|
содержание ..
21
22
23
24 ..
Биология. Жауаптары бар тест (университет, 2021) - 23
№ 1
Жасуша-
- ұлпаның бір бөлігі
- ағзалардың денесі
- мүшелер жүйесінің бір бөлігі
- негізгі бір органоид
- тіршіліктің негізгі өлшем бірлігі (+)
№ 2
Целомның бастамасынан дамитын ауыз маңындағы шеңберленген және
сәулелі өзекшелерден құралған күрделі жүйе:
- ас қорыту жүйесі
- тері жамылғысы
- жақ сүйектері
- қармалауыштар
- сутүтікшелі жүйе (+)
№ 3
Бүйрекүсті безінің гормоны
- инсулин
- адреналин (+)
- тироксин
- тимозин
- экстроген
№ 4
Сирек кездесетін өсімдіктерді биологиялық қорғау жолы:
- ботаникалық бақтарды жабу
- ұлттық табиғи саябақтар
- орман қорын азайту
- қорықшалар санын азайту
- қызыл кітапқа енгізу (+)
№ 5
Тұқым қуалау өзгергіштігіндегі сәйкес қатарлар заңын ашқан ғалым
- У.Бэтсон
- А.Вейсман
- Т.Морган
- Г.Мендель
- Н.И.Вавилов (+)
№ 6
Альвеола
- ауаға толы өкпе көпіршіктері (+)
- түтік пішінді шеміршекті
- диаметрі 0,2- 0,3 мм (+)
- пішіні таспа тәрізді
- серпімді, борпылдақ
- қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады (+)
- қабырғасы қалың, иілгіш
- қабырғасы үш қабаттан тұрады
№ 7
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр
- түйнекті
- жемтамыр
- емізік
- тіреу (+)
- ауа тамыр
№ 8
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер
- Қоңыз
- Шегіртке (+)
- Бүрге
- Маса
- Көбелек
- Шыбын
- Балара
- Қандала (+)
№ 9
Сүтқоректілерге тән белгілер
- ұрпағын тірі туады, сүтімен асырайды (+)
- алғаш рет кеуде қуысы пайда болған
- демтүтік арқылы тыныс алады
- көкет пайда болған (+)
- терісі қауырсынмен қапталған
- ашық қанайналым жүйесі
- сыртқы құлақ пайда болды (+)
- сырттай ұрықтанады
№ 10
Кәдімгі амеба ерекшелігі
- талшықтары болады
- пішіні жапырақ тәрізді
- пішіні тұрақты емес (+)
- артқы жағы сүйір
- алдыңғы жағы доғал
№ 11
Жүрек автоматиясы (автоматизмі):
- жүректің бір мезгілдегі босаңсуы
- жүректегі импульстің бәсендеуі
- қарыншаның босаңсуы
- жүректің өздігінен жиырылу қабілеті (+)
- үздіксіз соғуы
№ 12
Шала түрленіп дамитын бунақденелілер
- бүрге
- қоңыз
- қандала (+)
- балара
- шыбын
- көбелек
- шегіртке (+)
- маса
№ 13
1909 жылы дат биологі В.Иогансен қалыптастырған ұғымдар:
- доминантты, рецессивті
- аллельді, альтернативті
- генотип, фенотип (+)
- моногибрид, полигибрид
- гомозиготалы, гетерозиготалы
№ 14
Ұзын сүйектер
- ортаң жілік (+)
- омыртқа
- жауырын
- алақан
- жамбас
- кәрі жілік (+)
- қабырға
- бассүйек
№ 15
Ұлулардың буылтық құрттардан айырмашылығы
- дернәсілі-трохофора
- целомның болуы
- тұйық қанайналым жүйесі
- денесі бунақтарға бөлінбейді (+)
- ішкі мүшелері қайталанбайды (+)
- денесі біркелкі буылтықтарға бөлінуі
- параподиялар арқылы қозғалады
- бас бөлігі тұлғадан ажыратылады (+)
№ 16
Жорғалаушылардың қанқа бөлімдері
- бұғана
- кеуде қуысы (+)
- артқы аяқ (+)
- құйымшақ
- сегізкөз
- арқа белдеуі
- ми сауыты
- омыртқа жотасы (+)
№ 17
Сәулелі симметриялы жәндіктер
- жалпаққұрттар
- қосмекенділер
- жорғалаушылар
- сүтқоректілер
- ішекқуыстылар (+)
№ 18
Қандауыршаның тері қабаттары:
- сірқабық (+)
- эктодерма
- мезодерма
- нағыз тері (+)
- қалың қабық
- энтодерма
- эпидермис (+)
- сыртқы қабық
№ 19
Кәдімгі амеба ерекшелігі
- талшықтары болады
- пішіні жапырақ тәрізді
- пішіні тұрақты емес (+)
- артқы жағы сүйір
- алдыңғы жағы доғал
№ 20
Өмір сүруі үшін оттегін қажет ететін ағзалар
- анаэробты
- аэробты (+)
- саңырауқұлақтр
- вирустар
- гликолиз
№ 21
Суға шомылу кезінде медузадан аса сақ болу қажет, себебі: эктодерма
қабатында улы сұйықтық орналасқан ... жасуша болады
- тері асты
- тері үсті
- сезгіш
- аралық
- атпа (+)
№ 22
Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің тән ерекшеліктері
- қанайналым жүйесі- ашық
- тынысалу мүшесі- өкпе
- ұрпағын тірідей туады
- екіжақты симметриялы
- екі қабаттан тұрады (+)
- денесі хитинмен қапталған
- денесінде бір ғана қуыс (+)
- сәулелі симметриялы (+)
№ 23
Бағдарлаушы шартсыз рефлекстер
- Жарыққа кірпік қағу
- Асқорыту бездерінен сөл бөлу
- Сәбидің таныс емес затқа басын бұру (+)
- Жаңа туған нәрестенің алғаш рет анасын ему
- Сәбиді емізігі бар бөтелкемен тамақтандыру
№ 24
Жорғалаушыларға жатады
- тритон
- дафния
- саламандра
- гаттерия (+)
- нереида
- жылан (+)
- вольвокс
- циклоп
№ 25
Қанның қызметі
- ферментативтік
- гуморальдық (+)
- қорғаныш (+)
- жиырылғыштық
- энергетикалық
- сезгіштік
- тасымалдау (+)
- құрылыстық
№ 26
Ең алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе
- аналь тесігі
- зәршығару (бөліп шығару) (+)
- асқорыту жүйесі
- қан айналым
- жүйке жүйесі (торы)
№ 27
Гүл бөлімдері:
- сағағы (+)
- қауыз
- тамырсабағы
- табаны (+)
- тамыры
- тұқымы
- аталық (+)
- сабағы
№ 28
Жеке ағзалар мен популяцияларға сыртқы орта факторларының әсерін
зерттейтін экология бөлімі
- геоэкология
- синэкология
- адам экологиясы
- биоэкология
- аутэкология (+)
№ 29
Лейкоциттер түзіледі:
- безде
- сүйек кемігінде (+)
- майда
- асқазанда
- бүйректе
- көкбауыр мен лимфа түйіндерінде (+)
- ішекте
- жүректе
№ 30
Веналар
- қабырғасы жұқа, серпінділігі аз (+)
- ең жіңішке қантамыр
- барлық мүшелерді торлайды
- қанды жүректен мүшелерге таратады
- қабырғасы өте жұқа, бір қабаттан тұрады
- жарты ай тәрізді қақпақшалары болады (+)
- қабырғасы тығыз, иілгіш және серпімді келеді
- мүшелерден қанды жүрекке тасымалдайды (+)
№ 31
Ұлпалардың сұйық түрі кездеседі
- жүйкеде
- эпителийде
- бұлшықетте
- жүректе
- дәнекерде (+)
№ 32
Алабота тұқымдастарға жататын бір, екі, көпжылдық шөптекті
өсімдіктер туысы
- ақ алабота
- ақ сексуіл
- қызылша (+)
- бұйырғын
- зайсандық сексеуіл
№ 33
Жорғалаушылардың зәр уақытша жиналатын мүшесі:
- аналь тесігі
- қуық (+)
- клоака
- несепағар
- бүйректері
№ 34
Сыртқы ортаға сөл бөлетін бездер:
- ұйқы безі
- аталық бездері
- жас бездері (+)
- гипофиз
- эпифиз
- тер бездері (+)
- май бездері (+)
- қалқанша бездері
№ 35
Бұршақ тұқымдас
- Жүгері
- Қазтабан
- Жоңышқа (+)
- Бидай
- Итмұрын
№ 36
Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің ерекшеліктері
- сәулелі симметриялы
- аяқтары бунақталған (+)
- денесі шұбалаңқы
- екі жақты симметриялы (+)
- денесі сірқабықпен қапталған
- денесі хитинді затпен қапталған (+)
- дене қуысы екінші рет қайталанады
- ерекше қатпарлы қабат- шапанша болады
№ 37
Пеницилл дәрісін пайдаланатын ауру түрлері:
- ақшам соқыр
- құздама (+)
- топалаң
- сары ауру
- өкпенің қабынуы (+)
- қотыр
- склероз
- анемия
№ 38
Тұқым тіршілігін жойса
- Қоректiк зат жетiспегені
- Тұқым терең егiлгені
- Топырағы тығыз, ауа, су, қоректiк зат жетiспегені (+)
- Топырақ тығыз болғаны
- Ауа, су жетiспегені
№ 39
Кірпікшелілердегі үлкен ядроның қызметі
- бөліну
- асқорыту
- қозғалу (+)
- тыныс алу (+)
- көбею
- тіршілігін жою
- тітіркену
- қоректену (+)
№ 40
Көп жасушалы жасыл балдырлар
- Хондрус
- Саргассум
- Нереоцистис
- Спирогира (+)
- Улотрикс (+)
- Ламинария
- Плюмария
- Порфира
№ 41
Тіршілігінде бір-ақ рет уылдырық шашып, өлетін балық
- шортан
- құнысбалық (+)
- акула
- бекіре
- сазан
№ 42
Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы
- жүйке жасушалары шашыраңқы орналасады
- екі жақты симметриялы (+)
- денесі екі қабатты
- денесі үш қабатты (+)
- сәулелі симметриялы
- реактивті тәсілмен қозғалады
- зәр шығару жүйесі бар (+)
- қанайналым жүйесі-ашық
№ 43
Паразит саңырауқұлақтар
- ашытқы
- қозықұйрық
- мукор
- пенцилл
- дінқұлақ (+)
- қастауыш (+)
- аспергилл
- шыбынжұт
№ 44
Шаянтәрізділердің зәршығару жүйесі
- демтүтік
- сатанбез
- жұп жасыл бездер (+)
- бүйрек
- мальпигий түтікшелері
№ 45
Қоңыр балдыр
- Ламинария (+)
- Улотрикс
- Коралина
- Порфира
- Плюмария
№ 46
Генеологиялық әдіс:
- шежіре құру (+)
- зат алмасудың бұзылуы
- өзгерістердің адам популяциясына таралуын зерттеу
- хромосома жиынтығына талдау жасау
- жеке дамуында тұқымқуалайтын өзгерістерді зерттеу
- сау адамның кариотипіне талдау жасау
- шыққан тегіне қарай зерттеу (+)
- ауру адамның кариотипіне талдау жасау
№ 47
Бүйрек астауы дегеніміз
- ішкі кеңейген қуыс (+)
- бүйрек денешігі
- қоңырқай қыртысты қабат
- нефрон өзекшелері
- бозғылт ми заты
№ 48
Адам ағзасында синтезделмейтін С витаминінің жетіспеуінен туындайтын
ауру
- бери-бери
- құрқұлақ (+)
- мешел
- ақшам соқыр
- пеллагра
№ 49
Асцидияның жүрегі
- бес бұрышты
- қысқа түтікше тәрізді (+)
- ұзын түтікше тәрізді
- жұлдызша тәрізді
- таспа тәрізді
№ 50
Лимфа
- жүректен мүшелерге қарай ағады
- глюкозаның деңгейін реттейді
- оттегіні тасымалдайды
- нәруызды синтездейді
- ұлпа сұйықтығынан түзіледі (+)
- құрамында эритроциттер болмайды (+)
- тыныс алу қызметін атқарады
- дәнекер ұлпасына жатады (+)
№ 51
Тыныс алу мүшесі
- ұйқы безі
- ауыз қуысы
- кеңірдек (+)
- қуық
- ми
- асқазан
- бауыр
- жұлын
№ 52
Жорғалаушылардың денесі
- бас, тұлға, құйрық
- бас, көкірек, құрсақ
- бас, мойын, тұлға, құйрық, аяқ (+)
- бас, мойын, тұлға
- тұлға, құрсақ
№ 53
Жануар жасушасында гликолиздің анаэробты ыдырауы жүретін органоид
- митохондрияның ішкі мембранасында (+)
- цитоплазманың гиалоплазмасында
- пластидтердің ішкі мембранасында
- хлоропласт граналарында
- хлоропласт тилакоидтарында
№ 54
Қалқанша бездің қызметі бұзылғанда болатын аурулар
- гипертония
- акромегалия
- бедеулік
- микседема (+)
- қантты диабет
- қышыма
- бадырақ көз (+)
- кретинизм (+)
№ 55
Мезозой заманының кезеңі
- кембрий
- юра (+)
- антропоген
- неоген
- палеоген
№ 56
Жаздық сарымсақтың егілу уақыты
- жаз соңында
- жазда
- күзде
- көктемде (+)
- қысқа қарай
№ 57
Ядро сыртын қоршаған қоймалжың зат
- көмірсу ерітіндісі
- вакуоль шырыны
- кариоплазма
- цитоплазма (+)
- энтоплазма
№ 58
Рефлекстік және өткізгіштік қызметін атқарады:
- бауыр
- бүйрек
- ми
- жұлын (+)
- анализатор
№ 59
Ішекқуысты жәндіктер типінің класы:
- саркоталшықтар
- гидратектестер (+)
- көпқармалауышты маржандар (+)
- споралылар
- медузалар
- табақшатәріздестер (+)
- буылтық құрттар
- жұмыр құрттар
№ 60
Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері
- морфологиялық
- цитогентикалық (+)
- палеонтологиялық
- географиялық
- гибридологиялық
- онтогенетикалық (+)
- генеалогиялық (+)
- эмбриологиялық
№ 61
Жорғалаушылар класына жататын отрядтар
- құйрықсыздар
- аяқсыздар
- қабыршақтылар (+)
- тақтұяқтылар
- құйрықтылар
- тасбақалар (+)
- тұмсықбастылар (+)
- жұптұяқтылар
№ 62
Нәруыз молекуласын синтездейтін органоид
- цитоплазма
- рибосома (+)
- лизосома
- жасуша орталығы
- кариоплазма
№ 63
Ертедегі адамдар:
- өлген адамдарды жерлеу салты болған (+)
- теріні өндеп, киім жасап киген (+)
- қыштан ыдыс жасаған
- алғашқы сөз пайда болған
- отты пайдалана бастады
- егіншілікке алғаш қадам басқан
- тері өңдейтін құралдар жасай білген (+)
- тастан қарапайым құралдарын жасады
№ 64
Жіпшумақтары көкшіл-жасыл түсті саңырауқұлақ
- аспергилл
- қатпарлы
- түтікшелі
- пеницилл (+)
- діңқұлақ
№ 65
Алғаш рет буылтық құрттарда пайда болған жүйе
- зәр шығару
- сутүтікшелі жүйе
- тұйық қанайналым (+)
- тыныс алу
- асқорыту
№ 66
Паразитизмге мысалдар
- Балдыр мен саңырауқұлақтың бірге өмір сүруі
- тазқарында өмір сүретін ұсақ ағзалар
- бауырға жабысқан эхинококк (+)
- бұғыларға шапқан қасқырлар
- шаян мен актиния арасындағы тіршілік
- адамның ішіндегі аскарида (+)
- шаншардың өрмекшіні қармауы
- қан соратын кене (+)
№ 67
Құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметтері әр түрлі мүше
- табиғи сұрыпталу
- қалдық мүше
- аналогтық мүше
- гомологтық мүше (+)
- түрішілік күрес
№ 68
Мешел аурының белгісі
- басы ауырады
- түнде көру күрт нашарлайды
- жүректің соғуы жиілейді
- аяқ сүйектері майысады (+)
- қан аға түседі
№ 69
Фотосинтез процесі жүреді
- вакуольде
- ядрода
- рибосомада
- цитоплазмада
- хлоропластарда (+)
№ 70
Жемтамырлы өсімдіктер
- шырыш
- арамсояу
- сұңғыла
- таушымылдық
- батат
- қызылша (+)
- шалқан (+)
- шомыр (+)
№ 71
Бүйрек астауы дегеніміз
- ішкі кеңейген қуыс (+)
- бүйрек денешігі
- қоңырқай қыртысты қабат
- нефрон өзекшелері
- бозғылт ми заты
№ 72
Қынадан алынатын заттар
- сірке қышқылы
- спирт (+)
- қағаз
- қант (+)
- бояу (+)
- фосфор
- йод
- жасунық
№ 73
Терінің қызметі
- құрылыстық
- жылуды реттеу (+)
- тұқымқуалаушылық
- сезгіштік (+)
- энергетикалық
- қорғаныштық (+)
- ферментативтік
- тасымалдау
№ 74
Жер бетінде өсетін барлық ағаштар мен бұталар:
- фанерофиттер (+)
- біржылдық өсімдіктер
- эпифиттер
- жартылай сақталатын өсімдіктер
- криптофиттер
- гемикриптофиттер
- терофиттер
- хамефиттер
№ 75
Жасуша қабықшасының жұқарған жері
- саңылау (+)
- вакуоль
- жасунық
- мембрана
- тесік
№ 76
Кенелер тудыратын ауру түрлері:
- пироплазмоз (+)
- суауру
- сары ауру
- қотыр (+)
- туберкулез
- топалаң
- дифтреия
- анемия
№ 77
Вирустың пішіндері
- оралма
- таспа
- сопақша
- жұлдызша
- сопақ (+)
- таяқ тәрізді
- шар (+)
- үтір
№ 78
Жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын біржылдық
өсімдіктер ...
- фанерофиттер
- криптофиттер
- терофиттер (+)
- хамефиттер
- эпифиттер
№ 79
Тамыраяқтылардың типіне жатады
- эвглена
- амеба (+)
- сувойка
- кірпікшелі кебісше
- домалаңғы
№ 80
Жүрек-қан тамырлар жүйесіндегі мүшелер
- қуық
- бауыр
- бүйрек
- асқазан
- өкпе
- вена (+)
- несепағар
- жүрек (+)
№ 81
Өрмекшітәріздес класына жататын жәндіктердің дене бөлімдері:
- бас, құрсақ
- баскөкірек (+)
- бас
- бас, құйрық
- көкірек
- көкірек, құрсақ
- құйрық
- құрсақ (+)
№ 82
Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін
бунақденелілер
- бүрге (+)
- шегіртке
- бүйі
- балара
- көбелек
- қоңыз
- қандала (+)
- құмырсқа
№ 83
Паразитизмге мысалдар
- шаншардың өрмекшіні қармауы
- бауырға жабысқан эхинококк (+)
- шаян мен актиния арасындағы тіршілік
- қан соратын кене (+)
- адамның ішіндегі аскарида (+)
- тазқарында өмір сүретін ұсақ ағзалар
- бұғыларға шапқан қасқырлар
- балдыр мен саңырауқұлақтардың бірге өмір сүруі
№ 84
Гүлдері ашылмай тұрып тозаңдану
- өздігінен (+)
- су арқылы
- жел арқылы
- жануарлар арқылы
- айқас
№ 85
Дұрыс гүлді өсімдіктер:
- сәлбен
- алма (+)
- үрмебұршақ
- қалампыр
- даражынысты
- соя
- асбұршақ
- итмұрын (+)
№ 86
Жорғалаушылардың есту мүшесі
- сыртқы құлақ және дабыл жарғағы
- құлақ қалқаны
- ішкі құлақ және сыртқы құлақ
- ішкі және ортаңғы құлақ (+)
- сыртқы және ортаңғы құлақ
№ 87
Мембранасыз (жарғақшасыз) органоид
- хромопласт
- хлоропласт
- ядро
- лейкопласт
- рибосома (+)
№ 88
Гликоген жататын органикалық зат
- нуклеин қышқылы
- көмірсу (+)
- глицерин
- нәруыз
- май
№ 89
Кеуде қуысының сол жағында орналасқан қуыс бұлшықетті мүше
- көкет
- өкпе
- асқазан
- жұтқыншақ
- жүрек (+)
№ 90
Шірнеліктер болады:
- аналық жатынында
- аталық тозаңында
- тостағаншада (+)
- аталық жіпшесінің түбінде
- аналық аузында
- күлте жапырақшада (+)
- гүл табанында (+)
- гүл сағағында
№ 91
Қалқанша безінің қызметі
- зат алмасуды реттейді (+)
- ағзаның өсуі мен дамуына әсер етеді (+)
- қандағы глюкозаны реттейді
- көмірсуларды тасымалдауға қатысады
- темірдің тұрақтылығын сақтайды
- жүйке жүйесі мен жүрек жұмысының қозуын арттырады (+)
- қарсыдене түзеді
- кальций мен фосфордың мөлшерін реттейді
№ 92
Теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғи апат:
- көшкіндер
- дауылдар
- жанартаулар
- сел тасқыны
- су тасқыны (+)
№ 93
Түйнек бактериясымен селбесіп тіршілік ететін өсімдік
- сәбіз
- қызылша
- шомыр
- сиыржоңышқа (+)
- көк жасыл балдырлар
№ 94
Жасуашаның негізгі тіршілік қасиеті
- өткізгіштік
- синтездеу
- еріткіштік
- зат алмасу (+)
- бөліну
№ 95
Анатомия ғылымының негізін салушы
- Әл-Фараби
- А.Везалий (+)
- К.Гален
- И.П.Павлов
- Гиппократ
№ 96
Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ататектер туралы ілімді
зерттеген орыс ғалымы
- Ә.Есенжолов
- В.А.Бальмонт
- И.С.Бутерин
- В.П.Кузьмин
- Н.И.Вавилов (+)
№ 97
Тыныс алу жүйелері:
- ауыз
- бұлшық еттер
- тоқ ішек
- сілемейлі қабық
- танау тесігі (+)
- көмей (+)
- қуық
- кеңірдек (+)
№ 98
Табақша тәріздестер класының өкілдері
- теңіз қауырсыны
- сәулелі өрмекаяқ
- қызыл маржан
- актиния
- цианеа (+)
- түбірауызды медуза (+)
- айшықты медуза (+)
- шұрықденелі бунақай
№ 99
Антропогенездің әлеуметтік қозғаушы күштері
- еңбек әрекеті (+)
- сөз, ақыл-ой, сана (+)
- тіршілік үшін күрес
- үйлесімді өзгергіштік
- тұқым қуалайтын өзгергіштік
- еңбектегі қоғамдық сипаты (+)
- табиғи сұрыпталу
- мутациялық өзгергіштік
№ 100
Эфиопиялық аймағында кездесетін жануар
- зебра (+)
- үйректұмсық
- ақбөкен
- казуар
- эму
содержание ..
21
22
23
24 ..
|