|
содержание ..
261
262
263
264 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 263
??? № 1
Жатыр түтіктерінің туберкулезіндегі шағымдары:
1. (+) біріншілік бедеулік
2. менструалды цикл бұзылыстары
3. Щеткин Блюмберг симптомы оң-
4. екіншілік бедеулік
5. аменорея
??? № 2
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 3
Трихомониаздың клиникалық белгілері:
1. (+) қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер
2. іштің төменгі жағының ауыруы
3. ірімшік тәрізді бөліністер-
4. қан жағынды
5.бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей
??? № 4
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 5
Бартолинитке тән:
1. Жатырдың ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердің болуы
3. (+) Бартолин бездерінің ісінуі,ауру сезімі, флюктуация
4. Іштiң төменгi аймақында ауру сезiмi
5. Бел аймағындағы ауру сезiмi
??? № 6
Жатыр денесiнiң ұзындығы :
1. 2 см
2. (+) 5 см
3. 3 см
??? № 7
Аменореяның аналық бездi формасына тән емес синдром:
1. Шерешевского-Тернер
2. (+) Киари-Фроммеля
3. Аналық безiнiң поликистозы
4. Аналық безiнiң резистенттiлiгi
5. Аналық безiнiң жұқаруы
??? № 8
Жүктілік гипертензиясын дәлелдеу үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жиілігі:
1. 1 сағат
2. 3 сағат
3. (+) 30 минут
4. 9 сағат
??? № 9
Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 10
Нәрестенiң гипоксиясы - бұл нәресте ағзасында төмендегi жағдайлардың дамуымен
жүретiн патологиялық жағдай:
1. Оттегiнiң артуы
2. Көмiртегi газының жеткiлiксiздiгi
3. (+) Оттегiнiң жеткiлiксiздiгi
4. Азот қалдықтарының артуы
5. Азот қалдықтарының жеткiлiксiздiгi
??? № 11
Жүктiлiктiң анық белгiлерiне жатады.
1. Нәрестенің қозғалуы
2. Жатырдыңүлкеюi
3. Қынап цианозы
4. (+) Жатырдағы нәресте мүшелерiн пальпациялау
5. Ректальдi температураның жоғарылауы
??? № 12
Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы:
1. қиғаш
2. циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. (+) тікелей
5. көлденең
??? № 13
Қыздардағы қабыну үрдісінің ең жиі орналасуы:
1. (+) Сыртқы жыныс мүшелері
2. Қынап
3. Жатыр
4. Аналық бездері
5. Жатыр түтіктер
??? № 14
Преэклампсияның ауыр дәрежесінде тез босандыруға көрсеткiш:
1. Судың аз болуы
2. Босану жолдарының дайын емес болуы
3. Көп сулылық
4. (+) Преэклампсияның созылған ағымы және жүргізілген терапияның
нәтижесіздігі
5. Көп нәрестелiк
??? № 15
Аналық безіндегі жаңа түзілістерді диагностикалауда негізгі зерттеу әдістері:
1. (+) Гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Метросальпингография, хромогидротубация
4. ТФД, вульвоскопия
5. Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
??? № 16
Бала жолдасын қарап тексергенде оның бүтiндiгi күмән туғызады, жатыры тығыз.
Дәрiгер тактикасы:
1. Араласу қажет емес
2. Жатыр қуысын қыру
3. (+) Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен алып тастау
5. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және алу
??? № 17
Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2. (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу
??? № 18
Олигоменореяға тән;
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2. (+) Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 19
Босанудан кейінгі кезең қанша күнге созылады :
1) 7
2) (+) 42
??? № 20
Қант диабетiнде босану мерзiмi тағайындалады:
1. 35апта
2. 36 апта
3. (+) 37-38 апта
4. 39 апта
5. 40 апта
??? № 21
Жүктілерде созылмалы гломерулонефриттің қандай формасы жиі кездеседі:
1. (+) Латентті
2. Гипертензионді
3. Нефротикалық
4. Аралас
5. Гипрекалиемиялық
??? № 22
Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+) 4
2) 5
??? № 23
Ауыл тұрғынының жасы 23-те. Босануы - екінші. Жүктілік қалыпты өтіп жатыр.
Бірінші баласын 3 жыл бұрын асқынусыз босанды. Пациент қай мекемеде босану керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2 Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 (+) Әйел қалаған перзентханада
4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
??? № 24
Шынайы конъюгата кем емес:
1. 10 см
2. (+) 11 см
3. 12 см
4. 13 см
5. 14 см
??? № 25
Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1 (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ
??? № 26
Үйреншікті көтереалмаушылық–бұл анамнезіндегі өзіндік түсік саны:
1. Біреу
2. (+) Екеу және одан көп
3. Үшеу және одан көп
4. Төртеу және одан көп
5. Бесеу және одан көп
??? № 27
Меноррагия – дегеніміз:
1. ациклды жатырдан қан кетулер
2. (+) циклды жатырдан қан кетулер
3. ауру сезімді және мөлшерден тыс етеккір
4. менструалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
5. менструалды циклдың ұзаруы
??? № 28
Жатыр денесі қандай қабаттардан тұрады:
1. Эндометрий, серозды, шырышты
2. Эндосальпинкс, миосальпинкс, перисальпинкс
3. Эндоцервикс, миоцервикс, перицервикс
4. Шырышты, шырышасты, бұлщықетті
5. Эндометрий, миометрий, периметрий (+)
??? № 29
Жатырдан тыс жүктiлiктiң жиi орналасуы:
1. (+) Жатыр түтікшесінде
2. Аналық безінде
3. Жатыр мойнында
4. Жатырдың рудиментарлы мүйізінде
5. Іш қуысында
??? № 30
Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы не болып табылады:
1 кіші жыныс еріндері
2 (+) қыздық перде
3 жатыр мойнының сыртқы мойны
4 жатыр мойнының ішкі мойны
5 қынап
??? № 31
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуына тән емес:
1. Қағанақ суының ерте кетуi
2. Кiндiктiң түсуi
3. Нәрестенiң көлденең орналасуы
4. (+) Хориоамнионит
5. Босану әрекетiнiң ауытқуы
??? № 32
Мына суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:

1. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі
??? № 33
Экстрагенталды ауруы бар жүкті әйелді емдеу, тексеру үшін емхана оның патология
түріне қарай ем белгілейді.
1 жүктіліктің 20 апталығына дейін
2 жүктіліктің 25 апталығында дейін
3 жүктіліктің 22 апталығына дейін
4 (+) жүктіліктің 32 апталығына дейін
5 жүктіліктің 30 апталығына дейін
??? № 34
Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гонадотропты гормондарына жатады:
1. (+) ФСГ, ЛГ, пролактин
2. ЛГ, пролактин, окситоцин
3. Пролактин, ФСГ, окситоцин
4. ФСГ, ЛГ, прогестерон, ингибин
5. ФСГ, ЛГ, пролактин, релаксин
??? № 35
Менструалды циклдың фолликулярлы фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң секрециясы
2. Прогестерон секрециясының жоғарлауы
3. Сары дененiң жетiлуi
4. (+) Фолликуланың дамуы және пiсiп жетiлуi
5. Ақ дененiң жетiлуi
??? № 36
Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:
1. Преэклампсия
2. Көпсулық
3. (+) Нәрестенiң көлденең жатуы
4. Азсулық
5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.
??? № 37
Гиперменорея-бұл:
1. Менструалдық цикл ұзақтығының қысқаруымен
2. (+) Көп мөлшердегi етеккiр
3. Етеккiрдiң ұзақ уақыт келуi
4. Етеккiрдiң жиi келуi
5. Етеккiрдiң сирек келуi.
??? № 38
Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі
диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті
әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+) 2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына
??? № 39
Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1 (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою
??? № 40
Жүкті әйел, 6-7 апталық жүктілік мерзімінде жүрек айнуына, тәулігіне 10-12 рет
құсуға, жалпы әлсіздікке, 2кг салмақ жоғалтуына шағымданады. Тері жамылғылары
бозғылт, пульсі 90 рет минутына, артериалдық қан қысымы 90/60 мм.сн.бб. Болжам
диагноз:
1. Жедел гастрит
2. Жедел холецистит
3. Ерте токсикоз, жеңіл дәрежелі, жүктілік құсуы
4. (+) Ерте токсикоз, орташа дәрежелі, жүктілік құсуы
5. Ерте токсикоз, ауыр дәрежелі, жүктілік құсуы
??? № 41
Преэклампсияның ауыр дәрежесіне тән:
1. Ісіктер, гипертензия, бактериурия
2. Ісіктер, гипертензия, протеинурия
3. Гипертензия, протеиурия, салмақ қосу
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бастың ауруы
5. Бастың ауруы, дене қызуының жоғарылауы, миалгия
??? № 42
Суретте қай коньюгата өлшенуде.

1. Шынайы
2. (+) Диагональдi
3. Сыртқы
4. Ішкi
5. Аралас
??? № 43
Кіндік бау арқылы жалпы қанша қан ағады?
1 300 мл/мин
2 400 мл/мин
3 (+) 500 мл/мин
4 600 мл/мин
??? № 44
Тұрмыстағы, 1 баласы бар қант диабетімен ауыратын әйелге контрацепция тәсілі
туралы сіздің кеңесіңіз:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3. (+) жатыр ішілік контрацепция
4. үшфазалы гормоналды контрацепция
5. күйеуінің хирургиялық стерилизациясы
??? № 45
Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерi:
1. (+) Етеккiрдiң тоқтауы,жатырдың үлкеюi
2. Жүрек айну және құсу
3. Ұрықтың қозғалуы
4. Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау
5. Аяқта iсiнудiң пайда болуы
??? № 46
Мерзiмi жеткен жүктiлiк мерзiмі:
1. 22-28апта
2. 28-34апта
3. 34-36апта
4. 36-37апта
5. (+) 38-40апта
??? № 47
Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3. (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер
??? № 48
Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4. (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 49
Жаңа туылған нәрестенiң тiрi туылу шартына жатады:
1. Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 1000 г және одан жоғары
2. Жаңа туылған нәрестенiң ұзындығы 35 см және одан жоғары
3. (+) Жүрек соғысының болуы
4. Өзiндiк тыныс алудың болуы
5. Жүктiлiк мерзiмi 28 апта.
??? № 50
Әйелдер кеңесінің қабылдауында алғаш жүкті әйел, 25 жаста, жүктіліктің 28 аптасы,
преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылды. Жедел көмек неден басталады:
1. Магний сульфатын бұлшық етке енгізуден
2. (+) Магний сульфатының бастапқы дозасын көк тамырға енгізуден
3. Ганглиоблокаторларды енгізуден
4. Нейролептиктерді көк тамырға енгізуден
5. Диуретиктерді енгізуден
??? № 51
Кіндік бау қандай қан тамырлардан қуралған?
1 (+) екі артерия бир венадан
2 үш венадан
3 екі қолқадан
4 он артериядан
5 бес венадан
??? № 52
Жүкті әйелдің өз еркімен жүктілікті үзу қай уақытта жүргізіледі:
1. (+) 12 аптаға дейін
2. 22 аптаға дейін
3. 28 аптаға дейін
4. 8 аптаға дейін
5. 6 аптаға дейін
??? № 53
Анемия кезiнде босанудан кейiнгi кезеңінiң негiзгi асқынуы:
1. (+) Ірiңдi -септикалық аурулар
2. Гипертензия
3. Гипотензия
4. Олигоурия
5. Анурия
??? № 54
Преэклампсияның негiзгi белгiсi:
1. (+) Артериялық гипертензия
2. Протеинурия
3. Ісiнулер
4. Созылмалы плацентарлық жетiспеушiлiк
5. Бүйрек қызметiнiң бұзылыстары
??? № 55
Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5. (+) Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi
??? № 56
Тұрмыстағы 25 жастағы студентке контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз,
аяқтарында созылмалы тромбофлебитпен ауырады, 1 баланың анасы:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3. (+) жатырішілік контрацепция
4. екіфазалы гормоналды контрацепция
5. үшфазалы гормоналды контрацепция
??? № 57
Диагональдi конъюгата- бұл:
1. (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi
аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан
??? № 58
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы
реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет
тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. (+) 10 балл
??? № 59
Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды:
1. құсу
2. дәм сезудің өзгеруі
3. Жүрек айну
4. иіс сезудің бұрмалануы
5. (+) Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі
??? № 60
Леопольда 4-шi тәсiлiн көрсетiңiз:

1. 1
2. 2
3. 3
4. (+) 4
??? № 61
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 62
Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну
байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану
керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2 (+) Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
??? № 63
Жүкті әйелдерде пиолонефриттің дамуына және асқынуына әсер ететін негізгі
фактор:
1. (+) Ана организмінің инфицирленуі
2. Гормоналды баланстың өзгерісі
3. Анемияның болуы
4. Жүктілерде гипертензияның дамуы
5. Зәр шығару өзегінің қысылуы
??? № 64
Жыныстық дамудың кiдiруi - бұл екiншiлiк жыныстық белгілерінің болмауы
1. 10 жаста, ал етеккiрi - 12 жаста
2. 12 жаста, ал етеккiрi - 14 жаста
3. (+) 14 жаста, ал етеккiрi - 16 жаста
4. 16 жаста, ал етеккiрi - 18 жаста
5. 17 жаста, ал етеккiрi - 20 жаста.
??? № 65
Нәрестенің басымен орнығуы, II позиция. Жүрек тондарына аускультация нүктелеріне
анықтаңыз
1 (+) оң жағы кіндіктен төмен
2 сол жағы кіндіктен төмен
3 оң жақ кіндік тұсында
??? № 66
Қазақстанда ауыл тұрғындарына акушерия-гинекология көмегін жоғары сатыда
ұйымдастыру неше сатыға бөледі:
1. Бір саты
2. Екі саты
3. Үш саты
4. (+) Бес саты
5. Төрт саты
??? № 67
Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5. (+) 2500 ден жоғары
??? № 68
Мерзiмiнен өткен жүктiлiктiң белгiсi:
1. Уыздың пайда болуы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Іш айналымы 100 см және одан да көп
4. Нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қондырылуы
5. Сүт безiнен уыз денешiктерiнiң бөлiнуiнiң жоғарылауы
??? № 69
Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+) 32 см
3 40 см
??? № 70
Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4 (+) дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы
??? № 71
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кiмдерде жиi кездеседi:
1. Тұңғыш босанушыларда
2. (+) Көп босанушыларда
3. Жас тұңғыш босанушыларда
4. Үлкен жастағы алғаш босанушыларда
5. Тар жамбаста
??? № 72
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2) (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен
??? № 73
Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2. (+) Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте
??? № 74
Босануда ұрық гипоксиясының негізгі себебі
1 преэклампсия
2 ұрықтың жамбаспен келуі
3 (+) босану қызмет аномалиялары
4 көтерілген жүктілік
5 анасында жүрек-қан тамыр аурулары
??? № 75
Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының
мазмұны:
1 (+) жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері
??? № 76
Маңдай сүйегін төбе сүйегімен қосатын жік және жебе маңдай жігіне перпендикуляр
орналасқан жік қалай аталады:
1 сагиттальды
2 маңдай жігі
3 (+) тәж тәрізді жік
4 ламблиялық
5 шүйделік
??? № 77
Эктопиялық жүктiлiкте ең қажетті ақпаратты зерттеу:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий абсцессі
3. (+) Лапароскопия
4. ХГ сериялық анықтау
5. Кіші жамбас қуысының УДЗ
??? № 78
Етеккір дегеніміз не?
1 Жатырдың жыртылуы
2 (+) эндометрийдың функционал қабатының сырылып түсуі
3 жатырдан кезекті қан келуі
4 жыныс жасушалардың қосылуы
5 овуляция болу
??? № 79
Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2 (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер
??? № 80
Жүктi әйелдерде анемияның қай түрі жиі кездеседі:
1. Мегалобластикалық гиперхромдық анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3. (+) Темiржетіспеушілікті гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия
5. Гемолитикалық анемия
??? № 81
Ерте токсикоздар жүктіліктің қай мерзімінде пайда болады?
1. (+) 20 аптаға дейін
2. 16 аптаға дейін
3. 28 аптаға дейін
??? № 82
Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3. (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал
??? № 83
Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+) 17.10
4 10.11
5 07.12
??? № 84
Жүктіліктің екінші жартысында нәрестенің созылмалы гипоксиясын анықтау әдістерін
атаңыз:
1 (+) амниоскопия, кардиотокография, допплерометрия
2 хорионбиопсия, амниоцентез, допплерометрия
3 УДЗ, хорионбиопсия, амниоцентез
4 ЭКГ, амниоцентез, допплерометрия
5 УДЗ, хорионбиопсия, кардиотокография,
??? № 85
16 жастағы бірінші босанушы ауыл тұрғыны. Жүктілік мерзімі 39-40 апталық,
асқынусыз өтті. Пациент қай мекемеде босану керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2 Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 (+) 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
5 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
??? № 86
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының негiзгi симптомы:
1. Жүктiлiк кезiнде жыныс жолдарынан қанды бөлінділіердің болуы
2. Жоғарлаған анемия
3. (+) Жатырдың жергiлiктi ауру сезiмi
4. "Жастық" симптомы
5. Нәрестенiң жүрек соғысы 136 рет.мин
??? № 87
Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея
??? № 88
Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+) 1-2
2 3-4
3 5-6
??? № 89
Мерзімінен ерте босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. (+) 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5. 42-43 аптада
??? № 90
ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігі бекіткен, әйелдер кеңесінің мақұлданған
стандартты бойынша физиологиялық жүктілік кезінде әйелдер кеңесіне қанша рет
қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3. (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет
??? № 91
Нәресте басында қанша енбек бар?
1) 1
2) (+) 2
3) 3
??? № 92
Қосарланған оралды контрацептивтердiң гормондар концентрациясы бойынша жiктелуі:
1. Монофазалы, екi фазалы, үшфазалы
2. Оральды, трансдермальды, парентеральды
3. (+) Төмен, жоғары дозалы
4. Микродозаланған, орташа дозаланған
5. Докоитальды, посткоитальды, постгравидарлы
??? № 93
Консервативтi емге көрсеткіш:
1. Іш қуысына қан кетуде
2. Перитонитте
3. Тубоовариалды абцесстің перфорациясында
4. (+) Пельвиоперитонитте
5. Жатыр перфорациясында
??? № 94
Әйелдер өмірінің қай кезеңінде аналық бездiң апоплексиясының болу мүмкiндiгi
жоғары:
1. Балалық шақ
2. Препубертатты
3. Пубертатты
4. (+) Репродуктивтiк
5. Климактериялық
??? № 95
ЖІС қай әйелдерге оптимальды әдіс болып табылады:
1. (+) Босанған
2. Тұрақты партнер болмауы
3. Генитальды қабыну аурулар мен
4. Жақында жасанды түсік болған
5. Анамнезінде жатырдан тыс жүктілік бар
??? № 96
Әйелдерде профилактикалық қараудың негізгі мақсаты:
1. Жыныс ағзаларындағы ақауды анықтау
2. Етеккір циклінің бұзылысын ерте анықтау
3. (+) Жатыр мойының рагын ерте анықтау
4. Жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын ерте анықтау
5. Жүктілікті анықтау
??? № 97
Бірінші позицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 (+) нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3 нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы
??? № 98
Жетiлген бала жолдасының салмағы:
- 100-200г
- 300-400г
- (+) 500-600г
- 700-800г
??? № 99
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін
қандай препарат тағайындау керек:
1 Минералді-витамин кешені
2 Жақсы тамақтану
3 (+) Фолий қышқылын
4 Йод препараттарын
5 Ұйқы және демалу режимін сақтау
??? № 100
Әйелдерде жүкті емес жатыр денесінің ұзындығы:
1. (+) 6-7 см
2. 7-8 см
3. 8-9 см
содержание ..
261
262
263
264 ..
|