|
содержание ..
298
299
300
301 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 300
??? № 1
Ультраздыбыстық зерттеу арқылы кіндік қантамырына пункция жасап нәресте жағдайын
анықтайтын әдісті қалай атайды:
1 амниотомия
2 амниоскопия
3 амниоцентез
4 лапароцентез
5 (+) хордоцентез
??? № 2
Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5. (+) Вульвоскопия.
??? № 3
Қаралу кабинетіндегі есепке алу формасы:
1. Жүкті әйелдің жеке картасы.
2. Диспансерлік бақылау картасы.
3. (+) Науқастың амбулаторлы медициналық картасы.
4. Босану тарихы.
5. Алмасу картасы.
??? № 4
Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея
??? № 5
Жүктiлiкте немесе босануда қолданылатын инструментальдi зерттеу әдiсi.
1. Жатырды зондтау
2. (+) Айнаның көмегiмен жатыр мойнын қарау
3. Биопсия
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 6
Босанғаннан кейiнгi кезеңде жиiлiгi бойынша бiрiншi орындағы жыланкөз:
1. Мойындық-қынаптық
2. Аралық-қынаптық
3. Несепағар-қынаптық
4. Несеп қуық-қынаптық
5. (+) Тiк iшек-қынапты
??? № 7
Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды:
1. құсу
2. дәм сезудің өзгеруі
3. Жүрек айну
4. иіс сезудің бұрмалануы
5. (+) Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі
??? № 8
Әйелдің жүктілік мерзімі 38-39 апта. Іш шеңбері – 99 см, Жатыр денесінің
биіктігі – 36см. Жорданиа бойынша нәрестенің болжам салмағын көрсетіңіз:
1) 3375,0 гр
2) 4000,0 гр
3) (+) 3564, 0 гр
??? № 9
Босанудың II кезеңiнде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау керек:
1. (+) Әр күшенуден кейін немесе 5 минут сайын
2. 15 минут сайын
3. 25 минут сайын
4. 35 минут сайын
5. 45 минут сайын
??? № 10
Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2. (+) 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл
??? № 11
25 жастағы алғаш жүкті әйелге әйелдер кеңесі дәрігерінің қабылдауында мынандай
диагноз қойылды: Жүктіліктің 28 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Дәрігерге
дейінгі көмек неден басталады:
1. Магний сульфатын бұлшықетке еңгізу
2. (+) Стартты дозалы магний сульфатын көктамырға енгізу
3. Ганглиоблокаторларды енгізу
4. Нейролептиктерді көктамырға енгізу
5. Диуретиктерді енгізу
??? № 12
Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерiнiң бiрi:
1. Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Шырышты қабаттың көгеруі
4. Етеккірдің кідіруі
5. (+) Жүректің айнуы
??? № 13
Қосарланған оралды контрацептивтердiң әсер ету механизмі:
1. Овуляцияны реттейдi
2. Цервикалды шырышты күйдiру
3. (+) Овуляцияны тежейдi
4. Жатыр түтiктерiнiң жиырылу белсендiлiгiнiң төмендеуi
5. Ұрық жұмыртқа жасушасының имплантациясының бұзылуы
??? № 14
Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1. (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте өлiм
3. Кеш өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi
??? № 15
Даун ауруын анықтау үшін қандай скрининг әдісін қолдану керек. Төменгі тізімнен
көрсетіңіз:
1 Жүктіліктің ерте мерзімінде АХГ деңгейін анықтау
2 (+) Жүктіліктің ерте мерзімінде УДЗ жүргізу
3 Жүктіліктің 19-20 аптасында УДЗ жүргізу
4 Хорион биопсиясы
5 Кордография
??? № 16
Жыныстық дамудың кiдiруi - бұл екiншiлiк жыныстық белгілерінің болмауы
1. 10 жаста, ал етеккiрi - 12 жаста
2. 12 жаста, ал етеккiрi - 14 жаста
3. (+) 14 жаста, ал етеккiрi - 16 жаста
4. 16 жаста, ал етеккiрi - 18 жаста
5. 17 жаста, ал етеккiрi - 20 жаста.
??? № 17
Қалыпты жүктіліктің соңғы айында
1 жүкті әйел әйелдер консультациясына келмейді
2 (+) әрбір 7-10 күнде әйелдер консультациясына көрінеді
3 әрбір 2-3 аптада әйелдер консультациясына көрінуі керек
4 әйелдер консультациясына күн ара көрінеді
5 тек арыз шағымы болғанда көрінеді
??? № 18
Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4. (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк
??? № 19
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне
жатпайды
1 (+) жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді
??? № 20
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының негiзгi
диагностикалық белгiсi:
1. Қан кету
2. Метеоризм, диарея
3. (+) Ауру сезімі,жатыр гипертонусы
4. Макросомия
5. Гипотония
??? № 21
Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерi:
1. (+) Етеккiрдiң тоқтауы,жатырдың үлкеюi
2. Жүрек айну және құсу
3. Ұрықтың қозғалуы
4. Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау
5. Аяқта iсiнудiң пайда болуы
??? № 22
Анемияның асқынуында бiрiншi орында тұрады
1. Жүктiлiктi үзудiң қаупi
2. Ерте токсикоздар
3. (+) Жүктiлiкпен байланысты гипертензия
4. Көпсулық
5. Көп нәрестелiк
??? № 23
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын сылынуының негiзгi себебi:
1. Қатты толғақ
2. Ұзын кiндiк
3. (+) Жүктiлер гипертензиясы
4. Қағанақ суының ерте кетуi
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.
??? № 24
Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті
әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5. (+) Перинатальды орталыққа
??? № 25
Менстраульды циклға сәйкес гонадотропты гормондарының бөліну сипаттамасы қай
жаста толығымен тұрақталады:
1. (+) 16-17 жаста
2. 14-15 жаста
3. 12-13 жаста
??? № 26
Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4. (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 27
Кіші жамбастың барлық тік ортаңғы өлшемдерін қосатын сызық аталады:
1 шынайы конъюгата
2 анатомиялық конъюгата
3 (+) жамбастың өткізгіш осі
4 жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығаберіс жазықтықтың тік өлшемі
??? № 28
Босанғаннан кейiнгi ерте қан кету- бұл:
1. Алғашқы 2 сағатта
2. Алғашқы 4 сағатта
3. Алғашқы 8 сағатта
4. Алғашқы 16 сағатта
5. (+) Алғашқы 24 сағатта
??? № 29
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:
1. (+) Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi
2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi
3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету
4. Жиi жағынды түрiндегi жыныс жолдарынан қан кету
5. Түнгі уақытта жыныс жолдарынан қан кету
??? № 30
Презервативтің ең негізгі артықшылығы:
1. Жылдам нәтижелегі
2. Жүйелі жанама әсерлердің болмауы
3. Арзан болуы
4. (+) Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардан қорғау
5. 100 пайыз сенімділік
??? № 31
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң фолликулярлы фазасы сәйкес келедi:
1. Десквамация және секреция
2. (+) Регенерация және пролиферация
3. Регенерация және секреция
4. Децидуалды єзгерiстер
5. Секреция және пролиферация.
??? № 32
Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады:
1. жатырдың сыртқы ернеуі
2. жатырдың ішкі ернеуі
3. (+) қыздық перде (қынапқа кіреберіс)
4. кіші жыныс еріндері
5. ешқайсысы емес
??? № 33
ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+) кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы
??? № 34
Босану тарихы– бұл форма №:
1 №113/У
2 №002/У
3 (+) №096/У
4 №111/У
5 №097/У
??? № 35
Босануға дейінгі декретті демалыстың ұзақтығы:
1) 60 күн
2) (+) 70 күн
3) 126 күн
??? № 36
Қайта жүкті әйел 32 жаста, қала тұрғыны, жүктіліктің 30 аптасында өздігінен
толғақтары басталды. Анамнезінде 2 өздігінен түсік. Босануға қайда жіберіледі:
1. (+) Қалалық перинатальды орталыққа.
2. Қалалық перзентханада.
3. Аудандық орталық ауруханаға
4. Облыстық перинатальды орталыққа
5. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында
??? № 37
Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры,
бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
1 кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
2 кіші жамбастың кең жазықтығы
3 кіші жамбастың тар жазықтығы
4 (+) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
5 кіші жамбастың көлденең жазықтығы
??? № 38
Гиперменорея дегеніміз:
1. меснтруалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
2. (+) уақытында келген көп мөлшердегі етеккір
3. ұзақ етеккір
4. циклдан тыс қанды бөлінулер
5. етеккір 2 айға кешіккеннен кейін қан кетулер
??? № 39
Аналық жыныс жасушасының өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. (+) 24 сағат
4. 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 40
Маңдай сүйегін төбе сүйегімен қосатын жік және жебе маңдай жігіне перпендикуляр
орналасқан жік қалай аталады:
1 сагиттальды
2 маңдай жігі
3 (+) тәж тәрізді жік
4 ламблиялық
5 шүйделік
??? № 41
Босанудың клиникалық ағымының үшінші кезеңін анықтаңыз?
1 Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 (+) Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
??? № 42
Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. (+) Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Пневмопельвиография, метросальпингография
4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу
5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау.
??? № 43
Алғаш босанушы әйелдің I кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. 4-5 сағ
3. 6-7 сағ
4. 8-9 сағ
5. (+) 11-12 сағ
??? № 44
Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1. (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография
??? № 45
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 46
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 47
Қазiргi жағдайда анатомиялық тар жамбастың жиi кездесетiн түрi:
1. Қиғаш тарылған
2. (+) Көлденең тарылған
3. Жалпы бiр қалыпты тарылға
4. Түтiк тәрiздi тарылған
5. Жалпақ тарылқан
??? № 48
Эстроген әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 49
Әйелдер кеңесiнде жүктiлiк мерзiмi қалай есептеледі:
1. (+) Соңғы етеккiр күнi,ұрықтың бiрiншi қозғалуы,әйелдер кеңесiне бiрiншi
келген кезiнен,объективтiк көрсеткiш бойынша және УДЗ көрсеткіштері
2. Соңғы етеккiр,овуляция,iш шеңберi ,ұрықтың бiрiншi қозғалуы
3. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,iш шеңберi,жатырдың түбiнiң тұруы деңгейi,iш
шеңберi
4. Ұрықтың жатырда орналасуы,жүрек соғысы бойынша УДЗ
5. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,ұрықтың жүрек соғуы бойынша
??? № 50
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 51
Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1. (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.
??? № 52
Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерiнiң бiрi:
1. (+) Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Ұрықтың мүшелерін пальпациялау
4. Тәбеттің төмендеуі
5. Етеккірдің тоқтауы
??? № 53
Бала жолдасының толық немесе толық емес жатуын диагностикалаудағы ең тиімді әдіс:
1. (+) УДЗ
2. Сыртқы қан кету көлемiмен
3. Ауру синдромының анық дәрежесiмен
4. Анемия көрiнiсiнiң анық дәрежесiмен
5. Нәресте жағдайын бағалау
??? № 54
Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс:
1. (+) Кольпоскопия
2. Гистеросальпингография
3. Лапароскопия
4. Биконтраcтты геникография
5. УДЗ.
??? № 55
Кесар тілігі операциясында жиі кездесетін әдіс
1 корпоралді кесар тілігі
2 экстраперитониалды кесар тілігі
3 истмико- корпоралді (ұзыннан кесу) әдісі
4 (+) кесар тілігі жатырдың төменгі сегментінде ( көлденең кесу)
5 қынаптың кесар тілігі
??? № 56
Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2. (+) 3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең
??? № 57
Суретте қай коньюгата өлшенуде.

1. Шынайы
2. (+) Диагональдi
3. Сыртқы
4. Ішкi
5. Аралас
??? № 58
Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 59
Плацентация басталады:
1. (+) Жүктiлiктiң 3- аптасынан
2. Жүктiлiктiң 10 аптасынан
3. Жүктiлiктiң 16 аптасынан
4. Жүктiлiктiң 20 аптасынан
5. Жүктiлiктiң 30 аптасынан
??? № 60
Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагениталды патология
3. (+) Қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы
??? № 61
Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына
сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ.
Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?
1. (+) диспансерлік есепке алу
2. ештеңе жасамау
3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу
4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру
5. қабынуға қарсы терапия жүргізу
??? № 62
Жүкті әйел жүктіліктің 7-8 апталығында 2 күн бойы ішінің толғақ тәрізді ауыруына
шағымданады, жыныс жолдарынан бөлінділер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
1. (+) Қауіпті түсік
2. Басталған түсік
3. Жатырдан тыс жүктілік
4. Жүрістегі түсік
5. Толық емес түсік
??? № 63
Акушерия ғылымы-
1. Босанған әйелдерге және нәрестеге көмек көрсететін медицина саласы.
2. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету.
3. (+) Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін
медицина ғылымының бір саласы.
4. Босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету.
5. Жүктілікті зерттейтін медицина ғылымының бір саласы.
??? № 64
Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:
1. (+) Эпилепсиямен
2. Истериямен
3. Гипертоникалық кризбен
4. Менингитпен
5. Паркинсон ауруымен.
??? № 65
Арнайы емес этиологиялы әйел жыныс мүшелерінің қабыну процесінің ерекшеліктеріне
жатады:
1. 18 жасқа дейін және 55 жастан асқан аурулар санының көбеюі
2. тубоовариалды құрылыммен аурулар санының көбеюі
3. көптеген ауруларда ауруға тән айқын клиникалық белгісінің болмауы
4. (+) жиі параметриттің анықталуы
5. қабыну процесінің жиі асқынатын ұзақ уақытқа созылатын ағымға ауысуы
??? № 66
Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. Реттi етеккiр
2. Жыныс жолдарынан бөлiнген қанды бөлiндi
3. Іштiң төменгi бөлiгiндегi қатты ауру сезiмi
4. (+) Етеккiрдiң кідіруіне жатыр көлемiнiң сәйкес келмеуi
5. Жатыр қосалқыларында патологиялық өзгерiстер жоқ.
??? № 67
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жиі себебі:
1. (+) Механикалық
2. Химиялық
3. Физикалық
4. Инфекционды
5. Термиялық
??? № 68
30 минут бойы плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:
1. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын шығару
3. Абуладзе бойынша бала жолдасын шығару
4. Жатырдың сыртқы массажын жасау
5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу
??? № 69
30.Қайсы әйел жыныс мүшесі төменгі бөлімдерден турады? (интерстициалды,қылта
бөлігі,салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі)
1 (+) жатыр түтігі
2 жатыр
3 аналық безі
4 емшек бездері
5 шүрті
??? № 70
Эклампсияға тән негiзгi симптом:
1. АҚҚ 120/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы
2. Бас ауруы
3. (+) Ұстамалар
4. Протеинурия
5. Гипотония
??? № 71
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2) (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен
??? № 72
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi жабындысы
көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 0 балл
2. (+) 1 балл
3. 2 балл
4. 3 балл
5. 4 балл
??? № 73
Етеккiр циклының екi фазалылығын анықтайды:
1. Етеккiрдiң дұрыс ритмi
2. Циклдың ұзақтығы
3. Гипопрогестеронемия
4. Гиперпролактинемия
5. (+) Овуляция
??? № 74
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 75
Босанғаннан кейiнгi ерте кезеңде босанушы әйелдердi бақылауға жатады:
1. Көз түбiн тексеру
2. (+) Жатыр тонусын анықтау
3. Өкпенiң тiршiлiк сыйымдылығын анықтау
4. Тыныс алу жиiлiгiн есептеу
5. Гормондық статусты анықтау
??? № 76
Жүктіліктің ерте мерзімінде қандай ауру нәрестенің туа біткен ақауларына әкеп
соқтырады.
1 (+) қызылша
2 туберкулез
3 жел шешегі
4 жұқпалы гепатит
5 трихомониаз
??? № 77
Сыртқы акушерлiк зерттеудің бiрiншi әдісінде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3. (+) Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. Нәрестенің позициясы
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы
??? № 78
Босанғаннан кейінгі алғашқы үш күндегi лохия сипаты:
1. (+) Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 79
Гиперандрогения – бұл гормон деңгейінің жоғарылауы:
1. (+) Тестостерон
2. ФСГ
3. ЛГ
4. Пролактин
5. Прогестерон
??? № 80
Гинекологиядағы гормоналды зерттеу әдiсiне жатады:
1. Анамнез жинау
2. (+) Қандағы гормондарды зерттеу
3. Гинекологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Дене салмағы индексiн анықтау
??? № 81
Физиологиялық аменореяға тән:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдромы
3. Екi мүйiздi жатыр
4. Қыздық перденiң атрезиясы
5. (+) Жүктілік
??? № 82
Босанғаннан кейiнгi қан ағумен күресу қанша қадамнан тұрады:
1. Екi
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 83
Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2. (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы
??? № 84
Жүкті әйелдер мен әйелдерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету қай
жылы қолданысқа енді:
1 1991 жылы
2. 1998 жылы
3.2003 жылы
4. 2006 жылы
5. (+) 2009 жылы
??? № 85
Қалыпты менструация циклының ұзақтығы (күндер):
1. 5-10
2. 12-17
3. 18-20
4. (+) 21-35
5. 36-40
??? № 86
ТШҚҰ – синдромы дамиды:
1. Плацентаның төмен орналасуында
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында
3. Созылмалы плацентарлық жетіспеушілікте
4. Плацентаның шынайы сіресіп орналасуы
5. Дискоординацияланған босану ырғағында
??? № 87
Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+) бимануалды тексеру
5. МСГ
??? № 88
Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы
??? № 89
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 90
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң лютеинді фазасы сәйкес келедi:
1. Пролиферация
2. Десквамация
3. (+) Секреция
4. Регенерация
5. Децидуалды єзгерiстер
??? № 91
Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
1 мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
2 үлкен еңбектен
3 (+) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
4 үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
5 үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.
??? № 92
Жатырдың сезiмталдық рецепторлары жыныстық стероидтық гормондардың қатынасына,
гормондық фонға тәуелдi:
1. Тестостерон және эстрадиолға
2. Пролактин және СТГға
3. (+) Эстрогендер мен прогестерондарға
4. Эстрогендер мен тестостерондарға
5. ЛГ және ФСГ-ға.
??? № 93
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
??? № 94
Мерзімінде туылған нәрестенi Апгар шкаласымен бағалау шарттары:
1. (+) Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы,терi
жабындысы, тыныс алуы
2. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы,терi жабындысы, тыныс алуы,
Нәрестенiң салмағы мен ұзындығы
3. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы, терi
жабындысы
4. Бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы, терi жабындысы, тыныс алуы
5. Жүректiң жиырылу жиілігі, бұлшық ет тонусы, рефлекстер жағдайы,терi жабындысы,
тыныс алуы, нәрестенiң салмағы мен ұзындығы
??? № 95
Ана мен ұрықтың байланыстыратын негізгі буын
1 кіндік бау
2 жатыр
3 аналық без
4 (+) плацента
5 қағанақ су
??? № 96
Соловьев индексі дегеніміз не?
1 (+) әйелдің білезігін өлшеу
2 етеккірдің 10-11 куні
3 нәрестенің бойының өлшемі
4 үлкен жамбастың өлшемдері
5 кіші жамбастың өлшемдері
??? № 97
Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3. (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы
??? № 98
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия-гинекология көмегін жоғары сатыда
ұйымдастыру неше сатыға бөледі:
1. Бір саты
2. Екі саты
3. Үш саты
4. (+) Бес саты
5. Төрт саты
??? № 99
Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология
??? № 100
Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:
1. 1-шi күні
2. (+) 2-3-шi күні
3. 5-6-шы күні
4. 7-8-шi күні
5. 1 ай
содержание ..
298
299
300
301 ..
|