Биология. Жауаптары бар тест (университет, 2021) - 96

 

  Главная      Тесты     Биология. Жауаптары бар тест (университет, 2021)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     94      95      96      97     ..

 

 

 

Биология. Жауаптары бар тест (университет, 2021) - 96

 

 

 

№ 1

Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр
- түйнекті
- жемтамыр
- емізік
- тіреу (+)
- ауа тамыр

 

№ 2

Жұмыр құрттар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері
- денесі хитинмен қапталған
- тынысалу мен қантарату жүйесі болмайды (+)
- тұйық қанайналым жүйесінің пайда болуы
- көлденең жолақты бұлшықеттері жоқ (+)
- денесі сірқабықпен қапталған (+)
- денесінде целом болады
- тұлғада қатпарлы қабаты болады
- айрықша қозғалыс мүшелерінің болуы

 

№ 3

Қышыма қотыр ауруын тудырушы:
- сона
- қотыр кенесі (+)
- тарақан
- маса
- ара
- алма кенесі
- бит
- мамық кенесі

 

№ 4

Өрмекшітәріздестер класына тән белгілер
- 5 аяқты
- денесі үш бөліктен құралады
- басым бөлігінде қанаттары болады
- қанайналым жүйесі тұйық
- өкпе қапшығы мен демтүтік арқылы тыныс алады (+)
- жалбезек арқылы тыныс алады
- баскөкірек бөлімінде 6 жұп аяқ орналасады (+)
- астың ішектен тыс қорытылуы (+)

 

№ 5

Алғаш рет буылтық құрттарда пайда болған жүйе
- зәр шығару
- сутүтікшелі жүйе
- тұйық қанайналым (+)
- тыныс алу
- асқорыту

 

№ 6

Картоптың отаны:
- Ауғанстан
- Шығыс Қытай
- Оңтүстік Америка (+)
- Жерорта теңізі
- Орталық Америка


 

№ 7

Теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғи апат:
- көшкіндер
- дауылдар
- жанартаулар
- сел тасқыны
- су тасқыны (+)

 

№ 8

Терінің қызметі
- құрылыстық
- жылуды реттеу (+)
- тұқымқуалаушылық
- сезгіштік (+)
- энергетикалық
- қорғаныштық (+)
- ферментативтік
- тасымалдау

 

№ 9

Қабыршақтылар отрядының өкілдері:
- құбылғылар (+)
- жыландар (+)
- миксиналар
- гаттерия
- миногалар
- құстар
- крокодильдер
- тасбақалар

 

№ 10

Жапырақ өңі
- Фотосинтездеуші жасушалар
- Сүзгілі түтіктер
- Жабын ұлпадан тұратын қабықша (+)
- Жапырақ алақаны
- Жасыл жасушалар қабаты

 

№ 11

Шала түрленіп дамитын бунақденелілер
- Қоңыз
- Шегіртке (+)
- Бүрге
- Маса
- Көбелек
- Шыбын
- Балара
- Қандала (+)

 

№ 12

Су ортасында тіршілік ететін ағзалар
- эктопаразиттер
- тікентерілілер (+)
- эндопаразиттер
- жұптұяқтылар
- тақтұяқтылар

 

№ 13

Өрмекшітәріздес класына жататын жәндіктердің дене бөлімдері:
- бас, құрсақ
- баскөкірек (+)
- бас
- бас, құйрық
- көкірек
- көкірек, құрсақ
- құйрық
- құрсақ (+)

 

№ 14

Терінің қызметі
- энергетикалық
- жылуды реттеу (+)
- тұқымқуалаушылық
- ферментативтік
- тасымалдау

 

№ 15

Шеміршекті балықтарға тән белгілер
- жүрегі екі қуысты (+)
- торсылдағы болады
- терісі плакоидты қабыршақтармен қапталған (+)
- іштей ұрықтанады (+)
- жүйке жүйесі жүйке түтігінен тұрады
- ішкі қаңқасы желі
- қуық пайда болады
- екі қанайналым шеңбері болады

 

№ 16

Бүйректе болатын микроэлемент
- хром
- бор
- кадмий (+)
- молибден
- кальций

 

№ 17

Иіс сезу мүшесінің құрылысы:
- мұрын қуысы (+)
- мұрын қабаты
- эпителий жасушасы (+)
- сезім аймағы
- бүртіктер
- сезу рецепторы (+)
- мұрын қатпары
- кірпікшелер

 

№ 18

Продуценттер
- ыдыратушылар
- автотрофтылар (+)
- паразиттер
- өндірушілер (+)
- түзушілер (+)
- тұтынушылар
- гетеротрофтылар
- сапрофиттер

 

№ 19

Хромосомалардың қызметі
- майды ыдырату
- тұқым қуалау (+)
- нәруыздарды синтездеу
- органикалық заттарды тасымалдау
- көмірсуларды тасымалдау

 

№ 20

Бактериялар тудыратын ауру түрлері:
- баспа (+)
- сіреспе (+)
- тұмау
- топалаң (+)
- қотыр
- бас ауруы
- анемия
- ми энцефалиті

 

№ 21

Пеницилл дәрісін пайдаланатын ауру түрлері:
- ақшам соқыр
- құздама (+)
- топалаң
- сары ауру
- өкпенің қабынуы (+)
- қотыр
- склероз
- анемия


 

№ 22

Жеке ағзалар мен популяцияларға сыртқы орта факторларының әсерін
зерттейтін экология бөлімі
- геоэкология
- синэкология
- адам экологиясы
- биоэкология
- аутэкология (+)

 

№ 23

Талшықты жәндіктердің дене пішіні:
- жіпше
- шар (+)
- үшбұрышты
- ұзынша
- оралма
- таяқша
- сопақша (+)
- үтір

 

№ 24

Гермафродитті жәндік
- өрмекші
- қоңыз
- мысық
- шұбалшаң (+)
- көбелек

 

№ 25

Антропогенездің әлеуметтік қозғаушы күштері
- еңбек әрекеті (+)
- сөз, ақыл-ой, сана (+)
- тіршілік үшін күрес
- үйлесімді өзгергіштік
- тұқым қуалайтын өзгергіштік
- еңбектегі қоғамдық сипаты (+)
- табиғи сұрыпталу
- мутациялық өзгергіштік

 

№ 26

Қынадан алынатын заттар
- сірке қышқылы
- спирт (+)
- қағаз
- қант (+)
- бояу (+)
- фосфор
- йод
- жасунық

 

№ 27

Асқорыту сөлінің дұрыс бөлінуіне әсер етеді
- ет, сүт, жеміс-жидектер
- ет және сүт тағамдары
- жеміс-жидектер, көкөністер, шырындар (+)
- сүт және ұн тағамдары
- ұн тағамдары, шырындар

 

№ 28

Тыныс алу жүйелері:
- ауыз
- бұлшық еттер
- тоқ ішек
- сілемейлі қабық
- танау тесігі (+)
- көмей (+)
- қуық
- кеңірдек (+)

 

№ 29

Жіпшумақтары көкшіл-жасыл түсті саңырауқұлақ
- аспергилл
- қатпарлы
- түтікшелі
- пеницилл (+)
- діңқұлақ

 

№ 30

Бір түбірлі тістер:
- ақыл
- күрек (+)
- кіші азу тістер
- азу
- үлкен азу тістер
- сойдақ (+)
- пульпа
- дентин

 

№ 31

Ароморфоздың нәтижесі
- құрылысы қарапайымдануы
- фотосинтез (+)
- камбаланың жалпақ пішінді болуы (+)
- құрттардың ас қорыту мүшелері жойылуы
- ядроның пайда болуы (+)
- паразиттердің сезім мүшелерінің жойылуы
- адамның шығуы
- тіршілік ортасына қарай бейімделуі

 

№ 32

Бактериялар ашылу тарихына үлес қосқан ғалымдар
- Т.Шванн
- Э.Геккель
- В.Вернадский
- Т.Морган
- Р.Броун
- Г.Мендель
- Л.Пастер (+)
- А.Левенгук (+)

 

№ 33

Мезозой заманының кезеңі
- кембрий
- юра (+)
- антропоген
- неоген
- палеоген

 

№ 34

Жұмыр құрттардың сірқабықтарын астарлап жататын қабат
- кутикула
- мезодерма
- эктодерма
- энтодерма
- гиподерма (+)

 

№ 35

Бауыр-
- салмағы 0,5 грамм
- қабырғасында бүрлер болады
- ирелеңдеп орналасқан
- пішіні үрмебұршақ тәрізді
- қалың бұлшықетті мүше
- ең үлкен асқорыту без (+)
- 25 см бұлшық етті түтік
- негізгі қызметі-өт бөлу (+)

 

№ 36

Жорғалаушылардың қанқа бөлімдері
- бұғана
- кеуде қуысы (+)
- артқы аяқ (+)
- құйымшақ
- сегізкөз
- арқа белдеуі
- ми сауыты
- омыртқа жотасы (+)

 

№ 37

Пеницилл дәрісін пайдаланатын ауру түрлері:
- ақшам соқыр
- құздама (+)
- топалаң
- сары ауру
- өкпенің қабынуы (+)
- қотыр
- склероз
- анемия

 

№ 38

Тамыраяқтылардың типіне жатады
- эвглена
- амеба (+)
- сувойка
- кірпікшелі кебісше
- домалаңғы

 

№ 39

Қосмекенділердің дернәсілдерінің тынысалу мүшесі
- демтүтік
- желбезек (+)
- терісі
- трахея
- өкпе

 

№ 40

Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы
- жүйке жасушалары шашыраңқы орналасады
- екі жақты симметриялы (+)
- денесі екі қабатты
- денесі үш қабатты (+)
- сәулелі симметриялы
- реактивті тәсілмен қозғалады
- зәр шығару жүйесі бар (+)
- қанайналым жүйесі-ашық

 

№ 41

Жаздық сарымсақтың егілу уақыты
- жаз соңында
- жазда
- күзде
- көктемде (+)
- қысқа қарай

 

№ 42

Кәдімгі амеба ерекшелігі
- талшықтары болады
- пішіні жапырақ тәрізді
- пішіні тұрақты емес (+)
- артқы жағы сүйір
- алдыңғы жағы доғал

 

№ 43

Бүйрек астауы дегеніміз
- ішкі кеңейген қуыс (+)
- бүйрек денешігі
- қоңырқай қыртысты қабат
- нефрон өзекшелері
- бозғылт ми заты

 

№ 44

Асқазанның пішіні:
- ромб тәрізді
- айшық тәрізді
- ұзын қапшық тәрізді (+)
- шар тәрізді
- дөңгелек
- жолақты
- алмұрт тәрізді (+)
- қатпарлы

 

№ 45

Шаянтәрізділердің зәршығару жүйесі
- демтүтік
- сатанбез
- жұп жасыл бездер (+)
- бүйрек
- мальпигий түтікшелері

 

№ 46

Генеологиялық әдіс:
- шежіре құру (+)
- зат алмасудың бұзылуы
- өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттеу
- хромосома жиынтығына талдау жасау
- жеке дамуында тұқымқуалайтын өзгерістерді зерттеу
- сау адамның кариотипіне талдау жасау
- шыққан тегіне қарай зерттеу (+)
- ауру адамның кариотипіне талдау жасау

 

№ 47

Целомның бастамасынан дамитын, ауыз маңындағы шеңберленген және сәулелі өзекшелерден құралған күрделі жүйе:
- Ас қорыту жүйесі
- Су түтікшелі жүйе (+)
- Қармалауыштар
- Жақ сүйектері
- Тері жамылғысы

 

№ 48

Мешел аурының белгісі
- басы ауырады
- түнде көру күрт нашарлайды
- жүректің соғуы жиілейді
- аяқ сүйектері майысады (+)
- қан аға түседі

 

№ 49

Халықтық медицинада «жер майы» деп аталатын саңырауқұлақ
- қозықұйрық
- көңілкеш (+)
- кәдімгі түлкіжем
- ойысқұлақ
- жерқұлақ

 

№ 50

Кірпікшелі кебісшенің құрылыс ерекшелігі
- дене пішіні тұрақсыз
- талшықтардың жәрдемімен қозғалады
- денесі буылтықтарға бөлінген
- алдыңғы жағы доғал, артқы жағы сүйір (+)
- пішіні шар тәрізді
- 2000-2500 кірпікшелер болады (+)
- цитоплазмасында хлоропластар бар
- екі ядросы бар (+)

 

№ 51

Аналық аузының түрлері
- көптелімді (+)
- үшбұрышты
- қырлы
- қанатша
- домалақ үлпекті (+)
- үшбұрышты үлпекті
- төрттелімді
- қостелімді (+)

 

№ 52

Жорғалаушылардың есту мүшесі
- сыртқы құлақ және дабыл жарғағы
- құлақ қалқаны
- ішкі құлақ және сыртқы құлақ
- ішкі және ортаңғы құлақ (+)
- сыртқы және ортаңғы құлақ

 

№ 53

Дыбыс сүйекшелері орналасқан құлақ бөлігі
- есту түтігі
- ортаңғы құлақ (+)
- дабыл жарғағы
- сыртқы есту жолы
- ішкі құлақ

 

№ 54

Дұрыс гүлді өсімдіктер:
- сәлбен
- алма (+)
- үрмебұршақ
- қалампыр
- даражынысты
- соя
- асбұршақ
- итмұрын (+)

 

№ 55

Анатомия ғылымының негізін салушы
- Әл-Фараби
- А.Везалий (+)
- К.Гален
- И.П.Павлов
- Гиппократ

 

№ 56

Мүктерде нашар жетілген ұлпалар
- тірек (+)
- өткізгіш (+)
- дәнекер
- жүйке
- эпителий
- қор жинаушы (+)
- фотосинтездеуші
- бұлшықет

 

№ 57

Көпқармалауышты маржандар класына жататын жәндіктер
- жасыл эвглена
- обелия
- қызыл маржан (+)
- теңіз қауырсыны (+)
- вольвокс
- амеба
- гидра
- медуза

 

№ 58

Жорғалаушылардың денесі
- бас, тұлға, құйрық
- бас, көкірек, құрсақ
- бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқ (+)
- бас, мойын, тұлға
- тұлға, құрсақ

 

№ 59

Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашқан ғалым
- У.Бэтсон
- А.Вейсман
- Т.Морган
- Г.Мендель
- Н.И.Вавилов (+)

 

№ 60

Энергетикалық алмасудың кезеңдері
- оттекті (+)
- құрылыстық
- дайындық (+)
- ассимиляция
- пластикалық
- ферментативтік
- анаболизм
- оттексіз (+)

 

№ 61

Табақша тәріздестер класының өкілдері
- теңіз қауырсыны
- сәулелі өрмекаяқ
- қызыл маржан
- актиния
- цианеа (+)
- түбірауызды медуза (+)
- айшықты медуза (+)
- шұрықденелі бунақай

 

№ 62

Қоректік заттардың негізгі сіңірілуі жүреді
- қарында
- тік ішекте
- ауыз қуысында
- аш ішекте (+)
- тоқ ішекте

 

№ 63

Аналық жыныс гормондарының қалыптасуы кезінде:
- дауыстың жуандауы
- сақал-мұрттың өсуі
- тері майын түзеді
- дененің ерекше пішіні (+)
- май ұлпасын ыдыратады
- сүт бездерінің дамуы (+)
- дене пішінінің өзгеруі
- жіңішке дауыс (+)

 

№ 64

Зәр шығару жүйелері:
- бүйрек (+)
- зәрағар (+)
- көкет
- зәрқуысы
- қуық (+)
- жақтаулар
- бүйрек асты безі
- бүйрек үсті без

 

№ 65

Қозғалмай байланысқан сүйектер:
- кәрі жілік
- шынтақ сүйек
- білезік
- ми сауыты (+)
- сегізкөз (+)
- бұғана
- омыртқа
- толарсақ

 

№ 66

Сангвиниктер
- өте сезімтал, тез ренжиді, тұйық
- ширақ, ұшқалақ, ызақор кекшіл емес
- жұмысты асықпай саспай жасайды
- пысық, еті тірі, жарқын жүзді (+)
- қызуқанды

 

№ 67

Бунақденеқоректілер отрядына тән белгілер
- үшінші саусағы жақсы жетілген
- сойдақ және азу тістері жақсы жетілген
- аяқтары ескекке айналған
- күрек тістері жақсы жетілген
- миы нашар дамыған (+)
- алдыңғы аяқтары қанатқа айналған
- көздері нашар көреді (+)
- тістерінің құрылысы біркелкі (+)

 

№ 68

Теңіз гүлі деп аталатын ішекқуысты
- обелия
- медуза
- актиния (+)
- цианея
- аурелия

 

№ 69

Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда болатын аурулар
- қышыма
- бадырақ көз (+)
- қантты диабет
- акромегалия
- бедеулік
- гипертония
- кретинизм (+)
- микседема (+)

 

№ 70

Ауру туғызатын бактериялар
- туберкулез (+)
- ұшық
- тұмау
- топалаң (+)
- оба (+)
- шіріту
- сүт қышқылы
- түйнек

 

№ 71

Жорғалаушыларға жатады
- тритон
- дафния
- саламандра
- гаттерия (+)
- нереида
- жылан (+)
- вольвокс
- циклоп

 

№ 72

Мутация тудыратын факторлар:
- анеуплоидия
- партеногенез
- фенотиптік
- онтогенез
- гетероплоидия
- токсиндер
- мутагендер (+)
- полиплоидия

 

№ 73

Ішекқуысты жәндіктер типінің класы:
- саркоталшықтар
- гидратектестер (+)
- көпқармалауышты маржандар (+)
- споралылар
- медузалар
- табақшатәріздестер (+)
- буылтық құрттар
- жұмыр құрттар

 

№ 74

Шеміршекті балықтар класының өкілдері:
- сазан
- бекіре
- көк акула (+)
- скаттар (+)
- мөңке
- алабұға
- тұтасбастар (+)
- көлденең жолақты акула

 

№ 75

Ұлпалардың сұйық түрі кездеседі
- жүйкеде
- эпителийде
- бұлшықетте
- жүректе
- дәнекерде (+)

 

№ 76

Суға шомылу кезінде медузадан аса сақ болу қажет, себебі: эктодерма
қабатында улы сұйықтық орналасқан ... жасуша болады
- тері асты
- тері үсті
- сезгіш
- аралық
- атпа (+)

 

№ 77

Еуропеоидтік нәсілдердің ерекшеліктері
- шашы ұзын салалы, ашық (+)
- терісі ақшыл түсті (+)
- қыр мұрынды, жұқа ерінді (+)
- мұрны жалпақ, ерні қалың
- көздері қысықтау
- терісінің түсі қоңырқай
- шаштары бұйра, қара
- терісінің түсі қара

 

№ 78

Жүрек автоматиясы (автоматизмі):
- жүректің бір мезгілдегі босаңсуы
- жүректегі импульстің бәсендеуі
- қарыншаның босаңсуы
- жүректің өздігінен жиырылу қабілеті (+)
- үздіксіз соғуы

 

№ 79

Жорғалаушылар класына жататын отрядтар
- құйрықсыздар
- аяқсыздар
- қабыршақтылар (+)
- тақтұяқтылар
- құйрықтылар
- тасбақалар (+)
- тұмсықбастылар (+)
- жұптұяқтылар

 

№ 80

Қынадан алынады
- май
- қағаз
- лакмус (+)
- бояу (+)
- крахмал
- тұз
- йод
- жеміс

 

№ 81

Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бунақденелілер
- көбелек
- қоңыз
- шегіртке
- бүрге (+)
- бүйі

 

№ 82

Анатомия ғылымының негізін салушы
- Әл-Фараби
- А.Везалий (+)
- К.Гален
- И.П.Павлов
- Гиппократ

 

№ 83

Жүрек және қан тамырлары жұмысына темекінің зияны:
- қан тамырларын кеңейтеді
- жүйке жүйесін қоздырады
- қан қысымын төмендетеді
- адреналиннің бөлінуін күшейтеді
- қан тамырларын тарылтады (+)
- жүрек жұмысына әсер етеді
- қан қысымын көтереді (+)
- қанның ұюын күшейтеді (+)

 

№ 84

Экологиялық факторларға жатады
- этологиялық
- морфологиялық
- биотикалық (+)
- абиотикалық (+)
- әлеуметтік
- географиялық
- шектеуші
- антропогендік (+)

 

№ 85

Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда болатын аурулар
- бадырақ көз (+)
- микседема (+)
- акромегалия
- кретинизм (+)
- қантты диабет
- бедеулік
- гипертония
- қышыма

 

№ 86

Лейкоциттер түзіледі:
- безде
- сүйек кемігінде (+)
- майда
- асқазанда
- бүйректе
- көкбауыр мен лимфа түйіндерінде (+)
- ішекте
- жүректе

 

№ 87

Қосмекенділердің дернәсілдері
- жүрегі үш қуысты
- желбезектері арқылы ғана тыныс алады (+)
- өкпемен де, ауа қапшықпен тыныс алады
- аяғының бұлшықеттері жақсы дамыған
- дамуы құрлықта жүреді
- суда құйрығының көмегімен жүзіп жүреді (+)
- жүрегі екі қуысты (+)
- кіші қанайналым шеңбері пайда болған

 

№ 88

Жасуша қабықшасының қасиеттері:
- жұмсақ
- ерігіш
- өте тығыз (+)
- жұқа
- иілгіш
- қуысты
- қатты (+)
- қалың (+)

 

№ 89

Сыртқы ортаға сөл бөлетін бездер:
- ұйқы безі
- аталық бездері
- жас бездері (+)
- гипофиз
- эпифиз
- тер бездері (+)
- май бездері (+)
- қалқанша бездері

 

№ 90

Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өлетін балық
- шортан
- құнысбалық (+)
- акула
- бекіре
- сазан

 

№ 91

Рефлекстік және өткізгіштік қызметін атқарады:
- бауыр
- бүйрек
- ми
- жұлын (+)
- анализатор

 

№ 92

Лимфа
- жүректен мүшелерге қарай ағады
- глюкозаның деңгейін реттейді
- оттегіні тасымалдайды
- нәруызды синтездейді
- ұлпа сұйықтығынан түзіледі (+)
- құрамында эритроциттер болмайды (+)
- тыныс алу қызметін атқарады
- дәнекер ұлпасына жатады (+)

 

№ 93

Тынысалудың дайындық кезеңінде органикалық заттар ыдырайды
- аминқышқылдарға (+)
- нәруыздарға
- сүт қышқылына
- май қышқылына (+)
- суға
- майларға
- гликогенге
- моносахаридтерге (+)

 

№ 94

Жасуша қабықшасының жұқарған жері
- саңылау (+)
- вакуоль
- жасунық
- мембрана
- тесік

 

№ 95

Пластикалық алмасу кезінде
- жаңа жасушалар пайда болады (+)
- энергия бөлінеді
- бөлінген энергия 30% жылу күйінде таралады
- органикалық қосылыстардың тотығуы
- жай заттардан күрделі заттар түзіледі (+)
- күрделі заттардың ыдырауы
- органикалық қосылыстар түзіледі (+)
- энергия қор ретінде жиналады

 

№ 96

Дұрысгүлді өсімдіктер
- үрмебұршақ
- асбұршақ
- қазтабан (+)
- қалампыр
- сәлбен
- алма (+)
- соя
- даражынысты

 

№ 97

Антропогенездің биологиялық қозғаушы күштері
- Ақыл-ой
- Тіршілік үшін күрес (+)
- Табиғи сұрыпталу (+)
- Еңбектің қоғамдық сипаты
- Сана
- Еңбек әрекеті
- Сөз
- Тұқым қуалайтын өзгергіштік (+)

 

№ 98

Бақаның есту мүшесі тұрады
- сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан
- тек ішкі құлақтан
- тек сыртқы құлақтан
- ортаңғы және ішкі құлақтан (+)
- сыртқы және ортаңғы құлақтан

 

№ 99

Нәруыз молекуласын синтездейтін органоид
- цитоплазма
- рибосома (+)
- лизосома
- жасуша орталығы
- кариоплазма

 

№ 100

Емізік тамырдың сипаттамасы
- оттегі жоқ, сазды жерлерде өсетін тамырлар
- паразитті өсімдіктердің тамырлары (+)
- тамаққа пайдаланатын тамырлар
- тропиктік ормандар ағаштарының қосалқы тамырлары
- негізгі тамырға қор жинайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     94      95      96      97     ..