поиск по сайту правообладателям
|
|
|
содержание .. 4 5 6 7 ..
География. Тесттер (30 сұрақ)
1.Экватордың ұзындығы: а)10000 км в)30000 км с)20000 км д)40000 км е)50000 км
2.Жер бетінің ендік және бойлық нүктесінің қиылысуы: а)өлшем нүктесі в)карталардың көрсеткіші с)горизонтальдар д)бағдарлану нүктесі е)географиялық координаталар
3.Экватодың төменгі қысымды белдеуіндегі жауын-шашының тусүі: а)тек жаз айында көп в)көп с)біркелкі д)өте аз е)тек жаз айында,аз
4.Табиғат зонасын оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеруін: а)биіктік белдеулік в)географиялық қабық с)ендік белдеулік д)біртұтастық е)ырғақтылық
5.Құрлық пен мұхиттың ғаламшарлық дәрежедегі табиғат кешені: а)Атмосфера в)Гидросфера с)Литосфера д)Биосфера е)Географиялық қабық
6.Солтүстік Американың дала зонасы: а)орман в)тундра с)тайга д)прерия е)пампа
7.Материктік және мұхиттық жер қыртысының негізгі айырмашылығы: а)шөгінді және базальтты қабатының болмауы в)ішкі және сыртқы күштердің әр түрлі әсері с)негізгі қабаттың саны мен қалыңдығы д)шөгінді қабаттың болмауы е)базальтты қабаттың болмауы
8.Топырақтану ғылымының негізін салушы: а)Қ.И.Сәтбаев в)Н.А.Северцев с)И.В.Мушкетов д)Ш.Уәлиханов е)В.В.Докучаев
9.Еуразияның ең биік нүктесі: а)Джомолунгма в)Эльбрус с)Коммунизм шыңы д)Хаң-Тәңірі е)Жеңіс шыңы
10.Жер шарындағы ең ірі шөл: а)Қарақұм в)Намиб с)Сахара д)Қызылқұм е)Тар
11.Месопотамия жазығындағы мемлекет: а)Сирия в)Ирак с)Иордания д)Ливан е)Түркия
12.Жер көлемі жөнінен дүние жүзінде Қазақстанның алатын орны: а)2-ші в)5-ші с)9-ші д)10-ші е)8-ші
13.Қазақстанның солтүстігіндегі жауын-шашынның ең көп мөлшері жыл мезгіл а)күз в)жауны-шашынның түсуі жыл мезгіліне байланысты емес с)жаз д)қыс е)шөл, шөлейт
14. Сарыарқадағы табиғат зоналары: а)ормынды, дала в)дала, шөл, шөлейт с)орманды дала, дала, шөл д)биіктік тау белдеуі е)шөл, шөлейт
15. Талас Алатауы етегіндегі қорық: а)Үстірт в)Марқакөл с)Қорғалжын д)Наурызым е)Ақсу-Жабағылы
16. Үстірт муфлоны: а)тау ешкісі в)жабайы қой с)жайран д)ала күзен е)ұзын аяқты кірпі
17. Мемлекеттің демографиялық саясатына әсер ететін фактор: а)халық саны в)демографиялық жағдаят с)халық санағы д)туу е)өлім
18. Халықтың саны 15 млн, көлемі 2,7 квадрат километр жерде орналасқан, халықтың орташа тығыздығын анықта: а)1кв.км жерге 0,8 адамнан в)1кв.км жерге 3 адамнан с)1кв.км жерге 7,8 адамнан д)1кв.км жерге 5,5 адамнан е)1кв.км жерге 0,1 адамнан
19. Орталық Қазақстан шектесетін экономикалық аудандары: а)Солтүстік және Шығыс в)Барлық экономикалық аудандар с)Батыс және Шығыс Қазақстан д)Батыс және Оңтүстік Қазақстан е)Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан
20. Отын-энергетика кешенін біріктіретін салалар: а)көмір және химия в)электроэнергетика және машина жасау с)отын және электроэнергетика д)мұнай және тамақ е)металлургия және отын
21. Отын өнеркәсібінің негізгі саласы: а)газ в)мұнай с)көмір д)жанғыш тақта тас е)шымтезек
22. Титан-магний кәсіпорны орналасқан Қазақстанның облысы: а)Қарағанды в)Солтүстік Қазақстан с)Шығыс Қазақстан д)Ақмола е)Қостанай
23. Қазақстанның жаңа түсті металлургия саласы: а)қалайы және мыс в)қорғасын және цинк с)мыс және алюминий д)никель және мыс е)алюминий және титан-магний
24. Өлшеу құралдары зауытының орны: а)Көкшетауда в)Қостанайда с)Астанада д)Оралда е)Петропавлда
25. Мыс рудасының бай қоры бар кен орны: а)Қаратау, Аят в)Ащысай, Марғалым с)Қашар, Лисаков д)Қоңырат, Саяк е)Зырян, Ленгір
26. Қазақстанда күкірт қышқылын өндіру орталығын орналастыру факторы: а)энергетикалық қор в)маман кадрлар с)транспорттық жол д)көз бен су қоры е)металлургиялық комбинат және суперфосфат зауыты
27. Қазақстандағы қант зауытының орналасу факторы: а)транспорт магистралі в)еңбек қоры с)шикізат көзі д)су қоры е)электроэнергия
28. Белгілі уақыт аралығынла белгілі қашықтықта тасымалданатын жүк: а)транспорттық торабы в)жүк айналымы с)жүк д)порт е)контейнер
29. Қазақстанның жүк тасымалы жөнінен алатын орынды: а)ауа в)өзен с)теміржол д)құбыр е)автомобиль
30. Мұхитты ең қауіпті ластаушы: а)мұнай в)көміртек қалдықтар с)тұрмыстық қалдықтар д)өндірістік қалдықтар е)қышқыл қалдықтар
содержание .. 4 5 6 7 ..
|
|