Главная Книги - Разные СП РК 4.02-108-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ (ҚР ЕЖ 4.02-108-2014)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 3 4 ..
бойынша анықталатын Gdo есептік шығынында анықталады. Реттеуші үш жүрісті органды
іріктеп алу әдістемесі Е қосымшасында келтірілген.
5.5.5 Бактар, тазалау қондырғылары және сүзгілер
5.5.5.1 Тұтынушылардағы ыстық сумен жабдықтау жүйелеріне арналған бак-
аккумуляторларды ҚР ЕЖ 4.02-101 сәйкес жобалау керек.
Тұрғын аудандардың ОЖП-не орнатылатын бак-аккумуляторлар ең кӛп су тұтыну
тәулігінде су шығынының тәуліктік графигін теңестіруге есептелуі тиіс. Сонымен бірге
бак-аккумуляторлардың сыйымдылығын ыстық сумен жабдықтауға жылудың орташа
ағыны бойынша су жылытқыштардың ӛндірімділігін есептеу шарттарынан шығара келе
қабылдау ұсынылады.
5.5.5.2 Ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарында орнатылатын бак-
аккумуляторлар сыйымдылығы ҚР ЕЖ 4.02-101 ережелеріне сәйкес қабылдануы тиіс.
0,07 МПа -дан жоғары қысыммен жұмыс істейтін бак-аккумуляторлар қысыммен
жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану бойынша қолданыстағы
нормативтік құжаттарға сәйкес болуы тиіс.
5.5.5.3 Конденсатты жинаудың, салқындатудың және қайтарудың жабық
жүйелерінде конструкциясы
0,015-тен
0,3 МПа дейінгі жұмыс қысымына, ал ашық
жүйелерде атмосфералық қысымға есептелген (құйылыс) бактар қабылдануы тиіс.
5.5.5.4 Конденсаттың жинау бактарының санын және жұмыстық сыйымдылығын
ҚР ЕЖ 4.02-101 ережелеріне сәйкес қабылдау керек.
5.5.5.5 Конденсаттық бактар цилиндрлік нысанда болуы тиіс.
Тікбұрышты бактарды бакта артық қысымның пайда болуының мүмкін болмауы
шартында конденсатты тұндыру үшін ғана қолдануға жол беріледі.
5.5.5.6 Конденсаттық бактардың түбі, әдеттегідей, сфералық түрде қабылдануы тиіс.
Эллипстік және конустық түрдегі түптерді қолдануға жол беріледі, сонымен бірге
бортталмаған конустық түптер 45° аспайтын ортақ орталық бұрышқа ие болуы тиіс.
5.5.5.7 Конденсаттық бактарда саңылаудағы диаметрі
0,6 м кем емес люк
қарастырылуы тиіс.
5.5.5.8 Конденсаттық бактар сыртынан, ал бактың биіктігі 1,5 м асқанда сондай-ақ
бактың ішінде тұрақты баспалдақтармен жабдықталуы тиіс.
5.5.5.9 Конденсаттық бактар деңгей кӛрсеткіштермен, жоғары қысымнан
сақтандырғыш құрылғылармен және қажет болғанда, кранды жалғастырғыштармен және
сынамаларды іріктеуге арналған тоңазытқыштармен жабдықталуы тиіс.
Бактардағы сақтандырғыш құрылғылар ретінде, әдеттегідей, сақтандырғыш
клапандар қолданылуы тиіс; гидрозатворларды бактағы
15 кПа аспайтын жұмыс
қысымында қолдану ұсынылады.
Құйылыспен жұмыс істейтін бактар үшін сақтандырғыш құрылғылар
қарастырылмайды; бұл бактар бекіткіш арматураны орнатусыз атмосферамен қатынас
үшін жалғастықтармен жабдықталуы тиіс, осы жалғастықтардың шартты ӛткелдерін 1-
кесте бойынша қабылдау керек.
5.5.5.10 Бакқа конденсатты жеткізу конденсаттың тӛменгі деңгейінен тӛмен
қарастырылуы тиіс.
44
5.5.5.11 Бактағы конденсаттың тӛменгі деңгейі мен бактан конденсатты айдауға
арналған сорғылардың осі арасындағы белгілердің айырмасы сорғының сорғыш
келтеқұбырында конденсаттың қайнамауын қамтамасыз ету үшін жеткілікті, бірақ 0,5 м
кем болмауы тиіс.
5.5.5.12 Конденсаттық бактардың сыртқы және ішкі беті тоттануға қарсы жабынға ие
болуы тиіс.
5.5.5.13 Кеңейткіш бактарды орнатқан кезде олардың кӛлемін Vб, м3, келесі формула
бойынша анықтау керек
Vб =0,5 ν x Gk,
(14)
мұнда - бактағы қысымға байланысты будың меншікті кӛлемі, м3/кг;
х - бірлік үлесіндегі конденсаттың массалық бу мӛлшері, келесі формула бойынша
анықталады
1-кесте - Құйылыспен жұмыс істейтін конденсаттық бактарға орнатылатын
атмосферамен қатынасу үшін жалғастықтардың шартты ӛткелінің диаметрлері
Конденсаттық
1
2; 3
5
10
15; 20
25
40; 50
60
75
100; 125
150;
бактардың
200
сыйымдылығы
, м3
Жалғастықтың
50
70
80
100
125
150
200
250
300
350
400
шартты
диаметрі, мм
i
i
1
2
x =
;
(15)
r2
i1, i2
- конденсат бұрғыштың алдындағы және кеңейткіш бактағы бу қысымында
сәйкесінше конденсаттың меншікті жылу мӛлшері
(қанығу желісіндегі судың
энтальпиясы), кДж/кг;
r2
- кеңейту багындағы қысым кезінде бу түзілісінің меншікті жасырын жылуы,
кДж/кг;
G - конденсаттың есептік шығыны, т/с,
k - ұшатын будың болуын ескеретін коэффициент, оны 1,02-1,05 тең қабылдауға жол
беріледі.
5.5.5.14 Кеңейту бактары цилиндрлі пішінде болуы тиіс; корпусының ішкі диаметрі
500 мм дейін болатын бактар үшін жазық пісірілген немесе эллипстік түптер, ал 500 мм
асатын диаметрде - эллипстік түптер қабылдануы тиіс.
5.5.5.15 Кеңейткіш бактар сақтандырғыш клапандармен жабдықталуы тиіс.
5.5.5.16 Атмосфералық ауамен түйіспейтін кеңейтуші бактарды қосу тораптарын
жетілдіру жылыту жүйесіндегі талап етілетін қысымды ұстап тұруға рұқсат береді.
45
5.5.5.17 Мембраналық кеңейтуші бактарды есептік температуралардың
жоғарылауынан қорғалған және автоматты түрде реттеумен жабдықталған, беруші
құбырдағы
100
°С
-
120
°С
(бактың сипаттамасына сәйкес) дейінгі жылу
тасымалдағыштың есептік температурасымен гидравликалық тәуелсіз жабық су
жүйелерінде қолданады. Олар келесілер үшін арналған:
- температурасы жоғарылағанда судың кӛлемі жағынан кеңеюі салдарынан
туындайтын, жүйедегі жылу тасымалдағыштың артық кӛлемін қабылдау;
- жабдықты шамадан тыс қысымнан және тоттанудан қорғау;
- жылу тасымалдағыштың пайдаланушылық шығындарын ӛтеу;
- жүйені құрылымдауды және пайдалануды жеңілдету;
- ыстық сумен жабдықтау жүйесінде жылулық жүктемені реттеу;
- тартушы желдетудің жылулық жүктемесін реттеу;
- сыртқы ауаның температурасы бойынша берілген кезеңдерде жылу
тұтынудың тӛмендеу шамасын реттеу;
- ғимараттың жинақтаушы ерекшеліктерін және оның жарықтың тараптары
бойынша бағдарлануын ескерумен жылу тұтыну режимін реттеу.
5.5.5.18 Жылу пункттеріндегі тазалау қондырғыларын келесілерде қарастыру керек:
- бірінші ілмекті арматурадан кейін тікелей жылу пунктіне кірмедегі беруші
құбырда;
- судың және жылу ағындарының шығынын есепке алатын реттеуші аспаптардың,
сорғылардың, құрылғылардың алдында - біреуден аспайды;
- ЖЖП-де - олардың ОЖП-де болуына байланыстыз;
- 3-санаттағы тұтынушылардың жылу тораптарында - кірмедегі беруші құбырда.
5.5.5.19 Механикалық су есептеуіштердің және тілімшелі су жылытқыштардың
алдында судың жүрісі бойынша торлы ферромагнитті сүзгілерді орнату керек.
Сүзгінің қысымды жоғалтуы ΔРф, Па, келесі формула бойынша анықталады
2
G
ΔРф = 0,1
,
(16)
k
Мұнда G - сүзгі арқылы ӛтетін судың есептік шығыны, кг/с;
kν - сүзгінің ӛткізу қабілеті, м3/с.
5.5.5.20 Жылу пунктіне кірмеге сүзгілерді орнатқан кезде қалақты, турбиналық су
есептеуіштердің, тілімшелі жылу алмастырғыштардың және басқа жабдықтың алдында
жабдықты ӛндіруші зауыттардың ерекше талаптарынан басқа, судың жүрісі бойынша
сүзгілерді қосымша орнату талап етілмейді.
5.5.6 Құбырлар және арматура
5.5.6.1 Жылу пункттерінің шегіндегі құбырлар ҚР ЕЖ 4.02-104 және ҚР ЕЖ 4.02-101
ережелеріне сәйкес болат құбырлардан қарастырылуы тиіс.
46
Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы бу және ыстық су
құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелерінің әрекеті тарайтын құбырлар
сонымен қатар осы ережелердің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Қолдануға ұсынылған құбырлар М қосымшасында келтірілген.
Одан басқа, жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде ыстық сумен жабдықтау
тораптары үшін мырыш жабынының қалыңдығы 30 мкм кем емес ГОСТ 3262 бойынша
мырышталған құбырларды немесе Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы
нормативтік құжаттардың санитарлық талаптарын қанағаттандыратын металл емес
құбырларды қолдану керек.
Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінің ыстық сумен жабдықтау тораптары
үшін мырышталмаған құбырларды қолдануға жол беріледі.
5.5.6.2 Жылу пунктінің ішінде құбырлардың орналасуы және бекітілуі пайдаланушы
қызметкерлердің және кӛтергіш-кӛлік құрылғыларының еркін қозғалуына кедергі
келтірмеуі тиіс.
5.5.6.3 Жылу пункттерінде Джылудың ұзартылуын ӛтеу үшін құбырлар
бұрылыстарының бұрыштарын пайдалану ұсынылады
(ӛзін-ӛзі ӛтеу). П түріндегі,
линзалық, сильфондық, тығыздамалық ӛтемдеуіштерді құбырларға орнатуды ӛзін-ӛзі ӛтеу
есебінен жылулық ұзартуды ӛтеу мүмкін болмаған жағдайда қарастыру керек.
5.5.6.4 Ілмекті арматура жылу пункттеріне кірмедегі және одан шықпадағы жылу
тораптарының барлық беруші және кері ағынды құбырларында қарастырылады:
- әрбір сорғының сорғыш және айдама келтеқұбырларында;
- әрбір су жылытқыштың жеткізуші және шығарушы құбырларында.
Қалған жағдайларда бекіткіш арматураны орнату қажеттілігі жобамен анықталады.
Сонымен бірге құбырлардағы ілмекті арматураның саны сенімді және апатсыз жұмыс
істеуді қамтамасыз ететін қажеттілікте ең аз болуы тиіс. Қайталама ілмекті арматураны
орнату негізді жағдайда жол беріледі.
5.5.6.5 ОЖП-нің жылу тораптарының кірмесінде болат ілмекті арматура қолданылуы
тиіс, ал ОЖП-нен шықпада соғылған немесе беріктігі жоғары шойыннан жасалған
арматураны қарастыруға жол беріледі.
Жылытуға және желдетуге жиынтықты жылу жүктемесі 0,2 МВт және одан асатын
ЖЖП-де кірмеде болаттан жасалған ілмекті арматураны қолдану ұсынылады.
Жылу пункттерінің шегінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы
бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес
соғылған, беріктігі жоғары және сұр шойыннан жасалған арматураны қарастыруға жол
беріледі (Н қосымшасын қараңыз).
Түсіру, үрлеу және құрғату құрылғыларында сұр шойыннан жасалған арматураны
қолдануға жол берілмейді.
Жылу пункттерінде шойын арматураны орнатқан кезде оны бүгілістің кернеуінен
қорғау қарастырылуы тиіс. Жылу пункттерінде сонымен қатар жезден және қоладан
жасалған арматураны қолдануға жол беріледі.
5.5.6.6 Ілмекті арматураны реттеуші ретінде қабылдауға жол берілмейді.
5.5.6.7 Есік және терезе ойықтарының үстінде, сонымен қатар қақпалардың үстінде
құбырларды тӛсеу орындарында арматураны, құрғату құрылғыларын, ернемектік және
бұрандалық қосылыстарды орналастыруға жол берілмейді.
47
5.5.6.8 Жерастында жеке тұрған ОЖП-де жылу торабы құбырларының кірмесінде
құбырдың диаметріне байланысты электржетекпен ілмекті арматура қарастырылуы тиіс.
5.5.6.9 Сақтандырғыш құрылғылар қорғалған элементтегі қысым есептік қысымнан
10 % -дан аса жоғарыламайтындай етіп, ал 0,5 МПа дейінгі есептік қысым кезінде 0,05
МПа аспайтындай етіп реттелуі тиіс. Сақтандырғыш құрылғылардың ӛткізу қабілетін
есептеу ГОСТ 24570 сәйкес жүргізілуі тиіс.
5.5.6.10 Сақтандырғыш құрылғы орнатылған келтеқұбырдан жылу тасымалдағышты
алуға жол берілмейді. Ілмекті арматураны тікелей сақтандырғыш құрылғыларға орнатуға
жол берілмейді.
Сақтандырғыш клапандар қызмет кӛрсетуші қызметкерлерді клапандар іске
қосылғанда күйіп қалудан сақтайтын бұрғыш құбырларға ие болуы тиіс. Бұл құбырлар
мұзданудан қорғалуы және оларда жинақталған конденсатты тӛгу үшін құрғатушылармен
жабдықталуы тиіс. Оларға ілмекті органдарды орнатуға жол берілмейді.
5.5.6.11 Жылу тұтыну жүйелерін шаю және босату үшін олардың кері ағынды
құбырларында ілмекті арматураға дейін
(жылу тасымалдағыштың жүрісі бойынша)
ілмекті арматурамен жалғастықты орнату қарастырылады. Жалғастықтың диаметрін
сыйымдылығына және жүйелерді босатудың қажетті уақытына байланысты есептеумен
анықтау керек.
5.5.6.12 Құбырларда ілмекті арматурамен жалғастықтарды орнатуды қарастыру
керек:
- барлық құбырлардың жоғарғы нүктелерінде - ауаны шығару үшін кем дегенде
15 мм шартты диаметрмен;
- су және конденсат құбырларының тӛменгі нүктелерінде, сонымен қатар
коллекторларда - суды түсіру үшін кем дегенде 25 мм шартты диаметрмен (түсірушілер).
Құбырларда сонымен қатар ілмекті арматура арқылы құбырға қосылған автоматты
ауа бұрғыштарды орнатуға жол беріледі.
Суды ағызуға арналған құрылғыны ОЖП-нің жинақтау құдығында емес, ОЖП-нің
шегінен тыс арнайы камераларда қабылдау құдықтарына әрі қарай судың ӛздігінен
ағуымен орындау керек.
5.5.6.13 Жылу пункттерінде жылудың және жылу тасымалдағыштың шығындарын
есепке алу аспаптары мен тазалау қондырғылары, реттеуші клапандар, элеваторлардың
айналма құбырлары және беруші және кері ағынды құбырлар арасында жүргізілетін
жалғастырғыштарды қарастыруға жол берілмейді.
Жылу пунктінде беруші және кері ағынды құбырлар арасында жалғастырғыштарды
орнатуға, оларға бірінен соң бірі орналасқан екі ысырманы (вентильдерді) міндетті түрде
орнатумен жол беріледі. Осы ысырмалардың (вентильдердің) арасында атмосферамен
қосылған құрғату құрылғысы орындалуы тиіс. Қалыпты пайдалану шарттарында
жалғастырғыштардағы арматура жабылуы және пломбалануы тиіс, құрғату
құрылғысының вентилі ашық күйде болуы тиіс.
5.5.6.14 Сорғыларға арналған айналма құбырларды
(айдаушыдан басқа),
элеваторларды, реттеуші клапандарды, тазалау қондырғыларын және жылу ағындары мен
судың шығынын есепке алуға арналған аспаптарды қарастыруға жол берілмейді.
Жылу пунктінен шықпада кері ағынды құбырда «ӛзіңе дейінª қысым реттегішін
орнатқан кезде оның айналасында жылу тұтыну жүйелерін толтыру мүмкіндігіне арналған
48
ілмекті құрылғымен айналма құбыр қарастырылуы тиіс. Артық суды реттегіштер және
конденсат бұрғыштар айналма құбырларға ие болуы тиіс.
5.5.6.15 Бу құбырында ҚР ЕЖ 4.02-104 ережелеріне сәйкес, қосушы (тікелей) және
тұрақты (конденсатбұрғыш арқылы) құрғатулар қарастырылуы тиіс.
Қосатын құрғатулар орнатылуы тиіс:
- жылу пунктіне бу құбырының кірмесінде бекіткіш арматураның алдында;
- таратқыш коллекторда;
- ілмекті арматура жағына қарай тармақталудың ауытқуында бу құбырларының
тармақтарында ілмекті арматурадан кейін (бу құбырының тӛменгі нүктелерінде).
Тұрақты құрғатулар бу құбырының тӛменгі нүктелерінде орнатылуы тиіс.
5.5.6.16 Конденсатты жинау жүйелерін жобалаған кезде осы жүйелерге қайтатын
конденсат кӛлемінің 2 %-дан 5 % дейінгі мӛлшерінде ұшпа будың түсу мүмкіндігін ескеру
қажет.
5.5.6.17 Бу мен су араласқан су жылытқыштардан (конденсат бұрғыштар немесе
артық суды реттегіштер - 5.5.1.6 бойынша) және бу құбырларынан (конденсат бұрғыштар
-
5.5.6.15 бойынша) конденсатты бұруға арналған құрылғылар конденсатты алу
нүктелерінен тӛмен орналасуы және олармен конденсатты алуға арналған құрылғы
жағына қарай кем дегенде 0,1 кӛлбеумен тік немесе кӛлденең құбырлармен қосылуы тиіс.
5.5.6.18 Артық суды реттегіштер және конденсат бұрғыштар осы құрылғыларды
жанай ӛтіп конденсатты тастау мүмкіндігін қамтамасыз ететін айналма құбырларға ие
болуы тиіс.
Конденсатты жинауға арналған құбырларда артық қысым болған жағдайларда,
айналма құбырдан кейін конденсат құбырында кері клапанды орнату қарастырылуы тиіс.
Егер конденсат бұрғыштың конструкциясында кері клапан қарастырылса, кері клапан
айналма құбырда орнатылуы тиіс.
5.5.6.19 Конденсат бұрғыштарды таңдаған кезде:
- бу мен су араласқан су жылытқыштардан кейін конденсаттың шығынын - 1,2
коэффициентімен будың ең жоғарғы шығынына тең, ал бу құбырларын құрғату үшін - 2
коэффициентімен бу құбырының құрғатылатын учаскесінде конденсиялайтын будың
максималды мӛлшеріне тең қабылдау керек;
- Р1 конденсат бұрғыштың алдында құбырдағы қысым, МПа, - су жылытқыштың
алдындағы су қысымының 0,95 тең немесе бу құбырының құрғату нүктесіндегі бу
қысымына тең қабылдау керек;
- Р2 конденсат бұрғыштан кейін құбырдағы қысым, МПа, - келесі формула бойынша
анықталады
P2 = a·P1,
(17)
мұнда а - конденсат бұрғыштағы қысымның жоғалуын ескеретін және деректер
болмаған жағдайда 0,6-ға тең қабылданатын коэффициент. Конденсатты еркін тӛккенде Р2
құбырынан шықпадағы қысым 0,01 МПа-ға тең қабылданады, ал ашық бакқа тӛккен кезде
0,02 МПа-ға тең болады.
5.5.6.20 5.4.7 және 5.5.6.18 кӛрсетілген жағдайлардан басқа кері ағынды клапандар
қарастырылады:
49
а) жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінде жылу торабының кері ағынды
құбырына немесе жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде су жылытқыштарға
қосудың алдында ыстық сумен жабдықтау жүйесінің айналма құбырында;
б) ыстық сумен жабдықтау жүйесінің су жылытқыштарының алдында судың жүрісі
бойынша су ӛлшегіштердің артында суық су құбырында;
в) жылумен жабдықтаудың ашық жүйесінде араластыруды реттегіштің алдында
жылу торабының кері ағынды құбырынан тармақталуда;
г) жылыту немесе желдету жүйелерінің беруші және кері ағынды құбырларының
арасындағы жалғастырғыш құбырда осы жүйелердің беруші немесе кері ағынды
құбырында қоспалауыш немесе түзеткіш сорғыларды орнатқан кезде;
д) біреуден асатын сорғыны орнатқан кезде ысырмаға дейін әрбір сорғының
айдаушы келтеқұбырында;
е) айналма құбырда айдаушы сорғыларда;
ж) сорғының болмауында жылыту жүйесінің үстемелеуші құбырында.
Сорғылардың артына орнатылатын кері ағынды клапандарды қайталайтын кері
ағынды клапандарды қарастырмау керек.
5.5.6.21 Гидротығын құбырларының диаметрін, мм, келесі формула бойынша
конденсатты еркін тӛгу шартында анықтау керек
d = 25
G ,
(18)
мұнда G - конденсаттың есептік шығыны, т/с.
Гидротығындағы конденсаттың қорғаныс бағанының биіктігі
2-кесте бойынша
конденсат багындағы, су жылытқыштағы немесе кеңейту бағындағы қысымға байланысты
қабылдануы тиіс.
5.5.6.22 Таратқыш коллектор корпусының кӛлденең қимасының ауданы бұрғыш
құбырлардың кӛлденең қималары аудандарының жиынтығынан кем емес қабылданады, ал
жинақтау коллектордың ауданы жеткізуші құбырлар қималарының ауданынан кем емес
қабылданады.
5.5.6.23 Диаметрі
500 мм асатын коллекторлар үшін жалпақ қондырма
дәнекерленетін бітеуіштерді қолдануға жол берілмейді, қабырғаларымен немесе эллипстік
дәнекерленетін жалпақ бітеуіштер қолданылуы тиіс.
5.5.6.24 Коллекторға жеткізуші және бұрғыш құбырларды тӛменгі жағынан ою
ұсынылмайды.
Таратушы коллектордың жеткізуші құбырын және жинақтау коллекторының
бұрғыш құбырын оюды қозғалмайтын тіректің жанынан қарастыру керек.
50
2-кесте- Гидротығындағы конденсаттың қорғаныс бағанының биіктігі
Қысым, МПа
Конденсат бағанының биіктігі, м
0,01
1,2
0,02
2,25
0,03
3,3
0,04
4,4
0,05
5,5
5.5.6.25 Коллектор түсіру жалғастығы жағына қарай 0,002 кӛлбеумен орнатылады.
5.5.6.26 Коллекторлардағы сақтандыру клапандарын коллекторлардың 150 м асатын
шартты ӛткелінде қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және қауіпсіз пайдалану
ережелеріне сәйкес және
150 мм және одан аз шартты ӛткелде бу және ыстық су
құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес қарастыру керек.
5.5.6.27 Сӛндіргіш клапандарды (шарлы крандарды немесе бұрма жапқыштарын)
сорғыны немесе кері клапанды жӛндеу немесе ауыстыру кезінде жылу тасымалдағышты
бүркемелеу үшін, сонымен қатар жүйені толтырған немесе босатқан кезде сорғылар
арқылы жылу тасымалдағыштың ағуын болдырмау үшін қолдану керек.
Бір немесе қосарланған сорғыны пайдаланған кезде, егер жанында жақын
орналасқан жабдықты пайдаланушылық сӛндіру үшін орнатылған ілмекті немесе ілмекті
реттегіш клапандар болса, сӛндіргіш клапандарды қарастырмауға жол беріледі.
5.5.6.28 Сорғының корпусына кірістірілген ілмекті клапандар болған жағдайда
тазалау үшін кері клапанның артында жылу тасымалдағыштың ағынын сӛндіру
мүмкіндігін қарастыру қажет.
5.5.6.29 Кері клапандарды жұмыс істемейтін (резервтік) сорғы арқылы кері бағытта
жылу тасымалдағыштың айналуына жол бермеу үшін екі және одан асатын сорғыларда
қолдану керек. Жылу тасымалдағыштың қозғалу жүрісі бойынша сорғыдан кейін кері
клапандарды орнату керек.
5.5.6.30 Бір жалғыз немесе бір қосарлы сорғыдан кейін егер жылыту жүйесінің
босауынан қорғау шарты бойынша талап етілмесе, кері клапандарды орнатпауға жол
беріледі.
5.5.6.31 Жылжымайтын тіректер арасындағы құбырлар учаскелерінің иілімділігін
жоғарылату мақсатында жылулық ұзарулардың ӛздігінен ӛтелуіне құбырларды есептеген
кезде учаскенің есептік жылулық ұзаруын 20 %-ға ұлғайту керек.
Құбырларды тӛсеуді еден деңгейінен жоғары қарастыру керек. Арналардың және
жинағыш құдықтардың еденіне орнатуға жол берілмейді.
5.5.6.32 Жалпы ӛнеркәсіптік мақсаттағы және бекітпедегі, кӛміртекті болаттан
дайындалған арматураны қолданған кезде, тасымалдау, сақтау, монтаждау және
пайдалану кезінде болат температурасының минус 30 °С-тан тӛмен түсу мүмкіндігін
болдырмайтын шаралар қадағалануы тиіс.
51
5.5.7 Жылу оқшаулау
5.5.7.1 Жылыту-желдету жабдығын, жылумен-суықпен жабдықтаушы ішкі
жүйелердің құбырларын және ауа құбырларын жылумен оқшаулауды келесілер үшін
қарастыру керек:
- күйік алуды болдырмау;
- жылудың (суықтың) жол берілетіннен тӛмен шығынын қамтамасыз ету;
- ылғалдың конденсациясын болдырмау;
- жылытылмайтын үй-жайларда немесе жасанды түрде салқынданатын үй-жайларда
тӛселетін құбырларда жылу тасымалдағыштың мұздауын болдырмау;
- жарылыс-ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5.5.7.2 Құбырлар, арматура, жабдықтар және фланецтік қосылыстар үшін үй-жайдың
жұмыс немесе қызмет кӛрсету аймағында орналасқан жылу оқшаулау конструкциясының
бетінде температураны қамтамасыз ететін жылулық оқшаулау қарастырылады, 100°С -тан
асатын температурамен жылу тасымалдағыштар үшін -
45°С-тан аспайды, ал 100°С-тан
тӛмен температурамен - 35°С-тан аспайды (үй-жайдағы ауаның 25°С температурасында).
Жылу пункттерінің құбырларын және жабдығын жылумен оқшаулауды жобалаған
кезде ҚР ЕЖ 4.02-102 ережелері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында
қолданыстағы басқа да әрекет етуші нормативтік құжаттарда берілген жылу оқшаулауға
қойылатын талаптар орындалуы тиіс.
5.5.7.3 Типтік жылу оқшаулаушы конструкциялардың негізгі нұсқасы бойынша
нақты объект үшін жылу оқшаулау бойынша жобалық құжаттаманы орындауды
бастағанға дейін жылу оқшаулау жұмыстарын орындайтын ұйыммен қолданылатын
материалдардың жеткізілімін келісу ұсынылады.
Жылулық оқшаулауға арналған материалдар тӛмен жылу ӛткізушілікке және
тоттанудың тӛмен коэффициентіне, суды аз сіңіруге, жоғары электркедергісіне және
жоғары механикалық беріктікке ие болуы тиіс.
Шіритін, сонымен қатар қышқыл, күшті сілтілер, зиянды газдар және күкірт бӛлуге
қабілетті заттардан тұратын материалдарды пайдалануға жол берілмейді.
5.5.7.4 Арматура және фланецтік қосылыстар үшін негізгі жылу оқшаулаушы
қабаттың қалыңдығы олар орнатылған құбырдың негізгі жылу оқшаулаушы қабатының
қалыңдығына тең қабылданады.
Кейін майлы бояумен бояп жылу оқшаулаушы конструкциялардың жабынды қабаты
ретінде асбестцементті сылақты қолдануға жұмыстардың кӛлемі шағын болғанда ғана жол
беріледі.
5.5.7.5 Құбырдың тағайындалуына және ортаның параметрлеріне байланысты
құбырдың беті тиісті түске боялуы және Қазақстан Республикасының аумағында
қолданыстағы бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалану ережелеріне
сәйкес таңбалаушы жазбаға ие болуы тиіс.
Жалғаушы бӛліктерін, арматураны, фасондық бӛліктерін және оқшаулауды,
айырымдық бояуын, шартты белгілерді, жазбалардың орналасуын қосқанда, құбырлардың
ескертуші белгілері және таңбалаушы қалқандары ГОСТ 14202 сәйкес болуы тиіс.
Тілімшелі жылу алмастырғыштарды жылуға тұрақты эмальмен бояу керек.
52
Құбырлардың таңбалаушы қалқандарындағы жазбалар (заттың түрі, температура,
қысым және т.б.) ҚР СТ1125 сәйкес айқын, жақсы айырмалы қаріппен орындалуы тиіс.
5.6 Су дайындау
5.6.1 Жылумен жабдықтаудың жабық жүйесі бойынша (су жылытқыштар арқылы)
жылу тораптарына қосылатын ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған
жүйелерінің құбырларын және жабдығын тоттанудан және қақтың түзілуінен қорғау үшін
жылу пункттерінде қажет болған жағдайда суды ӛңдеу қарастырылады. Алюминий
радиаторларды, әртекті металдардан жасалған құбырларды және фитингтерді
пайдаланатын жылыту жүйелері үшін су дайындау міндетті болып табылады. Тәуелсіз
қосылу тәсімінде ыстық сумен жабдықтау жүйелерін үстемелеу үшін жылу торабынан су
алуға жол берілмейді.
Ыстық сумен жабдықтау құбырларын ішкі тоттанудан қорғауды сондай-ақ негізінен
ең жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін эмалды қорғаныс жабындарымен құбырларды
пайдалану арқылы жүзеге асыру керек. Мырышталған құбырлар су құбырының қызған
суының тоттанушылық кӛрсеткіштеріне байланысты немесе жылу пункттерінде тоттануға
қарсы ӛңдеумен үйлестіріп шектеулі түрде қолданылуы тиіс. Тіреушелерден
тұтынушыларға ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің құбырларын ішкі тартуды
полимерлік материалдардан жасалған термотұрақты құбырлармен жүзеге асыру
ұсынылады.
5.6.2 Жылу тораптарының құбырларын кермекті тұздардың шӛгінділерінен қорғау
үшін пайдаланылу мүмкіндігі техникалық реттеу және халықтың санитарлық-
эпидемиологиялық ахуалы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен
белгіленген тәртіпте расталған су ӛңдеу әдістерін қолдануға жол беріледі.
Суды ӛңдеуді шаруашылық-ауыз су құбырының тораптарынан берілетін судың
сапасына, жобада қабылданған ыстық сумен жабдықтау жүйелері жабдығының және
құбырларының материалына, сонымен қатар техника-экономикалық негіздемелердің
нәтижелеріне байланысты қарастыру керек.
5.6.3 Ыстық сумен жабдықтау жүйесіне түсетін судың сапасы қолданыстағы
нормативтік құжаттарды қанағаттандыруы тиіс.
Тұтынушыларға берілетін суды тоттануға қарсы және қақтың түзілуіне қарсы ӛңдеу
оның сапасын нашарлатпауы тиіс.
5.6.4 Ыстық сумен жабдықтау жүйесіне түсетін сумен тікелей түйісетін суды ӛңдеу
үшін қолданылатын реагенттер мен материалдар шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау
тәжірибесінде пайдалану үшін санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беруі тиіс.
5.6.5 Суды ӛңдеу тәсілін П қосымшасына сәйкес таңдау керек.
Оң қанығу индексімен, 4 мг-экв/л аспайтын карбонаттық кермектілікпен, 50 мг/л
аспайтын хлоридтердің және сульфаттардың жиынтықты мӛлшерімен, 0,3 мг/л аспайтын
темір мӛлшерімен бастапқы суда жылу пункттерінде суды ӛңдеуді қарастыру талап
етілмейді.
5.6.6 П қосымшасының талаптарына сәйкес су ӛңдеуді, әдетте, ОЖП-де қарастыру
керек. ЖЖП-де суды магниттік, силикаттық және ультрадыбысты ӛңдеуге жол беріледі.
Ыстық сумен жабдықтаушы су жылытқыштар түтіктерін магнитті немесе ультрадыбысты
53
ӛңдеуді қолдану арқылы карбонаттық қақтың түзілуінен қорғау үшін су ӛңдеуді
қарастыру керек.
5.6.7 Суды темірсіздендіру ашық түстендіруші сүзгілерде қарастырылуы тиіс
(сульфокӛмірмен батырылатын стандартты катионитті сүзгілерді пайдалану керек).
Темірсіздендіруші сүзгілерге түсетін су су құрамындағы 1 мг қосвалентті темірге
кем дегенде 0,6 мг О2 тұруы тиіс.
Суда оттектің қажетті мӛлшері болмаған жағдайда, 1 мг қос валентті темірге 0,9 мг
О2 аспайтын оттектің мӛлшеріне дейін сүзгінің алдында құбырға эжектордың кӛмегімен
атмосфералық ауаны қосып немесе сығымдалған ауа беріп, су аэрациясын жүргізу керек.
Сүзгілеуші қабаттың сипаттамалары және ашық түстендіруші сүзгілердің
технологиялық кӛрсеткіштері Р қосымшасында келтірілген.
5.6.8 Судың магниттік ӛңделуін электрмагниттік аппараттарда немесе тұрақты
магнитті аппараттарда жүзеге асыруға жатады.
5.6.9 Темірсіздендіруші сүзгілерді және магниттік аппараттарды таңдаған кезде
қабылдау керек:
- ӛндірімділік - ыстық сумен жабдықтауға судың ең жоғарғы сағаттық шығыны
бойынша, т/с;
- саны - резервсіз талап етілетін ӛндірімділік бойынша;
5.6.10 магниттік аппараттың жұмыс саңылауында магниттік ӛрістің кернеулігі
159 000 А/м аспауы тиіс.
Электрмагниттік аппараттардың қолданған жағдайда токтың күші бойынша
магниттік ӛрістің кернеулігін бақылауды қарастыру қажет.
5.6.11 Судың деаэрациясымен жылу пункттерінде ыстық сумен жабдықтау жүйелері
үшін бак-аккумуляторларды орнатқан кезде саңылаусыздандырушы сұйықтықтарды
қолдану арқылы бактардың ішкі бетін тоттандырудан және ондағы суды аэрациядан
қорғауды қарастыру қажет. Бактың конструкциясында саңылаусыздандырушы
сұйықтықтың ыстық сумен жабдықтау жүйесіне түсуін болдырмайтын құрылғыны
қарастыру керек.
Судың деаэрациясы үшін ГОСТ 16860 бойынша термиялық, әдетте ағынды тік
деаэраторлар қабылдануы тиіс.
Газ қоспаларынан вакуумдық тазалау үшін деаэраторларды пайдалануға жол
беріледі:
а) бастапқы судың карбонаттық кермектілігі 2-ден 4 мг-экв/л дейін болатын ағынды
жалпақ дискілі колонкалармен;
б) карбонаттық кермектілігі 2 мг-экв/л дейінгі суда қондырма керамикалық сақиналы
колонкалармен;
в) карбонатты кермектілігі 4-тен 7 мг-экв/л дейін болатын суда суды магниттік
ӛңдеумен үйлестіріп, ағынды жалпақ дискілі колонкалармен.
Бастапқы судың карбонаттық кермектілігі 2 мг-экв/л дейін болатын атмосфералық
деаэраторларда ағынды жалпақ дискілі колонкаларды қолдануға жол беріледі.
5.6.12 Деаэратордың ӛндірімділігі, т/с, ыстық сумен жабдықтауға судың орташа
шығыны бойынша қабылданады. Деаэраторлар саны резервсіз минималды болуы тиіс.
5.6.13 Ашық ауада үй-жайдан тыс деаэрациялық колонкаларды орналастыру
ұсынылмайды.
54
5.6.14 Судың деаэрациясы кезінде деаэрациялық бактар ретінде арынсыз (ашық) бак-
аккумуляторларды қарастыру керек. Егер соңғылары ыстық сумен жабдықтау жүйесінде
талап етілетін болса, деаэраторлық бактарды орнатуға кеңес берілмейді.
5.6.15 Деаэраторлық қондырғымен жылу пункттерінде деаэраторды жанай ӛтіп
ыстық сумен жабдықтау жүйесіне суды беру мүмкіндігін қарастыру керек.
5.6.16 Ашық бак-аккумулятормен деаэраторлық колонканы орнату биіктігін бактағы
судың жоғары деңгейінде бактағы колонкаға деаэрацияланған судың ӛздігінен ағып
келуін қамтамасыз ететін шарттан қабылдау керек.
5.6.17 Деаэрациялық колонкадан бак-аккумуляторға су саңылаулы құбырлар арқылы
судың минималды деңгейінде бактың тӛменгі бӛлігіне беріледі. Саңылаулар кӛлденең
жазықтықта құбырды бойлап орналасады.
5.6.18 Вакуумдық деаэратордың міндетті элементтері конденсацияланбайтын
газдарды бұру және деаэраторда вакуумды қолдауға арналған газ сорушы құрылғы және
буды салқындатқыш болып табылады.
Газ сорушы құрылғы ретінде жұмыстық су багымен және сорғылармен су ағынды
эжекторларды қарастыру керек. Сорғылармен су ағынды эжекторлардың орнына
вакуумды сорғыларды қолдануға жол беріледі.
Сорғылардың және эжекторлардың санын әрбір деаэрациялық колонкада кем
дегенде екеу қарастыру керек, олардың біреуі резервтік болып табылады.
5.6.19
Бак-аккумуляторлардың ішкі бетін тоттанудан және олардағы
деаэрацияланған суды аэрациядан қорғау үшін, әдетте, саңылаусыздандырушы
сұйықтықты қолдану керек.
Тоттануға қарсы жабындардың
(мысалы, мырыш силикатты композицияның
негізінде), кӛбіктенетін полимерлік материалдан жасалған антиаэрациялық қалқымалы
шариктермен үйлестіріп металданған жабындардың, катодтық қорғаныстың кӛмегімен
бактарды тоттанудан және суды аэрациядан қорғау комбинациясын қолдануға жол
беріледі.
Вакуумдық деаэрация болмаған жағдайда бактағы суды аэрациядан қорғау талап
етілмейді, ал бактардың ішкі беті қорғау жабындарын немесе катодтық қорғанысты
қолдану есебінен тоттанудан қорғалуы тиіс.
5.6.20 Деаэрациямен бірге жүзеге асырылатын, судың силикатты ӛңделуін және
оның сілтіленуін
(П қосымшасын қараңыз) бастапқы суға ГОСТ
13078 бойынша
дайындалатын сұйық натрийлі әйнек ерітіндісін қосу арқылы қарастыру керек. Сұйық
натрийлі әйнектің силикатты модулі 2,8-3,2 шегінде болуы тиіс, бұл жағдайда модульдің
аз мәнін қанығудың теріс индексімен, үлкен мәнін - қанығудың оң индексімен бастапқы
суда қабылдау керек. Кремний қосылыстарының шектік рауалы концентрациясы (ШРК)
2
2
50 мг/л (SiO
-ға қайта есептегенде). Кӛрсетілген шамаға бастапқы судағы
SiO
бастапқы
3
3
концентрациясы және енгізілетін сұйық натрийлі әйнектің мӛлшерлемесі кіреді.
Осы ережелер жинағының 5.6.4 ережесін қанағаттандыратын басқа реагенттермен де
сілтілендіруді жүзеге асыруға жол беріледі.
5.6.21 Суды силикатты ӛңдеу үшін енгізілетін сұйық натрийлі әйнектің
мӛлшерлемесін С қосымшасы бойынша қабылдау керек.
55
Суды сілтілендіру үшін бастапқы суға 1 мг байланыстырушы кӛмірқышқылға (СО2)
2
2,8 мг мӛлшеріндегі
( SiO
-ға қайта есептегенде) сұйық натрийлі әйнекті енгізуді
3
2
қарастыру керек, бірақ бастапқы судағы
SiO
бастапқы концентрациясын ескере отырып,
3
50 мг/л асырмайды.
5.6.22 Суды сілтілендіру және силикатты ӛңдеу үшін сұйық натрийлі әйнектің
ерітіндісін мӛлшерлеу резервсіз орнатылатын ығыстырғыш шайбалық мӛлшерлегіштің
кӛмегімен қарастырылады. Автоматтандырылған плунжерлік сорғы-мӛлшерлегіштерді
қолдануға жол беріледі.
5.6.23 Суға сұйық натрийлі әйнек ерітіндісін енгізу орнын қарастыру керек:
- 4 мг-экв/л дейінгі бастапқы судың карбонаттық кермектілігінде - су жылытқышқа
дейін суық су құбырында;
-
4 мг-экв/л асатын карбонаттық кермектілікте және орталықтандырылған ыстық
сумен жабдықтау жүйесінде айналма құбыр болғанда
- айналма құбырды қосудың
алдында тікелей қыздырылатын су құбырына, ал айналдырма құбыр болмаған жағдайда -
су жылытқыштан кейін ыстық су құбырына.
5.6.24 Ӛңделген судың сапасын технологиялық бақылау үшін ӛңделген су
құбырларында Dу =15 мм шартты диаметрлі крандармен жалғастықтарды орнатуды
қарастыру қажет.
Сынама алынатын құбырларда сынамаларды 40 °С дейін салқындатуға арналған
тоңазытқыштар қарастырылуы тиіс. Суда еріген оттектің және темірдің болуын бақылаған
жағдайда, сынамаларды іріктеу жалғастығы, жеткізуші құбыр және тоңазытқыштың ирек
құбыры тоттануға тұрақты материалдардан қарастырылуы тиіс.
5.6.25 Алюминий радиаторларды пайдаланған кезде
(арнайы сертификаттары
барларын қоспағанда) судың pH
>
7 параметрімен жылыту жүйелерінде әртекті
металдардан жасалған құбырларды және фитингтерді қолдануға тыйым салынады.
Әртекті металдардан алюминий радиаторларды, құбырларды және фитингтерді
пайдаланған кезде судың pH > 7 параметрімен жылыту жүйелері үшін су дайындау
міндетті болып табылады. Осындай жүйелердің суын дайындаудың негізгі әдісі тоттану
ингибиторларын қосу болып табылады.
5.7 Жылыту, желдету, су құбыры және канализация
5.7.1 Жылу пункттерін жылытуды, желдетуді, су құбырын және канализацияны
жобалаған кезде ҚР ЕЖ 4.02-101 талаптарын, сонымен қатар осы бӛлімнің нұсқауларын
орындау керек.
5.7.2 Егер жабдықтан және құбырлардан жылудың бӛлінуі үй-жайларды жылыту
үшін жеткілікті болса, осы үй-жайларды жылыту қарастырылмайды.
Жеке тұрған жылу пункттерінің жылыту жүйелерін орнату қажет болғанда, бұл
жүйелерді артық кернеуді басу үшін диафрагманы орнатумен жылу пунктінен шыға
берістегі жылу тораптарының құбырларына қосу керек.
5.7.3 Жылу пункттерінде құбырлардан және жабдықтан жылудың бӛлінуі бойынша
анықталатын, ауа алмасуға есептелген тарту-шығару желдеткіші қарастырылуы тиіс.
56
5.7.4 Жылдың суық және ӛтпелі кезеңдерінде жұмыс аймағындағы ауаның
температурасы 28 °С-тан аспауы тиіс, ал жылдың жылы мезгілінде А параметрлері
бойынша (жылдың жылы мезгілінде желдету жүйелеріне арналған параметр) сыртқы
ауаның есептік температурасынан 5 °С-тан аспауы тиіс.
5.7.5 Тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға жылу пункттерін орналастырған
кезде жылу пунктініңүй-жайынан онымен жалғас үй-жайға жылудың түсуін тексеру
есебін жүргізу керек. Осы үй-жайларда ауаның жол берілетін температурасы жоғарылаған
жағдайда жалғасып жатқан үй-жайлардың қоршау конструкцияларын қосымша жылудан
оқшаулау бойынша шараларды қарастыру керек.
5.7.6
0,7 МВт
-тан кем жүктемемен және тордан немесе металл шарбақтан
қоршауларға ие жеке ғимараттардың (ғимараттар бӛлігінің) кіріктірме жылу пункттері
үшін тартушы-шығарушы желдеткіш құрылғысы талап етілмейді.
Осындай пункттерде су құбырындық айдаушы сорғыларды орналастыруға жол
берілмейді, жылыту және ыстық сумен жабдықтау сорғылары резервсіз орнатылады.
5.7.7 ЖЖП-тін беруші және кері ағынды құбырлардың барлық параметрлерін
кӛрсетумен, ең жоғарғы шығынды шектеумен жылу торабын пайдалануға
ұйымдастырудың техникалық шарттары бойынша және есепке алу түйініне техникалық
шарттар бойынша жобалау керек.
5.7.8 Жылу тұтыну жүйелерінде және жылу пункттерінде құбырларды тазалауды су
құбырының суымен немесе сығылған ауамен жүргізу керек.
5.7.9 Жылу тұтыну жүйелерінің және жылу пункттерінің жабдығын және
құбырларды босату ағынның құйғыш, раковина немесе су жинақтағыш құдық арқылы
ажырауымен канализацияға ӛздігінен ағуы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Жүйелердің
ӛздігінен ағып босауын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, қолмен сорғы немесе
электр жетекті сорғы қарастырылуы тиіс.
Конденсаттық бактарды босатуды арынды конденсат құбырмен қарастырады, су
жинақтау құдығына бактағы сорғылардың сорушы келте құбырларының деңгейінен тӛмен
қалған конденсатты тӛгуді қарастыруға жол беріледі.
5.7.10 Егер жылу тораптарының су ағу немесе ілеспе құрғату, канализация жүйесінің
белгілері осы жүйелерге кездейсоқ сулардың ӛздігінен ағуын жүзеге асыруға рұқсат
беретін болса, жылу пунктінің еденінде басқышты немесе кездейсоқ сулардың ӛздігінен
ағуын бұру мүмкін болмаған жағдайда су жинақтаушы құдықтарды қарастыру керек.
5.7.11 Канализация, су ағу немесе ілеспе құрғату жүйесіне су жинақтау құдығынан
суды айдау үшін бір құрғатушы сорғы (резервсіз) қарастырылуы тиіс.
Жерасты жылу пункттерінде электржетекті екі құрғату сорғысы қарастырылуы тиіс,
олардың біреуі резервтік. Жылу тұтыну жүйелерін шаю үшін құрғату сорғысын
пайдалануға жол берілмейді.
57
5.8 Электрмен қамтамасыз ету, жарықтандыру және электр қондырғылары
5.8.1 Жылу пункттерін электрмен қамтамасыз ету және электр қондырғыларын
жобалаған кезде Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы Электр
қондырғыларды орнату ережелерінің талаптарын және осы бӛлімнің нұсқауларын
басшылыққа алу керек.
Жылу пункттерінің жабдығын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша
шаралар ГОСТ 12.2.003 сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
5.8.2 Электрмен жабдықтаудың сенімділігі тұрғысында жылу пункттерін оларға
жылыту, желдету және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің айдаушы қоспалауыш және
айналдырма сорғыларын, сонымен қатар жылу басқару кезінде ілмекті арматураны
орнатқанда ІІ санаттағы электрқабылдағыштарға жатқызу керек.
5.8.3 Орталық жылу пункттерінде кӛзбен жұмыс істеудің VI разряды үшін
жұмыстық жасанды жарықтандыруды және апаттық жарықтандыруды қарастыру керек.
5.8.4 Электрлік тораптар дәнекерлеу аппараттарының және электрмеханикалық қол
сайманының жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
5.8.5 Жерасты ОЖП үшін сорғылармен және электр жетектермен ысырмаларды
жергілікті басқару жердің жоспарлық белгісінен тӛмен емес биіктікте орналасқан
қалқаннан қашықтықтан басқарумен қайталануы тиіс.
5.8.6 Электржабдық ылғалды үй-жайларда, ал жерастындық кірістірілген және
жапсарлас салынған жылу пункттерінде - сызды үй-жайларда жұмыс істеу үшін Қазақстан
Республикасының аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына жауап
беруі тиіс.
5.8.7 Кернеулі емес электрқондырғылардың металл бӛлшектері үшін жерлендіру
қарастырылуы тиіс. Енгізу-тарату панельдерінде жеткізуші кабельдерді сӛндірмей басқа
қорек кӛздерін немесе жылжымалы электрстанцияларын қосу мүмкіндігін қарастыру
керек.
5.8.8 Жылу пунктіндегі жарық ылғалдан қорғалып жасалуы тиіс. Кіріктірме ЖЖП
үшін жарықты сӛндіргіш кіретін есіктің сыртында орнатылады.
5.8.9 Жобаланатын жылу пункттерінде құбырлардың және сорғылардың
потенциалдарын теңестіру схемаларын орындау міндетті болып табылады. Кіріктірме
ЖЖП-де әлеуетті теңестіру схемасын ғимараттың әлеуетін теңестіру жүйесіне қосу
керек.
5.8.10 Қызмет кӛрсетуші қызметкерлерді электр тогының соғуынан, электр
доғасының әсерінен және т.б. қорғау үшін барлық электрқондырғылар электр
қондырғыларында пайдаланылатын қорғаныс құралдарын қолданудың және сынаудың
қолданыстағы ережелеріне сәйкес қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар алғашқы кӛмек
кӛрсету құралдарымен жабдықталуы тиіс.
58
5.9 Автоматтандыру және бақылау
5.9.1 Автоматтандыру және бақылау құралдары тұрақты қызмет кӛрсету
қызметкерінсіз жылу пункттерінің жұмысын қамтамасыз етуі тиіс (қызметкердің жұмыс
уақытының 50 %-нан аспайтын уақыт болуымен).
5.9.2 Жылу пунктін автоматты реттеу жүйесі дегенде бақылаушыны, жетектермен
реттеуші клапандарды, температура датчиктерін, қажетті жалғаушы кабельдерді, сонымен
қатар қысымды, қысымның ӛзгерісін реттегіштерді, тікелей әсер ететін температура
реттегіштерді және басқаларын қамтитын жиынтықты жүйе түсініледі.
5.9.3 Негізінен электрлі реттеуші аппаратура қолданылуы тиіс. Ыстық сумен
жабдықтау жүйесінің беруші құбырында судың температурасын, жылу пункті
схемасының әртүрлі нүктелеріндегі қысымды және жылытуға қысым ӛзгерісінің
тұрақтылығын реттеген кезде тікелей әсер етуші гидравликалық реттегіштерді қолдануға
жол беріледі.
Жылу тасымалдағышты тӛгуді қарастыратын гидравликалық реттеуші аппаратураны
қолдануға жол берілмейді.
5.9.4 Жылумен жабдықтаудың жабық және ашық жүйелерінің жылу пункттерін
автоматтандыру келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
- ыстық сумен жабдықтау жүйесіне келетін судың берілген температурасын қолдау;
- жылытылатын үй-жайлардағы ауаның берілген температурасын қолдау мақсатында
сыртқы ауа параметрлерінің ӛзгеруіне байланысты жылыту жүйелерінде жылудың (жылу
ағынының) берілуін реттеу;
- жылытуға максималды жылу ағынының
15
%-нан кем болатын желдетуге
максималды жылу ағынымен жеке тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар мен ықшам
аудандар үшін жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерін жылытуға жылудың шығынын
реттегіштің клапанын бүркемелеу арқылы немесе жылытуға ең жоғарғы жылу ағынының
15 %-нан асатын желдетуге максималды жылу ағынымен ӛнеркәсіптік ғимараттарды,
сонымен қатар тұрғын ықшам аудандарды және қоғамдық ғимараттарды жылумен
жабдықтаудың жабық жүйелерінің және жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінің жылу
пункттерінде ыстық сумен жабдықтау жүйесіне келетін судың температурасын
реттегіштің клапанын жабу арқылы жылу торабынан жылу пунктіне судың ең жоғарғы
шығынын шектеу. Беруші құбырда клапанмен арнайы реттегішті орнату арқылы жылу
торабынан жылу пунктіне судың ең жоғарғы шығынын шектеуге жол беріледі. Осы рӛлді
жылытуға жылудың шығынын реттегіштер болмағанда су жылытқыштың ІІ сатысының
жалғастырғышына (8-суретті қараңыз) және Б жалғастырғыштың жабық ысырмасына
орнатылатын су шығынының тұрақтылығын реттегіш орындайды;
- қысымның іс жүзіндегі ӛзгерісі талап етілетіннен 200 кПа -дан аса жоғарылаған
кезде ОЖП-не немесе ЖЖП-не кірмеге жылу тораптарының беруші және кері кернеуді
құбырларында су қысымының талап етілетін ӛзгерісін қолдау;
- мүмкін болатын тӛмендеуінде жылыту жүйесінің кері кернеуді құбырдағы ең
тӛменгі берілген қысым;
- жылытуға жылудың шығынын реттегіштер болмағанда, жылумен жабдықтаудың
жабық жүйелерінде жылыту жүйелерінің беруші және кері кернеуді құбырларда (7, 8
суреттерді қараңыз), сонымен қатар
20
% асатын шектерде арынның ӛзгеруімен
59
сипатталатын түзетуші сорғыларды орнатуда (жұмыстық шығындардың диапазонында) ,
жылу торабының кері ағынды және беруші құбырлары арасындағы жалғастырғышта (1,2
суретті қараңыз) су қысымының талап етілетін ӛзгерісін қолдау;
- тәуелсіз қосылуы жағдайында жылу тұтыну жүйелеріндегі статикалық қысымды
қолдау үшін үстемелеуші құрылғыларды қосу және сӛндіру;
- жол берілетін параметрлердің жоғарылауы мүмкіндігінде жылу тұтыну жүйелерін
қысымның немесе осы жүйелердің құбырларында су температурасының жоғарылауынан
қорғау;
- ыстық сумен жабдықтау жүйесінде судың берілген қысымын қолдау;
- түзетуші сорғыларды қосу және сӛндіру;
- жұмыстық сорғыны сӛндірген кезде резервтік сорғының қосылуын блоктау;
- жылыту жүйесін босаудан қорғау, жүйелерді тәуелсіз қосу жағдайында бактағы
жоғары деңгейге жеткенде тұрақты температурадағы бак-аккумуляторға немесе ашық
кеңейткіш бакқа судың берілуін тоқтату және тӛменгі деңгейге жеткенде үстемелеуші
құрылғыларды қосу;
- жылыту жүйелерінің тәуелсіз қосылуында бактағы жоғарғы деңгейге жеткенде бак-
аккумуляторға немесе кеңейтуші бакқа судың берілуін тоқтату және тӛменгі деңгейге
жеткенде үстемелеуші құрылғыларды қосу;
- құрғатушы жинақтау құдығында судың берілген деңгейлері бойынша жерасты
жылу пункттеріндері құрғату сорғыларын қосу және сӛндіру.
Ескертпе
- Деаэрациялық қондырғыларды автоматтандыруды қазандық қондырғыларына
қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес қарастыру ұсынылады.
5.9.5 Тұтынушылар судың шығынын және жылу ағындарын есепке алуы үшін
Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы жылу энергиясын босатуды есепке
алу ережелеріне сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптары қарастырылуы тиіс.
5.9.6 Жылу тораптарына жылыту тораптарын тәуелсіз қосқан кезде жүйелерді
үстемелеуге арналған құбырда ыстық су ӛлшегішті қарастыру керек.
5.9.7 Шығын ӛлшегіштер және су ӛлшегіштер Л қосымшасы бойынша жылу
тасымалдағыштың максималды сағаттық шығынына есептелуі және ӛлшеудің жоғарғы
шегінің стандартты мәні максималды сағаттық шығынның мәніне қатысты жақын
болатындай түрде іріктелуі тиіс.
5.9.8 Жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінде және ыстық сумен жабдықтау
жүйелерінде сынаптық дифманометрлерді қолдануға жол берілмейді.
5.9.9 Шығын ӛлшегіштердің ӛлшеу құрылғыларына дейін және одан кейін құбырдың
тік учаскелерінің ұзындығы аспаптардың нұсқаулықтарына сәйкес анықталуы тиіс.
5.9.10 Тұтынушыға жылулық кӛзінен бірнеше әртүрлі параметрдегі буды берген
кезде қайтарылатын конденсатты есепке алу үшін конденсаттық сорғылардан кейін жалпы
конденсат құбырында бір шығын ӛлшегішті қарастыруға жол беріледі.
5.9.11
2,3 МВт асатын жылу шығынымкен жылу пункттерінде, әдетте, келесі
бақылау-ӛлшеу аспаптары қарастырылуы тиіс:
60
а) ӛздігінен жазатын манометрлер - сулы жылу тораптарының, бу құбырларының
және конденсат құбырларының беруші және кері ағынды құбырларының жылу торабына
кірмедегі ілмекті арматурадан кейін;
б) келесілерді кӛрсетуші манометрлер:
- сулы жылу тораптарының, бу құбырларының және конденсат құбырларының жылу
пунктіне кірмедегі ілмекті арматураға дейін;
- сулы жылу тораптарының және бу құбырларының таратушы және жинақтаушы
коллекторларында;
- араластыру түйінінен кейін;
- редукциялық клапандарға дейін және кейін бу құбырларында;
- қысым реттегіштерге дейін және кейін сулы жылу тораптарының құбырларында
және бу құбырларында;
- жылу тұтыну жүйелеріне әрбір тармақталуда ілмекті арматурадан кейін беруші
құбырларда және ілмекті арматураға дейін кері ағынды құбырларда - жылу тұтыну
жүйелерінен;
в) манометрлерге арналған жалғастықтар - тазалау қондырғыларына, сүзгілерге
және су ӛлшегіштерге дейін және олардан кейін;
г) ӛздігінен жазатын термометрлер - сулы жылу тораптары құбырларының, бу
құбырларының және конденсат құбырларының жылу пунктіне кірмеде ілмекті
арматурадан кейін;
д) келесілерді кӛрсетуші термометрлер:
- сулы жылу тораптарының және бу құбырларының таратушы және жинақтаушы
коллекторларында;
- араласу түйінінен кейін сулы жылу тораптарының құбырларында;
- ысырманың алдында судың жүрісі бойынша әрбір жылу тұтыну жүйесінен беруші
және кері ағынды құбырларда.
5.9.12 2,3 МВт дейінгі жылу шығынымен жылу пункттерінде қарастырылуы тиіс:
а) келесілерді кӛрсететін манометрлер:
- сулы жылу тораптары құбырларының, бу құбырларының және конденсат
құбырларының жылу пунктіне кірмедегі ілмекті арматурадан кейін;
- араласу түйінінен кейін;
- сулы жылу тораптары құбырларында және бу құбырларында қысым реттегіштерге
дейін және олардан кейін;
- редукциялық клапандарға дейін және кейін бу құбырларында;
- жылу тұтыну жүйелеріне әрбір тармақталудағы ілмекті арматурадан кейін беруші
құбырларда және ілмекті арматураға дейін кері ағынды құбырларда
- жылу тұтыну
жүйелерінен;
б) манометрлерге арналған жалғастықтар:
- сулы жылу тораптары құбырларының, бу құбырларының және конденсат
құбырларының жылу пунктіне кірмедегі ілмекті арматураға дейін;
- тазалау қондырғыларына, сүзгілерге және су ӛлшегіштерге дейін және олардан
кейін;
в) келесілерді кӛрсететін термометрлер:
61
- сулы жылу тораптары құбырларының, бу құбырларының және конденсат
құбырларының жылу пунктіне кірмедегі ілмекті арматурадан кейін;
- араласу түйінінен кейін сулы жылу тораптарының құбырларында;
- ысырмалардың алдында судың жүрісі бойынша жылу тұтыну жүйелерінен кері
ағынды құбырларда.
г) тіркеуші есептеуіштер және термометрлер - беруші және кері ағынды құбырларда;
д) шығын ӛлшегіштер немесе су ӛлшегіштер - бастапқы және екіншілікті жылу
тасымалдағыштардың құбырларында.
5.9.13 Кӛрсетуші манометрлер мен термометрлер ыстық сумен жабдықтау және
жылыту жүйелерінің су жылытқыштарының әрбір сатысы үшін қыздыратын және
жылытылатын су құбырларының кірмесінде және шықпасында қарастырылуы тиіс.
5.9.14 Кӛрсетуші манометрлер сорушы сорғылардың алдында және сорғылардың
айдаушы келтеқұбырларынан кейін қарастырылуы тиіс.
5.9.15 Ӛздігінен жазатын термометрлерді және манометрлерді орнатқан кезде
олардан басқа аталған құбырларда кӛрсетуші манометрлерге арналған жалғастықтарды
және термометрлерге арналған гильзаларды қарастыру керек.
5.9.16 Жылу шығынын есепке алу аспаптары ӛздігінен жазатын немесе кӛрсететін
шығын ӛлшегіштермен, термометрлермен және манометрлермен жиынтықталған
жағдайда, қайталанатын бақылау-ӛлшеу аспаптарын қарастырмауға болады.
5.9.17 Тұтынушылардағы коммерциялық есепке алу түйіндерінде ӛлшеуге жататын
жылу тасымалдағыштардың және жылу энергиясының физикалық шамаларының тізбесі:
- әрбір беруші құбыр
(бу құбыры) бойынша тұтынушымен алынған жылу
тасымалдағыштың жылу энергиясы және мӛлшері (массасы, кӛлемі);
- әрбір кері ағынды құбыр (конденсат құбыры) бойынша тұтынушымен қайтарылған
жылу тасымалдағыштың жылу энергиясы және мӛлшері (массасы, кӛлемі);
- әрбір жеке жылу магистралы
(жеке кірме) бойынша жылумен жабдықтаушы
ұйымнан тұтынушымен алынған жылу тасымалдағыштың жылу энергиясы және мӛлшері
(массасы, кӛлемі);
- тұтынушы жылумен жабдықтаушы ұйымнан жалпы алған және ыстық (тораптық)
суда және буда (параметрлер бойынша) бӛлек алған жылу тасымалдағыштың жылу
энергиясы және мӛлшері (массасы);
- жылу тұтыну жүйелерінің екіншілікті контурын үстемелеу үшін (ОЖП-нен кейін)
жылумен жабдықтаушы ұйыммен берілетін торап суының температурасы, қысымы және
мӛлшері (массасы);
- аспаптардың жұмыс істеу уақыты.
5.9.18 Конденсатты жинау және қайтару қондырғыларын автоматтандыру және
бақылауды конденсаттық сорғы орындарына арналған ҚР ЕЖ
4.02-104 кӛрсетілген
кӛлемде қарастыру керек.
5.9.19 Деаэрациялық қондырғылар үшін келесі бақылау-ӛлшеу аспаптарын:
кӛрсетуші термометрлерді, бактардағы судың деңгейін кӛрсеткіштерді, кӛрсетуші және
ӛздігінен жазатын манометрлерді қарастыру керек.
5.9.20 Жергілікті басқару қалқанында резервтік сорғыларды қосу және келесі шектік
параметрлерге жету туралы жарық дабылын қарастыру керек:
62
- ыстық сумен жабдықтау жүйесіне келген судың температурасы (ең тӛменгі - ең
жоғарғы);
- әрбір ғимараттың жылыту жүйесінің кері ағынды құбырларындағы немесе ОЖП-
нен шықпада таратушы жылыту тораптарының кері ағынды құбырындағы қысым (ең
тӛменгі - ең жоғарғы);
- ОЖП-не кірмеде және шықпада жылу торабының беруші және кері ағынды
құбырларындағы қысымның ең тӛменгі ӛзгерісі;
- бактардағы және су жинаушы құдықтардағы судың немесе конденсаттың
деңгейлері;
- кірмедегі беруші және кері ағынды құбырлардың шығындарын есепке алудың
технологиялық сигналының айырмашылығы бойынша «жылыстау релесініңª кӛрсетулері.
Жылытуға жылудың шығынын реттегіштерді қолданған кезде реттелетін
параметрдің берілген ауытқу шамасының жоғарылауы туралы сигнализацияны қарастыру
керек.
5.9.21 Жылу пункттерінде қарастырылатын автоматтандыру жүйесімен қолдау
кӛрсетілетін тұтынушылардағы жылытуға жылу беруді реттеу графиктерін есептеу
әдістемесі Т қосымшасында келтірілген. Осы графиктерді есептеген кезде бастау кӛздегі
жылудың босатылуын реттеудің қабылданған режимін, ғимараттар мен құрылыстардың
үй-жайларында ішкі жылу бӛлінісін, метеорологиялық шарттарды және т.б. ескеру керек.
5.10 Диспетчерлендіру және байланыс
5.10.1 Жылу тасымалдағыштың параметрлерін және жабдықтың жұмысын
қашықтықтан бақылау жылу тораптары кәсіпорындарының диспетчерлік пункттерінде,
тұрғын ауданның, ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кәсіпорнының біріккен
диспетчерлік қызметімен
(БДҚ) немесе жылу кӛзін басқару қалқанында жүзеге
асырылады.
Қуаттылығы
35 МВт және одан аз қуаттылықпен қазандықтардан жылумен
жабдықтаған кезде диспетчерлендіруді қарастыру ұсынылмайды.
5.10.2 Диспетчерлендіру жүзеге асырылады:
-
5.9.20-т. қарастырылған жұмыс режимдерінің бұзылуы туралы ортақ бір жарық
дыбысты сигналдың берілуі арқылы апаттық-ескерту сигнализациясымен;
- қашықтықтан басқарумен;
-
телемеханикаландырумен,
әдеттегідей,
жылумен
жабдықтаудың
телемеханикаландырылған жүйелерінде.
БДҚ ӛнеркәсіп немесе ауыл шаруашылығы кәсіпорнында болмаған жағдайда, ОЖП-
дегі жеке жылу пункттерінен апаттық-ескертуші сигнализацияны қарастыру керек.
5.10.3 Қашықтықтан басқаруды 5.4.18, 5.4.19 сәйкес жылытуға және ыстық сумен
жабдықтауға жылудың шығынын реттейтін клапандар үшін және басқа арматура мен
жабдық үшін негізделген жағдайда қарастыру керек.
5.10.4 Телемеханикаландыру кезінде қарастырылады:
а) жылу тасымалдағыштың келесі параметрлерін шақыру бойынша телеӛлшеу:
- ОЖП-не кірмеде немесе ОЖП болмаған жағдайда, ЖЖП-не кірмеде жылу жылу
торабының беруші құбырындағы судың температурасы. Тұрғын үйлер және қоғамдық
63
ғимараттар үшін жылудың бір кӛзінен жылумен жабдықтағанда осы ықшам аудандағы
барлық ОЖП және ЖЖП үшін бір температура телеӛлшеуі қарастырылады;
- әрбір ғимараттың жылыту жүйесінің беруші және кері ағынды құбырларындағы
судың температурасы;
б)
5.9.20 қарастырылған жұмыс режимдерінің бұзылуы туралы ортақ жарық
дыбысты сигналды беру арқылы телесигнализация;
в) 5.10.3-т. кӛрсетілген кӛлемде негізделу жағдайында телебасқару.
5.10.5 Жылудың шығыны
2,3 МВт және одан асатын жылу пункттерінде
диспетчерлік пунктпен телефон байланысын қарастыру керек, мобильді цифрлық
байланысты ұйымдастыруға жол беріледі.
5.11 Жылу пункттеріндегі қондырғылар жұмысынан болатын шу мен діріл
деңгейін тӛмендету бойынша талаптар
5.11.1 Осы бӛлімнің талаптары кірістірілген жылу пункттері бар және жылу
пункттеріне
жақын
орналасқан
ғимараттарда
ГОСТ
12.1.003,
ГОСТ 12.1.012 және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттармен жол берілетін
шу және діріл деңгейлерінің асып кетуін болдырмау мақсатында қадағалануы тиіс.
Ескертпе - Осы бӛлімнің талаптары егер олар жылу пунктін жобалауға техникалық тапсырмамен
қарастырылған болса, ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылу пункттеріне таралады.
5.11.2 Сорғылармен жабдықталатын жылу пункттерін тұрғын пәтерлердің, мектепке
дейінгі балаларға арналған мекемелердің жатын және ойын үй-жайларының, мектеп-
интернаттардың, қонақүйлердің, жатақханалардың, шипажайлардың, демалыс үйлерінің,
пансионаттардың жатын үй-жайларының, ауруханалардың палаталарының және
операциялық бӛлмелерінің, науқастар ұзақ уақыт болатын үй-жайлардың, дәрігерлердің
кабинеттерінің, ойын-сауық кәсіпорындарының кӛрермендер залдарының астында немесе
үстінде шектестіріп орналастыруға жол берілмейді, бұған жапсарлас үй-жайлардағы
дыбыс қысымының қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар бойынша жол
берілетіннен аспайтын деңгейін қамтамасыз ететін іргетассыз сорғылар орнатылатын
пункттер жатпайды.
Ескертпе
- Іргетассыз сорғыларды орнату қарастырылатын жылу пункттеріне осы бӛлімнің
талаптары тарамайды.
5.11.3 Жеке тұрған жер бетіндік ОЖП-нен үй-жайлардың сыртқы қабырғаларына
дейінгі бос аралықтың ең тӛменгі арақашықтығы кем дегенде 25 м болып қабылдануы
тиіс.
Ерекше тығыз орналасу жағдайында санитарлық нормалар бойынша жол берілетін
деңгейге дейін шуды тӛмендету бойынша қосымша шараларды қабылдау шартында 15 м
дейін арақашықтықты азайтуға жол беріледі. Сонымен бірге шудың әсерін есептеу
міндетті.
64
5.11.4 Жербетіндік жылу пункттерінің сыртқы қоршаушы конструкциялары
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес анықталатын әуе шуынан
оқшаулау шамасына ие болуы тиіс.
5.11.5 Жылу пункттерінің сыртқы есіктері мен қақпалары әдетте,
5.11.2-т.
келтірілген үй-жайлар жағына қарай бағытталмауы тиіс және периметрі бойынша 1 м
аспайтын жол берілетін саңылаумен жармалар тығыздамасына ие болуы тиіс. Кӛрсетілген
үй-жайлардан әлдеқайда алыс орналасқанына қаратылған жылу пункттерінің
қабырғаларына сыртқы есіктер мен қақпаларды орналастыруға жол беріледі.
5.11.6 Қабырғалардың және тӛбенің дыбыс жұтатын қаптамасының сыртқы
қоршауларындағы желдеткіш ойықтарда шу басқыштарды қолданудың қажеттілігі және
олардың конструкциясын таңдау есептеумен анықталуы тиіс.
5.11.7 Жеке тұрған жылу пункттерінде бетон еденнің қалыңдығы 0,2 м кем емес
қалыңдықтағы құмды сеппе бойынша кем дегенде 0,2 м болып қабылдануы тиіс. Сонымен
бірге жербетіндік жылу пункттерінде еден сыртқы қоршаушы конструкциялардан құммен
толтырылған ені кем дегенде 0,05 м болатын саңылаумен бӛлінуі тиіс.
5.11.8 Жеке тұрған жылу пункттерінде сорғыларды іргетасқа қатты бекітуді
қарастыру ұсынылады, ал кірістірілген және жапсарлас салынған жылу пункттерінде
сорғыларды дірілді оқшаулағыш негізге, әдеттегідей, серіппелі діріл оқшаулағыштармен
орнату керек.
Құбырларды сорғылардың келте құбырларымен қосу үшін әдетте, кӛлденең
жазықтыққа орнатылатын, ұзындығы кем дегенде
1 м болатын иілімді ендірмелер
қарастырылуы тиіс. Жылу тасымалдағыштың 100 °С дейінгі температурасында иілімді
ендірмелер ретінде ГОСТ 18698 бойынша тоқыма қаңқалы резеңке арынды майысқақ
түтіктерді қабылдау ұсынылады.
Жеке тұрған жылу пункттерінде иілімді ендірмелерді қарастырмауға жол беріледі.
5.11.9 Жеке тұрған немесе жапсарлас салынған жылу пункттерінен келетін
құбырларды ғимаратқа енгізу орындарында құбырларды осы ғимараттардың
қабырғаларына және іргетастарына қатты бекітуге жол берілмейді.
Қабырғалар және іргетастар арқылы құбырларды ӛткізуге арналған саңылаулардың
ӛлшемдері ғимараттың құрылыстық конструкциясы мен құбырдың жылу оқшаулағыш
конструкциясының беттері арасында саңылауды қамтамасыз етуі тиіс. Саңылауды ӛңдеу
үшін иілімді су-газ ӛткізбейтін материалдарды қолдану керек.
Осы құбырлардағы қозғалмайтын тіректер ғимараттың сыртқы қабырғасынан кем
дегенде 2 м арақашықтықта орналасуы тиіс.
5.11.10 Ғимараттың құрылыстық конструкцияларына бекіткен жағдайда, құбырлар
және жабдықтар тіректерінің астында кіріктірме және жапсарлас салынған жылу
пункттерінде діріл оқшаулайтын тӛсемдерді қарастыру қажет, ол үшін резеңке діріл
оқшаулағыштарды (тӛсеніштерді) қолдану ұсынылады.
5.1.11 Жылыту жүйесі жұмыс істеген кезде арматураның шу түзу шектері есептік
(статикалық) режимде ғана емес, сондай-ақ динамикалық режимде жоғарыламайтындай
етіп жылыту пунктін жобалау керек.
65
5.12 Құрылыстың ерекше табиғи және климаттық шарттарында жылу
пункттерін жобалауға қосымша ережелер
5.12.1 Жалпы ережелер
5.12.1.1 Сейсмикалығы
8 балл және одан асатын аудандарда жылу пункттерін
жобалаған кезде, ӛңделетін аумақтарда және жібіп шӛгетін ІІ типті топырақты аудандарда
ҚР ЕЖ 5.01-102 ережелерін қадағалау керек.
ІІ типті шӛгетін топырақтарға бактарды орналастырғанда, сондай-ақ қолданыстағы
нормативтік құжаттарды сақтау керек.
Ескертпе
- І типті шӛгетін топырақтарда жылу пункттері осы бӛлімнің талаптарын ескерусіз
жобаланады.
5.12.2 Сейсмикалығы 7, 8 және 9 балдық аудандар
5.12.2.1 Жылу пункттерінің ғимараттары үшін есептік сейсмикалық жылу пункті
қызмет кӛрсететін ғимараттар үшін орнатылған есептік сейсмикалықпен бірдей
қабылдануы тиіс.
5.12.2.2 Жербетіндік жылу пункттерінің ғимараттарының биіктігі 4 м аспауы тиіс.
5.12.2.3 Ілмекті реттеуші және сақтандырғыш арматура жылу тасымалдағыштардың
параметрлеріне және құбырлардың диаметрлеріне тәуелсіз болаттан жасалуы тиіс.
5.12.2.4 Құбырлардың сорғыларға, су жылытқыштарға және бактарға қосылу
орындарында құбырлардың бойлық және бұрыштық ауысуын қамтамасыз ететін ӛтемдік
құрылғылардың конструкциясы қарастырылуы тиіс. Осы ережелер жинағының 5.11.8
бойынша иілімді ендірмелерді қолдануға жол беріледі.
5.12.2.5 Жылу пункттерінің ғимараттарының іргетастары мен қабырғалары арқылы
жылу тораптары құбырларының ӛтетін жерлерінде құбырдың жылу оқшаулағыш
конструкциясының беті, жоғарғы жағы мен ойықтың қабырғалары арасындағы саңылау
0,2 м кем емес қарастырылуы тиіс.
Саңылауды бітеу үшін су-газ ӛткізбейтін иілімді материалдарды қолдану керек.
5.12.2.6 Қозғалмайтын тіректерден түсетін күш ғимараттардың конструкциясына
берілмеуі тиіс.
5.12.3 Ӛңделетін аумақтар
5.12.3.1 Ӛңделетін аумақтарда жылу пункттерін жобалаған кезде 5.12.2.3-5.12.2.5
талаптары қадағалануы тиіс.
5.12.3.2 Қозғалмайтын тіректерден түсетін күш ғимараттардың конструкциясына
берілмеуі тиіс.
66
5.12.4 Шӛгетін топырақтар
5.12.4.1 Жылу пункттері едендерінің және бактардың астында (2,0-2,5) м тереңдікке
топырақты тығыздауды қарастыру керек. Түптің тығыздалған топырағының контуры әр
жағына қарай кем дегенде 3,0 м-ге құрылыстың габариттерінен жоғары болуы тиіс.
Едендер су ӛткізбейтін болуы және су ӛткізбейтін су жинағыш құдық жаққа қарай
кем дегенде 0,01 м кӛлбеуге ие болуы тиіс.
Едендердің қабырғалармен түйісетін жерлерінде (0,1-0,2) м биіктікке су ӛткізбейтін
ернеуліктер қарастырылуы тиіс.
5.12.4.2 Жылу пункттерінен тыс орналасатын бак-аккумуляторлардан және
конденсаттық бактардан ғимараттарға және құрылыстарға дейінгі арақашықтық шӛгуі
бойынша ІІ типтегі топырақ шарттарында келесідей болуы тиіс:
- су ӛткізетін тӛсеме топырақтармен - шӛгу қабатының кем дегенде 1,5 қалыңдығы;
- су ӛткізбейтін тӛсеме топырақтармен
- шӛгу қабатының кем дегенде үш
қалыңдығы, бірақ 40 м аспайды.
5.12.4.3 Құбырларды әдетте, еден деңгейінен жоғары тӛсеуді қарастыру керек.
Су ӛткізбейтін арналарда құбырларды тӛсеуге жол беріледі.
5.12.4.4 Жылу пункттері орналасқан ғимараттардың іргетастары немесе қабырғалары
арқылы жылу тораптарының ӛту орындарында құбырдың жылу оқшаулағыш
конструкциясының беті мен саңылаудың жоғарғы (тӛменгі) жағы арасындағы саңылау
ғимараттың немесе құрылыстың шӛгу ықтималдығын ескере отырып қарастырылуы тиіс.
5.13 Қоршаған ортаны қорғау
5.13.1 Жылу пункттерін жобалаған кезде қоршаған ортаны қорғау бойынша
шаралар ҚР ЕЖ 4.02-104 және осы бӛлімнің ережелеріне сәйкес болуы тиіс.
Жылу пункттерін қызмет кӛрсетуші қызметкерлердің және жылу тұтынушылардың
қауіпсіздігіне қатер тӛндірумен байланысты ықтимал тәуекелдерді, қоршаған ортаға зиян
келтіруді жарамды деңгейге дейін қысқартуды ескере отырып жобалау керек.
5.13.2 Аумақтың, ғимараттардың және құрылыстардың тиісті түрдегі
пайдаланушылық және санитарлық-техникалық жағдайын қамтамасыз ету, қоршаған
ортаны қорғауға қойылатын талаптарды қадағалау үшін келесілер ақаусыз күйде және
дұрыс ұсталуы және орындалуы тиіс:
а) кәсіпорынға қарасты аумақтан
(ОЖП, сорғы станциялары және т.б.),
ғимараттардан және құрылыстардан беткі және топырақ суларын бұру жүйелері;
б) ластанған сарқынды суларды тазалауға арналған құрылыстар;
в) су құбырының, канализацияның, құрғатудың, жылу тораптарының желісі;
г) аумақты қоршау, жарықтандыру, кӛгалдандыру және кӛріктендіру.
5.13.3 Қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптардың қадағалануы орындалуы
тиіс:
- ГОСТ
12.1.005 сәйкес жылу пункттерінде қолданылатын, қоршаған ортаға
ластаушы заттардың ықтимал зиянды әсерін ескерту және шектеу бойынша шараларды
қабылдаумен;
67
- ГОСТ12.1.012, ГОСТ 12.1.003 сәйкес жылу пункттеріндегі сорғы жабдығының,
желдеткіштердің, кондиционерлердің жұмысынан болатын шу әсерінің және дірілдің
нормативтік деңгейін қамтамасыз ету бойынша шараларды орындаумен;
- су тұтынудың қайтымсыз шығындарын және кӛлемдерін қысқарту бойынша
шараларды орындаумен.
5.13.4 Жылу пункттерінде құбырларды шаюды суды қайталап пайдаланумен
орындау керек. Шайғаннан
(зарарсыздандырғаннан) кейін құбырлардан суды
жұмыстарды жүргізу жобасымен (ЖЖЖ) қарастырылған орындарға тӛгу керек.
5.13.5 Жылу пункттерін орнату бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін аумақ
жобаның талаптарына сәйкес тазалануы және қалпына келтірілуі тиіс.
5.13.6 Құбырларды оқшаулаудың полимерден тұратын қалдықтарын әкету және
белгіленген тәртіпте келісілген орындарда кӛму үшін жинау керек.
5.13.7 Қоршаған ортаға әсерін бағалауды қолданыстағы норативтік-техникалық
құжаттарға сәйкес анықтау қажет.
5.13.8 Жерді бұзуға байланысты құрылыс жұмыстарын орындаған кезде топырақтың
құнарлы қабатын алуды, пайдалануды және сақтауды қарастыру керек. Топырақтың
құнарлы қабатын алу барлық санаттағы жерлерде жүреді.
5.13.9 Жылу пункттерінің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмау үшін суағарларды
тазалау және зарарсыздандыру, желдеткіш лақтырындыларын тұтып қалу және тазалау,
тиімді технологияларды енгізу; қалдықтарды дер кезінде тазалау, зарарсыздандыру және
кәдеге жарату бойынша шараларды орындау керек.
5.13.10 Жылу тораптарының жылу пункттерін салу және пайдалану кезінде ӛндіру
және тұтыну қалдықтары ретінде келесілерді есептеу керек:
- құрылыс барысында ӛзінің тұтынушылық қасиеттерін толығымен немесе ішінара
жоғалтқан шикізаттардың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың қалдықтары;
- табиғи немесе моралдық тозуы салдарынан тұтынушылық қасиеттерін пайдалану
барысында жоғалтқан құбырлар, сонымен қатар оларға орнатылған дайын бұйымдар
(бақылау аспаптары, жылу механикалық жабдық).
5.13.11 Қалдықтармен жұмыс істеу үдерістері келесі кезеңдерді қамтуы мүмкін:
қалдықтардың түзілуі, жинақталуы, уақытша сақталуы, бастапқы ӛңделуі
(сұрыптау,
ыдыстарға салу, ұсақтау), тасымалдануы, қайталап ӛңделуі (түрлендіру, кәдеге жарату,
қайталама шикізат ретінде пайдалану), қоймалануы, кӛмілуі және ӛртелуі.
6 ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
6.1 Жылу пункттерінің ғимараттарын және құрылыстарын жобалау, салу,
реконструкциялау, пайдалану кезінде табиғи ресурстардың энергия тиімділігі, ұтымды
пайдаланылуы және ұдайы ӛндірілуі бойынша шаралар қарастырылуы тиіс (жобалауға
тапсырма, жылу пунктінің бастапқы деректері және паспорты У-Х қосымшаларында
келтірілген).
6.2 Пайдаланушылық энергия шығындарын тӛмендету мақсатында ғимараттың
сыртқы қабығының беткі ауданының оның кӛлеміне қатынасына тең ықшамдылық
кӛрсеткішінің ең тӛменгі мәнімен жылу пункттері ғимаратының кӛлемдік-жоспарлық
68
содержание .. 1 2 3 4 ..
|
||
|
|
|