Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 580

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     578      579      580      581     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 580

 

 

 

??? № 1

Жетiлген бала жолдасының салмағы:
- 100-200г
- 300-400г
-  (+) 500-600г
- 700-800г


 

??? № 2

Полименореяға тән:
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Қалыпты етеккiрдiң ұзаққа созылуы (7 күннен көп)

 

??? № 3

Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ. Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?
1.  (+)  диспансерлік есепке алу
2. ештеңе жасамау
3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу
4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру
5. қабынуға қарсы терапия жүргізу

 

??? № 4

Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты:
1.  (+) Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен
2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен
3. Гонаданың дисгенезиясымен
4. Шихан синдромымен
5. Симмондссиндромымен

 

??? № 5

Бала жолдасының жатырға бекінуің жиі кездесетін түрі:
1. Алдыңғы қабырғасында
2.  (+) Артқы қабырғасында
3. Төменгі сегментінде
4. Жатыр түбінде
5. Жатырдың бүйір бөліктерінде

 

??? № 6

Әйелдер кеңесі– бұл:
1. Науқастарға амбулаторлық көмек көрсету
2. Жүкті әйелдерге стационарлық көмек көрсету
3. Гинекологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсету
4. Әйелдерге амбулаторлы көмек көрсету
5.  (+) Әйелдерге амбулаторлық акушерлік- гинекологиялық көмек көрсету мекемесі

 

??? № 7

Пуберттаты кезеңде сүт бездерiнiң үлкеюi аталады:
1. Менархе
2. Пубархе
3.  (+) Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит

 

??? № 8

Қандай жүктілік эктопиялық жүктілік деп аталады:
1. Түсіктен кейінгі дамыған жүктілік
2. 30 жастан асқан әйелдердегі жүктілік
3.  (+) Жатырдан тыс дамыған жүктілік
4. Ұрықтанған екі аналық жасушаларынан дамыған жүктілік
5. Экстракорпоральды ұрықтанудан кейін дамыған жүктілік

 

??? № 9

Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5.  (+)  жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан

 

??? № 10

Босанудан кейiнгi кезеңде қалқанша безiнiң ауруларының негiзгi асқынуы:
1. Бездiң кемiстiгi
2.  (+) Қан кету
3. Жатырдың айналуы
4. Ірiңдi-септикалық асқыну
5. Артериальды гипертензия

 

??? № 11

Босануға дейінгі декретті демалыстың ұзақтығы:
1) 60 күн
2) (+)  70 күн
3) 126 күн

 

??? № 12

Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2.  (+) Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте

 

??? № 13

Қағанақ суының мекониймен боялуы тән:
1. Құрсақ iшiлiк сепсиске
2. Нәрестенiң гемолитикалық ауруларына
3.  (+) Нәрестенiң гипоксиясына
4. Асқазан- iшек жолдарының туа бiткен ақаулары
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуы.

 

??? № 14

Суреттен миометрийдi көрсетіңіз:
 

 
1. 1
2.  (+) 2
3. 3

 
 
 
 

 

??? № 15

Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының арнайы емес қоздырғыштарына жатады:
1.  (+) Стафилококк
2. Стрептококк
3. Туберкулез
4. Ішек таяқшасы
5. Лактобактериялар

 

??? № 16

Маңдай сүйегін төбе сүйегімен қосатын жік және жебе маңдай жігіне перпендикуляр орналасқан жік қалай аталады:
1 сагиттальды
2 маңдай жігі
3  (+) тәж тәрізді жік
4 ламблиялық
5 шүйделік

 

??? № 17

Бартолин бездерінің шынайы абсцессінің емі:
1. Консервативті ем
2.  (+) Оперативті ем
3. Диспансерлік бақылау
4. Жалпы жағдайын жақсарту
5. Физиотерапиялық ем

 

??? № 18

Босанудың үшінші кезеңінде бала жолдасының бөліну белгілері оңды болады
1 жатырды сырттай уқалағанда
2 бала жолдасын қолмен түсіргенде
3 (+)  бала жолдасын сырттай әдістерімен түсіргенде
4  жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі еккенде
5 іштің төменгі жағына мұзды мұйық қойғанда

 

??? № 19

Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4.  (+)  Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.

 

??? № 20

Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай аталады:
1 шынайы конъюгата
2 жамбастың откізгіш осі
3 анатомиялық конъюгата
4 (+)  жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығабері жазықтықтың тік өлшемі

 

??? № 21

Қынаптың құрылысының негізгі ерекшеліктеріне жатпайды:
1. қабырғасы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған
2. шырышты қабатында бездер және шырыш асты қабаты жоқ
3. (+) қынапта болатын сұйықтық
4. қатпарлы
5. қышқылды орта

 

??? № 22

Гиперменорея-бұл:
1. Менструалдық цикл ұзақтығының қысқаруымен
2.  (+) Көп мөлшердегi етеккiр
3. Етеккiрдiң ұзақ уақыт келуi
4. Етеккiрдiң жиi келуi
5. Етеккiрдiң сирек келуi.

 

??? № 23

Төменде көрсетiлген байламдардың қайсысы жатырды ұстап тұру аппаратына жатады:
1. Жамбас түбiнiң фасциялары
2.  (+) Жалпақ байламдар
3. Аралықтың сiңiрлi орталығы
4. Жамбас диафрагмасы
5. Кардиналды байламдар

 

??? № 24

Альгодисменореяға тән:
1. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кєп
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4.  (+) Ауру сезiмдi етеккiр
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 25

Жатыр түбі биіктігіне байланысты жүктілік мерзімін бейнелейтін кесте қалай аталады:
1 партограмма
2 гистерограмма
3 (+)  гравидограмма
4 кардиотокограмма
5 электрокардиограмма

 

??? № 26

Босанғаннан кейiнгi кезеңнiң ұзақтығы:
1. 2 апта
2. 4 апта
3.  (+)  6 апта
4. 10 апта-
5. 12 апта-

 

??? № 27

Қайта босанушы әйел жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң қимылын сезедi:
1. 16 апта
2.  (+) 18 апта
3. 20 апта
4. 22 апта
5. 24 апта

 

??? № 28

Аспапты зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Тазалық дәрежесiне жағынды алу
2.  (+) Жатырды зондтау
3. Биопсия
4. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру
5. Бимануалдық-қынаптық зерттеу.

 

??? № 29

Плацентаның жатуында ең объективтi және қауiпсiз әдiс:
1. Амниоскопия
2. Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Сыртқы акушерлiк зерттеу әдiстерi
4.  (+) Ультрадыбыстық зерттеу
5. Қынаптық зерттеу
1. қартаюы

 

??? № 30

Нағыз конъюгата тең:
1.  (+) 11см
2. 13см
3. 9см
4. 20см
5. 23см

 

??? № 31

Нәрестенiң көлденең жатуында оның жүрек соғысы қай жерден естiледi:
1. Кiндiктен жоғары сол жақтан
2. Кiндiктен төмен сол жақтан
3. Кiндiктен төмен оң жақтан
4.  (+)  Кiндiк деңгейiнде
5. Кiндiктен жоғары оң жақтан

 

??? № 32

Мерзiмi жеткен жүктiлiк мерзiмі:
1. 22-28апта
2. 28-34апта
3. 34-36апта
4. 36-37апта
5.  (+) 38-40апта

 

??? № 33

Жүкті әйелдердің жатыр жыртылуының жоғары қаупіне жатады:
1.  (+) Жатыр тыртығы
2. Жатыр миомасы
3. Эндомиометрит
4. Анамнезінде түсіктің болуы
5. Анамнезінде тубэктомияның болуы

 

??? № 34

Жүкті әйелдерде жиі кездесетін анемия түрі:
1. Мегалобластық гиперхромды анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3.  (+) Темір тапшылықты гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия


 

??? № 35

Босану - бұл нәрестенiң жатырдан босану жолдары арқылы шығатын физиологиялық процесс:
1.  (+) Нәресте және плацента қабықшаларымен бiрге
2. Тек нәресте
3. Тек плацента
4. Плацента қабықшаларымен бiрге
5. Плацента қабықшаларымен бiрге және қағанақ суымен

 

??? № 36

Жүктi әйелдiң салмағын өлшеу жиiлiгi:
1.  (+) Әр қабылдауда
2. 1 рет бiрiншi триместрде, 2 рет екiншi триместрде, 3 рет үшiншi триместрде
3. Екi аптада 1рет
4. Айына 1 рет
5. Аптасына 1 рет

 

??? № 37

Гинекологиядағы клиникалық зерттеу әдiстерiне жатады:
1.  (+) Анамнез жинау
2. Функционалды диагностикалық тесттер
3. Гистологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия

 

??? № 38

Менструалды циклдың фолликулярлы фазасы эндометрийдегі қай фазаға сәйкес келеді:
1. Секреция
2.  (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 39

Жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1.  (+) Толғақ тәрізді ауру сезімі, етеккірдің кідіруі,құрсақішілік қан кету белгілері
2. Етеккiрдiң кiдiруi, жатырдың үлкеюi
3. Құрсақiшiлiк қан кету белгiлерi, етеккiрдiң кiдiруi байқалмайды
4. Менструалды циклдың ортасында құрсақiшiлк қан кетудiң пайда болу белгiлерi
5. Жатырдың жұмсаруы мен көлемiнiң үлкеюi

 

??? № 40

Босанғаннан кейінгі 10-шы күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3.  (+) Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.

 

??? № 41

Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1.  (+)  Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.

 

??? № 42

Жүктiлiк кезiндегi бала жолдасының жатуын диагностикалаудағы ең ақпаратты әдiс:
1. Кардиотокография
2. Сыртқы акушерлiк тексеру
3. Айнамен қарау
4. Қынаптық зерттеу
5.  (+) УДЗ

 

??? № 43

Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:
1. Преэклампсия
2. Көпсулық
3.  (+) Нәрестенiң көлденең жатуы
4. Азсулық
5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

 

??? № 44

Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1.  (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.

 

??? № 45

Медико-генетикалық тексеруге жүберу үшін әйелдің анамнезінде жүктіліктің қай мерзімінде өзіндік түсік болуы керек:
-  (+) 5-6 апталық кезінде болған түсік
- 10-12 апталық кезінде болған түсік
- 14-16 апталық кезінде болған түсік
- 18-22 апталық кезінде болған түсік
- 24-25 апталық кезінде болған түсік


 

 

 

??? № 46

«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен қанша ЕД окситоцин ерітіндісі енгізіледі?
1 15 ЕД
2 5 ЕД
3  (+) 10 ЕД
4 20 ЕД
5 7 ЕД

 

??? № 47

Босануда ұрық гипоксиясының негізгі себебі
1 преэклампсия
2 ұрықтың жамбаспен келуі
3 (+)  босану қызмет аномалиялары
4 көтерілген жүктілік
5 анасында жүрек-қан тамыр аурулары

 

??? № 48

ЖІС қай әйелдерге оптимальды әдіс болып табылады:
1.  (+) Босанған
2. Тұрақты партнер болмауы
3. Генитальды қабыну аурулар мен
4. Жақында жасанды түсік болған
5. Анамнезінде жатырдан тыс жүктілік бар

 

??? № 49

Нәресте басында қанша енбек бар?
1) 1
2) (+)  2
3) 3

 

??? № 50

Эстрогендердiң негiзгi синтезi жүредi:
1. Жатырда
2. Гипоталамуста
3. Аденогипофизде
4.  (+) Аналық безде
5. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде.

 

??? № 51

АИВ/ЖИТС жұқпайды:
1. стерилденбеген көп рет қолданатын инені қолданғанда
2. ЖИТС ауыратын аурумен қорғалмаған жыныстық қатынас болса
3. (+) ЖИТС ауруды құшақтағанда және сүйгенде
4. қорғайтын қолғапсыз зиянды қалдықтармен жұмыс жасау
5. қалыптағы хирургиялық қолғаптармен операция жасағанда

 

??? № 52

Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4.  (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.

 

??? № 53

Бедеулік кезінде гистеросальпингографияны жүргізген дұрыс:
1. (+)  менструалды циклдың 7-8- ші күні
2. менструалды циклдың 9-12- ші күн
3. менструалды циклдың 13-15- ші күні


 

??? № 54

Екиншипозицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3  (+) нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы

 

??? № 55

Агнезия дегенiмiз:
1. Ағзаның жетілмеуі
2.  (+) Ағзаның жоқ болуы
3. Ағза бөлiктерiн алып тастау
4. Ағзаның төмен түсуi
5. Ағзаны алмастыру

 

??? № 56

Әйелдің жүктілік мерзімі 38-39 апта. Іш шеңбері – 99 см, Жатыр денесінің биіктігі – 36см. Жорданиа бойынша нәрестенің болжам салмағын көрсетіңіз:
1) 3375,0 гр
2) 4000,0 гр
3)  (+) 3564, 0 гр


 

??? № 57

Жамбас өлшемдерi 23-26-28-20 см, бұл сәйкес келеді:
1. Жәй рахиттiк жамбасқа
2. Жәй жалпақ жамбасқа
3. Жалпы бiр қалыпты тарылған тар жамбасқа
4.  (+) Көлденең тарылған тар жамбасқа
5. Қиғаш тарылған тар жамбасқа.

 

??? № 58

Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+)  2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына

 

??? № 59

Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы:
1. қиғаш
2. циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. (+) тікелей
5. көлденең

 

??? № 60

Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерi:
1. Ұрықтың қозғалуы,жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау
2. Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау,жүрек соғысын тындау
3.  (+) Жүрек айну,құсу, дәм сезудiң өзгеруi,иiстерге сезiмталдық
4. Жатыр пiшiнiнiң өзгеруi,үлкеюi,жұмсаруы
5. Пискачек,Снегирев,Горвица-Гегар белгiлері

 

??? № 61

Етеккiр циклы мен етеккiрдiң орташа ұзақтығы қанша:
1. 21 күн және 1-2 күн
2. 25 күн және 3-4 күн
3.  (+)  28 күн және 3-7 күн
4. 30 күн және 8-9 күн
5. 32 күн және 10-11 күн

 

??? № 62

Гломерулонефриттің қай түрі жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып табылады:
1.  (+) Жедел
2. Созылмалы
3. Латенттi
4. Аралас
5. Гипертензионды

 

??? № 63

Қант диабетiнде босану мерзiмi тағайындалады:
1. 35апта
2. 36 апта
3.  (+) 37-38 апта
4. 39 апта
5. 40 апта

 

??? № 64

Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+)  4
2) 5

 

??? № 65

Леопольда 4-шi тәсiлiн көрсетiңiз:
 

 

1. 1
2. 2
3. 3
4.  (+)  4


 

??? № 66

Бровкин әдісімен емдегенде магний сульфатын енгізеді
1 (+)  ауыруды басатын дәріден кейін
2 вена қан тамырына өте жай тамшылап
3 жіңішке қысқа инемен
4 терінің астына
5 Салқындатып

 

??? № 67

Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы

 

??? № 68

Бала туылатын залдың температурасы
1 (+)  20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек


 

??? № 69

Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
- 8 күн
- 18 күн
-  (+)  28 күн
- 38 күн


 

??? № 70

Жатыр қуысында плацента қалдықтарының қалуының негiзгi белгiлері:
1. Жалған күшенудiң болуы
2. Іштiң төменгi бөлiгiндегi толғақ тәрiздi ауру сезiмi
3.  (+) Жыныс жолдарынан қан ағу
4. Жатыр тонусының төмендеуi
5. Жатыр түбi кiндiктен жоғары.

 

??? № 71

Жатыр қуысына қолды енгізу көрсетіледі
1 қан кету басталғанда және плацентаның ажырау белгілері болмағанда
2 қан кету мен плацента ажырау белгілері ұрық туғаннан 30 мин кейін болмауы
3 плацента бөлігінің қалып қоюы
4 ерте босанудан кейінгі кезеңіндегі патологиялық қан жоғалтуда
5 (+)  аталған асқынулардың барлығы

 

??? № 72

Жүкті әйел жүктіліктің 7-8 апталығында 2 күн бойы ішінің толғақ тәрізді ауыруына шағымданады, жыныс жолдарынан бөлінділер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
1.  (+) Қауіпті түсік
2. Басталған түсік
3. Жатырдан тыс жүктілік
4. Жүрістегі түсік
5. Толық емес түсік

 

??? № 73

Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3.  (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.

 

??? № 74

Кіндік бау арқылы жалпы қанша қан ағады?
1 300 мл/мин
2 400 мл/мин
3 (+)  500 мл/мин
4 600 мл/мин


 

??? № 75

Әйелдерде жүкті емес жатыр денесінің ұзындығы:
1. (+) 6-7 см
2. 7-8 см
3. 8-9 см


 

??? № 76

Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
1 мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
2 үлкен еңбектен
3  (+) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
4 үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
5 үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.

 

??? № 77

Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы.
1.  (+) 16 жастан
2. 17 жастан
3. 20 жастан және одан үлкен жастан
4. 22 жастан және одан үлкен жастан
5. 26 жастан және одан үлкен жастан.

 

??? № 78

Жүктілікпен шақырылған гипертензия кезінде мерзімінен бұрын босандыру көрсеткіштері:
1. Аяқтағы айқын ісіктер
2. 0,3 г\тәу жоғары протеинурия
3.  (+) Олигоурия
4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.с.б.б. дейін жоғарылауы
5. Полиурия

 

??? № 79

Көлденең тарылған тар жамбасқа тән:
1. Михаэлис ромбысының вертикалды диагоналының тарылуы
2. Жамбастың барлық тiк өлшемдерiнiң тарылуы
3. Шынайы конъюгатаның кеңеюi
4.  (+) Жамбастың көлденең өлшемдерiнiң тарылуы
5. Кiшi жамбас кiреберiсiнiң тiк өлшемінiң тарылуы.

 

??? № 80

Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3.  (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы

 

??? № 81

Барьер контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 гормоналды дәрілер
3 (+)  презервативтер
4 хирургиялық стерилизация
5 жыныс қатнасты тоқтату

 

??? № 82

Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1.  (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 83

Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры, бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
1 кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
2 кіші жамбастың кең жазықтығы
3 кіші жамбастың тар жазықтығы
4  (+) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
5 кіші жамбастың көлденең жазықтығы

 

??? № 84

Қынаптың зерттеу мақсатына жатпайды.
1 қағанақ бүтіндігін тексеру
2 (+)  іштегі нәрестенің жағдайын бағалау
3 жатыр мойынының ашылу дәрежесін анықтау
4 бастың тірелу ерекшеліктерін анықтау
5 жамбас қуысы көлемін анықтау

 

??? № 85

Жатырдың өте жумсақ болуы қай белгіге тәң?
1 (+)  Горвица-Гегар белгісі
2 Снегирев белгісі
3 Пискачека белгісі
4 Айламазян белгісі
5 Бисембаева белгісі

 

??? № 86

Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2.  (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы

 

??? № 87

Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2  (+) Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)

 

??? № 88

Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4.  (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі

 

??? № 89

Босанудың III кезеңі сипатталады:
1. Нәресте басының шығуымен
2. Нәрестенің туылуымен
3.  (+) Бала жолдасының бөлінуі және шығуы
4. Лактация
5. Толғақтың болуы

 

??? № 90

Гормоналды контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 (+)  Диане-35
3 презервативтер
4 жыныс қатнасты тоқтату

 

??? № 91

Леопольд Левицкийдің неше пальпация тәсілі бар?
1) (+)  4
2) 5


 

??? № 92

Қайта босанудың I кезеңіндегі активті латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1 0,35 см/сағ
2 1,0-1,5 см/ сағ
3 (+)  2,0-2,5 см/ сағ
4 2,5-3,0 см/ сағ


 

??? № 93

Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу, лапароскопия
2.  (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы, ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу

 

??? № 94

Құрсақ ішілік нәресте жағдайын бағалау әдісі:
1 (+)  аускультация, қозғалу санын есептеу, амниоскопия
2 пальпация, аускультация, қанда гормон деңгейін анықтау
3 пальпация, аускультация, қозғалу санын есептеу
4 іш айналымын және жатыр түбі биіктігін өлшеу, аускультация
5 аускультация, кардиотокография, хорионбиопсия

 

??? № 95

Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1  (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ


 

??? № 96

Қалыпты менструация циклының ұзақтығы (күндер):
1. 5-10
2. 12-17
3. 18-20
4.  (+) 21-35
5. 36-40

 

??? № 97

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 98

Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының мазмұны:
1 (+)  жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері

 

??? № 99

Босанғаннан кейiнгi маститке әкелетін факторлар:
1. Ретсiз емiзу
2. Кесар тілігі арқылы босандыру
3.  (+) Патологиялық лактостаз, емшек ұштарының жарылуы
4. Босану әрекетiнiң әлсiздiгi
5. Преэклампсия

 

??? № 100

Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері:
1. жатыр
2. қынап
3. сыртқы жыныс мүшелері
4. жатыр мойны
5. (+)  жатыр түтіктері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     578      579      580      581     ..