|
содержание ..
182
183
184
185 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 184
№ 1
Науқастың қақырық түсуін жеңілдететін дененің белгілі бір қалпы?:
- позициялық дренаж (+)
- ортопноэ
- шалқасынан жату
№ 2
Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1 (+)
- 4
- 5
№ 3
Плеврит дегенеміз?:
- плевра қабаттарының қабынуы (+)
- өкпе тінінің қабынуы
- бронх сағасының қабынуы
№ 4
Бауыр сынағына жатады?:
- тимол (+)
- Амбюрже
- Зимницкий
№ 5
Созылмалы бронхитте антибактериалды дәрмектерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- эндобронхиалды (+)
- буын ішіне
№ 6
Ревматизм емінде қолданылады?:
- аспирин, пенициллин (+)
- фуразолидон, 5-НОК
- анальгин, ношпа
№ 7
Асқазан ойық жарасының қоздырғышы?:
- ішек таяқшасы
- Helicobacter pylori (+)
- гемолитикалық стрептококк
№ 8
Ахилиялық гастрит жиі кездеседі?:
- қарттарда (+)
- жасы ұлгайғанда
- нәрестелерде
№ 9
Артериалдық қан қысымының шекаралық көрсеткіші ?:
- 210/110 мм сын.бағ.
- 140/90 мм сын.бағ. (+)
- 110/70 мм сын.бағ.
№ 10
Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету (+)
- метастаз беру
№ 11
Перкуссияда анықталатын жүрек шекараларының саны?:
- 3 (+)
- 2
- 1
№ 12
Экстрасистолиядағы жүрек қызметіндегі өзгеріс?:
- кезектен тыс жиырылуы (+)
- соғысының сиреуі
- соғысының ұстамалы жиілеуі
№ 13
Коллапс дамыған кезде науқасқа қандай көмек көрсету керек?:
- тіл астына нитроглицерин беру
- мезатон ерітіндісінің 1% 0, 5мл 40 мл глюкозаға қосып көк тамырға
жай жіберу (+)
- оттегіні көпіршікті басатын заттар арқылы беру
№ 14
Бронх астмасының негізгі себебі?:
- атеросклероз
- аллергендер (+)
- радиация
№ 15
Миокардиттегі қандағы өзгеріс?:
- гипогликемия
- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы (+)
- гипербилирубинемия
№ 16
Қатты демікпеде науқастың мәжбүр қалпы?:
- пассивті
- ортопноэ (+)
- ауырған жағына жату
№ 17
Сөл бөлуді қоздырмайтын препарат?:
- күкірт қышқыл магний (магнезия) (+)
- кофеин
- инсулин
№ 18
Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр (+)
- термометр
- стетоскоп
№ 19
Пневмослероздың және өкпе эмфиземасының диагностикасы?:
- рентгенография (+)
- флюорография
- ультрадыбыспен тексеру
№ 20
Бронхоэктаз ауруының асқынуы?:
- өкпелік жүрек (+)
- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
- астматикалық статус
№ 21
Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал, креон (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
№ 22
Ұлтабар жарасында ішек қызметінің өзгеруі?:
- іш қатпа болуы (+)
- іш өтуі
- нәжісі «қара құрым» тәріздес болуы
№ 23
Жүрек ұшы соққысы қалыпты жағдайда анықталады?:
- Ү қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай
(+)
- ІІІ қабырға аралықта қолтық асты артқы сызығы бойымен
- ІІІ қабырғааралықта жауырын сызығы бойымен
№ 24
Тұз қышқылын бөлетін асқазан клеткалары?:
- негізгі
- айнала қоршалған (+)
- қосымша
№ 25
Эндокардит дегеніміз?:
- жүректің ішкі қабатының қабынуы (+)
- миокардта зат алмасудың бұзылуы
- миокардта газ алмасудың бұзылуы
№ 26
Перикардит дегеніміз?:
- жүректегі зат алмасудың бұзылуы
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы (+)
- миокардтың өлі еттенуі
№ 27
Жедел бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- алғашқы4күнде
- асқынулар қосылса (+)
- бірден қолданады
№ 28
Плевральды пункция жасайтын орын?:
- қолтық астының ортанғы сызық бойымен 5-6 қабырға аралығында
- қолтық астының артқы сызық бойымен 7-8 қабырға аралығында
(+)
- жауырын орта сызығы бойымен 8-9 қабырға аралығы
№ 29
Гирудотерапияға көрсетпе болып табылады?:
- артериалдық гипертензия (+)
- миокард инфарктысы
- бронхиалдық астма
№ 30
Өкпе рагының емінде қолданылатын препараттар?:
- гормондар
- химиопрепараттар (+)
- витаминдер
- нитраттар
№ 31
Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм (+)
- 2мм
- 1мм
№ 32
Өкпе рагында қарсы көрсетілген емнің түрі?:
- физиотерапия (+)
- химиотерапия
- сәулемен емдеу
№ 33
Асқазан және ұлтабар жарасының емінде қолданылатын жаңа препаратты
атаңыз?:
- контролок (+)
- но шпа
- алмагель
№ 34
Пневмонияның этиотроптық бағыттағы емі?:
- антибиотиктер (+)
- кальций антагонистері
- витаминдер
№ 35
Қан кету осы аурудың асқынуы?:
- өкпенің рагы (+)
- бронх астмасы
- жедел бронхит
№ 36
Стенокардияда науқасқа қатаң төсек режимі келесі асқынудың алдын-алу
үшін тағайындалады?:
- миокард инфактісін (+)
- атеросклерозды
- миокардитті
№ 37
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 38
Тахикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 125 (+)
- 75
- 60
№ 39
Некроздан кейінгі цирроздың себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 40
Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
- желке тұсына, балтырларға (+)
- ішіне
- табандарына
№ 41
Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
- күнделікті
- іш кепкенде (+)
- гипертермияда
№ 42
Созылмалы бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- егер іріңді қақырық тастаса (+)
- егер кілегейлі қақырық тастаса
- бронхтар тарылғанда
№ 43
Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды (+)
- тамырлар қалпын
№ 44
Созылмалы гастриттің жиі кездесетін себебі?:
- темекі шегу
- тамақтану режимін бұзу (+)
- салқын тию
№ 45
Демікпеде мейірбике қандай көмек көрсету керек?:
- тазалау клизма жасау
- қалталы ингалятор қолдану (+)
- аяққа бұрау салу
№ 46
Жедел бронхиттің этиологиясы?:
- бактериялар, вирустар (+)
- радиация
- стресс
- туберкулез таяқшасы
№ 47
Энтеритте қабынады?:
- тоқ ішектің кілегей қабаты
- ащы ішектің кілегей қабаты (+)
- сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты
№ 48
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ. (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.
№ 49
Ревматизмде профилактикалық мақсатта қолданылатын антибиотик?:
- тетрациклин
- бициллин (+)
- мегасеф
№ 50
Бронхоэктаз дегеніміз?:
- бронхтың тарылуы
- бронхтың кеңеюі (+)
- бронх өзгермейді
№ 51
Оксигенотерапия дегеніміз?:
- дәрімен емдеу
- оттегімен емдеу (+)
- парафинмен емдеу
№ 52
Зәр айдағыштарға жатады?:
- фуросемид (+)
- гепабене
- алмагель
№ 53
Кох бацилла қандай аурудың қоздырғышы?:
- өкпенің рагы
- өкпе туберкулезі (+)
- өкпе эмфиземасы
№ 54
Жедел жүрек жетіспеушілігіндегі қақырық түсі?:
- сары
- қызғылт-күлгін, көбікті (+)
- түссіз
№ 55
Жүрек тамырлар жүйесін зерттейтін медицина саласы?:
-эндокринология
- кардиология (+)
- нефрология
№ 56
Ылғалды оттегі беру тәсілі қалай аталады?:
- гемосорбция
- оксигенотерапия (+)
- термометрия
№ 57
Ұстамалы тұншығу кезіндегі мәжбүр қалып?:
- активті
- ортопноэ (+)
- пассивті
№ 58
Асқазан қатерлі ісігінің диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- ирригоскопия
- фиброгастродуоденоскопия және биопсия (+)
- ультрадыбыспен тексеру
№ 59
Бронх астмасының қақырықтың ерекшелігі?:
- қан аралас қақырық тастау
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау (+)
- таңертең ауызы тола іріңді қақырық тастау
№ 60
«Кофе қоюы» тәріздес құсық болғанда қан кетеді
- асказаннан (+)
- ащы ішектен
- сигма тәрізді ішектен
№ 61
Атеросклероздың емінде қолданылатын препараттар?:
- ауырсынуды басатын
- қанда холестерин мөлшерін төмендететін (+)
- қан қысымын жоғарылататын
№ 62
Өкпе абсцессінің клиникалық белгісі?:
- қан аралас қақырық тастап, науқас тез арада арықтайды
- көп мөлшерде иісі жаман қақырық тастап, жөтеледі
(+)
- ұстамалы тұншығу болады, дистанциондық сырыл естіледі
№ 63
Манту сынағы жасалынады?:
- диагностикалық мақсатта (+)
- емдік мақсатта
- профилактикалық мақсатта
№ 64
Кекіру дегеніміз?:
- науқастың еркінен тыс құсықтың келуі
- асқазаннан ауызға ауаның келуі (+)
- асқазан сөл қышқылының өнешке шашырауы
№ 65
Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі?:
- алиментарлық фактор (+)
- салқын тию
- жарақат
№ 66
Асқазан қатерлі ісігіне бейімдеуші ауру?:
- ахилиялық гастрит (+)
- колит
- геморрой
№ 67
Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері?:
- желке тұсының, бастың қатты ауруы, қан қысымының көтерілуі
- тұншығу ұстамасы, көбікті қызғылт-күлгін қақырықтың бөлінуі
(+)
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы
№ 68
Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгісі:
- «бөшке» тәріздес кеуде клеткасы (+)
- іріңді қақырық тастап жөтелу
- ұстамалы тұншығу болу
№ 69
Крупозды пневмониядағы қақырықтың түрі?:
- кілегейлі
- «темір тотығы » түстес (+)
- алқызыл көпіршікті
№ 70
Миокардит дегеніміз не?:
- жүрек бұлшықетінің өлі еттенуі
- жүрек бұлшықетінің қабынуы (+)
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы
№ 71
Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
- пенициллин, стрептомицин
- фуразолидон, энтеросептол (+)
- карсил, сирепар, эссенциале
№ 72
Секрециясы жоғары созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- антикоагулянттар
- антацидтер (+)
- нитрофурандар
№ 73
Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия
№ 74
Қан аралас қақырық жиі кездеседі?:
- пневмонияда
- туберкулезде (+)
- бронх астамасында
№ 75
Пневмонияның қоздырғышы:
- Кох бацилласы
- пневмококк (+)
- спирохета
№ 76
Тәж артерияларының атеросклерозы тудырады?:
- жүректің ишемиялық ауруы (+)
- бронхиалды астма
- эндокардит
№ 77
Брадикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 84
- 75
- 55 (+)
№ 78
Бауырдың калыпты көлемі бұғана ортасы сызығы бойынша?:
- 9-11см (+)
- 11-12см
- 15-17см
№ 79
Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 80
Миокард инфарктісін анықтау үшін қолданылатын инструменталды тексеру
әдісі?:
- электрокардиография (+)
- электроэнцефалография
- фиброгастродуоденоскопия
№ 81
«Қой құмалағы» тәрізді нәжіске тән?:
- энтеритке
- колитке (+)
- гастритке
№ 82
Н2 - блокаторларға жатады?:
- ранитидин (+)
- интал
- атропин
№ 83
Өкпенің осы ауруында науқасқа позициялық дренаж тағайындалады?:
- пневмонияда
- өкпе абсцесінде (+)
- өкпе эмфиземасында
№ 84
Ревматизмдік полиартриттің клиникалық белгілері?:
- ірі буындардың көшпелі түрде ауруы, қимылының азаюы
(+)
- майда буындардың сырқырап ауруы, таңертеңгі құрысуы
- буындар қуысына қанның жиналуы (гемартроз), ісінуі
№ 85
Миокард инфарктісінде ауырғандықты басу үшін қолданылады?:
- бронхолитиктер
- наркотикалық аналгетиктер (+)
- витаминдер
№ 86
Созылмалы гастритте пальпация жүргізгенде ауыратын жері?:
- оң жақ қабырға асты
- эпигастрий аумағы (+)
- сол жақ қабырға асты
№ 87
Брадипноэ дегеніміз?:
- тамыр соғысы бір минутта 120 рет
- тыныс алу жиілігі бір минутта 6 рет (+)
- тыныс алу жиілігі бір минутта 16 рет
№ 88
Жүректің ишемиялық ауруларының этиологиясы?:
- атеросклероз (+)
- вирустар
- аллергендер
№ 89
Обструктивті бронхиттің емінде қолданылатын дәрілер?:
- жүрек гликозидтері
- бронхолитиктер (+)
- салицилаттар
№ 90
Проктит дегеніміз?:
- сигма тәрізді ішектің кілегей қабатының қабынуы
- тік ішектің кілегей қабатының қабынуы (+)
- ұлтабардың кілегей қабатының қабынуы
№ 91
Созылмалы панкреатиттің ең жиі кездесетін себебі?:
- маскунемдік (+)
- өт түзудін бұзылуы
- аста белоктың жетіспеуі
№ 92
Жүректің бірінші тыңдау нүктесі орналасады?:
- 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай
(+)
- 2 қабырға аралықта төстің оң жағында
- төстің семсерше өскінінің үстінде
№ 93
1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық (+)
- қақпалық
№ 94
Өкпе рагында диагнозын дәлірек анықтайтын тексеру әдісі?:
- бронхоскопия және тін биопсиясы (+)
- рентгенография
- томография
№ 95
Жүректегі ауырғандықтың жиі болатын таралу бағыты?:
- сол қолға, сол иыққа (+)
- оң аяққа
- шат аралығына
№ 96
Ревматизмнің негізгі диагностикалық белгілері?:
- апатия, адинамия
- кардит, көшпелі артрит (+)
- әлсіздік
№ 97
Бронхоэктаз ауруының дәлірек диагнозы осы тексеру арқылы қойылады?:
- бронхография (+)
- рентгенография
- рентгеноскопия
№ 98
Гипертониялық криздің клиникалық белгілері?:
- бастың желке тұсы қатты ауруы, жүрек айну, құсу, қан қысымының
көтерілуі (+)
- төс артының сығып ауруы, сол жаққа тарауы, нитроглицериннен басылуы
- жүрек тұсының шаншуы, дене қызуының көтерілуі
№ 99
Өкпе рагының клиникалық белгілері?:
- қан аралас қақырық тастап, науқастың тез арада арықтауы
(+)
- дене қызуының көтерілуі, кеудесінің ауыруы
- іріңді қақырық тастап, жөтелуі, әлсіздік
№ 100
Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
- гипоацидтік
- ахилиялық (+)
- қышқылы қалыпты
содержание ..
182
183
184
185 ..
|