|
содержание ..
246
247
248
249 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 248
№ 1
Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 минутта тыныс алу жиілігі?:
- 40-60 рет
- 16-20 рет (+)
- 2-3 рет
№ 2
Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
№ 3
Туберкулезді ерте анықтау мақсатында жаппай жүргізілетін әдіс?:
- флюорография (+)
- томография
- рентгеноскопия
№ 4
Оксигенотерапия дегеніміз?:
- дәрімен емдеу
- оттегімен емдеу (+)
- парафинмен емдеу
№ 5
Спирометрия дегеніміз?:
- пульсты анықтау
- тыныс көлемдерін анықтау (+)
- физикалық дамуын зерттеу
№ 6
Брадипноэ дегеніміз?:
- тамыр соғысы бір минутта 120 рет
- тыныс алу жиілігі бір минутта 6 рет (+)
- тыныс алу жиілігі бір минутта 16 рет
№ 7
Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор
№ 8
Қақырық көп мөлшерде бөлінетін өкпе абсцесінің кезеңі?:
- бастапқы
- бронхқа ашылғаннан кейін (+)
- терминалды
№ 9
Өкпе рагының даму ерекшелігі?:
- басқа мүшелерге тарауы (+)
- жөтел
- кілегейлі қақырық тастау
№ 10
Жасырын ісікті анықтайтын тәсіл?:
- су балансын анықтау (+)
- бойын өлшеу
- спирометрия жүргізу
№ 11
Жүрек демікпесі дамыған кезде науқастың төсектегі қалпы?:
- жартылай отырып, аяғын төменгі жіберуге болады
(+)
- аяғын жоғары көтеріп, жастықсыз шалқасынан жату
- тізе-шынтақ қалпы
№ 12
Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 13
Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
- пенициллин, стрептомицин
- фуразолидон, энтеросептол (+)
- карсил, сирепар, эссенциале
№ 14
Асқазан пенетрацияның белгісі?:
- эпигастрий аймағының тұрақты ауруы (+)
- қыжыл мазалау
- кекіру
№ 15
Жүрек ұшы соққысы қалыпты жағдайда анықталады?:
- Ү қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай
(+)
- ІІІ қабырға аралықта қолтық асты артқы сызығы бойымен
- ІІІ қабырғааралықта жауырын сызығы бойымен
№ 16
Ревматизмнің этиологиясы?:
- стрептококк (+)
- пневмококк
- микоплазмалар
№ 17
Манту сынағы жасалынады?:
- диагностикалық мақсатта (+)
- емдік мақсатта
- профилактикалық мақсатта
№ 18
Жедел бронхиттің клиникасы?:
- қан аралас қақырық тастау
- кеудесінің ауруы, қызу көтерілу, кілегейлі қақырық тастап жөтелу
(+)
- көпіршікті алқызыл түсті қақырық тастау
№ 19
Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал, креон (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
№ 20
Перикардит дегеніміз?:
- жүректегі зат алмасудың бұзылуы
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы (+)
- миокардтың өлі еттенуі
№ 21
Жедел жүрек жетіспеушілігіндегі қақырық түсі?:
- сары
- қызғылт-күлгін, көбікті (+)
- түссіз
№ 22
Улану себебі белгісіз кездегі мейірбикенің тактикасы?:
- құсықты жиып, лабораторияға жіберу (+)
- зәрді Зимницский сынағына жинау
- жылытқыш қою
№ 23
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- төс артының сыздап ауруы, нитроглицериннен басылуы
- аяқтардың ісінуі, оң жақ қабырға астының ауруы, асцит
(+)
- төс артының сығып ауруы, нитроглицериннен басылмауы
№ 24
Жүрек ауруларымен науқасты бақылау үшін?:
- бойын өлшейді
- қан қысымын өлшейді, пульс жиілігін санайды (+)
- бас көлемін өлшейді
№ 25
Сарғаю синдромы қай ауруда кездеседі?:
- энтеритте
- созылмалы гепатитте (+)
- созылмалы нефритте
№ 26
Антацидтерге жатады?:
- викасол, хлорлы кальций
- викаир, викалин (+)
- энтеросептол, фуразолидон
№ 27
Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К. (+)
- Боткин С.П.
№ 28
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 29
Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі (+)
- канның жалпы анализі
- копрология
№ 30
Атеросклероздың емінде қолданылатын препараттар?:
- ауырсынуды басатын
- қанда холестерин мөлшерін төмендететін (+)
- қан қысымын жоғарылататын
№ 31
Өкпенің осы ауруында науқасқа позициялық дренаж тағайындалады?:
- пневмонияда
- өкпе абсцесінде (+)
- өкпе эмфиземасында
№ 32
Созылмалы энтеритте рентгенологиялық тексеруде болатын өзгерістер?:
- моторикасының күшеюі (+)
- ішектің ассиметриялық түйілуі
- ішек толуының дефектісі
№ 33
Тәж артерияларының атеросклерозы тудырады?:
- жүректің ишемиялық ауруы (+)
- бронхиалды астма
- эндокардит
№ 34
Тұз қышқылын бөлетін асқазан клеткалары?:
- негізгі
- айнала қоршалған (+)
- қосымша
№ 35
Ревматизмде өзгеріске ұшырайтын ағзалар?:
- жүрек, буындар (+)
- талақ, сүйек кемігі
- бүйрек, қуық
№ 36
Асқазан қатерлі ісігінің диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- ирригоскопия
- фиброгастродуоденоскопия және биопсия (+)
- ультрадыбыспен тексеру
№ 37
Өкпе рагының клиникалық белгілері?:
- қан аралас қақырық тастап, науқастың тез арада арықтауы
(+)
- дене қызуының көтерілуі, кеудесінің ауыруы
- іріңді қақырық тастап, жөтелуі, әлсіздік
№ 38
Миокардиттегі қандағы өзгеріс?:
- гипогликемия
- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы (+)
- гипербилирубинемия
№ 39
Өкпе гангренасының клиникалық белгілері?:
- шірік иісті іріңді қақырық тастайды (+)
- тахикардия, перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- «темір тотығы»түстес қақырық тастайды, крепитация естіледі
№ 40
Бауыр комасына асқынуы мүмкін?:
- холецистит
- бауыр циррозы (+)
- энтероколит
№ 41
Созылмалы панкреатитте тері?:
- сарғаяды (+)
- көгереді
- қызарады
№ 42
Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм (+)
- 2мм
- 1мм
№ 43
Аорта жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- қысқа мерзімге есінен тануы, терісінің бозаруы
(+)
- желке тұсының тартып ауруы, қан қысымының көтерілуі
- төс артының шаншуы, нитроглицериннен басылмауы
№ 44
Созылмалы холециститтің жиі болатын асқынуы?:
- созылмалы гепатит
- тас пайда болу (+)
- созылмалы эзофагит
№ 45
Билиарлы цирроздың себебі?:
- холестаз (+)
- Боткин ауруы
- тамақтану режимінің бузулуы
№ 46
Асқазаннан қан кету синдромына өзіне тән белгі?:
- басының айналуы
- «кофе қоюы» тәріздес құсық болуы (+)
- терінің бозаруы
№ 47
Өкпе эмфиземасына тән кеуде клеткасы?:
- «бөшке» тәріздес (+)
- нормостеникалық
- семген
№ 48
Өкпе ауруларындағы дренаж өткізу маңызы?:
- ісікті тарату үшін
- қақырықты оңай түсіру үшін (+)
- қан қысымың төмендету үшін
№ 49
Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
- гипоацидтік
- ахилиялық (+)
- қышқылы қалыпты
№ 50
Созылмалы гастритте пальпация жүргізгенде ауыратын жері?:
- оң жақ қабырға асты
- эпигастрий аумағы (+)
- сол жақ қабырға асты
№ 51
Энтеритте қабынады?:
- тоқ ішектің кілегей қабаты
- ащы ішектің кілегей қабаты (+)
- сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты
№ 52
Миокардтағы зат алмасуды жақсартатын препараттар?:
- рибоксин, АТФ (+)
- аспирин, пенициллин
- мукалтин, травясил
№ 53
Ішек ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- копрология (+)
- Нечипоренко сынамасы
- Зимницкий сынамасы
№ 54
Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр (+)
- термометр
- стетоскоп
№ 55
Асцитте ісік сұйыктығы жиналады?:
- бел аймағында
- іш қуысында (+)
- плевра қуысында
№ 56
Миокардит дегеніміз не?:
- жүрек бұлшықетінің өлі еттенуі
- жүрек бұлшықетінің қабынуы (+)
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы
№ 57
Өкпе эмфиземасының емінде қолданылады?:
- витаминдер
- дене шынықтыру
- негізгі ауруды емдеу (+)
№ 58
Ұлтабар жарасында ішек қызметінің өзгеруі?:
- іш қатпа болуы (+)
- іш өтуі
- нәжісі «қара құрым» тәріздес болуы
№ 59
Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
- күнделікті
- іш кепкенде (+)
- гипертермияда
№ 60
Крупозды пневмонияда рентгенологиялық тексеруінде анықталады?:
- өкпедегі қуыс
- өкпе тканінің тығыздалуы (+)
- сұйықтық
№ 61
Тромбоэмболиялық асқынуларды алдын-алу үшін қолданылады?:
- гепарин (+)
- строфантин
- ампициллин
№ 62
Асқазан катерлі ісігінде тағайындалатын диета?:
- №1 (+)
- №7
- №5
№ 63
Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы» (+)
- деформацияланады
№ 64
«Қой құмалағы» тәрізді нәжіске тән?:
- энтеритке
- колитке (+)
- гастритке
№ 65
Асқазан жарасының перфорациясындағы емнің түрі?:
- симптоматикалық
- хирургиялық (+)
- физиотерапиялық
№ 66
Өкпе абсцесі дегеніміз?:
- өкпе тінінің дәнекер тінмен алмасуы
- өкпеде іріңді қуыстың пайда болуы (+)
- өкпе альвеоласының шамадан тыс кеңейіп кетуі
№ 67
Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия
№ 68
Брадикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 84
- 75
- 55 (+)
№ 69
DOTS бағдарламасының ерекшелігі?:
- ұзақ мерзімді
- қысқа мерзімді (+)
- жыл бойы
№ 70
Өкпе туберкулезінің қоздырғышы?:
- пневмококк
- Кох бацилласы (+)
- Фридлендер таяқшасы
№ 71
Коллапс дамыған кезде науқасқа қандай көмек көрсету керек?:
- тіл астына нитроглицерин беру
- мезатон ерітіндісінің 1% 0, 5мл 40 мл глюкозаға қосып көк тамырға
жай жіберу (+)
- оттегіні көпіршікті басатын заттар арқылы беру
№ 72
Сарғаю, қышыма, алақан эритемасы, «тамыр жұлдызшылары», асцит кездеседі?:
- асқазан ойық жарасында
- бауыр циррозында (+)
- холециститте
№ 73
Бронхоэктаз дегеніміз?:
- бронхтың тарылуы
- бронхтың кеңеюі (+)
- бронх өзгермейді
№ 74
Секрециясы төмен созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- гормондар
- табиғи асқазан сөлі (+)
- антикоагулянттар
№ 75
Артериалдық гипертензияда ішкі мүшелерде өзгеріс басталады?:
- ІІ сатысында (+)
- барлығында
- ІІІ сатысында
№ 76
Өкпе рагында науқастармен қарым-қатынаста назар аудару қажет?:
- этика-деонтология ережелеріне (+)
- инфекция ошақтарының санациясына
- дене шынықтыру мәселесіне
№ 77
Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
- қақарықты жалпы анализге алу
- қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу (+)
- қақырықты атипиялық клеткаға алу
№ 78
Секрециясы жоғары созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- антикоагулянттар
- антацидтер (+)
- нитрофурандар
№ 79
Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы
№ 80
Өкпе эмфиземасындағы перкуторлық дыбыс?:
- бос қорап дыбысы (+)
- тынық
- абсолюттік тынық
№ 81
Н2 - блокаторларға жатады?:
- ранитидин (+)
- интал
- атропин
№ 82
Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері?:
- желке тұсының, бастың қатты ауруы, қан қысымының көтерілуі
- тұншығу ұстамасы, көбікті қызғылт-күлгін қақырықтың бөлінуі
(+)
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы
№ 83
Миокардиттің клиникалық белгілері?:
- кардиалгия, аритмия, жүрек шамасыздығы (+)
- төс артының шаншуы, нитроглицериннен қайтуы
- желке тұсының ауруы, қан қысымының көтерілуі
№ 84
Созылмалы энтериттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы» тәріздес нәжіс болуы
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәрізді болуы (+)
- жаман иісті кекірік болу
№ 85
Өкпе рагының себептерінің бірі?:
- канцерогенді заттардың әсері (+)
- инфекцияның әсері
- аллергендердің әсері
№ 86
ДОТС бағдарламасы бойынша туберкулез емінің ұзақтығы?:
- 12ай
- 6ай (+)
- 1 ай
№ 87
Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды (+)
- тамырлар қалпын
№ 88
Плевриттің ең жиі кездесетін себебі?:
- туберкулез таяқшасы (+)
- стрептококк
- сальмонелла
№ 89
Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4 (+)
- №8
- №9
№ 90
Митралды жетіспеушілікте сол жүрекше ұлғаяды?:
- оңға
- жоғары және солға (+)
- жоғары және оңға
№ 91
Плевра қуысындағы сұйықтықтың қалыпты мөлшері?:
- 50 мл (+)
- 250 мл
- 1л
№ 92
Қан кеткеннен кейінгі екі күн бойы ұстайтын диета?:
- аштық диета (+)
- №10
- №9
№ 93
Гипертензияда қан қысымы?:
- көтеріледі (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді
№ 94
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ. (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.
№ 95
Өкпе рагының асқынуларына жатады?:
- гипертониялық криз
- қан кету (+)
- коллапс
№ 96
Ұлтабар жарасының диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- асқазан сөлін тексеру
- фиброгастродуоденоскопия (+)
- асқазан рентгеноскопиясы
№ 97
Флотация әдісімен қақырықты жинайды?:
- туберкулезде (+)
- пневмонияда
- өкпе рагында
№ 98
Бронх астмасының негізгі себебі?:
- атеросклероз
- аллергендер (+)
- радиация
№ 99
Құсу кезіндегі қауіпті асқынулар?:
- құсықтың тыныс жолдарына енуі (+)
- іштің өтуі
- зәрдің жүрмеуі
№ 100
Плевриттің себепші ауруы туберкулез болса емінде қолданамыз?:
- цефазолин, мегасеф
- фтивазид, ПАСК (+)
- эуфиллин, теофедрин
содержание ..
246
247
248
249 ..
|