|
содержание ..
93
94
95
96 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 95
??? № 1
Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік
пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия.
Диагноз:
1 Бүйрек ауру фонындағы артериалді гипертензия
2 Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
3 Гипертония ауруының фонындаға преэклампсияның ауыр дәрежесі
4 (+) Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5 Гестациялық гипертензия
??? № 2
Жүктiлiкте кезінде жүргізілетін қосымша диагностикалық әдiстер:
1. Кiшi жамбас ағзаларының рентгенографиясы
2. Жалпы қан және зәр анализi
3. (+) Жүктiлiкке биологиялық реакциялар, жатырдың УДЗ
4. Жүктi әйелдi жалпы қарау
5. Артериалды қан қысымын өлшеу
??? № 3
Аменорея - етеккiрдiң болмауы:
1. 2 ай
2. 4 ай
3. (+) 6 ай
4. 8 ай
5. 10 ай.
??? № 4
Пуберттаты кезеңде сүт бездерiнiң үлкеюi аталады:
1. Менархе
2. Пубархе
3. (+) Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит
??? № 5
Жасбосанған әйелді қараудан алдын және қарап болғаннан кейін қайсы бұйрыққа
сәйкес акушер иіс сабынмен қолын екі рет сумен сабындап жуып, зарарсызданған
(стерильной) сулықпен сүртеді
1 № 55 бұйрық
2 № 228 бұйрық
3 (+) №420 бұйрық
4 №480 бұйрық
??? № 6
Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің
төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер әдейі
гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік»
деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек:
1 Екінші рет УДЗ жүргізу
2 Бірнеше рет УДЗ жүргізу
3 АХГ тексеру
4 (+) АХГ деңгейінің өзгерісін анықтау
5 Стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау
??? № 7
Нәресте туылғаннан кейiн бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару операциясына
көрсеткiш:
1. (+) 30 минут iшiнде плацентаның бөлiну белгiлерi болмаған кезде
2. Плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ және қан шығыны 100,0
3. Плацентаның бөлiну белгiлерi бар және қан шығын 200,0
4. Қан ағудың пайда болуы 100,0 артық
5. Мерзiмiнен бұрын босануда.
??? № 8
Босануға дейінгі декреттік демалыс қанша күнге беріледі:
1.60
2. (+) 70
3.80
??? № 9
Босану - бұл нәрестенiң жатырдан босану жолдары арқылы шығатын физиологиялық
процесс:
1. (+) Нәресте және плацента қабықшаларымен бiрге
2. Тек нәресте
3. Тек плацента
4. Плацента қабықшаларымен бiрге
5. Плацента қабықшаларымен бiрге және қағанақ суымен
??? № 10
БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+) 3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде
??? № 11
Етеккір циклінің нешінші күндері овуляция болады?
1 20-25
2 (+) 10-14
3 1-5
4 7-10
5 13-17
??? № 12
Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 13
Жаңа туылған нәрестенiң тiрi туылу шартына жатады:
1. Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 1000 г және одан жоғары
2. Жаңа туылған нәрестенiң ұзындығы 35 см және одан жоғары
3. (+) Жүрек соғысының болуы
4. Өзiндiк тыныс алудың болуы
5. Жүктiлiк мерзiмi 28 апта.
??? № 14
Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы:
1. қиғаш
2. циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. (+) тікелей
5. көлденең
??? № 15
Нәрестенің орналасуын анықтау әдiсi:
1. Пельвиометрия
2. Кардиотокография
3. Амниоцентез
4. Допплерометрия
5. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру
??? № 16
Қынаптың құрылысының негізгі ерекшеліктеріне жатпайды:
1. қабырғасы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған
2. шырышты қабатында бездер және шырыш асты қабаты жоқ
3. (+) қынапта болатын сұйықтық
4. қатпарлы
5. қышқылды орта
??? № 17
Аспапты зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Тазалық дәрежесiне жағынды алу
2. (+) Жатырды зондтау
3. Биопсия
4. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру
5. Бимануалдық-қынаптық зерттеу.
??? № 18
Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2 (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер
??? № 19
Эктопиялық жүктiлiкте ең қажетті ақпаратты зерттеу:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий абсцессі
3. (+) Лапароскопия
4. ХГ сериялық анықтау
5. Кіші жамбас қуысының УДЗ
??? № 20
Анемияның асқынуында бiрiншi орында тұрады
1. Жүктiлiктi үзудiң қаупi
2. Ерте токсикоздар
3. (+) Жүктiлiкпен байланысты гипертензия
4. Көпсулық
5. Көп нәрестелiк
??? № 21
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi жабындысы
көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 0 балл
2. (+) 1 балл
3. 2 балл
4. 3 балл
5. 4 балл
??? № 22
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 28 жаста, тұрмыста, 3 баласы бар, 2-3
жылда жүктілік жоспарламайды, аяқтарының тромбофлебиті бар:
1 комбинирленген оральды контрацептивтер;
2 таза прогестинді контрацептивтер;
3 (+) жатыр ішілік контрацепция;
4 хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.
??? № 23
Жүктіліктің 9 – 10 аптасында әйел келесі шағымдармен дәрігерге келді: сүйектер,
бел, бұлшықеттерінің ауыруы. Ауыру себебінен жүрісі өзгерді, қасаға сүйектері
ауыра бастады, парестезия байқалды. Сіздің диагнозыңыз:
1 Радикулит
2 Симфизит
3 (+) Жүктілер остеопатиясы
4 Қалыпты жағдай
5 Жүктіліктің үзілуіне қауіпті жағдай
??? № 24
Вульвит-бұл:
1. (+) Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
3. Эндометрийдің қабынуы
4. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 25
Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты:
1. (+) Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен
2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен
3. Гонаданың дисгенезиясымен
4. Шихан синдромымен
5. Симмондссиндромымен
??? № 26
Дамып келе жатқан жүктiлiкте болмайды:
1. Жатырдыңөлшемiнiңүлкеюi
2. Жатырдың жұмсаруы
3. Пальпацияға реакциялықөзгерiс
4. (+) Жатырдың қатаюы
5. Жатыр формасыныңөзгеруі
??? № 27
Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі
циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3. (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация
??? № 28
Әйелдерде профилактикалық қараудың негізгі мақсаты:
1. Жыныс ағзаларындағы ақауды анықтау
2. Етеккір циклінің бұзылысын ерте анықтау
3. (+) Жатыр мойының рагын ерте анықтау
4. Жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын ерте анықтау
5. Жүктілікті анықтау
??? № 29
Босанудың клиникалық ағымының үшінші кезеңін анықтаңыз?
1 Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 (+) Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
??? № 30
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 31
Іш айналымы өлшенедi.
1. Кiндiк және қанатты өсiндiлерiнiң арлығының ортасында
2. (+) Кiндiк тұсында
3. Кiндiктен 3 саусақ төмен
4. Кiндiктен 2 саусақ жоғары
5. Мықын сүйегiнiң тұсында
??? № 32
Жатыр түбі биіктігі семсертәрізді өсінді және қабырға доғасы деңгейінде қай
мерзімге сәйкес келеді:
1 24 апта
2 28 апта
3 (+) 32 апта
4 38 апта
??? № 33
Гиперандрогения – бұл гормон деңгейінің жоғарылауы:
1. (+) Тестостерон
2. ФСГ
3. ЛГ
4. Пролактин
5. Прогестерон
??? № 34
Әйел 40 жаста. Анамнезінде – 8 босану. Жүктілік және босану кезінде асқыну
байқалмады. Осы жүктілік және босануы 9-шы. Пациент қандай мекемеде босану
керек:
1 Мекенжайының қасындағы перзентханада (1-ші деңгей)
2 (+) Перинаталдық орталығында (3-ші деңгей)
3 Әйел қалаған перзентханада
4 Ұлттық ана және нәрестенің денін сақта орталығында (3-ші деңгей)
5 2-ші деңгейлік перзентханада (аудандық орталық)
??? № 35
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 36
Бала жолдасы кезеңiнде физиологиялық қан жоғалту босанушы әйелдiң дене
салмағының қанша пайызын құрайды:
1. 0,1%
2. 0,3%
3. (+) 0,5%
4. 0,8%
5. 1%
??? № 37
Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін
қандай препарат тағайындау керек:
1 Минералді-витамин кешені
2 Жақсы тамақтану
3 (+) Фолий қышқылын
4 Йод препараттарын
5 Ұйқы және демалу режимін сақтау
??? № 38
Диагональдi конъюгата- бұл:
1. (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi
аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан
??? № 39
Жүктілік кезінде созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілікке алып келетін қандай
факторлар:
1 анемия, веналардың варикозды кееюі, миопия
2 шылым тарту, алкоголизм, наркомания, анатомиялық тар жамбас
3 (+) инфекционды аурулар, анемия, жүктілікпен байланысты гипертензия
4 нәрестенің көлденең және қиғыш жатуы, нәрестенің жамбаспен жатуы
5 жүктілікпен байланысты гипертензия, шылым тарту, алкоголизм, миопия
??? № 40
Әйелдiң репродуктивтi жүйесi қай жаста функционалдық белсендiлiкке жетедi.
1. 14-15 жас
2. (+) 16-18 жас
3. 19-20 жас
4. 21-22 жас
5. 22-23 жас.
??? № 41
Нәрестенi Апгар шкаласымен бағалауда 1-шi және 5-шi минуттан кейiн 8 және 9
баллға жеттi.Асфиксия дәрежесiн атаңыз:
1. (+) Нәрестеде физиологиялық жағдай
2. Жеңiл
3. Орта дәрежесi
4. Ауыр дәрежесi
5. Өте ауыр жағдай
??? № 42
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 43
ҚР ДМ стандарты бойынша жүкті болған кезде әйел консультацияға кемінде неше рет
келу керек:
- 1 рет
- 6 рет
- 12 рет
- (+) 7 рет
- 9 рет
??? № 44
Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1. (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография
??? № 45
Жүктілік гипертензиясын дәлелдеу үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жиілігі:
1. 1 сағат
2. 3 сағат
3. (+) 30 минут
4. 9 сағат
??? № 46
32 жастағы күйеуінен ажырасқан әйелге контрацепция тәсілі туралы сіздің
кеңесіңіз, жыныстық қатынасы сирек «айына 1-2 рет) бір жұппен, 1 баласы бар:
1. марвелон
2. регулон
3. постинор
4. үзілген жыныстық қатынас
5. (+) презерватив
??? № 47
Жүкті әйел жүктіліктің 7-8 апталығында 2 күн бойы ішінің толғақ тәрізді ауыруына
шағымданады, жыныс жолдарынан бөлінділер жоқ. Сіздің диагнозыңыз:
1. (+) Қауіпті түсік
2. Басталған түсік
3. Жатырдан тыс жүктілік
4. Жүрістегі түсік
5. Толық емес түсік
??? № 48
Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4 (+) дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы
??? № 49
Овуляция – бұл:
1. Фоликуланың жетiлуi
2. Жұмыртқа жасушасының керi дамуы
3. (+) Жетiлген фолликуланың жарылуы және аналық жыныс жасушасының шығуы
4. Сары дененің түзiлуi
5. Сары дененiң жарылуы
??? № 50
Суреттен жатыр түтiкшелерiнiң интерстициалды бөлiмiн көрсетіңіз:

1. (+) А
2. В
3. С
4. Д
5. Г
??? № 51
Босанғаннан кейінгі алғашқы үш күндегi лохия сипаты:
1. (+) Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 52
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің жиі себебі
1 (+) кеш гестоздар
2 іштің жарақаттануы
3 мезгілінен асқан жүктілік
4 суегіз, көп нәрістелі жүктілік
5 қысқа кіндік
??? № 53
Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы.
1. (+) 16 жастан
2. 17 жастан
3. 20 жастан және одан үлкен жастан
4. 22 жастан және одан үлкен жастан
5. 26 жастан және одан үлкен жастан.
??? № 54
(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын"
стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+) 6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет
??? № 55
ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+) кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы
??? № 56
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 19 жастағы босанбаған әйел, бірнеше
партнері бар тұрақты емес жыныстық қатынаста тұрады:
1 постинор;
2 (+) презерватив;
3 жатыр ішілік спираль;
4 таза прогестинді контрацептив;
5 комбинирленген оральды контрацептив
??? № 57
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кезiндегi жиi асқынуы:
1. Қан кету
2. Мерзiмiнен ерте босану
3. Нәресте гипоксиясы
4. (+) Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi
??? № 58
Эклампсияға тән:
- Гипотония, iсiктер
- Альбуминурия, iсiктер
- Лейкоцитурия, iсiктер
- (+) Ұстамалар, кома
- Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 59
Ана мен нәресте байланысы жүзеге асады:
1. (+) Бала жолдасы арқылы
2. Жатыр қабырғасы арқылы
3. Амниотикалық қабық арқылы
4. Децидуалды қабық арқылы
5. Жатырдың базалды қабығы арқылы.
??? № 60
Гестоздың ауыр сатысының белгілері:
1 АҚ қысымы 130/85мм с/б дейін
2 Балтырда ісік пайда б/ды
3 зәрде 0,33 % ақуыз пайда болады
4 зәрде 0,33% ақуыз бар
5 (+) АҚ қысымы 170/100мм с/б жоғары, зәрдегі ақуыз 1% жоғары, анасарка, анурия
??? № 61
Босанудың I кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуымын
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. (+) Жатыр мойнының толық ашылуымен
4. Нәрестенің шығуымен
5. Плацентаның бөлінуімен
??? № 62
Қосарланған оралды контрацептивтердiң әсер ету механизмі:
1. Овуляцияны реттейдi
2. Цервикалды шырышты күйдiру
3. (+) Овуляцияны тежейдi
4. Жатыр түтiктерiнiң жиырылу белсендiлiгiнiң төмендеуi
5. Ұрық жұмыртқа жасушасының имплантациясының бұзылуы
??? № 63
Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1. (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте өлiм
3. Кеш өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi
??? № 64
Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:
1. Лактостаз
2. Емiзiктiң жарылуы
3. Инфильтративтi
4. Серозды
5. (+) Ірiңдi.
??? № 65
Трихомониаздың клиникалық белгілері:
1. (+) қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер
2. іштің төменгі жағының ауыруы
3. ірімшік тәрізді бөліністер-
4. қан жағынды
5.бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей
??? № 66
Босанудың үшінші кезеңінде бала жолдасының бөліну белгілері оңды болады
1 жатырды сырттай уқалағанда
2 бала жолдасын қолмен түсіргенде
3 (+) бала жолдасын сырттай әдістерімен түсіргенде
4 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі еккенде
5 іштің төменгі жағына мұзды мұйық қойғанда
??? № 67
Нәрестенің ақауларын антенаталдық анықтау үшін бірінші УДЗ қашан жүргізу қажет
(ДДҰ нұсқауы):
1 жүктіліктің мерзімене қарау маңызды емес
2 6 аптадан кейін
3 10-11 апта аралығында
4 2-13 аптадан кейін
5 (+) 14 аптадан кейін
??? № 68
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
- 8 күн
- 18 күн
- (+) 28 күн
- 38 күн
??? № 69
Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде
туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4. (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта
??? № 70
Сперматозоидтардың өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. 24 сағат
4. (+) 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 71
Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3 (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы
??? № 72
Преэклапсияның ауыр дәрежесiне тән:
1. Ісiк
2. Ісiк, гипертензия
3. Гипертензия
4. (+) Гипертензия, протеинурия, бас ауыру
5. Бас ауру
??? № 73
ДСҰ деректері бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы (сағат):
1)12
2) (+) 24
??? № 74
Физиологиялық жүктiлiк ұзақтығы:
1. 140 күн
2. 200 күн
3. (+) 280 күн
4. 300 күн
5. 400 күн
??? № 75
Өздігінен болатын ерте мерзімдегі түсіктер
1 Rh-фактордын қайшылығы
2 жүк көтеру, жарақаттану
3 хромосомдардың ауытқулары
4 жұқпа
5 (+) истмикоцервикальдық жетіспеушілік
??? № 76
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 77
Эндометритте кездеспейді
1 жатыр субинвалюциясы
2 пальпация кезінде ауыру
3 ірінді-қан аралас сұйықтықтың бөлінуі
4 (+) сірлі-шырышты сұйықтықтың бөлінуі
5 жатыр жиырылуының төмендеуі
??? № 78
Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1. (+) Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.
??? № 79
Жатыр денесі қандай қабаттардан тұрады:
1. Эндометрий, серозды, шырышты
2. Эндосальпинкс, миосальпинкс, перисальпинкс
3. Эндоцервикс, миоцервикс, перицервикс
4. Шырышты, шырышасты, бұлщықетті
5. Эндометрий, миометрий, периметрий (+)
??? № 80
Физиологиялық жүктілікте қасаға буынының өлшемі тең:
1. 0,1- 0,3 см
2. 0,4 - 0,6 см
3. (+) 0,8- 0,9 см
4. 1,0-1,2 см
??? № 81
Қайта жүктілікті әйелдің осы жүктілігінің 28 аптасында балтыр және ішінде ісік
пайда болды. АҚҚ – 160/110 мм с.б., 170/110 мм с.б., зәрінде 3,0г/л протеинурия.
Әйелдер консультациясындағы дәрігердің тактикасы:
1 Антигипертензивті терапия жүргізу
2 (+) Жедел жәрдем көрсететін көлікпен перзентханаға жеткізу
3 Диуретик тағайындау
4 Магензиалді терапия жүргізіп емдеу
5 Күндізгі стационарда емдеу
??? № 82
Жүктiлiктiң күмәндi белгiлерi:
1. Ұрықтың қозғалуы,жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау
2. Жатырдағы ұрықтың мүшелерiн пальпациялау,жүрек соғысын тындау
3. (+) Жүрек айну,құсу, дәм сезудiң өзгеруi,иiстерге сезiмталдық
4. Жатыр пiшiнiнiң өзгеруi,үлкеюi,жұмсаруы
5. Пискачек,Снегирев,Горвица-Гегар белгiлері
??? № 83
Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3. (+) 28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.
??? № 84
Босанудан кейiнгi кезеңде қалқанша безiнiң ауруларының негiзгi асқынуы:
1. Бездiң кемiстiгi
2. (+) Қан кету
3. Жатырдың айналуы
4. Ірiңдi-септикалық асқыну
5. Артериальды гипертензия
??? № 85
Мерзіміне жеткен жүктілікке тән емес:
1. Іш айналым өлшемі - 95-98 см
2. Жатыр түбі биіктігі - 34-36 см
3. (+) Жатыр түбі биіктігі - 28-30 см
4. Кіндік шығыңқы
5. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған
??? № 86
Жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі қалай өзгереді:
1. 1 триместрде 10-20%-ға көтеріледі
2. (+) 26-32 аптасында 30-50%-ға көтеріледі
3. 26-32 аптасында 30-50%-ға төмендейді
4. Жүктіліктің соңында 10-20% көтеріледі
5. Жүктілік бойы өзгермейді
??? № 87
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне
жатпайды
1 (+) жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді
??? № 88
Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң лютеинді фазасы сәйкес келедi:
1. Пролиферация
2. Десквамация
3. (+) Секреция
4. Регенерация
5. Децидуалды єзгерiстер
??? № 89
Төменде көрсетiлген мүшелердiң қайсысы әйелдiң iшкi жыныс мүшелерiне жатады:
1. Бартолин бездерi
2. Клитор
3. (+) Жатыр
4. Кiшi жыныс ерiндерi
5. Құйымшақ
??? № 90
Жүктiлiктiң қай апталығында плацентаның қалындығының өсуi тоқтайды:
1. 27-28 апта
2. 30-31 апта
3. 33-34 апта
4. (+) 36-37 апта
5. 38-40 апта
??? № 91
Жүктіліктің күмәнді белгілері?
1 (+) жүректің айнуы,қусу
2 етеккірдің тоқтауы
3 жатыр мойнының көгеруі
4 ұрықтың қимылы
5 ұрықтың жүрек соғысы
??? № 92
Қаіпсіз аналық бағдарламасына ЖАТПАЙДЫ:
1 таза суға қол жеткізу
2 босану кезінде көмек көрсете алатын дайындалған медициналық жүмыскерлердің
баршылығы
3 босануды қабылдау кезінде таза ортамен қамтамасыз ету
4 (+) жүктілік және босану кезінде медикаментоздық қамтамасыз ету
5 арнайы көмекке пациенттің қолын жеткізу
??? № 93
Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi – ол:
1. (+) Босану әрекетi басталғанға дейiн
2. Реттi босану әрекетi басталған кезде
3. Жатыр мойнының ашылуы 3 см ашылғанда
4. Жатыр мойнының ашылуы 1 см ашылғанда
5. Жатыр мойны толық ашылғанда
??? № 94
Бартолинитке тән:
1. Жатырдың ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердің болуы
3. (+) Бартолин бездерінің ісінуі,ауру сезімі, флюктуация
4. Іштiң төменгi аймақында ауру сезiмi
5. Бел аймағындағы ауру сезiмi
??? № 95
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы
реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет
тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. (+) 10 балл
??? № 96
Гонобленнореядан сақтандыру үшін нәрестенің көзіне не жасалады?
1 96% спирт пен өнделеді
2 (+) 30% альбуцид ерітіндісі мен өнделеді
3 бриллиант жасыл ерітіндісі мен өнделеді
4 су тегі тотығы ерітіндісі мен өнделеді
5 йод спиртті ерітіндісі мен өнделеді
??? № 97
Жатырдан тыс жүктіліктің емі:
1. Консервативті
2. Комбинирленген
3. (+) Оперативті
4. Физиотерапиялық
5. Гормональды
??? № 98
Жүктілік кезінде ағзаның оттегіге қажеттілігі:
1. (+) Жоғарылайды және босану алдында 15-30% көтеріледі
2. Жоғарылайды және босану алдында 20-30% көтеріледі
3. Жоғарылайды және босану алдында 30-40% көтеріледі
??? № 99
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 100
Эклампсияның негізгі белгілері:
1 АҚҚ көтерілуі
2 Ісіктер
3 АҚҚ көтерілуі , ісік
4 Протеинурия
5 (+) АҚҚ көтерілуі ,протеинурия
содержание ..
93
94
95
96 ..
|