Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 221

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     219      220      221      222     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 221

 

 

 

??? № 1

Аменорея – бұл етеккірдің болмауы:
1. 2 ай және одан да көп
2. 4 ай және одан да көп
3.  (+) 6 ай және одан да көп
4. 8 ай және одан да көп
5. 12 ай және одан да көп

 

??? № 2

Физиологиялық жүріп жатқан жүктілік кезінде әйелге УДЗ-ны неше рет тағайындау керек:
1) 2 рет
2) (+)  3 рет
3) 4 рет


 

??? № 3

Вульвит-бұл:
1.  (+) Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
3. Эндометрийдің қабынуы
4. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы

 

??? № 4

Бедеулiк кезiнде жатыр түтiкшесі мен аналық безінің патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кольпоскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистероскопия
4.  (+) Лапароскопия
5. Ирригоскопия

 

??? № 5

Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4.  (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі

 

??? № 6

Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:
 
 

 


1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3.  (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі

 

??? № 7

Суреттен периметрийдi көрсетіңіз:

 

 

 
1. 1
2. 2
3.  (+) 3


 

??? № 8

Бартолинитке тән:
1. Жатырдың ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердің болуы
3.  (+)  Бартолин бездерінің ісінуі,ауру сезімі, флюктуация
4. Іштiң төменгi аймақында ауру сезiмi
5. Бел аймағындағы ауру сезiмi

 

??? № 9

Босанудың клиникалық ағымының екінші кеезеңін анықтаңыз?
1 Жатыр мойнының ашылуы
2 (+)  Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында

 

??? № 10

Менструалды циклдың фолликулярлы фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң секрециясы
2. Прогестерон секрециясының жоғарлауы
3. Сары дененiң жетiлуi
4.  (+) Фолликуланың дамуы және пiсiп жетiлуi
5. Ақ дененiң жетiлуi

 

??? № 11

Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс:
1.  (+)  Кольпоскопия
2. Гистеросальпингография
3. Лапароскопия
4. Биконтраcтты геникография
5. УДЗ.

 

??? № 12

Гинекологиядағы гормоналды зерттеу әдiсiне жатады:
1. Анамнез жинау
2.  (+) Қандағы гормондарды зерттеу
3. Гинекологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Дене салмағы индексiн анықтау

 

??? № 13

Алғашқы етеккiрдiң келуi қалай аталады:
1.  (+) Менархе
2. Пубархе
3. Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит

 

??? № 14

Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2  (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер

 

??? № 15

Ана мен нәресте байланысы жүзеге асады:
1.  (+) Бала жолдасы арқылы
2. Жатыр қабырғасы  арқылы
3. Амниотикалық қабық арқылы
4. Децидуалды қабық арқылы
5. Жатырдың базалды қабығы арқылы.

 

??? № 16

Диагональдi конъюгата- бұл:
1.  (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан

 

??? № 17

Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2.  (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ

 

??? № 18

Босану үйінің қай бөлімшесінде жүктіліктің 12 және 22 аптасында медициналық және әлеуметтік көрсеткіш бойынша жүктілікті үзуге болады:
1 босану
2 (+)  гинекология
3 босанудан кейінгі
4 патологиялық жүктілік
5 қабылдау

 

??? № 19

Жүктіліктің нақты белгісіне жатады
1 нәрестенің қозғалуы
2 жатырдың үлкеюі
3 қынаптың көгеруі
4 (+)  нәрестенің дене құрылысының бөліктерін пальпация арқылы анықтау
5 ректалды қызудың көтерілуі
 

 

??? № 20

Эстроген әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. Секреция
2.  (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 21

Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. Реттi етеккiр
2. Жыныс жолдарынан бөлiнген қанды бөлiндi
3. Іштiң төменгi бөлiгiндегi қатты ауру сезiмi
4.  (+) Етеккiрдiң кідіруіне жатыр көлемiнiң сәйкес келмеуi
5. Жатыр қосалқыларында патологиялық өзгерiстер жоқ.

 

??? № 22

Жатыр түтіктерінің туберкулезіндегі шағымдары:
1. (+)  біріншілік бедеулік
2. менструалды цикл бұзылыстары
3. Щеткин Блюмберг симптомы оң-
4. екіншілік бедеулік
5. аменорея

 

??? № 23

Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi жабындысы көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 0 балл
2.  (+) 1 балл
3. 2 балл
4. 3 балл
5. 4 балл

 

??? № 24

Ерте токсикоздарды емдеуге қолданылмайды.
1 седативті дәрілер
2 инфузионды терапия
3 физиотерапия
4 құсуға қарсы дәрілер
5  (+) несеп айдағыш дәрілер

 

??? № 25

Жүктілік мерзімін қандай негіздерге байланысты есептейміз? Дұрыс жауапты тандаңыз:
1 (+) соңғы етеккір уақыты бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы, әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша, объективті көрсеткіштер , УДЗ бойынша
2 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы бойынша
3 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, жатыр түбі биіктігі бойынша
4 нәрестенің жатырда орналасуы бойынша, жүрек соғуы,УДЗ бойынша.
5 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, жүрек соғуы бойынша.

 

??? № 26

(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын" стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+)  6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет


 

??? № 27

Жүктiлiктiң ерте токсикозының ең жиi кездесетiн түрi:
1. Жүктiлiкке байланысты қышыну
2.  (+) Жүктiлiкке байланысты құсу
3. Жүктiлiкке байланысты дерматоз
4. Остеомаляция
5. Сiлекей ағу

 

??? № 28

Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3.  (+)  28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.

 

??? № 29

Эклампсияға тән:
- Гипотония, iсiктер
- Альбуминурия, iсiктер
- Лейкоцитурия, iсiктер
-  (+) Ұстамалар, кома
- Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
 
 

 

??? № 30

Босану үйі(бөлімшесі) келесі міндеттерді орындайды:
1 аумақтық медициналықкөмек қағидаларын сақтай отырып жедел медициналық көмек көрсету
2 негізгі хирургиялық қызмет көрсету мәліметтері бойынша статистикалық анализ жасау
3 әйелдер мен нәрестелерге үйіне барып көмек көрсету
4  (+) ана мен перинатальды өлім, жүктіліктің ауыр ағымын, босануды, босанудан кейінгі кезең мен нәрестелердің ауыр ауруларын сараптау

5 Әйелдердің ауыр түрдегі экстаргенитальды ауруларын сараптама жүргізу

 

??? № 31

Жедел плацентарлық жетiспеушiлiктiң себебi:
1. Плацентаның мерзiмiнен бұрын жетілуі
2.  (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Плацентаның жатуы
4. Жүктiлiкпен шақырылған гипертензия
5. Темiр жетiспеушiлiктi анемия

 

??? № 32

Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5.  (+) 2500-3000г

 

??? № 33

Гестоздың ауыр формасында уақытынан бұрын босану көрсеткіштеріне жатады
1 ұрықтың дамуы тоқтап қалу синдромы
2 босану жолы толық дамымауы
3 Көпсулылық
4 (+)  ағымы ұзақ және терапия тиімсіздігі
5 нефропатия айқын ұрық гипертрофиясымен

 

??? № 34

Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2.  (+) 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл

 

??? № 35

Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+)  есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде

 

??? № 36

Мерзiмi жеткен жүктiлiкте және нәрестенің орташа салмағында iш аймағы және жатыр түбiнiң биiктiгi сәйкес:
1. 106 және 39 см
2. 82 және 30 см
3.  (+) 100 және 35 см
4. 85 және 33 см
5. 90 және 32 см


 

??? № 37

Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1  (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей

 

??? № 38

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:
1.  (+) Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi
2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi
3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету
4. Жиi жағынды түрiндегi жыныс жолдарынан қан кету
5. Түнгі уақытта жыныс жолдарынан қан кету

 

??? № 39

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 40

Овуляция кезiнде доминантты фолликула қай өлшемге дейiн жетедi:
1. 1-5 мм
2. 7-11 мм
3. 12- 17 мм
4.  (+) 18-24 мм
5. 25 -28 мм.

 

??? № 41

Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3.  (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада

 

??? № 42

Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3.  (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер

 

??? № 43

Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:
1 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
2 пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі
3 (+)  жатырдың үлкеюі
4 жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді

 

??? № 44

Жүктiлiк кезiндегi гипертензияға жатады:
1.  (+)  Систоликалық қысымның 140/90 мм с.б. дейiн және одан да жоғары тұрақты көтерiлуi
2. Диастоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
3. Орташа артериялық қысым 100 мм с.б.-на тең
4. Систоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
5. АҚ 110/80 мм с.б. дейiн бiр реттiк көтерiлуi

 

??? № 45

Жүктілік ісінуі қай аптадан басталады:
1. 12-аптадан
2. 16-аптадан
3.  (+) 20-аптадан
4. 24-аптадан


 

??? № 46

Қалқанша без аурулары кезінде босануда болатын негізгі асқыну:
1.  (+) Босану әрекетінің ауытқуы
2. Қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі
3. Нәрестенің ұсақ бөліктерінің немесе кіндік бауының түсуі
4. Жатырдың жыртылуы


 

??? № 47

Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2.  (+)  Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия

 

??? № 48

Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4.  (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк

 

??? № 49

Эктопиялық жүктiлiктi диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий биопсиясы
3.  (+) Лапароскопия
4. ХГ сериясын анықтау
5. Кiшi жамбас мүшелерiнiң УДЗ

 

??? № 50

Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1.  (+)  Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.

 

??? № 51

Жүктiлiкке байланысты гипертензия бұл жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1.  (+) 20 аптада
2. 22 аптада
3. 24 аптада
4. 28 аптада
5. 30 аптада.

 

??? № 52

Аналық безіндегі жаңа түзілістерді диагностикалауда негізгі зерттеу әдістері:
1.  (+) Гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Метросальпингография, хромогидротубация
4. ТФД, вульвоскопия
5. Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы

 

??? № 53

Нәресте сүйегінде :кеңсірік пен шүйде бұдырмасының арасы қандай өлшем?
1  (+) Тік өлшем
2 Қиғаш өлшем
3 Үлкен қиғаш өлшем
4 Вертикал өлшем
5 Көлденең өлшем

 

??? № 54

Жүктіліктің ерте мерзімінде нәрестенің хромосомды патологиясын пренатальды диагностикалау әдісі:
1 фетоскопия
2 амниоцентез
3 (+)  хорион биопсиясы
4 кордоцентез
5 нәресте тінінің биопсиясы

 

??? № 55

Анемияның асқынуында бiрiншi орында тұрады
1. Жүктiлiктi үзудiң қаупi
2. Ерте токсикоздар
3.  (+) Жүктiлiкпен байланысты гипертензия
4. Көпсулық
5. Көп нәрестелiк

 

??? № 56

Алғаш босанушы әйелдің I кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. 4-5 сағ
3. 6-7 сағ
4. 8-9 сағ
5.  (+) 11-12 сағ

 

??? № 57

Пельвиоперитонит – бұл:
1. Жатыр маңы клетчаткасының қабынуы
2.  (+) Кіші жамбас ішастарының қабынуы
3. Кіші жамбас клетчаткасының қабынуы
4. Жатырдың серозды қабатының қабынуы
5. Жатырдың шырышты қабатының қабынуы

 

??? № 58

Физиологиялық аменореяға тән:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдромы
3. Екi мүйiздi жатыр
4. Қыздық перденiң атрезиясы
5.  (+) Жүктілік

 

??? № 59

Лактостазға жатпайды
1 сүт бездерінің аздап ісінуі
2 сүт бездерінің ісінуі
3 дене қызуы 40 с-көтеріліп, қалтырауы
4  (+) сүттің кедергісіз бөлінуі
5 қан қысымының көтерілуі

 

??? № 60

Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4.  (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта

 

??? № 61

Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+)  1-2
2 3-4
3 5-6


 

??? № 62

Бала жолдасы кезеңiнде физиологиялық қан жоғалту босанушы әйелдiң дене салмағының қанша пайызын құрайды:
1. 0,1%
2. 0,3%
3.  (+) 0,5%
4. 0,8%
5. 1%

 

??? № 63

Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:
1.  (+) Бiрден
2. 35-60 минуттан кейiн
3. 2-3сағаттан кейiн
4. 12-13 сағаттан кейiн
5. 14-24 сағаттан кейiн

 

??? № 64

Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері:
1. жатыр
2. қынап
3. сыртқы жыныс мүшелері
4. жатыр мойны
5. (+)  жатыр түтіктері

 

??? № 65

Консервативтi емге көрсеткіш:
1. Іш қуысына қан кетуде
2. Перитонитте
3. Тубоовариалды абцесстің перфорациясында
4.  (+) Пельвиоперитонитте
5. Жатыр перфорациясында

 

??? № 66

Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды көрсетіңіз:
1 Егіз нәрестелік
2 Үштік нәрестелер
3  (+) Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі
4 Ірі нәресте
5 Туа біткен жүрек ақауы

 

??? № 67

Нәрестенiң циркуляторлық гипоксиясы - бұл:
1.  (+) Артериялық қанда оттегiнiң жеткiлiксiздiгi
2. Нәресте тiндерiнiң оттегiмен қанығуының төмендеуi
3. Тiндердiң оттегiнi сiңiру қабiлетiнiң төмендеуi
4. Эритроцит пен гемоглобиннiң төмендеуi және оларды оттегіні байланыстыру қабiлетiнiң төмендеуi
5. Артериялық қандағы оттегiнiң нәрестеге төмен жекізілуі

 

??? № 68

“Ребаунд эффект” КОК алып тастағанда болады:
1 менструация тәрізді қанның болуы
2 ФСГ, ЛГ бөлінуінің төмендеуі
3 аменореяның болуы
4 (+)  овуляцияның күшеюі
5 овуляцияның төмендеуі

 

??? № 69

Пуберттаты кезеңде қасағаның түктенуі қалай аталады:
1. менархе
2.  (+) Пубархе
3. Телархе
4. Дактостаз
5. Мастит

 

??? № 70

Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2.  (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы

 

??? № 71

Әйелдер кеңесiнде жүктiлiк мерзiмi қалай есептеледі:
1.  (+) Соңғы етеккiр күнi,ұрықтың бiрiншi қозғалуы,әйелдер кеңесiне бiрiншi келген кезiнен,объективтiк көрсеткiш бойынша және УДЗ көрсеткіштері
2. Соңғы етеккiр,овуляция,iш шеңберi ,ұрықтың бiрiншi қозғалуы
3. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,iш шеңберi,жатырдың түбiнiң тұруы деңгейi,iш шеңберi
4. Ұрықтың жатырда орналасуы,жүрек соғысы бойынша УДЗ
5. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,ұрықтың жүрек соғуы бойынша

 

??? № 72

Трихомониаздың клиникалық белгілері:
1. (+)  қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер
2. іштің төменгі жағының ауыруы
3. ірімшік тәрізді бөліністер-
4. қан жағынды
5.бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей

 

??? № 73

Гипоменореяға тән:
1.  (+) Қалыпты етеккiр циклының ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кп
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 74

Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1  (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ


 

??? № 75

Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+)  бимануалды тексеру
5. МСГ

 

??? № 76

Жүктіліктің физиологиялық ағымында терапевттің қарауы жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес:
1. 12 апта және 20 аптада
2. 12 апта және 30 аптада
3. Алғаш келуі және 36 апта
4. 16 апта және 32 аптада
5.  (+) Алғаш келуі және 30 апта

 

??? № 77

Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1.  (+) Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Пневмопельвиография, метросальпингография
4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу
5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау.

 

??? № 78

Жүктiлiктiң қай апталығында плацентаның қалындығының өсуi тоқтайды:
1. 27-28 апта
2. 30-31 апта
3. 33-34 апта
4.  (+) 36-37 апта
5. 38-40 апта

 

??? № 79

Тар жамбаспен босану кезiндегі асқынуларға жатады:
1.  (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
2. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
3. Қарқынды босану
4. Шапшаң босану
5. Нәресте қолының түсiп кетуi

 

??? № 80

Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3  (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы

 

??? № 81

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):
1. 5
2. 4
3. 8
4. 12
5.  (+)  2

 

??? № 82

Жүктіліктің күмәнді белгілері?
1 (+)  жүректің айнуы,қусу
2 етеккірдің тоқтауы
3 жатыр мойнының көгеруі
4 ұрықтың қимылы
5 ұрықтың жүрек соғысы

 

??? № 83

«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2)  (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен


 

??? № 84

Мерзімінде босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4.  (+) 38-41 аптада
5. 42-43 аптада

 

??? № 85

Бедеулік кезінде гистеросальпингографияны жүргізген дұрыс:
1. (+)  менструалды циклдың 7-8- ші күні
2. менструалды циклдың 9-12- ші күн
3. менструалды циклдың 13-15- ші күні


 

??? № 86

«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен 10 ЕД окситоцин ерітіндісі қашан енгізіледі?
1 (+)  босанғаннан кейін
2 толғақ басталғанда
3 басы көрінгенде
4 бала жолдасы туылғаеда
5 дурыс жауабы жоқ

 

??? № 87

Жатыр түтікшесінің бөлімдері:
1. Медиальды, орталық, латеральды
2. Жақын, орта, алшақтатылған, алыстатылған
3.  (+)  Интерстициялды, истмикалық, ампулярлы, фимбриалды
4. Алдыңғы , артқы, жоғарғы, төменгі
5. Орталық, перифериялық, бүйірлік
 
 

 

??? № 88

Бiрiншiлiк аменореяға тән:
1.  (+) Етеккiрдiң 16 жас және одан да жоғары жаста болмауы
2. Етеккiрдiң 14 жаста болмауы
3. Бiр түсiктен кейiн етеккiрдiң болмауы
4. Етеккiрдiң 18 жаста болмауы
5. Етеккiрдiң 11 жаста болмауы.

 

??? № 89

ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігі бекіткен, әйелдер кеңесінің мақұлданған стандартты бойынша физиологиялық жүктілік кезінде әйелдер кеңесіне қанша рет қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3.  (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет

 

??? № 90

Жүктiлiктiң бiрiншi триместрi қандай кезең болып аталады:
1.  (+) Органогенез және плацентация
2. Эмбрионды
3. Нәрестелiк
4. Бластоцисттер
5. Эмбрионалды

 

??? № 91

Жыныстық жетілу кезеңіне жатады:
1. 5 кезең
2.  (+) 3 кезең
3. 4 кезең
4. 6 кезең


 

??? № 92

Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3.  (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.

 

??? № 93

Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады:
1. жатырдың сыртқы ернеуі
2. жатырдың ішкі ернеуі
3. (+) қыздық перде (қынапқа кіреберіс)
4. кіші жыныс еріндері
5. ешқайсысы емес

 

??? № 94

Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 19 жастағы босанбаған әйел, бірнеше партнері бар тұрақты емес жыныстық қатынаста тұрады:
1 постинор;
2 (+)  презерватив;
3 жатыр ішілік спираль;
4 таза прогестинді контрацептив;
5 комбинирленген оральды контрацептив

 

??? № 95

Преэклампсияның жеңіл дәрежесінің белгілері:
1 (+)  АҚҚ 140/90 мм.с.б.  (+)  протеинурия 0,3 г/л
2 АҚҚ 140/90 мм.с.б.  (+)  протеинурия 3,0 г/л көп
3 Протеинурия 3,0г\л
4 АҚҚ 140/90 мм.с.б.  (+)  протеинурия 1,0 г/л
5 АД 140/90 мм.с.б.  (+)  біркелкі ісіктер
 

 

??? № 96

Эмбриопатия ауруы қашан дамиды:
1.  (+) Эмбриогенез кезеңі мен эмбрионның даму сатысында
2. Жүктiлiктiң бiрiншi триместрiнде
3. Жүктiлiктiң екінші триместрiнде
4. Жүктiлiктiң 12-13 апта мерзiмiнде
5. Жүктiлiктiң15-16 апта мерзiмiнде

 

??? № 97

Плацентаның жатуында ең объективтi және қауiпсiз әдiс:
1. Амниоскопия
2. Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Сыртқы акушерлiк зерттеу әдiстерi
4.  (+) Ультрадыбыстық зерттеу
5. Қынаптық зерттеу
1. қартаюы

 

??? № 98

Мерзіміне жеткен жүктілікке тән емес:
1. Іш айналым өлшемі - 95-98 см
2. Жатыр түбі биіктігі - 34-36 см
3.  (+)  Жатыр түбі биіктігі - 28-30 см
4. Кіндік шығыңқы
5. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған

 

??? № 99

Жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң жүрек тондарының аускультациясын тыңдауға болады:
1. 14 апта
2. 16 апта
3.  (+)  20 апта
4. 25 апта
5. 28 апта

 

??? № 100

Амниоскопияға көрсеткiш:
1. Нәрестенiң даму ақауы
2. Бала жолдасының бекiнуiнiң ауытқуы
3. Көп нәрестелi жүктiлiк
4. Ірi нәресте
5.  (+) Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессiздiгi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     219      220      221      222     ..