|
содержание ..
53
54
55
56 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 55
??? № 1
Аналық безіндегі жаңа түзілістерді диагностикалауда негізгі зерттеу әдістері:
1. (+) Гинекологиялық тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Метросальпингография, хромогидротубация
4. ТФД, вульвоскопия
5. Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы
??? № 2
Овуляция – бұл:
1. Фоликуланың жетiлуi
2. Жұмыртқа жасушасының керi дамуы
3. (+) Жетiлген фолликуланың жарылуы және аналық жыныс жасушасының шығуы
4. Сары дененің түзiлуi
5. Сары дененiң жарылуы
??? № 3
БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+) 3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде
??? № 4
Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 5
Қалыпты менструация циклының ұзақтығы (күндер):
1. 5-10
2. 12-17
3. 18-20
4. (+) 21-35
5. 36-40
??? № 6
Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3. (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада
??? № 7
Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+) 4
2) 5
??? № 8
Гиперменорея-бұл:
1. Менструалдық цикл ұзақтығының қысқаруымен
2. (+) Көп мөлшердегi етеккiр
3. Етеккiрдiң ұзақ уақыт келуi
4. Етеккiрдiң жиi келуi
5. Етеккiрдiң сирек келуi.
??? № 9
Бауыр аурулары кезінде босанудан кейін болатын негізгі асқыну:
1. Гипотониялық қан кету
2. Жатыр жыртылуы
3. Жатыр мойнының жыртылуы
4. (+) Коагулопатиялық қан кету
5. Аралықтың жыртылуы
??? № 10
Қандай жүктілік эктопиялық жүктілік деп аталады:
1. Түсіктен кейінгі дамыған жүктілік
2. 30 жастан асқан әйелдердегі жүктілік
3. (+) Жатырдан тыс дамыған жүктілік
4. Ұрықтанған екі аналық жасушаларынан дамыған жүктілік
5. Экстракорпоральды ұрықтанудан кейін дамыған жүктілік
??? № 11
Жүктiлiкте немесе босануда қолданылатын инструментальдi зерттеу әдiсi.
1. Жатырды зондтау
2. (+) Айнаның көмегiмен жатыр мойнын қарау
3. Биопсия
4. Гистероскопия
5. Кольпоскопия
??? № 12
Жаңа туылған нәрестенiң тыныс алу жиiлiгi:
1. Минутына 18-25 рет
2. Минутына 16-20 рет
3. (+) Минутына 40-60 рет
4. Минутына 20-30 рет
5. Минутына 80-100 рет
??? № 13
Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2 (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер
??? № 14
Плацентаның ажырау белгілері болмағанда 30 мин ішінде қажет
1 (+) плацентаны қолмен ажырату және бала жолдасын бөлу
2 бала жолдасын Креде – Лазаревич бойынша бөлу
3 бала жолдасын Абуладзе бойынша бөлу
4 жатырға сырттай массаж жасау
5 метилэргометринді тамыр ішіне енгізу
??? № 15
Нағыз конъюгата -бұл:
1.Мықын сүйегiнiң қырларының аралығы
2. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi арлық
3. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы-
4. Сан сүйегiнiң үлкен ұршығының аралығы
5. (+) Сегізкөз мүйісінен қасағаның ішкі бетінің ең шығыңқы жері-
??? № 16
«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен 10 ЕД окситоцин ерітіндісі қашан енгізіледі?
1 (+) босанғаннан кейін
2 толғақ басталғанда
3 басы көрінгенде
4 бала жолдасы туылғаеда
5 дурыс жауабы жоқ
??? № 17
Суретте жүктiлiктiң қай белгiсi көрсетiлген:

1. Горвица
2. Гегар
3. Гентер
4. (+) Пискачек
5. Снегиров
??? № 18
Бедеулiк кезiнде жатыр түтiкшесі мен аналық безінің патологиясын
диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кольпоскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистероскопия
4. (+) Лапароскопия
5. Ирригоскопия
??? № 19
Ішкі әйел жыныс мүшесі...
1 Қасаға
2 (+) жатыр
3 Шүрті
4 үлкен жыныс ернеу
5 кіші жыныс ернеу
??? № 20
Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1. (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта
??? № 21
Эклампсияның негізгі белгілері:
1 АҚҚ көтерілуі
2 Ісіктер
3 АҚҚ көтерілуі , ісік
4 Протеинурия
5 (+) АҚҚ көтерілуі ,протеинурия
??? № 22
Ерте токсикоздың сирек түріне жатады
1. Птиализм
2. (+) Жүктілер дерматозы
3. Жүрек айну
4. Дене салмағының төмендеуі
5. Құсу
??? № 23
Босану үйі(бөлімшесі) келесі міндеттерді орындайды:
1 аумақтық медициналықкөмек қағидаларын сақтай отырып жедел медициналық көмек
көрсету
2 негізгі хирургиялық қызмет көрсету мәліметтері бойынша статистикалық анализ
жасау
3 әйелдер мен нәрестелерге үйіне барып көмек көрсету
4 (+) ана мен перинатальды өлім, жүктіліктің ауыр
ағымын, босануды, босанудан кейінгі кезең мен нәрестелердің ауыр ауруларын
сараптау
5 Әйелдердің ауыр түрдегі экстаргенитальды ауруларын
сараптама жүргізу
??? № 24
Өздігінен болатын ерте мерзімдегі түсіктер
1 Rh-фактордын қайшылығы
2 жүк көтеру, жарақаттану
3 хромосомдардың ауытқулары
4 жұқпа
5 (+) истмикоцервикальдық жетіспеушілік
??? № 25
Плацентаның төмен орналасуында жыныс жолдарынан қан кетудің себебі:
1. (+) Плацентаның сылынуы
2. Төмен орналасқан плацентаның бүрлерiнiң склероздануы
3. Хорион бүрлерiнiң дистрофиялық өзгерiстерi
4. Плацентаның жоғарғы бөлiгiнде фибриноидтты затттардың көп жиналуы
5. Гиперандрогения
??? № 26
Кіші жамбастың кіреберіс жазықтығының горизонталды жазықтықпен қиылысуы қалай
аталады:
1 шынайы конъюгата
2 жамбастың откізгіш осі
3 анатомиялық конъюгата
4 (+) жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығабері жазықтықтың тік өлшемі
??? № 27
Алдын алу үшін қарау кезінде 45 жастағы әйелде көлемі жүктіліктің 8-9 аптасына
сәйкес келетін жатырдың миомасы анықталды. Шағымдары, клиникалық көрінісі жоқ.
Әйелдер консультациясы дәрігерінің тактикасы?
1. (+) диспансерлік есепке алу
2. ештеңе жасамау
3. жедел жәрдем шақыру, шұғыл операцияға жіберу
4. бір жылдан кейін қайта қарауға шақыру
5. қабынуға қарсы терапия жүргізу
??? № 28
Жатырдан тыс жүктілікті қандай аурулары бар жүкті әйелдерден күдіктенуге болады:
1. Үйреншікті көтереалмаушылық
2. Менструальды циклдың ортасында симптомдардың пайда болуы
3. ЖІС қолдану
4. (+) Созылмалы аднексит, жиі түсіктер
5. Эндокринді генезді бедеулік
??? № 29
Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық
зерттеу
2. (+) Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық
зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография,
пневмоперитонеум, биконтрастты геникография
4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия
5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр
мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы.
??? № 30
Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1. (+) Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.
??? № 31
Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:
1 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
2 пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі
3 (+) жатырдың үлкеюі
4 жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді
??? № 32
Жүктілік гипертензиясын дәлелдеу үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жиілігі:
1. 1 сағат
2. 3 сағат
3. (+) 30 минут
4. 9 сағат
??? № 33
Гиперполименореяға тән:
1. Альгодисменорея, полименорея
2. Метроррагия, меноррагия
3. (+) Полименорея, гиперменорея
4. Гипоменорея, олигоменорея
5. Пройменорея, аменорея
??? № 34
Плацентаның жатуын диагностикалайтын зерттеу әдісі:
1. Амниоскопия
2. Кольпоскопия
3. Хорионбиопсия
4. Кардиотокограмма
5. (+) Ультрадыбыстық зерттеу
??? № 35
Жүкті әйелдерде пиолонефриттің дамуына және асқынуына әсер ететін негізгі
фактор:
1. (+) Ана организмінің инфицирленуі
2. Гормоналды баланстың өзгерісі
3. Анемияның болуы
4. Жүктілерде гипертензияның дамуы
5. Зәр шығару өзегінің қысылуы
??? № 36
Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
1 мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
2 үлкен еңбектен
3 (+) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
4 үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
5 үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.
??? № 37
Нәрестенiң циркуляторлық гипоксиясы - бұл:
1. (+) Артериялық қанда оттегiнiң жеткiлiксiздiгi
2. Нәресте тiндерiнiң оттегiмен қанығуының төмендеуi
3. Тiндердiң оттегiнi сiңiру қабiлетiнiң төмендеуi
4. Эритроцит пен гемоглобиннiң төмендеуi және оларды оттегіні байланыстыру
қабiлетiнiң төмендеуi
5. Артериялық қандағы оттегiнiң нәрестеге төмен жекізілуі
??? № 38
(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын"
стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+) 6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет
??? № 39
Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі
циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3. (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация
??? № 40
Жатыр түтіктерінің туберкулезіндегі шағымдары:
1. (+) біріншілік бедеулік
2. менструалды цикл бұзылыстары
3. Щеткин Блюмберг симптомы оң-
4. екіншілік бедеулік
5. аменорея
??? № 41
Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі:
1. (+) бимануалды тексеру
2. УДЗ
3. гистероскопия
4. бактериоскопия
5. ПЦР
??? № 42
Қыз балалардың жыныс мүшелерiнде болатын қабыну үрдiсiнiң жиi орналасатын жерi:
1. Сальпингоофорит
2. Эндометрит
3. Кольпит
4. (+) Вульвит
5. Пельвиоперитонит
??? № 43
Тұрмыстағы 25 жастағы студентке контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз,
аяқтарында созылмалы тромбофлебитпен ауырады, 1 баланың анасы:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3. (+) жатырішілік контрацепция
4. екіфазалы гормоналды контрацепция
5. үшфазалы гормоналды контрацепция
??? № 44
Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 140 рет, демалысы
реттелген, дауысы қатты , терi жабындысы қызғылт, рефлекс терi анық, бұлшықет
тонусы жетiлген. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. 5 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. (+) 10 балл
??? № 45
Кольпитке тән емес:
1. қынаптың шырышты қабаты ісінген
2. (+) Жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуі
3. Қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған
4. жыныс жолдарынан iрiңдi бөлiндiлердің бөлінуі
5. Жыныс жолдарының қышуы
??? № 46
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 47
Жатырдан тыс жүктiлiк диагностикасында қолданылады:
1. (+) УДЗ, лапароскопия
2. Кульдоскопия
3. Гистеросальпингография
4. Гистероскопия
5. Пневмопельвиография
??? № 48
Босанғаннан кейiнгi қан ағумен күресу қанша қадамнан тұрады:
1. Екi
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 49
Метроррагияға тән:
1. Ұзаұ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп)
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. (+) Реттi емес, етекiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер.
??? № 50
Суреттен периметрийдi көрсетіңіз:

1. 1
2. 2
3. (+) 3
??? № 51
Жатыр мойнында бұлшық ет талшықтарының орналасуы
1. қиғаш
2. (+) циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. тікелей
5. көлденең
??? № 52
Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1. (+) Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас
??? № 53
Бедеулік кезінде гистеросальпингографияны жүргізген дұрыс:
1. (+) менструалды циклдың 7-8- ші күні
2. менструалды циклдың 9-12- ші күн
3. менструалды циклдың 13-15- ші күні
??? № 54
Плацентаның жатырға жабысуының жиi кездесетiн түрi:
1. Алдыңғы қабырғa
2. (+) Артқы қабырғасымен
3. Төменгi сегмент
4. Жатыр түбi
5. Жатыр жаны
??? № 55
Плацентаның жатуын қандай қосымша зерттеу әдiстерi анықтайды:
1. Жалпы қан анализi
2. Картиотокография
3. (+) УДЗ
4. Жатырдың рентгенографиясы
5. Нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау
??? № 56
Берiлген суретте қай өлшем көрсетiлген.

1. D. spinarum
2. D.cristarum
3. (+) D.Trochanterica
4. D.коньюгата externa
5. D.коньюгата vera
??? № 57
Қыз балаларда алғаш етеккiр дене салмағы жеткенде пайда болады
1. 35- 39 кг-ға
2. (+) 40-44 кг-ға
3. 45-50 кг-ға
4. 51-54 кг-ға
5. 55-58 кг-ға.
??? № 58
Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5. (+) Вульвоскопия.
??? № 59
Репродуктивтік денсаулықты сақтау саясаты деген не:
1. (+) Ана және бала денсаулығын сақтау, ана қауіпсіздігі, жанұяны жоспарлау,
медико-генетикалық консультация
2. Ана мектептерінің санын көбейту
3. Жоспарланбаған жүктіліктер санын азайту мақсатында жанұяны жоспарлау және
түсік санын төмендету
4. Жанұяны жоспарлау
5. Босанушылықтың экономикалық өсімділігі
??? № 60
Үйреншікті көтереалмаушылық–бұл анамнезіндегі өзіндік түсік саны:
1. Біреу
2. (+) Екеу және одан көп
3. Үшеу және одан көп
4. Төртеу және одан көп
5. Бесеу және одан көп
??? № 61
Туғаннан кейін бөлмені әр күнгі жинастырғанда дезинфекциялаушы зат қанша рет
қолданылады
1 (+) 1 рет
2 2 рет
3 3рет
4 аптасына 1 рет
5 аптасына 2 рет
??? № 62
Трихомониаздың клиникалық белгілері:
1. (+) қынаптан сарғыш көбікті бөлінулер
2. іштің төменгі жағының ауыруы
3. ірімшік тәрізді бөліністер-
4. қан жағынды
5.бөлінділер иісі «шіріген балық» иісіндей
??? № 63
Сыртқы акушерлiк зерттеудің бiрiншi әдісінде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3. (+) Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. Нәрестенің позициясы
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы
??? № 64
Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi – ол:
1. (+) Босану әрекетi басталғанға дейiн
2. Реттi босану әрекетi басталған кезде
3. Жатыр мойнының ашылуы 3 см ашылғанда
4. Жатыр мойнының ашылуы 1 см ашылғанда
5. Жатыр мойны толық ашылғанда
??? № 65
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының негiзгi симптомы:
1. Жүктiлiк кезiнде жыныс жолдарынан қанды бөлінділіердің болуы
2. Жоғарлаған анемия
3. (+) Жатырдың жергiлiктi ауру сезiмi
4. "Жастық" симптомы
5. Нәрестенiң жүрек соғысы 136 рет.мин
??? № 66
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 67
Сыртқы әйел жыныс мүшесі...
1 (+) Қасаға
2 жатыр
3 Аналық без
4 Жатыр мойны
5 Жатыр түтекшесі
??? № 68
Аменореяға тән:
1. +Аналық безiнiң поликистозы
2. Эндометрийдiң полипы
3. Жатыр миомасы
4. Тромбоцитопения
5. Эндометриоз.
??? № 69
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2) (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен
??? № 70
Гломерулонефритте босандыруға қолайлы әдiс:
1. Жоспарлы түрде кесар тiлiгi
2. Жедел түрде кесар тiлiгi
3. (+) Табиғи босану жолдары арқылы
4. Вакуум-экстрактор арқылы табиғи босану жолдары арқылы
5. Табиғи босану жолдары арқылы акушерлiк қысқыш салу
??? № 71
Эндометритте кездеспейді
1 жатыр субинвалюциясы
2 пальпация кезінде ауыру
3 ірінді-қан аралас сұйықтықтың бөлінуі
4 (+) сірлі-шырышты сұйықтықтың бөлінуі
5 жатыр жиырылуының төмендеуі
??? № 72
Жүктiлiктiң ерте токсикозына тән:
1. Ісiну
2. АҚҚ жоғарлауы
3. (+) Құсу, сiлекей ағу
4. Протеинурия
5. Гипотония
??? № 73
Менструалды циклдың реттелуiне келесi құрылымдар қатысады:
1. Гипоталамус,гипофиз,сыртқы жыныс мүшелерi
2. Ми қыртысы,гипоталамус,iшкi жыныс мүшелерi
3. Гипоталамус,гипофиз,бүйрек үстi безi, жатыр
4. (+) Ми қыртысы,гипоталамус,гипофиз,аналық безі,нысана мүшелерi мен тiндер
5. Ми қыртысы,аналық безі,сүт бездерi.
??? № 74
Босанудың екінші кезеңінің басталу белгілері
1 іштегі нәрестенің кіші жамбас куысына түсуі
2 күшену
3 бастың іште бұрылыс жасауы
4 (+) жатыр мойынының толық ашылуы
5 нәрестенің туылуы
??? № 75
Аналық безiнің жаңа түзiлiстерін диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. (+) Гинекологиялық қарап тексеру, ультрадыбыстық зерттеу
2. Кольпоскопия, гистероскопия
3. Пневмопельвиография, метросальпингография
4. ФДТ, пунктатты цитологиялық зерттеу
5. Артқы күмбез арқылы құрсақ қуысына пункция жасау.
??? № 76
Кіндік бау арқылы жалпы қанша қан ағады?
1 300 мл/мин
2 400 мл/мин
3 (+) 500 мл/мин
4 600 мл/мин
??? № 77
Бала туылатын залдың температурасы
1 (+) 20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек
??? № 78
Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2. (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу
??? № 79
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 80
Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5. (+) 2500 ден жоғары
??? № 81
Гинекологиядағы клиникалық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. (+) Анамнез жинау
2. Функционалды диагностикалық тесттер
3. Гистологиялық зерттеу
4. Кольпоскопия
5. Гистероскопия
??? № 82
Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1 (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей
??? № 83
Преэклампсияның ауыр дәрежесiне тән:
1. Ісiну, протеинурия 0,3 г/тәулiгiне
2. АҚҚ 120/90 мм с.б.б. дейiн жоғарылауы, протеинурия 0,3
3. Ісiну, бастапқы деңгейден систолалық қан қысымының 30 мм с.б.б. жоғарылауы,
4. (+) Бас ауруы, АҚҚ 160/100 мм с.б.б. дейiн жоғарлауы, протеинурия 3 г/тәулiгiне
5. Анасарка, тырысулар, кома
??? № 84
Қандай контрацептив жыныс жолдарымен таралатын аурудан. сақтайды
1 люфеминал
2 депо провера
3 (+) презерватив
4 фарматекс
5 тригулон
??? № 85
ДСҰ деректері бойынша босанғаннан кейінгі ерте кезеңнің ұзақтығы (сағат):
1)12
2) (+) 24
??? № 86
Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.
??? № 87
Жатырдан тыс жүктiлiкке тән:
1. (+) Толғақ тәрізді ауру сезімі, етеккірдің кідіруі,құрсақішілік қан кету
белгілері
2. Етеккiрдiң кiдiруi, жатырдың үлкеюi
3. Құрсақiшiлiк қан кету белгiлерi, етеккiрдiң кiдiруi байқалмайды
4. Менструалды циклдың ортасында құрсақiшiлк қан кетудiң пайда болу белгiлерi
5. Жатырдың жұмсаруы мен көлемiнiң үлкеюi
??? № 88
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кiмдерде жиi кездеседi:
1. Тұңғыш босанушыларда
2. (+) Көп босанушыларда
3. Жас тұңғыш босанушыларда
4. Үлкен жастағы алғаш босанушыларда
5. Тар жамбаста
??? № 89
Жүктiлердегi анемияның дамуының негiзгi патогенетикалық механизмi:
1. Темiр сiңуiнiң бұзылысы
2. Дұрыс тамақтанy
3. (+) Жүктiлiк кезiнде темiрдiң шығуының жоғарлауы
4. Жүктiлiк кезiнде тiндiк алмасудың жоғарлауы
5. Жүктiлiк кезiнде тiндiк алмасудың төмендеуi
??? № 90
Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1. (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте өлiм
3. Кеш өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi
??? № 91
Әйелдер кеңесінде нәрестенің құрсақішілік кідіруін қалай анықтайды:
1. Нәрестенің аускультациясы
2. Кардиотокография
3. (+) Гравидограмма
4. Адамның хорионды гонадотропинін анықтау
5. Жүкті әйелдің салмағын өлшеу арқылы
??? № 92
Нәресте сүйегінде :кеңсірік пен шүйде бұдырмасының арасы қандай өлшем?
1 (+) Тік өлшем
2 Қиғаш өлшем
3 Үлкен қиғаш өлшем
4 Вертикал өлшем
5 Көлденең өлшем
??? № 93
Көлденең тарылған тар жамбасқа тән:
1. Михаэлис ромбысының вертикалды диагоналының тарылуы
2. Жамбастың барлық тiк өлшемдерiнiң тарылуы
3. Шынайы конъюгатаның кеңеюi
4. (+) Жамбастың көлденең өлшемдерiнiң тарылуы
5. Кiшi жамбас кiреберiсiнiң тiк өлшемінiң тарылуы.
??? № 94
Жүктiлердiң iш өлшемi өлшенедi:
1. (+) Кiндiк деңгейiнде
2. Шар тәрiздi өсiндi
3. Кiндiктен төмен
4. Кiндiктен жоғары
5. Симфиз деңгейi
??? № 95
Гиперменорея дегеніміз:
1. меснтруалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
2. (+) уақытында келген көп мөлшердегі етеккір
3. ұзақ етеккір
4. циклдан тыс қанды бөлінулер
5. етеккір 2 айға кешіккеннен кейін қан кетулер
??? № 96
Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры,
бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
1 кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
2 кіші жамбастың кең жазықтығы
3 кіші жамбастың тар жазықтығы
4 (+) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
5 кіші жамбастың көлденең жазықтығы
??? № 97
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 19 жастағы босанбаған әйел, бірнеше
партнері бар тұрақты емес жыныстық қатынаста тұрады:
1 постинор;
2 (+) презерватив;
3 жатыр ішілік спираль;
4 таза прогестинді контрацептив;
5 комбинирленген оральды контрацептив
??? № 98
Азсулық кезінде қағанақ суының мөлшерi тең:
1. 100 мл
2. (+) 500мл
3. 600мл
4. 1000мл
5. 1500мл
??? № 99
Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3 (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы
??? № 100
Қайта жүкті әйелдің жүктілігінің 28 аптасында балтырында, алдыңғы құрсақ
қабырғасында ісіктер анықталды, артериалдық қан қысымы 140/90 мм.с.б.б., зәрдің
жалпы анализінде белок 0,066 г\л, лейкоциттер 2-3 к\а. Алдын ала диагноз қойыңыз.
1. Гипертониялық ауру
2. (+) Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
3. Преэклампсияның ауыр дәрежесі
4. Созылмалы гломерулонефрит
5. Созылмалы пиелонефриттің өршуі
содержание ..
53
54
55
56 ..
|