|
содержание ..
496
497
498
499 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 498
??? № 1
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде тез босандыруға көрсеткiш:
1. Судың аз болуы
2. Босану жолдарының дайын емес болуы
3. Көп сулылық
4. (+) Преэклампсияның созылған ағымы және жүргізілген терапияның
нәтижесіздігі
5. Көп нәрестелiк
??? № 2
Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:
1. (+) Бiрден
2. 35-60 минуттан кейiн
3. 2-3сағаттан кейiн
4. 12-13 сағаттан кейiн
5. 14-24 сағаттан кейiн
??? № 3
Бiрiншiлiк аменореяға тән:
1. (+) Етеккiрдiң 16 жас және одан да жоғары жаста болмауы
2. Етеккiрдiң 14 жаста болмауы
3. Бiр түсiктен кейiн етеккiрдiң болмауы
4. Етеккiрдiң 18 жаста болмауы
5. Етеккiрдiң 11 жаста болмауы.
??? № 4
Туғаннан кейін бөлмені әр күнгі жинастырғанда дезинфекциялаушы зат қанша рет
қолданылады
1 (+) 1 рет
2 2 рет
3 3рет
4 аптасына 1 рет
5 аптасына 2 рет
??? № 5
Перзентхананың барлық бөлімдерінде маска тағылады.
1 бас дәрігер айналып шығарда
2 әйелдермен кеңес өткізгенде
3 (+) эпидемия уақытында
4 жұмыс орнында
5 әрдайым
??? № 6
Плацентаның жатуында ең объективтi және қауiпсiз әдiс:
1. Амниоскопия
2. Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Сыртқы акушерлiк зерттеу әдiстерi
4. (+) Ультрадыбыстық зерттеу
5. Қынаптық зерттеу
1. қартаюы
??? № 7
Дүниежүзі бойынша ерте неонатальды өлімнің себебінің 1-ші орнында:
1. Босану жарақаты
2. Туа пайда болған ақау
3. Инфекция
4. Өкпенің жетілмеуі
5. (+) Асфиксия
??? № 8
Жатырдың өте жумсақ болуы қай белгіге тәң?
1 (+) Горвица-Гегар белгісі
2 Снегирев белгісі
3 Пискачека белгісі
4 Айламазян белгісі
5 Бисембаева белгісі
??? № 9
Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5. (+) жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан
??? № 10
Гормоналды контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 (+) Диане-35
3 презервативтер
4 жыныс қатнасты тоқтату
??? № 11
Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея.
??? № 12
Қайта босанушы жүкті әйелдің бетінде, аяғы мен қолдарында,құрсақтың алдыңғы
қабырғасында ісінулер анықталды,АҚҚ 180/100 с.б.б., 180/110 с.б.б.. Зәрде белок-
4,5 г/тәу. Диагноз қойыңыз:
1. Гипертониялық ауру
2. Преэклампсияның дәрежесі
3. Гломерулонефрит
4. (+) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5. Созылмалы пиелонефриттің өршуі
??? № 13
Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4. (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі
??? № 14
Жедел плацентарлық жетiспеушiлiктiң себебi:
1. Плацентаның мерзiмiнен бұрын жетілуі
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Плацентаның жатуы
4. Жүктiлiкпен шақырылған гипертензия
5. Темiр жетiспеушiлiктi анемия
??? № 15
Базалдық температураның әсерi негiзделедi:
1. Эстрогендердiң гипоталамусқа
2. Простагландиндердiң гипоталамусқа
3. (+) Прогестеронның гипоталамустың термореттеушi орталығына
4. Андрогендердiң гипоталамусқа
5. Пролактиннiң гипофизге.
??? № 16
Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:
1. 30 минутта
2. 1-2 сағатта
3. 2-3 сағатта
4. 5-7 сағатта
5. (+) 24 сағатта.
??? № 17
Нәрестенiң көлденең жатуында оның жүрек соғысы қай жерден естiледi:
1. Кiндiктен жоғары сол жақтан
2. Кiндiктен төмен сол жақтан
3. Кiндiктен төмен оң жақтан
4. (+) Кiндiк деңгейiнде
5. Кiндiктен жоғары оң жақтан
??? № 18
32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады.
Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1. (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ
??? № 19
Қан -тамыр жүйесінің ауруларымен жүкті әйелдерді жүктіліктің III триместрде
ұсынылады:
1. Динамикалық бақылауды жалғастыру
2. Асқынулардың алдын алу мақсатында госпитализациялау
3. Жүктілікті жалғастыру сұрағын шешу
4. Жүктілікті мерзімінен бұрын үзу
5. (+) Босандыру әдісін таңдау
??? № 20
Жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң жүрек тондарының аускультациясын тыңдауға
болады:
1. 14 апта
2. 16 апта
3. (+) 20 апта
4. 25 апта
5. 28 апта
??? № 21
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кезiндегi жиi асқынуы:
1. Қан кету
2. Мерзiмiнен ерте босану
3. Нәресте гипоксиясы
4. (+) Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi
??? № 22
Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті
әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5. (+) Перинатальды орталыққа
??? № 23
Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері:
1. тығыз, ауру сезімді
2. (+) жұмсақ, ауру сезімді
3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін
4. көлемінің кішіреюі
5. артқа еңкейген
??? № 24
Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4. (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 25
Нәресте сүйегінде :кеңсірік пен шүйде бұдырмасының арасы қандай өлшем?
1 (+) Тік өлшем
2 Қиғаш өлшем
3 Үлкен қиғаш өлшем
4 Вертикал өлшем
5 Көлденең өлшем
??? № 26
Алғашқы етеккiрдiң келуi қалай аталады:
1. (+) Менархе
2. Пубархе
3. Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит
??? № 27
Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2. (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу
??? № 28
Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3. (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн
??? № 29
Қынаптың құрылысының негізгі ерекшеліктеріне жатпайды:
1. қабырғасы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған
2. шырышты қабатында бездер және шырыш асты қабаты жоқ
3. (+) қынапта болатын сұйықтық
4. қатпарлы
5. қышқылды орта
??? № 30
Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық
зерттеу
2. (+) Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық
зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография,
пневмоперитонеум, биконтрастты геникография
4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия
5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр
мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы.
??? № 31
Довженко белгісі - бұл:
1. Жатыр түбi биiктiгi мен пiшiнiнiң өзгеруi
2. Кiндiктiң сыртқы бөлiгiнiң ұзаруы
3. Симфиз үстiнде томпаюдың байқалуы
4. (+) Терең дем алғанда кiндiктiң кiруi және шығуы
5. Симфиздiң үстiнен қолдың қырымен басқанда кiндiктiң ұзаруы
??? № 32
Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қосымша әдістердің бірі:
1. Жатыр қуысын зондтау
2. (+) Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
3. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 33
Туғаннан кейінгі бөлімшедегі төсек орын №420 бұйрыққа сәйкес ауыстырылуы керек.
1 әрбір 12 сағатта
2 әрбір 2 тәулікте
3 әрбір 3 тәулікте
4 (+) әрбір 6 күнде
5 әрбір 24 сағатта
??? № 34
Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3. (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада
??? № 35
Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+) бимануалды тексеру
5. МСГ
??? № 36
Босану - бұл нәрестенiң жатырдан босану жолдары арқылы шығатын физиологиялық
процесс:
1. (+) Нәресте және плацента қабықшаларымен бiрге
2. Тек нәресте
3. Тек плацента
4. Плацента қабықшаларымен бiрге
5. Плацента қабықшаларымен бiрге және қағанақ суымен
??? № 37
Қыз балаларда ановуляторнлық жатырлық қан кетулерде болмайды:
1. овуляция жәнелютеинді фазаның болмауы
2. фолликулдар персистенциясы
3. фолликулдар атрезиясы
4. (+) эндометрия атрофиясы
5. эндометрияныңның безді гиперплазиисы
??? № 38
Арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жатырдың қосалқыларымен бiрге ампутациясы, жатыр экстрипациясы, тубэктомия,
цистэктомия
2. Метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум
3. Кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия
4. (+) Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, айнамен қарау, бимануалды-қынаптық,
ректо-абдоминалды зерттеу
5. Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысын қыру, артқы күмбез
арқылы құрсақ қуысын пункциялау
??? № 39
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін
қандай препарат тағайындау керек:
1 Минералді-витамин кешені
2 Жақсы тамақтану
3 (+) Фолий қышқылын
4 Йод препараттарын
5 Ұйқы және демалу режимін сақтау
??? № 40
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 36 жастағы жатырында 3 кесар тілігінен
кейін тыртығы бар:
1 комбинирленген оральды контрацептив;
2 таза прогестинді контрацептив;
3 жатыр ішілік контрацепция;
4 (+) ерікті хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.
??? № 41
Нәресте туылғаннан кейiн бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару операциясына
көрсеткiш:
1. (+) 30 минут iшiнде плацентаның бөлiну белгiлерi болмаған кезде
2. Плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ және қан шығыны 100,0
3. Плацентаның бөлiну белгiлерi бар және қан шығын 200,0
4. Қан ағудың пайда болуы 100,0 артық
5. Мерзiмiнен бұрын босануда.
??? № 42
Плацентаның жатуын диагностикалайтын зерттеу әдісі:
1. Амниоскопия
2. Кольпоскопия
3. Хорионбиопсия
4. Кардиотокограмма
5. (+) Ультрадыбыстық зерттеу
??? № 43
Жүктiлiкте немесе босануда қолданылатын инструментальдi зерттеу әдiсi.
1. Жатырды зондтау
2. (+) Айнаның көмегiмен жатыр мойнын қарау
3. Биопсия
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 44
Трихомониаздың клиникалық белгілері:
1. (+) қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер
2. іштің төменгі жағының ауыруы
3. ірімшік тәрізді бөліністер-
4. қан жағынды
5.бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей
??? № 45
Преэклапсияның ауыр дәрежесiне тән:
1. Ісiк
2. Ісiк, гипертензия
3. Гипертензия
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бас ауыру
5. Бас ауру
??? № 46
Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.
??? № 47
Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4. (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк
??? № 48
Босанудың үшінші кезеңінде бала жолдасының бөліну белгілері оңды болады
1 жатырды сырттай уқалағанда
2 бала жолдасын қолмен түсіргенде
3 (+) бала жолдасын сырттай әдістерімен түсіргенде
4 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі еккенде
5 іштің төменгі жағына мұзды мұйық қойғанда
??? № 49
Босанғаннан кейінгі алғашқы үш күндегi лохия сипаты:
1. (+) Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 50
Ерте токсикоздарды емдеуге қолданылмайды.
1 седативті дәрілер
2 инфузионды терапия
3 физиотерапия
4 құсуға қарсы дәрілер
5 (+) несеп айдағыш дәрілер
??? № 51
Гиперменоррея дегеніміз:
1. Етеккір циклының ұзақтығының қысқаруы
2. (+) Мерзімінде көп мөлшерде келетін етеккір
3. Ұзаққа созылған етеккір
4. Жиі пайда болатын етеккір
5. Сирек пайда болатын етеккір
??? № 52
Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:
1. Ісіктер, гипертензия, бактериурия
2. Ісіктер, гипертензия, протеинурия
3. Гипертензия, протеиурия, салмақ қосу
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бастың ауруы
5. Бастың ауруы, дене қызуының жоғарылауы, миалгия
??? № 53
Босанудың бiрiншi кезеңiнде қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын
сылынуында акушерлiк тактика:
1. Акушерлiк қысқаштар салу
2. Нәрестенi бөлiп шығару операциясы
3. (+) Жедел түрде кесар тiлiгiн жасау
4. Босануды окситоцинмен қоздыру
5. Кристеллер әдiсiн қолдану
??? № 54
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне
жатпайды
1 (+) жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді
??? № 55
БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+) 3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде
??? № 56
Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
??? № 57
Эстрогендердiң негiзгi синтезi жүредi:
1. Жатырда
2. Гипоталамуста
3. Аденогипофизде
4. (+) Аналық безде
5. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде.
??? № 58
Сыртқы әйел жыныс мүшесі...
1 (+) Қасаға
2 жатыр
3 Аналық без
4 Жатыр мойны
5 Жатыр түтекшесі
??? № 59
Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде
туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4. (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта
??? № 60
Бала жолдасының қалыптасуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде аяқталады:
1. 10 апта
2. 13 апта
3. (+) 16 апта
4. 19 апта
5. 22 апта
??? № 61
Сыртқы акушерлiк зерттеудiң екiншi әдiсiнде анықталады.
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3. Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. (+) Нәрестенің позициясы мен түрі
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы
??? № 62
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң фолликулярлы фазасы сәйкес келедi:
1. Десквамация және секреция
2. (+) Регенерация және пролиферация
3. Регенерация және секреция
4. Децидуалды єзгерiстер
5. Секреция және пролиферация.
??? № 63
Бала жолдасының төмен орналысуының клиникалық белгісі
1 іштің төменгі жағының ауыруы
2 нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы
3 жатыр пішінің өзгеруі
4 (+) әртүрлі қарқынмен қан кету
5 жатыр суының кетуі
??? № 64
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 65
Жүктiлердiң iш өлшемi өлшенедi:
1. (+) Кiндiк деңгейiнде
2. Шар тәрiздi өсiндi
3. Кiндiктен төмен
4. Кiндiктен жоғары
5. Симфиз деңгейi
??? № 66
ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2. (+) АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады
??? № 67
Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+) 11х11 см
3) 12х12 см
??? № 68
Соловьев индексі деген не:
1 (+) Кәрі жіліктің біліктік буын шеңберінің өлшемі
2 Тобық буын шеңберінің өлшемі
3 Шонданай сүйектің бұдырларынан қасаға буынының жоғарғы жиегіне дейінгі өлшем
4 Екі шонданай сүйектердің бұдырларының арасының өлшемі
5 Жамбастың шеңбер өлшемі
??? № 69
Жүкті әйелдің 1 аптада қосқан үйлесімді қалыпты салмағы:
1 30г
2 50г
3 (+) 400г
4 700г
??? № 70
ЖIС келесi санаттағы әйелдер үшiн қолайлы:
1. (+) Босанған
2. Тұрақты жолдасы жоқ
3. Гениталді қабыну аурулары бар
4. Жыныс жолдарымен берiлетiн аурулар бар
5. Анамнезiнде жатырдан тыс жүктiлiгi бар
??? № 71
Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы
??? № 72
Етеккір циклының фолликулярлы фазасында эндометрийде болады:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 73
Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+) 4
2) 5
??? № 74
Берiлген суретте қай өлшем көрсетiлген.

1. D. spinarum
2. D.cristarum
3. (+) D.Trochanterica
4. D.коньюгата externa
5. D.коньюгата vera
??? № 75
Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі:
1. (+) бимануалды тексеру
2. УДЗ
3. гистероскопия
4. бактериоскопия
5. ПЦР
??? № 76
Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5. (+) Вульвоскопия.
??? № 77
Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1 (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою
??? № 78
Шынайы коньюгата - бұл:
1. (+) Мүйіс және қасағаның ішкі қабырғасы аралығы
2. Қасағаның ортасымен құйымшақ аралығы
3. Қасағаның ортасымен мүйіс аралығы
4. Мықын сүйегінің алдыңғы жоғарғаы өсінділер аралығы
5. Мықын сүйегінің алдыңғы төменгі өсінділер аралығы
??? № 79
Созылмалы артериалды гипертензияда ең жиі кездесетін асқыну:
1. Туа біткен гипертониялық аурудың дамуы
2. Біріншілік плацентарлы жетіспеушіліктің дамуы
3. Екіншілік плацентарлы жетіспеушіліктің дамуы
4. (+) Жүктілікті көтереалмаушылық
5. Туа біткен ақаулардың дамуы
??? № 80
Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2. (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу
??? № 81
Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гонадотропты гормондарына жатады:
1. (+) ФСГ, ЛГ, пролактин
2. ЛГ, пролактин, окситоцин
3. Пролактин, ФСГ, окситоцин
4. ФСГ, ЛГ, прогестерон, ингибин
5. ФСГ, ЛГ, пролактин, релаксин
??? № 82
Менструалды циклдың лютеинды фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң гиперплазиясы
2. Эндометрийдiң регенерациясы
3. (+) Сары дененiң жетiлуi
4. Фолликуланың пiсiп жетiлуi
5. Эстрадиол секрециясының жоғарылауы
??? № 83
Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2. (+) Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 84
Босанудың II кезеңiнде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау керек:
1. (+) Әр күшенуден кейін немесе 5 минут сайын
2. 15 минут сайын
3. 25 минут сайын
4. 35 минут сайын
5. 45 минут сайын
??? № 85
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына тән:
1. Нәрестенiң жамбаспен жатуы
2. Нәрестенiң көлденең және қиғаш орналасуы
3. (+) Жатыр гипертонусы, жергiлiктi ауру сезiмi
4. Жатыр гипотонусы, диффузды ауру сезiмi
5. Толғақ тәрiздi ауру сезiмi, қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.
??? № 86
Гинекологиядағы гормоналды зерттеу әдiсiне жатады:
1. Анамнез жинау
2. (+) Қандағы гормондарды зерттеу
3. Гинекологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Дене салмағы индексiн анықтау
??? № 87
Төмендозалых этинилэстрадиолы бар концентрация КОК құрайды:
1 10-15 мкг/тәу
2 20-25 мкг/ тәу
3 30-35 мкг/ тәу
4 (+) 40-45 мкг/ тәу
5 50-55 мкг/ тәу
??? № 88
Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1 (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей
??? № 89
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
??? № 90
Агнезия дегенiмiз:
1. Ағзаның жетілмеуі
2. (+) Ағзаның жоқ болуы
3. Ағза бөлiктерiн алып тастау
4. Ағзаның төмен түсуi
5. Ағзаны алмастыру
??? № 91
Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5. (+) 24 сағаттан кейiн
??? № 92
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
- 8 күн
- 18 күн
- (+) 28 күн
- 38 күн
??? № 93
Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология
??? № 94
«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен 10 ЕД окситоцин ерітіндісі қашан енгізіледі?
1 (+) босанғаннан кейін
2 толғақ басталғанда
3 басы көрінгенде
4 бала жолдасы туылғаеда
5 дурыс жауабы жоқ
??? № 95
Мына суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:

1. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі
??? № 96
Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1. (+) Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.
??? № 97
Экстрагенитальды аурулардың қандай түрінде преэклампсия жиі дамиды:
1. (+) Артериальды гипертензия
2. Семіру
3. Миопияның жоғары дәрежесі
4. Жүректің туа пайда болған ақаулары
5. Варикозды аурулар
??? № 98
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 99
Жүкті әйелдерде жиі кездесетін анемия түрі:
1. Мегалобластық гиперхромды анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3. (+) Темір тапшылықты гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия
??? № 100
Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1. (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.
содержание ..
496
497
498
499 ..
|