|
содержание ..
490
491
492
493 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 492
??? № 1
Жатыр денесiнiң ұзындығы :
1. 2 см
2. (+) 5 см
3. 3 см
??? № 2
Қант диабетiнiң негiзгi симптомдары:
1. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, булемия
2. (+) шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, полиурия
3. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, дене салмағының жоғарлауы
4. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, дене салмағының төмендеуi,олигоурия
5. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, жас ағу
??? № 3
Әйелдер өмірінің қай кезеңінде аналық бездiң апоплексиясының болу мүмкiндiгi
жоғары:
1. Балалық шақ
2. Препубертатты
3. Пубертатты
4. (+) Репродуктивтiк
5. Климактериялық
??? № 4
Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2. (+) Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте
??? № 5
Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3. (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу
??? № 6
Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:
1. (+) Бiрден
2. 35-60 минуттан кейiн
3. 2-3сағаттан кейiн
4. 12-13 сағаттан кейiн
5. 14-24 сағаттан кейiн
??? № 7
Мерзiмiне жеткен жүктiлiктiң ұзақтығы (күн):
1. 180
2. 240
3. 210
4. (+) 280
5. 300
??? № 8
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде тез босандыруға көрсеткiш:
1. Судың аз болуы
2. Босану жолдарының дайын емес болуы
3. Көп сулылық
4. (+) Преэклампсияның созылған ағымы және жүргізілген терапияның
нәтижесіздігі
5. Көп нәрестелiк
??? № 9
Жүкті әйелдерде жиі кездесетін анемия түрі:
1. Мегалобластық гиперхромды анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3. (+) Темір тапшылықты гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия
??? № 10
Менархе -бұл:
1. (+) Алғашқы етеккiрдiң пайда болуы
2. Кезеңдiк жыныс жолдарынан болатын қанды бөлiнiстер
3. Қыз балаларда етеккiрлiк циклдан тыс болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
4. Қыз балаларда аменореядан кейiн болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
5. Қыз балаларда етеккiрдiң алдында болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
??? № 11
Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық
зерттеу
2. (+) Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық
зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография,
пневмоперитонеум, биконтрастты геникография
4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия
5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр
мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы.
??? № 12
Аменореяның аналық бездi формасына тән емес синдром:
1. Шерешевского-Тернер
2. (+) Киари-Фроммеля
3. Аналық безiнiң поликистозы
4. Аналық безiнiң резистенттiлiгi
5. Аналық безiнiң жұқаруы
??? № 13
Бала полимилит вакцинасын алады
1 туылған бойда
2 туылғаннан кейін 24 сағат өткенде
3 4 күннің ішінде
4 (+) 2 айдан кейін
5 6 айда
??? № 14
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы
реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет
тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. (+) 10 балл
??? № 15
Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың орташа дәрежесiнде құсу жиiлiгi:
1. 1-2 рет
2. 3-5 рет
3. (+) 6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет
??? № 16
Босанудың II кезеңiнде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау керек:
1. (+) Әр күшенуден кейін немесе 5 минут сайын
2. 15 минут сайын
3. 25 минут сайын
4. 35 минут сайын
5. 45 минут сайын
??? № 17
Презервативтің ең негізгі артықшылығы:
1. Жылдам нәтижелегі
2. Жүйелі жанама әсерлердің болмауы
3. Арзан болуы
4. (+) Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардан қорғау
5. 100 пайыз сенімділік
??? № 18
Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы:
1. қиғаш
2. циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. (+) тікелей
5. көлденең
??? № 19
Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:
1 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
2 пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі
3 (+) жатырдың үлкеюі
4 жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді
??? № 20
Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гонадотропты гормондарына жатады:
1. (+) ФСГ, ЛГ, пролактин
2. ЛГ, пролактин, окситоцин
3. Пролактин, ФСГ, окситоцин
4. ФСГ, ЛГ, прогестерон, ингибин
5. ФСГ, ЛГ, пролактин, релаксин
??? № 21
ДСҰ деректері бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы (сағат):
1)12
2) (+) 24
??? № 22
Қыз балаларда алғаш етеккiр дене салмағы жеткенде пайда болады
1. 35- 39 кг-ға
2. (+) 40-44 кг-ға
3. 45-50 кг-ға
4. 51-54 кг-ға
5. 55-58 кг-ға.
??? № 23
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кезiндегi жиi асқынуы:
1. Қан кету
2. Мерзiмiнен ерте босану
3. Нәресте гипоксиясы
4. (+) Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi
??? № 24
Даун ауруын анықтау үшін қандай скрининг әдісін қолдану керек. Төменгі тізімнен
көрсетіңіз:
1 Жүктіліктің ерте мерзімінде АХГ деңгейін анықтау
2 (+) Жүктіліктің ерте мерзімінде УДЗ жүргізу
3 Жүктіліктің 19-20 аптасында УДЗ жүргізу
4 Хорион биопсиясы
5 Кордография
??? № 25
Бауыр аурулары кезiнде жүктi болуға қарсы көрсеткiш:
1. (+) Бауыр циррозы
2. Вирусты гепатит А
3. Вирусты гепатит В
4. Вирусты гепатит С
5. Вирусты гепатит Д.
??? № 26
ТШҚҰ – синдромы дамиды:
1. Плацентаның төмен орналасуында
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында
3. Созылмалы плацентарлық жетіспеушілікте
4. Плацентаның шынайы сіресіп орналасуы
5. Дискоординацияланған босану ырғағында
??? № 27
Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1. (+) Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас
??? № 28
Жүкті әйелдер мен әйелдерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету қай
жылы қолданысқа енді:
1 1991 жылы
2. 1998 жылы
3.2003 жылы
4. 2006 жылы
5. (+) 2009 жылы
??? № 29
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жиі себебі:
1. (+) Механикалық
2. Химиялық
3. Физикалық
4. Инфекционды
5. Термиялық
??? № 30
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 31
Қыздардағы жыныстық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
1. (+) Аменорея
2. Дисменорея
3. Меноррагия
4. Гипертрихоз
5. Гиперполименорея
??? № 32
Эстрогендердiң негiзгi синтезi жүредi:
1. Жатырда
2. Гипоталамуста
3. Аденогипофизде
4. (+) Аналық безде
5. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде.
??? № 33
Өсіп ,дамып жетілген фолликулада овуляция болу ушын қандай гормон қажет?
1 ФСГ
2 (+) ЛГ
3 прогестерон
4 пролактин
5 тестостерон
??? № 34
Босанудың клиникалық ағымының бірінші кеезеңін анықтаңыз?
1 (+) Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
??? № 35
Менструалды циклдың фолликулярлы фазасы эндометрийдегі қай фазаға сәйкес келеді:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 36
Гинекологиядағы гормоналды зерттеу әдiсiне жатады:
1. Анамнез жинау
2. (+) Қандағы гормондарды зерттеу
3. Гинекологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Дене салмағы индексiн анықтау
??? № 37
Аналық безіндегі жаңа түзілістерді диагностикалауда негізгі зерттеу әдістері:
1. (+) Гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Метросальпингография, хромогидротубация
4. ТФД, вульвоскопия
5. Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
??? № 38
Гормоналды контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 (+) Диане-35
3 презервативтер
4 жыныс қатнасты тоқтату
??? № 39
Плацентаның тығыз және сiресiп жабысуының белгiлерi:
1. Толғақ
2. Ұйындылармен қан кету
3. Жатыр түбiнiң биiктiгi кiндiк деңгейiнен жоғары орналасуы
4. (+) Плацентаның бөлiну белгiсiнiң болмауы
5. Плацентаның бөлiну белгiсiнiң болуы.
??? № 40
Босануға дейінгі декретті демалыстың ұзақтығы:
1) 60 күн
2) (+) 70 күн
3) 126 күн
??? № 41
Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек соғысы қанша?
1 (+) 120-160
2 100-110
3 80-90
??? № 42
Етеккір дегеніміз не?
1 Жатырдың жыртылуы
2 (+) эндометрийдың функционал қабатының сырылып түсуі
3 жатырдан кезекті қан келуі
4 жыныс жасушалардың қосылуы
5 овуляция болу
??? № 43
Мерзіміне жеткен жүктілікке тән емес:
1. Іш айналым өлшемі - 95-98 см
2. Жатыр түбі биіктігі - 34-36 см
3. (+) Жатыр түбі биіктігі - 28-30 см
4. Кіндік шығыңқы
5. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған
??? № 44
Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+) 11х11 см
3) 12х12 см
??? № 45
Жетiлiп туылған нәрестелердiң босану бөлiмiндегi температурасы төмен емес:
1. 18 градус
2. 20 градус
3. 22 градус
4. 24 градус
5. (+) 25 градустан.
??? № 46
Репродуктивтік денсаулықты сақтау саясаты деген не:
1. (+) Ана және бала денсаулығын сақтау, ана қауіпсіздігі, жанұяны жоспарлау,
медико-генетикалық консультация
2. Ана мектептерінің санын көбейту
3. Жоспарланбаған жүктіліктер санын азайту мақсатында жанұяны жоспарлау және
түсік санын төмендету
4. Жанұяны жоспарлау
5. Босанушылықтың экономикалық өсімділігі
??? № 47
Үшінші Леопольд тәсілі анықтайды:
1 орнығуы, позициясы мен түрін
2 нәресте бөлігін,оның кіші жамбас қуысына қатынасын
3 (+) нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
4 жатыр тонусы, босану әрекетінің ырғақтылығын
5 жатыр деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын
??? № 48
Бровкин әдісімен емдегенде магний сульфатын енгізеді
1 (+) ауыруды басатын дәріден кейін
2 вена қан тамырына өте жай тамшылап
3 жіңішке қысқа инемен
4 терінің астына
5 Салқындатып
??? № 49
Жаңа туылған нәрестенiң тыныс алу жиiлiгi:
1. Минутына 18-25 рет
2. Минутына 16-20 рет
3. (+) Минутына 40-60 рет
4. Минутына 20-30 рет
5. Минутына 80-100 рет
??? № 50
Жүктiлiктiң бiрiншi триместрi қандай кезең болып аталады:
1. (+) Органогенез және плацентация
2. Эмбрионды
3. Нәрестелiк
4. Бластоцисттер
5. Эмбрионалды
??? № 51
Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2. (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы
??? № 52
Мерзімінде туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң температурасы тең:
1. 18°С
2. 20°С
3. 22°С
4. (+) 25°С
5. 30°С
??? № 53
Менструалды циклдың реттелуiнде қанша деңгей бар:
1. Бір
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 54
Плацентаның жатуын қандай қосымша зерттеу әдiстерi анықтайды:
1. Жалпы қан анализi
2. Картиотокография
3. (+) УДЗ
4. Жатырдың рентгенографиясы
5. Нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау
??? № 55
Плацентаның ажырау белгілері болмағанда 30 мин ішінде қажет
1 (+) плацентаны қолмен ажырату және бала жолдасын бөлу
2 бала жолдасын Креде – Лазаревич бойынша бөлу
3 бала жолдасын Абуладзе бойынша бөлу
4 жатырға сырттай массаж жасау
5 метилэргометринді тамыр ішіне енгізу
??? № 56
Жүктiлiкке байланысты гипертензия бұл жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. (+) 20 аптада
2. 22 аптада
3. 24 аптада
4. 28 аптада
5. 30 аптада.
??? № 57
Босанғаннан кейiнгi кеш қан ағу уақыты:
1. 30 минутта
2. 1-2 сағатта
3. 2-3 сағатта
4. 5-7 сағатта
5. (+) 24 сағатта.
??? № 58
Босанудың II кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуы
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. Жатыр мойнының ашылуымен
4. Жатыр мойнының жабылуы
5. (+) Нәрестенің туылуымен
??? № 59
Жатырдан тыс жүктiлiктiң жиi орналасуы:
1. (+) Жатыр түтікшесінде
2. Аналық безінде
3. Жатыр мойнында
4. Жатырдың рудиментарлы мүйізінде
5. Іш қуысында
??? № 60
Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.
??? № 61
Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:
1. Ісіктер, гипертензия, бактериурия
2. Ісіктер, гипертензия, протеинурия
3. Гипертензия, протеиурия, салмақ қосу
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бастың ауруы
5. Бастың ауруы, дене қызуының жоғарылауы, миалгия
??? № 62
Анатомиялық тар жамбаста шынайы конъюгата кем емес:
1. 13,0 см
2. 12,5 см
3. 12,0см
4. 11,5 см
5. (+) 11 см
??? № 63
Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті
әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5. (+) Перинатальды орталыққа
??? № 64
Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу,
лапароскопия
2. (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы,
ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу
??? № 65
Етеккiр циклының екi фазалылығын анықтайды:
1. Етеккiрдiң дұрыс ритмi
2. Циклдың ұзақтығы
3. Гипопрогестеронемия
4. Гиперпролактинемия
5. (+) Овуляция
??? № 66
ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2. (+) АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады
??? № 67
Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың жеңiл дәрежесiнде құсу жиiлiгi
1. 1-2 рет
2. (+) 3-5 рет
3. 6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет
??? № 68
Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3. (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал
??? № 69
Босану үйінің қай бөлімшесінде жүктіліктің 12 және 22 аптасында медициналық және
әлеуметтік көрсеткіш бойынша жүктілікті үзуге болады:
1 босану
2 (+) гинекология
3 босанудан кейінгі
4 патологиялық жүктілік
5 қабылдау
??? № 70
Қандай контрацептив жыныс жолдарымен таралатын аурудан. сақтайды
1 люфеминал
2 депо провера
3 (+) презерватив
4 фарматекс
5 тригулон
??? № 71
Дүниежүзі бойынша ерте неонатальды өлімнің себебінің 1-ші орнында:
1. Босану жарақаты
2. Туа пайда болған ақау
3. Инфекция
4. Өкпенің жетілмеуі
5. (+) Асфиксия
??? № 72
Бала жолдасының жатырға бекінуің жиі кездесетін түрі:
1. Алдыңғы қабырғасында
2. (+) Артқы қабырғасында
3. Төменгі сегментінде
4. Жатыр түбінде
5. Жатырдың бүйір бөліктерінде
??? № 73
Етеккір циклінің нешінші күндері овуляция болады?
1 20-25
2 (+) 10-14
3 1-5
4 7-10
5 13-17
??? № 74
Жүктiлiк кезiндегi гипертензияға жатады:
1. (+) Систоликалық қысымның 140/90 мм с.б. дейiн және одан да жоғары
тұрақты көтерiлуi
2. Диастоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
3. Орташа артериялық қысым 100 мм с.б.-на тең
4. Систоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
5. АҚ 110/80 мм с.б. дейiн бiр реттiк көтерiлуi
??? № 75
Бала жолдасы кезеңiнде плацентаның толық шынайы сіресуінің белгілері:
1. (+) Қанды бөлiндiлердiң болмауы
2. Аздаған қанды бөлiндiлер
3. Көп мөлшердегi қанды бөлiндiлер
4. Жағынды түрiндегi қанды бөлiндiлер
5. Өте аз қанды бөлiндiлер.
??? № 76
Дүниежүзі бойынша ана өлімінің себебінің 1-ші орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагенитальды патология
3. (+) Босанудан кейінгі қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы
??? № 77
Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде
туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4. (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта
??? № 78
Етеккір циклының фолликулярлы фазасында эндометрийде болады:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 79
ҚР ДСМ сай жүкті әйел физиологиялық ағымдағы жүктілігінде неше рет әйелдер
кеңісіне баруы қажет :
1) (+) 5-6
2) 7-8
??? № 80
Гонобленнореядан сақтандыру үшін нәрестенің көзіне не жасалады?
1 96% спирт пен өнделеді
2 (+) 30% альбуцид ерітіндісі мен өнделеді
3 бриллиант жасыл ерітіндісі мен өнделеді
4 су тегі тотығы ерітіндісі мен өнделеді
5 йод спиртті ерітіндісі мен өнделеді
??? № 81
Пиелонефритте жүктілікті үзудің негізгі көрсеткіштері:
1. (+) Бір бүйрек пиелонефриті
2. Пиелонефриттің жиі асқынуы
3. Анемия қосылуымен
4. Гипертензия дамуымен
5. Қуық- несепағар рефлюксі
??? № 82
Тар жамбаспен босану кезiндегі асқынуларға жатады:
1. (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
2. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
3. Қарқынды босану
4. Шапшаң босану
5. Нәресте қолының түсiп кетуi
??? № 83
Гиперменорея дегеніміз:
1. меснтруалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
2. (+) уақытында келген көп мөлшердегі етеккір
3. ұзақ етеккір
4. циклдан тыс қанды бөлінулер
5. етеккір 2 айға кешіккеннен кейін қан кетулер
??? № 84
Плацентаның жатуын анықтауда ең тиімді зерттеу әдісі:
1. Анамнез жинау
2. Сыртқы акушерлiк тексеру
3. Айнамен қарау
4. Қынаптық зерттеу
5. (+) УДЗ
??? № 85
Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2. (+) Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 86
Мерзімінен ерте босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. (+) 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5. 42-43 аптада
??? № 87
Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+) есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде
??? № 88
Жаңа туған нәрестенiң қалыпты жағдайдағы температурасы тең:
1. 35,5 -35,9 градус
2. 36,0 -37,2 градус
3. (+) 36,5 -37,0 градус
4. 37,2 -38,0 градус
5. 37,6 -38,0 градус.
??? № 89
Босану тарихы– бұл форма №:
1 №113/У
2 №002/У
3 (+) №096/У
4 №111/У
5 №097/У
??? № 90
БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+) 3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде
??? № 91
Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ
??? № 92
Әйелдер кеңесінің қабылдауында алғаш жүкті әйел, 25 жаста, жүктіліктің 28 аптасы,
преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылды. Жедел көмек неден басталады:
1. Магний сульфатын бұлшық етке енгізуден
2. (+) Магний сульфатының бастапқы дозасын көк тамырға енгізуден
3. Ганглиоблокаторларды енгізуден
4. Нейролептиктерді көк тамырға енгізуден
5. Диуретиктерді енгізуден
??? № 93
Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерiнiң бiрi:
1. (+) Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Ұрықтың мүшелерін пальпациялау
4. Тәбеттің төмендеуі
5. Етеккірдің тоқтауы
??? № 94
Менструалды циклдың реттелуiне келесi құрылымдар қатысады:
1. Гипоталамус,гипофиз,сыртқы жыныс мүшелерi
2. Ми қыртысы,гипоталамус,iшкi жыныс мүшелерi
3. Гипоталамус,гипофиз,бүйрек үстi безi, жатыр
4. (+) Ми қыртысы,гипоталамус,гипофиз,аналық безі,нысана мүшелерi мен тiндер
5. Ми қыртысы,аналық безі,сүт бездерi.
??? № 95
Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5. (+) 24 сағаттан кейiн
??? № 96
Арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жатырдың қосалқыларымен бiрге ампутациясы, жатыр экстрипациясы, тубэктомия,
цистэктомия
2. Метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум
3. Кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия
4. (+) Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, айнамен қарау, бимануалды-қынаптық,
ректо-абдоминалды зерттеу
5. Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысын қыру, артқы күмбез
арқылы құрсақ қуысын пункциялау
??? № 97
Қалыпты орналасқан бала жолдасы мезгілсіз бөлінгенде жатырдан алу көрсеткіші.
1 жатырдың кеңеюі
2 жатыр гипотониясы
3 миоматозды түйіннің болуы
4 жатырда қосымша жатыр мүйізінің болуы
5 (+) жатыр қабырғасына қанның сіңіп, сұрлануы
??? № 98
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 99
Бiрiншiлiк аменореяға тән:
1. (+) Етеккiрдiң 16 жас және одан да жоғары жаста болмауы
2. Етеккiрдiң 14 жаста болмауы
3. Бiр түсiктен кейiн етеккiрдiң болмауы
4. Етеккiрдiң 18 жаста болмауы
5. Етеккiрдiң 11 жаста болмауы.
??? № 100
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне
жатпайды
1 (+) жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді
содержание ..
490
491
492
493 ..
|