|
содержание ..
66
67
68
69 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 68
??? № 1
Әйелдерде профилактикалық қараудың негізгі мақсаты:
1. Жыныс ағзаларындағы ақауды анықтау
2. Етеккір циклінің бұзылысын ерте анықтау
3. (+) Жатыр мойының рагын ерте анықтау
4. Жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын ерте анықтау
5. Жүктілікті анықтау
??? № 2
Консервативтi емге көрсеткіш:
1. Іш қуысына қан кетуде
2. Перитонитте
3. Тубоовариалды абцесстің перфорациясында
4. (+) Пельвиоперитонитте
5. Жатыр перфорациясында
??? № 3
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 4
Дүниежүзі бойынша ана өлімінің себебінің 1-ші орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагенитальды патология
3. (+) Босанудан кейінгі қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы
??? № 5
Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4. (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк
??? № 6
Соловьев индексі деген не:
1 (+) Кәрі жіліктің біліктік буын шеңберінің өлшемі
2 Тобық буын шеңберінің өлшемі
3 Шонданай сүйектің бұдырларынан қасаға буынының жоғарғы жиегіне дейінгі өлшем
4 Екі шонданай сүйектердің бұдырларының арасының өлшемі
5 Жамбастың шеңбер өлшемі
??? № 7
Бала жолдасы кезеңiнде плацентаның толық шынайы сіресуінің белгілері:
1. (+) Қанды бөлiндiлердiң болмауы
2. Аздаған қанды бөлiндiлер
3. Көп мөлшердегi қанды бөлiндiлер
4. Жағынды түрiндегi қанды бөлiндiлер
5. Өте аз қанды бөлiндiлер.
??? № 8
Нәресте сүйегінде :кеңсірік пен шүйде бұдырмасының арасы қандай өлшем?
1 (+) Тік өлшем
2 Қиғаш өлшем
3 Үлкен қиғаш өлшем
4 Вертикал өлшем
5 Көлденең өлшем
??? № 9
Жүктілікпен шақырылған гипертензияда жедел босандыруға көрсеткіш:
1. Аяқтарында айқын ісіну
2. Протеинурия 0,3г/тәу жоғары
3. (+) Олигоурия
4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.сп.бб. дейін көтерілуі
??? № 10
Бала жолдасының қалыптасуы жүктiлiктiң қай мерзiмiнде аяқталады:
1. 10 апта
2. 13 апта
3. (+) 16 апта
4. 19 апта
5. 22 апта
??? № 11
Әйел 20 жаста. Осы бірінші жүктілігі. Әелдер консультациясына келгенде келесі
диагноз қойылды: Жүктілікітің 37 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі. Жүкті
әйел қандай перзентханаға жатқызылу керек. Әйел Алматы қаласының тұрғыны:
1 1-ші деңгейлік перзентханаға
2 (+) 2-ші деңгейлік перзентзанаға
3 Акушерия, гинекология және перинатологиялық ғылыми орталығына (3-ші деңгей)
4 Перинаталдық орталығына (3-ші деңгей)
5 Әйелдің қалған перзентханасына
??? № 12
Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3. (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада
??? № 13
Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3. (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал
??? № 14
Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:
1. (+) Эпилепсиямен
2. Истериямен
3. Гипертоникалық кризбен
4. Менингитпен
5. Паркинсон ауруымен.
??? № 15
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 100 рет, демалысы
реттелмеген, дауысы жоқ , терi жабындысы көкшiл, рефлекстерi әлсiз анықталады ,
бұлшықет тонусы жоқ. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. + 4 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. 10 балл
??? № 16
Етеккір циклының фолликулярлы фазасында эндометрийде болады:
1. Секреция
2. (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 17
Диагональдi конъюгата- бұл:
1. (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi
аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан
??? № 18
Жоспарлы дизинфекция жасау үшін босану үйі жылына қанша рет жабылуы керек:
1 (+) 1-2
2 3-4
3 5-6
??? № 19
Босанудың III кезеңі сипатталады:
1. Нәресте басының шығуымен
2. Нәрестенің туылуымен
3. (+) Бала жолдасының бөлінуі және шығуы
4. Лактация
5. Толғақтың болуы
??? № 20
Әйел 2 апта бойы етеккірің кідіруі, тәңертеңгілікте жүрек айну, ішінің
төменіндегі ауыру сезіміне (көбіне сол жағында) шағымданады. Дәрігер әдейі
гинекологиялық зерттеу жүргізіп, УДЗ-дан кейін «Үдемелі жатырдан тыс жүктілік»
деген диагноз қойды. Диагнозы дәлелдеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек:
1 Екінші рет УДЗ жүргізу
2 Бірнеше рет УДЗ жүргізу
3 АХГ тексеру
4 (+) АХГ деңгейінің өзгерісін анықтау
5 Стационарға диагностикалық лапароскопияға бағыттау
??? № 21
Жатыр түтікшелері келесі қабаттардан тұрады:
1. Шырышты, шырыш асты, бұлшық еттік
2. Шырышты, майлы, бұлшық еттік
3. (+) Шырышты, бұлшықетті, серозды
4. Эпителиальды, бұлшықетті, серозды
5. Эндометрий, миометрий, серозды
??? № 22
Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+) бимануалды тексеру
5. МСГ
??? № 23
Қаралу кабинетіндегі есепке алу формасы:
1. Жүкті әйелдің жеке картасы.
2. Диспансерлік бақылау картасы.
3. (+) Науқастың амбулаторлы медициналық картасы.
4. Босану тарихы.
5. Алмасу картасы.
??? № 24
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 25
Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс:
1. (+) Кольпоскопия
2. Гистеросальпингография
3. Лапароскопия
4. Биконтраcтты геникография
5. УДЗ.
??? № 26
Ана мен нәресте байланысы жүзеге асады:
1. (+) Бала жолдасы арқылы
2. Жатыр қабырғасы арқылы
3. Амниотикалық қабық арқылы
4. Децидуалды қабық арқылы
5. Жатырдың базалды қабығы арқылы.
??? № 27
Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3. (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер
??? № 28
Бартолин бездерінің шынайы абсцессінің емі:
1. Консервативті ем
2. (+) Оперативті ем
3. Диспансерлік бақылау
4. Жалпы жағдайын жақсарту
5. Физиотерапиялық ем
??? № 29
Сыртқы әйел жыныс мүшесі...
1 (+) Қасаға
2 жатыр
3 Аналық без
4 Жатыр мойны
5 Жатыр түтекшесі
??? № 30
Жасбосанған әйелді қараудан алдын және қарап болғаннан кейін қайсы бұйрыққа
сәйкес акушер иіс сабынмен қолын екі рет сумен сабындап жуып, зарарсызданған
(стерильной) сулықпен сүртеді
1 № 55 бұйрық
2 № 228 бұйрық
3 (+) №420 бұйрық
4 №480 бұйрық
??? № 31
Медико-генетикалық тексеруге жүберу үшін әйелдің анамнезінде жүктіліктің қай
мерзімінде өзіндік түсік болуы керек:
- (+) 5-6 апталық кезінде болған түсік
- 10-12 апталық кезінде болған түсік
- 14-16 апталық кезінде болған түсік
- 18-22 апталық кезінде болған түсік
- 24-25 апталық кезінде болған түсік
??? № 32
Босанудың II кезеңiнде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау керек:
1. (+) Әр күшенуден кейін немесе 5 минут сайын
2. 15 минут сайын
3. 25 минут сайын
4. 35 минут сайын
5. 45 минут сайын
??? № 33
Жүктілердің ерте токсикозына тән:
1. Ісіктер, протеинурия
2. Артериалдық қан қысымын жоғарылауы, бастың ауруы
3. (+) Құсу, сілекей ағу
4. Протеинурия, бактериурия
5. Гипотония, бастың айналуы
??? № 34
Гестоздың ауыр формасында уақытынан бұрын босану көрсеткіштеріне жатады
1 ұрықтың дамуы тоқтап қалу синдромы
2 босану жолы толық дамымауы
3 Көпсулылық
4 (+) ағымы ұзақ және терапия тиімсіздігі
5 нефропатия айқын ұрық гипертрофиясымен
??? № 35
БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+) 3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде
??? № 36
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 37
Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді жатқызады
1 физиологиялық босану бөліміне
2 (+) физиологиялық босанудан кейінгі бөлімге
3 перзентхананың обсервациялық бөліміне
4 жұқпалы аурулар ауруханасына
5 патология бөліміне
??? № 38
ҚР ДСМ сай жүкті әйел физиологиялық ағымдағы жүктілігінде неше рет әйелдер
кеңісіне баруы қажет :
1) (+) 5-6
2) 7-8
??? № 39
Қаіпсіз аналық бағдарламасына ЖАТПАЙДЫ:
1 таза суға қол жеткізу
2 босану кезінде көмек көрсете алатын дайындалған медициналық жүмыскерлердің
баршылығы
3 босануды қабылдау кезінде таза ортамен қамтамасыз ету
4 (+) жүктілік және босану кезінде медикаментоздық қамтамасыз ету
5 арнайы көмекке пациенттің қолын жеткізу
??? № 40
Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5. (+) 24 сағаттан кейiн
??? № 41
Босану тарихы– бұл форма №:
1 №113/У
2 №002/У
3 (+) №096/У
4 №111/У
5 №097/У
??? № 42
Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+) нәресте өлшемдерімен
??? № 43
Жатыр денесі қандай қабаттардан тұрады:
1. Эндометрий, серозды, шырышты
2. Эндосальпинкс, миосальпинкс, перисальпинкс
3. Эндоцервикс, миоцервикс, перицервикс
4. Шырышты, шырышасты, бұлщықетті
5. Эндометрий, миометрий, периметрий (+)
??? № 44
Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3 (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы
??? № 45
Жатырдың салмағы (гр) ?
1) (+) 50
2) 60
??? № 46
30.Қайсы әйел жыныс мүшесі төменгі бөлімдерден турады? (интерстициалды,қылта
бөлігі,салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі)
1 (+) жатыр түтігі
2 жатыр
3 аналық безі
4 емшек бездері
5 шүрті
??? № 47
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлiгiмен бекiтiлген
стандарттарға сәйкес, жүктiлiктің физилогиялық ағымында жүкті әйел әйелдер
кеңесіне қанша рет қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3. (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет
??? № 48
Аналық жыныс жасушасының өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. (+) 24 сағат
4. 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 49
Альфа-фетопротеин деңгейі қандай ауыруында жоғарлайды:
1 Ұрықтың дамуы дұрыс болғанда
2 (+) ұрық жүйке трубкасының қалыптасуы дұрыс болмаса
3 Ұрық бүйрегінің қалыптасуы дұрыс болмаса
4 Ұрық жатырының қалыптасуы дұрыс болмаса
5 ұрық Даун ауруына шалдықса
??? № 50
Жатырдан тыс жүктiлiктiң жиi орналасуы:
1. (+) Жатыр түтікшесінде
2. Аналық безінде
3. Жатыр мойнында
4. Жатырдың рудиментарлы мүйізінде
5. Іш қуысында
??? № 51
Бала туылатын залдың температурасы
1 (+) 20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек
??? № 52
Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына
сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ.
Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?
1. (+) диспансерлік есепке алу
2. ештеңе жасамау
3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу
4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру
5. қабынуға қарсы терапия жүргізу
??? № 53
Жатыр мойнының патологиясын анықтауда қолданылады:
1. УДЗ
2. (+) Кольпоскопия
3. Гистероскопия
4. Лапароскопия
5. кульдоскопия.
??? № 54
Қалыпты орналасқан бала жолдасы мезгілсіз бөлінгенде жатырдан алу көрсеткіші.
1 жатырдың кеңеюі
2 жатыр гипотониясы
3 миоматозды түйіннің болуы
4 жатырда қосымша жатыр мүйізінің болуы
5 (+) жатыр қабырғасына қанның сіңіп, сұрлануы
??? № 55
Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:
1 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
2 пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі
3 (+) жатырдың үлкеюі
4 жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді
??? № 56
Ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының шекарасы не болып табылады:
1 кіші жыныс еріндері
2 (+) қыздық перде
3 жатыр мойнының сыртқы мойны
4 жатыр мойнының ішкі мойны
5 қынап
??? № 57
Анемияның асқынуында бiрiншi орында тұрады
1. Жүктiлiктi үзудiң қаупi
2. Ерте токсикоздар
3. (+) Жүктiлiкпен байланысты гипертензия
4. Көпсулық
5. Көп нәрестелiк
??? № 58
Суретте жүктiлiктiң қай белгiсi көрсетiлген:

1. Горвица
2. Гегар
3. Гентер
4. (+) Пискачек
5. Снегиров
??? № 59
Екиншипозицияны анықтаңыз?
1 нәрестенің қиғаш орналасуы
2 нәресте арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қатынасы
3 (+) нәресте арқасы жатырдың он жақ қабырғасына қатынасы
4 нәрестенің жамбас қуысына жақын жатуы
5 бастың орнығуы
??? № 60
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 61
Леопольда 4-шi тәсiлiн көрсетiңiз:

1. 1
2. 2
3. 3
4. (+) 4
??? № 62
Етеккір дегеніміз не?
1 Жатырдың жыртылуы
2 (+) эндометрийдың функционал қабатының сырылып түсуі
3 жатырдан кезекті қан келуі
4 жыныс жасушалардың қосылуы
5 овуляция болу
??? № 63
Менструалды циклдың реттелуiнде қанша деңгей бар:
1. Бір
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 64
Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 65
Суретте нәресте басының орналасуын анықтаңыз:

1. Кiшi жамбасқа кiреберiсте
2. (+) Кiшi жамбас кiреберiсне қондырылған
3. Кiшi жамбастың кiреберiсiндегi кiшi сегментiнде
4. Кiшi жамбасқа кiреберiстегiүлкен сегментте
5. Кiшi жамбас бөлiгiнiң кеңейген жерiнде
??? № 66
Қынап тазалығының қанша дәрежесiн ажыратады:
1. Бір
2. Екі
3. Үш
4. (+) Төрт
5. Бес
??? № 67
АИВ/ЖИТС жұқпайды:
1. стерилденбеген көп рет қолданатын инені қолданғанда
2. ЖИТС ауыратын аурумен қорғалмаған жыныстық қатынас болса
3. (+) ЖИТС ауруды құшақтағанда және сүйгенде
4. қорғайтын қолғапсыз зиянды қалдықтармен жұмыс жасау
5. қалыптағы хирургиялық қолғаптармен операция жасағанда
??? № 68
Бедеулiк кезiнде жатыр түтiкшесі мен аналық безінің патологиясын
диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кольпоскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистероскопия
4. (+) Лапароскопия
5. Ирригоскопия
??? № 69
Физиологиялық аменорея- бұл аменорея байланысты:
1. (+) Балалық шақпен, жүктiлiк кезiнде, лактациямен, менопаузамен
2. Ішкi жыныс мүшелерiнiң туберкулезiмен
3. Гонаданың дисгенезиясымен
4. Шихан синдромымен
5. Симмондссиндромымен
??? № 70
Нәрестенің басымен орнығуы, II позиция. Жүрек тондарына аускультация нүктелеріне
анықтаңыз
1 (+) оң жағы кіндіктен төмен
2 сол жағы кіндіктен төмен
3 оң жақ кіндік тұсында
??? № 71
Етеккiр- бұл:
1. Әйелдiң жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
2. (+) Әйелдiң реттi етеккiр циклiнде жыныс жолдарында болатын қанды
бөлiнiстер
3. Әйелдiң циклдың ортасында болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
4. Әйелдiң етеккiрлiк циклдан тыс болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
5. Әйелдiң етеккiрдiң кiдiруiнен кейiн болатын жыныс жолдарынан қанды бөлiнiстер
??? № 72
Плацентаның төмен орналасуында жыныс жолдарынан қан кетудің себебі:
1. (+) Плацентаның сылынуы
2. Төмен орналасқан плацентаның бүрлерiнiң склероздануы
3. Хорион бүрлерiнiң дистрофиялық өзгерiстерi
4. Плацентаның жоғарғы бөлiгiнде фибриноидтты затттардың көп жиналуы
5. Гиперандрогения
??? № 73
30 минут бойы плацентаның бөлiну белгiлерi жоқ. Дәрігер тактикасы:
1. (+) Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
2. Креде - Лазаревич бойынша бала жолдасын шығару
3. Абуладзе бойынша бала жолдасын шығару
4. Жатырдың сыртқы массажын жасау
5. Көктамырға метилэргометрин енгiзу
??? № 74
Бартолинит-бұл:
1. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. (+) Қынаптың кіреберісінің үлкен бездерінің қабынуы
3. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
4. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 75
Жетілген нәресте кіндігінің орташа ұзындығы:
1. 10-19 см
2. 20-29 см
3. 30-39 см
4. (+) 40-70 см
5. 71-80 см
??? № 76
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуына тән:
1. Нәрестенiң жамбаспен жатуы
2. Нәрестенiң көлденең және қиғаш орналасуы
3. (+) Жатыр гипертонусы, жергiлiктi ауру сезiмi
4. Жатыр гипотонусы, диффузды ауру сезiмi
5. Толғақ тәрiздi ауру сезiмi, қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi.
??? № 77
Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2850,0-ге
азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. (+) Физиологиялық
2. Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп
??? № 78
Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4. (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі
??? № 79
Жатырдан тыс жүктілікті анықтауда қосымша әдістердің бірі:
1. Жатыр қуысын зондтау
2. (+) Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
3. Жатыр қуысын диагностикалық қыру
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 80
ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2. (+) АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады
??? № 81
Эклампсияға тән:
- Гипотония, iсiктер
- Альбуминурия, iсiктер
- Лейкоцитурия, iсiктер
- (+) Ұстамалар, кома
- Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
??? № 82
Қынаптың неше тазалық дәрежесі бар ?
1) (+) 4
2) 5
??? № 83
Менопауза – бұл:
1. 6 ай ішінде етеккірдің болмауы
2. Өздігінен келген соңғы етеккірге дейін менопаузальды симптомдардың пайда
болуы
3. (+) Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің
болмауы
4. Менопаузадан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
5. 65-69 жастан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
??? № 84
Іш айналымы өлшенедi.
1. Кiндiк және қанатты өсiндiлерiнiң арлығының ортасында
2. (+) Кiндiк тұсында
3. Кiндiктен 3 саусақ төмен
4. Кiндiктен 2 саусақ жоғары
5. Мықын сүйегiнiң тұсында
??? № 85
Жүкті әйелдің 1 аптада қосқан үйлесімді қалыпты салмағы:
1 30г
2 50г
3 (+) 400г
4 700г
??? № 86
Сперматозоидтардың өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. 24 сағат
4. (+) 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 87
Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:
1. Лактостаз
2. Емiзiктiң жарылуы
3. Инфильтративтi
4. Серозды
5. (+) Ірiңдi.
??? № 88
Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1. (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография
??? № 89
Жүктiлiк кезiндегi гипертензияға жатады:
1. (+) Систоликалық қысымның 140/90 мм с.б. дейiн және одан да жоғары
тұрақты көтерiлуi
2. Диастоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
3. Орташа артериялық қысым 100 мм с.б.-на тең
4. Систоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
5. АҚ 110/80 мм с.б. дейiн бiр реттiк көтерiлуi
??? № 90
Отбасын жоспарлау бөлмесіне контрацепция жөнінде кеңес алу үшін 33 жастағы әйел
көрінді. Күйеуі, баласы жоқ,тұрақты жыныстық серігі жоқ. Сіз төмендегілердің
қайсысын контрацепция ретінде қолдануға кеңес бересіз
1 акүрделі ауыз контрацептерін
2 таза прогстинді контрацептерді
3 жатыр ішіне спираль салуды
4 өз еркімен хирургиялық стерилизация жасауды
5 (+) барьерді
??? № 91
Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+) 32 см
3 40 см
??? № 92
Ірі нәрестемен босануда кездесетін жиі асқыну:
1. Ананың экстрагениталдық аурулары
2. Нәрестенiң туа бiткен даму ақаулары
3. (+) Жатырдың шамадан тыс созылуы
4. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
5. Тар жамбас.
??? № 93
Қағанақ суының қалыпты мөлшері:
1. 50-500
2. (+) 500-1500мл
3. 1500-2000мл
4. 2000-2500мл
5. 2500-3000мл
??? № 94
Жүктіліктің ерте мерзімінде нәрестенің хромосомды патологиясын пренатальды
диагностикалау әдісі:
1 фетоскопия
2 амниоцентез
3 (+) хорион биопсиясы
4 кордоцентез
5 нәресте тінінің биопсиясы
??? № 95
Қынаптың құрылысының негізгі ерекшеліктеріне жатпайды:
1. қабырғасы көп қабатты жалпақ эпителиймен қапталған
2. шырышты қабатында бездер және шырыш асты қабаты жоқ
3. (+) қынапта болатын сұйықтық
4. қатпарлы
5. қышқылды орта
??? № 96
Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2. (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы
??? № 97
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 98
Жүкті әйелдің өз еркімен жүктілікті үзу қай уақытта жүргізіледі:
1. (+) 12 аптаға дейін
2. 22 аптаға дейін
3. 28 аптаға дейін
4. 8 аптаға дейін
5. 6 аптаға дейін
??? № 99
Аменорея - бұл етеккiрдiң болмауы
1. 2 ай
2. 4 ай
3. (+) 6 ай
4. 8 ай
5. 12 ай.
??? № 100
Суреттен эндометрийдi көрсетіңіз:

1. (+) 1
2. 2
3. 3
4. 4
5. 5
содержание ..
66
67
68
69 ..
|