|
содержание ..
29
30
31
32 ..
Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 31
??? № 1
Созылмалы артериалдық гипертензия жүктiлiктiң қай мерзiмiнде анықталады:
1. 12 аптада
2. 16 аптада
3. (+) 20 аптада
4. 24 аптада
5. 28 аптада
??? № 2
Жүктілердегі ерте токсикоздың ең жиі кездесетін клиникалық формасы:
1. Жүктілер қышынуы
2. (+) Жүктілер құсуы
3. Жүктілер дерматозы
4. Остеомаляция
5. Сілекей ағу
??? № 3
Бала жолдасы кезеңiнде физиологиялық қан жоғалту босанушы әйелдiң дене
салмағының қанша пайызын құрайды:
1. 0,1%
2. 0,3%
3. (+) 0,5%
4. 0,8%
5. 1%
??? № 4
Қынап тазалығының қанша дәрежесiн ажыратады:
1. Бір
2. Екі
3. Үш
4. (+) Төрт
5. Бес
??? № 5
Жүктiлiктiң II триместрiнде жиi болатын асқыну:
1. Плацентаның мезгiлiнен ерте дамуы
2. Плацентаның кеш дамуы
3. Екiншiлiк плацентарлық жетiспеушiлiк
4. (+) Жүктiлер гипертензиясы
5. Нәрестенің құрсақiшiлiк дамуының кідіруі
??? № 6
Қалыпты жүктіліктің соңғы айында
1 жүкті әйел әйелдер консультациясына келмейді
2 (+) әрбір 7-10 күнде әйелдер консультациясына көрінеді
3 әрбір 2-3 аптада әйелдер консультациясына көрінуі керек
4 әйелдер консультациясына күн ара көрінеді
5 тек арыз шағымы болғанда көрінеді
??? № 7
Перзентханаға жүкті әйелді ес –түссіз жағдайда әкелді. Туыстарының айтуы бойынша
үйде тырысулар болған. Жағдайы ауыр, комада, жайылған ісінулер байқалады,
артериалдық қан қысымы 180-100 мм.сп.бб., жүктілік мерзімі 35-36 апта.Сіздің
диагнозыңыз:
1. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Эпилепсия.
2. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі.
3. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Эпилепсия.
4. (+) Жүктіліктің 35-36 аптасы. Эклампсия. Эклампсиялық кома.
5. Жүктіліктің 35-36 аптасы. Коматозды жағдай.
??? № 8
Көлденең тарылған тар жамбасқа тән:
1. Михаэлис ромбысының вертикалды диагоналының тарылуы
2. Жамбастың барлық тiк өлшемдерiнiң тарылуы
3. Шынайы конъюгатаның кеңеюi
4. (+) Жамбастың көлденең өлшемдерiнiң тарылуы
5. Кiшi жамбас кiреберiсiнiң тiк өлшемінiң тарылуы.
??? № 9
Босануға дейінгі декреттік демалыс қанша күнге беріледі:
1.60
2. (+) 70
3.80
??? № 10
Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:

1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3. (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі
??? № 11
Репродуктивті жүйені реттейтін орталықтар саны:
1. Екі
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 12
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 13
Босанудың II кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуы
2. Прелиминарлы кезеңмен
3. Жатыр мойнының ашылуымен
4. Жатыр мойнының жабылуы
5. (+) Нәрестенің туылуымен
??? № 14
Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу,
лапароскопия
2. (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы,
ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу
??? № 15
Сперматозоидтардың өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. 24 сағат
4. (+) 48 сағат
5. 72 сағат
??? № 16
Жүктi әйелдiң салмағын өлшеу жиiлiгi:
1. (+) Әр қабылдауда
2. 1 рет бiрiншi триместрде, 2 рет екiншi триместрде, 3 рет үшiншi триместрде
3. Екi аптада 1рет
4. Айына 1 рет
5. Аптасына 1 рет
??? № 17
Менструалды циклдың реттелуiнде қанша деңгей бар:
1. Бір
2. Үш
3. Төрт
4. (+) Бес
5. Алты
??? № 18
Жатыр мойнының патологиясын диагностикалауда ең ақпаратты әдiс:
1. (+) Кольпоскопия
2. Гистеросальпингография
3. Лапароскопия
4. Биконтраcтты геникография
5. УДЗ.
??? № 19
«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2) (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен
??? № 20
Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының жоғалуы:
1. Бiрден босанғаннан кейiн
2. Босанғаннан кейiн 1-2шi күнi
3. (+) Босанғаннан кейiн 1-2-шi аптада
4. Босанғаннан кейiн 3-4 аптада
5. Босанғаннан кейiн 2-3-шi айда
??? № 21
Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың жеңiл дәрежесiнде құсу жиiлiгi
1. 1-2 рет
2. (+) 3-5 рет
3. 6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет
??? № 22
Жетiлген бала жолдасының салмағы:
1. 100-200г
2. 300-400г
3. (+) 500-600г
4. 700-800г
5. 900-1000
??? № 23
Сальпингитті анықтаудың тиімді әдісі:
1. (+) бимануалды тексеру
2. УДЗ
3. гистероскопия
4. бактериоскопия
5. ПЦР
??? № 24
Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі
циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3. (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация
??? № 25
Нәрестенiң дұрыс емес орналасуына тән емес:
1. Қағанақ суының ерте кетуi
2. Кiндiктiң түсуi
3. Нәрестенiң көлденең орналасуы
4. (+) Хориоамнионит
5. Босану әрекетiнiң ауытқуы
??? № 26
Қалыпты жағдайда ұрықтың жүрек соғысы қанша?
1 (+) 120-160
2 100-110
3 80-90
??? № 27
Әйелдердегi арнайы гинекологиялық зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Жалпы қарап тексеру, көз түбiн зерттеу қынаптық зерттеу, ректоабдоминалдық
зерттеу
2. (+) Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру, айнамен қарау, бимануалдық-қынаптық
зерттеу, ректоабдоминалдық зерттеу
3. Түрiк ершiгi мен бас сүйегiнiң рентгенографиясы, гистеросальпингография,
пневмоперитонеум, биконтрастты геникография
4. Кольпоскопия, кульдоскопия, гистероскопия, лапароскопия, вульвоскопия
5. Жатыр қуысын зондтау, артқы күмбез арқылы құрсақ қуысының пункциясы, жатыр
мойнының биопсиясы, жатыр мойнының диатермоэлектроэксцизиясы.
??? № 28
Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5. (+) 1,5- 2,0 см
??? № 29
Алғаш босанушы әйел жүктiлiктiң қай мерзiмiнде нәрестенiң қимылын сезедi:
1. 16 апта
2. 17 апта
3. (+) 20 апта
4. 22 апта
5. 24 апта
??? № 30
Жүкті әйелдерде пиолонефриттің дамуына және асқынуына әсер ететін негізгі
фактор:
1. (+) Ана организмінің инфицирленуі
2. Гормоналды баланстың өзгерісі
3. Анемияның болуы
4. Жүктілерде гипертензияның дамуы
5. Зәр шығару өзегінің қысылуы
??? № 31
Эктопиялық жүктiлiкте ең қажетті ақпаратты зерттеу:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий абсцессі
3. (+) Лапароскопия
4. ХГ сериялық анықтау
5. Кіші жамбас қуысының УДЗ
??? № 32
Гиперандрогения кезiнде қай гормон деңгейi жоғарылайды:
1. (+) Тестостерон
2. Фолликулостимулдеушi гормон
3. Лютеиндеушi гормон
4. Пролактин
5. Прогестерон.
??? № 33
Вульвит-бұл:
1. (+) Әйелдің сыртқы жыныс мүшелерінің қабынуы
2. Қынаптың шырышты қабатының қабынуы
3. Эндометрийдің қабынуы
4. Жатыр түтікшелерінің қабынуы
5. Аналық безінің қабынуы
??? № 34
Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының арнайы емес қоздырғыштарына
жатады:
1. (+) Стафилококк
2. Стрептококк
3. Туберкулез
4. Ішек таяқшасы
5. Лактобактериялар
??? № 35
Аменорея – бұл етеккірдің болмауы:
1. 2 ай және одан да көп
2. 4 ай және одан да көп
3. (+) 6 ай және одан да көп
4. 8 ай және одан да көп
5. 12 ай және одан да көп
??? № 36
Жасбосанған әйелді қараудан алдын және қарап болғаннан кейін қайсы бұйрыққа
сәйкес акушер иіс сабынмен қолын екі рет сумен сабындап жуып, зарарсызданған
(стерильной) сулықпен сүртеді
1 № 55 бұйрық
2 № 228 бұйрық
3 (+) №420 бұйрық
4 №480 бұйрық
??? № 37
Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 28 жаста, тұрмыста, 3 баласы бар, 2-3
жылда жүктілік жоспарламайды, аяқтарының тромбофлебиті бар:
1 комбинирленген оральды контрацептивтер;
2 таза прогестинді контрацептивтер;
3 (+) жатыр ішілік контрацепция;
4 хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.
??? № 38
Меноррагияға тән:
1. (+) Ұзақ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп)
2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Реттi емес, етеккiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер.
??? № 39
Қалыпты етеккірдің келу ұзақтығы (күндер):
1. 1-2
2. (+) 3-7
3. 8-9
4. 10-11
5. 12 және одан көп
??? № 40
Жүктiлiктiң ерте токсикозының ең жиi кездесетiн түрi:
1. Жүктiлiкке байланысты қышыну
2. (+) Жүктiлiкке байланысты құсу
3. Жүктiлiкке байланысты дерматоз
4. Остеомаляция
5. Сiлекей ағу
??? № 41
Нәресте қанағаттанарлық жағдайда туылғанда ұсынылады:
1. Жаңа туылған баланы педиатрға беру
2. Нәрестенi бөлеу
3. (+) Ана мен нәрестеге "терiге терi" қатынасын қамтамасыз ету
4. Реанимациялық үстелге жатқызу
5. Салмағын өлшеу
??? № 42
Қыз балалардың жыныс мүшелерiнде болатын қабыну үрдiсiнiң жиi орналасатын жерi:
1. Сальпингоофорит
2. Эндометрит
3. Кольпит
4. (+) Вульвит
5. Пельвиоперитонит
??? № 43
Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+) барлық аталған принциптер
??? № 44
(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын"
стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+) 6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет
??? № 45
Перзентхананың барлық бөлімдерінде маска тағылады.
1 бас дәрігер айналып шығарда
2 әйелдермен кеңес өткізгенде
3 (+) эпидемия уақытында
4 жұмыс орнында
5 әрдайым
??? № 46
Меноррагия – дегеніміз:
1. ациклды жатырдан қан кетулер
2. (+) циклды жатырдан қан кетулер
3. ауру сезімді және мөлшерден тыс етеккір
4. менструалды циклдың ұзақтығының қысқаруы
5. менструалды циклдың ұзаруы
??? № 47
Жаңа туған нәрестенiң қалыпты жағдайдағы температурасы тең:
1. 35,5 -35,9 градус
2. 36,0 -37,2 градус
3. (+) 36,5 -37,0 градус
4. 37,2 -38,0 градус
5. 37,6 -38,0 градус.
??? № 48
Әйелдiң репродуктивтi жүйесi қай жаста функционалдық белсендiлiкке жетедi.
1. 14-15 жас
2. (+) 16-18 жас
3. 19-20 жас
4. 21-22 жас
5. 22-23 жас.
??? № 49
Преэклампсияның негізгі симптомдары:
1. (+) Артериалдық гипертензия, протеинурия, ісіктер
2. Гипотония, олигоурия, гематурия
3. Ауру сезімі, жағынды тәрізді бөлінулер, дене қызуының жоғарылауы
4. Лейкоцитурия, бактериурия, глюкозурия
5. Лейкоцитоз, тромбоцитопения, нейтрофилез
??? № 50
Босану әрекетiнiң әлсiздiгiне әкеледі:
1. Қалыпты орналасқан плацентанық мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Преэклампсия
3. (+) Ірi нәресте
4. Плацентаның жатуы
5. Нәрестенiң гипотрофиясы
??? № 51
Етеккір дегеніміз не?
1 Жатырдың жыртылуы
2 (+) эндометрийдың функционал қабатының сырылып түсуі
3 жатырдан кезекті қан келуі
4 жыныс жасушалардың қосылуы
5 овуляция болу
??? № 52
Босанғаннан кейінгі 10-шы күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2. Серозды-аздаған қанды
3. (+) Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.
??? № 53
Әйелдер кеңесінде нәрестенің құрсақішілік кідіруін қалай анықтайды:
1. Нәрестенің аускультациясы
2. Кардиотокография
3. (+) Гравидограмма
4. Адамның хорионды гонадотропинін анықтау
5. Жүкті әйелдің салмағын өлшеу арқылы
??? № 54
Өздігінен болатын ерте мерзімдегі түсіктер
1 Rh-фактордын қайшылығы
2 жүк көтеру, жарақаттану
3 хромосомдардың ауытқулары
4 жұқпа
5 (+) истмикоцервикальдық жетіспеушілік
??? № 55
Босану әрекетiнiң басталғанының шарты:
1. Жатыр түбiнiң биiк тұруы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3. (+) Реттi толғақтардың пайда болуы
4. Кiшi жамбас кiреберiсiне нәресте басының қондырылуы
5. Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
??? № 56
Іш айналымы өлшенедi.
1. Кiндiк және қанатты өсiндiлерiнiң арлығының ортасында
2. (+) Кiндiк тұсында
3. Кiндiктен 3 саусақ төмен
4. Кiндiктен 2 саусақ жоғары
5. Мықын сүйегiнiң тұсында
??? № 57
Диагональдi конъюгата- бұл:
1. (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi
аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан
??? № 58
Үшінші Леопольд тәсілі анықтайды:
1 орнығуы, позициясы мен түрін
2 нәресте бөлігін,оның кіші жамбас қуысына қатынасын
3 (+) нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
4 жатыр тонусы, босану әрекетінің ырғақтылығын
5 жатыр деңгейін, оның түбінде нәрестенің қай бөлігі орналасқанын
??? № 59
Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген:
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4. (+) Төртiншi
5. Бесiншi

??? № 60
Диагональдi конъюгата тең:
1. (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см
??? № 61
Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5. (+) 24 сағаттан кейiн
??? № 62
Менструалды циклдың лютеинды фазасында аналық безiнде келесi үрдiстер жүредi:
1. Эндометрийдiң гиперплазиясы
2. Эндометрийдiң регенерациясы
3. (+) Сары дененiң жетiлуi
4. Фолликуланың пiсiп жетiлуi
5. Эстрадиол секрециясының жоғарылауы
??? № 63
Анемия кезiнде босанудан кейiнгi кезеңінiң негiзгi асқынуы:
1. (+) Ірiңдi -септикалық аурулар
2. Гипертензия
3. Гипотензия
4. Олигоурия
5. Анурия
??? № 64
Үйреншікті көтереалмаушылық–бұл анамнезіндегі өзіндік түсік саны:
1. Біреу
2. (+) Екеу және одан көп
3. Үшеу және одан көп
4. Төртеу және одан көп
5. Бесеу және одан көп
??? № 65
Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының
мазмұны:
1 (+) жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері
??? № 66
Прогестерон әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. (+) Секреция
2. Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия
??? № 67
Эклампсияға тән негiзгi симптом:
1. АҚҚ 120/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы
2. Бас ауруы
3. (+) Ұстамалар
4. Протеинурия
5. Гипотония
??? № 68
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының деректерi бойынша босанғаннан кейiнгi
ерте кезеңнiң ұзақтығы (сағат):
1. 5
2. 4
3. 8
4. 12
5. (+) 2
??? № 69
Қағанақ суының қалыпты мөлшері:
1. 50-500
2. (+) 500-1500мл
3. 1500-2000мл
4. 2000-2500мл
5. 2500-3000мл
??? № 70
Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы
??? № 71
Жүкті әйелдің өз еркімен жүктілікті үзу қай уақытта жүргізіледі:
1. (+) 12 аптаға дейін
2. 22 аптаға дейін
3. 28 аптаға дейін
4. 8 аптаға дейін
5. 6 аптаға дейін
??? № 72
Жүктіліктің екінші жартысында нәрестенің созылмалы гипоксиясын анықтау әдістерін
атаңыз:
1 (+) амниоскопия, кардиотокография, допплерометрия
2 хорионбиопсия, амниоцентез, допплерометрия
3 УДЗ, хорионбиопсия, амниоцентез
4 ЭКГ, амниоцентез, допплерометрия
5 УДЗ, хорионбиопсия, кардиотокография,
??? № 73
Тұрмыстағы 25 жастағы студентке контрацепция тәсілі туралы сіздің кеңесіңіз,
аяқтарында созылмалы тромбофлебитпен ауырады, 1 баланың анасы:
1. монофазалы гормоналды контрацепция
2. хирургиялық стерилизация
3. (+) жатырішілік контрацепция
4. екіфазалы гормоналды контрацепция
5. үшфазалы гормоналды контрацепция
??? № 74
Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1. (+) Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас
??? № 75
Босану кезінде жатыр мойны жыртылуын алдын алуға жатпайды
1 босануға жатыр мойнын дайындау
2 босанудың бірінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
3 босанудың екінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
4 (+) босануда бета-адреномиметиктерді қолдану
5 аталғандардың барлығы
??? № 76
Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5. (+) Вульвоскопия.
??? № 77
Жүктілік гипертензиясын дәлелдеу үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жиілігі:
1. 1 сағат
2. 3 сағат
3. (+) 30 минут
4. 9 сағат
??? № 78
Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+) есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде
??? № 79
Гиперандрогения – бұл гормон деңгейінің жоғарылауы:
1. (+) Тестостерон
2. ФСГ
3. ЛГ
4. Пролактин
5. Прогестерон
??? № 80
Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену
қажет:
1. Ірi нәресте
2. (+) Преэклампсия
3. Көпсулық
4. Көп нәресте
5. Семiздiк
??? № 81
Бартолинитке тән:
1. Жатырдың ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан қанды бөлiндiлердің болуы
3. (+) Бартолин бездерінің ісінуі,ауру сезімі, флюктуация
4. Іштiң төменгi аймақында ауру сезiмi
5. Бел аймағындағы ауру сезiмi
??? № 82
Кіші жамбас қуысының қай бөлігін алдынан қасаға доғасының төменгі қыры,
бүйірінен – шонданай төмпешігінің ішкі беті және артынан – құйымшақ ұшы?
1 кіші жамбастың кіреберіс жазықтығы
2 кіші жамбастың кең жазықтығы
3 кіші жамбастың тар жазықтығы
4 (+) кіші жамбастың шығаберіс жазықтығы
5 кіші жамбастың көлденең жазықтығы
??? № 83
Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5. (+) 2500 ден жоғары
??? № 84
Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге
азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2. (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп
??? № 85
Етеккiр циклы мен етеккiрдiң орташа ұзақтығы қанша:
1. 21 күн және 1-2 күн
2. 25 күн және 3-4 күн
3. (+) 28 күн және 3-7 күн
4. 30 күн және 8-9 күн
5. 32 күн және 10-11 күн
??? № 86
Босанғаннан кейiнгi кезеңнiң ұзақтығы:
1. 2 апта
2. 4 апта
3. (+) 6 апта
4. 10 апта-
5. 12 апта-
??? № 87
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:
1. (+) Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi
2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi
3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету
4. Жиi жағынды түрiндегi жыныс жолдарынан қан кету
5. Түнгі уақытта жыныс жолдарынан қан кету
??? № 88
Нәрестенің ақауларын антенаталдық анықтау үшін бірінші УДЗ қашан жүргізу қажет
(ДДҰ нұсқауы):
1 жүктіліктің мерзімене қарау маңызды емес
2 6 аптадан кейін
3 10-11 апта аралығында
4 2-13 аптадан кейін
5 (+) 14 аптадан кейін
??? № 89
Жедел плацентарлық жетiспеушiлiктiң себебi:
1. Плацентаның мерзiмiнен бұрын жетілуі
2. (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Плацентаның жатуы
4. Жүктiлiкпен шақырылған гипертензия
5. Темiр жетiспеушiлiктi анемия
??? № 90
Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi – ол:
1. (+) Босану әрекетi басталғанға дейiн
2. Реттi босану әрекетi басталған кезде
3. Жатыр мойнының ашылуы 3 см ашылғанда
4. Жатыр мойнының ашылуы 1 см ашылғанда
5. Жатыр мойны толық ашылғанда
??? № 91
Бауыр аурулары кезiнде жүктi болуға қарсы көрсеткiш:
1. (+) Бауыр циррозы
2. Вирусты гепатит А
3. Вирусты гепатит В
4. Вирусты гепатит С
5. Вирусты гепатит Д.
??? № 92
Жүктілік кезінде УДЗ анықтайды:
1 Нәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, қағанақ
суының түсі
2 Ннәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, кіндік қантамырынің қанайналымы
3 Жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, қағанақ суының көлемі
4 (+) нәрестенің даму ақауы, жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын,
нәрестенің жатуы
5 Жүктілік мерзімін, бала жолдасының орналасуын, генотип және фенотип
??? № 93
Мерзiмi жеткен жүктiлiкте және нәрестенің орташа салмағында iш аймағы және жатыр
түбiнiң биiктiгi сәйкес:
1. 106 және 39 см
2. 82 және 30 см
3. (+) 100 және 35 см
4. 85 және 33 см
5. 90 және 32 см
??? № 94
Гестоз дамуының патогенетикалық факторына кіреді
1 таралған тамыр тарылуы
2 ақуыз бен су-тұз алмасуы бұзылысы
3 тамыр қабырғасының жоғары өткізгіштігі
4 (+) ДШҚҰ-синдромының созылмалы сатысы
5 аталғандардың барлығы
??? № 95
Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне
жатпайды
1 (+) жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді
??? № 96
Жүктіліктің қай мерзімінде босануға дейінгі декретті демалыс беріледі:
1 26 апта
2 (+) 28 апта
3 30 апта
??? № 97
«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен жаңа туылған нәресте қашан емізуге беріледі?
1 2 сағаттан кейін
2 3 сағаттан кейін
3 (+) босанғаннан кейін
4 1 сағаттан кейін
5 7 сағаттан кейін
??? № 98
Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+) 17.10
4 10.11
5 07.12
??? № 99
Жүктілік кезінде созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілікке алып келетін қандай
факторлар:
1 анемия, веналардың варикозды кееюі, миопия
2 шылым тарту, алкоголизм, наркомания, анатомиялық тар жамбас
3 (+) инфекционды аурулар, анемия, жүктілікпен байланысты гипертензия
4 нәрестенің көлденең және қиғыш жатуы, нәрестенің жамбаспен жатуы
5 жүктілікпен байланысты гипертензия, шылым тарту, алкоголизм, миопия
??? № 100
Бала туылатын залдың температурасы
1 (+) 20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек
содержание ..
29
30
31
32 ..
|