|
содержание ..
161
162
163
164 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 163
№ 1
Жүректің ишемиялық ауруында миокардта бұзылады?:
- жиырылуы
- оттегімен қамтамасыз етілуі (+)
- өткізгіштігі
№ 2
Некроздан кейінгі цирроздың себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 3
Крупозды пневмониядағы қақырықтың түрі?:
- кілегейлі
- «темір тотығы » түстес (+)
- алқызыл көпіршікті
№ 4
Бронх астмасының қақырықтың ерекшелігі?:
- қан аралас қақырық тастау
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау (+)
- таңертең ауызы тола іріңді қақырық тастау
№ 5
Стенокардияда миокардта болатын өзгеріс?:
- атрофия
- ишемия (+)
- некроз
№ 6
Пневмонияның қоздырғышы:
- Кох бацилласы
- пневмококк (+)
- спирохета
№ 7
Өкпе рагының емінде қолданылатын препараттар?:
- гормондар
- химиопрепараттар (+)
- витаминдер
- нитраттар
№ 8
Бауыр циррозының емінде қолданылатын препараттар?:
- гептрал, гепабене (+)
- квамател, трихопол
- фталазол, энтеросептол
№ 9
Тоқ ішекті рентгендік зерттеу тәсілі?:
- ирригоскопия (+)
- эзофагоскопия
- гастроскопия
№ 10
Тұз қышқылын бөлетін асқазан клеткалары?:
- негізгі
- айнала қоршалған (+)
- қосымша
№ 11
Өкпе абсцессіне әкеліп соқтыратын ауру?:
- жедел бронхит
- ошақты пневмония (+)
- трахеит
№ 12
Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі?:
- алиментарлық фактор (+)
- салқын тию
- жарақат
№ 13
Өкпе рагында қарсы көрсетілген емнің түрі?:
- физиотерапия (+)
- химиотерапия
- сәулемен емдеу
№ 14
Миокард инфарктісін анықтау үшін қолданылатын инструменталды тексеру
әдісі?:
- электрокардиография (+)
- электроэнцефалография
- фиброгастродуоденоскопия
№ 15
Созылмалы гепатиттін емінде қолданылатын препараттар?:
- карсил, левасил, гептрал (+)
- квамател, омепразол
- фталазол, энтеросептол
№ 16
Стенокардияның емінде қолданылатын базистік препарат?:
- витаминдер
- нитраттар (+)
- антибиотиктер
№ 17
Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1 (+)
- 4
- 5
№ 18
Жүректің бірінші тыңдау нүктесі орналасады?:
- 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай
(+)
- 2 қабырға аралықта төстің оң жағында
- төстің семсерше өскінінің үстінде
№ 19
Эндокардит дегеніміз?:
- жүректің ішкі қабатының қабынуы (+)
- миокардта зат алмасудың бұзылуы
- миокардта газ алмасудың бұзылуы
№ 20
Артериалдық гипертензияның емінде қолданылатын препарат?:
- энам (+)
- инсулин
- бисептол
№ 21
Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттар?:
- антацидтер (+)
- миотроптық спазмолитиктер
- витаминдер
№ 22
Қалыпты жағдайдағы пульс жиілігі?:
- 95
- 74 (+)
- 40
№ 23
Миокардиттің емінде қолданылады?:
- индометацин, преднизолон (+)
- нитроксолин, фурадонин
- дибазол, папаверин
№ 24
Гепатопротекторларға жатады?:
- викалин, алмагель
- карсил, гептрал, гепабене (+)
- холензим, аллохол
№ 25
Өкпе туберкулезінің қоздырғышы?:
- пневмококк
- Кох бацилласы (+)
- Фридлендер таяқшасы
№ 26
Асқазан сөлін тексергенде сынақ тамағын береді?:
- 1-ші порциядан кейін
- 4-ші порциядан кейін (+)
- 8-ші порциядан кейін
№ 27
Крупозды пневмонияда осы асқыну болуы мүмкін
- естен тану
- инфекциялы-токсикалық шок (+)
- уремиялық кома
№ 28
Крупозды пневмонияда қақырықтың микроскопиялық тексеруінде көруге болады?:
- эритроциттерді (+)
- атипиялык клеткаларды
- Куршман спиралін
№ 29
Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К. (+)
- Боткин С.П.
№ 30
Астматикалық статустың белгісі?:
- жөтелдің жойылуы
- тұншығу ұстамасының жиіленуі (+)
- плевраның үйкеліс шуының пайда болуы
№ 31
Тахипноэ дегеніміз?:
- тыныс алудың жиіленуі (+)
- тыныс алудың сиреуі
- пульстің жиіленуі
№ 32
Бауыр ауруларының диагностикасында қолданылатын инструменталдық тексеру?:
- ультрадыбыспен тексеру (+)
- колоноскопия
- ирригоскопия
№ 33
Асқазанды рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау?:
- кешке жеңіл тамақтану және ертесіне аш қарынға жасау
(+)
- 1 күн бұрын газ шығаратын түтікшені 2 сағатқа қою
- кешке тазарту клизмасын жасау
№ 34
Өкпе абсцессінің клиникалық белгісі?:
- қан аралас қақырық тастап, науқас тез арада арықтайды
- көп мөлшерде иісі жаман қақырық тастап, жөтеледі
(+)
- ұстамалы тұншығу болады, дистанциондық сырыл естіледі
№ 35
Диарея жиі болады?:
- бауыр циррозында
- созылмалы панкреатитте (+)
- өт жолдарының тас ауруында
№ 36
Қан-тамыр жетіспеушілік синдромына жатады?:
- шок, коллапс (+)
- гипертензия
- гипертрофия
№ 37
Экссудативті плевритте перкуторлық дыбыс?:
- тынық(тұйық) (+)
- айқын өкпе
- тимпаникалық
№ 38
Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
- қақарықты жалпы анализге алу
- қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу (+)
- қақырықты атипиялық клеткаға алу
№ 39
Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі (+)
- канның жалпы анализі
- копрология
№ 40
Манту сынағы жасалынады?:
- диагностикалық мақсатта (+)
- емдік мақсатта
- профилактикалық мақсатта
№ 41
Симптоматикалық артериалды гипертензияны тудыратын себепші ауру?:
- артрит
- гломерулонефрит (+)
- пневмония
№ 42
Гипертониялық криздің клиникалық белгілері?:
- бастың желке тұсы қатты ауруы, жүрек айну, құсу, қан қысымының
көтерілуі (+)
- төс артының сығып ауруы, сол жаққа тарауы, нитроглицериннен басылуы
- жүрек тұсының шаншуы, дене қызуының көтерілуі
№ 43
Жүректің іштен туа біткен ақауларына жатады?:
- митралды қақпақша жетіспеушілігі
- Фалло триадасы (+)
- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
№ 44
Митралды жетіспеушілік снндромының клиникалық белгілері?:
- күш түскенде ентігу, бет ұшының қызара көгеруі
(+)
- жөтел, мөлдір шыны тәрізді қақырықтың бөлінуі
- бел тұсының ауруы, дизурия
№ 45
Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар (+)
- эозинофилдер
№ 46
Қан аралас қақырық жиі кездеседі?:
- пневмонияда
- туберкулезде (+)
- бронх астамасында
№ 47
Цианозда тері
- көгереді (+)
- сарғаяды
- қалыпты
№ 48
Созылмалы бронхиттің асқынуы?:
- тыныс жетіспеушілігі (+)
- трахеит
- пневмокониоз
№ 49
Ұлтабар жарасының перфорациясындағы ауырсынудың түрі?:
- ауырсыну әр кезде пайда болуы
- «пышак сұққандай» болуы (+)
- ауырсынусыз
№ 50
Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы
№ 51
Жүрек ауруларымен науқасты бақылау үшін?:
- бойын өлшейді
- қан қысымын өлшейді, пульс жиілігін санайды (+)
- бас көлемін өлшейді
№ 52
Өкпе гангренасында қолданған дұрыс?:
- димедрол
- цефазолин (+)
- 5- нок
№ 53
Синусты тахикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 100 (+)
- 84
- 75
№ 54
Созылмалы гастриттің емінде қолданылатын дәрі
- ранитидин (+)
- рифампицин
- клофеллин
№ 55
Жүрек гликозидтеріне жатады?:
- мукалтин, травясил
- дигоксин, корглюкон (+)
- ампициллин, ципролет
№ 56
Бронхоскопия мына тексеру әдісіне жатады?:
- лабораториялық
- инструменталдық (+)
- радиоизотоптық
№ 57
Брадипноэ дегеніміз?:
- тамыр соғысы бір минутта 120 рет
- тыныс алу жиілігі бір минутта 6 рет (+)
- тыныс алу жиілігі бір минутта 16 рет
№ 58
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 59
Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
- желке тұсына, балтырларға (+)
- ішіне
- табандарына
№ 60
Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор
№ 61
Миокард инфарктісінде миокардта болатын өзгеріс?:
- некроз (+)
- дистрофия
- қабыну
№ 62
Билиарлы цирроздың себебі?:
- холестаз (+)
- Боткин ауруы
- тамақтану режимінің бузулуы
№ 63
1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық (+)
- қақпалық
№ 64
Ревматизм емінде қолданылады?:
- аспирин, пенициллин (+)
- фуразолидон, 5-НОК
- анальгин, ношпа
№ 65
Созылмалы колиттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы»тәріздес нәжіс болуы, лоқсу (+)
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәріздес болу
- жаман иісті кекірік болу, тәбеті жок
№ 66
Сарғаю, қышыма, алақан эритемасы, «тамыр жұлдызшылары», асцит кездеседі?:
- асқазан ойық жарасында
- бауыр циррозында (+)
- холециститте
№ 67
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- төс артының сыздап ауруы, нитроглицериннен басылуы
- аяқтардың ісінуі, оң жақ қабырға астының ауруы, асцит
(+)
- төс артының сығып ауруы, нитроглицериннен басылмауы
№ 68
Жүрек ауруларының қосымша тексеру әдісі?:
- бронхография
- электрокардиография (+)
- фиброгастродуоденоскопия
№ 69
Аритмия дегеніміз?:
- миокардтың гипертрофиясы
- жүрек ырғағының бұзылуы (+)
- жүректің сирек соғуы
№ 70
Обструктивті бронхиттің емінде қолданылатын дәрілер?:
- жүрек гликозидтері
- бронхолитиктер (+)
- салицилаттар
№ 71
Жүрек тамырлар жүйесін зерттейтін медицина саласы?:
-эндокринология
- кардиология (+)
- нефрология
№ 72
Секрециясы төмен созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- гормондар
- табиғи асқазан сөлі (+)
- антикоагулянттар
№ 73
Брадикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 84
- 75
- 55 (+)
№ 74
Жедел бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- алғашқы4күнде
- асқынулар қосылса (+)
- бірден қолданады
№ 75
Ревматизмнің этиологиясы?:
- стрептококк (+)
- пневмококк
- микоплазмалар
№ 76
Холекинетикалық препараттарға жатады?:
- холагол, ксилит (+)
- папаверин, но-шпа
- фестал, дигестал
№ 77
Өкпе ауруларындағы дренаж өткізу маңызы?:
- ісікті тарату үшін
- қақырықты оңай түсіру үшін (+)
- қан қысымың төмендету үшін
№ 78
Асқазан ойық жарасының қоздырғышы?:
- ішек таяқшасы
- Helicobacter pylori (+)
- гемолитикалық стрептококк
№ 79
Кох бацилла қандай аурудың қоздырғышы?:
- өкпенің рагы
- өкпе туберкулезі (+)
- өкпе эмфиземасы
№ 80
Артериалдық гипертензия синдромының клиникалық белгілері?:
- төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылуы
- басының желке тұсы ауруы, құлағының шулауы, қан қысымының көтерілуі
(+)
- шөл, полиурия
№ 81
Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия
№ 82
Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр (+)
- термометр
- стетоскоп
№ 83
Өкпе эмфиземасы дегеніміз?:
- өкпе альвеоласының кеңеюі (+)
- өкпеде қуыс пайда болуы
- сұйықтықтың жиналуы
№ 84
Жедел журек жетіспеушілігіне жатады?:
- анафилактикалық шок
- жүрек астмасы, өкпе ісінуі (+)
- кардиогендік шок
№ 85
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ. (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.
№ 86
Тәж артерияларының атеросклерозы тудырады?:
- жүректің ишемиялық ауруы (+)
- бронхиалды астма
- эндокардит
№ 87
Созылмалы бронхитте антибактериалды дәрмектерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- эндобронхиалды (+)
- буын ішіне
№ 88
Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
- пенициллин, стрептомицин
- фуразолидон, энтеросептол (+)
- карсил, сирепар, эссенциале
№ 89
Жедел бронхиттің клиникасы?:
- қан аралас қақырық тастау
- кеудесінің ауруы, қызу көтерілу, кілегейлі қақырық тастап жөтелу
(+)
- көпіршікті алқызыл түсті қақырық тастау
№ 90
Пневмонияның диагностикасында қолданылады:
- ультрадыбыспен зерттеу
- рентгенография (+)
- урография
№ 91
Бронхоэктаз ауруының дәлірек диагнозы осы тексеру арқылы қойылады?:
- бронхография (+)
- рентгенография
- рентгеноскопия
№ 92
Бронхиалдық астмамен ауыратын науқастың қақырығынан анықталады?:
- Куршман спиралдары және Шарко-Лейден кристалдары
(+)
- атипиялық клеткалар
- Кох бацилласы
№ 93
БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі?:
- туылғаннан 2-3 күннен кейін (+)
- туылғаннан 25 куннен кейін
- туылғаннан 1 айдан кейін
№ 94
Талықсу (обморок) дегеніміз?:
- қысқа мерзімге есінен тану (+)
- жүректің тоқтап қалуы
- қан қысымының қалыпты болуы
№ 95
Жүректің жүре пайда болған ақауларының жиі кездесетін себебі?:
- ревматизм (+)
- стенокардия
- артериалдық гипертензия
№ 96
Асқазан қатерлі ісігінің клиникалық белгілері?:
- эпигастрий аймағы тұрақты ауырады, науқас тез арада арықтайды
(+)
- эпигастрий аймағы тамақтан кейін 3-4 сағаттан соң ауырады
- оң қабырға асты ауырады, ауызына запыран дәмі келеді
№ 97
Гепатолиеналды синдром кездеседі?:
- бауыр циррозында (+)
- асқазан ойық жарасында
- калькулезді холецистта
№ 98
Диффузды жайылмалы пневмосклероз осы аурудың асқынуы?:
- плеврит
- созылмалы бронхит (+)
- трахеит
№ 99
Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету (+)
- метастаз беру
№ 100
Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
содержание ..
161
162
163
164 ..
|