СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013) - часть 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

    

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013) - часть 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МЕТРОПОЛИТЕНДЕР
МЕТРОПОЛИТЕНЫ
СП РК 3.03-117-2013*
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму
министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
істері комитеті
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального
хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития
Республики Казахстан
Астана 2022
СП РК 3.03-117-2013*
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «АЗДИ» ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық реттеу және
нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛІП,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және
ЕНГІЗІЛДІ:
жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы
29-
желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСА», ТОО «АЗДИ»
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирования
Комитета по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН
коммунального хозяйства и управления земельными
В ДЕЙСТВИЕ:
ресурсами
Министерства
Национальной
экономики
Республики Казахстан от 29.12.2014 № 156-НҚ
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс
істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми басылым ретінде толық немесе ішінара
қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру жүргізу тапсырмасына (2016
жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі №129-НҚ және 2022
жылғы 09 желтоқсандағы №228-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично воспроизведен,
тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения уполномоченного
государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства Республики Казахстан
Текст документа откорректирован в соответствии с поручением Комитета по делам строительства и
жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан (письмо
№ 38-02-5-1542 от 7 ноября 2016 года) по технической и лингвистической проверке.
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам строительства и
жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития Республики
Казахстан от 02 сентября 2019 года №129-НҚ, от 09 декабря 2022 года №228-НҚ.
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ««««««««««««««««««««...«««««««««.«.
VI
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ «««««««««««««««««..««««
««
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ««««
«««
5
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР«««««««..««««««««,«..«««
12
5 ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР««««««««««..«««««««««
18
5.1 Жалпы нұсқаулар«««««««««««««««««««««««««...
18
5.2 Инженерлік-геологиялық ізденістер«««««««««««««««««..
19
5.3 Инженерлік-геодезиялық ізденістер «««««««««««««««««..
22
5.4 Инженерлік-экологиялық ізденістер «««««««««««««««««.
24
6 ӨТКІЗГІШТІК ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚАБІЛЕТІ««««««««««...
27
7 ЖОСПАР ЖӘНЕ БОЙЛЫҚ СҰЛБА««««««««««««««««..
29
8 СТАНЦИЯЛАР, ВЕСТИБЮЛЬДЕР««««««««««««««««««.
33
9 АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛҒАУШЫ ТУННЕЛЬДЕР, ТУННЕЛЬ АЛДЫНДАҒЫ
ҚҰРЫЛЫСТАР..««««««««««««««««...
41
10 МЕТРОПОЛИТЕННІҢ МҮГЕДЕКТЕР МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ІС-ҚИМЫЛЫ
ШЕКТЕУЛІ ТОБЫ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ«««««««««..
42
10.1 Жалпы ережелер«««««««««««««««««««««««««.
42
10.2 Кіреберістер мен қозғалыс жолдары«««««««««««««««««
42
10.3 Баспалдақтар мен пандустар««««««««««««««««««««.
43
10.4 Лифттер мен көтергіштер««««««««««««««««««««««
44
10.5 Сыртқа шығару жолдары.«««««««««««««««««««««..
44
11 ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ«««««««««««««««««.
44
11.1 Жалпы нұсқаулар ««««««««««««««««««««««««.
44
11.2 Гидрооқшаулық және тоттанудан қорғау«««««««««««««««
49
12 КҮШТЕР МЕН ӘСЕРЛЕР««««««««««««««««««««««.
52
12.1 Тұрақты күштер мен әсерлер««««««««««««««««««
52
12.2 Уақытша күштер мен әсерлер «««««««««««««««««««.
61
12.3 Зілзалалық жүктемелер««««««««««««««««««««««.
62
12.4 Негізгі есептік қалыптасқан жағдай««««««««««««««««
63
13 ЖОЛ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС РЕЛЬСІ««««««««««««««««««
66
13.1 Жол««««««««««««««««««««««««««««««.
66
13.2 Байланыстырушы рельс««««««««««««««««««««««
70
14 ЖЕЛДЕТУ, ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ЖЫЛЫТУ, СУМЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, СУДЫ ШЫҒАРУ, КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ
ҚҰБЫРЛАР««««««««««««««««««««««««««««..
73
14.1 Желдету««««««««««««««««««««««««««.««..
73
14.2 Жылумен қамтамасыз ету, жылыту««««««««««««««.««...
85
14.3 Сумен қамтамасыз ету««««««««««««««««««««««..
88
14.4 Субұрғыш«««««««««««««««««««««««««««...
93
14.5 Кәріз «««««««««.«««««««««««««««««««.«..
96
III
14.6 Құбырлар««««««««««««««««««««««««««««
97
15 ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ«««««««««««««
98
15.1Жалпы ережелер«««««««««««««««««««««...«««..
98
15.2 Аралық станциялар«««««««««««««««««««««
«.
102
15.3Автоматика және телемеханика««««««««««««««««««..
104
15.4 Кабельдік желі«««««««««««««««««««««««««
108
15.5 Құрылыстар мен қондырғыларды қаңғыма тоқ коррозиясынан сақтау ««..
111
15.6 Тарту желісі««««««««««««««««««««««««««
112
15.7 Күш беретін қондырғылар««««««««««««««««««««
116
15.8 Жарықтандыру«««««««««««««««««««««««««..
118
16 ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНА АРНАЛҒАН АВТОМАТИКА ЖӘНЕ
ТЕЛЕМЕХАНИКА «««««««««««««««««««««««««.
122
17 БАЙЛАНЫС, ЭЛЕКТР САҒАТТАРЫ«««««««««««
«
128
18 ЭЛЕКТРОДЕПО ««««««««««««««««««««««««««
137
18.1 Ғимараттар мен имараттар«««««««
137
18.2 Жол «..«««««««««««««««««
146
18.3 Байланыс рельсі«««««««««««««««««««««««««..
149
19 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ««««««««««««««««««««««««
150
19.1 Өртке қарсы талаптар«««««««««««««««««««««««.
150
19.2 Адамдарды сыртқа шығару««««««««««««««««««««...
157
19.3 Өртке қарсы сумен жабдықтау«««««««««««««««««««..
162
19.4 Өртті байқау және сөндірудің автоматты қондырғылары«««««««
163
19.5 Түтінге қарсы қорғану««««««««««««««««««««
«.
165
19.6 Өртке қарсы қондырғыларды электрмен қамтамасыз ету««««««««.
167
20 КҮЗЕТ СИГНАЛИЗАЦИЯСЫ«««.«««««««...««««««
«..
168
21 ҚЫЗМЕТТЕР БӨЛІМШЕСІ МЕН БАҒЫТТАҒЫ БӨЛМЕЛЕР ««««.«.
169
22 МЕТРОПОЛИТЕН ҒИМАРАТЫ МЕН САНИТАРИЯЛЫҚ - ГИГИЕНАЛЫҚ
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ««««««««««««««««««««««««..
170
23 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ««..««««««««««««««
174
24 ЖЕРҮСТІ ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ШУ МЕН ДІРІЛДЕН ҚОРҒАУ
177
25 ЖЕЛІЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ«««««.««««««««««««««..«
179
25.1 Жалпы ережелер«««««««««««««««««««««««
«.
179
25.2 Геодезиялық-маркшейдерлік қамсыздандыру «««««««
««..
181
25.3 Жер бетіндегі жоспарлы-биіктік торап
«««««««««««««.
181
25.4 Биіктігі бойынша жоспарланған жер асты желілерін бағыттау««««««
183
25.5 Жер асты жасанды қуысындағы биіктігі бойынша жоспарланған желі ««..
185
25.6 Құрылыс-құрастыру жұмыстарын геодезиялық және маркшейдерлік
қамсыздандыру ««««««««««««««««««.«««««
186
25.7 Тұрақты жолды төсеу««««««««««««««««««««
191
25.8 Жер бетінің шөгуін, ғимараттар мен жер асты құрылыстарының
деформациялануын бақылау.«««««««««««««««««««...
192
25.9 Атқарушылық маркшейдерлік құжаттама««««««««««««««...
193
25.10 Инженерлік-геологиялық қамтамасыз ету««««««««««««««
195
IV
25.11 Жабық тәсілмен құрылыстарды салу кезіндегі жұмыстардың
құрамы««««««««««««««««««««««««««««.
195
25.12 Ашық тәсілмен ғимараттарды салу кезіндегі жұмыс құрамы ««..«««..
200
25.13 Қоршаған орта мен табиғи-технологиялық жүйелердің жергілікті
мониторингі««««««««««««««««««««««««««..
201
25.14 Инженерлік-геологиялық жұмыстардың нәтижелерін жүйеге келтіріп
өңдеу««««««««««««««««««««««««««««
201
26 ЖҰМЫСТАРДЫҢ АШЫҚ ТӘСІЛІ ««««..««««««««««««
202
26.1 Жалпы ережелер«««..««««««««««««««««««««
202
26.2 Жер жұмыстары, қазаншұқырлар мен оларды бекіту, ғимарат негізін
дайындау ««««««««««««««««««««««..«««««.
202
26.3 Құрама темірбетоннан жасалған салмақ түсетін құрылым көтеру«««..«.
204
26.4 Біртұтас темірбетоннан жасалған салмақ түсетін құрылым көтеру«««..
204
26.5 Қазаншұқырларды қайта көму«««««««««««««««««««..
205
27 ЖАБЫҚ ЖҰМЫС ТӘСІЛІ
«««««««««««««««««
205
27.1 Жалпы ережелер««««««««««««««««««««««.««.
205
27.2 Шахта оқпандарының құрылысы«««««««««««««««««
206
27.3 Аралық туннельдердің құрылысы«««««««««««««««««..
208
27.4 Станциялардың құрылысы««««««««««««««««««««.
209
27.5 Экскалаторлық туннельдердің құрылысы«««««««««««.«
210
28 АРНАЙЫ ЖҰМЫС ТӘСІЛДЕРІ««««««««««««««««
«..
211
28.1 Суды төмендету«««««««««««««««««««««««.««.
211
28.2 Топырақтың жасанды мұздатылуы ««««««««««««
213
28.3 Топырақтарды инъекциялық бекіту ««««
«««««««««
215
28.4 Құрылыс алаңдары«««««««««««««««««««««
224
28.5 Жабдықты құрастыру және құрастыру жұмыстары ««««««««««..
226
28.6 Жабдықтарды жеке сынақтан өткізу ««««««««««««««««...
229
28.7 Санитариялық-гигиеналық қамсыздандыру ««««««««««««...
231
А ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Кабельдерді, сымдар мен шиналарды қолдану
бойынша нұсқаулық
233
Б ҚОСЫМШАСЫ ((ақпараттық) Метрополитеннің өндірістік қызметтеріндегі
қызметкерлердің қажетті санын есептеуге және қызметтік, тұрмыстық, өндірістік
құрылыстарды жоспарлауға арналған деректер
243
В ҚОСЫМШАСЫ (міндетті) Жобалық ережеден жинақ қаптауының нақты
көлемдерінің рұқсат етілген ауытқулары «««««««««««..««««««..
256
БИБЛИОГРАФИЯ
275
V
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының «Метрополитен қауіпсіздігіне
қойылатын талаптар»,
«Ғимараттар мен құрылыстарға, құрылыс материалдары мен
өнімдеріне қойылатын талаптар»,
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар»
техникалық регламенттерінің ережелеріне және ҚР ҚН 3.03 -17-2013 «Метрополитендер»,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының және алдыңғы қатарлы шет елдердің нормативтік -
құқықтық құжаттарының негізінде әзірленді.
ҚР ҚН
1.01-01-2011
«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтер. Негізгі ережелеріне» сәйкес осы ережелер жинағы міндетті
мемлекеттік нормативтерді сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін және қоғам
сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін ресми расталған, қажетті толықтығымен,
өздерін тәжірибеде ақтаған ережелерден, есептеу әдістерінен, сондай-ақ жоспарлау, салу
және қайта салу объектілерінің параметрлерінен тұрады.
VI
СП РК 3.03-117-2013*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
МЕТРОПОЛИТЕНДЕР
МЕТРОПОЛИТЕНЫ
Енгізілген күні 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы (бұдан әрі - ЕЖ), метрополитеннің жаңа жолдарын
жобалау мен салуға және қолданыстағы жолдарды, жеке ғимараттар мен имараттар
құрылыстарын күрделі жөндеуге және қайта салуға арналған.
Ескертпе - Осы ЕЖ жүйрік трамвай мен жолаушыларды, сондай-ақ арнайы мақсаттағы нысандарды
тасымалдаумен байланысты басқа да жер асты көлік түрлері жолдарының жер асты бөлімдерін жобалауға
таратылмайды.
1.2 Жолдарды, жеке құрылыстар мен метрополитен құрылғыларын жобалау кезінде
осы ЕЖ және басқа өзге де қолданыстағы нормативтік-нұсқаулық құжаттарды, егер
талаптары осы ЕЖ қайшы келмесе метрополитендерді, оларға ұқсас ғимараттарды
құрылымдар мен құрылыстарды салу, жобалау және техникалық пайдалану талаптарын
реттейтін ережелер мен заң актілерін ұстану қажет.
1.3 ЕЖ талаптары белгіленбеген жоспарлау сызбаларын, конструкциялы шешімдерді
немесе технологияларды қолдану, сондай-ақ осы ЕЖ талаптары таралмайтын инженерлік-
технологиялық және зілзала жағдайларында, метрополитендері жобалауды, белгілі
тәртіпте бекітілген арнайы техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
1.4 Сейсмикалық тұрақтылығы 9 баллдан жоғары болатын алаңдарда, метрополитен
бағыттарын жобалау мен құруда арнайы ғылыми-зерттеу және жобалау-іздестіру
ұйымдарын қатыстыра отырып, қосымша сейсмикаға қарсы шараларды қолдану қажет.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағында, келесі нормативтік-құқықтық және нормативтік-
техникалық құжаттарға сілтемелер қолданылды:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-тамыздағы № 803 қаулысымен
бекітілген «Өндірістік объектілердегі сигналдық түстерге, белгілеулерге және қауіпсіздік
белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-тамыздағы № 796 қаулысымен
Ресми басылым
1
бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты түрде өрт сөндіру
және автоматты өрт сигналымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және оларды
эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау жөніндегі талаптар» техникалық
регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16-қаңтардағы № 14 қаулысымен
бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 16-қаңтардағы
№ 16-қаулысы
«Объектілерді қорғауға арналған өрт техникасының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар»
техникалық регламенті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5-ақпандағы №109 қаулысымен
бекітілген «Метрополитендердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар».
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24-қазандағы №1355 қаулысымен
бекітілген «Электр құрылғыларын орнату ережелері».
ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжатамасын жасау, келістіру, бекіту
және құрамы туралы нұсқау.
ҚР ҚН 1.03-00-2011 Құрылыс өндірісі. Мекемелер, ғимараттар және имараттардың
құрылысын ұйымдастыру.
ҚР ҚН 2.02-02-2012 Ғимараттар мен иммараттардың өрт автоматикасы.
ҚР ҚН 2.02-11-2002* Ғимараттарды, үй-жайларды және құрылыстарды автоматты
түрде өрт сөндіру және автоматты өрт сигналымен, өрт кезінде адамдарға хабарлау және
оларды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтау нормалары.
ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау.
ҚР ҚН 2.04-21-2004 Азаматтық ғимараттардың энергия тұтынуы мен жылулық
қорғалуы.
ҚР ҚН 3.02-28-2011 Өнеркәсіптік кәсіпорындар имараттары.
ҚР ҚН 3.02-29-2012 Қоймалық ғимараттар.
ҚР ҚН 3.02-27-2013 Өндірістік ғимараттар.
ҚР ҚН 3.02-08-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.
ҚР ҚН 3.03-17-2013 Метрополитендер.
ҚР ҚН 3.03-12-2013 Көпірлер және құбырлар.
ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қимылы шектеулі топтар үшін
қолжетімділігі.
ҚР ҚН 4.01-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су кұбыры жэне кэрізі.
ҚР ҚН
4.01-03-2013 Сумен жабдықтау мен кәріздің сырткы желілері және
имараттары.
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету жэне кондиционерлеу.
ҚР ҚН 4.02-04-2013 Жылу желілері.
ҚР ҚН 5.03-07-2013 Күш түсетін және қоршау конструкциялары.
ҚР ҚН 5.01-02-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері
ҚР ҚНжЕ 1.02-18-2004 Құрылысқа арналған инженерлік ізденістер. Негізгі ережелер.
ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009* Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі.
ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Зілзалалық аудандардағы құрылыс. (2008 басылым)
2
ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 Құрылыс климатологиясы.
ҚР ҚНжЕ 2.04-09-2002 Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылысы.
ҚР ҚНжЕ 3.03-01-2001 1520 мм-лік темір жолдар.
ҚР ҚНжЕ 3.03-07-2003 Темір жол және автожол туннельдері.
ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2009 Сумен қамтамасыз ету. Сыртқы желілер мен құрылыстар.
ҚР ҚНжЕ 5.03-34-2005 Бетонды және темірбетонды конструкциялар. Негізгі
ережелер.
ҚР ҚНжЕ 5.04-23-2002 Болат конструкциялар.
ҚНжЕ 2.01.07-85* Жүктемелер мен әсерлері.
ҚНжЕ 2.03.01-84* Бетон және темірбетон конструкциялары.
ҚНжЕ II-7-81* Зілзалалық аудандардағы құрылыс (4, 5 бөлімдері).
ҚНжЕ III-44-77 Темір жол, автожол туннельдері және гидротехникалық.
Метрополитен.
ҚН
484-76 Ауыл шаруашылығы объектілерін орналастыруға арналған тау
қазбаларын инженерлік зерттеу бойынша нұсқаулық.
ХҚН 2.03-02-2002 Аймақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпті геологиялық
үрдістерден инженерлік қорғау. Жобалаудың негізгі ережелері.
ҚР ЕЖ 2.01-101-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қоргау.
ҚР ЕЖ 2.02-102-2012 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.
ҚР ЕЖ 2.03-102-2012 Су басқан және судың деңгейі көтерілген аймақтардағы
инженерлік корғау.
ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ЕЖ 3.02-136-2012 Едендер.
ҚР ЕЖ 3.02-128-2012 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың имараттары.
ҚР ЕЖ 3.02-129-2012 Қоймалық ғимараттар.
ҚР ЕЖ 2.03-106-2013 Жерастылық тау казбалары.
ҚР ЕЖ 3.02-127-2013 Өндірістік ғимараттар.
ҚР ЕЖ 3.02-108-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар.
ҚР ЕЖ 3.03-122-2013 Өндірістік көлік
ҚР ЕЖ 2.03-107-2013 Сейсмикалык аудандардағы жерастылык имараттар.
ҚР ЕЖ 3.03-112-2013 Көпірлер жэне кұбырлар.
ҚР ЕЖ 3.06-101-2012 Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі
топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ЕЖ 4.01-103-2013 Сумен жабдыктау мен кәріздің сыртқы желілері және
имараттары.
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
ҚР ЕЖ 4.02-104-2013 Жылу желілері.
ҚР ЕЖ 5.01-101-2013 Жер имараттары, іргелер мен іргетастар.
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргетастар.
ҚР ЕЖ 5.03-107-2013 Күш түсетін және қоршау конструкциялары.
ВҚН 104-93 Ашық әдіспен құрылған метрополитен туннельдерін гидрооқшаулау
және жобалауға арналған нұсқаулық.
3
ВҚН
126-90 Көлік туннельдері мен метрополитендер құрылысы кезінде
ұңғымаларды шашыратпа бетонмен немесе анкерлермен бекіту. Жұмыс өндірісі мен
жобалау нормалары.
ВҚН 127-91 Метрополитендер мен туннельдерді салу кезіндегі жерасты су деңгейін
жасанды төмендету мақсатында өндіру және жобалау жұмыстары бойынша нормалар.
ВҚН 132-92 Ерітіндіні туннель қаптамасының артына толтыру өндірісі және
жұмыстарды қабылдау ережелері.
ВҚН
160-69 Көлік туннельдерінің құрылысы кезіндегі геодезиялық және
маркшейдерлік жұмыстар жөніндегі нұсқау.
ВҚН 190-78 Метрополитендер, таулы темір жол және авто жол туннельдерін
жобалауға және құрастыруға арналған инженерлік геологиялық іздестірулер жөніндегі
нұсқау.
ВҚН 211-91 Метропоезд қозғалысы әсерінен топырақ дірілі дәрежесін анықтау және
дірілге қарсы құрылыс құрылғыларын есептеу бойынша нұсқаулықтар.
ҚР СанЕжН 3.01.030-97* Инфрадыбыс пен төмен жиіліктегі шудың тұрғын үй және
қоғамдық ғимараттары бөлмелеріндегі, тұрғын үй құрылыстары аймақтарындағы жоғарғы
шектік деңгейі.
ҚР СанЕжН
3.01.035-97* Шудың тұрғын үй және қоғамдық ғимараттары
бөлмелеріндегі, тұрғын үй құрылыстары аймақтарындағы жоғарғы шектік деңгейі.
ҚР СТ 1719-2007 «Өрт техникасы. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелерін
жабдықтау. Өрт шкафтары. Өрт қауіпсіздігінің техникалық талаптары. Сынау әдістері».
МЕМСТ 9.602-2005 Тот басу мен тозудан бірыңғай қорғау жүйесі. Жер асты
құрылғылар. Тот басудан қорғауға деген жалпы талаптар.
МЕМСТ 12.1.003-83*. Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шу. Жалпы
қауіпсіздік ережелері.
МЕМСТ 12.1.004-91* ЕҚСЖ. Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар.
МЕМСТ 12.1.005-88* ЕҚСЖ. Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы
санитарлық-гигиеналық талаптар.
МЕМСТ 3262-75 Газ өткізетін болат құбырлар, техникалық жағдайлары.
МЕМСТ 7006-72 Қорғаныш шоғырсымдарының тыстары. Конструкциясы мен
типтері, техникалық талаптары мен сынау әдістері.
МЕМСТ 7352-88 Порталды электр крандары. Түрлері.
МЕМСТ
7392-2002 Темір жолдың балласт қабатына арналған тығыз тау
жыныстарынан жасалған қиыршықтас. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 7394-85* Темір жолдарға арналған қиыршық тас және құм-қиыршық тас
балласт. Техникалық шарттары.
МЕМСТ 8732-78 Ыстық деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Сұрыпталым.
МЕМСТ 8816-70 Кең табанды темір жолдардың нұсқарлы ауысуына арналған ағаш
қырлы бөренелер. Техникалық шарттары.
МЕМСТ 9479-2011 Қаптайтын, сәулет-құрылыс, мемориалдық және басқа өнім
өндірісіне арналған тау-кен жыныстардан жасалған блоктар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 9480-89 Табиғи тастан жасалып тілінген қаптама тақталар. Техникалық
шарттар.
4
МЕМСТ 9940-81* Тотқа төзімді болаттан жасалған ыстықтай деформацияланған
жіксіз құбыр. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 9941-81 Тот басуға тұрақты болаттан жасалған суықтай және жылылай
деформацияланған жапсарсыз құбырлар. Техникалық жағдайлар.
МЕМСТ 10060.0-95 Бетондар. Аязға төзімділікті анықтау әдістері. Жалпы талаптар.
МЕМСТ 10180-2012 Бетондар. Беріктікті бақылау үлгілері бойынша анықтау
әдістері.
МЕМСТ
10704-91 Электрмен дәнекерленген түзу жікті болат құбырлар.
Сұрыпталым.
МЕМСТ 10706-76 Электрмен дәнекерленген түзу жікті болат құбырлар. Техникалық
шарттар.
МЕМСТ 12730.5-84* Бетондар. Су өткізбеушілікті анықтау әдістері.
МЕМСТ 22830-77 Метрополитенге арналған ағаш шпалдар. Техникалық шарттар.
МЕМСТ 23961-80 Метрополитендер. Құрылыстар, жабдықтар мен жылжымалы
құрамды жақындату габариттері.
МЕМСТ 30547-97 Шатырлық және судан оқшаулағыш орама материалдар. Жалпы
техникалық шарттары.
МЕМСТ
17.4.2.01-81 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Санитарлық жағдай
көрсеткіштерінің номенклатурасы.
МЕМСТ 17.4.3.06-86 Табиғатты қорғау. Топырақтар. Топырақтарға химиялық
ластаушы заттардың әсері бойынша олардың жіктелуіне қойылатын жалпы талаптар.
ӨҚЕ 147-88 Метрополитендердегі өрт қауіпсіздігінің ережелері.
Ескертпе - Қолданыстағы мемлекеттік нормативті қолдану кезінде ағымдағы жылдың жағдайына
байланысты жыл сайын шығарылатын «Құрылыс, қала құрылысы және сәулет саласындағы Қазақстан
Республикасы аумағында әрекет ететін нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің
тізбесі», «Қазақстан Республикасы стандарттауы бойынша нормативтік құжаттардың түсіндірмесі» және
«Мемлекетаралық нормативтік құжаттардың түсіндірмесі» ақпараттылығы бойынша сілтемелік
құжаттардың әрекет етуін тексерген жөн. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда қолданыстағы
нормативті қолдану кезінде ауыстырылған (өзгерген) құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат
ауыстырылусыз жойылса, онда сілтеме жасалынған жағдай бұл сілтемені қозғамайтын бөлімінде
қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында, ҚР ҚН 3.03-17 құрылыс нормаларында келтірілген,
сәйкесінше анықтамалары бар терминдер, сонымен бірге, келесі төменде көрсетілген
терминдер мен анықтамалар қолданылады:
3.1 Апаттық шығу: Төтенше жағдай кезінде жолаушылар мен пайдаланушы
қызметкерлердің метрополитен жер асты объектісінің бөлме-жайларынан шығуға
арналған құрылыстың конструкциялық элементі.
3.2 Диспетчердің автоматтандырылған жұмыс орны: Метрополитеннің сәйкес
келетін бөлімшелерінің диспетчеріне жабдықтарды басқаруға және оның техникалық
жағдайы туралы ақпаратты кез келген уақытта алуға мүмкіндік беретін техникалық
құралдар кешені.
5
3.3 Жылдам тұрғызылатын желдету маңдайшасы: Депрессияны үлкейту
мақсатында, апаттық туннельге қатарлас не іргелес жатқан аралық туннельдерді жабуға
арналған техникалық құрал.
3.4 Тұрмыстық үй-жайлар: Метрополитен қызметкерлерінің санитарлық-
гигиеналық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған станцияның
көлемдік -
жоспарлаушы элементтері (гардеробтар, демалу және тамақтану бөлмелері, дәретханалар,
душ бөлмелері және басқалар).
3.5 Желдету арнасы: Желдету жүйелерінде ауа өткізгіш ретінде қолданылатын
құрылыс.
3.6 Желдеткіш-шоғырсымды арна (туннельдік желдету арнасы): Туннельдік
желдету жүйелерінде ауа өткізгіш ретінде, сондай-ақ, оның ішіне иілген немесе сөрелік
кронштейндерде барлық арналымдағы шоғырсымдарды орналастыру үшін
пайдаланылатын, бүкіл ұзындығы бойынша кедергісіз өтуге болатын құрылыс (туннел,
бөлік, дәліз, шахта оқпаны және т.б.).
3.7 Ақпараттың көзбен шолушы құралдары: Көзбен айыруға келетін мәтіндер,
белгілер, символдар, жарық белгілері және.т.с.с. түріндегі, соның ішінде есту
органдарының қызметі нашар адамдарға да берілетін ақпарат тасымалдағыштар.
3.8 Жабдықтардың жақындау өлшемдері: Туннельдің ішіне орналасқан
жабдықтың ешбір бөлшегі кірмеуі тиіс, шекті көлденең контур.
3.9 Құрылыстардың жақындау өлшемдері: Құрылыстың ішіне ешбір бөлшегі
(туннель қаптамасының дөңес жерлері, тұғырнамалар, бағаналар) кірмеуі тиіс, туннель
шүлдігінің шекті көлденең контуры.
3.10 Гальваникалық байланыс: Құрылыс конструкцияларында, электр
желілерінің өткізгіштері және басқаларда металл бойынша үздіксіз байланыстың болуы.
3.11 Гальваникалық бөліну: Құрылыс конструкцияларында, электр желілерінің
өткізгіштері және басқаларда металл бойынша үздіксіз байланыстың болмауы.
3.12 Тау-кен қазбасы: Тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болған жер
қыртысындағы жасанды құрылыс.
3.13 Қолжетімділік
(тосқауылсыздық): Қажетті жерге кедергісіз жетуге және
қызметті пайдалануға мүмкіндік беретін ғимарат, үй-жай, қызмет көрсету орнының
қасиеті.
3.14 Рельс астындағы темірбетонды тіреуіш: Рельстерден тігінен, бүйір жақтан
және көлденең берілетін күштерді қабылдауға және оларды жолдың төменгі құрылысына
беруге арналған, жолдың жоғарғы құрылыс элементі (шпал, жартылай шпал, көлденең
шабақ, тақта, қаңқатіреу немесе басқа конструкция).
3.15 Кірме: Қимасы шектелген, қазба кеңістігіне тікелей қабысқан, қазу
жабдығының бір өту жолы үшін қазылған аса ұзын емес қазба.
3.16 Қауіпсіздік аймағы: Жарақат алу қаупі бар жағдайлардың алдын алуға
арналған функционалды элементтің (алаңшаның) шетіндегі аймақ (жол).
3.17 Мүгедек: Ағза функциялары тұрақты бұзылған, соның ішінде тіршілік
әрекетін шектеуге алып келетін, тірек-қимыл аппараты зақымданған, көз көруі кем, естуі
нашар адам.
3.18 Шоғырсымдық құрылыс
(шоғырсымдық туннель, коллектор, дәліз,
6
қабат, шахта, бөлік, камера): Ішіне шоғырсымдар мен шоғырсымдық муфталар салуға
арналған бүкіл ұзындығы бойымен кедергісіз өтуге болатын құрылыс.
3.19 Калотта: Күмбезді қаптаманы тұрғызуға арналған туннельдің үстіңгі бөлігі.
3.20 Туннельдік желдету арнасы
(желдеткіш-кабелдік арна): Туннельдік
желдету жүйелерінде ауа өткізгіш ретінде, сондай-ақ, оның ішіне иілген немесе сөрелік
кронштейндерде барлық арналымдағы шоғырсымдарды орналастыру үшін
пайдаланылатын, бүкіл ұзындығы бойынша кедергісіз өтуге болатын құрылыс (туннель,
бөлік, дәліз, шахта оқпаны және т.б.).
3.21 Байланыс желісі: Түйіспе рельс, кабелдік қуат беруші желілер, түйіспе
рельстің қатысушылары арасындағы кабелдік қосқыштар, шоғырсымдарды түйіспе
рельспен тоғыстыратын құрылғылар.
3.22 Бекіткіш: Сыйыстырылатын жыныстардың қирауын болдырмау және қазба
қимасының алаңын сақтау үшін тау-кен қазбасында тұрғызылатын жасанды құрылыс.
3.23 Терең орналасқан желі: Станциялар мен аралық туннельдер, әдетте, күндізгі
бетті ашпай, жабық тәсілмен салынатын желі.
3.24 Таяз орналасқан желі: Станциялар мен аралық туннельдер, әдетте, ашық
тәсілмен не болмаса рұқсат етілген ең аз тереңдікте жабық тәсілмен салынатын желі.
3.25 Метрополитен желісі
(желі): Пойыздардың бір маршрутпен қозғалуына
арналған, станциялары, аралықтары мен тұйық жолдары бар метрополитеннің дербес
бөлігі.
3.26 Халықтың іс-қимылы шектеулі тобы: Өз бетімен қозғалғанда, қызмет,
қажетті ақпарат алғанда немесе алаңда жүрген кезде қиналатын адамдар. Халықтың іс-
қимылы шектеулі топтарына: мүгедектер, денсаулығы уақытша нашарлаған адамдар,
жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, бала арбашасы бар адамдар және т.с.с. жатады.
3.27 Жергілікті желдету: Станцияның жеке бөлмелеріне немесе бөлмелер тобына
ауа жіберуге және шығаруға арналған желдету жүйесі.
3.28 Метрополитен: Жолаушылардың, жаппай жылдам тасымалына арналған,
қалалық көшеден тыс жер асты немесе жердегі (жер үсті) электр көлігінің кәсіпорны;
үлкен тасымалдаушы мүмкіндікке ие болуымен және қозғалысының жүйелілігімен
ерекшеленеді.
3.29 Туннельдер қаптамасы: Тау-кен қазбасын бекітуге және оған дөңгелек, сопақ
немесе тікбұрышты кескін беруге арналған, тұрақты құрылыс конструкциясы.
3.30 Құрылыс нысаны
(нысан): Құрылысы белгіленген тәртіпте жасалып,
бекітілген жобалық құжаттама бойынша орындалатын, бірыңғай функциялық мақсатпен
немесе технологиялық үдеріспен біріктірілген құрылыс немесе құрылыс тобы.
3.31 Көлемдік-жоспарлаушы элемент: Белгілі бір функциялық мақсаттағы,
іргелес құрылыстардан құрылыс конструкцияларымен бөлінбеген (бөлінген) құрылыс
бөлігі.
3.32 Қалыптама: Біртұтас бетон немесе темірбетон құрылымдары мен
құрылыстарының пішіндерін дайындауға арналған элементтер мен бөлшектердің
жиынтығы.
3.33 Қауіпті өндірістік нысандар: Жарылғыш заттар пайдаланылатын,
тасымалданатын және сақталатын; тұрақты түрде орналастырылған, жүк көтергіш
7
механизмдер мен эскалаторлар пайдаланылатын; тау-кен жұмыстары, сондай-ақ, жер
астындағы жағдайда жұмыстар жүргізілетін объектілер.
3.34 Ерекше қорғалатын табиғи аумақ: Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени-
тарихи, эстетикалық және өзге де маңызға ие, бірегей, эталондық немесе басқа да табиғи
кешендері мен нысандары бар, шаруашылық айналымнан толығымен немесе ішінара
алынып тасталған, күзету мен пайдаланудың ерекше тәртібі белгіленген қала аумағы
(үстіндегі атмосфералық ауа мен жер қойнауларын қоса алғанда). Мұндай аумақтарға
қорық, ұлттық саябақ, кіші қорық, табиғат ескерткіші жатады.
3.35 Сорушы желі: Қозғалғыш рельстер, дроссель-трансформаторлар, бір жолдың
(сыммен) қозғалғыш рельсі және әр түрлі жолдардың
(кабелдер мен сымдармен)
қозғалғыш рельстері учаскелерінің электр қосқыштары, кабелдік сорушы желілер.
3.36
Метрополитеннің күзет аймағы: Әрекет етуші метрополитен
құрылғыларының, метрополитеннің салынып жатқан және жобаланып жатқан
жолдарының үстінде (астында), сондай-ақ олардан белгіленген параметрлерде бірбеткей
жақындықта орналасқан қала территориясының бөлігі. Күзет аймақтары метрополитен
нысандарына сыртқы факторлардың және метрополитен нысандарының оларға жақын
орналасқан нысандарға жағымсыз әсер етулерінің алдын алу мақсатында
орналастырылады.
3.37 Аралық: Іргелес станциялардың арасында орналасқан метрополитен желісінің
бөлігі.
3.38 Аварияларды жою жоспары: Алдын ала әзірленген сценарий бойынша
адамдарды құтқару және аварияларды жою жөніндегі іс-шаралар жиынтығын,
құлақтандыру және лауазымды тұлғалардың іс-қимыл жасау, аварияларды жоюды
ұйымдастыру тәртібін анықтайтын құжат.
3.39 Тіректі желдеткіш: Тіректе жұмыс істейтін және эвакуациялау жолына таза
ауаның берілуін қамтамасыз ететін желдеткіш.
3.40 Көтерілім: Қозғалыстың көлбеу жолының ең жақын көлденең жазықтықтары
арасындағы деңгейлердің әр түрлілігі (тік өлшем).
3.41 Көтергіш құрылғы
(тұғырнама): Тұғырнамадағы пайдаланушыларды
көтеруге және түсіруге арналған кезеңдік әрекеттегі стационарлық жүк көтергіш машина.
Тігінен ауысатын тұғырнамалар
- 150 кем емес бұрыш астында, көлбеу ауысымды
тұғырнамалар - 750 аспайтын бұрыш астында.
3.42 Қозғалыс алабы: Бір бағытта бір қатар ішінде қозғалуға арналған жүргіншілер
жолының бөлігі.
3.43 Үй-жай: Ғимарат
(имарат) ішіндегі белгілі бір мақсатқа арналған және
құрылыс конструкцияларымен шектелген кеңістік.
3.44 Төмендету станциясы: Жақында жатқан кіші станциялардан шоғырсымдар
арқылы алынатын, 10 кВ айнымалы тоқтың кернеуін төмендетуге және қуат алуды электр
желісінің сәйкес тұтынушыларын жіберуге арналған электр қондырғы.
3.45 Пойыздың кезекті
(кері бағыттағы) қозғалысы: Пойыздың бағдарлық
ауыстыру бойынша айқастырғыштан ұшына қараған бағыттағы қозғалысы
(ұшынан
айқастырғышқа қарай).
3.46 Сақтандырғыш жолдар: Жылжымалы құрамның пойыздар жолының
8
маршруттарына шығуды болдырмауға арналған тұйық жолдар.
3.47 Өндірістік үй-жайлар: Метрополитен жабдығын орналастыруға, құрал-
жабдықтар мен материалдарды сақтауға, құрылыстар мен метрополитен құрылғыларына
қызмет көрсету жөніндегі өндірістік үдерісті жүзеге асыруға арналған станцияның
көлемдік-жоспарлау элементтері (шеберханалар, желдеткіш камералары, қоймалар ж.т.б.).
3.48 Шақыру алаңы: Жер асты вестибюльдері мен лифттік холлдарға кіретін
(шығатын) жерлерде, баспалдақтар мен жүргінші өткелдерінің алдында қабырғалы
тақталар, резеңке тілімшелерден жасалған беттен немесе олардың үстінен кереғарлы
түстерден жолақ жасаумен орындалған және халықтың аз іс-қимылы шектеулі топтары
үшін қажет алаң. Ықтимал қауіп аймақтары жөніндегі алдын ала хабарлау құралы ретінде
қолданылады.
3.49 Эвакуациялау жолы: Адамдар болуы ықтимал жерден дәліздер, баспалдақ
холлдары, вестибюльдер арқылы сыртқа шығуға дейінгі жол.
3.50 Жолаушыларды эвакуациялау жолы: Еркін жүріп-тұру желісі (туннельдер,
кішкене көпірлер, тұғырнамалар, баспалдақтар, кассалық залдар, жер астындағы
жүргіншілер өткелдері).
3.51 Туннельдің үлкен ағымды (шағын ағымды) жағы: Дұрыс бағытта қозғалып
жатқан поездға қатысты сол (оң) жағынан орналасқан туннель жағы.
3.52 Ақпарат құралдарының жүйесі
(ақпараттық құралдар): Халықтың іс-
қимылы шектеулі топтарына қозғалыс кезіндегі қауіпсіздік пен ыңғайлылыққа мүмкіндік
беретін, алаңда оңай жол таба алуын қамтамасыз ететін ақпарат көздерінің жиынтығы.
3.53 Қызметтік үй-жайлар: Метрополитен қызметкерлерін орналастыруға және
жолаушыларды тасымалдау және оларға қызмет көрсетумен байланысты өндірістік
үдерісті жүзеге асыруға арналған, станцияның көлемдік-жоспарлаушы элементтері
(станция, орталықтандыру орны бойынша кезекшінің үй-жайлары, станция
бастықтарының кабинеттері, кассалық бөлме-жайлар, жасақтық, медициналық пунктер,
күзет бөлме-жайлары және басқалар.
3.54 Біріктірілген тартылыс күшін төмендететін шағын станция: Пойыз
қозғалысына қажет, және сәйкес келетін электр тоғын тұтынушыларға қуат беру үшін
қажетті болып табылатын, айнымалы тоқтың 10 кВ кернеуін 220 және 380 В -қа дейін
төмендетуге қажет, айнымалы тоқты тұрақтыға түрлендіру үшін қызмет ететін электр
құрылғысы.
3.55 Тіршілік ету ортасы: Адам өзінің барлық өмірлік қажеттіліктерін
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін қоршаған материалдық орта, соның ішінде,
ғимараттар мен имараттар, олардың жабдықталуы, жарақтандырылуы және іргелес аумақ.
3.56 Метрополитен станциясы: Станцияның технологиялық жүйелері мен
аралықтардың іргелес учаскелерін бақылау және басқарудың кешенді құрылғыларымен
жарақтандырылған, метрополитен жолаушыларын отырғызуға, түсіруге
(ауыстырып
отырғызуға) және оларға қызмет көрсетуге арналған құрылыс кешені.
3.57 Станциялық жолдар: Станция шеңберіндегі жолдар - басты, қабылдаушы-
жөнелтуші, айналым мен тұрақтауға немесе жылжымалы құрамның тұрақтауына,
вагондарға техникалық қызмет көрсетуге арналған.
9
3.58 Шахта оқпаны: жер бетіне шығатын тесігі бар және жер асты құрылыстары
жөніндегі жұмыстарға қызмет көрсетуге арналған тік немесе көлбеу тау-кен қазбасы.
3.59 Табло: Жұмыс бетіндегі символдары механикалық, электрондық немесе өзге
жетектің көмегімен өзгеретін көрсеткіштер.
3.60 Дене түйсігімен сезінуге арналған бет: Беткі қабатының қолмен сезіп
білінетін өзгертілген фактуралы беті.
3.61 Ақпараттың түйсікті құралдары: Көз көруі бойынша мүгедектерге берілетін
және түйсіну арқылы, яғни олармен жанасу арқылы қабылданатын ақпарат
тасымалдағыштары.
3.62 Туннельдік желдету: Атмосфералық ауаны жер бетінен метроплитеннің жер
асты құрылыстарына жіберуге және ластанған ауаны қайта жер бетіне шығаруға арналған
аралық туннельдерді, станцияларды, тұйық жолдарды және қосқыш туннельдерді
желдетудің негізгі жүйесі.
3.63 Туннель: Адамдарды, тау-кен массасын, материалдар мен жабдықты
тасымалдау үшін қызмет ететін көлденең жер асты жасанды қуысы;
3.64 Трасса: Жобада жергілікті жердегі алынған жағдайға сай келетін
метрополитеннің жобаланатын шүлдігі.
3.65 Қиын жағдайлар: Күрделі инженерлікологиялық, гидрогеологиялық шарттар
және жобалаудың негізгі нормаларын қолдану құрылыс-құрастыру жұмыстарының
көлемін айтарлықтай ұлғайтумен, құрылыстарды түбегейлі қайта құру, жабдықтау мен
құрылғылардың жаңа түрлерін ойлап шығару қажеттілігімен, негізгі құрылыстарды
құлатумен және т.б. байланысты болатын басқа да жергілікті жағдайлар.
3.66 Тюбинг: Қатты дөңгелек және радиалды қабырғалары бар цилиндрлік сегмент
тәріздес бекіткіш элемент.
3.67 Тартым күші станциясы: Қуат беруші орталықтардан алынған кернеуі 10кВ
үш фазалы айнымалы тоқты электр пойыздарын қуаттандыру үшін кернеуі 825 В тұрақты
(түзетілген) тоққа түрлендіру үшін, сондай-ақ, кернеуі 10 кВ электр энергиясының бөлігін
төмендеткіш кіші станцияларға беру үшін қызмет ететін электр құрылғысы.
3.68 Қатты соққы: Топырақтың немесе құрылыс конструкциясының туннельдік
қаптама қалпының сыртқы белсенді жүктемелердің әсерінен пайда болатын қазба
контурына қатысты өзгеруіне кедергі жасауы.
3.69 Бөлім: Қызметіне қарай ғимаратпен байланысты аумақ.
3.70 Шахта (туннель) оқпанының сағасы: Жер асты жасанды қуысының жер
бетіне қабысу орны.
3.71 Футерлеу: Жұмыс қабатының жылдам тозуынан сақтандыратын
құрылыстардың, құрылғылар мен жабдықтың қорғаныш жабыны.
3.72 Штольня: Жер бетіне тікелей шығатын жолы бар көлденең тау-кен қазбасы.
3.73 Штросса: Туннельдің
(қазбаның) қабырғалар мен қаптама қатары
тұрғызылатын төменгі бөлігі.
3.74 Ұңғылау қалқаны: Жылжымалы механикаландырылған бекіткіш.
3.75 Пайдаланым қызметкерлері: Берілген жұмыс немесе лауазым үшін міндетті
болып табылатын көлемдегі білім тексерісінен өткен арнайы дайындалған адамдар.
3.76 Электр қондырғысы: Электр энергиясын өндіруге, айналдыруға, беруге,
10
бөлуге және оны энергияның басқа түрлеріне түрлендіруге арналған, өздері орнатылған
үй-жайлармен бірге машиналардың, аппараттардың, желілер мен қосалқы жабдықтардың
жиынтығы.
Қысқартылған сөздер
АБ - аккумулятор батареясы немесе автоматты блокадалау (мәтіннің мазмұнына
байланысты)
АББ - автоматты бақылау бөлімшесі
ЖАР-АЛБ -жылдамдықты автоматты реттейтін автоматты локомотив белгісі
ДАЖО - диспечердің автоматтандырылған жұмыс орыны
ЖҚАТЖ - жүру құнын автоматты төлеу жүйесі
ПҚААТ- пойыз қозғалысына арналған автоматтандыру және телемеханика
МЖҚТБАЖ
- метрополитенде жүру құнын төлеуді
бақылаудың
автоматтандырылған жүйесі
АТС - автоматты телефон станциясы
ПАБ - пойыздарды автоматты басқару
ӨДАҚ - өрт сигналының автоматты қондырғысы
ӨСАҚ - өрт сөндірудің автоматты қондырғысы
БЖЖ - бұрғылау-жару жұмыстары
СБҚ - су бұрғыш құрылғысы
БРАА - байланыстыратын рельстердің ауа аралығы
ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары
ДБ - диспетчер бөлімшесі
ҚДБ - қозғалыс (пойыз қозғалысы) диспетчері бөлімшесі
ЖДБ - желі (метрополитен желісінің) диспетчерінің бөлімшесі
СДБ - станция диспетчерлік бөлімшесі
ЭБДБ - электрмен қамтамасыз ету бөлімінің диспетчерлік бөлімшесі
СК - бекет кезекшісі
ОПК - орталықтандыру постының кезекшісі
ДО - диспетчерлік орталықтандыру
ҮҚК - үздіксіз қуат алу көзі
ИЭІ - инженерлік-экологиялық ізденістер
БӨБ - бақылау-өлшеу бөлімшесі
ЖБ - жергілікті батарея
ХІШТ - халықтың іс-қимылы шектеулі тобы
ТАА - тиын айырбастайтын автомат
ЖАТӘ - жаңа австриялық туннель әдістері (құрылысы)
ТЖК - тұрақ-жөндеу корпусы
ЕЖШЗ - ерекше жұқа шашыратқыш зат
МРҚ - мүмкіндігінше рұқсат етілген қалдықтар
ТҚҚ - түтінге қарсы қорғаныс
МРШ - мүмкіндігінше рұқсат етілген шоғырландыру
ДБО - диспечерлік басқару орталығы
11
ҚҰЖ - құрылысты ұйымдастыру жоспары
КТС - кернеуді түсіретін шағын станция
ЖОЖ - жұмысты орындау жоспары
ТҚБ - техникалық қызмет көрсету бөлімшесі
ББ - бөлу бөлімшесі
БҚ - бөлу құрылғысы
КЭЖЖ - кепілді электрмен жабдықтау жүйесі
ҚҚЖ - құрылыс-монтаж жұмыстары
СНЖ - спутниктік навигация жүйесі
АХжЭБЖ - адамдарға хабарлау және эвакуациялауды басқару жүйесі
ӨДЖ - өрт сигналы жүйесі
БТҚС - біріктірілген тарту-төмендеткішті қосалқы станциясы
ШСК - шоғырланудың сомалық көрсеткіші
ТБЖБЖ - телебақылау арқылы бекет жұмысын басқару жүйесі
ТҚС- төмендеткіш қосалқы станция
ТӨ - телеөлшем
ТҚК - техникалық қызмет көрсету
АЖ - ағымдық жөндеу
ТД - теледабыл
ТБ- телебасқару
ПҚБ - пойыз қозғалысын басқару
ҚӨҚ - қорғаулы өшіру құрылғысы
ТКБҚ - туоннель кіре берістерін бақылау құрылғысы
ТЖҚ - туннельдік желдету қондырғысы
ТЖ - төтенше жағдай
ЭО - электрлі орталықтандыру
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Метрополитен жолаушыларды қауіпсіз тасымалдаумен және қызмет
көрсету
қызметкерлерімен қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз етуі және қоршаған ортаны қорғау
талаптарына, санитарлық-гигиеналық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сай болуы тиіс.
4.2 Метрополитен жолдарын:
- қаланың жоспарлы құрылымының, сондай-ақ қаланың қазіргі және болжамды
инженерлік-көліктік инфрақұрылымының қиылысында әзірленген;
- жолдың бағытын, ұзындығын және жобалау кезектілігін қарастыратын;
- станциялардың, электродеполардың, әкімшілік ғимараттар мен кәсіпорындардың,
метрополитен жолдары арасында, сондай-ақ метрополитен жолдары мен теміржол тоқтау
пунктерінің арасында ауыстырып отырғызу ғимаратының саны және орналасу орындары
көрсетілген метрополитенді дамытудың бекітілген сызбасына сәйкес жобалау керек.
Метрополитен құрылысын жоспарлау кезінде ҚР ҚН
1.02-03 талаптарын
басшылыққа алу керек.
4.3 Метрополитен станцияларын оларға ыңғайлы кіреберіс жол мен жақындауды
12
қамтамасыз ете отырып, жолаушылар санын қалыптастыратын тұрғын үй, қоғамдық және
өндірістік аймақтардың орталықтарында, үлкен көпфункционалдық кешендердің және
жалпы қалалық орталық жүйе объектілерінің қасында, метрополитен жолдарының
қиылыстарында, теміржол және автобус вокзалдарының және басқа да көпшілік жүретін
объектілер маңында салу керек.
4.4 Станция осьтерінің арақашықтығы ереже бойынша 1000 м кем және 2000 м көп
болмауы тиіс. Станциялар арасының қашықтығы 3000 м және одан көп болған жағдайда,
өткелдің орта бөлігінде жолаушыларды туннельден немесе ұжымдық қорғау аймағына
жоғары шығару үшін қосымша шығатын жол қарастыру керек.
4.5 Метрополитен жолдарының тасымалдау және өткізгіштік қабілетін қамтамасыз
ететін құрылыстар мен құрылғылардың негізгі көрсеткіштерін жолдарды пайдаланудың
төмендегі кезеңдерінде жолаушылар ағымының ең жоғарғы есебі бойынша бекіту керек:
- бірінші кезең - бірінші жылдан оныншы жылға дейінгі аралық;
- екінші кезең - он бірінші жылдан жиырмасыншы жылға дейінгі аралық;
- үшінші кезең - болашақта (жиырма жылдан астам).
Станцияларды, туннельдерді және туннель алдындағы ғимараттарды, тұйықтар,
желдеткіш және сорғы құрылғылары жайларын, қосалқы станциялар жайын, қосалқы
станциялардың электр желілерінің қуат көздерін, күш желілерін, поезд қозғалысына
арналған автоматика және телемеханика құрылғыларын (ПҚАТ), сондай-ақ электродепо
аумағының көлемін үшінші кезеңге арналған жолдың тасымалдау және өткізгіштік
қабілеті үшін жоспарлау керек (болашақта).
Желдеткіш жабдықтары мен құрылғыларын, қосалқы станция жабдықтарын және
кернеуі 220 және 380 В болатын реттеуші электр желілерін, тұрақ-жөндеу ғимараты мен
электродепоның тұрақ жолдарын жолды пайланудың бірінші кезеңіне жоспарлау керек.
4.6 Метрополитен жолдарын жоспарлау кезінде, оларды жеке бөліктермен
пайдалануға беру мүмкіндігін қарастыру керек.
4.7 Жобада қабылданатын негізгі техникалық шешімдерді бәсекелі нұсқалардың
техникалық-экономикалық көрсеткіштерін салыстыру арқылы негіздеу керек.
4.8 Метрополитен жолдарын ереже бойынша таяз немесе терең орналасқан жер
астында жоспарлау керек.
4.9 Метрополитен жолдарының салу тереңдігін және орналасу жерін жоспарда:
- станциялардың орналасу;
- инженерлікологиялық, зілзалалық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық
жағдайларын;
- жер асты суларының өзгерістерін, ортаның тотығу белсенділігін және басқа да
жергілікті жағдайларды;
- құрылыс жұмыстарының өндірістік тәсілдерін;
- тарихи және сәулеттік ескерткіштер мен қолданыстағы құрылыс ғимараттарының
сақталуын қамтамасыз ету;
- пойыз қозғалысы кезінде, эскалатор және басқа да метрополитен құрылғыларынан
болатын шу мен дірілдеуден ғимараттарды қорғау есебі бойынша таңдап алу керек.
4.10 Зілзалалық аудандарда, басқа да ұқсас жағдайларда метрополитен жолдарын
жоспарлау кезінде туннельдерді неғұрлым көп тереңдікте салатын нұсқаларға
13
артықшылық берген жөн.
Ел қоныстанбаған жерлерде су бөгеттерін кесіп өткенде, темір жолдардың бойында,
инженерлікологиялық және/немесе зілзалалық жағынан қолайсыз учаскелерде жабық
түрдегі галереяларда жер үсті және жер беті учаскелерін, сондай-ақ ашық жер үсті және
жер беті учаскелерін қарастыруға рұқсат етіледі.
4.11 Метрополитен жолдарын салуды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету үшін
метрополитеннің барлық құрылыстарының сыртқы контурының ( сыртқы контурдың
кескіндерінің) екі жағынан да ені 40 м кем емес техникалық аймақ қарастыру керек.
Метрополитен құрылысы аяқталғанға дейін техникалық аймақта ғимараттар салуға,
инженерлік коммуникациялар орнатуға, ағаштар мен бұталар отырғызуға, гүлзарлар
орналастыруға рұқсат етілмейді.
4.12 Техникалық зоналардың шекараларын жүргіншілер қозғалысы үшін дұрыс жағдай
жасау және қала территориясына жақын учаскелердегі нақты жағдайларды ескере отырып,
жөндеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында орнату қажет.
4.13 Техникалық аймақ шекарасынан екі жағынан
30 м ендік аймақта және
техникалық аймақтың өзінде жер асты коммуникацияларын орнату, аймақта құрылыс
салу, ағаштар мен бұталар отырғызу, гүлзарлар орналастыру:
- метрополитен объектілерін салу кезінде метрополитенді жоспарлайтын
ұйымдардың;
- метрополитен объектілерін пайдалануға бергеннен кейін метрополитенді
пайдаланатын ұйымның келісімі бойынша жүргізілуі тиіс.
4.14 Күзет аймақтарын мыналарға орналастыру керек:
- олардың қалану тереңдігіне қарамастан жерасты станцияларына және көше
астындағы жүріп өту жолына;
- желдеткіш және демонтажды шахталардың діңгегіне, су бұрғыш және канализация
құрылғыларының құдықтарына және скважиналардың сағаларына;
- метрополитен құрылысына су өткізгіш, жылу беретін және шоғырсымды
кірістердің жанасқан жерлеріне;
Күзет зоналарының шекараларын қалақұрылысы және көліктік жағдайларды ескере
отырып анықтау керек.
4.15 Метрополитен желісінің әрқайсысында, пойыздарды дербес жүргізетін, бірнеше
жолы болуы керек.
Күрделі көлік тораптарында, жолдар арасында, пойыздардың маршруттық
қозғалысын біріктіру мен ұйымдастыруды, қарастыруға рұқсат беріледі.
4.16 Метрополитен жолын, пойыздардың оң жақтық қозғалысын ескере отырып, екі
жолды етіп жоспарлау керек.
4.17 Әр жолдың өзіне берілген нөмірі болуы тиіс, бұл бір станция көлемінде
қайталанбауы тиіс.
Ғимараттар мен имараттарды белгілеуді, келесі қағидаттарды негізге ала отырып,
электродеподан бастау керек:
- басты жолдар - оң жақ тақ (бірінші), сол жақ жұп (екінші);
- жылжымалы құрамның айналымы үшін станциялық жолдар - оң жақ тақ (үшінші),
сол жақ жұп (төртінші);
14
- вестибюльдер - бергі жағы тақ (бірінші), арғы жағы жұп (екінші);
- пикетаж - бірінші жол (оң жақ) бойынша дұрыс бағытта қозғалыс кезінде ұлғаю
жағына.
4.18 Метрополитен жолдарының өзара, сондай-ақ басқа да көлік құралдары
түрлерінің жолдарымен қиылысуын әртүрлі деңгейде қарау керек.
Қиылысу орындарында жолдарды бір жолды дәнекер тармақтарымен, ал
электрдеполары бар жолдарды екі жолды дәнекер тармақтармен қосу қажет.
4.19 Әрбір жолда негізгі электродепо, тұйықтар мен жылжымалы құрамды техникалық
қамтамасыз ету пунктерін, ал жолдың ұзындығы 20 км көп және сағатына 40 жұп поезд
өткізгіштік қабілетін талап ететін жолда қосымша электродепо қарастыру керек.
Екінші жолды пайдаланудың бірінші кезеңінде бір типтік жылжымалы құрамы бар
екі жол үшін бір электродепоны пайдалануға рұқсат беріледі.
4.20 Жерасты құрылыстарына апаратын жолдардың конструкциялары
300 жылда 1
рет судың ең жоғары деңгейде арту ықтималдылығында су басу және су тасқыны болған
жағдайда, олардың ішіне су кіру мүмкіндігін болдырмауы тиіс.
4.21 Метрополитеннің бірінші жолында ереже бойынша негізгі электродепоны
темір жолдармен қосатын жалғау жолдары болуы керек. Жалғау санын бір жалғау
желісінің әрбір 50 км-не деген есеппен қабылдау керек.
4.22 Станциялардың вестибюльдеріне, туннель желдеткішінің ауа жинау
дүңгіршектеріне және туннель порталдарына кіре беріс жиектерін, сондай-ақ жергілікті
желдеткіштің ауа жинау
(ауа шығару) торларының төменгі жиектерін сулардың ең
жоғарғы деңгейі 300 жылда 1 рет көтерілу ықтималдығы бойынша су тасқындарының
(топан судың) ең жоғарғы деңгейінен 1 м жоғары орналастыру керек. Техникалық -
экономикалық негіздеме негізінде аталған құрылыстарда кіреберіс жиектерін көтерудің
орнына ғимаратқа су тасқынының кіруіне қарсы арнайы қорғағыш құрылғыларды
(қақпалар және т.б.) қарастыруға рұқсат беріледі.
4.23 Жолдары қиылысатын метрополитен станциялары арасында, сондай-ақ
метрополитен және темір жол тоқтау пункті арасындағы станцияларда жолаушыларды өткізуге
арналған ауыстырып отырғызу ғимараттарын жолаушылардың ауысып отыру үшін аз уақыт
жұмсауын қамтамасыз ету есебі бойынша жоспарлау керек. Ұзындығы 100 м және одан жоғары
өткелдер үшін жолаушылар конвейерін қарастыру мақсатты болып табылады.
4.24 Жолдың әрбір ақырғы станциясының артында поездардың айналымы және
тұрағы үшін тұйық қарастыру қажет. Тұйық ұзындығын болашақта белгіленетін
ұзындықта екі құрамның тұрақта тұра алу мүмкіндігін есепке ала отырып қабылдау керек.
4.25 Құрамдардың түнгі тұрағын электродепода, жолдың соңғы және аралық
станцияларындағы тұйықтарда қарастыру керек. Жылжымалы құрам тұрағының сызбасы
жолдарды жоспарлау кезінде әзірленуі және метрополитенді пайдаланатын ұйыммен
келісілуі тиіс.
4.26 Тұйықтардың бірінде ұзындығы 20 км дейін болатын жолдың бірінші іске қосу
учаскесінде өндірістік және тұрмыстық жайлары бар жылжымалы құрамды техникалық
тексеру пунктін орналастыру керек. Ұзындығы 20 км астам жолда жылжымалы құрамды
техникалық қарау пункттерін станция артында қарастыру керек, бұл ақырғы станция
ретінде бес жылдан астам уақыт пайдаланылады. Егер станция маңында электродепо
15
салынып жатқан жағдайда, жылжымалы құрамды техникалық тексеру тұйықтағы емес,
электродепода қарастырылғаны дұрыс.
4.27 Жолда әрбір 5-8 км сайын құрамдардың айналымы немесе уақытша тұрағы үшін
тұйық және жолды жеке-жеке учаскелермен пайдалануға беру мүмкіндігін қарастыру керек.
4.28 Метрополитеннің бірінші жолын жоспарлау кезінде технологиялық жабдықтарды
(эскалаторларды, трансформаторларды, электр қозғалтқыштарын, сорғыштарды және
басқаларды) жөндеу үшін біріктірілген шеберхана жобаларын әзірлеу керек.
4.29 Болашақта вагондарды күрделі жөндеу, оларға қосалқы бөлшектерді дайындау
және қала метрополитенінің барлық желілеріне арналған үлкен агрегаттарды жөндеу
өндірісін жылжымалы құрамды жөндеу зауытында қарастыру керек. Зауыт құрамына
технологиялық жабдықтарды жөндеуге арналған біріктірілген шеберханалар кіру қажет.
4.30 Метрополитен жолдарында метрополитенді азаматтық қорғаныс құрылысы ретінде
қолдануға мүмкіндік беретін қосымша ғимараттар мен құрылғылар қарастырыла алады.
Аталған ғимараттар мен құрылғылар жобасын әзірлеуді, АҚ және ТЖ мен
ҚР ҚНжЕ 2.04-09 режимінде тұрғындарды уақытша қорғау үшін «Метрополитеннің
қосымша құрылғылары мен ғимараттары» бөлімін әзірлеуге арналған АТШ (арнайы
техникалық шарттар) талаптарын есепке ала отырып жүзеге асыру керек.
4.31 Метрополитен жолдарында поездар қозғалысын автоматты басқаруды,
эскалаторлар мен басқа да өндірістік жабдықты жолдардың диспетчерлік пункттерінде
және станциялар (орталықтандыру пунктері) бойынша кезекшілер және эскалаторлар
бойынша кезекшілер жайларында қашықтан басқаруды, сондай-ақ бірыңғай
автоматтандырылған жол ақысын төлеу және станцияда жолаушыларды өткізуді бақылау
жүйесін құру қажет. Станцияларда станция жұмысын телебақылаумен бақылау жүйесін
(СЖТБЖ) орнату керек.
4.32 Метрополитеннің барлық жолдарында поездар қозғалысын және негізгі
қондырғылар мен құрылғылардың жұмысын, жобалауға берілген тапсырмаға сәйкес
арнайы талаптар бойынша құрылғылармен жабдықталған диспетчерлік басқаруды
Метрополитеннің инженерлік ғимаратының Басқару орталығында қарастыру керек.
Инженерлік ғимаратты, онда метрополитен қызметі және басқару аппараттарын
орналастыруды есепке ала отырып, метрополитеннің бірінші жолы құрылысымен бір
мезгілде салуды қарастырып жоспарлау керек.
4.33 Метрополитен салуда сауда аймақтарын, павильондар және басқа да
жолаушыларға жолшылай қызмет көрсету объектілерін бекет вестебюлінің кассалық залы
деңгейінен төмен орналастыруға болмайды. Аталған объектілер жолаушылардың өту
және оларға қызмет көрсету аймағын шектемеулері және метрополитенге қызмет
көрсетудің технологиясына кері әсерін тигізбеуі керек.
4.34 Станцияның қасында және/немесе станцияның жер астындағы вестюбильдеріне
жалғасқан көше асты жаяу жүргінші өткелдерінің ішінде қоғамдық әжетханалар
қарастырылуы керек, олардың көлемдік жоспарының шешімдерін, оның ішінде
сыйымдылығы мен тамбур сандарын жеке тапсырма негізінде белгілеу керек.
4.35 Метрополитенді жобалау, салу және қайта салу кезінде мыналар ескерілу керек:
- ғимаратты апатсыз салу және пайдалану үдерісін қамтамасыз ететін техникалық
және технологиялық шешімдер;
16
- қолданыстағы стандарттар мен нормативтік құжаттарға сәйкес келетін
материалдар, қондырғылар мен бұйымдарды қолдану;
- сәйкестік сертификаты және техникалық сертификаты бар шетелдік нормалар мен
стандарттар бойынша дайындалған материалдар, қондырғылар мен бұйымдарды қолдану;
- құрылыс өндірісін кешенді механикаландыру және автоматтандырудың заманауи
құрал-жабдықтары негізінде құрылысты индустрияландыру, сондай -ақ типтік
құрылғыларды, жабдықтар мен аппараттар жүйесін қолдану;
- поездардың өрт қауіпсіздігі мен қозғалыс қауіпсіздігін, сондай-ақ жолаушылардың
поезда, эскалаторларда, лифттерде, станция тұғырнамалары мен туннельдерде болған
кездегі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар, көлемді-жоспарлау
шешімдері мен пайдалану шарттары;
- санитарлық-гигиеналық норма талаптарының, құрылыс және пайлану үдерісінде
жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін қорғау ережелерінің орындалуын қамтамасыз
ететін техникалық шешімдер;
- пайдалану үдерістерін барынша механикаландыру және автоматтандыру,
жолаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау, қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру,
эргономика және техникалық эстетика принциптерін сақтау;
- ҚР ҚН 3.06-01 және ҚР ЕЖ 3.06-101 сәйкес халықтың іс-қимылы шектеулі тобы
үшін ғимарат пен құрылысқа қол жетімділігін қамтамасыз ететін техникалық шешімдер;
- трасса жолының бойында және салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстарды
поездар қозғалысы, эскалаторлар мен метрополитеннің басқа да қондырғыларының
жұмыс істеп тұрған кезінде шығатын шулар мен дірілдеуден қорғау шаралары;
- қоршаған ортаны, тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау іс-шаралары;
Сауда аймақтарын, павильондарды, дүңгіршектерді және басқа да жолаушыларға
жолай қызмет көрсететін объектілерді станцияға кіре беріс жолы болып табылатын жер
асты (көше астындағы) өткелдерде орналастыруға рұқсат етіледі. Аталған объектілер өту
және жолаушыларға қызмет көрсетуаймағын шектемеуі, сондай-ақ касса залдарының
жұмыс технологиясын бұзбауы тиіс.
4.36 Метрополитен ғимараттарындағы сигналдық түстер, қауіпсіздік таңбалары мен
белгілері, егер басқасы осы нормада айтылмаған болса,
«Өндірістік объектілердегі
сигналдық түстерге, қауіпсіздік таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар»
техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.
Станция маңында және/немесе станцияның жер асты вестибюльдеріне жалғасып
жатқан көше астындағы жүргіншілер өткелі ішінде қоғамдық әжетханалар қарастырылуы
керек, олардың көлемдіжоспарлау шешімдері, оның ішінде сыйымдылығы мен тамбурлар
саны арнайы тапсырма негізінде анықталуы тиіс.
4.37 Зілзалалық аудандарда жаңа жолдарды салуды, қолданыстағы жолдарды,
метрополитеннің жеке ғимараттары мен құрылғыларын қайта салу және кеңейтуді
жоспарлау құжаттамасында:
- құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық және зілзалалық жағдайлары туралы
мәліметтер;
- зілзалалық әсерлерді есепке ала отырып, негізгі және ерекше үйлесімдіктегі
күштерге арналған құрылыс конструкциясының есептері;
17
- технологиялық және электротехникалық жабдықтардың, автоматтандыру және
байланыс құралдарының зілзалалық беріктігінің есептері және/немесе тәжірибелік
негіздемесі;
- зілзалаға қарсы алдын алу және қорғау шараларын әзірлеу мен негіздеу.
5 ИНЖЕНЕРЛІК ІЗДЕНІСТЕР
5.1 Жалпы нұсқаулар
5.1.1 Метрополитен құрылысын жоспарлауға және салуға арналған инженерлік
ізденістерді метрополитен құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін,
жобасын және жұмыс құжаттамасын әзірлеу үшін жүргізу керек. Метрополитен
құрылысының ерекшелігі олардың жұмыс өндірісінің әдістерін және жинақтарын, қалып
тереңдігін, трассаны таңдауға едәуір әсер ететін ерекшелігі бар қоршаған топырақ
алабымен өзара қарым-қатынасы болып табылады.
5.1.2 Инженерлік ізденістер құрамына инженерлікологиялық, зілзалалық,
инженерлік-геодезиялық, инженерлік-экологиялық ізденістер және қажет болған жағдайда
археологиялық ізденістер кіруі тиіс.
5.1.3 Инженерлік ізденістер нәтижелері қоршаған ортада қауіпті үдерістер
болдырмайтын құрылыс жұмыстарын орындаудың тиімді тәсілдерін анықтауға негіз
болып табылады.
5.1.4 Метрополитен құрылысын жоспарлау және салу үшін инженерлік ізденістер
көлемді және ҚР ҚНжЕ 1.02-18 және ВҚН 190 талаптарына сәйкес орындалуы керек.
5.1.5 Ізденіс әдістері, құрамы және көлемі ізденістер бағдарламасымен бекітілуі тиіс.
Ізденістер бағдарламасын әзірлеу кезінде жобаланып отырған құрылыстың
ерекшеліктерін, жобалық-іздеу жұмыстарының кезеңдерін, құрылыс жағдайларының
зерделенгендік және қиындық деңгейін, сондай-ақ инженерлік-геологиялық және
зілзалалық жағдайлардың қиындығын ескеру керек.
5.1.6 Инженерлік-геологиялық ізденістер түрлі жұмыстар кешенінен тұрады, олар
рет-ретімен бірнеше кезеңде орындалады:
- құрылыс алаңының топографиялық, геологиялық және гидрогеологиялық жағдайларын
сипаттайтын мұрағаттық мәліметтер негізінде аймаққа алдын ала барлау жасау;
- метрополитен құрылысы орналасқан жерді инженерлікологиялық суретке түсіру,
бұған топырақ көлемінінің бедерін және геологиялық құрылысын, топырақ жасы мен
жіктеу белгілерін, жер асты сулары мен газдар режимдерін зерттеу кіреді.
Бұл ретте жер үстінен суретке түсіру әдістері сияқты аэрофото түсіру де
пайдаланылады, кейіннен суреттердің инженерлік-геологиялық шифры шығарылып
оқылады. Ерекше үлкен көлік туннельдері үшін әртүрлі физикалық-геологиялық
үдерістер мен құбылыстардың пайда болуын түсіретін, жер қыртысының күйреу
аймақтарын анықтауға мүмкіндік беретін космостық түсірілім қолданылады.
5.1.7 Сурет материалдары бойынша инженерлік-геологиялық карта жасалынады,
оны метрополитен туннелі трассасының нұсқаларын жоспарлауда пайдаланады.
5.1.8 Зілзалалық зерттеулер орындау кезінде құрылыс ауданының зілзалалығын,
18
зілзалалығы бойынша топырақ деңгейін, құрылыс алаңының зілзалалығын, зілзалалық
қатынаста қолайсыз болып саналатын тектоникалық және басқа да факторлардың бар
болуын немесе жоқтығын анықтау керек.
5.1.9
Құрылыс ауданының зілзалалығын елдімекен пунктері және
ҚР ҚНжЕ 2.03-30-да келтірілген Қазақстан Республикасы аумағын жалпы зілзалалық
аудандарға бөлу картасы бойынша қабылдау керек.
5.1.10 Зілзалалық қасиеті бойынша топырақ деңгейін:
- туннель өтетін жердің зілзалалық қасиетіне байланысты туннельдер үшін;
- басқа құрылыстар үшін (жер үсті ғимараттары, көпірлер, көше асты өткелдері ж әне
т.с.с) ҚР ҚНжЕ 2.03-30 ережелеріне сәйкес анықтау керек.
5.1.11 Геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар метрополитен ғимаратын іздеу, жоспарлау
және салу сатысында жүргізіледі. Олар жер бетінде геодезиялық жұмыстардан, жер асты қазба
жұмыстарын бағдарлаудан және жер асты (маркшейдерлік) жұмыстарынан тұрады.
5.1.12 Жер бетіндегі геодезиялық жұмыстар аймақты топографиялық суретке түсіруден
басталады, бұл жер үсті инженерлік геодезия әдістері сияқты аэрофототопографиялық әдіспен
де жүргізіледі. Жер асты геодезиялық жұмыстарының мәні туннельде жоспарлы геодезиялық
негіз жасауда жатыр, оның болуы туннель өсін шығаруға, жүргізіліп жатқан қазба
жұмыстарының нақты пішінін қамтамасыз етуге, қаптау жұмысының жоспарлы жағдайын
белгілеуге, трасса бойында тақта жүргізуге мүмкіндік береді.
5.1.13 Инженерлік-экологиялық ізденістер мен зерттеулер, осылардың негізінде
табиғат қорғау шараларын құрастыратын метрополитен құрылысы және пайдалану
салдарынан болған қоршаған ортаның қазіргі жағдайы мен өзгеруін болжамдауды бағалау
үшін жүргізіледі. Ізденістер құрамына экологиялық ақпараттарды жинау және өңдеу, елді
мекенді аудандарға бөлу, барлау жұмыстары, атмосфера ауасының, топырақ ортасының,
жоғарғы және жер асты суларының, радиациялық жағдайының, зиян физикалық -
химиялық әсерлердің табиғи және зертханалық геоэкологиялық зерттеулері кіреді.
5.1.14 Инженерлік-экологиялық ізденістер мәліметтерінің сараптамалары негізінде
қоршаған ортаны бүлдіруді барынша азайту бойынша, ал қажет болған жағдайда
метрополитен құрылысын салу және пайдалану барысында жергілікті экологиялық
мониторингті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар әзірленеді.
5.1.15 Метрополитен құрылысы және пайдалану кезінде топырақ көлемінің жағдайы
құрылыс конструкциясының геологиялық ортамен бірге болжамды өзара әрекеті
шамасында зерттелуі тиіс.
Топырақ көлемінің тереңдігін зерттеу:
- қарапайым құрылыс аудандарында туннель науасының орналасу тереңдігінен
10 м кем емес биіктікте болуы тиіс;
- зілзалалық құрылыс аудандарында туннель науасының орналасу тереңдігінен
10 м кем емес биіктікте және топырақ бетінен 30 м кем болмауы тиіс.
5.2 Инженерлік-геологиялық ізденістер
5.2.1 Инженерлік-геологиялық жұмыстар жобаны және жұмыс құжаттамасын әзірлеу
кезеңінде жүргізіледі.
19
5.2.2 Жобаны әзірлеу кезеңінде ізденістер ізденістерді қоршаған ортаға барынша аз
әсер ететін құрылысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін трасса төсеу мен құрылыс
түрлерін және жұмыс әдістерінің қолайлы нұсқаларын таңдау үшін, сондай -ақ аралық
туннельдер, станциялар мен жер үсті ғимараттарын жоспарлау үшін жеткілікті
инженерлікологиялық материалдарды алуды қамтамасыз ететін көлемде жүргізу керек.
5.2.3 Жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңінде ізденістерді арнайы технологиялық
жұмыстар қолданылатын учаскелерде инженерлікологиялық жағдайлары мен инженерлік-
геологиялық жағдайды анықтау, сондай-ақ гидрогеологиялық мониторингті дайындау
мақсатында жүргізген жөн.
5.2.4 Ізденістер құрамына келесі жұмыстар кіруі тиіс:
- мұрағаттық және инженерлік-геологиялық материалдарды жинау, жинақтау және
сараптау;
- жол трассасы бойындағы елді мекенді аудандарға бөлу;
- метрологиялық қамтамасыз ету;
- барлау жұмыстарын өткізу;
- дала топырағын зерттеу;
- геофизикалық зерттеулер;
- топырақ құрамын, су асты суларының химиялық құрамын зертханалық зерттеу;
- ізденіс нәтижелерін жүйелі өңдеу және есеп дайындау.
Күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда қажетінше ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
5.2.5 Ізденістер мен зерттеулер жүргізу нәтижелерінде:
- геологиялық құрылысын (генезис, стратиграфиялық тиістілігі, орын, іріктемелі
эрозия пішіні, жыныстардың құрамы мен жағдайы), геоморфологиялық, тектоникалық
және тектоникалық емес жағдайларын;
- гидрогеологиялық жағдайларын;
- геологиялық үдерістер мен құбылыстарды;
- жыныстардың қатпарлы және жарылып бұзылуын, жарылуын;
- микрозілзалалық аудандарға бөлуді;
- геокриологиялық жағдайларын;
- топырақтың физикалық-механикалық қасиетін;
- жер асты суларының және топырақтың агрессиялығын белгілеу және бағалау
қажет.
5.2.6 Ізденістер жүргізу кезінде мыналарды анықтауға ерекше мән беру керек:
- көлемде босаған аймақтарды
(созылғыш саз қабаттарын және суға қаныққан
құмды-сазды қабаттарды, ерекше топырақтарды, қатты зақымданған жартас
топырақтарын);
- жоғары іріктемелі қасиеті бартопырақ құрамын және жоғары гидростатикалық
қысымы бар аймақтарды;
- құрылыс конструкциясы материалдарына жоғары дәрежелі агрессивті әсер ететін
топырақтар мен жер асты суларын;
- адамдар денсаулығына зиянды әсерін тигізетін (газдылық, радиоактивті, зиянды
заттарды сіңірген топырақ) және жарылу қаупі бар орталарды.
20
5.2.7 Құрылыс үшін қолайсыз аймақтарды анықтау кезінде олардың таралу аймағын,
даму қарқынын, құрылыс және ғимарат жұмысының жағдайларына әсер ету деңгейін
белгілеу керек.
5.2.8 RQD әдісі (ұзындығы 10 см және одан жоғары болатын бұзылмаған керн
кесектері сомасының зерттелетін ұңғыма аралығы ұзындығына қатынасы) бойынша
жартас топырақтарының бұзылу дәрежесінің көрсеткішін 1-кесте бойынша қабылдау
ұсынылады.
1-кесте - RQD әдісі бойынша жартас топырақтарының бұзылу
дәрежесінің көрсеткіші
RQD көлемі
Топырақ жағдайы
90-100
Бұзылған
45-90
Болмашы бұзылған
50-75
Аз бұзылған
25-50
Қатты бұзылған
0-25
Өте қатты бұзылған
5.2.9 Метро салуда инженерлік-геологиялық ізденістері түрлі әдістермен жүзеге
асырылады. Негізгі ізденістер әдісі барлама бұрғылау болып табылады. Қажетті барлама
бұрғылау орындауға мүмкіндік бермейтін қала салу жағдайында басқа әдістермен
(геофизикалық, барлау ұңғымаларын ұңғылау, осы ұңғымаларды бұрғылау) алмастыру
керек. Тікелей инженерлік-геологиялық жағдайын білу үшін туннель трассасы бойымен
ұңғымаларды, шахта оқпандарын, туннель пилотын барлап ұңғылау қолданылады.
Барлама бұрғылау толық көлемді және қосымша қазбаларды ұңғылау қандай да бір
себептермен
(қабаттар
үлкен
тереңдікте,
тығыс құрылыс, жер асты
коммуникацияларының тығыз желісі) мүмкін болмаса немесе экономикалық мақсатқа
сәйкес болмаса барлама бұрғылауды геофизикалық әдіспен бірге қолданады.
5.2.10 Геофизикалық зерттеулерді жүргізу міндетті болып табылады. Геофизикалық
зерттеулер түрін таңдауды қойылған тапсырмаларға, қала құрылысының тығыздығына,
сондай-ақ көлік қозғалысынан туындайтын кедергілердің (шу, дірілдеу) бар болуына және
деңгейіне, электр қондырғылардың әсеріне сәйкес белгілеу керек.
5.2.11 Гидрогеологиялық ізденістер салынып жатқан құрылысқа судың келуін,
болашақ депрессионды шұңқырлардың өлшемдерін, құрылыс жұмыстарын орындау
әдістерін, топырақ суларының бағыты мен қозғалыс жылдамдығын, қаптау үшін
гидростатикалық қысымды, температураны, жер асты суларының химиялық құрамы мен
құрылыс конструкциясы материалдарына агрессивті әсерін анықтау үшін алғашқы
мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен суды тәжірибелік тартып шығару,
айдау және толтыру, сондай-ақ геофизикалық тәжірибелі зерттеулер жүргізіледі.
Құрылыс конструкциясына гидростатикалық қысымды бағалау жер асты сулары
режимінің ұзақ мерзімді болжамы негізінде белгіленуі керек.
5.2.12 Құрылыстың геологиялық ортамен өзара қатынасу аймағында құмды-сазды
топырақтың құрамын анықтау қажет болған жағдайда дала топырағының құрамын
21
(статикалық және динамикалық байқап көру, прессиометрикалық және штамптық
сынақтар), сонымен қатар қалған деформациялық модулін анықтау үшін,қисық күш түсіру
арқылызерттеу жүргізіледі.
5.2.13 Сәулеттік ескерткіштерге жататын станцияларды қайта салуды жоспарлаумен
байланысты инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізу кезінде станцияны пайдалану
мерзімі ішінде геологиялық ортаның өзгерістерін және қала ортасының экологиялық
жағдайын анықтау керек.
5.3 Инженерлік-геодезиялық ізденістер
5.3.1 Инженерлік-геодезиялық ізденістер елді мекен жағдайы, рельефі (оның ішінде
су ағысының, су қоймасының түбі және акваторилер), бар ғимараттар мен құрылыстар
(жер үсті, жер асты) және жоспарланған трасса жолы бойынша табиғи және техногенді
жағдайларды кешенді бағалау үшін қажетті басқа да элементтер туралы топографиялық
геодезиялық материалдар мен мәліметтер, жоспарлау, метрополитенді салу және
пайдалану негіздемесін алуды қамтамасыз етуі тиіс.
5.3.2 Жұмыс өндірісі, ізденістер тапсырмасы, дәлдік талаптары, топографиялық
геодезиялық материалдардың растығы мен толықтығы үшін негізгі алғашқы мәліметтер
техникалық тапсырмада көрсетілуі қажет.
5.3.3 Ізденістерге арналған геодезиялық аспаптар мемлекеттік стандарттар
талаптарына сәйкес аттестациялануы және тексерілуі тиіс.
5.3.4 Жобалық құжаттамаларды әзірлеу кезеңінде ізденістерді жоспарланған
трассалардың барлық нұсқалары бойынша жүргізу керек. Жұмыс құрамына мыналар кіруі
тиіс:
- 1:500-1:2000 масштабта топографиялық (инженерлік-топографиялық) карталар мен
жоспарларды, фото жоспарларды
(аэро- және космофото жоспарларды), жерге
орналастыру және орманға орналастыру жоспарларын, геодезиялық желілердің тірегін
дамыту бойынша өткен жылғы ізденіс материалдарын, жер, қала құрылысы және басқа да
кадастрларды жинау және сараптау;
- мемлекеттік геодезиялық тірек желілері пунктерін тексеру және қажет болған
жағдайда, оның қалыңдатуын немесе дамуын орындау;
- топографиялық карталар мен жоспарларды қазіргі жағдайға, елді мекен рельефіне
және жер асты коммуникацияларының орналасуына сәйкес келмесе жаңарту;
- қажетті топографиялық материалдар болмаған жағдайда, сурет негіздемесін жасау
және топографиялық суретке тусіруді орындау;
- өзендер мен су қоймаларының тереңдігін өлшеу, су ағыстарының түбін тегістеу
және зерттеліп жатқан өзен учаскесінде ұзыннан сұлба және өлшенген қақпаларға
көлденең сұлба құру;
- қауіпті табиғи және технотабиғи үдерістерді (карст, беткейлік үдерістер, өзен,
теңіз, көл және су қоймаларының жағалауларын өңдеу, сондай -ақ аймақты қосымша
үлкейту және су алған жағдайда) зерттеу кезіндегі геодезиялық жұмыстар;
- құрылыс басталудан бұрын болған жер бетіндегі ғимарат пен құрылыс негізіндегі
бұзылулар бойынша материалдарды оқу;
22
- қолдағы материалдардың растығын қосымша тексеру мақсатында көзбен шолып
қарау қажет болған жағдайда трасса нұсқаларын және құрылыс орналасқан жерді алдын
ала тексеріп зерттеу.
Жобаны әзірлеу кезеңінде ізденістер төмендегілердің жасалуын қамтамасыз етуі
тиіс:
- бұрыннан бар және жоспарланған сыртқы коммуникациялар, инженерлік желілер
көрсетілген 1:2000-1:500 масштабтағы анықталған жағдайлық жоспарды;
- бұрыннан бар және бұзу жоспарланған ғимараттар мен құрылыстар көрсетілген
құрылыс алаңдарын инженерлік дайындау жоспарын;
- жол жоспарының сызбасын және аумақтың тіктік жоспарын;
- табиғатты қорғау іс-шараларын;
- құрылысты геодезиялық қамтамасыз ету материалдарын.
5.3.5 Техникалық есепті келесі құрамда жасау керек:
- жұмыс ауданының физикалық-географиялық және геологиялық ерекшеліктері,
ізденістер жүргізу ауданының топографиялық геодезиялық зерделенгендігі туралы жалпы
мәліметтер;
- жасалған геодезиялық жоспарлы зәулім негіздің сызбасы, құрылыс трассасы
бойының зерделенген топографиялықодезиялық картограммасы, геодезиялық жоспарлы
зәулім негіздің бекітілген пунктерінің нобайлары, сондай-ақ олардың координаттары мен
биіктік тізімдемесі;
- жер асты құрылыстарының жоспарлары;
- трасса нұсқалары бойынша жоспарлар мен бойлық сұлбалар (тапсырыс берушінің
келісімі бойынша соңғылары жасалмауы мүмкін);
- құрылыстың, жер бетінің төмен түсуін және бұзылуын бақылау кестесі;
- атқарылған жұмыстар әдісі мен технологиясы туралы, техникалық бақылау және
жұмысты қабылдау туралы мәліметтер;
- жұмыс нәтижелерінің қорытындысы;
-
геологиялық қазбалардың орналасу немесе картадан алыну сызбасы,
координаттары мен биіктік тізімдемесі.
5.3.6 Жұмыс құжаттамасын әзірлеу кезеңіндегі ізденістер трассаның бас жоспарын
түзеу, жобалық шешімдерді нақтылау және талдау үшін қосымша топографиялық
геодезиялық материалдар алуды қамтамасыз етуі тиіс. Олардың құрамына мыналар кіреді:
- жоспарлаудың алдыңғы кезеңдерінде орындалған материалдарды сараптау және
түзету;
- трасса учаскелерін және жоспарланған жол трассасы бойындағы құрылыстарды
алдын ала барлап тексеру;
- трассаның сызбасын жер бетіне келтіру (трассаның сызбасын жер бетіне шығару);
- жоспарлы зәулім трассалардың мемлекеттік
(тірек) геодезиялық желілер
пунктеріне байланысуы;
-
1:1000-1:500 масштабта трасса бойындағы елді мекен белдігін топографиялық
суретке түсіру, қиын учаскелерде
1:200 масштабта өткелдерді, қиылыстарды және
жаңадан пайда болған
(жобаны әзірлеу үшін анықталғаннан кейін) инженерлік
коммуникацияларды толық суретке түсіру;
23
- геологиялық барлау ұңғымаларының, қазбалардың, геофизикалық және басқа да
инженерлік ізденістердің байланысуы;
- құрылыс басталғанға дейін ғимаратардың, құрылыстар мен жер бетінің төменге
түсуін және бұзылуын аспаптық бақылау;
- инженерлік-топографиялық жоспарды жасау және көбейту;
- ізденістердің басқа да түрлерін геодезиялық қамтамасыз ету;
- техникалық есеп дайындау.
5.3.7 Құрылыс-құрастыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін ізденістер құрамына
мыналар кіреді:
- елді мекенде және жер асты таулы жасанды қуыстарында құрылыс объектісінің
жобалық жағдайын анықтау;
- жер бетінде және жер асты таулы жасанды қуыстарында құрылыс салу үшін
бөлінбелі геодезиялық жоспарлы зәулім тірек желілерін жасау;
- трасса бойында топтасқанжоспарлы зәулім желілерін және кіріс желілерін жасау;
- жобалық құжаттамаға сәйкес құрылысты геодезиялық-маркшейдерлік қамтамасыз
ету;
- жер бетіндегі ғимараттар мен құрылыстардың және жер асты құрылыстардың
төменге түсуін және бұзылуын бақылау, оның ішінде қауіпті табиғи және технотабиғи
үдерістерге жергілікті мониторинг орындау кезінде;
- салу, жөндеу және басқа да жұмыстар кезінде жасырын жер асты құрылыстарын
сыртта анықтау бойынша геодезиялық-маркшейдерлік жұмыстар;
- жер асты және жер үсті құрылыстарының орындалатын сызбасын және басқа да
техникалық құжаттамаларды құрау.
5.4 Инженерлік-экологиялық ізденістер
5.4.1 Инженерлік-экологиялық ізденістер
(ИЭІ) метрополитен объектілерін салу
(қайта салу) жобалық құжаттамаларын дайындау үшін орындалады. ИЭІ орындалмай
жобалық құжаттамаларды дайындауға және іске асыруға рұқсат етілмейді.
5.4.2 ИЭІ шеңберіндегі жұмыстарға өзін өзі басқару ұйымы берген осындай
жұмыстарға рұқсаты туралы куәлігі бар ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер тартылады.
5.4.3 Құрылыс салудың
(қайта салудың) жобалық құжаттамасын дайындауға
арналған ИЭІ қоршаған ортаның қазіргі жағдайын бағалау және жобаланып жатқан
объектіге әсерін тигізетін оның мүмкін өзгерістерін болжау үшін орындалады.
5.4.4 Инженерлік-экологиялық ізденістер мына мақсатта орындалады:
- метрополитен объектілері салынатын
(қайта салынатын) аймақтың табиғи
жағдайлары және қоршаған ортаға техногендік факторлардың әсері туралы материалдар
алу;
- жағымсыз экологиялық салдардың алдын алуға, барынша азайтуға және жоюға
бағытталған қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қажетті
материалдар алу.
5.4.5 Инженерлік-экологиялық ізденістер тапсырыс беруші мен орындаушы
арасындағы келісім шарт негізінде жүргізіледі, оған техникалық тапсырма және
инженерлік-экологиялықізденістерді орындау бағдарламасы тіркеледі.
24
5.4.6 Тапсырыс беруші мен орындаушы ИЭІ барысында орындалатын жұмыстардың
құрамын, олардың көлемі мен тиісті аймақтың ерекшеліктері мен онда орналасқан жер
учаскелерінің орналасуын есепке ала отырып, орындау әдісін белгілейді.
5.4.7 ИЭІ бағдарламасын және техникалық тапсырмасын дайындау кезінде аймақтың
табиғи және техногенді ерекшеліктері сияқты жоспарланған метроплитен объектісінің
ерекшелігі де есепке алынуы тиіс.
5.4.8 Құрылыс салу кезінде инженерлік-экологиялық ізденістер үш кезеңде
орындалуы тиіс: дайындық, далалықтарды зерттеу, материалдарды жүйелеп өңдеу.
Дайындық кезеңінде табиғи ортаның жағдайы туралы қордағы және жарияланған
материалдар мен мәліметтерді жинау және сараптау, далалық жұмыстар алдындағы
шифрды шығарып оқу, ұқсас табиғи жағдайларда жұмыс жасап тұрған ұқсас объектілерді
іздеу жүзеге асырылады.
Техникалық тапсырма негізінде далалықтарды зерттеу құрамына мыналар кіре
алады:
- табиғи ортаны және ландшафтарды тұтастай, жер үсті және сулардың экожүйесінің
жағдайын, ластану көздері мен белгілерін жеке компоненттерімен сипатталатын
маршруттық бақылау;
- эколого-гидрогеологиялық зерттеулер;
- жер қыртысын зерттеу;
- атмосфералық ауаның ластануын, жер қыртысын, топырақтарды, жер үсті және жер
асты суларын геоэкологиялық байқап көру және бағалау;
- радиациялық жағдайды зерттеу және бағалау;
- газогеохимиялық зерттеулер;
- физикалық әсерлерді зерттеу және бағалау;
- өсімдік және жануарлар әлемін зерттеу;
- әлеуметтік-экономикалық зерттеулер;
- санитарлық-эпидемиологиялық және медициналық-биологиялық зерттеулер;
- тұрақты бақылаулар (экологиялық мониторинг).
Жер қыртысын, топырақтар мен жер асты суларын геоэкологиялық байқап көруді
инженерлік-геологиялық ізденістермен қатар жүргізу мақсатты болып саналады.
Инженерлікологиялық ізденістермен кешенді жүргізілетін барлау жұмыстарының
құрамында ұңғымаларды, шахта оқпандарын ұңғылау, сондай -ақ геофизикалық
зерттеулер кіреді.
Материалдарды жүйелеп өңдеу кезеңінде химиялық талдау және басқа да
зертханалық зерттеулер, алынған мәліметтерді сараптау, болжамдар мен ұсыныстарды
әзірлеу жүргізіледі, техникалық есеп жасалады.
5.4.9 Атмосфералық ауаны жүйелеп байқауды туннельдің барлық трассасы
бойынша, сондай-ақ порталдар орналасқан жерлерде және туннельден ауаны шығаратын
жоспарланған пунктерде жүзеге асыру керек. Топырақтың химиялық ластану деңгейін
әрбір ластанған компоненттің шоғырлануына, сондай-ақ химиялық ластанудың сомалық
көрсеткішіне сүйене отырып анықтау керек.
5.4.10 Радиациялық жағдайды құрылыс аумағында гаммафонның өзгеруінен,
туннельдің толық бір тереңдікте орналасу топырағының радиоактивтік деңгейінен, сумен
25
бұзылугоризонттарының радиоациялық сипаттамасынан тұратын радиациялық-
экологиялық зерттеулер мәліметтеріне сүйене отырып бағалауқажет.
5.4.11 Атмосфераның тозаңдануын, туннель салушы машиналар мен механизмдердің
жұмысы кезіндегі шу және дірілдеуді болжауды зиянды физикалық-механикалық
әсерлерді бағалау негізінде жүргізу керек.
5.4.12 Инженерлік ізденістердің есептік құжаттамасы (техникалық есеп) мәтіндік
және графикалық бөлімнен, сондай-ақ қосымшалардан
(мәтіндік, графикалық және
цифрлық түрлерде) тұруы тиіс.
5.4.13 Ізденістер нәтижелері туралы техникалық есепті мынадай көлемде жасау
керек:
- кіріспе;
- қоршаған орта жағдайының зерделенгендігі;
- тарихи-табиғи мұралар объектілерінің қысқаша сипаттамасы;
- алынып жатқан топырақ пен құрылыс қалдықтарының сипаттамасы, оларды
тасымалдау және қаттап тастау.
5.4.14 Қоршаған орта жағдайын үйреніп білуді:
- қоршаған ортаны қорғау саласында бақылау жүргізетін және экологиялық
зерттеулер жүргізетін мемлекеттік органдарының;
- өткен жылдардағы инженерлік-экологиялық ізденістер;
- ұқсас инженерлік-геологиялық және ландшафтты-климаттық жағдайлардағы ұқсас
объектілердің материалдары бойынша орындау керек.
5.4.15 Табиғи және техногенді жағдайлар сипаттамасы мыналардан тұруы тиіс:
- климаттық және ландшафттық жағдайлар;
- қорғалатын аумақтын бар болуы (ахуалы, құндылығы, мақсаты, орналасуы);
- геоморфологиялық, гидрологиялық, геологиялық, гидрогеологиялық және
инженерлік-геологиялық жағдайлар.
5.4.16 Инвестицияларды дәлелдеу кезеңінде ізденістер нәтижесі туралы техникалық
есепке келесі мәліметтерді де қосу ұсынылады:
- аумақтың қазіргі экологиялық ахуалы, оның ішінде су ағысы, санитарлық
қорғалатын аймақтар, жасыл желекті отырғызу, радиациялық жағдайы, атмосфералық
ауаның ластану деңгейі, зиянды заттарды тастау және жер бетіндегі ластаушы
элементтердің шоғырлануы, топырақтағы химиялық және басқа да қоспалар, жануарлар
әлемінің жағдайы, ерекше қорғалатын аумақтар туралы мәліметтер;
- метрополитен салу және пайдалану кезінде ортаның мүмкін зиянды өзгерістерін
алдын ала болжау;
- жағымсыз әсерлерді алдын алу және төмендету, табиғи ортаны қайта қалпына
келтіру және сауықтыру бойынша ұсыныстар.
5.4.17 Құрылыс жобасын әзірлеу кезеңіндегі ізденіс нәтижелері туралы техникалық
есепке келесі мәліметтерді де қосу ұсынылады:
- ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және басқа да факторларының
анықталған сипаттамасы;
- ортаның мүмкін бұзылуының түзетілген жеке көрсеткіштері, әсер ету аймағының
анықталған шекаралары, өлшемдері мен сырт пішіні.
26
5.4.18 Техникалық есептің графикалық бөліміне жобалау кезеңіне сәйкес нақты
материалдар, қоршаған ортаның қазіргі және болжамды жағдайының картасын қосу
қажет.
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайының картасында
(сызбасында) ландшафт
түрлерін, қауіпті қоспалардың көздерін, олардың сипаттамасы,ауысу жолдары мен
шоғырлану учаскелерін, ерекше қорғалатын аумақтарды, тарихи-табиғи мұралар
объектілерін, геохимиялық, радиациялық және басқа да зерттеулер қорытындыларын
қарастыру керек.
Қоршаған ортаның болжамды жағдайының картасында
(сызбасында) орта
компоненттерінің күтілетін өзгерістерін, түрлі қауіпті қоспалардың мүмкін таралау
қарқынын бейнелеу қажет.
5.4.19 Техникалық есепті рәсімдеу кезінде ҚР ҚНжЕ 1.02-18 ережелерін басшылыққа
алу керек.
6 ӨТКІЗГІШТІК ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ ҚАБІЛЕТІ
6.1 Жолдың өткізгіштік қабілетін сағатына 40 жұп пойыздан аспайтын қабылдау
керек. Электр жабдық қондырғылары мен пойыз қозғалысын басқаруды есептеу үшін
қозғалыстың болашақтағы қарқындылығына сүйене отырып, жолдың өткізгіштік қабілетін
20 % жоғарылату керек.
6.2 Метрополитен жолының өткізгіштік және тасымалдау қабілетін болашақта және
пайдаланудың бірінші мерзімінде ең көп тасымалданатын сағаттарда (қарбалас сәтте) ең
көп жүктелген аралықта пойыздағы жолаушылардың есептік санына қарай анықтау қажет.
Қарбалас сәттерде жолдардағы қозғалыс өлшемдерін (1 сағаттағы поездар жұбының
саны және поездағы вагондар саны) анықтау кезінде барлық отыруға арналған орындарда
жолаушылар отыр және жолаушылар салоны еденінің 1 м2 бос алаңында 3,5 тұрып тұрған
жолаушы орналаса алады деген есеппен анықтау керек. Пойыздардағы вагондардың ең
көп санын әр пайдалау мерзімі үшін анықтау қажет.
6.3 Станцияларда және вестюбильдерде жолаушылар қозғалысы учаскелеріндегі
өткелдер өлшемдерін, сондай-ақ кіре берістердің, эскалаторлардың, жолаушылар
конвейерінің, бақылау-өткізу пунктері мен касса орындарының санын
2 -кестеде
келтірілген қолғалыс жолдары учаскелерімен қондырғылардың өткізгіштік және
тасымалдау қабілеті, сондай-ақ 8.6 және 8.10 тармақтарында айтылған талаптарды есепке
ала отырып, қарбалас сәттердегі 15-минуттық жолаушылыр ағынының ең көп көлемі
есебімен анықтау керек.
6.4
15-минуттық жолаушылыр ағынының ең көп көлемін,
1 сағат ішінде
жолаушылар ағынын таратудың біркелкі еместік коэффициенттерін есепке ала отырып,
4.5 тармағына сәйкес болашақта қарбалас сәттерде күтілетін ең көп жолаушылар ағыны
бойынша есептеу керек:
- теміржол және автобус вокзалдары маңында орналасқан станциялар, стадиондар,
орын ауыстыру және уақытша ақырғы станциялар үшін, бірқатар қалалық көлік
жолдарының қиылысу және кәсіпорындар мен мекемелердің шоғырлану орындарында
-1,4;
27
басқа станциялар үшін -1,2
Метрополитен жолының есептік өткізгіштік қабілеті мына формула бойынша
анықталады:
P
Nn/
k
k
(1)
p
B r
мұнда - вагон сыйымдылығы, адам; n -пойыз құрамындағы вагондар саны;
N-пойыз қозғалысының қарқындылығы (жолдың өткізгіштік қабілеті), пойыздар
жұбы/сағ;
kв - біркелкі еместік коэффициенті;
kr - Пойыздар қозғалысы кестесіндегі әркелкілік коэффициенті (kr =1,1).
2-кесте - Жол учаскелерінің өткізгіштік және тасымалдау қабілеті
Өткізгіштік, тасымалдау
қабілеті, сағ./адам, кеп емес
Жолаушылар қозғалысы жолдарының және
Жолдың
пайдалану
станциялар мен вестюбильдердегі қондырғылар
қалыпты
ені, м
мерзімі
мен учаскелер
пайдалану
кезінде
кезінде
Көлденең жол:
бір жақты қозғалыс
1,0
4000
екі жақты қозғалыс
1,0
3400
Тесік орны
0,8
3200
4000
Баспалдақ:
бір жақты қозғалыс жоғарыға
1,0
3000
бір жақты қозғалыс төменге
1,0
3500
екі жақты қозғалыс жоғарыға және
төменге
1,0
3200
Эскалатор
1,0
8200
Шығуға
Жолаушылар конвейері
1,0
11 000
ауысқан кезде
Бақылау-өткізу пункті:
кіре берісте қолмен
0,8
2300
4000
кіре берісте автоматты
0,6
1200
2500
шыға берісте автоматты
0,6
2500
2500
Жол билеттерін қолдан сату кассасы
-
800
Жол билеттері мен карточкаларын беру автоматы
-
400
6.5 Станцияларда және станциялар арасындағы өткелдерде жолаушылар ағыны
қозғалысы жолдарының жақын учаскелерінің өткізгіштік қабілеті бірдей болуы керек.
6.6. Сыртқа шығару жолдары болып табылатын учаске жолдарында немесе жақын
станцияларда өткелдердің көлденең өлшемдерін тарылтуға рұқсат етілмейді.
6.7 Өткізгіштік қабілеті әртүрлі жолаушылар ағыны қозғалысының жол учаскелері
болған жағдайда көрсеткіштері ең аз учаске анықтаушы болып табылады.
28
6.8 Станцияның әр вестюбилінің өткізгіштік қабілетінің көлемін болашақта
4.5
тармағына сәйкес оған берілген жолаушылыр ағынына байланысты анықтау керек.
7 ЖОСПАР ЖӘНЕ БОЙЛЫҚ СҰЛБА
7.1 Зілзалалық аудандарда салынып жатқан метрополитен трассасы жолдарын
таңдау кезінде зілзалалық қаттылығы жағынан біртекті топырақтан туннельдердің өтуін
қарастыратын нұсқаларға артықшылық беру керек, жарылуы жоғары, топографиясы
туннель үстінде қатты өзгеретін аудандардан, тектоникалық опырылған аймақтардан,
сондай-ақ әлсіз және цементті емес топырақтардан тұратын бөктерден аулақ болу керек.
Туннель қиып өтетін қазіргі тектоникалық жер қыртысы ауысуларын тиісті нұсқаулық
шешімдерді қолдана отырып, олардың перпендикуляр жайылуының алдын алу керек.
7.2 Құрамдардың айналуы үшін станция жолдарының белдігі бойынша, тапсырыс
берушінің келісімімен, жылжымалы құрамға техникалық қарау жүргізіліп жатқан
жерлерде байқау арықтарын, ал жолдардың арасында қажет болғанда қызм еттік
платформа орналастыру керек. Уақытша соңғы станцияда бір ғана айналма жолы болған
жағдайда қызметтік платформаны станциядан пойыз қозғалысының бағыты бойынша
жолдың оң жағынан орналастыру керек.
Байқау арықтарының өлшемдері: ені - 1,2 м; ұзындығы (түсетін жердің төменгі
сатыларының арасында) - болашақта пойыздың есептік ұзындығынан 2 м үлкен; жобада
түсетін жердің ұзындығы - 1,5 м; рельстердің бастарынан бастап арықтардың тереңдігі:
айналмалы пішіндегі туннельдер үшін - 1,2 м және тікбұрышты пішіндегі туннельдер
үшін 1,4 м болу керек.
Қызметтік платформаның ұзындығы байқау арығының ұзындығынан кем болуы және
болашақта пойыздың есептік ұзындығынан 11 м-ге асуы тиіс. Рамалық рельс жапсарынан
бастап платформаға дейінгі арақашықтық 10,5 м болуы керек. Қызметтік платформаның ені
1100 мм, ал биіктігі рельс бастарының деңгейінен 1200 мм болуы керек.
Қызметтік платформаның аяғында немесе оның қасында әжетхана мен қоқыс
жинағыш орналастыру керек.
7.3 Жер бетінен бастап метрополитеннің жер асты құрылысы конструкциясының
төбесіне дейінгі аралықты:
- жер асты станциясының тұғырнамалық бөлігінің, жер асты вестюбильдері мен
көше астындағы өткелдердің үстінде - жол қабатының және ғимаратты қатып қалудан
қорғауды қамтамасыз ететін жылуоқшаулау қабатының сомалық қалындығынан кем
болмайды;
- магистраль көшелерінің және жалпы қалалық маңызды жолдардың қиылысқан
жерлеріндегі өткел туннельдерінің үстінде - 3 метрден кем емес;
- қалған жерлерде - туннельдерді қатып қалудан қорғау және олардың үстінде жол
қабатын салу мүмкіндігі бар шарттарда қабылдауға рұқсат етіледі.
7.4 Тура жолды учаскелерді өзара айналмалы және ауыспалы қисық ұштастыру
керек. Тура жолды учаскелерді ұштастыру кезінде айналмалы қисық радиусы
жоспарда:
- негізгі және станциялық жолдарда - 600 м;
29
- жалғаушы жолдарда - 150 м;
- парк жолдарында - 75 м кем болмауы тиіс.
Күрделі инженерлік-геологиялық және сейсмиологиялық шарттарда салынып
жатқан метрополитен жолдары үшін техникалық-экономикалық негіздемесі бар болған
кезде қисық радиустардың аз мәндерін қабылдауға рұқсат етіледі, бірақ:
- негізгі және станциялық жолдарда - 300 м;
- жалғаушы жолдарда - 100 м;
- парк жолдарында - 60 м кем емес.
7.5 Жоспарда радиусы 2000 м және одан аз болатын негізгі тура және қисық жолды
учаскелерін, сондай-ақ әртүрлі радиустегі құрамдас айналмалы қисық учаскелерді өтпелі
қисықтар арқылы ұштастыру керек, олардың ең аз ұзындығын 3 Кесте бойынша қабылдау
қажет.
7.6 Станциялық және парк жолдардан, станциялық тұғырнамалар мен басқа қисық
жолды учаскелерде, ашық арықтардың, нұсқарлы ауысулар мен құламалар маңындағы
жолдардан басқа қисық жолды учаскелерде сыртқы рельсті ішкі рельстен жоғары жатқызу
қажет. Сыртқы рельсті жоғару жатқызу өлшемдерін 3-кесте бойынша қабылдау керек.
3-кесте - Ауыспалы қисықтардың ең аз ұзындықтары
және сыртқы рельсті биіктету
Басты жолдар
Қосқыш жолдар
Поездардың
Поездардың
Ауыспал
Сыртқ
Ауыспа
қозғалыс
қозғалыс
Сыртқы
ы
ы
лы
Қисық
жылдамдығы,
Қисық
жылдамдығы,
рельстің
қисықты
рельсті
қисықт
радиус
км/с, өшірілмеген
радиус
км/с, өшірілмеген
биіктетілу
ң
ң
ың
ы, м
жылдамдықты
ы, м
жылдамдықты
і, мм
ұзынды-
көтеріл
ұзынды
арттыруда, м/с2
арттыруда, м/с2
ғы, м
уі, мм
ғы, м
-0,4
0
+0,4
0
+0,7
3000
-
-
-
-
125
600
-
0 - 60
-
75
2000
10
20 - 30
-
40
110
500
-
0 - 60
-
65
1500
20
20 - 40
-
50
100
400
-
0 - 60
-
60
1200
40
20 - 50
-
60
100
350
-
0 - 60
-
55
1000
60
30 - 70
-
70
100
300
-
0 - 60
-
50
800
80
40 - 80
30
70
95
250
-
0 - 60
-
45
600
100
50 - 80
40
70
90
200
10
0 - 60
10
45
500
120
60 - 80
45
70
85
175
30
0 - 60
20
45
Ескертпе
1 Сыртқы рельстің басты жолдардағы биіктетілуі бекет платформасының шекарасынан тыс қаралады.
2 Ауыспалы қисықтар радиоидальді спиральдар бойынша бөлінеді.
3 Басты жолдарда мүмкіндік болса ауыспалы қисықтардың үлкен мәндерін қабылдау керек.
7.7 Туннельдерде сыртқы рельсті ішкі рельстен жоғарылатуды сыртқы рельсті
қажетті жоғарылату көлемінің жартысына көтеру және сол көлемде ішкі рельсті түсіру
30
есебінен, ал жер бетіндегі учаскелерде - сыртқы рельсті қажетті жоғарылатудың толық
көлеміне көтеру есебінен қарастыру керек. Қисықтың туннельде жартылай және жер
бетіндегі учаскеде жартылай орналасуы кезінде сыртқы рельсті ішкі рельстен
жоғарылатуды туннельдерде орналасқан қисықтар сияқты орналастыру керек.
Сыртқы рельсті бұруды ауыспалы қисық бойымен, ал ол болмаған жағдайда -
айналмалы қисық және айналмалы қисыққа ұштасатын тура учаске бойымен қарастыру
керек.
Сыртқы рельсті бұру бағыты екі тізбеке де 2 % аспайтын, қиын жағдайларда 3 %
еңіске бағыт рұқсат етіледі.
7.8 Негізгі жолдардағы құрамдас айналмалы қисықтарды ауыспалы қисықтарсыз
ұштастыруға рұқсат етіледі, егер қисықтың айрмашылығы:
1
1
1
,
(2)
R
R
1500
1
2
R
жәнеR
- бірінші және екінші қисықтар радиусы.
1
2
Жалғаушы жолдарда тура және қисық учаскелерді, сондай-ақ айналмалы
қисықтарды ауыспалы қисықтарсыз ұштастыруға рұқсат етіледі.
Ауыпалы қисықтар болмаған кезде айналмалы қисықтың, ауыспалы қисықтардың
аяқтарының арасындағы айналмалы қисықтың, сондай-ақ сыртқы рельсі үнемі жоғары
көлемде болатын дөңгелек қисық учаскенің ұзындығы 15 м аз болмауы тиіс.
7.9 Ауыспалы қисықтардың бастапқы нүктелері арасындағы тура ендірменің
ұзындығын, ал олар болмаған жағдайда бір дөңгелек қисықтың аяғы мен басқа дөңгелек
қисықтың басы арасында:
- негізгі жолдарда - 20 м;
- жалғаушы жолдарда - 15м;
- парк жолдарында - 3 м кем болмайтындай етіп қабылдау керек.
Негізгі жолдарда қиын жағдайларда тура ендірменің ұзындығын
15 м кем
болмайтындай етіп қабылдауға рұсат етіледі.
7.10 Құрылыстың жақындау, жабдықтардың және жылжымалы құрамның
габариттері, сондай-ақ тура және қисық учаскелерде аралас жолдар белдіктері арасындағы
қашықтықты 23961 МЕМСТ бойынша қабылдау керек.
7.11 Нұсқарлы ауысуларды
5
% аспайтынылдида жолдың тура учаскелерінде
орналастыру керек, қиын жағдайларда 10 % дейінгіылди рұқсат етіледі.
Жоспарда дөңгелек қисықтардың бастапқы нүктелерінен, сондай-ақ сұлбада тік
қисықтардан бастап нұсқарлы ауысу орталығына дейінгі аралық 20 м кем болмауы тиіс.
Нұсқарлы ауысу орталығынан бастап станция тұғырнамасына дейінгі аралық
25 м кем
болмауы тиіс. Бағыттық ауысымдар мен тоғыспалы съездер аралық құрылымдардың
біріккен жерінде орналаспауы керек.
7.12 Негізгі жолдардағы және тұйықтардағы, сондай-ақ теміржол жолдарымен
байланыстыратын электрдепоның парк жолдарында нұсқарлы ауысулардың 1/9, ал қалған
жолдарда - 1/5 крестовина маркасы болуы тиіс.
7.13 Станциялар мен өткелдердің, жолдың жабық жер үсті учаскелерінің, сондай-
ақметрополитеннің рельстік жолдарының бойлық ылдиы
3
% кем болмауы тиіс.
31
Негізделген жағдайларда жеке учаскелерді көлденең алаңда орналастыруға рұқсат етіледі.
Бұл ретте су бұрғыш науа түбінің бойлық ылдиы 2 % кем болмауы тиіс.
Жол учаскелерінің және жер асты, сондай-ақ жер үсті учаскелеріндегі рельстік
жолдардың бойлық ылдиы 40 % көп болмауы тиіс, ал ашық жер үсті учаскелерінде -35 %
-ден көп болмауы тиіс.
Қиын жағдайларда станциялармен немесе ұзындығы
500 м дейін болатын
өткелдермен бөлінуі мүмкін жалпы ұзындығы 1500 м аспайтынжер асты және жабық жер
үсті учаскелерінде осы учаскелерде сыртқы рельсі жоғарылатуды бұру болмаған жағдайда
45 % аспайтын және болған жағдайда -43 % аспайтын бойлық ылдиды қабылдауға рұқсат
етіледі. Қажет болған кезде осы учаскелерде ПҚАТ қондырғыларын қолдана отырып,
поезд қозғалысы жылдамдығы шектеледі.
Жалпы ұзындығы 45 % ылдида болатын 1500 м тең учаскенің,оның ұштарына жақын
учаскелер 20 % аспайтын ылдида және әрқайсысының қашықтығы 1500 м кем емес етіп
орналастырылсын.
7.14 Түрлі бағыттарға бағытталған, 5 % жоғары ылдиы бар, бойлық сұлбаның екі
элементінің ұштасуын 5 % аспайтын ылдиы бар сұлба элементтерімен орындау керек.
7.15
2 % тең немесе асатын алгебриялық ылди мәні әртүрлі, бойлық сұлбаның
шектес тік сызықты элементтерін радиусы станцияның негізгі жолдарында
-
3000 м,
аралықтардың негізгі жолдарында - 5000 м, жалғаушы тармақтар мен тұйықтарда, парк
жолдарында -1500 м болатын дөңгелек қисықтармен тіктік жазықтықты ұштастыру керек.
Қиын жағдайлар үшін негізгі жолдарда тіктік қисықтардың радиусын станцияда - 2000 м
дейін, аралықтарда - 3000 дейін қысқартуға рұқсат етіледі.
7.16 Бойлық сұлбаның ұзындығын болашақта пойыздың есептік ұзындығынан кем
болмайтындай етіп қабылдау керек. Тіктік қисықтардың шектес аяқтары арасындағы
бойлық сұлба элементіндегі тура ендірменің ұзындығы ереже бойынша 50 м кем болмауы
тиіс.
7.17 Жылжымалы құрамның тұрағы үшін жолды дамыту станцияларында бір немесе
екі станциялық жол, ал айналым үшін - екі жол қарастыру керек. Уақытша ақырғы
станцияларда айналым үшін бір жол қарастыруға рұқсат етіледі.
Құрамның тұрағы және айналымына арналған жолдарды станцияға көтерілетіндей
етіп 3 %-да орналастыру керек.
7.18 Бірнеше құрамның түнгі уақыттағы тұрағына арналған станциялық жолдың
ұзындығын болашақтағы құрам ұзындығы мен қашықтығы сомасы сияқты анықтау қажет:
- құрамдар арасында - 5 м;
- құрамнан бастап тұйықтық тіреуіштегі бөліп тұратын торапқа дейін - 7 м;
- нұсқарлы ауысу орталығынан түнгі тұрақтағы бірінші құрамға дейін - 35 м.
7.19 Жылжымалы құрамның айналымы үшін станциялық жолдардың пайдалы
ұзындығы рамалы рельстің торабынан бастап тұйықтық тіреуіштегі бөліп тұратын
торапқа дейін санағанда пойыздың болашақтағы есептік ұзындығынан 40 м ұзын болуы
тиіс.
7.20 Сақтандырушы станциялық жолдың ұзындығы 135 м кем болмауы тиіс.
7.21 Бір жолды туннельдер арасында 19.2.20 тармағына сәйкес орындалатын қызмет
көрсететін қызметкерлерге және жолаушыларды сыртқа шығаруға арналған өткелдер үшін
32
жалғаулар қарастыру керек.
7.22 Ішкі диаметрі 5,1 және 5,2 м болатын өткізу туннельдерінде түйісу рельстеріне
қарама-қарсы жағынан рельс бастарының деңгейінен 0,2 м биіктікте жаяу жүргінші лер
жолын (банкетка) орналастыру керек. Рельстердің километрлік қоры мен туннельдік
құрылысты бекіту үшін жаяу жүргіншілер жолын әр 300-350 м сайын 30 м дейін үзуге
болады.
8 СТАНЦИЯЛАР, ВЕСТИБЮЛЬДЕР
8.1 Жобада станцияларды жолдың тура учаскелерінде, ал сұлбада ереже бойынша
жоғарыда орналастыру керек. Қиын жағдайларда жобада жер үсті станцияларын және
тереңде орналасқан станцияларды радиусы 800 м кем емес жолдың қисық учаскелерінде
орналастыруға рұқсат етіледі.
8.2 Станцияларды бірбеткейлі 3% тең бойлық ылдида орналастыру керек; қиын
жағдайлар үшін 5 % дейінгі ылдида немесе станцияның суды шығаруды қамтамасыз ете
алу шартында көлденең орналасуына рұқсат етіледі.
Бұл ретте су бұрғыш астаулар табанының бойлық еңісі 2 % кем болмауы тиіс.
8.3* Станциялардың жолаушылар платформалары арал тәрізді, бүйір немесе арал
тәрізді және бүйір болуы мүмкін.
Платформаның отырғызу бөлігінің ұзындығы кем дегенде
8 метрге ұзартылған
пойыздың перспективаға есептелген ұзындығына тең қабылдануы қажет. Бүкіл ұзындығы
бойынша жерүсті станцияларының платформалары жауын-шашыннан қорғалуы тиіс.
Метро станцияларында платформаның отырғызу бөлігінің шетінде жолаушыларды
қауіпсіз отырғызу мен түсіруді қамтамасыз ететін жылжымалы платформа есіктері бар
жанбайтын материалдардан жасалған қалқаларды орнату қажет.
(Өзгерт.ред.
-
ҚТҮКШІК 09.12.2022 ж. №228-НҚ бұйрық).
8.4 Тереңде орналасқан станциялардыңтұғырнамалық учаскелерінің тесіксіз
бөліктерінің ұзындығын болашақта жолаушылар ағынының ең көп көлеміне байланысты
есеппен анықтау керек, бірақ тұғырнаманың отырғызу бөлігінің
1/3 ұзындығынан
аспайтындай етіп қабылдау керек. Бұл ретте тұғырнаманың тесіксіз бөліктерін
жолаушылар пойыздары арасындағы ең төменгі аралыққа сәйкес келетін уақыт ішінде
босатуды жүзеге асыру тиіс екенін ескеру керек.
8.5 Көлемді жоспарлы шешімдерді дайындау кезінде жайларды топтармен блок
түрінде: кассалық, қызметтік, тұрмыстық және өндірістік жайлар етіп орналастыруды
қарастыру керек. Блоктарды бір бірінен және өртке қарсы бөгеттері бар жолаушыларға
арналған жайлардан бөлу керек.
Қызметкерлер тұрақты жүретін жайларда және поезд қозғалысын басқару және
байланыс жайларында транзиттік технологиялық коммуникация (ауа жолдары, құбырлар,
электр шоғырсымдарын) жүргізуге рұқсат етілмейді.
Станциялық құрылыстардың өлшемдері 4-кестеде көрсетілгендерден кем болмауы
тиіс.
8.6 Жолаушылар қозғалысы учаскелеріндегі дәліздер мен баспалдақтар енін
6.3 тармағында айтылған талаптарға сәйкес, бірақ 2,5 м кем емес етіп белгілеу керек.
33
Аз тереңдікте орналасқан станцияларда аралдар пішінді тұғырнама вестибюльмен
тек қана баспалдақ арқылы жалғасқан жағдайларда баспалдақ ені 6,5 м кем болмауы тиіс.
8.7 Жолаушылыр қозғалысына арналған баспалдақтар
1:3 ылдимен, жеке
жағдайларда ылдиды көбейтіп, бірақ 1:2,6 аспайтындай етіп қабылдау керек.
Станцияның орта залындағы жолдар үстіндегі орын ауыстыру дәліздеріне апаратын
өткелдердегі баспалдақтарда және басқа да негізделген жағдайларда 1:2 ылдиға рұқсат
етіледі.
8.8 Станциялардың жер асты вестибюльдеріне, станция ішіне және вестибюльдерге
жалғасқан көше асты жүргіншілер өткелдеріне, сондай-ақ станциялар арасындағы
өткелдерге төмен түсуде
(жоғары көтерілуде) жолаушылар қозғалысына арналған
баспалдақтар сатыларының өлшемдері 36 см × 12 см болуы тиіс. 34 см ×13 см және
32 см ×14 см өлшемді баспалдақтар қолдануға рұқсат етіледі.
4-кесте - Станциялық құрылыстардың параметрлері
Көрсеткіштер атауы
өлшем,
кем емес, м
Аз тереңдікте және жер үстінде орналасқан станциялардың, сондай -ақ
10
көп тереңдікте орналасқан бір құрамды станциялардың аралдар пішінді
тұғырнамасының ені
Көп тереңдікте орналасқан бағаналық станцияның аралдар пішінді
12
тұғырнамасының ені
Қапталдық тұғырнаманың ені
4
Көп тереңдікте орналасқан пилонды станцияның тесіксіз бөлігіндегі
тұғырнама ені және тұғырнама шетінен пилонға дейінгі аралық:
темір бетонмен қапталғанда
2,9*
шойынмен қапталғанда
3,2*
Тұңырнама шетінен бағана жазықтығына дейінгі аралық
1,6
Станцияның орта және қапталдық залдары арасындағы өткелдер ені
2,5
Ең төменгі биіктігі 2 м болатын тұғырнаманың баспалдақ маршының
2
астындағы өткел ені
Аралдар тұғырнамасы мен вестибюль немесе аралық зал арасындағы
баспалдақ ені
6,5
Есік тесігіндегі өткел ені
0,8
Қабаттар мен қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлар
арасындағы қоршаулары бар ашық баспалдақтар ені
0,8
Дәліздер ені
1,2
Жолаушылар қозғалысы белдеуі бойынша өткелдер биіктігі
2,5**
Қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлардың биіктігі
2,5**
Қызметтік және өндірістік жайлардың биіктігі:
жер үсті вестибюліндегі
2,5**
жер асты вестибюліндегі
2,5**
жабдықтарды орналастыруға арналған
2,75**
станция тұғырнамасы астында поезд қозғалысын басқару және
2,35**
байланыс
Дәліздер биіктігі
2,5**
34
Күмбездің аркалық бейнесінде өткел биіктігі
1,8
Ескертпе - Өлшемдер ғимаратты қаптағанға дейін көрсетілген; * - көрсетілген өлшемді 25 м дейінгі
учаскеде 0,2 м дейін азайтуға болады; ** - негіздеме болған жағдайда көрсетілген өлшемді азайтуға
болады, бірақ 0,4 м аспайтындай болуы тиіс
8.9 Бір баспалдақтық марштағы немесе деңгейлердің ауысқан жеріндегі
басқыштардың санын 3 кем емес және 16 көп емес етіп қабылдау керек. Бір марштық
баспалдақтарда, сонымен қатар екі және үш марштық баспалдақтардың бір маршында
бірінші деңгейдің шегіндегі биіктетулер 18 аспауы тиіс.
Баспалдақ марштарын қоршау үшін екі қабатты шарбақ немесе биіктігі 0,7 және
0,9 м болатын қоршау, қабырғаларында қос тұтқа қарастыру керек.
8.10 Станциялардағы және орын ауыстыру ғимараттарындағы көтеру биіктігі 5м
жоғары болатын эскалаторлар қарастыру керек.
Эскалаторлар санын 6.3 тармағындағы талаптарға сәйкес, 4.5 тармағына сәйкес
пайдалану мерзімінде қарбалас сәттерде күтілетін барынша көп жолаушылар ағынын
өткізе алу шартына сүйене отырып және станцияның вестибюль ментұғырнама
арасындағы ылдида немесе орын ауыстыру ғимаратындағы бір эскалатор жөндеуде
боладыдеген есеппен анықтау керек.
Бұл ретте көтергіш биіктігі 10 м дейін аз тереңдікте орналасқан станцияларда,
оларды баспалдақ жанына орналастыра келе, әр вестибюльде екі эскалатордан
қарастыруға рұқсат етіледі. Бұл ретте станцияда бір вестибюльде төрт эскалатордан кем
болмайтындай, басқасында - есеп бойынша, бірақ үшеуден кем болмайтындай етіп
қарастыру керек.
Бағыттар бойынша жолаушылар ағынын бөле алмайтынорын ауыстыру ғимаратында
эскалаторлар санын есеп бойынша,бірақ төртеуден кем болмайтындай етіп, ағындарды
бөлу кезінде - есеп бойынша, әр бағытта екеуден кем болмайтындайетіп қабылдау керек.
8.11 Станцияларда халықтың жүру қабілеті төмен тобы үшін лифттер, көтерілетін
тұғырнамалар немесе пандустар қарастырылу керек.
8.12 Халықтың жүру қабілеті төментобының жүріс жолында кедергісіз өту және
арбалардың өту мүмкіндігін, шарбақтар, ені 0,9 м кем емес есіктер, сондай-ақ алып
жүрушіні шақыру мүмкіндігін қарастыру қажет.
8.13 Станциялар арасындағы дәліздерде және ұзындығы 100 м және одан жоғары
болатын жер асты өткелдерінде жолаушылар конвейерін қарастыру керек.
8.14 Техникалық мүмкіндік болса станция тұғырнамасына апаратын лифтті
халықтың жүру қабілеті төмен тобына барынша қол жетімді жерде тікелей жер үстінен
қарастыру керек. Мұндай мүмкіндік болмаған жағдайда аз тереңдікте орналасқан станция
тұғырнамасына апаратын лифтті вестибюльдегі касса залы деңгейінен, ал лифті бар
вестибюльге жақын баспалдақтарда жүргіншілер өткелдерінің әр жағынан қарастыру
керек, халықтың жүру қабілеті төмен тобы үшін көтеру тұғырнамаларын немесе жер
үстінен вестибюль деңгейінде лифт қарастырылу керек.
Лифтке кіре берісте павильон орналастыру керек немесе оны басқа ғимаратта және
құрылыста қондыру керек.
8.15 Лифттерді сыртқа шығару жолдарын жоспарлау кезінде есептемеу керек.
Станцияларда жоспарланған жолаушылар үшін лифттерді көп қабатты әйнекпен және
басқа да отқа беріктігі өлшенбейтін жанбайтын материалдардан тұратын қалқанлармен
35
қоршауға рұқсат етіледі.
8.16 Станция вестибюльдерін ереже бойынша жер асты етіп жоспарлау керек.
Ғимаратта салынған немесе жеке тұрған жер үсті вестибюльдерін қарастыруға рұқсат
етіледі. Жер асты вестибюльдерінен шыға берісті
(кіре берісті) көше астындағы
жүргіншілер өткелдерінде немесе ғимаратта қарастыру керек.
Жолдар арасындағы орын ауыстыру торабындағы әр станцияның жеке вестибюлі
болуы тиіс. Өрт кезінде орын ауыстыру торабы станцияның тәуелсіз жеке жұмысын
қамтамасыз ету кезінде екі станция үшін ортақ вестибюль қарастырыла алады.
8.17 Станцияларды ереже бойынша тұғырнаманың түрлі аяқтарында орналасқан екі
вестибюлі бар етіп жоспарлау керек. Техникалық-экономикалық негіздемесі бар кезде
қосымша апаттық шыға берісті қарастыра отырып, бір вестибюлі бар станциялар
жоспарлауға рұқст етіледі.
8.18 Жер асты өткелдеріне түсетін баспалдақтар үстінде алмалы-салмалы есіктері
бар павильондар немесе шатыр орналастыру керек.
Вестибюльдерге кіре берісте екі қатарлы есігі бар тамбурлар, павильонға кіре берісте
бір қатарлы есігі бар тамбурлар қарастыру керек.
Вестибюльге апаратын жер асты дәлізі көше астындағы жүргіншілер өткелі болып
табылған жағдайда түсетін баспалдақтардың біреуінде көшенің әр жағынан арбалар мен
арбашықтардың түсуі мен көтерілуі үшін ені 1,2 м болатын түсетін орын (пандус) жасау қажет.
Пандусты баспалдақ маршынан 0,7 және 0,9 м биіктікте орналасқан екі тұтқалы
қорғау қоршауларымен бөлу керек. Баспалдақ құламасын пандуста
0,36 м кем
болмайтындай етіп қабылдау қажет.
Жер асты жүргіншілер өткелдеріне кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында,
баспалдақ құламаларын ені 3 м-лік учаскелермен бөлетін кедергілер қарастыру керек.
8.19 Жер үсті вестибюліне кіру (шығу) немесе жер асты вестибюліне түсу алдында
жаяужолдың тік жоспарының ең жоғарғы белгісінен биіктігі 10 см-ден 15 см-ге дейін
болатын жылыту алаңы болуы тиіс. Жаңбыр немесе су құбырларының апаты кезінде суға
толу қаупі бар жерлерде алаң биіктігін есеппенанықтау керек. Алаң мен жаяужол өткел
арасында арбалар мен арбашаларға арналған пандус қарастырылу керек.
8.20
Станцияның касса залында мыналарды орналастыру керек:
- кіретін және шығатын жерлерде автоматтық бақылау орындарын;
- кіре берісте автоматты бақылау пункттері және қолдан бақылау пункттері және
шыға берісте-автоматты бақылау пункттері;
- метрополитен жолының маршруттық сызбасы, метрополитенді пайдалану
ережелері, станция бойынша
(орталықтандыру бекеті) кезекшімен байланыс телефон
аппараты;
- автоматты
өткізу
пунктерінің
жұмысын бақылау қондырғысымен,
хабарландыруларды қатты айтатын байланыс құралдарымен және электр жылуымен,
жабдықталған контроллер кабинасы;
- минуттық уақыт есептейтін электр сағаттары;
- жолаушылар бағыты үшін эскалаторлар мен баспалдақтарда кедергілер;
- жүргіншілер көретін хабарландыру элементтері;
- дауыс зорайтқыштар, телекамералар;
36
- өрт және су құю шүмектері бар шкафтар;
- ауа көрсеткіштерін бақылаудың телеметрикалық жүйе жабдығы бар шкафтар.
8.21 Станцияның тұғырнама деңгейінде мыналарды орналастыру керек:
- теле камералар, дауыс зорайтқыштар, оперативті және туннельмен байланыс
телефон аппараттары;
- жедел байланыс қондырғылары; артқы көрініс айналары;
- басқару кабинасында пойыз соңын көру мониторы;
- әр жолда және тұғырнама соңында ұқсас қондырғылар;
- жарылудан қорғалған камералар;
- жолаушылардың демалуына арналған орындықтар;
- жолаушыларды визуалды ақпараттандыру элементтері;
- өрт және су құю шүмектері бар шкафтар;
- тұғырнама алдында, аралық туннельдерге кіре беріс есіктерінің немесе қызметтік
жайларды бөлетін кедергілер.
8.22 Тұғырнамада орналастырылған демалуға арналған орындықтар жолаушылар
қозғалысына кедергі жасамауы тиіс. Көп тереңдіктегі станцияларда орындықтарды ереже
бойынша тұғырнаманың тесіксіз бөліктеріне орналастыру керек. Бір күмбезді
станцияларда орындықтарды 25-30 м кейін тұғырнама белдеуі бойымен орналастыруға
және оларды жолаушыларды визуалды хабарландыру элементтеріне және дауыс
зорайтқышпен хабарландыратын дыбыс колонкаларына арналған конструкциялармен
бірге орналастыру ұсынылады.
8.23 Станция платформасының қапталдарындағы қызметтік көпіршелердің өту ені
еденнен 1,5 метрде, 0,75 м кем емес болуы тиіс және бүкіл ұзындығы бойынша биіктігі
1,1 м кем емес қоршауы болуы керек.
Көпіршеге есік ашуды станция тұғырнамасы жағынан қарастыру керек. Көпіршеден
немесе станция тұғырнамасынан туннельге түсу үшін биіктігі 1,0м болатын қоршауы бар
жанбайтын материалдардан жасалған баспалдақ қарастыру керек.
Көпіршеге немесетұғырнамаға кіре берістегі баспалдақ маршы енін
0,7 м кем
болмайтын, ылдилығы - 1,1аспайтын, шыға берістің ені - 25 см кем болмайтын, саты
биіктігі - 22 см аспайтын етіп қабылдау керек.
8.24 Еден жуғыш машиналарды, көтеру жабдықтарын, сақтауға және қуаттандыруға
арналған жерлер, касса залдары және тұғырнамалар деңгейіндегі сатылар мен мінбелер
жолаушыларға арналған жайлардан тыс жерлерде қарастырылу керек.
8.25 Эскалаторлардың ірі көлемді құрылғыларын жөндеу үшін жөндеу ұйымының
техникалық тапсырмасына сәйкес келетін жөндеу тесігін қарастыру қажет.
Майда құрылғыларды көтеру (түсіру) үшін эскалаторлардың машиналық орнының
үстіндегі жабындысында өлшемі 1,5 м ×2,0 м болатын люк қарастыру керек.
8.26 Эскалаторлық туннельдің төменгі бөлігінде және эскалатор конструкциялары
арасындағы бір өткелде пневматикалық құралды жалғау үшін келте құбырлары мен
қысылған ауаны жинау үшін вентилі бар, әр 25 м сайын көлбеу орналасқан және
эскалатордың машина жайында бір келте құбыры мен вентилі бар диаметрі 50 мм болатын
болат құбыр қоюға рұқсат етіледі. Құбыр оған жылжымалы компрессор жалғау үшін жер
бетіне шығарылуы тиіс.
37
8.27 Станция интерьерінің жобалық шешімдері белгілі тақырыпқа сәйкес келуі тиіс.
Әрбір станция басқаларынан түстерде және бағаналар, пилон пішінді қаптауыш зат тар,
төбе (күмбез) түрінде әртүрлі өңдеу жасау және жарықтандыру жүйесі есебінен жеке
сәулеттік келбетімен ерекшеленуі тиіс.
8.28 Жолаушыларға арналған жайды өңдеу үшін шу және дірілдеуді төмендетуді,
сондай-ақ 19-бөлімде айтылған талаптарды сақталуын қамтамасыз ететін тиімді, ұзақ
мерзімді, пайдалану жағдайларында оңай тазаланатын материалдарды пайдалану керек.
8.29 Станция ғимараттары ылғалды топырақтарда орналасқан жағдайдадекоративті
қаптауды салмақ түсетін құрылыс конструкцияларындағы еңісте жасау керек.
Көп тереңдікте орналасқан станцияның жолаушыларға арналған жайларында және
қызмет көрсету қызметкерлері үнемі келетін жайларда қажет болған жағдайда су
қайтаратын зонттар қарастыру керек.
Аз және көп терреңдікте орналасқан станциялардың электр жабдықтарын, поезд
қозғалысын басқару және байланыс аппаратураларын орналастыруға арналған жайларда
олардың орналасуына қарайосы жайлар үстінде субұратын зонттар немесе металоқшаулар
қарастыру қажет.
Зонттар пенеңісте жасалған декоративті қаптауы бар қабырғалар мен
конструкциялар арасындағы кеңістік салдарынан суды тартуды ортақ су тарту жүйесінде
орналастыруды қарастыру керек.
Зонттарда қаптау және зонт арасындағы кеңістікте табиғи желдетуді қамтамасыз
етуге арналған тесік қарастыру қажет.
8.30 Қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайларды өңдеуді олардың түстермен
безендіру бойынша техникалық эстетика және гигиена талаптарын есепке ала отырып,
сондай-ақ 19-бөлімде айтылған талаптарды сақтай отырып белгілеу керек.
8.23
8.31 Станция жайларының - станция және орталықтандыру бекеті бойынша
кезекшінің, медициналық пункттің, машинистер ауысымы пунктінің, касса блогының -
төбелерін және қабырғаларын өңдеу үшін 19-бөлімде айтылған талаптарды есепке ала
отырып, дыбыс жұтатын материалдар қолдану керек. Аталған жайлардағы дыбыс
қысымының деңгейі МЕМСТ 12.1.003 бекітілген деңгейлерінен аспауы тиіс.
8.32 Станциялар мен вестибюльдерде, жолаушыларға арналған жайларда, алаңдар
мен баспалдақ сатыларының, жер асты жүргіншілер өткелдеріндегі еденді қаптауды тау
жыныстарынан немесе жасанды материалдардан өңделген тақталардан қарастыру керек.
Алаңдар мен баспалдақ сатыларының үсті сырғанауды болдырмау үшін бұдырлы
болуы тиіс.
Едендер механикалық тазарту кезінде оңай тазалану керек және су жинайтын науаға
қарай ылди болу керек.
8.33 Жолаушыларға арналған жайлар еденін қаптауға қолданылатын материалдар
МЕМСТ 9479 және МЕМСТ 9480 талаптарына сәйкес болуы тиіс, 60 МПа кем емес
қысымда мықты және үйкелуі жағынан - 0,5 г/см2аспайтын болу керек.
8.34 Ені шетінен 60 см болатын тұғырнама учаскесін ұсақ бучарда сияқты тапталған
гранитпенқаптаудықарастыру керек. Тұғырнама шетінен
60 см аралықта ені
10 см
болатын сары немесе ақ түсті болатын контрасты материалдан жасалған жолақ, 120 см
аралықта
- тұғырнамада нашар көретін және соқыр жолаушылардың бейімделуін
38

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

//////////////////////////////////////////