|
содержание ..
168
169
170
171 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 170
№ 1
Бауырдың калыпты көлемі бұғана ортасы сызығы бойынша?:
- 9-11см (+)
- 11-12см
- 15-17см
№ 2
Созылмалы холециститтің диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- ұлтабарды зондтау
- ультрадыбыспен тексеру (+)
- ирригоскопия
№ 3
Туберкулез ауруында қақырықты жинайды?:
- атипиялық клеткаларға
- Кох бацилласына (+)
- жалпы анализге
№ 4
Өкпе эмфиземасының емінде қолданылады?:
- витаминдер
- дене шынықтыру
- негізгі ауруды емдеу (+)
№ 5
«Кофе қоюы» тәріздес құсық болғанда қан кетеді
- асказаннан (+)
- ащы ішектен
- сигма тәрізді ішектен
№ 6
Стенокардияның диагностикасында қолданылады?:
- ангиография
- электрокардиография (+)
- бронхография
№ 7
Өкпе абсцессінде қақырықтың ерекшелігі?:
- алқызыл түсті көпіршікті
- көп мөлшерде иісі жаман (+)
- «темір тотығы» түстес
№ 8
Созылмалы гепатиттің клиникалық белгілері?:
- он жақ қабырға астында ауырлык сезуі, көзінін сарғаюы
(+)
- сол жақ қабырға астынын ауыруы
- белінін ауыруы, зәрде гематурия пайда болуы
№ 9
Сарғаю синдромы қай ауруда кездеседі?:
- энтеритте
- созылмалы гепатитте (+)
- созылмалы нефритте
№ 10
Стенокардияда миокардта болатын өзгеріс?:
- атрофия
- ишемия (+)
- некроз
№ 11
Іштен туа біткен жүрек ақауларын емдеу тәсілі?:
- электртогымен
- хирургиялық (+)
- физиотерапия
№ 12
Асқазан қатерлі ісігінің клиникалық белгілері?:
- эпигастрий аймағы тұрақты ауырады, науқас тез арада арықтайды
(+)
- эпигастрий аймағы тамақтан кейін 3-4 сағаттан соң ауырады
- оң қабырға асты ауырады, ауызына запыран дәмі келеді
№ 13
Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
- қақарықты жалпы анализге алу
- қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу (+)
- қақырықты атипиялық клеткаға алу
№ 14
Ішек ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- копрология (+)
- Нечипоренко сынамасы
- Зимницкий сынамасы
№ 15
Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 16
Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр (+)
- термометр
- стетоскоп
№ 17
Тұз қышқылын бөлетін асқазан клеткалары?:
- негізгі
- айнала қоршалған (+)
- қосымша
№ 18
Холеретик тобына жататын препараттарды атаңыз?:
- фуродонин, палин
- аллохол, холензим (+)
- эссенциале, гептрал
№ 19
Созылмалы бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- егер іріңді қақырық тастаса (+)
- егер кілегейлі қақырық тастаса
- бронхтар тарылғанда
№ 20
Ұстамалы тұншығумен сипатталатын ауру?:
- бронх астмасы (+)
- плеврит
- пневмония
№ 21
Науқас ентігеді, ішке демді алу қиындайды, ентігудің түрін атаңыз?:
- инспираторлық (+)
- аралас
- құрсақтық
№ 22
Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4 (+)
- №8
- №9
№ 23
Миокардиттегі қандағы өзгеріс?:
- гипогликемия
- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы (+)
- гипербилирубинемия
№ 24
Сарғаю, қышыма, алақан эритемасы, «тамыр жұлдызшылары», асцит кездеседі?:
- асқазан ойық жарасында
- бауыр циррозында (+)
- холециститте
№ 25
Тахикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 125 (+)
- 75
- 60
№ 26
«Қой құмалағы» тәрізді нәжіске тән?:
- энтеритке
- колитке (+)
- гастритке
№ 27
Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттар?:
- антацидтер (+)
- миотроптық спазмолитиктер
- витаминдер
№ 28
Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 минутта тыныс алу жиілігі?:
- 40-60 рет
- 16-20 рет (+)
- 2-3 рет
№ 29
Созылмалы гепатиттін емінде қолданылатын препараттар?:
- карсил, левасил, гептрал (+)
- квамател, омепразол
- фталазол, энтеросептол
№ 30
Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К. (+)
- Боткин С.П.
№ 31
Ревматизмде өзгеріске ұшырайтын ағзалар?:
- жүрек, буындар (+)
- талақ, сүйек кемігі
- бүйрек, қуық
№ 32
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 33
Эндокардитке тән клиникалық белгілер?:
- жүрек тұсының сыздап ауруы, тері түсінің «сутті кофе» тәрізді болуы
(+)
- бауыр коликасы, ауызына ащы дәмнің келуі
- ұстамалы тұншығу, ентікпе
№ 34
Өкпе эмфиземасындағы перкуторлық дыбыс?:
- бос қорап дыбысы (+)
- тынық
- абсолюттік тынық
№ 35
Митралды жетіспеушілікте сол жүрекше ұлғаяды?:
- оңға
- жоғары және солға (+)
- жоғары және оңға
№ 36
Коллапс дамыған кезде науқасқа қандай көмек көрсету керек?:
- тіл астына нитроглицерин беру
- мезатон ерітіндісінің 1% 0, 5мл 40 мл глюкозаға қосып көк тамырға
жай жіберу (+)
- оттегіні көпіршікті басатын заттар арқылы беру
№ 37
Құрғақ плевриттің негізгі клиникалық белгілері?:
- тұншығып жөтеледі, кілегейлі қақырық тастайды
- кеудесі ауырады, өкпеде плевраның үйкеліс шуы естіледі
(+)
- кеудесі ауырады, еріне, мұрынына герпес шығады
№ 38
Созылмалы энтеритте рентгенологиялық тексеруде болатын өзгерістер?:
- моторикасының күшеюі (+)
- ішектің ассиметриялық түйілуі
- ішек толуының дефектісі
№ 39
Гипертониялық криздің клиникалық белгілері?:
- бастың желке тұсы қатты ауруы, жүрек айну, құсу, қан қысымының
көтерілуі (+)
- төс артының сығып ауруы, сол жаққа тарауы, нитроглицериннен басылуы
- жүрек тұсының шаншуы, дене қызуының көтерілуі
№ 40
Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгісі:
- «бөшке» тәріздес кеуде клеткасы (+)
- іріңді қақырық тастап жөтелу
- ұстамалы тұншығу болу
№ 41
Кекіру дегеніміз?:
- науқастың еркінен тыс құсықтың келуі
- асқазаннан ауызға ауаның келуі (+)
- асқазан сөл қышқылының өнешке шашырауы
№ 42
Жасырын ісікті анықтайтын тәсіл?:
- су балансын анықтау (+)
- бойын өлшеу
- спирометрия жүргізу
№ 43
Ревматизмнің қосымша критерийлеріне жатады?:
- кіші хорея
- апатия, адинамия (+)
- тері асты ревматикалық түйіндері
№ 44
Ұстамалы тұншығу кезіндегі мәжбүр қалып?:
- активті
- ортопноэ (+)
- пассивті
№ 45
Өкпе туберкулезінің қоздырғышы?:
- пневмококк
- Кох бацилласы (+)
- Фридлендер таяқшасы
№ 46
Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету (+)
- метастаз беру
№ 47
Созылмалы гастриттің жиі кездесетін себебі?:
- темекі шегу
- тамақтану режимін бұзу (+)
- салқын тию
№ 48
Дене қызуының нәтижесі тіркеледі?:
- дене қызу парағына (+)
- дәрігердің нұсқау қағазына
- босану тарихының күнделігіне
№ 49
Аритмия дегеніміз?:
- миокардтың гипертрофиясы
- жүрек ырғағының бұзылуы (+)
- жүректің сирек соғуы
№ 50
Өкпе эмфиземасына тән кеуде клеткасы?:
- «бөшке» тәріздес (+)
- нормостеникалық
- семген
№ 51
Экстрасистолиядағы жүрек қызметіндегі өзгеріс?:
- кезектен тыс жиырылуы (+)
- соғысының сиреуі
- соғысының ұстамалы жиілеуі
№ 52
Перкуссияда жүректің жоғарғы шегі анықталады?:
- 5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығы бойынан 1-2см ішке қарай
- 3 қабырға деңгейінде төстің сол жағында (+)
- 2 қабырға аралықта
№ 53
Жүректің жүре пайда болған ақауларының жиі кездесетін себебі?:
- ревматизм (+)
- стенокардия
- артериалдық гипертензия
№ 54
Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар (+)
- эозинофилдер
№ 55
Пульс және қан қысымының көрсеткіштерін тіркейді?:
- температура парағына (+)
- статистикалық талонға
- рецептуралық бланкіне
№ 56
Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы» (+)
- деформацияланады
№ 57
Созылмалы холециститтің ремиссия кезеңіндегі болатын белгі?:
- майлы тағамды сіңіре алмау (+)
- кекіру
- ішектен қан кету
№ 58
Секрециясы жоғары созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- антикоагулянттар
- антацидтер (+)
- нитрофурандар
№ 59
Бронхоэктаз ауруының асқынуы?:
- өкпелік жүрек (+)
- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
- астматикалық статус
№ 60
Өкпе рагында диагнозын дәлірек анықтайтын тексеру әдісі?:
- бронхоскопия және тін биопсиясы (+)
- рентгенография
- томография
№ 61
Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
- күнделікті
- іш кепкенде (+)
- гипертермияда
№ 62
Өкпе рагында қарсы көрсетілген емнің түрі?:
- физиотерапия (+)
- химиотерапия
- сәулемен емдеу
№ 63
ДОТС бағдарламасы бойынша туберкулез емінің ұзақтығы?:
- 12ай
- 6ай (+)
- 1 ай
№ 64
Артериалдық гипертензияның емінде қолданылатын препарат?:
- энам (+)
- инсулин
- бисептол
№ 65
Асцитте ісік сұйыктығы жиналады?:
- бел аймағында
- іш қуысында (+)
- плевра қуысында
№ 66
Дисфагия синдромы қай ауруда кездеседі?:
- эзофагитте (+)
- асқазан ойық жарасында
- гастритте
№ 67
Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1 (+)
- 4
- 5
№ 68
Миокардит дегеніміз не?:
- жүрек бұлшықетінің өлі еттенуі
- жүрек бұлшықетінің қабынуы (+)
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы
№ 69
Артериалдық гипертензияның асқынуы?:
- гипертониялық криз (+)
- коллапс
- перикардит
№ 70
Плевриттің себепші ауруы туберкулез болса емінде қолданамыз?:
- цефазолин, мегасеф
- фтивазид, ПАСК (+)
- эуфиллин, теофедрин
№ 71
Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды (+)
- тамырлар қалпын
№ 72
Перкуссияда анықталатын жүрек шекараларының саны?:
- 3 (+)
- 2
- 1
№ 73
Өкпе абсцесінде антибиотиктерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- бронхоскоп арқылы (+)
- тік ішекке
№ 74
Астматикалық статустың белгісі?:
- жөтелдің жойылуы
- тұншығу ұстамасының жиіленуі (+)
- плевраның үйкеліс шуының пайда болуы
№ 75
Синусты брадикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 55 (+)
- 75
- 85
№ 76
Бронхоэктаз дегеніміз?:
- бронхтың тарылуы
- бронхтың кеңеюі (+)
- бронх өзгермейді
№ 77
Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
- желке тұсына, балтырларға (+)
- ішіне
- табандарына
№ 78
№10 диетада шектеледі?:
- көкөністер
- ас тұзы, су (+)
- вегетариандық сорпалар
№ 79
Тромбоэмболиялық асқынуларды алдын-алу үшін қолданылады?:
- гепарин (+)
- строфантин
- ампициллин
№ 80
Талықсу (обморок) дегеніміз?:
- қысқа мерзімге есінен тану (+)
- жүректің тоқтап қалуы
- қан қысымының қалыпты болуы
№ 81
Жүрек гликозидтеріне жатады?:
- мукалтин, травясил
- дигоксин, корглюкон (+)
- ампициллин, ципролет
№ 82
Ұлтабар зондтауды жүргізу керек?:
- өт тасы ауруында
- созылмалы холециститте (+)
- созылмалы энтероколитте
№ 83
Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар?:
- циклофосфан, 5- фторурацил (+)
- алоэ, ФИБС, стекловидное тело
- мукалтин, бронхолитин
№ 84
Ұлтабар ойық жарасына тән клиникалық белгілер?:
- асқазан аймағы тамактан кейін 1-1, 5 сағат соң ауырады, қышқыл
кекірік келеді, лоқсиды, құсады (+)
- оң қабырға асты ауырады, ауызына запыран дәмі келеді, құсады
- эпигастрий аймағы белді айналып ауырады, құсу жеңілдік әкелмейді,
әлсіздік
№ 85
Бронхоэктаз ауруының дәлірек диагнозы осы тексеру арқылы қойылады?:
- бронхография (+)
- рентгенография
- рентгеноскопия
№ 86
Асцит дамиды?:
- холециститте
- бауыр циррозында (+)
- панкреатитте
№ 87
Өкпе туберкулезінің тарайтын жолы?:
- парентеральды
- ауа тамшы (+)
- жыныстық қатынас арқылы
№ 88
Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор
№ 89
Өкпе рагының даму ерекшелігі?:
- басқа мүшелерге тарауы (+)
- жөтел
- кілегейлі қақырық тастау
№ 90
Ревматизм емінде қолданылады?:
- аспирин, пенициллин (+)
- фуразолидон, 5-НОК
- анальгин, ношпа
№ 91
Миокардиттің клиникалық белгілері?:
- кардиалгия, аритмия, жүрек шамасыздығы (+)
- төс артының шаншуы, нитроглицериннен қайтуы
- желке тұсының ауруы, қан қысымының көтерілуі
№ 92
Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
№ 93
Науқастың қақырық түсуін жеңілдететін дененің белгілі бір қалпы?:
- позициялық дренаж (+)
- ортопноэ
- шалқасынан жату
№ 94
Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі (+)
- канның жалпы анализі
- копрология
№ 95
Флотация әдісімен қақырықты жинайды?:
- туберкулезде (+)
- пневмонияда
- өкпе рагында
№ 96
Жүрек ауруларымен науқасты бақылау үшін?:
- бойын өлшейді
- қан қысымын өлшейді, пульс жиілігін санайды (+)
- бас көлемін өлшейді
№ 97
Пневмонияның қоздырғышы:
- Кох бацилласы
- пневмококк (+)
- спирохета
№ 98
Өкпе эмфиземасы дегеніміз?:
- өкпе альвеоласының кеңеюі (+)
- өкпеде қуыс пайда болуы
- сұйықтықтың жиналуы
№ 99
Жүректің бірінші тыңдау нүктесі орналасады?:
- 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай
(+)
- 2 қабырға аралықта төстің оң жағында
- төстің семсерше өскінінің үстінде
№ 100
Қан кеткеннен кейінгі екі күн бойы ұстайтын диета?:
- аштық диета (+)
- №10
- №9
содержание ..
168
169
170
171 ..
|