|
содержание ..
182
183
184
185 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 184
??? № 1
Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1. (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта
??? № 2
Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 3
Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4. (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк
??? № 4
Өсіп ,дамып жетілген фолликулада овуляция болу ушын қандай гормон қажет?
1 ФСГ
2 (+) ЛГ
3 прогестерон
4 пролактин
5 тестостерон
??? № 5
Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына
сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ.
Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?
1. (+) диспансерлік есепке алу
2. ештеңе жасамау
3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу
4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру
5. қабынуға қарсы терапия жүргізу
??? № 6
Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+) 1-2
2 3-4
3 5-6
??? № 7
Бала жолдасының негiзгi қызметi:
1. Репродуктивтi
2. Гемопоэтикалық
3. Гемопоэз
4. Иммуномодулдеушi
5. (+) Трофикалық
??? № 8
Пуберттаты кезеңде қасағаның түктенуі қалай аталады:
1. менархе
2. (+) Пубархе
3. Телархе
4. Дактостаз
5. Мастит
??? № 9
Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4. (+) Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы
??? № 10
Босану үйінің қай бөлімшесінде жүктіліктің 12 және 22 аптасында медициналық және
әлеуметтік көрсеткіш бойынша жүктілікті үзуге болады:
1 босану
2 (+) гинекология
3 босанудан кейінгі
4 патологиялық жүктілік
5 қабылдау
??? № 11
Овуляциядан басталып етеккiрмен аяқталатын аналық безі циклының фазасы қалай
аталады:
1. (+) Лютеинді
2. Пролиферация
3. Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация
??? № 12
32 жастағы күйеуінен ажырасқан әйелге контрацепция тәсілі туралы сіздің
кеңесіңіз, жыныстық қатынасы сирек «айына 1-2 рет) бір жұппен, 1 баласы бар:
1. марвелон
2. регулон
3. постинор
4. үзілген жыныстық қатынас
5. (+) презерватив
??? № 13
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуына тән емес:
1. Қағанақ суының ерте кетуi
2. Кiндiктiң түсуi
3. Нәрестенiң көлденең орналасуы
4. (+) Хориоамнионит
5. Босану әрекетiнiң ауытқуы
??? № 14
Жүктiлiктiң нақты белгiсi:
1. Етеккiр тоқтауы
2. Жүктiлiкте оң биологиялық сынама
3. (+) Жатырда ұрықтың болуы
4. Сүт бездерiнiң үлкеюi
5. Жатырдың үлкеюi
??? № 15
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
??? № 16
Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:
1. 1-шi күні
2. (+) 2-3-шi күні
3. 5-6-шы күні
4. 7-8-шi күні
5. 1 ай
??? № 17
Қандай жүктілік эктопиялық жүктілік деп аталады:
1. Түсіктен кейінгі дамыған жүктілік
2. 30 жастан асқан әйелдердегі жүктілік
3. (+) Жатырдан тыс дамыған жүктілік
4. Ұрықтанған екі аналық жасушаларынан дамыған жүктілік
5. Экстракорпоральды ұрықтанудан кейін дамыған жүктілік
??? № 18
Жүктіліктің нақты белгісіне жатады
1 нәрестенің қозғалуы
2 жатырдың үлкеюі
3 қынаптың көгеруі
4 (+) нәрестенің дене құрылысының бөліктерін пальпация арқылы анықтау
5 ректалды қызудың көтерілуі
??? № 19
Вульвит-бұл:
1. (+) Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
3. Эндометрийдің қабынуы
4. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 20
Жүктiлiктiң 2-шi триместрiнде үзiлуінің жиі себебі:
1. Хромосомдық ақаулар
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. Гормондық бұзылыстар
4. (+) Инфекция
5. Экстрагениталдық патологиялар.
??? № 21
Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі қаншаға тең:
1) 9,0 см
2) (+) 13,0 см
??? № 22
Сыртқы акушерлiк зерттеудiң төртiншi әдiсiнде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәресте мүшелерінің орналасуы
3. Нәрестенің позициясы мен түрі
4. (+) Нәрестенің жатқан бөлiгiнiң кiшi жамбас жазықтығына қатынасы
5. Жатыр түбiнiң биiктiгi
??? № 23
Плацента тығыз бекуі кездеседі
1 алғаш босанған әйелдерде
2 гестоз дамығанда
3 (+) эндометрийдің құрылымды-морфологиялық өзгерістері кезінде
4 көп ұрықты жүктілік кезінде
5 экстрагенитальды патология кезінде
??? № 24
ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігі бекіткен, әйелдер кеңесінің мақұлданған
стандартты бойынша физиологиялық жүктілік кезінде әйелдер кеңесіне қанша рет
қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3. (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет
??? № 25
Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3. (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн
??? № 26
Жатыр қуысында плацента қалдықтарының қалуының негiзгi белгiлері:
1. Жалған күшенудiң болуы
2. Іштiң төменгi бөлiгiндегi толғақ тәрiздi ауру сезiмi
3. (+) Жыныс жолдарынан қан ағу
4. Жатыр тонусының төмендеуi
5. Жатыр түбi кiндiктен жоғары.
??? № 27
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң лютеинді фазасы сәйкес келедi:
1. Пролиферация
2. Десквамация
3. (+) Секреция
4. Регенерация
5. Децидуалды єзгерiстер
??? № 28
Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3. (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер
??? № 29
Бiрiншiлiк аменореяның себептерi:
1. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
2. (+) Гипоталамикалық құрылым функциясының бұзылыстары
3. Семiздiк
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Артериалдық гипертензия.
??? № 30
Алғашқы босанушы әйел 35 жаста, аудандық орталық тұрғыны, 10 жыл бойы I
бедеулікпен ауырады,осы жүктілігі экстракорпоралдық ұрықтанудан кейін дамыды.
Босануға қайда жіберіледі:
1. (+) Облыстық перинатальды орталыққа.
2. Аудандық орталық ауруханаға.
3. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында
4. Қалалық перзентханада
5. Қалалық перинатальды орталыққа.
??? № 31
Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі
диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті
әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+) 2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына
??? № 32
Жүктiлiктiң нақты белгiлерi:
1. Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабатының көгеруi
2. Жатырдың тауық жұмыртқасының өлшемiне дейiн үлкеюi
3. (+) Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау,жүрек соғысын тындау
4. Етеккiрдiң тоқтауы
5. Жүрек айну және құсу,дәм сезудiң өзгерiстерi
??? № 33
32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады.
Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1. (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ
??? № 34
Жүктi әйелдерде гипогликемиялық команың болу себептері:
1. (+) Терлегiштiк,тынышсыздық,ашыққан сезiм,қозғалмалы қозғыштық
2. Терлегiштiк, ұйқышылдық,шөлдеу
3. Терлегiштiк,тынышсыздық
4. Терлегiштiк, апатия, ашыққан сезiм
5. Терлегiштiк,гиподинамия
??? № 35
Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагениталды патология
3. (+) Қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы
??? № 36
Гиперменоррея дегеніміз:
1. Етеккір циклының ұзақтығының қысқаруы
2. (+) Мерзімінде көп мөлшерде келетін етеккір
3. Ұзаққа созылған етеккір
4. Жиі пайда болатын етеккір
5. Сирек пайда болатын етеккір
??? № 37
Гестоздың ауыр сатысының белгілері:
1 АҚ қысымы 130/85мм с/б дейін
2 Балтырда ісік пайда б/ды
3 зәрде 0,33 % ақуыз пайда болады
4 зәрде 0,33% ақуыз бар
5 (+) АҚ қысымы 170/100мм с/б жоғары, зәрдегі ақуыз 1% жоғары, анасарка, анурия
??? № 38
Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2. (+) Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 39
Преэклампсияның ауыр дәрежесiне тән :
1. Гипокоагуляция
2. Гиперволемия
3. Диурездiң жоғарлауы
4. Бактериурия
5. (+) Олигурия
??? № 40
Олигоменореяға тән;
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2. (+) Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 41
Менструалды циклдың лютеинды фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң гиперплазиясы
2. Эндометрийдiң регенерациясы
3. (+) Сары дененiң жетiлуi
4. Фолликуланың пiсiп жетiлуi
5. Эстрадиол секрециясының жоғарылауы
??? № 42
Ішкі әйел жыныс мүшесі...
1 Қасаға
2 (+) жатыр
3 Шүрті
4 үлкен жыныс ернеу
5 кіші жыныс ернеу
??? № 43
Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1 (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою
??? № 44
(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын"
стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+) 6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет
??? № 45
ҚР ДМ стандарты бойынша жүкті болған кезде әйел консультацияға кемінде неше рет
келу керек:
- 1 рет
- 6 рет
- 12 рет
- (+) 7 рет
- 9 рет
??? № 46
Қағанақ суының қалыпты мөлшері:
1. 50-500
2. (+) 500-1500мл
3. 1500-2000мл
4. 2000-2500мл
5. 2500-3000мл
??? № 47
Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
??? № 48
Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1. (+) Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас
??? № 49
Мерзімінен ерте босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. (+) 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5. 42-43 аптада
??? № 50
Бірінші позицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 (+) нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3 нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы
??? № 51
Жатырдан тыс жүктіліктің емі:
1. Консервативті
2. Комбинирленген
3. (+) Оперативті
4. Физиотерапиялық
5. Гормональды
??? № 52
Жүктi әйелдiң артериалды қан қысымын өлшегенде 180/110 мм.с.б.б. дейiн
жоғарлағаны анықталды.
Бұл жүктiлер гипертензиясының қай дәрежесiне тән :
1. Преэклампсияның жеңiл дәрежесiне
2. Преэклампсияның орташа дәрежесiне
3. (+) Преэклампсияның ауыр дәрежесiне
4. Эклампсияға
5. Жүктiлер iсiнуiне.
??? № 53
Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3. (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.
??? № 54
Қынаптың кіреберісінің үлкен бездері орналасады:
1. кіші жыныс еріндерінің негізінде
2. үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы бөлімінің қалыңдау жерінде
3. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда
4. (+) үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде
5. артқы спайкада
??? № 55
Әйелдерде жүкті емес жатыр денесінің ұзындығы:
1. (+) 6-7 см
2. 7-8 см
3. 8-9 см
??? № 56
Туғаннан кейінгі бөлімшедегі төсек орын №420 бұйрыққа сәйкес ауыстырылуы керек.
1 әрбір 12 сағатта
2 әрбір 2 тәулікте
3 әрбір 3 тәулікте
4 (+) әрбір 6 күнде
5 әрбір 24 сағатта
??? № 57
Жүктi әйелдiң салмағын өлшеу жиiлiгi:
1. (+) Әр қабылдауда
2. 1 рет бiрiншi триместрде, 2 рет екiншi триместрде, 3 рет үшiншi триместрде
3. Екi аптада 1рет
4. Айына 1 рет
5. Аптасына 1 рет
??? № 58
Ерте босану кезеңінде қан кету басталғанда ең бірінші қажет
1 жатыр қуысын қолмен зерттеу
2 жұмсақ босану жолдарын қарау
3 (+) жатырға сырттай массаж жасау және утеротониктер енгізу
4 параметрийді клеммирлеу
5 қолқаны қысу
??? № 59
«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен 10 ЕД окситоцин ерітіндісі қашан енгізіледі?
1 (+) босанғаннан кейін
2 толғақ басталғанда
3 басы көрінгенде
4 бала жолдасы туылғаеда
5 дурыс жауабы жоқ
??? № 60
Сау туылған нәрестенi бiрiншi рет емiзудi туылғаннан кейiн бастайды:
1. (+) Бiрден
2. 35-60 минуттан кейiн
3. 2-3сағаттан кейiн
4. 12-13 сағаттан кейiн
5. 14-24 сағаттан кейiн
??? № 61
Жатыр түтікшелері келесі қабаттардан тұрады:
1. Шырышты, шырыш асты, бұлшық еттік
2. Шырышты, майлы, бұлшық еттік
3. (+) Шырышты, бұлшықетті, серозды
4. Эпителиальды, бұлшықетті, серозды
5. Эндометрий, миометрий, серозды
??? № 62
Босанғаннан кейiнгi кезеңде жиiлiгi бойынша бiрiншi орындағы жыланкөз:
1. Мойындық-қынаптық
2. Аралық-қынаптық
3. Несепағар-қынаптық
4. Несеп қуық-қынаптық
5. (+) Тiк iшек-қынапты
??? № 63
Алғаш босанушы әйелдің I кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. 4-5 сағ
3. 6-7 сағ
4. 8-9 сағ
5. (+) 11-12 сағ
??? № 64
Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері:
1. тығыз, ауру сезімді
2. (+) жұмсақ, ауру сезімді
3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін
4. көлемінің кішіреюі
5. артқа еңкейген
??? № 65
Аспапты зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Тазалық дәрежесiне жағынды алу
2. (+) Жатырды зондтау
3. Биопсия
4. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру
5. Бимануалдық-қынаптық зерттеу.
??? № 66
Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология
??? № 67
Гломерулонефриттің қай түрі жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып
табылады:
1. (+) Жедел
2. Созылмалы
3. Латенттi
4. Аралас
5. Гипертензионды
??? № 68
Преэклампсияның негізгі симптомдары:
1. (+) Артериалдық гипертензия, протеинурия, ісіктер
2. Гипотония, олигоурия, гематурия
3. Ауру сезімі, жағынды тәрізді бөлінулер, дене қызуының жоғарылауы
4. Лейкоцитурия, бактериурия, глюкозурия
5. Лейкоцитоз, тромбоцитопения, нейтрофилез
??? № 69
Довженко белгісі - бұл:
1. Жатыр түбi биiктiгi мен пiшiнiнiң өзгеруi
2. Кiндiктiң сыртқы бөлiгiнiң ұзаруы
3. Симфиз үстiнде томпаюдың байқалуы
4. (+) Терең дем алғанда кiндiктiң кiруi және шығуы
5. Симфиздiң үстiнен қолдың қырымен басқанда кiндiктiң ұзаруы
??? № 70
Қалыпты орналасқан бала жолдасы мезгілсіз бөлінгенде жатырдан алу көрсеткіші.
1 жатырдың кеңеюі
2 жатыр гипотониясы
3 миоматозды түйіннің болуы
4 жатырда қосымша жатыр мүйізінің болуы
5 (+) жатыр қабырғасына қанның сіңіп, сұрлануы
??? № 71
Отбасын жоспарлау бөлмесіне контрацепция жөнінде кеңес алу үшін 33 жастағы әйел
көрінді. Күйеуі, баласы жоқ,тұрақты жыныстық серігі жоқ. Сіз төмендегілердің
қайсысын контрацепция ретінде қолдануға кеңес бересіз
1 акүрделі ауыз контрацептерін
2 таза прогстинді контрацептерді
3 жатыр ішіне спираль салуды
4 өз еркімен хирургиялық стерилизация жасауды
5 (+) барьерді
??? № 72
Алғаш босанушы әйел жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң қимылын сезедi:
1. 16 апта
2. 17 апта
3. (+) 20 апта
4. 22 апта
5. 24 апта
??? № 73
Босанғаннан кейiнгi қан ағумен күресу қанша қадамнан тұрады:
1. Екi
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 74
Босануға дейінгі декретті демалыстың ұзақтығы:
1) 60 күн
2) (+) 70 күн
3) 126 күн
??? № 75
Қазiргi жағдайда анатомиялық тар жамбастың жиi кездесетiн түрi:
1. Қиғаш тарылған
2. (+) Көлденең тарылған
3. Жалпы бiр қалыпты тарылға
4. Түтiк тәрiздi тарылған
5. Жалпақ тарылқан
??? № 76
Эктопиялық жүктiлiкте ең қажетті ақпаратты зерттеу:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий абсцессі
3. (+) Лапароскопия
4. ХГ сериялық анықтау
5. Кіші жамбас қуысының УДЗ
??? № 77
Гиперменореяға тән:
1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды
бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. (+) Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 78
Етеккір дегеніміз не?
1 Жатырдың жыртылуы
2 (+) эндометрийдың функционал қабатының сырылып түсуі
3 жатырдан кезекті қан келуі
4 жыныс жасушалардың қосылуы
5 овуляция болу
??? № 79
АИВ/ЖИТС жұқпайды:
1. стерилденбеген көп рет қолданатын инені қолданғанда
2. ЖИТС ауыратын аурумен қорғалмаған жыныстық қатынас болса
3. (+) ЖИТС ауруды құшақтағанда және сүйгенде
4. қорғайтын қолғапсыз зиянды қалдықтармен жұмыс жасау
5. қалыптағы хирургиялық қолғаптармен операция жасағанда
??? № 80
Агнезия дегенiмiз:
1. Ағзаның жетілмеуі
2. (+) Ағзаның жоқ болуы
3. Ағза бөлiктерiн алып тастау
4. Ағзаның төмен түсуi
5. Ағзаны алмастыру
??? № 81
Қыздардағы жыныстық дамудың кешеуілдеуінің негізгі клиникалық белгілерінің бірі:
1. (+) Аменорея
2. Дисменорея
3. Меноррагия
4. Гипертрихоз
5. Гиперполименорея
??? № 82
Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың ауырлығы немен сипатталады?
1. Салмақ жоғалтумен
2. (+) Ацетонуриямен
3. Субфебрильдi дене қызуымен
4. Бас ауруымен
5. Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмiмен
??? № 83
Жатырдан тыс жүктiлiктiң жиi орналасуы:
1. (+) Жатыр түтікшесінде
2. Аналық безінде
3. Жатыр мойнында
4. Жатырдың рудиментарлы мүйізінде
5. Іш қуысында
??? № 84
Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қосымша әдістердің бірі:
1. Жатыр қуысын зондтау
2. (+) Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
3. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 85
Жыныстық дамудың кiдiруi - бұл екiншiлiк жыныстық белгілерінің болмауы
1. 10 жаста, ал етеккiрi - 12 жаста
2. 12 жаста, ал етеккiрi - 14 жаста
3. (+) 14 жаста, ал етеккiрi - 16 жаста
4. 16 жаста, ал етеккiрi - 18 жаста
5. 17 жаста, ал етеккiрi - 20 жаста.
??? № 86
Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4 (+) дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы
??? № 87
Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5. (+) жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан
??? № 88
Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену
қажет:
1. Ірi нәресте
2. (+) Преэклампсия
3. Көпсулық
4. Көп нәресте
5. Семiздiк
??? № 89
Плацентаның төмен орналасуында жыныс жолдарынан қан кетудің себебі:
1. (+) Плацентаның сылынуы
2. Төмен орналасқан плацентаның бүрлерiнiң склероздануы
3. Хорион бүрлерiнiң дистрофиялық өзгерiстерi
4. Плацентаның жоғарғы бөлiгiнде фибриноидтты затттардың көп жиналуы
5. Гиперандрогения
??? № 90
Мерзімінде туылған нәрестеде босану бөлмесiнiң температурасы тең:
1. 18°С
2. 20°С
3. 22°С
4. (+) 25°С
5. 30°С
??? № 91
Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2. (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ
??? № 92
Қайта босанушы әйел жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң қимылын сезедi:
1. 16 апта
2. (+) 18 апта
3. 20 апта
4. 22 апта
5. 24 апта
??? № 93
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi
ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):
1. 5
2. 4
3. 8
4. 12
5. (+) 2
??? № 94
Мерзiмiнен өткен жүктiлiктiң белгiсi:
1. Уыздың пайда болуы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Іш айналымы 100 см және одан да көп
4. Нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қондырылуы
5. Сүт безiнен уыз денешiктерiнiң бөлiнуiнiң жоғарылауы
??? № 95
ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2. (+) АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады
??? № 96
Туғаннан кейін бөлмені әр күнгі жинастырғанда дезинфекциялаушы зат қанша рет
қолданылады
1 (+) 1 рет
2 2 рет
3 3рет
4 аптасына 1 рет
5 аптасына 2 рет
??? № 97
Презервативтің ең негізгі артықшылығы:
1. Жылдам нәтижелегі
2. Жүйелі жанама әсерлердің болмауы
3. Арзан болуы
4. (+) Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялардан қорғау
5. 100 пайыз сенімділік
??? № 98
Сперматозоидтардың өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. 24 сағат
4. (+) 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 99
Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1 (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ
??? № 100
Етеккір циклының фолликулярлы фазасында эндометрийде болады:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
содержание ..
182
183
184
185 ..
|