Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 143

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     141      142      143      144     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 143

 

 

 

??? № 1

Жүкті әйелдің 1 аптада қосқан үйлесімді қалыпты салмағы:
1 30г
2 50г
3  (+) 400г
4 700г


 

??? № 2

Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1.  (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 3

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының ұсынысына сәйкес жаңа туылған нәрестені емiзу жүргiзiледі:
1. 2 сағат сайын
2. 3 сағат сайын
3. 4 сағат сайын
4.  (+) Нәрестенiң қалауы бойынша
5. 5 сағат сайын

 

??? № 4

Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлiгiмен бекiтiлген стандарттарға сәйкес, жүктiлiктің физилогиялық ағымында жүкті әйел әйелдер кеңесіне қанша рет қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3.  (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет

 

??? № 5

Мерзімінен кеш босану-бұл:
1. 16-21 аптада
2. 22-27 аптада
3. 28-36 аптада
4. 37-41 аптада
5.  (+) 42-43 аптада

 

??? № 6

Эстрогендердiң негiзгi синтезi жүредi:
1. Жатырда
2. Гипоталамуста
3. Аденогипофизде
4.  (+) Аналық безде
5. Гипофиздiң артқы бөлiгiнде.

 

??? № 7

Пісіп жетілген жатыр мойнына тән белгілерді жікте:
1 жатыр мойны ұзындығы 3,0 см
2 периферия бойымен жұмсаруы
3 цервикальды канал жабық
4 (+)  барлық аймақтың жұмсаруы
5 жатыр мойны тегістелген

 

??? № 8

Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагениталды патология
3.  (+) Қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы

 

??? № 9

Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы не болып табылады:
1 кіші жыныс еріндері
2 (+)  қыздық перде
3 жатыр мойнының сыртқы мойны
4 жатыр мойнының ішкі мойны
5 қынап

 

??? № 10

Бауыр аурулары кезiнде жүктi болуға қарсы көрсеткiш:
1.  (+) Бауыр циррозы
2. Вирусты гепатит А
3. Вирусты гепатит В
4. Вирусты гепатит С
5. Вирусты гепатит Д.

 

??? № 11

Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+)  32 см
3 40 см


 

??? № 12

Жүктiлiктiң анық белгiлерiне жатады.
1. Нәрестенің қозғалуы
2. Жатырдыңүлкеюi
3. Қынап цианозы
4.  (+) Жатырдағы нәресте  мүшелерiн пальпациялау
5. Ректальдi температураның жоғарылауы

 

??? № 13

Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5.  (+) 2500-3000г

 

??? № 14

Плацентаның бөлiну белгiлерiн қанша уақыт күтеміз:
1. 10 минут
2. 20 минут
3.  (+) 30 минут
4. 40 минут
5. 50 минут

 

??? № 15

Қалыпты етеккiр циклы кезiнде екiншi фазаның ұзақтығы кем болмауы керек
1. 6 күннен
2. 8 күннен
3.  (+) 10 күннен
4. 12 күннен
5. 14 күннен.

 

??? № 16

Нағыз конъюгата -бұл:
1.Мықын сүйегiнiң қырларының аралығы
2. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi арлық
3. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы-
4. Сан сүйегiнiң үлкен ұршығының аралығы
5.  (+) Сегізкөз мүйісінен қасағаның ішкі бетінің ең шығыңқы жері-

 

??? № 17

Сыртқы акушерлiк зерттеудің бiрiншi әдісінде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3.  (+) Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. Нәрестенің позициясы
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы

 

??? № 18

Босанудың II кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуы
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. Жатыр мойнының ашылуымен
4. Жатыр мойнының жабылуы
5.  (+)  Нәрестенің туылуымен

 

??? № 19

Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi жабындысы көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 0 балл
2.  (+) 1 балл
3. 2 балл
4. 3 балл
5. 4 балл

 

??? № 20

Үдемелi жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. Реттi етеккiр
2. Жыныс жолдарынан бөлiнген қанды бөлiндi
3. Іштiң төменгi бөлiгiндегi қатты ауру сезiмi
4.  (+) Етеккiрдiң кідіруіне жатыр көлемiнiң сәйкес келмеуi
5. Жатыр қосалқыларында патологиялық өзгерiстер жоқ.

 

??? № 21

Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5.  (+)  жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан

 

??? № 22

Сыртқы әйел жыныс мүшесі...
1 (+)  Қасаға
2 жатыр
3 Аналық без
4 Жатыр мойны
5 Жатыр түтекшесі

 

??? № 23

Әйелдерде профилактикалық қараудың негізгі мақсаты:
1. Жыныс ағзаларындағы ақауды анықтау
2. Етеккір циклінің бұзылысын ерте анықтау
3.  (+)  Жатыр мойының рагын ерте анықтау
4. Жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын ерте анықтау
5. Жүктілікті анықтау

 

??? № 24

Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гонадотропты гормондарына жатады:
1.  (+) ФСГ, ЛГ, пролактин
2. ЛГ, пролактин, окситоцин
3. Пролактин, ФСГ, окситоцин
4. ФСГ, ЛГ, прогестерон, ингибин
5. ФСГ, ЛГ, пролактин, релаксин

 

??? № 25

Босанғаннан кейiнгi ерте қан кету- бұл:
1. Алғашқы 2 сағатта
2. Алғашқы 4 сағатта
3. Алғашқы 8 сағатта
4. Алғашқы 16 сағатта
5.  (+) Алғашқы 24 сағатта

 

??? № 26

Қағанақ суының қалыпты мөлшері:
1. 50-500
2.  (+) 500-1500мл
3. 1500-2000мл
4. 2000-2500мл
5. 2500-3000мл

 

??? № 27

Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2.  (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы

 

??? № 28

Жетілген нәресте кіндігінің орташа ұзындығы:
1. 10-19 см
2. 20-29 см
3. 30-39 см
4.  (+) 40-70 см
5. 71-80 см

 

??? № 29

Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының жоғалуы:
1. Бiрден босанғаннан кейiн
2. Босанғаннан кейiн 1-2шi күнi
3.  (+) Босанғаннан кейiн 1-2-шi аптада
4. Босанғаннан кейiн 3-4 аптада
5. Босанғаннан кейiн 2-3-шi айда

 

??? № 30

Гломерулонефритте босандыруға қолайлы әдiс:
1. Жоспарлы түрде кесар тiлiгi
2. Жедел түрде кесар тiлiгi
3.  (+) Табиғи босану жолдары арқылы
4. Вакуум-экстрактор арқылы табиғи босану жолдары арқылы
5. Табиғи босану жолдары арқылы акушерлiк қысқыш салу

 

??? № 31

Құрсақ ішілік нәресте жағдайын бағалау әдісі:
1 (+)  аускультация, қозғалу санын есептеу, амниоскопия
2 пальпация, аускультация, қанда гормон деңгейін анықтау
3 пальпация, аускультация, қозғалу санын есептеу
4 іш айналымын және жатыр түбі биіктігін өлшеу, аускультация
5 аускультация, кардиотокография, хорионбиопсия

 

??? № 32

Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы

 

??? № 33

Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы.
1.  (+) 16 жастан
2. 17 жастан
3. 20 жастан және одан үлкен жастан
4. 22 жастан және одан үлкен жастан
5. 26 жастан және одан үлкен жастан.

 

??? № 34

Жүктіліктің физиологиялық ағымында терапевттің қарауы жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес:
1. 12 апта және 20 аптада
2. 12 апта және 30 аптада
3. Алғаш келуі және 36 апта
4. 16 апта және 32 аптада
5.  (+) Алғаш келуі және 30 апта

 

??? № 35

Босанғаннан кейiн қан ағу - бұл босанғаннан кейiнгi қан жоғалту:
1. 100 мл және одан жоғары
2. 200 мл және босанудан кейiн көп
3. 300 мл және босанудан кейiн көп
4. 400 мл және босанудан кейiн көп
5.  (+)  500 мл және босанудан кейiн көп.

 

??? № 36

Жүктілерде созылмалы гломерулонефриттің қандай формасы жиі кездеседі:
1.  (+) Латентті
2. Гипертензионді
3. Нефротикалық
4. Аралас
5. Гипрекалиемиялық

 

??? № 37

Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі қаншаға тең:
1) 9,0 см
2)  (+) 13,0 см

 

??? № 38

Босануда ұрық гипоксиясының негізгі себебі
1 преэклампсия
2 ұрықтың жамбаспен келуі
3 (+)  босану қызмет аномалиялары
4 көтерілген жүктілік
5 анасында жүрек-қан тамыр аурулары

 

??? № 39

Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1  (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ


 

??? № 40

Жүкті әйелдердің жатыр жыртылуының жоғары қаупіне жатады:
1.  (+) Жатыр тыртығы
2. Жатыр миомасы
3. Эндомиометрит
4. Анамнезінде түсіктің болуы
5. Анамнезінде тубэктомияның болуы

 

??? № 41

Жүкті әйелдер мен әйелдерге кепілдендірілген тегін медициналық көмек көрсету қай жылы қолданысқа енді:
1 1991 жылы
2. 1998 жылы
3.2003 жылы
4. 2006 жылы
5.  (+) 2009 жылы

 

??? № 42

Мерзiмiнен өткен жүктiлiктiң белгiсi:
1. Уыздың пайда болуы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3.  (+)  Іш айналымы 100 см және одан да көп
4. Нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қондырылуы
5. Сүт безiнен уыз денешiктерiнiң бөлiнуiнiң жоғарылауы

 

??? № 43

Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2.  (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу

 

??? № 44

Жүктіліктің I-жартысындағы токсикоздардың ауырлығы сипатталады.
1  дене салмағын жоғалтумен
2 (+)  ацетонуриямен
3 субфебриллитпен
4 бастың ауыруымен
5 іштің төменгі жағының ауыруымен

 

??? № 45

Гиперменореяға тән:
1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 46

Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3.  (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер

 

??? № 47

Преэклампсияның ауыр дәрежесiне тән :
1. Гипокоагуляция
2. Гиперволемия
3. Диурездiң жоғарлауы
4. Бактериурия
5.  (+) Олигурия

 

??? № 48

Жүктi әйелдердегi ерте токсикоздың жиi кездесетiн клиникалық белгiсi:
1.  (+) Құсу
2. Сiлекей ағу
3. Жүрек айну
4. Бөртпелер
5. Остеомаляция.

 

??? № 49

Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 3 сатысында қандай ем қолданылады?
1.Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы.
2.  (+) Қосарланған сәулелі ем.
3. комбинациялық ем
4. комплексті ем
5.ем қажет емес

 

??? № 50

Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
2.  (+)  Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография, пневмоперитонеум, биконтрастты геникография
4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия
5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы.

 

??? № 51

Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері:
1. жатыр
2. қынап
3. сыртқы жыныс мүшелері
4. жатыр мойны
5. (+)  жатыр түтіктері

 

??? № 52

Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3.  (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал

 

??? № 53

Эклампсияға тән:
1. Гипотония, iсiктер
2. Альбуминурия, iсiктер
3. Лейкоцитурия, iсiктер
4.  (+) Ұстамалар, кома
5. Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.

 

??? № 54

ДСҰ деректері бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы (сағат):
1)12
2) (+)  24

 

??? № 55

Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне жатпайды
1 (+)  жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді

 

??? № 56

Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың орташа дәрежесiнде құсу жиiлiгi:
1. 1-2 рет
2. 3-5 рет
3.  (+)  6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет

 

??? № 57

Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2.  (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу

 

??? № 58

Бала жолдасының төмен орналысуының клиникалық белгісі
1 іштің төменгі жағының ауыруы
2 нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы
3 жатыр пішінің өзгеруі
4 (+)  әртүрлі қарқынмен қан кету
5 жатыр суының кетуі

 

??? № 59

Қалыпты етеккірдің келу ұзақтығы (күндер):
1. 1-2
2.  (+) 3-7
3. 8-9
4. 10-11
5. 12 және одан көп

 

??? № 60

Суретте қандай тексеру жүргiзілуде:
 


1. Қасағаның биiктiгiн өлшеу
2. Кiшi жамбастың шығаберiсiндегi тiк өлшемiн өлшеу
3. Сыртқы пельвиометрия
4.  (+) Диагональды конъюгатаны анықтау

 

 

??? № 61

Етеккiр циклының екi фазалылығын анықтайды:
1. Етеккiрдiң дұрыс ритмi
2. Циклдың ұзақтығы
3. Гипопрогестеронемия
4. Гиперпролактинемия
5.  (+) Овуляция

 

??? № 62

Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+)  1-2
2 3-4
3 5-6


 

??? № 63

Бедеулiк кезiнде жатыр түтiкшесі мен аналық безінің патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кольпоскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистероскопия
4.  (+) Лапароскопия
5. Ирригоскопия

 

??? № 64

Түтiкшелi-перитонеалды бедеулiкті диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Лапароскопия + кольпоскопия
2. Лапароскопия + хромосальпингоскопия
3. Гистероскопия+ кольпоскопия
4.  (+) Лапароскопия + кульдоскопия
5. Истероскопия + кульдоскопия

 

??? № 65

Босанудың басталуы -бұл:
1. Ретсіз толғақтардың басталуы
2.  (+)  Реттi толғақтардың басталуы
3. Қағанақ суының кетуi
4. Күшенудiң болуы
5. Нәресте басының жарып шығуы

 

??? № 66

Қайта жүкті әйел 32 жаста, қала тұрғыны, жүктіліктің 30 аптасында өздігінен толғақтары басталды. Анамнезінде 2 өздігінен түсік. Босануға қайда жіберіледі:
1.  (+) Қалалық перинатальды орталыққа.
2. Қалалық перзентханада.
3. Аудандық орталық ауруханаға
4. Облыстық перинатальды орталыққа
5. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында

 

??? № 67

Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+)  17.10
4 10.11
5 07.12

 

??? № 68

Аменореяның аналық бездi формасына тән емес синдром:
1. Шерешевского-Тернер
2.  (+) Киари-Фроммеля
3. Аналық безiнiң поликистозы
4. Аналық безiнiң резистенттiлiгi
5. Аналық безiнiң жұқаруы

 

??? № 69

Плацента тығыз бекуі кездеседі
1 алғаш босанған әйелдерде
2 гестоз дамығанда
3  (+) эндометрийдің құрылымды-морфологиялық өзгерістері кезінде
4 көп ұрықты жүктілік кезінде
5 экстрагенитальды патология кезінде

 

??? № 70

Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 36 жастағы жатырында 3 кесар тілігінен кейін тыртығы бар:
1 комбинирленген оральды контрацептив;
2 таза прогестинді контрацептив;
3 жатыр ішілік контрацепция;
4  (+) ерікті хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.

 

??? № 71

(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын" стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+)  6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет


 

??? № 72

Жүктіліктің 9 – 10 аптасында әйел келесі шағымдармен дәрігерге келді: сүйектер, бел, бұлшықеттерінің ауыруы. Ауыру себебінен жүрісі өзгерді, қасаға сүйектері ауыра бастады, парестезия байқалды. Сіздің диагнозыңыз:
1 Радикулит
2 Симфизит
3  (+) Жүктілер остеопатиясы
4 Қалыпты жағдай
5 Жүктіліктің үзілуіне қауіпті жағдай

 

??? № 73

Гиперандрогения – бұл гормон деңгейінің жоғарылауы:
1.  (+) Тестостерон
2. ФСГ
3. ЛГ
4. Пролактин
5. Прогестерон

 

??? № 74

Босанғаннан кейінгі 10-шы күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3.  (+) Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.

 

??? № 75

Гестоздың ауыр формасында уақытынан бұрын босану көрсеткіштеріне жатады
1 ұрықтың дамуы тоқтап қалу синдромы
2 босану жолы толық дамымауы
3 Көпсулылық
4 (+)  ағымы ұзақ және терапия тиімсіздігі
5 нефропатия айқын ұрық гипертрофиясымен

 

??? № 76

Суреттен эндометрийдi көрсетіңіз:
 

1.  (+) 1
2. 2
3. 3
4. 4
5. 5


 

??? № 77

Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3.  (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация

 

??? № 78

Жаңа туылған нәрестенің аса тым жетiлген белгiлерi:
1. Бас сүйегi жұмсақ, жiктерi мен еңбектерi кең
2. Терi тургоры төмендеген
3. Шарана майы көп
4.  (+) Бас сүйегi қатты, жiктерi мен еңбектерi тар
5. Кiндiк сақинасы төмен орналасқан.

 

??? № 79

Амниоскопияға көрсеткiш:
1. Нәрестенiң даму ақауы
2. Бала жолдасының бекiнуiнiң ауытқуы
3. Көп нәрестелi жүктiлiк
4. Ірi нәресте
5.  (+) Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессiздiгi

 

??? № 80

Өсіп ,дамып жетілген фолликулада овуляция болу ушын қандай гормон қажет?
1 ФСГ
2 (+) ЛГ
3 прогестерон
4 пролактин
5 тестостерон

 

??? № 81

Дүниежүзі бойынша ерте неонатальды өлімнің себебінің 1-ші орнында:
1. Босану жарақаты
2. Туа пайда болған ақау
3. Инфекция
4. Өкпенің жетілмеуі
5.  (+) Асфиксия

 

??? № 82

Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2.  (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы

 

??? № 83

Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2.  (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп

 

??? № 84

Жаңа туған нәрестенiң қалыпты жағдайдағы температурасы тең:
1. 35,5 -35,9 градус
2. 36,0 -37,2 градус
3.  (+)  36,5 -37,0 градус
4. 37,2 -38,0 градус
5. 37,6 -38,0 градус.

 

??? № 85

Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1.  (+)  Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.

 

??? № 86

Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының мазмұны:
1 (+)  жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері

 

??? № 87

Нәрестенің орналасуын анықтау әдiсi:
1. Пельвиометрия
2. Кардиотокография
3. Амниоцентез
4. Допплерометрия
5.  (+)  Сыртқы акушерлiк тексеру

 

??? № 88

Бала жолдасының негiзгi қызметi:
1. Репродуктивтi
2. Гемопоэтикалық
3. Гемопоэз
4. Иммуномодулдеушi
5.  (+)  Трофикалық

 

??? № 89

Метроррагияға тән:
1. Ұзаұ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп)
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Реттi емес, етекiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер.

 

??? № 90

Жүкті әйелдің іш айналымын өлшейді:
1.  (+)  Кіндік деңгейінде
2. Семсер тәрізді өсінді тұсында
3. Кіндіктен 2 саусақ жоғары
4. Кіндіктен 3 саусақ жоғары
5. Қасаға деңгейінде

 

??? № 91

Мерзiмi жеткен жүктiлiк мерзiмі:
1. 22-28апта
2. 28-34апта
3. 34-36апта
4. 36-37апта
5.  (+) 38-40апта

 

??? № 92

Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3.  (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн


 

??? № 93

Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай аталады:
1 шынайы конъюгата
2 жамбастың откізгіш осі
3 анатомиялық конъюгата
4 (+)  жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығабері жазықтықтың тік өлшемі

 

??? № 94

Арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жатырдың қосалқыларымен бiрге ампутациясы, жатыр экстрипациясы, тубэктомия, цистэктомия
2. Метросальпингография, пелвиография, цервикогистерография, пневмоперитонеум
3. Кольпоскопия, кульдоскопия, лапароскопия, гистероскопия, цистоскопия
4.  (+) Сыртқы жыныс мүшелерін қарау, айнамен қарау, бимануалды-қынаптық, ректо-абдоминалды зерттеу

5. Жатыр қуысын зондтау, жатыр қуысын қыру, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысын пункциялау

 

??? № 95

Босану үйінің қызметі:
1 әйелдерге жедел гинекологиялық көмек көрсету
2 акушерлік-гинекологиялық стационарда тек жүктілерге көмек көрсету
3 (+)  жүктілерге, босаушыларға және босанғандарға акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету
4 жүктілер мен босанушыларға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету босанушылар мен босанғандарға стационарлық акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету

 

??? № 96

Жүктілердің ерте токсикозына тән:
1. Ісіктер, протеинурия
2. Артериалдық қан қысымын жоғарылауы, бастың ауруы
3.  (+) Құсу, сілекей ағу
4. Протеинурия, бактериурия
5. Гипотония, бастың айналуы

 

??? № 97

Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+)  2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына

 

??? № 98

Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2.  (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ

 

??? № 99

Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады:
1. жатырдың сыртқы ернеуі
2. жатырдың ішкі ернеуі
3. (+) қыздық перде (қынапқа кіреберіс)
4. кіші жыныс еріндері
5. ешқайсысы емес

 

??? № 100

Жүктiлiктiң нақты белгiлерi:
1. Қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабатының көгеруi
2. Жатырдың тауық жұмыртқасының өлшемiне дейiн үлкеюi
3.  (+) Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау,жүрек соғысын тындау
4. Етеккiрдiң тоқтауы
5. Жүрек айну және құсу,дәм сезудiң өзгерiстерi

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     141      142      143      144     ..