|
содержание ..
152
153
154
155 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 154
??? № 1
Менструалды циклдың лютеинды фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң гиперплазиясы
2. Эндометрийдiң регенерациясы
3. (+) Сары дененiң жетiлуi
4. Фолликуланың пiсiп жетiлуi
5. Эстрадиол секрециясының жоғарылауы
??? № 2
Босанудың I кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуымын
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. (+) Жатыр мойнының толық ашылуымен
4. Нәрестенің шығуымен
5. Плацентаның бөлінуімен
??? № 3
Жүктi әйелдерде гипогликемиялық команың болу себептері:
1. (+) Терлегiштiк,тынышсыздық,ашыққан сезiм,қозғалмалы қозғыштық
2. Терлегiштiк, ұйқышылдық,шөлдеу
3. Терлегiштiк,тынышсыздық
4. Терлегiштiк, апатия, ашыққан сезiм
5. Терлегiштiк,гиподинамия
??? № 4
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
??? № 5
Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4. (+) Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы
??? № 6
Пуберттаты кезеңде сүт бездерiнiң үлкеюi аталады:
1. Менархе
2. Пубархе
3. (+) Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит
??? № 7
Эктопиялық жүктiлiктi диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий биопсиясы
3. (+) Лапароскопия
4. ХГ сериясын анықтау
5. Кiшi жамбас мүшелерiнiң УДЗ
??? № 8
Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.
??? № 9
Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. Реттi етеккiр
2. Жыныс жолдарынан бөлiнген қанды бөлiндi
3. Іштiң төменгi бөлiгiндегi қатты ауру сезiмi
4. (+) Етеккiрдiң кідіруіне жатыр көлемiнiң сәйкес келмеуi
5. Жатыр қосалқыларында патологиялық өзгерiстер жоқ.
??? № 10
Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті
әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5. (+) Перинатальды орталыққа
??? № 11
Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+) 32 см
3 40 см
??? № 12
Жүктiлiк кезiнде қант диабетiнiң негiзгi асқынуларына жатады:
1. Гипотония
2. Анемия
3. (+) Жүктiлер гипертензиясының ауыр формасы
4. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі
5. Азсулық
??? № 13
Босанудың басталуы -бұл:
1. Ретсіз толғақтардың басталуы
2. (+) Реттi толғақтардың басталуы
3. Қағанақ суының кетуi
4. Күшенудiң болуы
5. Нәресте басының жарып шығуы
??? № 14
Жүктілердің ерте токсикозына тән:
1. Ісіктер, протеинурия
2. Артериалдық қан қысымын жоғарылауы, бастың ауруы
3. (+) Құсу, сілекей ағу
4. Протеинурия, бактериурия
5. Гипотония, бастың айналуы
??? № 15
Қант диабетiнiң негiзгi симптомдары:
1. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, булемия
2. (+) шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, полиурия
3. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, дене салмағының жоғарлауы
4. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, дене салмағының төмендеуi,олигоурия
5. Шөлдеу,ауыздың құрғауы, терiнiң қышуы, жас ағу
??? № 16
Бауыр аурулары кезiнде жүктi болуға қарсы көрсеткiш:
1. (+) Бауыр циррозы
2. Вирусты гепатит А
3. Вирусты гепатит В
4. Вирусты гепатит С
5. Вирусты гепатит Д.
??? № 17
Босанғаннан кейінгі алғашқы үш күндегi лохия сипаты:
1. (+) Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 18
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 19
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 20
Гинекологиядағы гормоналды зерттеу әдiсiне жатады:
1. Анамнез жинау
2. (+) Қандағы гормондарды зерттеу
3. Гинекологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Дене салмағы индексiн анықтау
??? № 21
Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4. (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк
??? № 22
Гипоменструалдық синдромға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. Полименорея, гиперменорея
4. +Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея.
??? № 23
Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс:
1. (+) Кольпоскопия
2. Гистеросальпингография
3. Лапароскопия
4. Биконтраcтты геникография
5. УДЗ.
??? № 24
Анемияның асқынуында бiрiншi орында тұрады
1. Жүктiлiктi үзудiң қаупi
2. Ерте токсикоздар
3. (+) Жүктiлiкпен байланысты гипертензия
4. Көпсулық
5. Көп нәрестелiк
??? № 25
Перзентханада вагиналды тексеру міндетті түрде өткізіледі. түскен кезде
қажеттілігіне қарай әр 6 сағат сайын әр 4 сағат сайын әр 3 сағатта
1) 1, 3, 4
2) 2, 3, 5
3) 3, 4, 5
4) (+) 1, 2, 4
??? № 26
Жүктілік кезінде созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілікке алып келетін қандай
факторлар:
1 анемия, веналардың варикозды кееюі, миопия
2 шылым тарту, алкоголизм, наркомания, анатомиялық тар жамбас
3 (+) инфекционды аурулар, анемия, жүктілікпен байланысты гипертензия
4 нәрестенің көлденең және қиғыш жатуы, нәрестенің жамбаспен жатуы
5 жүктілікпен байланысты гипертензия, шылым тарту, алкоголизм, миопия
??? № 27
Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1. (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте өлiм
3. Кеш өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi
??? № 28
Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5. (+) Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi
??? № 29
Қынаптың кіреберісінің үлкен бездері орналасады:
1. кіші жыныс еріндерінің негізінде
2. үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы бөлімінің қалыңдау жерінде
3. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда
4. (+) үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде
5. артқы спайкада
??? № 30
Базалдық температураның әсерi негiзделедi:
1. Эстрогендердiң гипоталамусқа
2. Простагландиндердiң гипоталамусқа
3. (+) Прогестеронның гипоталамустың термореттеушi орталығына
4. Андрогендердiң гипоталамусқа
5. Пролактиннiң гипофизге.
??? № 31
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:
1. (+) Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi
2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi
3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету
4. Жиi жағынды түрiндегi жыныс жолдарынан қан кету
5. Түнгі уақытта жыныс жолдарынан қан кету
??? № 32
Плацентация басталады:
1. (+) Жүктiлiктiң 3- аптасынан
2. Жүктiлiктiң 10 аптасынан
3. Жүктiлiктiң 16 аптасынан
4. Жүктiлiктiң 20 аптасынан
5. Жүктiлiктiң 30 аптасынан
??? № 33
Үшінші Леопольд тәсілі анықтайды:
1 орнығуы, позициясы мен түрін
2 нәресте бөлігін,оның кіші жамбас қуысына қатынасын
3 (+) нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
4 жатыр тонусы, босану әрекетінің ырғақтылығын
5 жатыр деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын
??? № 34
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының арнайы емес қоздырғыштарына
жатады:
1. (+) Стафилококк
2. Стрептококк
3. Туберкулез
4. Ішек таяқшасы
5. Лактобактериялар
??? № 35
Қыздардағы қабыну үрдісінің ең жиі орналасуы:
1. (+) Сыртқы жыныс мүшелері
2. Қынап
3. Жатыр
4. Аналық бездері
5. Жатыр түтіктер
??? № 36
Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:
1. 1-шi күні
2. (+) 2-3-шi күні
3. 5-6-шы күні
4. 7-8-шi күні
5. 1 ай
??? № 37
Плацентаның бөлiну белгiлерiн қанша уақыт күтеміз:
1. 10 минут
2. 20 минут
3. (+) 30 минут
4. 40 минут
5. 50 минут
??? № 38
Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
??? № 39
Бала жолдасының толық нығыздала жатырға жабысуын сипаттайтын белгі.
1 іштің ауыруы
2 қан кету
3 нәресте туғаннан кейін жатыр түбінін биіктігі кіндіктен жоғары тұруы
4 (+) Бала жолдасының бөліну белгілерінің болмауы
5 шар тәрізді жатыр
??? № 40
Мына суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:

1. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі
??? № 41
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 42
Жүктілікпен шақырылған гипертензияда жедел босандыруға көрсеткіш:
1. Аяқтарында айқын ісіну
2. Протеинурия 0,3г/тәу жоғары
3. (+) Олигоурия
4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.сп.бб. дейін көтерілуі
??? № 43
Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея.
??? № 44
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 45
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
- 8 күн
- 18 күн
- (+) 28 күн
- 38 күн
??? № 46
Жатыр түбі биіктігі семсертәрізді өсінді және қабырға доғасы деңгейінде қай
мерзімге сәйкес келеді:
1 24 апта
2 28 апта
3 (+) 32 апта
4 38 апта
??? № 47
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2) (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен
??? № 48
Гестоз емі кезінде магний сульфатын тамыр ішіне енгізу жүргізіледі
1 жүргізілмейді
2 АҚ жоғары болғанда жылдам енгізіледі
3 кристаллоидтар ерітіндісінде тамшылатып
4 (+) дозамен, АҚ-ға байланыссыз
5 20мл-ға бөліп енгізу
??? № 49
Созылмалы артериалды гипертензияда ең жиі кездесетін асқыну:
1. Туа біткен гипертониялық аурудың дамуы
2. Біріншілік плацентарлы жетіспеушіліктің дамуы
3. Екіншілік плацентарлы жетіспеушіліктің дамуы
4. (+) Жүктілікті көтереалмаушылық
5. Туа біткен ақаулардың дамуы
??? № 50
Босанудан кейiнгi кезеңде қалқанша безiнiң ауруларының негiзгi асқынуы:
1. Бездiң кемiстiгi
2. (+) Қан кету
3. Жатырдың айналуы
4. Ірiңдi-септикалық асқыну
5. Артериальды гипертензия
??? № 51
Бала жолдасын қарап тексергенде оның бүтiндiгi күмән туғызады, жатыры тығыз.
Дәрiгер тактикасы:
1. Араласу қажет емес
2. Жатыр қуысын қыру
3. (+) Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен алып тастау
5. Бала жолдасы қалдықтарын қолмен бөлу және алу
??? № 52
Гломерулонефриттің қай түрі жүктілікті жалғастыруға қарсы көрсеткіш болып
табылады:
1. (+) Жедел
2. Созылмалы
3. Латенттi
4. Аралас
5. Гипертензионды
??? № 53
Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қосымша әдістердің бірі:
1. Жатыр қуысын зондтау
2. (+) Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
3. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 54
Жүктілік және босану кезінде инструментальды зерттеу әдісне жатады:
1. Жатырды зондтау
2. (+) Жатыр мойнын айнамен қарау
3. Биопсия алу
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 55
Бала жолдасының бүтiндiгiне күмән туғанда дәрігер тактикасы:
1. 30 минут iшiнде күту тактикасы
2. Плацентаның қалған қалдықтарын қолмен бөлу және оны шығару
3. (+) Жатыр қуысын қолмен тексеру
4. Жатырды ультрадыбыстық тексеру
5. Жатырды диагностикалық қыру.
??? № 56
Гестоздың ауыр сатысының белгілері:
1 АҚ қысымы 130/85мм с/б дейін
2 Балтырда ісік пайда б/ды
3 зәрде 0,33 % ақуыз пайда болады
4 зәрде 0,33% ақуыз бар
5 (+) АҚ қысымы 170/100мм с/б жоғары, зәрдегі ақуыз 1% жоғары, анасарка, анурия
??? № 57
Перзентхананың барлық бөлімдерінде маска тағылады.
1 бас дәрігер айналып шығарда
2 әйелдермен кеңес өткізгенде
3 (+) эпидемия уақытында
4 жұмыс орнында
5 әрдайым
??? № 58
Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді жатқызады
1 физиологиялық босану бөліміне
2 (+) физиологиялық босанудан кейінгі бөлімге
3 перзентхананың обсервациялық бөліміне
4 жұқпалы аурулар ауруханасына
5 патология бөліміне
??? № 59
Жүктiлiкке байланысты гипертензия бұл жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. (+) 20 аптада
2. 22 аптада
3. 24 аптада
4. 28 аптада
5. 30 аптада.
??? № 60
Эклампсияға тән негізгі симптом:
1. Артериалдық қан қысымының 180/110 мм с.б.б. дейін жоғары көтерілуі
2. Бастың ауруы, құсу
3. (+) Тырысулар
4. Протеинурия
5. Гипотония
??? № 61
Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3. (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы
??? № 62
Жетiлген бала жолдасының салмағы:
- 100-200г
- 300-400г
- (+) 500-600г
- 700-800г
??? № 63
Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1 (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей
??? № 64
Жүктіліктің физиологиялық ағымында терапевттің қарауы жүктіліктің қай мерзіміне
сәйкес:
1. 12 апта және 20 аптада
2. 12 апта және 30 аптада
3. Алғаш келуі және 36 апта
4. 16 апта және 32 аптада
5. (+) Алғаш келуі және 30 апта
??? № 65
Жүкті әйелдерде жиі кездесетін анемия түрі:
1. Мегалобластық гиперхромды анемия
2. Метаболикалық гипохромды анемия
3. (+) Темір тапшылықты гипохромды анемия
4. Гипопластикалық анемия
??? № 66
Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу,
лапароскопия
2. (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы,
ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу
??? № 67
ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+) кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы
??? № 68
Аналық безiнiң iсiктерiн қандай аурулармен дифференциалды диагностика
жүргiзіледі:
1. Трофобластикалық ауру
2. Жатырлық жүктiлiк
3. (+) Жатырдан тыс жүктiлiк
4. Созылмалы пиелонефриттiң өршуi
5. Ішектiң шаншуы.
??? № 69
Қалыпты менструация циклының ұзақтығы (күндер):
1. 5-10
2. 12-17
3. 18-20
4. (+) 21-35
5. 36-40
??? № 70
Жүкті әйелдің іш айналымын өлшейді:
1. (+) Кіндік деңгейінде
2. Семсер тәрізді өсінді тұсында
3. Кіндіктен 2 саусақ жоғары
4. Кіндіктен 3 саусақ жоғары
5. Қасаға деңгейінде
??? № 71
Мерзімінен кеш босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5. (+) 42-43 аптада
??? № 72
Дүниежүзі бойынша ана өлімінің себебінің 1-ші орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагенитальды патология
3. (+) Босанудан кейінгі қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы
??? № 73
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені
емiзу жүргiзiледі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. 4 сағат сайын
4. (+) Нәрестенiң қалауы бойынша
5. 5 сағат сайын
??? № 74
Жүктiлiктiң күмәнсiз белгiлерiне тән:
1. Көңiл-күйдiң өзгеруi
2. Иiс сезуiнiң өзгеруi
3. Нәрестенің жүрек соғысын тындау
4. (+) Горвица-Гегар белгiсi
5. Диспепсиялық бұзылыс
??? № 75
Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1. (+) Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас
??? № 76
ДСҰ деректері бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы (сағат):
1)12
2) (+) 24
??? № 77
Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры,
бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
1 кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
2 кіші жамбастың кең жазықтығы
3 кіші жамбастың тар жазықтығы
4 (+) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
5 кіші жамбастың көлденең жазықтығы
??? № 78
Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады:
1. жатырдың сыртқы ернеуі
2. жатырдың ішкі ернеуі
3. (+) қыздық перде (қынапқа кіреберіс)
4. кіші жыныс еріндері
5. ешқайсысы емес
??? № 79
Дүниежүзі бойынша ерте неонатальды өлімнің себебінің 1-ші орнында:
1. Босану жарақаты
2. Туа пайда болған ақау
3. Инфекция
4. Өкпенің жетілмеуі
5. (+) Асфиксия
??? № 80
Бауыр аурулары кезінде босанудан кейін болатын негізгі асқыну:
1. Гипотониялық қан кету
2. Жатыр жыртылуы
3. Жатыр мойнының жыртылуы
4. (+) Коагулопатиялық қан кету
5. Аралықтың жыртылуы
??? № 81
Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге
азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2. (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп
??? № 82
Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
1 мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
2 үлкен еңбектен
3 (+) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
4 үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
5 үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.
??? № 83
Патологиялық аменорея түрi:
1. Лактациялық
2. Гестациялық
3. (+) Аменорея – галакторея
4. Жыныстық жетiлуге дейiнгi
5. Менопаузальды.
??? № 84
Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5. (+) 2500-3000г
??? № 85
Босану үйінің қызметі:
1 әйелдерге жедел гинекологиялық көмек көрсету
2 акушерлік-гинекологиялық стационарда тек жүктілерге көмек көрсету
3 (+) жүктілерге, босаушыларға және босанғандарға акушерлік-гинекологиялық
көмек көрсету
4 жүктілер мен босанушыларға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету
босанушылар мен босанғандарға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек
көрсету
??? № 86
Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 87
Босанудың үшінші кезеңінде бала жолдасының бөліну белгілері оңды болады
1 жатырды сырттай уқалағанда
2 бала жолдасын қолмен түсіргенде
3 (+) бала жолдасын сырттай әдістерімен түсіргенде
4 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі еккенде
5 іштің төменгі жағына мұзды мұйық қойғанда
??? № 88
Нәрестенің бағыты (позиция) дегеніміз не?
1 (+) нәресте арқасының жатырдың оң және сол қабырғасына қатынасы
2 нәрестенің жүрек соғысы
3 нәрестенің дене қызуы
4 жаңа туылған нәрестенің сарғаюы
5 нәрестенің бойының өлшемі
??? № 89
Суреттен эндометрийдi көрсетіңіз:

1. (+) 1
2. 2
3. 3
4. 4
5. 5
??? № 90
30 минут көлемiнде плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:
1. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын бөлу
3. Абуладзе бойынша бала жолдасын бөлу
4. Жатырға сырттай массаж жасау
5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу.
??? № 91
Берiлген суретте қай өлшем көрсетiлген.

1. D. spinarum
2. D.cristarum
3. (+) D.Trochanterica
4. D.коньюгата externa
5. D.коньюгата vera
??? № 92
Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды
көрсетіңіз:
1 Егіз нәрестелік
2 Үштік нәрестелер
3 (+) Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі
4 Ірі нәресте
5 Туа біткен жүрек ақауы
??? № 93
Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3. (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер
??? № 94
Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты:
1. (+) Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен
2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен
3. Гонаданың дисгенезиясымен
4. Шихан синдромымен
5. Симмондссиндромымен
??? № 95
Альгодисменореяға тән:
1. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен кєп
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. (+) Ауру сезiмдi етеккiр
5. Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.
??? № 96
Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерiнiң бiрi:
1. Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Шырышты қабаттың көгеруі
4. Етеккірдің кідіруі
5. (+) Жүректің айнуы
??? № 97
Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3. (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу
??? № 98
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 99
Қандай гинекологиялық операция жатырды зондтаудан басталады:
1. Қынаптың артқы күмбезi арқылы пункция жасау
2. (+) Жатыр қуысын диагностикалық қыру
3. ЖҚС алу
4. Жатыр мойнының диатермоэксцизиясы
5. Кольпоскопия.
??? № 100
Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+) 1-2
2 3-4
3 5-6
содержание ..
152
153
154
155 ..
|