СП РК 3.02-123-2013 РЫНКИ (ҚР ЕЖ 3.02-123-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-123-2013 РЫНКИ (ҚР ЕЖ 3.02-123-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.02-123-2013 РЫНКИ (ҚР ЕЖ 3.02-123-2013) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАРЫҚТАР
РЫНКИ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами
Министерства национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2018
СП РК 3.02-123-2013*
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, "ЗЦ АТСЭ" ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу
және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
ЕНГIЗІЛГЕН:
жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы
29-
желтоқсандағы
№ 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы 1-
шілдеден бастап
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және
құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми басылым ретінде
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру жүргізу
тапсырмасына (2016 жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 7 тамыздағы №175-НҚ бұйрығына
сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСА», ТОО "ЗЦ АТСЭ"
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирования
Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства
и управления земельными ресурсами
Министерства национальной экономики Республики
Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В
коммунального хозяйства и управления земельными
ДЕЙСТВИЕ:
ресурсами Министерства Национальной экономики
Республики Казахстан от 29.12.2014 № 156-НҚ с 1 июля
2015 года
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения
Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и
строительства Республики Казахстан
Текст документа откорректирован в соответствии с поручением Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
(письмо
№ 38-02-5-1542 от 7 ноября
2016 года) по технической и
лингвистической проверке
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию
Республики Казахстан от 7 августа 2018 года №175-НҚ
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2
4 ҚОЛАЙЛЫ ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕР
2
4.1 Жалпы ережелер
2
4.2 Базарларды жобалау ережелері
2
4.3 Базар аумақтарын жоспарлау
4
4.4 Базарлардың көлемдік-жоспарлы шешімдері
6
4.5 Эвакуациялық шығу жолдары
9
4.6 Сумен қамту және суды бұру
10
4.7 Жылыту, желдету және ауа баптау
11
4.8 Электрмен жабдықтау және электрлік құралдар
12
5 БАЗАРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14
6 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
16
6.1 Жалпы ережелер
16
6.2 Базар аумақтарын жасаудағы өртке қарсы шаралар
17
6.3 Ғимараттар, павильондар, бөлмелер мен дүңгіршектер жасау
18
6.4 Электрлік желілер мен электрлік құрылғыларды пайдалану
19
6.5 Жылыту және желдету жүйелерін жасау
21
6.6 Өртке қарсы су құбыры жүйесін пайдалану
22
6.7 Өртке қарсы техника мен жабдықтарды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын
пайдалану
23
6.8 Өрт дабылдамасы, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы хабар беру
24
6.9 Ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды эвакуациялау
25
6.10 Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі
25
7 ХАЛЫҚТЫҢ АЗ БЕЙІНДІ ТОБЫНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
26
8 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ
29
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
30
А қосымшасы (ақпараттық) Жабық базар ғимараттарындағы есепті ауа температурасы
және ауа алмасу еселігі
32
Б қосымшасы (ақпараттық) Өрт бөлімі шегіндегі жабық базар ғимараттарының қабат
аудандары
35
В қосымшасы (ақпараттық) Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу
нормалары
36
III
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының құрылыс саласындағы
нормативті-техникалық базасын реформалау шеңберінде өңделген және базарларды
жобалаудағы құрылыс нормалары ҚР ҚН 3.02-23-2013 мен техникалық регламенттердің
міндетті талаптарын кең көлемде орындауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ресми
мойындалған және тәжірибе жүзінде өзін-өзі ақтаған ұсынылатын ережелерден,
нормалаушы көрсеткіштерден және ұсыныстардан тұрады.
IV
СП РК 3.02-123-2013*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАРЫҚТАР
РЫНКИ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасы аумағында базарларды
жобалау,жаңа салу, қайта жаңарту және пайдалану барысында қолдануға арғалған.
1.2 Жабық базарлар мен павильондарды жобалау кезінде сауда кәсіпорындарына
арналған ғимараттарға қолданылатын, оның ішінде халықтың аз бейінді топтарына
(мүгедектер) жұмысы орындары ұйымдастырылатын ғимараттар мен бөлмелердің қол
жетімділігін қамтамасыз ету бойынша басқа да нормативті құжаттарды басшылыққа алу
керек.
2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет.
ҚР ҚН 3.02-23-2013 Нарықтар.
ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыс жобалық құжататмасының құрамы және жасау, келісу,
бекіту тәртібі.
ҚР ҚН 2.02-01-2014 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі.
ҚР ҚН 4.01-03-2013 Сумен жабдықтау мен кәріздің сыртқы желілері және имараттары.
ҚР ҚНжЕ 3.02-02-2001* Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар.
және құрылысын салу.
Жобалау ережелері.
ҚР ЕЖ 3.01-103-2012 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың бас жоспарлары.
ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары
үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су қүбыры жэне кэрізі.
МҚН 2.02-02-2004 Орман материалдарының қоймалары. Жобалаудың өртке қарсы
нормалары
Ресми басылым
1
Ескертпе - Аталмыш құрылыс нормаларын пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың қолданысын жыл
сайын жарық көретін ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы нормативті-техникалық және нормативті құқықтық актілер тізімі»,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша нормативті құжаттар нұсқаушысы» және «Мемлекетаралық нормативті
құжаттар нұсқаушысы» ағымдағы жыл мәліметтері бойынша тексеру қажет. Егер сілтемелік құжат алмастырылған
(өзгертілген) болса, қолданыстағы нормативтерді пайдаланғанда алмастырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа
алады. Егер сілтемелік құжат алмастырусыз жойылған болса, оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемеге қатысты
емес бөлікте қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында ҚР ҚН
3.02-23 құрылыс ережелерінде берілген
анықтамалармен сәйкес терминдер қолданылады.
4 ҚОЛАЙЛЫ ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Базарларды салу және қайта жаңарту халықтың аз бейінді тобының қол
жетімділігін қамтамасыз етумен қоса, базарларды пайдалану үдерісіндегі қауіпсіздікті
қамтамасыз етуді ескере отырып жасалған жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүзеге
асырылады.
4.1.2 Негізгі техникалық шешімдер базарларды жобалау және салу тәжірибесінде
қолдануға жарамды деп танылған қолайлы құрылыс шешімдерін ескере отырып, міндетті
қолданылатын заңнамалық актілер мен нормативті құжаттар талаптарына сай болуы
керек. Қажет болған жағдайда бағалаудың дәлелденген базасы қоса берілген жағдайда
техникалық шешімдердің балама нұсқалары пайдаланылуы мүмкін.
4.1.3 Жобаланатын базарлардың қолданылатын техникалық шешімдері, оның ішінде
құрылыстың және базарларды қайта жаңартудың мақсаттылығын, олардың орналасқан
орны, мамандануы мен тұрпаттарын анықтау, көлемдік-жоспарлық және құрылымдық
шешімдері олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру және нұсқалы
жобалау жолымен негізделеді.
4.2 Базарларды жобалау ережелері
4.2.1 Базарларды жобалауға қойылатын жалпы талаптар ҚР ҚН
3.02-23
нормаларында берілген.
4.2.2 Базар құрылысына
(қайта жаңартуға) жобалық құжаттаманы жасау
ҚР ҚН 1.02-03 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
4.2.3 Жобалық құжаттаманы жасау келесі негізде жүзеге асырылады:
- заңнамамен белгіленген тәртіпте жасалатын жобалық
(жобалық-ізденушілік)
жұмыстарды орындауға мердігерлік келісім (келісім шарт);
- нормативті құжаттар талаптарына сәйкес құрастырылатын жобалау тапсырмасы.
4.2.4 Жобалық құжаттамасын жасау кезеңіндегі базарларды жобалауға арналған
бастапқы мәліметтер: базарды жобалауға тапсырма және бастапқы (жобалауға дейінгі)
2
құжаттар мен материалдар болып табылады.
Жобалау тапсырмасына жататындар,әдеттегідей, мыналар:
- жалпы мәліметтер (жобалау үшін негіз, нысанның, күрделі құрылыстың атауы
және құрылыс түрі, нысанның орналасқан орны, қаржыландыру көзі, құрылыстың
айрықша шарттары);
- базардың негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері;
- көлемдік-жоспарлық және құрылымдық шешімдерге қойылатын жалпы талаптар;
- технологиялық жабдықтауға қойылатын жалпы талаптар;
- инженерлік желілер мен жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар;
- халықтың аз бейінді топтарының тіршілік әрекетін қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар;
- абаттандыруға қойылатын талаптар;
- кешенді қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша (оның ішінде терроризмге қарсы
қорғау) және төтенше жағдайлардың алдын алу мен қорғау бойынша инженерлі-
техникалық шаралар жасауға қойылатын талаптар.
Тапсырыс беруші жобалау тапсырмасымен бірге жобалау ұйымына келесі бастапқы
құжаттар мен материалдарды береді:
- құрылыс инвестициясының негіздемесі немесе құрылыстық техникалық-
экономикалық негіздемесі, не болмаса басқа да жобалауға дейінгі құжат;
- атқарушы билік жергілікті органының нысанның орналасатын орнын алдын ала
келісілгендігі туралы шешімі;
- сәулет-жоспарлау тапсырмасы;
- құрылыс телімін бөлшекті бекітілген жоспарлау жобасының қолда бар
материалдары;
- құрылыс телімін топографиялық түсіру материалдары және инженерлі-
геологиялық, гидрогеологиялық зерттеу материалдары;
- қоллданыстағы және сақталатын құрылыс, жасыл желектер туралы материалдар;
- жер үсті және жер асты инженерлік құрылыстар мен коммуникациялар туралы
материалдар;
- сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларға жалғасудың техникалық
шарттары;
- қоршаған табиғи орта жағдайы, халықтың өмір сүру жайлылығы, тұрғын үй-
азаматтық бағыттағы нысандар құрылысының маңында және сол аймақта техногенді
нысандардың болуы және мүмкін болатын апаттық жағдайлардағы олардың әсері туралы
мағлұматтар;
- жоба жұмысын орындауға қажетті басқа да материалдар.
4.2.5 Құрылыстың жобалық құжаттамасын жасау барысында, қала құрылысы
жобаларында (елді мекендердің бас жоспарлары, бөлшекті жоспарлау жобалары, құрылыс
жобалары) қабылданған және бекітілген жалпы жоспарлы және көлемдік-кеңістіктік
шешімдер бөлшекті қарастырылады, жобаланатын нысанға қажетті параметрлер,
сипаттамалар, техникалық және технологиялық шешімдер нақтыланады.
Қоғамдық-іскерлік зоналарда қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылыстық
жоспарындағы градқұрылыс қызметтік зоналарының дамуы мен қондырғы параметрлері-
3
нің нарықтарда бар болуына негіз болады.
4.2.6 Базар аумағы, әдетте, қызметтік аймақтарға: сауда, қойма, шаруашылық
аймақатарына жіктеледі:
1) сауда аймағында сауда жасауға арналған алаңдар орналасады;
2) қойма аймағында тауарды сақтауға арналған ғимараттар орналасады;
3) шаруашылық аймақтарында әкімдік ғимараттары, қоқыс жинауға арналған
контейнерлері бар алаңдар, автокөлік тұрақтары, әжетханалар және т.б. орналасады.
4.3 Базар аумақтарын жоспарлау
қолдану ұсынылады
4.3.2 Базар алаңдары әдетте 1000 тұрғынға 24-40 ш.м. сауда алаңынан келетіндей
есептейді.
4.3.3 Базарлардың аумағын жоспарлағанда оның қызметтік ерекшелігін ескере
отырып, инженерлік және көліктік инфроқұрылымды құру негізінде, яғни қоршаған
ортаның және ҚР ҚНеЖ 3.01-101- әсері арқылы жүзеге асады.
Нарықтың шекарасы қалалық және ауылдық елді мекендердің құрылысын реттеуде
30 м қашықтықтан кем болмауы керек
4.3.4 Қоршалған базар аумақтарында екі немесе бірнеше шығу жолы болады. Базар
аумағындағы жалпы пайдалану жолдарымен қиылысатын өтетін және кіреберіс жолдар
қатты жабынмен және ені 3,5 м жобаланады.
4.3.5 Жеңіл автокөліктерді уақытша сақтауға арналған алаңдар базардың есепті
сыйымдылығынан 15% дейін қабылдануы керек.
4.3.6 Базар аумағынан өндірістік және азаматтық ғимараттар мен құрылыстарға
дейінгі өртке қарсы қашықтық:
- I және II отқа тұрақтылық дәрежесінде - 9 м;
- III отқа тұрақтылық дәрежесінде - 12 м;
- IIIа, IIIб, IV отқа тұрақтылық дәрежесінде - 15 м.
Ескертпе
- Ғимаратты отқа тұрақтылық дәрежесі бойынша жіктеуді нормативті құжаттар
талаптарына сәйкес қабылдау керек.
4.3.7 (Алынып тасталды - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық)
Топтағы ғимараттардың арасы нормаға сәйкестендірілмейді.
4.3.8 Ағаштардан жасалған ашық қоймалардан ғимараттар мен имараттарға және
аталған қоймалар мен басқа да қоймаларға дейінгі қашықтық: қойма сыйымдылығы
артық болғанда МҚН 2.02-02 бойынша қабылдау керек.
4.3.9 Ағаштан жасалған базарлар мен қоймалар аумағында қатарлардың барлық
ұзындығы бойымен өрт сөндіру машиналарының өту жолы қамтамасыз етілуі тиіс: бір жағынан
қатарлар ені тобы 18 м дейін болғанда және екі жағынан ені 18 м артық болғанда.
4.3.10 Ағаштан жасалған қатарлар тобы периметрі бойымен өрт сөндіру
машиналарының өтуі қамтамасыз етілуі керек. Өрт сөндіру машиналары өтетін жерден
4
ағаштан жасалған қатарлар негіздемесіне дейінгі ара қашықтық 8 м кем және 25 м артық
болмауы тиіс.
4.3.11 Өрт сөндіру машиналары өтуге арналған жолдар базардың темір жолдарымен
қиылысатын жерлерде өткелдер орналастыру қарастырылады.
4.3.12 Кесілген ағаш материалдарынан жасалған жабық қоймаларды базар периметрі
бойымен орналастырған дұрыс.
4.3.13 Жабық қоймалардан кесілген ағаш материалдардан жасалған қоймалар
қатарына дейінгі ара қашықтық:
I , II, IIIa отқа тұраұтылық дәрежесі
- 15 м;
III
-«-
-«-
- 20 м;
IIIб, IV, IVа, V
-«-
- 25 м.
4.3.14 Автобазарға негізгі кіреберіс қақпа алдына сыйымдылығы автокөліктердің
максимальді санының 10 пайызынан кем емес жинақтаушы алаң орнатуды қарастыру керек.
4.3.15 Автокөліктердің өзара және автокөліктер мен базар ғимараттары және
қоршаулардың ара қашықтығы 1-кесте бойынша қабылданады.
1-кесте - Автокөліктер және базар ғимараттары арасындағы ара қашықтық
Автокөліктер санаты
Ара қашықтығы белгіленетін автокөліктер мен
р/с
бойынша ара қашықтық, м
ғимараттар
I
II
1
Автокөліктер (бойлық жақтар аралығында); құрылысқа
0,5
0,6
параллель тұрған автокөлік
2
Автокөліктің алдыңғы бөлігі және автокөліктер
орналастырылған құрылыстар:
а) тік бұрышты
0,7
0,7
б) қисық бұрышты
0,5
0,5
3
Автокөліктің артқы бөлігі және автокөліктер
орналастырылған құрылыстар:
а) тік бұрышты
0,5
0,5
б) қисық бұрышты
0,4
0,4
4
Бірінің артынан бірі тұрған автокөліктер
0,4
0,5
Ескертпелер
1 Автокөліктерді орналастыруды жобалағанда жүргізушілердің кіріп шығуы үшін кабина есігінің
ашылу мүмкіндігін ескеру қажет.
2 Автобазарлардағы өту жолдары орағытатын жүріс жасайтын автокөліктердің (сақтау орнына
қойылатын немесе одан шығатын) базар ғимараттары мен құрылыстары құрылымына және сақтау
орнындағы автокөліктерге келесі жақындасу ауқымы ескеріледі:
а) орағытатын автокөлік сақталған жерден базар құрылысы немесе ғимараты құрылымына, көршілес
автокөліктерге дейін - автокөлік санаты I болғанда - 0,2 м;автокөлік санаты II болғанда -0,3 м;
б) орағытатын автокөлік сақталған жердің басқа бөлігімен өту жолы және көршілес тұрған
автокөліктер мен базар құрылыстар және ғимараттарына дейін -автокөлік санаты I болғанда 0,7 м; автокөлік
санаты II болғанда - 0,8 м;
в) аталмыш тармақ нормаларына сәйкес тарастырылған өту жолдары тұтас ені бойымен үнемі бос
болуы тиіс.
4.3.16 Автобазарға кіру және шығу қақпаларының санын автокөлік санына
байланысты қабылдау керек:
5
- 25 дейін - бір қақпа;
- 25 - 100 аралығында - екі қақпа;
- 100 артық - екі қақпа және келесі әрбір толық және толық емес 100 автокөлікке
қосымша бір қақпадан.
4.4 Базарлардың көлемдік-жоспарлы шешімдері
ұсынылады
4.4.2 Ашық базарлардың сауда аймақтары сауда бөлімдері бар (20 орынға) базар
аумағының қажеттілігін есептеуден шығады.
Ашық базарларда тауар сақтауға арналған қоймалар және қойма бөлмелері
орналастырылады.
4.4.3 Ашық базарлардағы қоймалар ашық және жабық болады. Ағаш
материалдардан жасалған қоймалардың аудандары жобалау нормаларына МҚН 2.02-02
сәйкес қабылданады.
4.4.4 Ашық қоймаларда тауарлар қат-қабат қойылып сақталады:
Ағаш материалдардан жасалған қаптамалы қатарлар ауданы 1200 м2, қатардағылар -
900 м2 дейін қабылдануы керек.
Қаптамалы қатарлар орамы тобының ауданы 2,5 га, қатардағылар - 2 га дейін
қабылданады.
Дөңгелек ағаш материалдардан жасалған қатарлар тобының ауданы 1,5 га , әр
қатардың ені - 70 м қабылданады.
4.4.5 Ашық базарлар жабық павильондар және дүңгіршектермен аралас болуы
мүмкін.
4.4.6 Жабық қоймалардағы кесілген ағаш дайындамаларынан жасалған қатарлар
тобы ауданын 180 м2 кем, қатарлар биіктігін қойма биіктігіне тәуелді 5,5 м дейін қабылдау
ұсынылады.
*4.4.7 Алаңы 35 м2 дейінгі киоскілерді, контейнерлерді және павильондарды нарық
аумағында орналастыруды топпен жүзеге асыруға болады. Бір топта отқа төзімділігі I, II,
III, IIIa немесе
10 - IIIb, IV, IVa және V дәрежелі 20-дан кем емес павильондар мен
киоскілерді орналастыруға рұқсат етіледі.
Киоскілер мен павильондар арасындағы арақашықтық топта нормаланбайды.
Топтарды 1 типтегі қалқандармен 10 контейнер бойынша бөліктерге бөлу керек
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
4.4.8 Жеке тұрған ғимараттар және павильондар мен дүңгіршектердің, арнайы
мамандандарылған жанғыш сұйықтықтар мен сығылған газ сатуға арналған павильондар
мен дүңгіршектердің ара қашықтығы (ауданына тәуелсіз) 2 кестеге сәйкес қабылданады.
6
2-кесте - Жеке тұрған ғимараттар мен топтар арасындағы ара қашықтық
Отқа тұрақтылық дәрежесіне байланысты
Топтағы павильондар мен дүңгіршектердің
топтар мен жеке тұрған ғимараттар
немесе жеке тұрған ғимараттар мен
арасындағы ара қашықтық (м)
құрылыстардың отқа тұрақтылық дәрежесі
I, II, III
IIIа
IIIб, IV, IVа және V
I, II, III
6
8
10
IIIа
8
10
12
IIIб, IV, IVа и V
10
12
15
Ескертпе - Топта отқа тұрақтылық дәрежесі әр түрлі павильондар мен дүңгіршектер болған
жағдайда топтардан көршілес ғимараттарға дейінгі ара қашықтық отқа тұрақтылық дәрежесі төмен
құрылыс бойынша қабылданады.
4.4.9 Қаптама материалдар мен заттарды сақтауға арналған ғимараттардың ауданы 5
м2 аспауы керек.
3 кесте - Өртке қарсы бөлімдер арасындағы қабаттар аудандары
Өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабаттың
Ғимараттың отқа
ең үлкен ауданы, м2
тұрақтылық
Қабаттар саны
3-5-
дәрежесі
1-қабатты
2-қабатты
қабатты
I-II
5
3500
3000
2500
III
2
2000
1000
-
IIIа, IIIб
1
1000
Ескертпе
- Отқа тұрақтылығы І және ІІ дәрежелі дүкендердің өртке қарсы қабырғалары
арасындағы ең үлкен аудан мәнін автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған жағдайда екі
есеге дейін арттыруға болады.
4.4.10 Жабық базарларды адамдар денсаулығын қорғау және санитарлық-гигиеналық
талаптарды сақтай отырып, пайдаланудың өрт және механикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін құрылымдық шешімдермен және көлемдік-жоспарлық шешімдермен
жасалған арнайы жоба бойынша 5 қабатқа дейін салуға болады.
Жабық базарлардың сауда алаңдарына сауда залдары алаңдары және қосымша
қызмет көрсету бөлмелері жатады.
Жабық базар ғимаратының отқа тұрақтылық дәрежесіне тәуелді өрт бөлімдерінің
аудандары 3 кесте бойынша қабылданады.
4.4.11 Қабаттардың биіктігі
3,3 м болуы тиіс. Негізделген жағдайда
(механикаландыру, жабдықтау, құрылымдар) сауда залының ауданы 400 м2 қабаттардың
биіктігін
3,6 м дейін, 1000 м2 жоғары 4,2 және 4,8 (жобалау ғимараттары бойынша)
арттыруға болады. Антресоль болған жағдайда екі жарықты сауда залдарының биіктігін
4,8 м артық алуға болады, ал жабық базарлардың сауда залдары үшін - залдың ішкі көлемі
табиғи желдетуді қарастыруға мүмкіндік берген жағдайда ауасы кондицияланатын сауда
7
залының биіктігін 4,2 м артық алуға болмайды.
4.4.12 Жабық базарлардың табиғи жарықтануы жоқ сауда залдары түтін бұруға
арналған құрылғылармен қамтамасыз етіледі. Ғимарат жабынындағы түтіндік есіктерінің
қиылысу ауданы есептеледі немесе ғимарат едені ауданының 0,2 % тең қабылданады.
4.4.13 Жанғыш тауарларды немесе жанғыш қаптамадағы жанбайтын тауарларды
сақтау камераларын (қоймалар) жабық базарлардың сыртқы қабырғаларына ауданы 250 м2
және одан артық сауда залынан
1-дәрежелі өртке қарсы қалқалармен бөліп
орналастырылады.
4.4.14 Қоймаларды ауданы 700 м2 аспайтын бөлімдерге бөліп, әр бөлімнің шегінде
торлы немесе төбеге жетпейтін қалқалармен бөлу керек. Бұл жағдайда түтінді жою бөлім
үшін тұтас қарастырылады.
Ауданы 50 м2 артық қоймаларда түтінді терезе ойықтары арқылы немесе арнайы
шахталар арқылы шығаруды қарастыру керек, мұндай қоймаларды жертөледе
орналастырғанда терезе өлшемі 1,2 де 0,9 м ойыстар қарастыру керек.
Ауданы 50 м2 дейін ұзындығы 25 м дәліздерге шығатын қоймалардан түтінді
шығару дәліз соңында орналасқан терезелер арқылы жүзеге асырылады.
4.4.15 Қызметкерлерге арналған кіреберістер мен баспалдақтар сатып алушыларға
арналған баспалдақтар мен кіреберістерден бөлек жасалады.
4.4.16 Жүк лифтілерінің саны мен жүк көтергіштігін есептеулер арқылы анықтайды
немесе жабдықтаудың қолданыстағы нормалары бойынша қабылдайды. Жертөледен екі
аялдамасы бар көтерілу биіктігі 5,2 м аспайтын шағын жүк лифтілеріне кіретін есік шлюз-
тамбур арқылы жасалуын қарастыруға болады.
4.4.17 Оңай тұтанатын тауарлар немесе жанғыш сұйықтықтар қоймаларын терезе
ойықтары бар сыртқы қабырғаларға орналастырып, 1-дәрежелі өртке қарсы қалқамен
немесе 3-типті жабындармен оқшауланады, шлюз-тамбур арқылы шығуды қарастырып
бөлу керек.
4.4.18 Қоймаларды сауда залдарынан бөлетін өртке қарсы қалқаның күйін, сауда
залының мүмкін болатын кеңейтілуін ескеріп анықтайды. Залды одан әрі кеңейтуге
арналған алаңға орналастырылған қаптамасы жоқ жанбайтын тауарлар қоймаларына,
сауда залынан бөлетін қалқалар қарастырмауға болады.
4.4.19 Жабық базарларда және базар павильондарында салқындататын камераларды
бір бүйірінен ені 1,3 м кем емес шлюз арқылы өтетіндей орнату қарастырылады.
Салқындатқыш камераларды бірегей блоктан тыс орналастырғанда сәйкес қойма
арқылы екі камерадан артық орнатуға рұқсат етілмейді. Шлюзді, есепті температурасы
плюс 2 °С және одан артық салқындатқыш камераға кіреберісте орнатпауға болады.
Төмен температуралы камераға
(немесе камера блогына) кіреберіс жеке шлюз
арқылы жасалады.
4.4.20 Салқындатқыш камераларды қазандықтардың, бойлер орнатылған жұмыс
бөлмесінің, душ немесе басқа да температурасы мен ылғалдылығы жоғары ғимараттармен
қатар немесе осы ғимартаттардың астына орналастыруға болмайды.
4.4.21 Салқындатқыш камералардың қоршау құрылымдарын жылу оқшаулауды
камераның есепті ішкі температурасына сәйкес жобалайды, алайда бұл минус 18 °С төмен
температуралы мұздатылған өнімдерді және балмұздақ сақтауға арналған және плюс 4 °С
8
температуралы камералар. Салқындатқыш камералардың қоршау құрылымдарында су
құбыры мен кәріздің құбыр жолдарын, желдету және электрлік шоғырсымдар қораптарын
орнатуға болмайды.
4.4.22 Салқындатқыш камералардың биіктігі 2,7 м кем және 3,5 м артық болмауы
керек. Биіктігі жоғары болғанда камера мен камералар арасындағы желдетілетін кеңістікті
және жоғары жатқан қабаттың өз алды жабындауға болады, ал оларды тұрғын үй
қабаттары астына орналастырғанда камера қалқалары желдетілетін кеңістігі бар
ғимараттың қабатаралық қалқаларынан бөлек болуы керек.
4.4.23 Салқындататын камералардың машина бөлімдерінде агрегаттары сауда
залымен қатар немесе оның астында орнатылатын сату сөрелерін орталықтанған
салқындату жүйесін қарастыру қажет. Әуе салқындату жүйесінде салқындатқыш
камералардың машина бөлімінің биіктігін 2,7 м кем және 3,5 м артық емес шамада
қабылдайды.
Тоңазытқыш агрегаттарды машина бөлімінде камерамен қатар немесе камера
жанында арнайы бөлінген дәлізден биіктігі 1,5 м кем емес (жарма есікті) металл тормен
бөлінген орында орнластыруға болады.
4.4.24 Ашық және жабық базарларда тауарларды түсіруге арналған платформалар
орнатылады.
Түсіру платформаларының деңгейі автокөліктерге арналған алаң деңгейінен 1,1 - 1,2
м жоғары орналасуы тиіс.
Жүк түсіру платформасы деңгейі мынадай қарастырылады:
- автокөліктерге арналған алаң деңгейінен 0,6-0,8 м биік - аз салмақты тауарларды
жеткізуге және жеңіл көліктерге пайдаланғанда;
- автокөліктерге арналған алаңмен бір деңгейде - жобалау тапсырмасында арту-түсіру
құралдары қарастырылғанда.
Тік бұрышты формалы платформаның минимальді тереңдігі 4,0 м, аратісті пішінді
платформаның тереңдігі ең тар жерінде 2,5 м болуы керек.
4.4.25 Жабық базарларда және павильондарда түсіру орындарының жалпы саны әр
сауда павильоны бойынша есепті шама қосындысы ретінде қабылданады. Олардың жалпы
санын 15 % дейін шамада азайтуға болады.
4.4.26 Жүк түсіру платформаларын ауданы
1500 м2 аспайтын азық-түлік
базарларында және ауданы 3000 м2 тағамдық емес базарларда жаппа астына (барлық
платформаны және 1,0 м машина қорабын жабатын) орналастыруға болады.
Сауда алаңы үлкен жабық базарларда жүк түсіру ғимараттарын
(жобалау
тапсырмасына сәйкес - жылытылатын немесе жылытылмайтын), оның ішінде арнайы
шаруашылық алаңдары немесе жер асты туннелдері арқылы түсіру орындарын қарастыру
керек. Қайта салынатын сауда алаңының ауданы 1500 м2 және 3000 м2 тағамдық емес
базарларда жер астынан тиеуді қарастыруға болады.
4.5 Эвакуациялық шығу жолдары
4.5.1 Сауда қатарлары арасындағы негізгі эвакуациялық жолдардың ені базар
ауданына тәуелді алынады және:
9
100 м2 - сауда алаңында - 1,4 м
100 - 150 м2 жоғары - 1,6 м;
150 - 400 м2 жоғары - 2,0 м
400 м2 жоғары - 2,5 м
Ескертпе - Турникеттер, контроллер -кассир кабинасы арасындағы және сауда залының сыртқы
жағынан есепті түйін бойымен негізгі эвакуациялық жолдар орналастыру қарастырылмайды.
4.5.2 Ашық базарларда сауда қатарлары екі жағынан орналасқан жағдайда
эвакуациялық жолдардың ені 2,5 м кем емес, сауда қатарлары бір жағынан орналасқанда
1,4 м болуы тиіс.
4.5.3 Қойма және басқа да саудалы емес ғимараттарға кіреберістер ғимарттардың
өндірістік тобы жағынан орналасуы керек.
4.5.4 Жабық базарлардың тауарды жылжыту және эвакуация жолдарының едені
жанбайтын материалдан жасалуы және табалдырықтары болмауы керек.
4.5.5 Эвакуациялық шығу жолдары ретінде автокөлік базарындағы қақпаларды
есікшелерінде табалдырық болмаған немесе табалдырық биіктігі 0,1 м артық болмағанда
және оларды орналастыру эвакуациялық жолдарға қойылатын талаптарға сай болған
жағдайда пайдаланылады.
4.6 Сумен қамту және суды бұру
4.6.1 Базарларда ҚНжЕ
4.01-101 сәйкес жобаланған ыстық және суық судың
шаруашылық-ауыз су құбырлары, тұрмыстық кәріз, өртке қарсы су құбыры қарастырылуы
керек.
4.6.2 Базарлардың сыртқы өрт сөндіруге су шығыны ҚР ҚН
4.01-03 сәйкес
анықталады.
Ашық нарықта судың шығыны өрт сөндіруде 20 л/сек қабылдауы қажет.
Сыртқы өрт сөндіруде жабулы нарықта судың шығыны 35л/сек кем болмауы тиіс.
4.6.3 Ағаштан жасалған материалдардың сыйымдылығы 10 000 тығыз м3 артық
ашық базарларында тұйықталмаған сақиналы су құбыры желісі бар жоғары қысымды
өртке қарсы су құбырын қарастыру керек.
Ағаштан жасалған материалдардың сыйымдылығы 10 000 тығыз м3 дейін ашық
базарында төмен қысымды өртке қарсы су құбырын қолдану қарастырылады.
4.6.4 Ағаштан жасалған матариалдардың ашық базарындағы бір мезгілдегі өрттің
есепті саны ретінде бір өртті қабылдау керек.
4.6.5 Ағаштан жасалған матариалдардың ашық базарындағы өртті сөндіру ұзақтығы
5 сағаттан артық қабылданады.
4.6.6 Ағаштан жасалған матариалдардың ашық базарында бір өртті сөндіруге
жұмсалатын су шығыны ағаш материалдары қоймасының сыйымдылығы 10 000 тығыз м3
дейін болғанда 45 л/с, одан жоғары сыйымдылықта МҚН 2.02-02 бойынша қабылданады.
4.6.7 Желінің су құбыры желісінде суық және ыстық су су есептегіші қондырғысын
қарастыру керек. Су өлшеу түйіндерін құбыр жолдарының ғимаратқа енетін жерлеріне
10
орнатқан дұрыс.
4.6.8 Азық-түліктік жабық базарда тоңазытқыш агрегеттар үшін, әдетте, әуе
салқындатқышы қарастырылады. Оны орнату мүмкін болмағанда кері сумен қамту
жүйесін орнату қажет болады. Кері сумен қамту жүйесінің су шығыны базар аумағындағы
су тұтынуды қадағалайтын сәйкес қызметтермен келісіледі.
4.6.9 Базарлардың сауда залдарында, жинауға арналған заттарды сақтайтын
ғимараттарда шұңғылша, басқыштар және суық және ыстық су шүмектерін қарастыру
керек. Азық-түлік тауарларын сатуға дайындауға арналған ғимараттарды да жуу
ванналарымен және шұңғылшамен жабдықталуы тиіс.
4.6.10 Тағам камерасындағы шлюзді шұңғылшамен және бактарды жууға арналған
жуғышпен жабдықтау керек.
*4.6.11 Өртке қарсы су құбырын ағаштан жасалған материалдар қатарының әр
нүктесіне кем дегенде лафетті тіреулерден жасалған шағын бұрандамен бекітілуі керек.
Өртті сөндіруге жұмсалатын су шығыны 150-180 л/с болған жағдайда өртке қарсы су
құбыры бір мезгілде үш тіреудің, 180 л/с артық болғанда - төрт лафетті тіреудің жұмысын
қамтамасыз етуі керек.
Жылу жүйесі жоқ жабық базарлар өрт сөндіру крандарымен, түтіктерімен,
оқпандармен жабдықталған өртке қарсы шкафтары бар құрғақ құбырлармен жабдықталуы
жүзеге асырылуы тиіс (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық).
4.6.12 Су құбыры желісіне өрт гидранттарын орналастыруды желіде қызмет
көрсетілетін әр қатардың, ғимараттың, ағаштан жасалған материалдар базары
құрылысында, өрт сөндіруді 100 м артық радиуста кем дегенде екі гидрант қамтамасыз
ететіндей қарастыру керек. Өрт гидранттарынан ағаштан жасалған материалдар
қатарының негізіне дейінгі қашықтық 8 м кем болмауы тиіс. Гидранттарға келу жолы
қамтамасыз етілуі керек.
4.7 Жылыту, желдету және ауа баптау
4.7.1 Жабық базарлардың, павильондардың және т.б. жылытуды, желдетуді және
жүзеге асырылады.
4.7.2 Жер беті және жер асты қабаттарында орналасқан, табиғи жарықтануы жоқ
жабық базар дәліздері мен павильондарында ауданына тәуелсіз сорып алу арқылы
желдету қарастырылуы керек.
4.7.3 Ауданы 400 м2 және одан артық сауда залдары және жүк түсіру ғимарттары үшін
сумен жылыту жүйесінің жеке тармақтарын қарастыру керек.
4.7.4 Жабық базарлардың сауда залдарын кезекші жылыту плюс 10 °С температураға
есептеледі.
4.7.5 Базарлардың ғимараттары мене павильондарында жылу тасымалдағыш
шығынын есептеуді қарастыру керек.
4.7.6 Жабық базар ғимаратына бірнеше павильондар орналастырған жағдайда
олардың әрқайсысы үшін сумен жылыту және желдету жүйесінің жеке тармақтарын және
11
жылу тасымалдағыштар шығынын дербес есептеуді қарастырады.
Ағынды желдетумен үйлестірілген ауамен жылыту құрылғысын және қосалқы
ғимараттарда орталық сумен жылытуды қарастыруға жол беріледі.
4.7.7 Қыс мезгілінде суық ауаның және жазғы қызып кету мезгілінде жылы ауаның
өтуін болдырмайтын базардың сауда залына кіреберістегі ауа-жылулық пердені жобалау:
- есік арқылы бір сағат ішінде 250 астам адам өткен жағдайда;
- кіреберісте немесе оған қарсы жұмыс орны орналасқан жағдайда бір сағат ішінде
есіктен кіретін адамдар санына тәуелсіз жүзеге асырылады.
4.7.8 Сауда алаңының ауданы 1500 м2 және одан артық азық-түліктік және сауда
алаңының ауданы 2500 м2 азықтық емес жабық базарларда жүк түсіру ғимараттарының
ауа-жылулық перделерін жобалау керек.
4.7.9 Ғимараттардағы есепті температура және ауа алмасу еселігі А қосымшаға
сәйкес қабылданады.
4.7.10 Азық-түліктік және азықтық емес жабық базарларда және сауда алаңының
ауданы 400 м2 кем павиьлондарда табиғи іске қосылатын желдетуді жобалауға болады.
4.7.11 Жабық базарлар мен павильондардың сауда залдары мен қызметтік
бөлмелерінің әйнектелген ойықтары батысқа және оңтүстік батысқа бағытталған жағдайда
терезеге немесе бөлмеге кондиционер орнатуға болады.
4.7.12 Қоймалардың сорып алу желдету жүйесін, қосалқы ғимараттардың жалпы
алмасатын механикалық желдету жүйесіне, қолданыстағы нормативті құжаттар
талаптарына сай, от ұстаушы қақпақтар орнатылған жағдайда біріктіруге болады.
4.8 Электрмен жабдықтау және электрлік құралдар
электрлік қамту тиімділігіне қойылатын талаптар негізінде жобаланады.
Электрлік қамту тиімділігін қамтамасыз етуге қатысты сауда павильондарының,
жәрмеңкелердің, базарлардың электрлік қабылдағыштарының санаттары:
бірінші санат
- өрт дабылдамасы құрылғысын қоректендіретін апаттық және
эвакуациялық жарықтандыру, өрт сорғыштарының электрлік қозғалтқыштары;
екінші санат
- сауда залының ауданы 250-2000 м2 аралығындағы базарлардың
электрлік қабылдағыштар кешені;
үшінші санат - басқа базарлардың электрлік қабылдағыш кешендері.
4.8.2 Ауданы
250-2000 м2 аралығындағы жабық базарлар және сауда
павильондарында әр түрлі қорек көздерінен екі түрі енгізу қарастыруға болады.
4.8.3 Ашық базарлар аумағында электр желілерін жер астынан тартуға рұқсат
етіледі.
4.8.4 Базарлардың электрлік желілеріне түсетін жүктемені есептеу қолданыстағы
нормативті құжаттар талаптарына сай жүргізіледі.
4.8.5 Базарлардың сауда кәсіпорындарында электр энергиясын қалалық желіден
қабылдау және оны тұтынушыларға тарату үшін бір жалпы енгізу-тарату құрылғысы
(ЕТҚ) немесе негізгі тарату қалқаны (НТҚ) қарастырылады.
ЕТҚ және НТҚ арнайы бөлінген есігі құлыпталатын (электрлік қалқанды) қорғаныс
12
дәрежесі IP00 ғимараттарда орналастырады.
ЕТҚ және НТҚ орналастырудың басқа да нұсқалары қарастырылады, бұл жағдайда
ЕТҚ қорғаныс дәрежесі IP30 болады; құрылғы мен қалқандар қызмет көрсетуге
қолжетімді орындарға орналастырылады.
4.8.6 Жобалау тапсырмасына сәйкес тарату пункттерін, қалқандар мен
қалқаншаларды сауда залдарына тікелей орнатуды жобалау қарастырылады. Бұл жағдайда
оларды құрылғылардың құлыпталып жабылатын төменгі бөлігіне орналастырады.
4.8.7 Электрлік қалқандарды ылғалды үдерістер жүргізілетін ғимараттардың астына
орналастыруға болмайды. Электрлік қалқандар электрлік жарықтандырылып, желдетілуі
тиіс, температурасы 5 °С төмен болмауы керек.
Ғимараттарды жылыту үшін пайдаланылатын электрлік қамту құралдары зауытта
дайындалған және термореттегіші мен термосөндіргіші болуы керек.
4.8.8 Электрлік жылытқыш құралдар және және жанғыш құрылымдардың ара
қашықтығы 0,25 м кем болмауы керек.
4.8.9 Электрлік жылыту желісінде пайдаланылатын жылытқыш құралдар жанбайтын
торлармен (экрандармен) қоршалып, жанбайтын негізге орнатылуы керек.
4.8.10 Сақтау камераларында (қоймаларда) электр энергиясын жылу энергиясына
тікелей түрлендіретін жылытқыш құралдар пайдалануға болмайды.
Аталмыш жылыту құралдарын тек қызмет көрсетушілерге арналған ғимараттарда
ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Бір жылыту құралының бірлік қуаты 2 кВт аспауы керек.
4.8.11 Электрлік қамту құралдарының қорегі басқа электрлік қабылдағыштардан,
ЕТҚ тәуелсіз болу керек.
4.8.12 Электр күшін тарату пункттері, қалқандар мен қалқаншалар оларға жалғанған
электрлік қабылдағыштар орналасқан қабаттарда орналасуы керек.
4.8.13 Электр күшін тарату желілерінде магистралдық сызба бойынша әр
ұқайсысының қуаты 3кВт болатын төрт және қуаты 5 кВт екі электрлік қабылдағыштан
артық жалғауға болмайды. Магистралдық сызба бойынша қоректендірілетін электрлік
қабылдағыштардың бірлік қуаты 25% артық ажыратылмауы керек. Сауда залында екіден
артық кассалық аппарат болған жағдайда олар екі желіден қоректенуі керек. Бір желіден
қорек алатын кассалық аппараттар саны шектелмейді.
4.8.14 Дүкендердің сауда залдарында қорғаныстық сөну құрылғысы (ҚСҚ) арқылы
қосылатын қорғаныштық перделері бар жинау машиналарын қосуға және электрлік және
радиотауарларды тексеруге арналған розеткалар орнатылады.
4.8.15 Ауданы 800 м2 артық сауда залдарында және жобалау тапсырмасы бойынша
жекелеген жағдайларда, жұмысшы жарықтандыруды басқару орталықтандырылған
қашықтықтан басқару түрінде жобаланады.
4.8.16 Барлық ашық базарлар мен сауда павильондарында желдету жүйесінің қорегін
өрт дабылдамасы құрылғысымен тосқауылдау немесе өрт дабылдамасы болмаған
жағдайда оларды қол жетімді жерден орталықтандырылған сөндіру қарастырылады.
4.8.17 Сақтау камераларында және сауда ғимараттарында штепсельді розеткалар
орнатуға болмайды.
13
5 БАЗАРЛАРДЫҢ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
5.1 Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бойынша негізгі талаптар ҚР ҚН 3.02-23
берілген.
5.2 Базарларды салуға және орналастыруға жер телімдерін бөлу, сонымен қатар,
құрылыстың жобалық құжаттамасын қарастыру мемлекеттік санитарлық-
эпидемиолгиялық қадағалаудың аумақтық органдары берген санитарлық-
эпидемиологиялық қорытынды болғанда ғана жүзеге асырылады.
5.3 Нысан аумағы қоршалады, абаттандырылады, көгалдандырылады және
тазалықта ұсталады. Аумақ күн сайын жиналып, адамдар мен көлік қозғалатын орындар
жылдың жылы мезгілінде суарылып, қыс мезгілінде қар мен мұздан тазартылады.
5.4 Жобалау кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың
(мүгедектердің) қол
жетімділігіне қажетті құрылғылар қарастырылады.
5.5 Базар ғимараттары, оның ішінде жабық базарлар мен павильондар жылумен
қамту, сумен қамту, су бұру, желдету және баптау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.
5.6 Кәрізденбеген аудандарда аула әжетханалары ғимараттан 25 м қашықтықта және
су өткізбейтін күрелген ормен орналастырылады. Күрелген шұңқырлар, септиктер
уақытында тазаланады және көлемінің үштен екі бөлігіне дейін толғанда
залалсыздандыырлады. Жергілікті тазарту қондырғылары өндірушінің техникалық
құжаттамасына сәйкес жабдықталады.
5.7 Ғимараттар мен баспалдақ алаңдарын желдету ашылатын есік және терезе
ойықтары арқылы жүзеге асырылады.
Табиғи жарықтану терезе ойықтары арқылы қамтамасыз етіледі. Жасанды
жарықтандырылатын жабық базарлардың сауда залдары мен павильондарында
шағылыстыру коэффициенті жоғары әрлеу материалдарын, тиімділі жоғары разрядты
шамдарды және автоматты басқару жүйелерін қолдану қарастырылады.
Жарықтандырғыш құралдар уақытымен шаң-тозаңнан тазартылып, күйіп кеткен
шамдар алмастырылады. Шамшырақтар қорғаныш қалпақтармен саңылаусыз жабылады.
5.8 Мұндай сауда залдарында ультра күлгін сәулелену және ауаны иондандыру
құралдарымен жабдықталған (зиянсыз спектрлік құрамын растайтын сертификаты бар)
сауықтыру шараларын жүргізуге арналған емдеу-сауықтыру орнын орналастыруды
қарастыру керек.
5.9 Ғимараттың сауда залына кіреберістегі еден белгісі кіреберіс алдындағы
жиекжол белгісінен 0,15 м биік болуы керек.
Дүкенге кіреберістегі еден белгісін жиекжолмен бір деңгейде немесе кіреберіс ойыс
беттік сулар мен жауын суынан қорғалған жағдайда белгіден төмен тереңдетуге болады.
Бұл жағдайда кіреберіс үстіне қалпақша орнату керек.
5.10 Нысанның барлық бөлмелерін ылғалды жинау күн сайын жуғыш және
тазартқыш құралдар қолдану арқылы жүргізіледі. Залалсыздандырғыш құралдар
қолданып негізгі жинауды жеті күнде бір рет жүргізу керек. Жинауға арналған заттар
таңбаланып, қызметтік тағайындалуы бойынша қолданылады, ғимараттың сөрелермен
және стеллаждармен жабдықталған жеке орнында (бөлмесінде) сақталады. Әжетханаға
арналған жинау бұйымдары басқа бұйымдардан бөлек сақталады.
14
5.11 Залалсыздандырғыш ерітінділер құрал атауы, ерітінді концентрациясы және
дайындалған күні жазылып таңбаланған ыдыстарда сақталады. Дайындалған
залалсыздандырғыш ерітінділер залалсыздандырғыш құралды пайдалану бойынша
нұсқауда берілген концентрацияға сәйкес болуы керек.
5.12 Дәрілеу және дератизация бойынша шараларды аталмыш қызмет түрімен
айналысуға лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлғалар жүргізеді. Дезинсекция және
дератизация жүргізген күні, қолданылған құралдың атауы және мөлшері нысандардың
есепті құжаттамасында тіркеледі.
5.13 Базар нысандарында қызметкерлердің демалуына және тамақтануына арналған
бөлмелер, жеке және арнайы киімдерді сақтауға арналған орындар, душ және әжетхана
қарастырылады.
5.14 Өндірістік және тұрмыстық бөлмелер қол жууға арналған қол жуғыштармен
жабдықталады.
5.15 Келушілерге арналған қоғамдық әжетханаларды:
- IH-IVH жіктеу тобында 600 м2 сауда алаңына бір санитарлық құрал есебінен,
алайда кем дегенде екі санитарлық құралдан;
- IП жіктеу тобында 400 м2 сауда алаңына бір санитарлық құрал есебінен, алайда екі
санитарлық құралдан кем емес шамада жобаланады.
5.16 Тағамдық емес базарларда қоғамдық әжетханаларды әрбір 600 м2 сауда алаңына
бір санитарлық құрал есебінен, азық-түліктік базарларда әрбір 400 м2 сауда алаңына бір
санитарлық құрал есебінен, алайда екі санитарлық құралдан кем емес жобалайды.
5.17 Қоғамдық әжетхана ғимаратына шлюз арқылы кіруді қарастыру керек. Бұл
жағдайда оны азық-түліктік тауарлар босатуға арналған сөрелермен араластырып
орналастыруға болмайды.
Келушілерге арналған қоғамдық әжетханалардың ауданы қосымша қызмет көрсету
ауданында есептеледі.
5.18 Жабық сауда базарларындағы келушілерге арналған қоғамдық әжетханаларды
сауда кәсіпорнының тұтас кешені үшін олардың қосынды сауда алаңы есебінен жобалау
қажет. Қоғамдық әжетханаларды әр қабат сайын орналастыруға болады.
5.19 Әжетханаларды жеке жобалау қажет.
Қоғамдық әжетханаларда қарастырылады:
- кабина ені - 0,8 м кем емес, тереңдігі - 1,2 м кем емес;
- арбадағы мүгедектер үшін ені - 1,65 м және тереңдігі - 1,8 м кем емес кабина;
- балдақтар мен басқа да құралдар пайдаланатын мүгедектер үшін бүйір бөлігінде
орналасқан тұтқалары бар бір кабина;
- мүгедектер үшін екі жағынан 0,4 м биіктікте тік тіреу тұтқалары бар кем дегенде
бір писсуар;
- еденнен 0,8 м биіктікте және бүйір қабырғадан 0,2 м қашықтықта тіреу тұтқалары
бар кем дегенде бір қолжуғыш.
5.20 Ғимаратқа кіреберісте қоқысқа арналған сауыттар орнатылады.
5.21 Сыйымдылығы
10 кубтық метрге дейінгі қоқыс жинақтағыштар санын
анықтағанда базар алаңының әр 200 шаршы метріне кем дегенде бір қоқыс жинақтағыш
есебінен қарастыру керек. Сауда қатарлары сызығы бойымен бір-бірінен
20 м
15
қашықтықта, 50 м 2 базар алаңына бір қоқыс сауыты есебінен сыйымдылығы 10-20 кубтық
дециметр қоқыс сауыттарын орналастырады.
5.22 Табиғи желдетуді ауданы
600 м2 жабық базарлардың сауда залдары мен
павильондарында немесе ғимарат көлемі сауда залы ауданына тәуелісз бір адамға кем
дегенде 20 м3 келетін болғанда қарастырады.
Басқа жағдайларда екі еселі ауа алмасуы бар, механикалық іске қосылатын шығару-
сорып алу желдетуін қарастырған дұрыс.
6 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
6.1 Жалпы ережелер
6.1.1 Базарлардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуідің базарларды жобалау және
саулда қолдануға міндетті жалпы талаптары ҚР ҚН 3.02-23 берілген. Өрт сөндіру
қауіпсіздігінде базарлар мен олардың мекемелерінде шараларды жобалауда
ҚР ҚН 2.02-01 ережелерін қолдану керек.
6.1.2 Әр нысанда өрт қауіпсіздігі талаптарына сай әрбір жарылыс және өрт қаупі бар
үлескілер үшін (шеберхана, цех) өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқау талаптарына
сәйкес нұсқаулар жасалады.
6.1.3 Базарларда аумақты және қабатта бір мезгілде
10 адамнан артық болған
жағдайда көрнекті орындарға өрт жағдайында адамдарды эвакуациялау жоспары
(сызбасы) ілінеді және адамдарға өрт туралы хабарлау жүйесі
(қондырғысы)
қарастырылады.
6.1.4 Ғимараттың, имараттың және өрт бөлімінің құрылымдық өрт қаупі класы
құрылыс құрылымдарының өрттің дамуына және оның қауіпті факторларының пайда
болуына байланысты анықталады.
Базарлар (өзара бір-бірімен қызметтік және өрт қауіптілігі бойынша және пайдалану
тәсіліне байланысты ғимараттар мен құрылыстар, павильондар, дүңгіршектер, өрт
бөлімдері және ғимарат бөлімдері) Ф3.1 класына (қоймалар - Ф5.2 класына) жатады.
6.1.5 Базарлардың
(ғимараттар, имараттар және павильондар, өрт бөлімі
дүңгіршектері) отқа тұрақтылық дәрежесі оның құрылыс бөліктерінің отқа тұрақтылық
дәрежесі бойынша анықталады.
Өрт таралуының алдын алу үшін ғимараттарға өртке қарсы кедергілер
орналастырылады.
6.1.6 Өртке қарсы кедергілер оттың және жану өнімдерінің ғимараттан немесе өрт
бөлімінен басқа ғимарттарға таралуының алдын алуға арналады және өрт-техникалық
жіктеуін техникалық регламенттің
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»
бөліміне сәйкес анықталатын өрт қаупі және отқа тұрақтылықпен сипатталады.
6.1.7 Өртке қарсы кедергілер К0 класына жатқызылады. Арнайы келісілген
жағдайларда К1 класының 2-4 типті өртке қарсы кедергілерін пайдалануға болады.
Өртке қарсы кедергінің өрт қаупі оның қоршаушы бөлігі мен басқа қоршау
құрылымдарымен тіркесу түйіндерінің өрт қаупімен анықталады.
6.1.8 Қабаттың ауданын (өртке қарсы қабырғалар арасындағы қабат ауданы) және
16
ғимарат биіктігін тұтас ғимараттың функционалдық өрт қаупі бойынша қабылдайды.
*6.1.9 (Алынып тасталды - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық)
6.1.10 Өрт бөлімдері арасындағы хабар беру:
- көлденеңінен - өртке қарсы есіктермен қорғалған ойықтар арқылы (жылжымалы
қалқа, қақпа, шымылдық);
- тігінен
- түтінденбейтін баспалдақ торлары және отқа тұрақтылық дәрежесі 1
сағаттан кем емес есіктері бар лифтітілк шахталар арқылы.
Өртке қарсы кедергі ойықтарына өртке қарсы қақпалар, есіктер, қақпақтар, терезелер
орнату қажет.
6.1.11 Құрылыс құрылымдары отқа тұрақтылығымен және өрт қаупімен
сипатталады. Отқа тұрақтылық көрсеткіші отқа тұрақтылық шегі болып табылады,
құрылымның өрт қаупі оның өрт қауіптілігі класын сипаттайды.
Бұл жағдайда терезелердің отқа тұрақтылық шегі тұтастығы бұзылған жағдайда ғана
белгіленеді.
6.1.12 Жанғыш сұйықтықтар мен газдар сатуға арналған павильондар мен
дүңгіршектер басқа осындай тауар сататын дүңгіршектермен бір топта жеке тұрады.
Әр дүңгіршекте нормативті құжаттар талаптарына сай алғашқы өрт сөндіру
құралдары орналастырылады.
6.2 Базар аумақтарын жасаудағы өртке қарсы шаралар
6.2.1 Базарлардың ғимараттармен, имараттар және ашық қоймалармен өртке қарсы
қашықтық шегіндегі аумақтары және тұрғын үйлер мен басқа да құрылыстарға жақын
үлескілері уақытымен жанғыш қалдықтардан, қоқыстан, ыдыстардан, түскен жапырақтар
мен құрғақ шөптерден тазартылады.
6.2.2 Базар аумағындағы қалдықтарды арнайы бөлінген алаңдарда контейнерлер мен
жәшіктерге жинап, одан соң шығару керек.
6.2.3 Базар аумағында өртке қарсы су көздерін, ғимараттарға кіреберістерді жылдам
табуға жеткілікті сыртқы жарықтандыру болуы керек.
6.2.4 Ғимаратқа, имараттарға, ашық қоймаларға және сыртқы өрт баспалдақтарына
және өрт сөндіру мақсатында пайдаланылатын су көздеріне келетін жолдар мен
кіреберістер жұмыс күйінде және өрт техникасының кедергісіз өтуі үшін бос болуы керек.
Жолдар немесе өтпелерді жөндеу үшін немесе басқа да себептермен өрт
машиналарының жолына кедергі келтіретіндей жабу туралы осы жұмыстарды жүзеге
асыратын ұйым мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөліміне дереу хабар беруі тиіс.
Жолдарды жабар алдында сәйкес орындарда айналып өту бағыттарын нұсқаушылар
орнатылады немесе жөнделетін бөліктер арқылы су көздеріне жету өтпелері жасалады.
*6.2.5 (Алынып тасталды - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық)
*6.2.6 (Алынып тасталды - ҚТҮКШІК 07.08.2018 ж. №175-НҚ бұйрық)
6.2.7 Қоймалар мен базалар ғимараттарында және сауда алаңдары мен залдарда,
сонымен қатар арнайы темекі шегуге бөлінген орындардан тыс жерлерде темекі шегуге
болмайды.
6.2.8 От жағуға, кей бір қалдықтар мен ыдыстарды ғимаратқа және жанғыш заттар
17
мен материалдарды ашық сақтау үшін арнайы бөлінген орындардан 50 м қашықтықта
және қызметкерлердің қадағалауымен жағуға рұқсат етіледі.
6.2.9 Базарішілік темір жолдар өтпелері өрт сөндіру автокөліктері өту үшін
босатылады және рельс беті биіктігі деңгейінде тұтас төсемелері болады. Локомативі жоқ
вагондардың өтпелерде тұруына рұқсат етілмейді. Жолдар арқылы кем дегенде 2 өтпе
болуы керек.
6.3 Ғимараттар, павильондар, бөлмелер мен дүңгіршектер жасау
6.3.1 Барлық өндірістік және қойма ғимараттары үшін жарылыс және өрт қауіптілігі
санатын, сонымен қатар, ғимарат есігінде сәйкес белгілермен белгіленетін электрлік
қондырғыларды орнатудың техникалық нормалары бойынша аймақтар класын анықтау
қажет.
Өрт қауіптілігі жоғары жабдықтардың қасына стандартты қауіпсіздік белгілері ілінеді.
Өндіріс үдерісінде өрт және жарылыс қаупі көрсеткіштері бойынша зерттелмеген
және сертификаттары жоқ материалдарды пайдалануға және оларды басқа материалдар
мен заттармен бірге сақтауға болмайды.
6.3.2 Құрылыс бөліктерінің оттан қорғау жабындарының (сылақтар, арнайы бояулар,
лактар және жақпалар), жанғыш әрлеу және жылу оқшаулау материалдарының, металл
емес материалдардың бұзылуы бірден қалпына келтіріледі.
Нормативті талаптарға сәйкес өңделген (сіңірілген) ағаш құрылымдар және маталар
өңдеудің жарамдылық мерзімі өткеннен кейін тексеріледі және отқа тұрақтылық
қасиеттері жоғалған жағдайда қайта өңделеді (сіңіріледі).
Оттан қорғаныштық өңдеудің (сіңірідің) күйі жылына екі рет тексерілуі керек.
6.3.3 Ғимараты қайта жоспарлағанда, қызметтік тағайындалуын өзгерткенде немесе
жаңа технологиялық жабдық орнатқанда құрылыс және технологиялық жобалаудың
қолданыстағы нормаларының өртке қарсы талаптары сақталуыс керек.
6.3.4 Сіріңке, иіссу, әтір, аэрозольді қаптамаларды басқа да өрт тұрғысынан қауіпті
тауарларды басқа тауарлардан бөлек арнайы жабдықталған ғимараттарда сақтайды.
6.3.5 Сұранысы жоғары тауарды сатқанда басшы (кәсіпкер) сатып алушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қолдануға тиіс (адамдардың
сауда залында қол жетімділігін шектеу, қосымша кезекшілер шығару және т.б.).
6.3.6 Ғимараттар мен құрылыстарға орнатылатын дүңгіршектер
(нормативті
құжаттарға қарсы келмеген жағдайда) жанбайтын материалдардан жасалады.
6.3.7 Жұмыс уақытында тауарларды тиеу және түсіру сатып алушылардың
эвакуациялық жолдарынмен байланысты емес жолдар арқылы жүзеге асырылады.
6.3.8 Керосин t т < 61оС және басқа да ОТС және ЖС жанбайтын материалдан
жасалған жеке тұрған ғимараттарда сақталады. Бұл ғимараттарда апат жағдайында
сұйықтықтың ағуын болдармау үшін еден деңгейі жанасқан жоспарлы белгіден төмен
орналасады. Бұл ғимараттарда пешпен жылыту қарастырылмайды.
6.3.9 Сауда залдарын керосин t т < 61оС және басқа да ОТС және ЖС бар ыдыстар
орнатылған қоймалардан өртке қарсы қалқалармен бөледі. Ыдыстардың (сұйыққойма,
бөшке) көлемі 5 м3 артық болуы керек.
18
6.3.10 Керосин t т < 61оС және басқа да ОТС және ЖС босатуға арналған сөрелерді
соққы кезінде ұшқын түзбейтін металл бетпен қапталуы керек.
6.3.11 Керосин t т < 61оС және басқа да ОТС және ЖС сатылатын ғимараттарда
қаптама материалдар сақтауға (жаңқа, қағаз, сабан) болмайды.
6.3.12 Керосиннен және басқа да ОТС және ЖС босаған ыдыстар тек арнайы
қоршалған алаңдарда ғана сақталады.
6.3.13 Оқ-дәрілерді
(ұнтақ, капсула, оқталған оқтар) және пиротехникалық
бұйымдарды сатуды тек арнайы мамандандырылған жеке тұрған ғимараттарда жүзеге
асырады. Бұл дүкендерді жылыту орталықтандырылған болуы керек.
6.3.14 Барлық базарлар жұмыс күйіндегі алғашқы өрт сөндіру құралдарымен
қамтамасыз етіледі. Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу нормалары В
қосымшада берілген.
6.3.15 Өртке қарсы қондырғылар мен жүйелерді
(түтінге қарсы қорғаныс, өрт
автоматикасы құралдары, өртке қарсы сумен қамту жүйесі, өртке қарсы есіктер мен
қақпақтар және өртке қарсы қабырғалардағы қондырғылар) үнемі іске жарамды жұмыс
күйінде ұсталуы керек.
6.3.16 Бір эвакуациялық шығу жолы бар ғимараттарда бір мезгілде 50 адамнан артық
болуға болмайды.
Отқа тұрақтылық бойынша IV және V дәрежелі ғимараттарда 50 адамнан артық адам
тек бірінші қабатта ғана болуға рұқсат етіледі.
6.3.17 Пайдаланылған сүртетін материалдарды жанбайтын материалдан жасалған
және қақпағы жабылатын контейнерде жинайды. Пайдаланылған материалдарды жинау
мерзімі олардың жұмыс орындарында жинақталуын болдырмайтындай болуы тиіс.
Жұмыс ауысымы аяқталғанда аталған контейнерлерді ғимарат шегінен тыс жерлерде
босату керек.
6.4 Электрлік желілер мен электрлік құрылғыларды пайдалану
6.4.1 Электрлік желілерді, электрлік қондырғылар мен электрлік-техникалық
қондырғыларды жобалау, құрастыру және пайдалану және олардың техникалық жағдайын
қадағалауды электрлік құрылғыларды техникалық пайдалану ережелері мен нормаларына
сәйкес жүзеге асыру қажет.
6.4.2 Электрлік қозғалтқыштар, электр шамдары, басқару аппараты, іске қосуды
реттеуші, бақылау-өлшеу және қорғаныштық аппаратуралар, қосымша жабдықтар, электр
сымдары мен шоғырсым желілерінің Электрлік құрылғылардың техникалық нормаларына
сай (ЭҚТН) класқа сәйкес қорғаныс дәрежесі болуы керек.
6.4.3 Барлық электрлік құрылғылар қысқа тұйықталу тогынан және басқа да өрт
тудыруы мүмкін қалыпты емес режимдерден қорғау аппараттарымен қорғалуы тиіс.
Сақтандырғыштардың балқығыш ендірмелері таңбасында ендірменің бірлік тогына
калибрленуі керек (таңба шығарған зауытта немесе электрлік техникалық зертханада
қойылады).
6.4.4 Барлық ток жүретін жолдар, тарақыш құрылғылар мен аппараттар және
өлшеуіш құралдар, сонымен қатар, сақтандырғыш құрылғылар, ажыратқыштар, барлық
19
іске қосу апппараттары мен жабдықтары тек жанбайтын негізде ғана құрастырылуы керек
(мәрмәр, текстолит, гетинакс).
6.4.5 Сымдар мен шоғырсымдардың ұштауды және тармақтауды, жалғауды өртке
қатысты қауіпті болдырмау үшін тығыздау, дәнекерлеу және пісіру жолымен немесе
арнайы қысқыштар көмегімен жүзеге асыру керек.
6.4.6 Уақытша электрлік желілерді орнатуға және пайдалануға болмайды. Құрылыс және
уақытша жөндеу-құрастыру жұмыстары жүргізілетін орындарды қоректендіретін уақытша
иллюминациялық қондырғылар мен электр сымдарын пайдалануға рұқсат етіледі.
6.4.7Ауыспалы шамдар қорғаныштық шыны қалпақтармен және торлармен
жабдықталуы тиіс. Осындай шамдар және басқа да тасымалы электр аппараттары үшін
иілгіш шоғырсымдар және арнайы осы мақсатқа арналған механикалық әсер мүмкіндігін
ескеруп, мыс тарамдары бар сымдар пайдалану керек.
6.4.8 Жұмыс уақыты аяқталған кезде кезекші қызметкерлер болмайтын ғимараттарда
электрлік құрылғылар мен тұрмыстық электрлік құралдар, кезекші жарықтандырудан, өрт
сөндіру және өртке қарсы сумен қамту, күзет-өрт дабылдамасынан басқасы
токсыздандырылуы керек. Басқа электрлік қондырғылар мен электрлік-техникалық
бұйымдар (оның ішінде тұрғын үй ғимараттарында) пайдалану жөніндегі нұсқаулығында
және қызметтік тағайындалуында қарастырылған жағдайда кернеуде қала беруіне болады.
6.4.9 Ауа электр беру желілерін
(оның ішінде уақытша және шоғырсыммен
тартылған)жанатын шатырлар мен перделер және жанғыш заттар, материалдар мен
бұйымдардың ашық қоймалары үстінен (қатарлар және маялар) тартуға болмайды.
6.4.10 Жарықтандырғыш электр желісін шамдар ғимарат құрылымымен және
жанғыш заттармен жанаспайтындай етіп құрастыру керек.
6.4.11 Электрлік қозғалтқыштар, шамдар, сымдар және таратқыш құрылғылар айына
екі рет жанғыш шаңнан тазартылуы керек, ал шаңдану дәрежесі жоғары ғимараттарда
айына төрт рет тазартылады.
6.4.12 Электрлік қондырғыларды пайдалану барысында мыналарға жол берілмейді:
1) шығарушы ұйым нұсқаулары талаптарына сай келмейтін жағдайларда электр
энергиясын қабылдағыштарды пайдалануға немесе ақаулары бар қабылдағыштарды,
қорғаныштық оқшаулау қабаттары жойылған немесе зақымдалған электр сымдарын
қолдануға;
2) істен шыққан розеткалар, ажыратқыштар және басқа да электрлік құрылғыларды
пайдалануға;
3) өрт қаупін болдырмайтын жылулық қорғанышы, жанбайтын жылу оқшаулау
материалынан жасалған тұрғысы жоқ электрлік жылыту құрылғыларын пайдалануға,
термореттеушілері болмаған немесе істен шыққан жағдайда электрлік жылытқыш
құралдарды қалдануға;
4) өрт және жарылыс қаупі бар ғимараттарда электрлік жылытқыш құралдарды
пайдалануға;
5) стандартты емес (қолдан жасалған) электрлік жылытқыш құрылғыларды, қолдан
жасалған жүктемеден және қысқа тұйықталудан қорғау құралдарын пайдалануға;
6) электрлік қалқандар, электрлік қозғалтқыштар және іске қосу аппаратурасы
маңына жанғыш (оның ішінде оңай тұтанатын) заттар мен материалдар орналастыруға
20
(қоймалау);
7) тасымалдық электр сымдары мен шоғырсым желілерін қойма ғимараттары және
электрлік құрылғылардың техникалық нормалары (ЭҚТН) бұзылған өрт және жарылыс
қаупі бар аймақтар арқылы тартуға.
6.5 Жылыту және желдету жүйелерін жасау
6.5.1 Жылыту маусымы басталғанға дейін пештер, қазандықтар, жылу
генерациялайтын және калориферлі, басқа да жылыту құралдары мен жүйелері тексеріліп,
жөндеуден өткізілуі керек. Істен шыққан пештер мен басқа да жылыту құралдары
пайдалануға жіберілмейді.
6.5.2 Базарлардың қазандықтар мен басқа да жылу өндіретін құрылғыларын
пайдалану барысында мыналарға жол берілмейді:
1) жұмысқа арнайы оқымаған және сәйкес маманданған куәлік алмаған тұлғаларды
тартуға;
2) автоматтандырылмаған қазандықтар қазандарында қызмет көрсететін тұлғаларға
ауысым уақытында жұмыс күйіндегі қазандықты қараусыз қалдыруға;
3) қазандық немесе жылу генерациялау ғимараттарында 1 м3 артық ОТС немесе 5 м3
артық ЖС сақтауға;
4) өрт жағдайында отынды апаттық ыдысқа құюға (қауіпсіз орынға) арналған
құрылғысы жоқ шығындық бак пайдалануға;
5) отын ретінде мұнай өнімдерінің қалдықтарын және басқа да жабдықты
пайдаланудың техникалық шарттарында қарастырылмаған ОТС мен ЖС қолдануға;
6) отын беру жүйесінен отынның ағуы (газ шығуы) байқалған жағдайда жылу
өндіруші құрылғыларды пайдалануға;
7) отынды өшкен бүріккілермен немесе газ жанарғыларымен беруге;
8) алдын ала үрлеп тазартпай тұрып құрылғыларды тұтатуға;
9) шығарушы-кәсіпорын қарастырған бақылау және реттеу құралдары сөніп
тұрғанда немесе істен шыққанда жұмыс істеуге.
6.5.3 Отынды (өздігінен жанатын көмір немесе шымтезек) арнайы дайындалған
ғимараттарда немесе жанғыш құрылымнан 8 м қашықтықта орналасқан арнайы бөлінген
алаңдарда сақталады.
6.5.4 Ауақұбырларындағы от ұстаушы қондырғылар (қақпақ, жапқыш, шибер және
т.б.),автоматты өрт дабылдамасы немесе өрт сөндіру құрылғылары бар желдету жүйесін
тосқауылдау құрылғысы, өрт кезінде желдетуді автоматты сөндіру қондырғысы
белгіленген мерзімде тексеріліп, жұмыс күйінде ұсталуы керек.
6.5.5 Ауа жылыту, желдету және баптау жүйелерін пайдалану барысында мыналарға
тыйым салынады:
- желдету камерасының есігін ашық қалдыруға;
- сору арналарын, кертіктері мен торларын жабуға;
- ауа жолдарына газдық жылытқыш құралдарды жалғауға;
- ауа жолдарында жинақталған майлы қалдықтарды, шаң және басқа да жанғыш
заттарды жағуға.
21
6.5.6 Желдету камералары, сүзгіштер, циклондар мен ауа жолдары жанғыш шаң мен
өндіріс қалдықтарынан базар басшылығы бұйрығымен анықталған мерзімде тазалау
қажет.
6.5.7 Технологиялық құрылғылармен өрт және жарылыс қаупі бар өндіріс
ғимаратында, гидро сүзгіштер, құрғақ сүзгіштер шаң аулағыштар және басқа да желдету
(аспирация) жүйелері істен шыққанда жұмыс жасауға болмайды.
6.5.8 Желдеткішке қатты денелердің, шаң, талшық немесе басқа да қатты қоспалары
бар қалдықтардың желдеткішке түсуін болдырмау үшін тасаулағыштар, ал металл
заттарды шығару үшін - магнитті сепараторлар пайдаланылады.
6.5.9 Пневматикалық көлік құбыр жолдарында және жергілікті құламалар жүйесінің
ауа жолдарында маусымды тексеру, жүйені тазалау және өрт туындаған жағдайда сөндіру
үшін тығыз жабылатын есіктер қарастылылады.
6.5.10 Тексеру есіктері бір-бірінен 15 м қашықтықта және бұрылыстарда, құбыр
жолдары қабырғалар мен жабындар арқылы өтетін жерлерде орналасуы керек.
6.5.11 Ауаны тазалауға, агрегаттар мен машиналардың шаңданған құрылғыларын
жоюға арналған сүзгіштер оқшауланған ғимараттарда орналасуы керек.
6.5.12 Рециркуляция кезінде құрылғыдан жойылатын шаңды ауа сүзгіштер
көмегімен екі сатылы тазалауға жіберіледі.
6.6 Өртке қарсы су құбыры жүйесін пайдалану
6.6.1 Базардың өртке қарсы су құбыры желісі жұмыс күйінде болуы керек және өрт
сөндіруге қажетті су шығынын қамтамасыз етуі керек. Олардың жұмысқа жарамдылығын
тексеру жылына екі рет (күзде және көктемде) жүзеге асырылады. Өрт гидранттары
жұмыс күйінде, қысқы уақытта жылытылып, қар мен мұздан тазартылуы керек.
Су құбырлары мен гидранттар үлескілері сөндірілгенде немесе желідегі қысым
азайғанда бұл туралы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөліміне хабар беру керек.
6.6.2 Гидранттар мен су қоймаларында (су көздерінде) оларға қозғалыс бағытында
сәйкес нұсқаушылар (көлемді жарықтандыруы бар немесе тегіс жарық шағылыстырушы
жабынмен жасалған) орналастырылады. Оларда су көзіне дейінгі қашықтықты дәл
көрсететін сандар жазылуы керек. Түнгі уақытта өрт гидранттары мен су қоймалар
нұсқаушылары жанып тұруы керек.
6.6.3 Ішкі өртке қарсы су құбырының өрт шүмектері 1,35 м биіктікте орнатылып,
түтіктермен және өзектермен жабдықталып, өрт шкафында орналасуы керек. Шкаф есігінде
«ПК» сандық индекс және жақын өрт сөндіру бөлімінің реттік және телефон номері жазылуы
керек. Шкаф есігінің сыртқы безендірілуінде қызыл түс болуы және стандарт талаптарына сай
болуы тиіс. Өрт түтігі шүмек пен өзекке жалғануы керек. Алты айда бір рет «ПК» тексеру
жүргізіп, судың берілуін тармақтың дұрыс оралуын қадағалау керек.
6.6.4 Барлық ток жүретін жолдар, тарақыш құрылғылар мен аппараттар және
өлшеуіш құралдар, сонымен қатар, сақтандырғыш құрылғылар, ажыратқыштар, барлық
іске қосу апппараттары мен жабдықтары тек жанбайтын негізде ғана құрастырылуы керек
(мәрмәр, текстолит, гетинакс).
6.6.5 Су өлшеу құрылғыларының айналма желілерінде орнатылған электржетегі бар
22
ілмектер жылына екі рет, өрт сорғыштары ай сайын жұмыс қабілеттілігіне тексеріліп
тұруы керек. Аталған жабдықтар жұмыс күйінде болуы тиіс.
6.6.6 Базарларға жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздері
болған жағдайда, оларға өрт автокөліктерін қою және және жылдың кез келген мезгілінде
су алу үшін 12х12 өлшемді қатты төсемемен жабылған жолдар мен алаңдар жасалуы
керек. Жасанды су қоймаларды, су көздері мен су алу құрылғыларына келетін жолдарды
үнемі дайын күйде ұстау базар әкімдігіне тапсырылады.
6.7 Өртке қарсы техника мен жабдықтарды, алғашқы өрт сөндіру құралдарын
пайдалану
6.7.1 Өрт автокөліктерін өрт деполарында немесе арнайы осы мақсатқа арналған
жылытылатын, электрмен қамтылатын, телефон байланысы мен едендерінің қатты
жабыны, жылытылған қақпасы және басқа да өртке қарсы қызметтің жеке құрамының
қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге арналған жабдықтары мен құрылғылары бар
бокстарда ұстайды.
Өрт автокөліктерінен өрт-техникалық құрылғыларын шешуге, өрт техникасын басқа
мақсаттарға пайдалануға болмайды.
6.7.2 Өрт автокөліктері, мотопомпдар, өрт сөндіруге арнайы бейімделген және қайта
жабдықталған техника өрт-техникалық құралдармен жинақталып, отыны және өрт сөндіру
құралы құйылып, жұмыс күйінде болуы керек.Өрт сөндіруге арналған техниканы шақыру
тәртібі жүру кестесіне және өрт сөндіру күші мен құралын тарту тәртібіне байланысты
анықталады.
6.7.3 Әр өрт мотопомпы, өрт сөндіру үшін жабдықталған техникаларға арнайы
дайындықтан өткен моторшы (жүргізуші) бекітіледі. Ұйымдарда өрт мотопомптарын өрт
сөндіру орындарына жеткізу тәртібін қарастыру керек.
6.7.4 Өндірістік кәсіпорындар аумағында және өндірістік ғимараттарда алғашқы өрт
сөндіру құралдарын орналастыру үшін арнайы өрт қалқандары орнатылады.
6.7.5 Өрт сөндіргіштерді орналастыру, қолдану және қызмет көрсету тәртібі
өндіруші-кәсіпорын нұсқауларына, қолданыстағы нормативті-техникалық құжаттарға
және келесі талаптарға сәйкес болады:
1) өрт сөндіргіштерді қорғалаттың ғимарататтардың қуыстарынан басқа адамдарды
эвакуациялау жолдарына орналастыруға болмайды;
2) өрт сөндіргіштер еден деңгейінен өрт сөндіргіштің төменгі бетіне дейін 1,5 м
биіктікте және ашылған күйдегі есік шетінен 1,2 м қашықтықта орналасуы керек;
3) өрт сөндіргіштерді орналастыруға арналған шкафтың құрылымы мен сыртқы түрі
оларда сақталып тұрған өрт сөндіргіш екендігін визуалды анықтауға болатындай болуы керек;
4) өрт сөндіргіш қорабындағы нұсқау жазуы көрінетіндей орнатылады.
6.7.6 Өрт сөндіру құралдары мен бұйымдарын мемлекеттік стандарттарға сәйкес
түстерге бояу қажет.
23
6.8 Өрт дабылдамасы, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы хабар беру
6.8.1 Өрт сөндіру және өрт дабылдамасы автоматты құрылғыларын, түтінге қарсы
қорғаныс жүйесінің, адамдарға өрт туралы хабар беру жүйесінің жоспарлы-алдын ала
жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша регламенттік жұмыстарды өндіруші-
зуаттың техникалық құжаттамасын ескере отырып құрастырылатын жылдық жоспар-
кестеге және жөндеу жұмыстарын жүргізу мерзіміне сәйкес жүзеге асырады. Техникалық
қызмет көрсету және жоспарлы-алдын ала жөндеуді арнайы мамандандырылған ұйымның
арнайы оқытылған қызметкерлері жүргізеді.
6.8.2 Құрылғының сөніп қалуымен (жеке желінің, хабарлағыштардың) байланысты
техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде базар әкімдігі
басшысы ғимараттарды, құрылыстарды, бөлмелер мен технологиялық жабдықтарды
өрттен қорғау бойынша қажетті шаралар қарастырады.
6.8.3 Әжетхана, душ, жуу бөлмелерінде, салқындату камераларында, етті, балықты,
жемістер мен көкөністерді
(жанбайтын қаптамада), металл ыдыстарды, жанбайтын
құрылыс материалдарын сатуға дайындау бөлмелерінде автоматты өрт дабылдамасын
орнатпауға болады.
Автоматты өрт сөндіру қондырғылары мыналарда жабдықталуы тиіс:
екіқабатты ғимараттар нарықтар сауда аумағында 3500 шаршы метрден;
базар ғимаратында үш қабаттан жоғары аудандар - сауда ауданына тәуелсіз болады;
бір қабатты нарықтар жалпы сауда ауданы 3500 шаршы мертден жоғары болуы тиіс.
6.8.4 Диспетчерлік пункт бөлмесінде (өрт бекеті) өрт туралы және өрт автоматикасы
құрылғыларының (жүйелерінің) істен шыққандығы туралы хабар алған кездегі кезекші
қызметкерлердің іс-әрекет тәртібі ілінеді. Диспетчерлік пункт
(өрт бекеті) телефон
байланысымен және жұмыс күйіндегі электр шамдарымен
(3 данадан кем емес)
жабдықталуы керек.
6.8.5 Өрт автоматикасы құрылғыларын жұмыс күйінде және жобалық құжаттамаға
сәйкес толық дайын күйде ұстау керек.
6.8.6 Автоматты өрт сөндіру құралдары бар болған жағдайда бұл жүйелерге ішкі өрт
шүмектері жүйесінің жалғануын қадағалау керек.
6.8.7 Өрт сөндіру бекеті орап байлау сызбасымен және өрт кезінде құрылғыны
басқару тәртібімен қамтамасыз етілуі керек.
6.8.8 Әрбір басқару түйінінде қорғалатын ғимараттар атауы, қондырғы
секциясындағы суландырғыштардың саны мен типі көрсетілген тақташа ілінеді.
Шүмектер мен ілмектерді орап байлау сызбасына сәйкес номерлау қажет.
6.8.9 Өрт сөндіру құрылғыларының баллондары мен ыдыстары, массасы мен
қысымы есепті шамадан 10 % төмен өрт сөндіру құралы толық қуаттандыруға немесе
қайта қуаттандыруға жатады.
6.8.10 Хабар беру жүйелерін пайдалану тәртібі оларды пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтар бойынша эвакуация жоспарында анықталады, мұнда жүйелерді іске қосуға
құқығы бар тұлғалар көрсетіледі.
6.8.11 Хабар бергіштер (дауыс зорайытқыш) дауыс реттегішсіз болады және желіге
ажыратқыш құрылғыларсыз жалғанады.
24
Мәтіндерді беруде және эвакуацияны басқаруда тиімділікті қамтамасыз ету үшін
ішкі радиотасымалдағыш желіні немесе объектіде бар басқа да тарату желілерін
пайдалануға болады.
6.8.12 Дүңгіршектер мен сауда контейнерлерін дыбыстық белгісі құрылыс қасбетіне
немесе тікелей қорғалатын ғимаратқа (дербес өрт хабар бергіштері) шығатын автоматты
өрт дабылдамасымен жабдықтау қажет.
6.9 Ғимараттар мен құрылыстардан адамдарды эвакуациялау
6.9.1 Жабық базарлардың отқа тұрақтылығы І және ІІ дәрежелі ғимараттарында және
павильондардың сауда залдарында бірінші қабаттан екінші қабатқа дейін немесе жер асты
қабатынан тірінші қабатқа дейін ашық негізгі баспалдақтар
(немесе пандустар)
қарастырылады. Бұл баспалдақтар немесе пандустарды сәйкес сауда залындағы сатып
алушылар санының жартысын эвакуациялау жолы ретінде есептейді, ал қалған сатып
алушыларды эвакуациялау үшін кем дегенде екі жабық баспалдақ торы қарастырылады.
Ашық баспалдақ ұзындығын еденнің ең алыс нүктесінен сыртқа эвакуациялық
шығуға дейін есептейді, алайда оның ауданынегізгі эвакуациялық жолдар ауданы
құрамында есептеледі.
6.3.2 Эвакуация жолдарын есептеу үшін базар аумағындағы және ғимараттағы бір
мезгілде болатын адамдар санын бір адамға 1,6 м2 сауда алаңы есебінен қабылдау керек.
6.3.3 Эвакуациялық шығу жолдарын есептегенде сауда залының тік өтпесімен
(дәлізбен) байланысты қызметтік баспалдақ торларын және ғимараттан шығатын есіктерді
де ескеру қажет.
6.3.4 Сауда ғимараттарынан тыс аймақтарда бірінші және жертөлелік қабаттар арас
ындағы технологиялық байланысқа арналған, эвакуация есептерінде ескерілмейтін
баспалдақ торларын қарастыруға болады.
6.3.5 Төрт немесе одан артық қабаттарда орналасқан сауда залдары үшін
эскалаторлар қарастырылуы керек. Әр қабаттағы сауда залының ауданы 1000 м2 болғанда
эскалаторлар жолаушы лифтілерімен алмастырылады.
Эвакуация жолдарын есептегенде лифтілер мен эскалаторлар ескерілмейді.
6.3.6 Базар ғимараттарынан эвакуация жолдарын еспетегенде қызметтік баспалдақ
торларын және сауда залымен немесе шығу жолымен тікелей байланысты шығу жолдарын
есептеуге болады.
6.10 Өрт кезіндегі іс-әрекет тәртібі
6.10.1 Әр азамат өрт немесе жану белгілерін (түтіндеу, күйік иісі, температураның
жоғарылауы және т.б.) байқағанда:
- бұл туралы тез арада телефон арқылы мемлекеттік өртке қарсы қызметке
хабарлауға ( бұл жағдайда нысан атауын, өрт пайда болған жерді атап, өз тегін айтуы
тиіс);
- мүмкіндігіне қарай адамдарды эвакуациялау, өртті сөндіру жіне материалды
құндылықтарды сақтау шараларын жүргізуге міндетті.
25
6.10.2 Өрт орнына келіп жеткен базар басшысы (басқа да лауазымды тұлға):
- мемлекеттік өртке қарсы қызметке өрт пайда болғандығы туралы хабарды қайталап
жеткізуге және жоғарғы басшылыққа, базар бойынша жауапты кезекшіге хабар беруге;
- адамдардың өміріне қауіп туындаған жағдайда қолда бар күш пен құралдарды
пайдаланып құтқаруды ұйымдастыруға;
- автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйесінің іске қосылауын тексеруге (адамдарға
өрт туралы хабар беру, өртті сөндіру, түтінге қарсы қорғаныс):
- қажет болған жағдайда электр энаргиясын сөндіруге
(өртке қарсы қорғаныс
жүйесінен басқа), тасмалдаушы құрылғылар, агрегаттар мен аппараттар жұмысын тоқтату
және апаттық немесе аралыс ғимараттығы желдету жүйесі жұмысын тоқтату, өрттің
дамуының және ғимараттың түтінденуінің алдын алатын басқа да шаралар жүзеге
асыруға;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімі келгенге дейін өрт сөндіру бойынша жалпы
басшылық жасауға;
- өртті сөндіруге қатысатын қызметкерлердің қауіпсіздік талаптарын сақтауын
қамтамасыз етуге;
- өртті сөндірумен бір мезгілде материалды құныдылықтарды қорғау және
эвакуациялауды ұйымдастыруға;
- мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімін қарсы алуды ұйымдастыруға және оларға
өрт ошағына және өртке қарсы сумен қамту жүйесіне ең қысқа жолды көрсетуге міндетті.
6.10.3 Өртке қарсы бөлім келгеннен кейін кәсіпорын басшысы (немесе оның орнны
басатын тұлға) өрт сөндіру басшысына нысанның технолгиялық-құрылымдық
ерекшеліктері туралы, жанаса салынған құрылыстар мен ғимараттар, қопарылу қаупі бар,
қопарылғыш және қауіпті заттардың мөлшері туралы және басқа да өртті сәтті сөндіруге
қажетті ақпараттарды беруге және өртті жоюмен, оның дамуының алдын алумен
байланысты қажетті шаларды жүзеге асыру бойынша нысан құралдары мен күштерін
тартуды ұйымдастыруға міндетті.
6.10.4 Базарда орын алған әрбір өрт бойынша базар әкімдігі өрттің пайда болуы мен
дамуына ықпал еткен жағдайларды анықтап, қажетті алдын алу шараларын жүргізуі
керек.
7 ХАЛЫҚТЫҢ АЗ БЕЙІНДІ ТОБЫНЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ
ЕТУ
7.1 Базарларды жобалау және салуда міндетті қолдануға жататын халықтың аз
бейінді тобының қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша жалпы талаптар ҚР ҚН 3.02-
23 берілген.
7.2 Базарлар жобаларының құрамына мүгедектер және басқа да аз бейінді азаматтарды
қамтамасыз ету бойынша шараларды қарастыратын арнайы бөлімдер енгізу қажет.
7.3 Қызмет көрсетуді ұйымдастыру нұсқасын таңдау («А» немесе «Б») тапсырыс
берушінің қаржылық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктеріне байланысты жобалау
тапсырмасына енгізіледі.
Мүгедектердің есепті санына және тапсырыс берушінің қаржылық мүмкіндіктері
26
мен ғимарат немесе құрылысьың қызметтік құрылымына тәуелді қол жетімділікті
ұйымдастырудың екі нұсқасының бірін таңдау керек
(үйде қызмет көрсетуді
ескермегенде):
«А» нұсқасы - аз бейінді келушілердің қол жетімділігіне бейімдеуге базардың
барлық бөлімдері - сауда залдары, әкімдік кабинеттері бөлімдері және т.б. жатады.
«Б» нұсқасы - аз бейінді сатып алушыларға арнайы бөлінген ғимаратта толық алуан
түлліліктегі тауарды сатып алуға жағдай жасау.
7.4 Халықтың аз бейінді топтарының қауіпсіздігіне арналған негізге талаптар:
- ғимараттың сәулет ортасы қасиеттеріне байланысты (оның ішінде пайдаланылатын
әрлеу материалдарына) жарақаттар, соққылар алуды, артық шаршауды болдырмау
мүмкіндігі;
- қауіп аймақтары мен орындарын уақытылы тану және әрекет ету мүмкіндігі;
- қозғалыс жолдары қиылысының қиын қабылданатын жерлерінің болмауы;
- тұтынушыларды потенциалды қауіп тудыруы мүмкін аймақтар туралы ескерту;
- өрт қауіпсіздігі.
7.5 Халықтың аз бейінді топтарының ғимарат ішінде пайдаланушылардың қозғалыс
жолдарында қол жетімділігін ұйымдастыру үшін шығыңқы бұрыштардың, төрт қырлы
ұстынның, жабдықтардың өткір ұштарының санын азайтуға тырысу керек.
Күту және демалу орындарындағы жабдықтар бөліктерінің қозғалыс жолдарына қарай
шығып тұрған сыртқы бұрыштарын дөңестендіру (радиусы - 5 см кем емес) ұсынылады.
7.6 Ғимараттағы аз бейінді келушілердің қозғалыс жолында жолдың әр 25 м аралығы
сайын, оның ішінде бір қабатқа біреу демалыс және күту аймағын қарастыру керек.
Демалыс (күту) орындарын сауда сөрелерінен, стенділерден, жел соғуы, ысып кету және
шамадан тыс жарықтану мүмкін ғимарат элементтерінен алыс тыныш орналастыру
ұсынылады. Демалу немесе күту орындарына орындық арбадағы немесе балдақ және таяқ
пайдаланатын мүгедекке және оның көмекшісіне бір орын бөлу мүмкіндігін қарастыру керек.
7.7 Орындық артбадағы мүгедектерге қызмет көрсету орындарындажұмыс бетінен
қызметкер үстеліне дейін жұмыс бетінің еденнен биіктігі 0,6 м кем емес (бет астындағы
кеңістікті пайдаланбағанда) және 0,9 м артық емес қойылатын (тартпалы, жылжымалы)
жұмыс беттерін орнатуды, оның ішінде бетке орындық-арбамен кіру мүмкіндігін
қарастыру ұсынылады.
7.8 Пайдаланушылардың аз бейінді санатына қызмет көрсету орындары арнайы
(бейімделген) шығу жолынан ең төменгі қашықтықта орналасуы керек.
7.9 Дербес қызмет көрсету орындары жабдықтарын үстелдің жұмыс бетінде екі
қолдың 0,25 м аралықта, 0,7 м тереңдікте және маңдайшасы бойынша 0,7 м, тереңдігі 1,7
м аймақ өлшемдерін ескере отырып, дене көлбеулігіне және қашықтыққа тәуелді жобалау
керек.
7.10 Жүру үшін қосымша тіректер (балдақ, таяқ) пайдаланатын аз бейінді келушілер
үшін қызмет көрсету орындарында отыру аймағы өлшемдерін бағдарлы бойлық бағытта
(жиһазды ескере отырып) арттыру қарастырылады: аралдық орналастыруда көрермен
қатарында немесе үстелге бүйірінен - 1,2 м кем емес және үстелде отырғанда 0,8 м.
7.11 Сатушы сөресі арқылы қызмет көрсететін ғимараттарда (киім ілгіш, тігінші,
операциялық-кассалық зал, анықтамалық, сату бөлімдері мен дүңгіршектері және т.б.)
27
қызмет көрсету орындарын аз бейінді келушілерге арналған орындықтармен
жабдықтамауға (бар тұрғысынан басқа) рұқсат етіледі.
7.12 Жұмыс кезінде заттар орналастырылған және оларды тексеру қажет болған
жағдайда сатушы сөресің енін келесідей қабылдау керек:
- 0,3-0,45 м - биіктігі 0,8 -1,2 м аралығындағы киім ілгіш, тіркеу (анықтама) бөлімі,
БӨП, операциялық және кассалық тұрғы үшін;
- 0,55-0,6 м - биіктігі 0,7 - 0,9 м дүкен сөрелері, қабылдау пункттері (бұйымдарды
тазалау және жөндеу) үшін.
7.13 Баспалдақта үш басқыштан кем болмауы керек. Баспалдақ басқыштары тегіс
және шығыңқы жерлері жоқ немесе бұдыр бетті болуы тиіс. Баспалдақ маршының бүйір
шеттері қабырғаға жанаспауы және аяқ, балдақ немесе таяқ сырғып кетпеуі үшін биіктігі 2
см кем емес бүйірлері болуы керек. Баспалдақ қабырғасы 5 см кем емес радиуспен
дөңгеленеді. Сыртқы баспалдақтар үшін басқыш ені 40 см, басқыштардың көтерілу
биіктігі
12 см кем болмауы керек. Зағип адамдар мен нашар көретіндер үшін
баспалдақтардың төменгі жәнге жоғарғы бөліктері, сондай-ақ, баспалдақтың бірінші және
соңғы басқыштарына сәйкес тұтқалар ерекшеленген бұдырмен және ашық түсті бояумен
белгіленуі керек.
7.14 Пандустың әр көтерілген жерінің басы мен соңында ені пандус енінен,
ұзындығы 1,5 м кем емес көлденең алаңдар орнату керек. Пандус бағаты өзгергенде
көлденең алаң ені орындық-арбаның бұрылу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.
7.15 Пандус пен алаңның сыртқы бүйір шеттерінен биіктігі 5 см кем емес бүйірлер
қарастыру керек.
7.16 Пандустың немесе мүгедектер қозғалысына арналған баспалдақ маршының екі
жағынан биіктігі 0,9 м кем емес тұтқасы бар қоршаулар қарастырылады. Бұл жағдайда
тұтқаларды 0,7 және 0,9 м биіктікте қосарлы түрде, ал мектепке дейінгі жастағы балалар
үшін 0,5 м биіктікте қарастыру керек. Тұтқа ұзындығы пандус немесе баспалдақ маршы
ұзындығынан әрбір жағынан кем дегенде 0,3 м ұзынырақ болуы тиіс. Тұтқалар дөңгелек
кесінділі диаметрі
3 см кем және 5 см артық емес немесе тік бұрышты кесінділі
қалыңдығы 4 см кем емес болуы керек.
7.17 Ғимараттар мен имараттардың мүгедектерге арналған кіреберістерін
атмосфералық жауын-шашыннан қорғап, кіреберіс алдына өлшемі 1,0х2,5 м құрағататын
(ылғалды жоятын), ал жергілікті климаттық жағдайларға тәуелді - қыздыратын алаңдар
қарастырылады.
7.18 Спорттық, көпшілік, мемориалдық және мәдени кешендердің және жерлеу
объектілерінің қызмет көрсету бөлімдерінен әжетханаға дейінгі қашықтық 200 м аспауы
керек, бұл жағдайда санитарлық-гигиеналық ғимараттарды негізгі кіреберістерге,
коммуникациялық түйіндерге жақын орналастыру ұсынылады.
7.19 Санитарлық-гигиеналық бөлмелерді қоғамдық ғимарат келушілері бар әр
деңгейде (қабатта) және ана мен балаға арналған бөлмеде орналастыру ұсынылады.
7.20 Санитарлы-гигиеналық бөлмелерде аз бейінді тұлғалар үшін әжетхана
кабиналары, гигиеналық бөлмелер және әйелдерге арналған кабиналар, душтар, қол
жуғыштар және ана мен балаға арналған бөлмелер мен кабиналар қарастыру қажет.
7.21 Аз бейінді келушілер үшін еденнен отырғышының жоғарғы бөлігіне дейінгі
28
биіктігі 450 мм төмен және 600 мм жоғары емес унитаздар қолдану керек.
7.22 Мүгедектер мен аз бейінді азаматтар пайдалануға арналған барлық стационарлы
жабдық элементтері берік және дұрыс бекітілуі тиіс. Жабдықтардың, сөндіргіштердің,
құрылғылардың басқа да бекітілетін құрылымдарының бекіту бөлшектері қабырғадан
немесе бекітілген элемент жазықтығынан шығып тұрмауы тиіс.
7.23 Базардың денсаулығында ақауы бар тұлғалар жүруі мүмкін көп қабатты
ғимаратарында төтенше жағдайда аталмыш тұлғаларды шығаруға арналған кабинасының
тереңдігі 2,1 м кем емес кем дегенде бір лифт қарастыру ұсынылады.
7.24 Орындық-арбадағы мүгедектерге арналған көтергіш платформаларды
пайдаланғанда бұл құрылғы өлшемдері ұзындығы бойынша көмекшісін де ескеру керек.
Мүгедектерге арналған көтергіш платформаларды баспалдақтар мен пандустар
қозғалысына кедергі келтірмейтіндей орналастыру керек.
7.25 Мүліктік (тартпалы, құрастырылып-бөлшектенетін) пандустарды 350 кг кем
емес жүктемеге есептеу керек. Олар стационарлы пандустарға қойылатын талаптарға сай
болуы керек.
7.26 Базар аумағында орналастырылатын жеңіл автокөліктерді уақытша сақтауға
арналған ашық тұрақтарда мүгедектердің жеке автокөлік құралдарына арналған орындар
қарастыру керек.
Көлік орындарының саны есептеу бойынша алынады:
- 4%, тұрақтағы 100 дейінгі орындардың жалпы санынан 1 орыннан кем емес;
- 3% орындардың жалпы саны 101 - 200 болғанда;
- 2% орындардың жалпы саны 200 болғанда және 300 аса орын болғанда әрбір 100
орынға қосымша 1% .
7.27 Мүгедектер автокөліктерін қоюға арналған орындар жиекжолға жақын
орналасады және арнайы белгімен немесе таңбамен жабдықталуы керек. Мүгедек
автокөлігіне арналған тұрақтың ені 3,5 м кем болмауы керек. Мүгедектар автокөліктеріне
арналған тұрақтардың жалпы ауданын 30 м2 алу керек.
8 ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЕСКЕРТУ ШАРАЛАРЫ
8.1 Төтенше жағдай тудыру көзінің бірі желдету қалдықтарында санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау органдары белгілеген шамаға сәйкес әр құрауыш бойынша
шекті жіберілетін шамадан аспауы тиіс уытты заттардың мөлшері болуы мүмкін.
8.2 Базарларды қайта жаңғырту кезінде ауыстыруға жатпайтын ғимарат және
құрылыстың, инженерлік желілер мен коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз ету
бойынша жұмыстарды орындау жұмыс өндірісі жобасы құрамында жасалатын негізгі
және дайындық жұмыстарының жалпы кестесінде қарастырылуы керек.
8.3 Жобаланатын базарлар қиылысатын жер асты коммуникацияларын базар аумағы
шегінен тыс құдықтарға шығатын болат құтыларға салу керек. Коммуникациялардың
сақталуын қамтамасыз ету мүмкін болмағанда оларды зақымдануы мүмкін аймақ шегінен
тыс шығаруды қарастыруға болады. Қиылысатын коммуникациялардың сақталуын
қамтамасыз ету бойынша шешімдер жобада қарастырылуы тиіс.
8.4 Базарлар қауіпті геологиялық үдерістер аймағында немесе сейсмикалық
29
аудандарда орналасқан жағдайда, ең алдымен, қолданыстағы нормативті құжаттарға
сәйкес сейсмикалық құрылыс нормалары бойынша ғимараттар мен имараттар салу және
жобалау керек, сонымен қатар төтенше жағдайлардың пайда болуын ескерту бойынша
шараларын жүзеге асыру және қорғауды қамтамасыз ететін шаралар қарастырылуы тиіс.
8.5 Жабық базарлар ғимараттары мен павильондарынан эвакуациялық шығу
жолдары және эвакуация жолдары күзет бейне бақылау жүйесімен жабдықталуы керек.
Күзет бейне бақылау камераларынан ақпарат бергіш-қозғалыс детекторының ңске
қосылуы бойынша автоматты режимде дискретті түрде дербес немесе ұжымдық
пайдаланудың үздіксіз режимінде диспетчерлік пункттегі ақпаратты бейнелеу құралына
беріледі.
9 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
9.1 Базар құрылысы жобаларын жасау барасында мыналар орындалуы тиіс:
- табиғи ортаның заманауи күйін және объект орналасатын ауданның (оның ішінде
баламалы телімдерде) техногенді жүктемесі деңгейін бағалау;
- жобаны жүзеге асырудың әр түрлі нұсқаларында нысанның қоршаған табиғи ортаға
әсері деңгейін анықтау;
- объектінің қоршаған ортаға, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық және шаруашылық
тіршілік әрекетіне әсері салдарын бағалау;
- экологиялық зиянды анықтау (есептеу);
- қолданылатын шешімдердің негізгі нұсқалары және олардың тиімділігі мен
жеткіліктілігін бағалаудың негізгі нұсқалары бойынша ортаға мүмкін болатын қолайсыз
әсерді төмендету немесе алдын алу бойынша шаралар жасау.
9.2 Жобалық құжаттамадағы ҚОҚ тарауында келесі негізгі тармақтардан құралады:
- жобаланатын нысан туралы қысқаша мағлұмат;
- жер ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау;
- атмосфералық ауаны ластанудан қорғау;
- жер асты және жер беті суларын ластанудан және сарқылудан қорғау;
- қалдықтарды қоймалау, (кәдеге жарату) барысында қоршаған ортаны қорғау;
- базар құрылысының, қайта жаңартылуының экологиялық-экономикалық тиімділігі.
9.3 Базар құрылысы маусымы үшін технологиялық үдерістер және құрылыс
техникасынан шығатын ластаушы заттар қалдықтарының массасын есептеу жүзеге
асырылады.
9.4 Атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған шаралар ластаушы заттардың құрылыс
алаңдары шегіндегі құрылыс маусымында және санитарлық бөліну шегінен тыс базарларға
жақын орналасқан пайдаланылатын орындардағы шекті жіберуге болатын ең жоғары бір
реттік концентрациясын ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
9.5 Базар құрылысы және пайдалану кезеңдері үшін атмосфераға шекті жіберуге
болатын қалдық (ШЖҚ) жобасын жасау қажет.
Тұрғын үй аумағындағы ластаушы заттардың ШЖҚ мөлшері олардың ШРК шамасын
қатынасы
1 аспауы керек, ал халық жаппай демалатын орындарда, емдеу-сауықтыру
мекемелері аумағында, науқастар ұзақ уақыт болатын орындарда және бейімдеу
30
орталықтарында - 0,8 аспауы керек.
9.6 Базар құрылысы және пайдалану барысында түзілетін қалдықтар міндетті есептеу
мен бағалауға жатады. Түзілетін қалдықтар көлемін арнайы әдістемелер бойынша
анықтайды. Қалдықтарды жіктеуді және улылығын анықтауды қоршаған табиғи ортаға
әсерін бағалау арқылы жүзеге асырады.
9.7 Базар құрылысын аяқтағаннан кейін топырақ және өсімдік жамылғысын қайта
қалпына келтіріп, пайда болған орлар мен ойыстарды тегістеу қажет.
Базар құрылыс бойынша қабылданатын жобалық шешімдер қала құрылысы
жағдайын жалпы жақсартумен және құрылыс аумағын абаттандырумен байланысты болу
керек. Абаттандыру аймағы өлшемі базар шекарасы аумағының екі жағынан 100 м
ауданды қамтуы керек.
31
А қосымшасы
(ақпараттық)
Жабық базар ғимараттарындағы есепті ауа температурасы және ауа алмасу еселігі
А.1-кестесі - Жабық базар ғимаратындағы есепті температура және ауа алмасу
еселігі
Жылдың суық
Ауа алмасу еселігі
мезгіліндегі
немесе ғимараттан
Ғимарат
есепті ауа
шығарылатын ауа
р/с
температурасы,
мөлшері
°С
шығару
сорып алу
1
Ауданы 400 м2және одан кіші сауда
залдары:
- азық-түліктік;
16
-
1-еселі
- тағамдық емес
16
-
1-еселі
2
Ауданы
400 м2және одан артық
сауда залдары:
- азық-түліктік;
16
есептеу бойынша
- тағамдық емес
16
есептеу бойынша
3
Ет шабатын
10
3-еселі
4-еселі
4
Жүк түсіру ғимараттары
10
есептеу бойынша
5
Тауарды
сатуға
дайындауға
16
2-еселі
1-еселі
арналған ғимарат
(жеке ғимаратта
орналастырылған
болса),
жинақтаушылар, киім өлшеуге
арналған бөлме
6
Қоймалар (салқындатылмайтын):
- нан, кондитерлік бұйымдар;
16
-
0,5-еселі
- гастрономия, балық, сүт, жемістер,
8
-
2- еселі
көкөністер, тұздалған көкөністер,
шараптар, сусындар;
- аяқ киім, парфюмерия, тұрмыстық
16
-
2- еселі
химия тауарлары, химикаттар;
- басқа да тауарлар
16
-
0,5- еселі
7
Жаңа
тауарларды
көрсетуге
16
2- еселі
2- еселі
арналған
ғимараттар
(жеке
ғимаратта орналасқан жағдайда)
8
Үтіктеу бөлмелері
16
есептеу бойынша
32
А.1-кестесі - Жабық базар ғимаратындағы есепті температура және ауа алмасу
еселігі (жалғасы)
Жылдың суық
Ауа алмасу еселігі
мезгіліндегі
немесе ғимараттан
Ғимарат
есепті ауа
шығарылатын ауа
р/с
температурасы,
мөлшері
°С
шығару
сорып алу
9
Қоқысқа
арналған
камералар
-
-
1- еселі
(жылытылмайтын)
10
Қағаз
қалдықтарын
16
-
1,5- еселі
механикалық престеуге арналған
ғимарат
11
Қаптамалық материалдар мен
16
-
1- еселі
бұйымдарды сақтауға арналған
ғамарат
12
Алмастыру
қорының
-
-
1- еселі
контейнерлерін сақтау
13
Ыдыстарды сақтау
8
-
1- еселі
14
Жинау
бұйымдарын,
жуғыш
16
-
1,5- еселі
құралдарды сақтау
15
Кір жуатын бөлме
18
-
0,5- еселі
16
Шеберханалар, зертханалар
18
2- еселі
2- еселі
17
Салқындатылатын камералар:
-
ет, шикізаттар, гастрономия,
-2
-
-
балық;
- жемістер, көкөністер, кондитерлік
4
4- еселі
4- еселі
бұйымдар, сусындар;
(маусымды түрде)
- балмұздақ, түшпара;
-15
-
-
- тағам қалдықтары
2
-
10- еселі
18
Ауамен
салқындатылатын
5
салқындату камерасының машина
есептеу бойынша
бөлімі
19
Сумен
салқындатылатын
5
2- еселі
3- еселі
салқындату камерасының машина
бөлімі
20
Кеңсе ғимараттары, қызметкерлер
18
-
1- еселі
бөлмесі,
негізгі
касса,
күзет
ғимараты, АБЖ тірек пункті
21
Киім ілгіш, қосалқы бөлме,
16
-
1- еселі
қызметкерлердің
тамақтануына
арналған бөлме, қызметкерлерге
арналған бөлме
33
А.1-кестесі - Жабық базар ғимаратындағы есепті температура және ауа алмасу
еселігі (жалғасы)
Жылдың суық
Ауа алмасу еселігі
мезгіліндегі
немесе ғимараттан
Ғимарат
есепті ауа
шығарылатын ауа
р/с
температурасы,
мөлшері
°С
шығару
сорып алу
22
Сатып
алушыларға
арналған
16
-
1 унитазға
қоғамдық
әжетхана
және
50 м3/адам
қызметкерлерге арналған әжетхана
23
Душ бөлмелері
25
-
5- еселі
24
Емдеу-сауықтыру бөлмесі
(дүкен
20
-
Бір адамға
жер асты қабаттарында орналасқан
60 м3/адам
жағдайда)
25
Тапсырыс қабылдау және жөнелту
16
-
1- еселі
ғимараты
Ескертпелер
1 Салқындатылатын камералардың есепті температурасы жылдың барлық мезгілдері үшін
қабылданған.
2 Химиялық, синтетикалық және басқа да иісті заттары бар қоймаларда және тауардлы сатуға
дайындау ғимараттарын қоймаларға орналастырған және мұнда тұрақты жұмыс орындары болған жағдайда
таза ауаның келуін қамтамасыз ету керек (тұрақты жұмыс жасаушылар үшін 1 жұмыс орнына 60 м3/сағ
есебінен).
3 Қосымша қызмет бөлмелерін сауда залында орналастырған жағдайда ауаның есепті температурасын
және ауа алмасу еселігін сауда залдары үшін белгіленген шамадан төмен қабылдау керек.
4 Тамақтану кәсіпорындары үшін ауаның есепті температурасын және ауа алмасу еселігін
қолданыстағы нормативті құжаттар талаптарына сай қабылдау керек.
5 Дүкен ғимараттарын жер асты қабаттарында орналастырған жағдайда сауда залында ауа алмасуы
бір адамға 30 м3/адам кем емес, қызметтік-тұрмыстық ғимараттарда бір адамға 60 м3/адам кем механикалық
шығару-сорып алу жүйесін қарастыру керек.
34
Б қосымшасы
(ақпараттық)
Өрт бөлімі шегінде жабық базар ғимаратының қабаттарының ауданы
Б.1-кестесі - Өрт бөлімі шегінде жабық базар ғимаратының қабаттарының ауданы
Ғимараттың
Ғимарат м. кв. өрт бөлімі шегінде қабат ауданы
Ғимарат
отқа
Қабат саны
санаты
тұрақтылық
Бір қабатты
Екі қабатты
Көп қабатты
дәрежесі
1
II
5200
-
-
А
1
IIIа
3500
-
-
3
II
7800
5200
3500
Б
1
IIIа
5200
-
-
6
II
10 500
7800
5200
3
III
3500
2500
2200
1
IIIа
7800
-
-
В
1
IIIб
7800
-
-
2
IV
2200
1200
-
1
IVа
3500
-
-
1
V
1200
-
-
Шектелмейді
II
Шектелмейді
Шектелмейді
3
III
5200
3500
3000
1
IIIа
Шектелмейді
-
-
Д
1
IIIб
10 500
-
-
2
IV
3500
2200
-
1
IVа
5200
-
-
2
V
2200
1200
-
35
В қосымшасы
(ақпараттық)
Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу нормалары және талаптары
В.1-кестесі - Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталу нормалары
Алғашқы өрт сөндіру құралдарының атауы және
қажетті мөлшері
Қалағы және
Нысан, ғимарат,
Ауданы
Ұнтақты өрт
Көмірқышқылды
өртке сөндіру
р/с
құрылыс атауы
м2
сөндіргіштер,
өрт сөндіргіштер,
көрпешесі бар құм
дана
дана
салынған жәшік
0,5 м3
1
2
3
4
5
6
2-ОП-5 немесе
1
Ашық базарлар
Әрбір 100
1 жинақтама
1-0П-10
-
2-ОП-5 немесе
2
Автобазарлар
Әрбір 100
1 жинақтама
1-0П-10
-
Әкімшілік
2-ОП-5 немесе
3
100
ғимараты
1-0П-10
-
-
Жабық базар,
2-ОП-5
-
-
100 дейін
4
павильондар
Әрбір 100
ғимараты
2-ОП-5
-
-
Жеке тұрған
дүңгіршектер,
5
100 дейін
1-ОП-5
-
-
павильондар,
контейнерлер
36
БЕЛГІ ҮШІН
37

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////