы керек.  

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

8

 

Жаңа  жылу  оқшаулау  материалдарын  қолдану  кезіндегі,  осы  құжатта  келтірілмеген 

есептік  жылу  техникалық  ерекшеліктер,  осы  ерекшеліктерді  өткізілген  аккредиттелген 
сынау зертханаларымен, жылу техникалық сынауларға сәйкес қабылдау керек.  

Қоршайтын  конструкцияларда  жанғыш  жылытқыштары,  терезе,  ойықтар  және 

периметрі  бойынша  басқа  ойықтарды  қолдану  кезінде  80-90  кг/м3  кем  емес  тығыздығы 
бар минералды жылытқыштан 200 мм кем емес ені бар жолақтармен жиектеу керек. Бұл 
конструкциялар  тиісті  аумақта  қолдануға  Мемлекеттік  өрт  қадағалау  рұқсаттары  мен  от 
сынауларының хаттамаларымен сүймелденеді.  

4.2.9  Жылуды  қорғау  конструкциясында  жылу  өткізгіштерінің  болуы  кезінде  келесіні 

ескеру керек: 

1)

 

тесіп өтпейтін қосылыстарды қоршаудың жылу жағына қарай орналастыру керек; 

2)

 

тесіп  өтетіндерде,  бастысы,  металл  қосылыстарында  (сұлбаларында,  орындыда, 

бұрандада,  терезе  жиектемесінде)  әдетте,  0,35  Вт/(м.0С)  жоғары  емес  жылу  өткізгіштік 
коэффициентімен материалдардан ендірмелерді қарастыру керек. 

*4.2.10  Келтірілген  жылу  берілісіне  кедергіні 

,  сыртқы  қабырғалар 

үшін  ҚР  ҚН  2.04-03  және  ғимараттың  қасбеті  үшін  ҚР  ЕЖ  2.04-106  талаптарына  сәйкес 
немесе  бір  аралық  қабат  үшін  ойықтардың  еңістерін  ескере  отырып,  олардың 
толтырылуын есепке алмай жылу өткізгіш қосылыстар аймақтарындағы учаскелердің ішкі 
бетіне  конденсаттың  түспеу  шартын  тексере  отырып  анықтау  керек 

(Өзгерт.ред.  – 

ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

Жылу  техникалық  біртектіліктің,  келесілер  үшін  жобаланатын  ішкі  қоршауларға 

жанасатын терезе бөліктерінің 

коэффициенті: 

1)

 

индустриалды  әзірлеу  панелдері  осы  құжаттың  1  кестесінде  орнатылған 

нормативтің өлшемдерден кем болмауы керек; 

2)

 

жылытқышы  бар  кірпіштен  тұрғын  үй  қабырғалары  үшін  –  510  мм  қабырға 

қалыңдығы кезінде 0,74 кем емес. 

 

1-кесте  –  Индустриалдық  дайындау  конструкциясы  үшін  жылу  техникалық 

біртектілік коэффициентінің минималдық қолжетімді мәндері  

№ 

реттік 

Қоршайтын конструкция 

коэффициенті 

Жеңіл бетон бір қабатты панелдерден  

0,90 

Термо қосымшалармен жеңіл бетон панелдерінен  

0,75 

Икемді байланыстар мен тиімді жылытқышпен үш қабатты темір 
бетон панелдерінен  

0,70 

Керамзибетоннан қабырғалар және темір бетон шпонкаларымен 
және тиімді жылытқышпен үш қабатты темір бетон панелдерінен  

0,60 

Темір бетон қабырғалар және тиімді жылытқышпен темір бетон 
үш қабатты панелдерден  

0,50 

Тиімді жылытқышпен үш қабатты металл панелдерден  

0,75 

Тиімді жылытқышпен асбестоцементті үш қабатты панелдерден 

0,70 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

 
4.3 Жабындар, шатырлар, мансардтар  

 

4.3.1 Тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың жабыны шатырсыз (біріктірілген) 

және  бөлек  конструкциялы  болуы  мүмкін,  жоғарғы  және  төменгі  жақтағы  жабындары 
шатырлы  кеңістікті  құрады  және  желдету  ауасын  жою  әдісіне  байланысты  суық  және 
жылы  бола  алады.  Егер  жылытылған  шатыр  кеңістігі  жылытқыш  құралдармен 
жабдықталған болса, онда мұндай шатыр жылытылатын (мансардты) болып келеді. 

Суық  шатырлы  төбелерді  кез-келген  қабатты  тұрғын  үйлерде  қолдануға  рұқсат 

етіледі.  5  қабатты  және  одан  астам  ғимараттар  үшін  дана  материалдардан  жабынмен 
сырғанайтын  шатырларды  жобалауға  рұқсат  беріледі.  Жылы  шатыры  бар  9  және  одан 
астам қабатты ғимараттарда қолдануға рұқсат беріледі. 

4.3.2  Суық  шатырлы  шатыр  ішінде  ішкі  кеңістік  қабырғаларда  қуыстар  арқылы 

сыртқы  ауамен  желдетіледі,  олардың  қиылысу  ауданы  темір  бетон  жабыны  кезінде 
жабынның 0,002 ауданынан кем болмауы керек. Дана материалдардан жасалған сырғанақ 
шатыр  болған  кезде  (асбестоцементті  табақтар,  жабынқыш)  шатыр  кеңістігі  табақтары 
арасындағы  саңылаулар  арқылы  желдетіледі,  сондықтан  желдету  қуыстарын  жабынның 
0,001 ауданына дейін азайтуға рұқсат беріледі. 

4.3.3  Суық  шатыры  бар  төбелер  болған  кезде  жылу  оқшаулау  шатырлы  жабын 

плиталары  бойынша  қаланады.  Жылу  оқшаулау  қабаты  шатырдың  1  м  кем  ені  бойынша 
ылғалдан  қорғауға  рұқсат  беріледі.  Желдету  шахталары  мен  ауаны  сыртқа  шығарумен 
суық  шатыр  кезінде  кәріздік  бекітпенің  тартпалары  шатыр  жабыны  арқылы  жылытылуы 
керек.  

4.3.4  Суық  шатыры  бар  төбелерді  жабуға  арналған  плиталарды  орамсыз  жабын 

кезінде  –  қабырғасын  жоғары  қаратып  және  орамды  жабын  кезінде  қабырғасын  төмен 
қаратып темірбетоннан жұқа қабырғалы панелдер түрінде жобалау ұсынылады. Шатырлы 
плиталардың сөрелерінің қалыңдығын 40 мм кем емес, ал орамсыз қалыңдығын  – 60 мм 
кем емес қолдану керек.  

4.3.5  Жылы  шатыры  бар  төбеде  жылытылған  фризді  сыртқы  қабырғалары  бар 

шатыр,  үйдің  тартпа  желдетпесінен  келетін  жылы  ауамен  жылытылады.  Шатыр 
кеңістігінен ауаны алып тастау үшін әр секцияға бір-бірден тартпа шахталарын қарастыру 
керек.  Шатыр  кеңістігін  оқшауланған  бөліктерге  қабырғалармен  секция-секциямен  бөлу 
керек. Шатыр бойынша тесік өткізгішті қамтамасыз ететін қабырғалардағы есік ойықтары 
тығыз бекіткіштері болуы керек.  

4.3.6  Орамы  жоқ  шатыр  кезіндегі  жылы  төбенің  жабын  плиталары  биіктігі  100  мм 

бортты қабырғалар мен тығыз бетоннан 40 м кем емес жоғарғы шатыр қабатына ие болуы 
керек. Табақтарды екі қабатты қылып жобалау ұсынылады, оның ішінде жылуды оқшаулау 
жапсырмаларымен. 

Орамды  шатырға  жылу  шатырының  жабынды  плиталарын  жеңіл  бетоннан  бір 

қабатты қылып жобалау ұсынылады, оның ішінде термо жапсырмалы немесе үш қабатты. 

4.3.7  Шатыры  жоқ  жабындар  (сыйыстырылған  шатырлар)  желдетілетін  және 

желдетілмейтін  болуы  мүмкін.  Желдетілмейтін  жабындарды  конструкциядағы  жабындар 
бу  оқшаулау  және  басқа  шараларды  қолдану  жолымен  жылдың  суық  мезгіліне  рұқсат 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

10

 

етілмеген  ылғалды  жинау  алынып  тасталады.  Желдетілетін  жабындар  конструкциялық 
шаралар қалыпты ылғалды конструкция күйін қамтамасыз етпейді. 

Тұрғын  үйлерде  және  қоғамдық  ғимараттарды  сыйыстырылған  желдетілетін 

төбелерді қолдану ұсынылады. 

4.3.8 

Шатырсыз 

желдетілетін 

жабынның 

(сыйыстырылған) 

ұсынылатын 

конструкциясы төменгі беттен бастағанда келесі қабаттарға ие болуы мүмкін: 

көтергіш конструкция; 
бу оқшаулау қабаты; 
жылу оқшаулау қабаты; 
жабын конструкциясынан немесе оны суытуға арналған ылғалды алып тастау үшін 

қызмет ететін желдетілетін қабат; 

гидрооқшаулауға  негіздеме  (тесігі  бар  желдетілетін  қабаттар  кезіндегі  жабынды 

плита немесе тартпа); 

көп қабатты гидрооқшаулау жабынды шатыры. 
Талшықты  жылу  оқшаулау  материалдары  желдетілетін  жабындарда  бу  сіңіргіш 

үлдірлі жабындармен желдетілетін ауаның әсерінен қорғалуы керек. 

4.3.9  Құрғататын  ауа  қабаттары  мен  арналарын  соңғы қылып  жоғарғы  жақ  аймақта 

немесе жылу оқшаулаудың үстінен орнату керек. Осы қабаттардың көлденең қиылысының 
минималды  мөлшері  40  мм  кем  болмауы  керек.  Құйылған  қуыстар  карнизді  бөлікке 
орналастыру  керек,  ал  тартпаны  –  ғимараттың  қарама-қарсы  бетінде  немесе  ойып 
жасалған атшаға. Құйылғанның да, тартпаның да жиынтық қиылысы жабынның көлденең 
жобасынан 0,002-0,001 шеңберінде тағайындау керек.  

4.3.10  Мансардты  қабаттардың  көтергіш  бөлігін  ғимараттың  төменгі  жағында 

орналасқан  көтергіш  конструкцияларына  сүйенетін,  2,6-3,2  м  бойлық  адыммен,  металл 
немесе ағаш жиектемелерден жобалаған дұрыс.  

4.3.11 Мансардтардың жабындарын қалыңдығы 30 мм гипсокартон немесе цементті-

жоңқалау плиталарынан ішкі әрлеу және талшықты материалдардан тиімді жылытқыштың 
орташа қабатымен, тор көз салу бойынша боялған асбестоцементті талшықты табақ және 
гофририленген металл табақ, металл жабыңқыштан сыртқы әрлеу қабатымен үш қабатты 
етіп  орындайды.  Жылытқыштың  ішкі  жағынан  полиэтилен  үлдір  түрінде  бу  оқшаулау 
көзделген. 

 
4.4 Жарық ашық конструкциялар (терезелер мен шамдар) 
 

4.4.1  Қоршайтын  конструкциялардың  жиынтығындағы  жарық  ойықтарын  толтыру 

өткізгіші  аз  материалдардан  орындалатын  терезе  жақтауларына  бекітілетін  (шыны 
пакеттер және жеке шынылар) қос немесе үш қабатты шынылау түрінде орындалады.  

4.4.2  Ағаш  немесе  пластмасса  терезе  жақтаулары  бар  терезе  блоктары  (МЕМСТ 

23166,  МЕМСТ  24700,  МЕМСТ  30674)  қабырғалардың  көп  қабатты  конструкцияларда 
жылу  оқшаулау  қабатының  ортасынан  немесе  жылу  техникалық  бір  текті  қабырға 
қасбетінің жазықтығынан (50-120 мм) «ширегін» жиектейтін тереңдікке терезе ойығында 
орналастыру  керек.  Терез  блоктарын  қабырғаның  анағұрлым  берік  (сыртқы  немесе  ішкі) 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 

 

11 

қабатына  бекіту  керек.  Пластмасса  терезе  жақтауларымен  терезені  таңдаған  кезде 
кеңейтілген қораптары бар (90 мм кем емес) конструкцияларға артықшылық беру керек.  

4.4.3  Сыртқы  қабырғалардың  конструкцияларына  балкон  есіктері  мен  терезелердің 

жанасуларындағы  саңылауларды  толтыруды  көпіретін  синтетикалық  материалдарды 
қолдана  отырып  жобалауға  ұсыныс  беріледі.  Терезелер  мен  балкон  есіктерінің  барлық 
жабулары аязға берік резеңке немесе силиконды материалдардан (екеуден аз емес) тығыз 
жапсырмаларды  қамтуы  керек.  Шыныларды  орнатуды  силикон  мастикаларды  қолдана 
отырып жүзеге асыру керек.  

Шыны  лоджиялардың  ішіне  қарай  шығып  тұратын  балкон  есіктер  мен  терезелерге 

арналған үшқабаттының орнына екі қабатты шыныны қолдануға рұқсат беріледі. 

4.4.4  Қажетті  ауа  алмастырғышты  ұйымдастыру  мақсатында,  әдетте  қоршайтын 

конструкцияларда  арнайы  құйылатын  қуыстар  (қақпақтар)  қарастыру  керек,  немесе 
терезелердің қазіргі заманға сай (1,5 кг/(м2.сағ) және одан төмен) сынау сертификациясы 
бойынша  құйылатынның  ауаны  сіңіргіштігі)  түрлерін  қолдау  кезінде  жиектемелерде 
немесе терезе жақтауларында қуыстарды қарастыру керек.   

4.4.5  Ғимараттардың  жобаларының  ауқымды-жоспарлау  шешімдерінің  жобаларын 

әзірлеу  кезінде  бұрыштағы  бөлмелердің  екі  жақ  сыртқы  қабырғалары  бойынша  терезені 
орналастырудан  қашу  керек.  Жайлар  терең  болған  жағдайда  терезелердің  бұрыштағы 
орналасуы 

немесе 

екі 

жақты  орналасуын 

қарастыру 

керек 

(қарама-қарсы 

қабырғаларында). 

4.4.6 Мансард жабындарда жарық ойықтарын толтыру екі нұсқада орындалады: 
- терезе блоктарымен – жабынның жазықтығында; 
-  пластмасса  және  ағаш  жақтаулы  терезе  блоктары  тік  қондырылатын  люкарен 

құрылғысымен. 

4.4.7  Мансардты  терезелердің  құрылысы  кезінде  терезе  блогына  жабынды 

жанастыру  кезінде  пайдалануға  берік  гидро  оқшаулауды  қарастыру  керек.  Мансардты 
қабаттарда  иілмелі  жарық  ойықтарының  еңістердің  жазықтығы  шыныны  жасау  бетіне 
қарай 135 о бұрышымен жобалау керек.  

4.4.8  Қолданысына  қарай  зенитті  шамдарды  саңылаусыз  және  ашылатын  қылып 

орындайды. Саңылаусыз шамдарда берік стақанға жарық жіберетін толтыруды жанастыру 
сенімді  орындалады.  Ашылатын  зенитті  шамдар  өрт  кезінде  түтінді  жою  үшін  және 
жайлардың  ішін  желдетуге  арналады.  Зенитті  шамдардың  жарық  ойықтарының  ауданы 
жайлардың едендерінің 15 пайыз ауданынан аспауы керек.  

4.4.9  Қоғамдық  ғимаратта  қолданылатын  зенитті  шамдардың  жалпы  элементтері, 

ашу механизмдері, тіреуіш стақан, жарықты өткізетін толтыру болып табылады. Жарықты 
өткізетін  толтыру  шыны  пакеттер,  органикалық  және  силикатты  шыныдан  көп  қабатты 
куполдар  мен  қабықшалар  түрінде  орындалуы  мүмкін.  Тіреуіш  стақандарды  болат 
сұлбалардан, табақты болаттан, сондай-ақ темір бетон, керамзибетон, асбестоцемент және 
басқа  материалдардан  дайындайды  және  жылу  оқшаулау  материалдарымен  жылытады. 
Стақандарды  ғимараттардың  жабындарында  жарық  ойықтарының  периметрі  бойынша 
орнатады.  Ашылатын  зенитті  шамдар  аралықтан  басқару  тетігі  бар  арнайы  ашу 
механизмдерімен жабдықталған. 

ҚР ЕЖ 2.04-107-2013* 
 

12

 

4.4.10 Жарықты өткізетін толтыру элементтерін табақты резеңке, резеңке сұлбалар, 

бу  оқшаулау,  герниттен  тығыз  жапсырма  арқылы  шамның  конструкциясына  бекітеді,  ал 
жанасу орындарын арнайы герметиктерімен бітейді.  

 

5 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ КЕЗІНДЕГІ НЕГІЗГІ 

ТАЛАПТАР  

 

5.1  Ғимараттар  мен  имараттарды  жобалау  төмендегіні  қамтамасыз  ету  мақсатында, 

осы  ережелерде  берілген  қоршайтын  конструкциялардың  талаптарын  ескере  отырып 
жүзеге асырылуы керек: 

1)

 

технологиялық  немесе  тұрмыстық  жұмысы  мен  адамның  өміріне  қажетті  шағын 

климаттың берілген параметрлері; 

2)

 

жылуды қорғау; 

3)

 

қоршайтын конструкциялардың артық ылғалдандырудан қорғау; 

4)

 

желдету мен жылытуға жылу энергиясының шығынының тиімділігі; 

5)

 

конструкциялардың ұзақ мерзімділігі мен қажетті сенімділігі. 

5.2 Нормалар мен ережелерде төмендегідей талаптар белгіленеді: 
1)

 

ғимаратардың қоршайтын конструкциялардың жылу берілісіне берілген кедергі; 

2)

 

ғимараттың меншікті жылу қорғау ерекшелігіне; 

3)

 

тік шыныландырумен (45 градус көлбеу жазыққа толтырудың еңістік бұрышымен 

немесе  одан  жоғары)  ашық  конструкцияны  есептемегенде  жылдың  суық  мезгілінде 
қоршайтын  конструкцияның  ішкі  бетіндегі  конденсацияға  жол  бермеу  мен  минималды 
температураны шектеу; 

4)

 

жылдың жылы мезгілінде қоршайтын конструкциялардың жылуға беріктілігі; 

5)

 

қоршайтын конструкциялардың ауаны сіңіргіштігі; 

6)

 

қоршайтын конструкциялардың ылғалды күйі; 

7)

 

еден беттерінің жылуды игеруі; 

8) ғимараттардың желдетілуі мен жылытуға жылу энергиясын шығындау. 
5.3  Жылдың  суық  мезгілінде  ғимараттар  жайларының  ылғалды  тәртібіне  ішкі  ауа 

температурасы  мен  салыстырмалы  ылғалдыққа  байланысты  ылғалды  тәртіпті  2-кесте 
бойынша белгілеу керек. 

 

2-кесте – Ғимарат жайларының ылғалды тәртібі 

  

 

5.4 А немесе Б қоршайтын конструкцияларды пайдалану шарттары  сыртқы қоршау 

материалдарының  жылу  техникалық  көрсеткіштерін  таңдау  үшін  қажетті  құрылыс 

Тәртібі 

Ішкі ауаның ылғалдығы , %, °С температура кезінде 

12 дейін 

12 артық 24  дейін   

24 астам 

Құрғақ  

60 дейін  

50 дейін  

40 дейін  

Қалыпты  

60 астам 75 дейін  

50 астам 60 дейін  

40 астам 50 дейін  

Ылғалды  

75 астам  

60 астам 75дейін 

 50 астам 60 дейін  

Дымқыл  

75 астам  

 60 астам  

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////