|
содержание ..
375
376
377
378 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 377
??? № 1
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 2
ЖIС келесi санаттағы әйелдер үшiн қолайлы:
1. (+) Босанған
2. Тұрақты жолдасы жоқ
3. Гениталді қабыну аурулары бар
4. Жыныс жолдарымен берiлетiн аурулар бар
5. Анамнезiнде жатырдан тыс жүктiлiгi бар
??? № 3
Жетiлген бала жолдасының салмағы:
- 100-200г
- 300-400г
- (+) 500-600г
- 700-800г
??? № 4
Гоноблинорияның алдын алудың екінші шарасы өткізіледі
1) 5 минуттан кейін
2) (+) 1 сағаттан кейін
3) 2 сағаттан кейін
??? № 5
Қалыпты орналасқан бала жолдасы мезгілсіз бөлінгенде жатырдан алу көрсеткіші.
1 жатырдың кеңеюі
2 жатыр гипотониясы
3 миоматозды түйіннің болуы
4 жатырда қосымша жатыр мүйізінің болуы
5 (+) жатыр қабырғасына қанның сіңіп, сұрлануы
??? № 6
Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+) 11х11 см
3) 12х12 см
??? № 7
Гормональды контрацепияның әсер ету механизімі:
1. Сперматозоидтардың бірнеше секунд ішінде бұзылуы.
2. Репродуктивті жүйенің жоғарғы бөлімдеріне жатыр мойының өзегі арқылы
сперматозоидтардың енуін болдырмау.
3. Мыстың спермато – овотоксикалық әсері, жатыр түтіктерінің және миометрий
тонусының күшеюі, эндометрийдің энзимді бұзылысы және асептикалық қабынуы.
4. (+) Эндометрий және жатыр мойнының шырышты қабатының өзгеруі, овуляцияның
басылуы.
5. Эякуляттың қынапқа түспеуі
??? № 8
Плацентаның төмен орналасуында жыныс жолдарынан қан кетудің себебі:
1. (+) Плацентаның сылынуы
2. Төмен орналасқан плацентаның бүрлерiнiң склероздануы
3. Хорион бүрлерiнiң дистрофиялық өзгерiстерi
4. Плацентаның жоғарғы бөлiгiнде фибриноидтты затттардың көп жиналуы
5. Гиперандрогения
??? № 9
Жатыр түбі биіктігі семсертәрізді өсінді және қабырға доғасы деңгейінде қай
мерзімге сәйкес келеді:
1 24 апта
2 28 апта
3 (+) 32 апта
4 38 апта
??? № 10
Кіші жамбастың барлық тік ортаңғы өлшемдерін қосатын сызық аталады:
1 шынайы конъюгата
2 анатомиялық конъюгата
3 (+) жамбастың өткізгіш осі
4 жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығаберіс жазықтықтың тік өлшемі
??? № 11
Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге
азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2. (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп
??? № 12
Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:
1. (+) Эпилепсиямен
2. Истериямен
3. Гипертоникалық кризбен
4. Менингитпен
5. Паркинсон ауруымен.
??? № 13
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi
ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):
1. 5
2. 4
3. 8
4. 12
5. (+) 2
??? № 14
Преэклапсияның ауыр дәрежесiне тән:
1. Ісiк
2. Ісiк, гипертензия
3. Гипертензия
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бас ауыру
5. Бас ауру
??? № 15
Босанудың III кезеңі сипатталады:
1. Нәресте басының шығуымен
2. Нәрестенің туылуымен
3. (+) Бала жолдасының бөлінуі және шығуы
4. Лактация
5. Толғақтың болуы
??? № 16
Түтiкшелi-перитонеалды бедеулiкті диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Лапароскопия + кольпоскопия
2. Лапароскопия + хромосальпингоскопия
3. Гистероскопия+ кольпоскопия
4. (+) Лапароскопия + кульдоскопия
5. Истероскопия + кульдоскопия
??? № 17
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң лютеинді фазасы сәйкес келедi:
1. Пролиферация
2. Десквамация
3. (+) Секреция
4. Регенерация
5. Децидуалды єзгерiстер
??? № 18
Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4. (+) Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы
??? № 19
Кіндік бау арқылы жалпы қанша қан ағады?
1 300 мл/мин
2 400 мл/мин
3 (+) 500 мл/мин
4 600 мл/мин
??? № 20
Бровкин әдісімен емдегенде магний сульфатын енгізеді
1 (+) ауыруды басатын дәріден кейін
2 вена қан тамырына өте жай тамшылап
3 жіңішке қысқа инемен
4 терінің астына
5 Салқындатып
??? № 21
Бала туылатын залдың температурасы
1 (+) 20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек
??? № 22
Жүктілік кезінде УДЗ анықтайды:
1 Нәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, қағанақ
суының түсі
2 Ннәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, кіндік қантамырынің қанайналымы
3 Жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, қағанақ суының көлемі
4 (+) нәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын,
нәрестенің жатуы
5 Жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, генотип және фенотип
??? № 23
Аналық безінде келесi гормондар өндiрiледi:
1. (+) Эстрогендер, прогестерон, тестостерон, ингибин
2. Эстрогендер, прогестерон, кортизол, окситоцин
3. Эстрогендер, глюкокортикоидтар, тестостерон, вазопрессин
4. Эстрогендер, прогестерон, пролактин, окситоцин
5. Эстрогендер, инсулин, прогестерон, тестостерон
??? № 24
Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1 (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою
??? № 25
Обсервация бөлімін күнде тазалағанда дезенфекциялаушы ерітінді қанша рет
қолданылады
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 әр күні 3 рет
4 қажеттілігіне байланысты
5 (+) күніне 4 рет
??? № 26
Жүктіліктің қай мерзімінде босануға дейінгі декретті демалыс беріледі:
1 26 апта
2 (+) 28 апта
3 30 апта
??? № 27
Қынаптың неше тазалық дәрежесі бар ?
1) (+) 4
2) 5
??? № 28
Босану кезінде қынаптық тексеру жүргiзу жиілігі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. (+) 4 сағат сайын
4. 5 сағат сайын
5. 6 сағат сайын
??? № 29
Қандай жүктілік эктопиялық жүктілік деп аталады:
1. Түсіктен кейінгі дамыған жүктілік
2. 30 жастан асқан әйелдердегі жүктілік
3. (+) Жатырдан тыс дамыған жүктілік
4. Ұрықтанған екі аналық жасушаларынан дамыған жүктілік
5. Экстракорпоральды ұрықтанудан кейін дамыған жүктілік
??? № 30
Меноррагия – дегеніміз:
1. ациклды жатырдан қан кетулер
2. (+) циклды жатырдан қан кетулер
3. ауру сезімді және мөлшерден тыс етеккір
4. менструалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
5. менструалды циклдың ұзаруы
??? № 31
Амниоскопияға көрсеткіш болып табылады:
1 анемия
2 (+) жүктілік мерзімінен асуы
3 жүктілік мерзіміне жетпеуі
4 ірі нәресте
5 даму ақауы
??? № 32
Нәрестенi Апгар шкаласымен бағалауда 1-шi және 5-шi минуттан кейiн 8 және 9
баллға жеттi.Асфиксия дәрежесiн атаңыз:
1. (+) Нәрестеде физиологиялық жағдай
2. Жеңiл
3. Орта дәрежесi
4. Ауыр дәрежесi
5. Өте ауыр жағдай
??? № 33
Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
??? № 34
Пісіп жетілген жатыр мойнына тән белгілерді жікте:
1 жатыр мойны ұзындығы 3,0 см
2 периферия бойымен жұмсаруы
3 цервикальды канал жабық
4 (+) барлық аймақтың жұмсаруы
5 жатыр мойны тегістелген
??? № 35
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 36
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң фолликулярлы фазасы сәйкес келедi:
1. Десквамация және секреция
2. (+) Регенерация және пролиферация
3. Регенерация және секреция
4. Децидуалды єзгерiстер
5. Секреция және пролиферация.
??? № 37
Тұрмыстағы, 1 баласы бар қант диабетімен ауыратын әйелге контрацепция тәсілі
туралы сіздің кеңесіңіз:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3. (+) жатыр ішілік контрацепция
4. үшфазалы гормоналды контрацепция
5. күйеуінің хирургиялық стерилизациясы
??? № 38
Бала полимилит вакцинасын алады
1 туылған бойда
2 туылғаннан кейін 24 сағат өткенде
3 4 күннің ішінде
4 (+) 2 айдан кейін
5 6 айда
??? № 39
Аменорея – бұл етеккірдің болмауы:
1. 2 ай және одан да көп
2. 4 ай және одан да көп
3. (+) 6 ай және одан да көп
4. 8 ай және одан да көп
5. 12 ай және одан да көп
??? № 40
Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2 (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер
??? № 41
Леопольд Левицкийдің неше пальпация тәсілі бар?
1) (+) 4
2) 5
??? № 42
Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:
1. Лактостаз
2. Емiзiктiң жарылуы
3. Инфильтративтi
4. Серозды
5. (+) Ірiңдi.
??? № 43
Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі:
1. (+) бимануалды тексеру
2. УДЗ
3. гистероскопия
4. бактериоскопия
5. ПЦР
??? № 44
Мерзімінде босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. (+) 38-41 аптада
5. 42-43 аптада
??? № 45
Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің белгілері:
1 (+) АҚҚ 140/90 мм.с.б. (+) протеинурия 0,3 г/л
2 АҚҚ 140/90 мм.с.б. (+) протеинурия 3,0 г/л көп
3 Протеинурия 3,0г\л
4 АҚҚ 140/90 мм.с.б. (+) протеинурия 1,0 г/л
5 АД 140/90 мм.с.б. (+) біркелкі ісіктер
??? № 46
Босанудың басталуы -бұл:
1. Ретсіз толғақтардың басталуы
2. (+) Реттi толғақтардың басталуы
3. Қағанақ суының кетуi
4. Күшенудiң болуы
5. Нәресте басының жарып шығуы
??? № 47
Босану кезiнде преэклампсияның асқынуындағы негiзгi iс-шаралар:
1. (+) Тез арада кесiр тiлiгiмен босандыру
2. Босану әрекетiн ынталандыру
3. Жатыр мойнын кесу және нәрестеге вакуум-экстракция қолдану
4. Гипотензивтi және токолитикалыі препараттарды тағайындау
5. Спазмалитиктердi тағайындау.
??? № 48
Суретте жүктiлiктiң қай белгiсi көрсетiлген:

1. Горвица
2. Гегар
3. Гентер
4. (+) Пискачек
5. Снегиров
??? № 49
Босанудың екінші кезеңінің басталу белгілері
1 іштегі нәрестенің кіші жамбас куысына түсуі
2 күшену
3 бастың іште бұрылыс жасауы
4 (+) жатыр мойынының толық ашылуы
5 нәрестенің туылуы
??? № 50
Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. (+) Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Пневмопельвиография, метросальпингография
4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу
5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау.
??? № 51
Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың ауырлығы немен сипатталады?
1. Салмақ жоғалтумен
2. (+) Ацетонуриямен
3. Субфебрильдi дене қызуымен
4. Бас ауруымен
5. Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмiмен
??? № 52
Төменде көрсетiлген мүшелердiң қайсысы әйелдiң iшкi жыныс мүшелерiне жатады:
1. Бартолин бездерi
2. Клитор
3. (+) Жатыр
4. Кiшi жыныс ерiндерi
5. Құйымшақ
??? № 53
Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3. (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн
??? № 54
Босану кезінде жатыр мойны жыртылуын алдын алуға жатпайды
1 босануға жатыр мойнын дайындау
2 босанудың бірінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
3 босанудың екінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
4 (+) босануда бета-адреномиметиктерді қолдану
5 аталғандардың барлығы
??? № 55
D. spinarum қалай өлшенеді және ол қаншаға тең?
1. (+) Мықын сүйектерiнiң алдынғы-жоғарғы қанатты өсiнiң аралығы, 25-26 см
2. Мықын сүйегi қырларының алшақ нүктелiк аралығы, 28-29см
3. Ортан жiлiктiң жамбас ойысында орналасқан ұршықтың арасы, 29-31см
4. Ұрықтың көлденең өлшемі
5. Кiндiк деңгейiнде
??? № 56
Бедеуліктің эндокринді формасының патогенетикалық емі:
1. ЛГ деңгейінің қалыптастыру
2. (+) Овуляцияны стимуляциялау
3. Жатыр түтіктерінің функциональды белсенділігін қалпына келтіру
4. Гонодоторопты рилизинг гормонының деңгейін қалыптастыру
5. Етеккір қызметінің қалпына келуі
??? № 57
Қосарланған оралды контрацептивтердiң әсер ету механизмі:
1. Овуляцияны реттейдi
2. Цервикалды шырышты күйдiру
3. (+) Овуляцияны тежейдi
4. Жатыр түтiктерiнiң жиырылу белсендiлiгiнiң төмендеуi
5. Ұрық жұмыртқа жасушасының имплантациясының бұзылуы
??? № 58
Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4. (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі
??? № 59
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 60
Кесар тілігі операциясында жиі кездесетін әдіс
1 корпоралді кесар тілігі
2 экстраперитониалды кесар тілігі
3 истмико- корпоралді (ұзыннан кесу) әдісі
4 (+) кесар тілігі жатырдың төменгі сегментінде ( көлденең кесу)
5 қынаптың кесар тілігі
??? № 61
Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3. (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада
??? № 62
Гиперменореяға тән:
1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды
бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. (+) Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 63
Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1. (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта
??? № 64
Физиологиялық жүріп жатқан жүктілік кезінде әйелге УДЗ-ны неше рет тағайындау
керек:
1) 2 рет
2) (+) 3 рет
3) 4 рет
??? № 65
Жүктіліктің физиологиялық ағымында терапевттің қарауы жүктіліктің қай мерзіміне
сәйкес:
1. 12 апта және 20 аптада
2. 12 апта және 30 аптада
3. Алғаш келуі және 36 апта
4. 16 апта және 32 аптада
5. (+) Алғаш келуі және 30 апта
??? № 66
Жүктіліктің 24 аптасында әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды.
Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі
жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз:
1 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.
2 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
3 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Пиелонефрит фонында болған артериалді гипертония
4 (+) Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия.
??? № 67
30.Қайсы әйел жыныс мүшесі төменгі бөлімдерден турады? (интерстициалды,қылта
бөлігі,салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі)
1 (+) жатыр түтігі
2 жатыр
3 аналық безі
4 емшек бездері
5 шүрті
??? № 68
Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+) 4
2) 5
??? № 69
Жүкті әйелдер мен әйелдерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету қай
жылы қолданысқа енді:
1 1991 жылы
2. 1998 жылы
3.2003 жылы
4. 2006 жылы
5. (+) 2009 жылы
??? № 70
Арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жатырдың қосалқыларымен бiрге ампутациясы, жатыр экстрипациясы, тубэктомия,
цистэктомия
2. Метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум
3. Кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия
4. (+) Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, айнамен қарау, бимануалды-қынаптық,
ректо-абдоминалды зерттеу
5. Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысын қыру, артқы күмбез
арқылы құрсақ қуысын пункциялау
??? № 71
Әйелдерде жүкті емес жатыр денесінің ұзындығы:
1. (+) 6-7 см
2. 7-8 см
3. 8-9 см
??? № 72
Физиологиялық аменореяға тән:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдромы
3. Екi мүйiздi жатыр
4. Қыздық перденiң атрезиясы
5. (+) Жүктілік
??? № 73
Жаңа туылған нәрестенің аса тым жетiлген белгiлерi:
1. Бас сүйегi жұмсақ, жiктерi мен еңбектерi кең
2. Терi тургоры төмендеген
3. Шарана майы көп
4. (+) Бас сүйегi қатты, жiктерi мен еңбектерi тар
5. Кiндiк сақинасы төмен орналасқан.
??? № 74
“Ребаунд эффект” КОК алып тастағанда болады:
1 менструация тәрізді қанның болуы
2 ФСГ, ЛГ бөлінуінің төмендеуі
3 аменореяның болуы
4 (+) овуляцияның күшеюі
5 овуляцияның төмендеуі
??? № 75
Ерте токсикоздарды емдеуге қолданылмайды.
1 седативті дәрілер
2 инфузионды терапия
3 физиотерапия
4 құсуға қарсы дәрілер
5 (+) несеп айдағыш дәрілер
??? № 76
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 28 жаста, тұрмыста, 3 баласы бар, 2-3
жылда жүктілік жоспарламайды, аяқтарының тромбофлебиті бар:
1 комбинирленген оральды контрацептивтер;
2 таза прогестинді контрацептивтер;
3 (+) жатыр ішілік контрацепция;
4 хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.
??? № 77
Отбасын жоспарлау бөлмесіне контрацепция жөнінде кеңес алу үшін 33 жастағы әйел
көрінді. Күйеуі, баласы жоқ,тұрақты жыныстық серігі жоқ. Сіз төмендегілердің
қайсысын контрацепция ретінде қолдануға кеңес бересіз
1 акүрделі ауыз контрацептерін
2 таза прогстинді контрацептерді
3 жатыр ішіне спираль салуды
4 өз еркімен хирургиялық стерилизация жасауды
5 (+) барьерді
??? № 78
32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады.
Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1. (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ
??? № 79
Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология
??? № 80
Презервативтің ең негізгі артықшылығы:
1. Жылдам нәтижелегі
2. Жүйелі жанама әсерлердің болмауы
3. Арзан болуы
4. (+) Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардан қорғау
5. 100 пайыз сенімділік
??? № 81
Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3. (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу
??? № 82
Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылғанда ұсынылады:
1. Жаңа туылған баланы педиатрға беру
2. Нәрестенi бөлеу
3. (+) Ана мен нәрестеге "терiге терi" қатынасын қамтамасыз ету
4. Реанимациялық үстелге жатқызу
5. Салмағын өлшеу
??? № 83
Екиншипозицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3 (+) нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы
??? № 84
Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4. (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 85
Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:
1. (+) Бiрден
2. 35-60 минуттан кейiн
3. 2-3сағаттан кейiн
4. 12-13 сағаттан кейiн
5. 14-24 сағаттан кейiн
??? № 86
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 87
Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы.
1. (+) 16 жастан
2. 17 жастан
3. 20 жастан және одан үлкен жастан
4. 22 жастан және одан үлкен жастан
5. 26 жастан және одан үлкен жастан.
??? № 88
Базалды температураны өлшеп нені анықтаймыз?
1 (+) овуляцияның болғанын
2 нәрестенің дене қызуының
3 әйелдің дене қызуының
4 әйелдің босанғанын
5 нәрестенің жүрек соғысын
??? № 89
Гломерулонефриттің қай түрі жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып
табылады:
1. (+) Жедел
2. Созылмалы
3. Латенттi
4. Аралас
5. Гипертензионды
??? № 90
Гипоменструалдық синдромға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. Полименорея, гиперменорея
4. +Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея.
??? № 91
Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды:
1. құсу
2. дәм сезудің өзгеруі
3. Жүрек айну
4. иіс сезудің бұрмалануы
5. (+) Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі
??? № 92
Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері:
1. тығыз, ауру сезімді
2. (+) жұмсақ, ауру сезімді
3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін
4. көлемінің кішіреюі
5. артқа еңкейген
??? № 93
Жүкті әйелдің 1 аптада қосқан үйлесімді қалыпты салмағы:
1 30г
2 50г
3 (+) 400г
4 700г
??? № 94
Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2. (+) 3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең
??? № 95
Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5. (+) 2500-3000г
??? № 96
Қынап тазалығының қанша дәрежесiн ажыратады:
1. Бір
2. Екі
3. Үш
4. (+) Төрт
5. Бес
??? № 97
Қайта босанушы жүкті әйелдің бетінде, аяғы мен қолдарында,құрсақтың алдыңғы
қабырғасында ісінулер анықталды,АҚҚ 180/100 с.б.б., 180/110 с.б.б.. Зәрде белок-
4,5 г/тәу. Диагноз қойыңыз:
1. Гипертониялық ауру
2. Преэклампсияның дәрежесі
3. Гломерулонефрит
4. (+) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5. Созылмалы пиелонефриттің өршуі
??? № 98
Босану әрекетiнiң басталғанының шарты:
1. Жатыр түбiнiң биiк тұруы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Реттi толғақтардың пайда болуы
4. Кiшi жамбас кiреберiсiне нәресте басының қондырылуы
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
??? № 99
Шап аралығы жыртылуының І дәрежесінде аталған асқынулардың ішінде зақымдалмайды
1 қынап қабырғасының үштен бір бөлігі
2 артқы спайка
3 шап аралықтың терісі
4 жамбас түбі бұлшықетінің сыртқы қабаты
5 (+) жатыр мойны
??? № 100
Босанудың клиникалық ағымының бірінші кеезеңін анықтаңыз?
1 (+) Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
содержание ..
375
376
377
378 ..
|