Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 129

 

  Главная      Тесты     Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     127      128      129      130     ..

 

 

 

Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 129

 

 

 

№ 1

Созылмалы бронхиттің жиі кездесетін себебі?:
- дер кезінде емделмеген жедел бронхит    (+)
- менингококк
- Кох бацилласы


 

№ 2

Бауырдың калыпты көлемі бұғана ортасы сызығы бойынша?:
- 9-11см    (+)
- 11-12см
- 15-17см
 

 

№ 3

Өкпе гангренасының клиникалық белгілері?:
- шірік иісті іріңді қақырық тастайды    (+)
- тахикардия, перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- «темір тотығы»түстес қақырық тастайды, крепитация естіледі
 

 

№ 4

Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 минутта тыныс алу жиілігі?:
- 40-60 рет
- 16-20 рет    (+)
- 2-3 рет
 

 

№ 5

Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі    (+)
- канның жалпы анализі
- копрология

 

№ 6

Ұлтабар зондтауды жүргізу керек?:
- өт тасы ауруында
- созылмалы холециститте    (+)
- созылмалы энтероколитте
 

 

№ 7

Нейролептаналгезияда қолданылатын препараттардың бірі?:
- гентамицин
- дроперидол    (+)
- фуросемид

 

№ 8

Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография    (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия

 

№ 9

Өт қапшығының ұстамасында ауырады?:
- сол жақ қабырға асты
- оң жақ қабырға асты    (+)
- эпигастрий аймағы
 

 

№ 10

Туберкулезге қарсы бағдарлама?:
- «Емшекпен тамақтандыру»
- «DOTS»    (+)
- «Пероральды регидратация»
 

 

№ 11

Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы»    (+)
- деформацияланады

 

№ 12

Өкпе эмфиземасы дегеніміз?:
- өкпе альвеоласының кеңеюі    (+)
- өкпеде қуыс пайда болуы
- сұйықтықтың жиналуы
 

 

№ 13

Ылғалды оттегі беру тәсілі қалай аталады?:
- гемосорбция
- оксигенотерапия    (+)
- термометрия

 

№ 14

Антацидтерге жатады?:
- викасол, хлорлы кальций
- викаир,  викалин    (+)
- энтеросептол, фуразолидон

 

№ 15

Асқазан және ұлтабар жарасының емінде қолданылатын жаңа препаратты атаңыз?:
- контролок    (+)
- но шпа
- алмагель
 

 

№ 16

Пневмонияның қоздырғышы:
- Кох бацилласы
- пневмококк    (+)
- спирохета
 

 

№ 17

Өкпе эмфиземасындағы перкуторлық дыбыс?:
- бос қорап дыбысы    (+)
- тынық
- абсолюттік тынық
 

 

№ 18

Бронх астмасының ұстамасында қолданылады?:
- сульфаниламидтер
- бронходилятаторлар    (+)
- жүрек гликозидтері
 

 

№ 19

Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы    (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор

 

№ 20

Асқазан катерлі ісігінде тағайындалатын диета?:
- №1    (+)
- №7
- №5

 

№ 21

Синусты брадикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 55    (+)
- 75
- 85

 

№ 22

Секрециясы төмен созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- гормондар
- табиғи асқазан сөлі    (+)
- антикоагулянттар

 

№ 23

Туберкулездің алғашқы белгілері?:
- кеуденің ауырсынуы, дене қызуы -390 С
- жөтелу, әлсіздік, кешке дене қызуы -370 С    (+)
- алқызыл түсті көпіршікті қақырық, тұншығуы

 

№ 24

Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин    (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы


 

№ 25

ДОТС бағдарламасы бойынша туберкулез емінің ұзақтығы?:
- 12ай
- 6ай    (+)
- 1 ай
 

 

№ 26

Стенокардияда науқасқа қатаң төсек режимі келесі асқынудың алдын-алу үшін тағайындалады?:
- миокард инфактісін    (+)
- атеросклерозды
- миокардитті

 

№ 27

Бауыр циррозында тағайындалатын диета?:
- №1
- №5    (+)
- №7

 

№ 28

Зәр айдағыштарға жатады?:
- фуросемид    (+)
- гепабене
- алмагель

 

№ 29

Бронх астмасының асқынуы?:
- өкпе эмфиземасы    (+)
- өкпеден қан кету
- плеврит

 

№ 30

Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттар?:
- антацидтер    (+)
- миотроптық спазмолитиктер
- витаминдер

 

№ 31

Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К.    (+)
- Боткин С.П.
 

 

№ 32

Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал,  креон    (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
 

 

№ 33

Манту сынағы жасалынады?:
- диагностикалық мақсатта    (+)
- емдік мақсатта
- профилактикалық мақсатта


 

№ 34

Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр    (+)
- термометр
- стетоскоп

 

№ 35

Өкпе туберкулезінің тарайтын жолы?:
- парентеральды
- ауа тамшы    (+)
- жыныстық қатынас арқылы

 

№ 36

Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ.    (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.

 

№ 37

Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1    (+)
- 4
- 5

 

№ 38

Ішек ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- копрология    (+)
- Нечипоренко сынамасы
- Зимницкий сынамасы

 

№ 39

Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгісі:
- «бөшке» тәріздес кеуде клеткасы    (+)
- іріңді қақырық тастап жөтелу
- ұстамалы тұншығу болу
 

 

№ 40

Құсу кезіндегі қауіпті асқынулар?:
- құсықтың тыныс жолдарына енуі    (+)
- іштің өтуі
- зәрдің жүрмеуі
 

 

№ 41

Брадипноэ дегеніміз?:
- тамыр соғысы бір минутта 120 рет
- тыныс алу жиілігі бір минутта 6 рет    (+)
- тыныс алу жиілігі бір минутта 16 рет
 

 

№ 42

Асқазанды жуу керек?:
- өңештен қан кетуде
- астан уланғанда    (+)
- миокард инфарктысында

 

№ 43

Митралды жетіспеушілік снндромының клиникалық белгілері?:
- күш түскенде ентігу, бет ұшының қызара көгеруі    (+)
- жөтел, мөлдір шыны тәрізді қақырықтың бөлінуі
- бел тұсының ауруы, дизурия

 

№ 44

Секрециясы жоғары созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- антикоагулянттар
- антацидтер    (+)
- нитрофурандар

 

№ 45

Артериалдық гипертензияның асқынуы?:
- гипертониялық криз    (+)
- коллапс
- перикардит

 

№ 46

Бронхиалдық астмамен ауыратын науқастың қақырығынан анықталады?:
- Куршман спиралдары және Шарко-Лейден кристалдары    (+)
- атипиялық клеткалар
- Кох бацилласы

 

№ 47

Созылмалы холециститте ауырсыну беріледі?:
- оң жақ иыққа, жауырынға, бұғанаға    (+)
- оң аяққа
- сол аяққа
 

 

№ 48

Тазарту клизмасына қажетті заттар?:
- Эсмарх кружкасы    (+)
- жылытқыш
- мұзды мұйық

 

№ 49

Гепатолиеналды синдром кездеседі?:
- бауыр циррозында    (+)
- асқазан ойық жарасында
- калькулезді холецистта

 

 

№ 50

Талықсу (обморок) дегеніміз?:
- қысқа мерзімге есінен тану    (+)
- жүректің тоқтап қалуы
- қан қысымының қалыпты болуы
 

 

№ 51

Холестаздың(өттің дұрыс жүрмеуінің)белгілері?:
- «бауыр алақаны»
- терінің қышуы    (+)
- «тамыр жұлдызшалары»

 

№ 52

Асқазан сөлін тексергенде сынақ тамағын береді?:
- 1-ші порциядан кейін
- 4-ші порциядан кейін    (+)
- 8-ші порциядан кейін
 

 

№ 53

Өкпе рагының клиникалық белгілері?:
- қан аралас қақырық тастап, науқастың тез арада арықтауы    (+)
- дене қызуының көтерілуі, кеудесінің ауыруы
- іріңді қақырық тастап, жөтелуі, әлсіздік

 

№ 54

Өкпе гангренасында қолданған дұрыс?:
- димедрол
- цефазолин    (+)
- 5- нок

 

№ 55

Ұлтабар жарасында ішек қызметінің өзгеруі?:
- іш қатпа болуы    (+)
- іш өтуі
- нәжісі «қара құрым» тәріздес болуы

 

№ 56

Семіздікте тағайындалатын диета?:
- 5
- 8    (+)
- 9
 

 

№ 57

Созылмалы панкреатиттің ең жиі кездесетін себебі?:
- маскунемдік    (+)
- өт түзудін бұзылуы
- аста белоктың жетіспеуі

 

№ 58

5 диета тағайындалатын аурулар?:
- бауыр    (+)
- буйрек
- ішек

 

 

№ 59

Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі?:
- алиментарлық фактор    (+)
- салқын тию
- жарақат

 

№ 60

Дене қызуының нәтижесі тіркеледі?:
- дене қызу парағына    (+)
- дәрігердің нұсқау қағазына
- босану тарихының күнделігіне
 

 

№ 61

Бронх астмасының негізгі себебі?:
- атеросклероз
- аллергендер    (+)
- радиация


 

№ 62

Гирудотерапияға көрсетпе болып табылады?:
- артериалдық гипертензия    (+)
- миокард инфарктысы
- бронхиалдық астма
 

 

№ 63

Миокард инфарктісінің негізгі клиникалық белгілері?:
- ұстамалы тұншығу, жөтел, мөлдір қақырыктың бөлінуі
- төс артының сығып ауруы, ұзақтығы 15 минуттан көп, нитроглицериннен басылмауы    (+)
- төс артының сыздап ауруы, ұзақтығы 15 минутқа дейін, нитроглицериннен басылуы

 

№ 64

Атеросклероз ауруында тыйым салынатын тағамдар?:
- майлы ет, қою ет сорпалары, тәтті өнімдер    (+)
- жеміс-жидектер, сусындар
- көкөністер

 

№ 65

Қан кету осы аурудың асқынуы?:
- өкпенің рагы    (+)
- бронх астмасы
- жедел бронхит

 

№ 66

Жүрек ұшы соққысы қалыпты жағдайда анықталады?:
- Ү қабырға аралықта бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай    (+)
- ІІІ қабырға аралықта қолтық асты артқы сызығы бойымен
- ІІІ қабырғааралықта жауырын сызығы бойымен

 

№ 67

Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм    (+)
- 2мм
- 1мм

 

№ 68

Стенокардияның емінде қолданылатын базистік препарат?:
- витаминдер
- нитраттар    (+)
- антибиотиктер

 

№ 69

Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар?:
- циклофосфан, 5- фторурацил    (+)
- алоэ, ФИБС, стекловидное тело
- мукалтин, бронхолитин

 

№ 70

Асқазан пенетрацияның белгісі?:
- эпигастрий аймағының тұрақты ауруы    (+)
- қыжыл мазалау
- кекіру

 

№ 71

Бронх астмасының қақырықтың ерекшелігі?:
- қан аралас қақырық тастау
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау    (+)
- таңертең ауызы тола іріңді қақырық тастау
 

 

№ 72

Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4    (+)
- №8
- №9

 

№ 73

Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды    (+)
 - тамырлар қалпын

 

№ 74

Перкуссияда анықталатын жүрек шекараларының саны?:
- 3    (+)
- 2
- 1

 

№ 75

Өкпе рагының асқынуларына жатады?:
- гипертониялық криз
- қан кету    (+)
- коллапс

 

№ 76

Созылмалы гастритте пальпация жүргізгенде ауыратын жері?:
- оң жақ қабырға асты
- эпигастрий аумағы    (+)
- сол жақ қабырға асты

 

№ 77

Асқазанның қатерлі ісігіне асқынуы мүмкін?:
- асқазанның ойық жарасы    (+)
- созылмалы гепатит
- жедел гастрит

 

№ 78

DOTS бағдарламасының ерекшелігі?:
- ұзақ мерзімді
- қысқа мерзімді    (+)
- жыл бойы

 

№ 79

Жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- тұншығу ұстамасы, цианоз, көбікті қызғылт-күлгін қақырық тастау, дистанциялық сырылдардың болуы    (+)
- төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылмауы
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет

 

№ 80

Сөл бөлу туралы дәлірек мәлімет береді?:
- асқазанның рентгеноскопиясы
- фракциялық тәсілмен зондтау    (+)
- ұлтабарды зондтау


 

№ 81

Ревматизмдік полиартриттің клиникалық белгілері?:
- ірі буындардың көшпелі түрде ауруы, қимылының азаюы    (+)
- майда буындардың сырқырап ауруы, таңертеңгі құрысуы
- буындар қуысына қанның жиналуы (гемартроз), ісінуі
 

 

№ 82

Атеросклерозда қан анализіндегі өзгеріс ?:
- гиперпротеинемия
- гиперхолестеринемия    (+)
- гипогликемия

 

№ 83

Холекинетикалық препараттарға жатады?:
- холагол, ксилит    (+)
- папаверин, но-шпа
- фестал, дигестал

 

№ 84

Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
- гипоацидтік
- ахилиялық    (+)
- қышқылы қалыпты

 

№ 85

Созылмалы гепатиттін емінде қолданылатын препараттар?:
- карсил,  левасил, гептрал    (+)
- квамател,  омепразол
- фталазол, энтеросептол
 

 

№ 86

1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық    (+)
- қақпалық

 

№ 87

Өкпе ауруларында тағайындалатын диета?:
- №15    (+)
- №7
- №9


 

№ 88

Стенокардияның диагностикасында қолданылады?:
- ангиография
- электрокардиография    (+)
- бронхография
 

 

№ 89

Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету    (+)
- метастаз беру
 

 

№ 90

Демікпеде гормондарды қолданады?:
- жүрегі жиі соқса
- бронходилятаторлар көмек бермегенде    (+)
- іріңді қақырық тастағанда
 

 

№ 91

Гипертензияда қан қысымы?:
- көтеріледі    (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді

 

№ 92

Созылмалы гепатиттің клиникалық белгілері?:
- он жақ қабырға астында ауырлык сезуі, көзінін сарғаюы    (+)
- сол жақ қабырға астынын ауыруы
- белінін ауыруы, зәрде гематурия пайда болуы
 

 

№ 93

Жүрек аритмиясын анықтау үшін қолданылатын инструменталдық тексеру?:
- электрокардиография    (+)
- бронхография
- электроэнцефалография

 

№ 94

БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі?:
- туылғаннан 2-3 күннен кейін    (+)
- туылғаннан 25 куннен кейін
- туылғаннан 1 айдан кейін


 

№ 95

Қан-тамыр жетіспеушілік синдромына жатады?:
- шок, коллапс    (+)
- гипертензия
- гипертрофия

 

№ 96

Брадикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 84
- 75
- 55    (+)
 

 

№ 97

Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар    (+)
- эозинофилдер

 

№ 98

Жүрек ауруларындағы ісіктер дамиды?:
- төменнен жоғары    (+)
- жоғарыдан төмен
- тез арада


 

№ 99

Миокард инфарктісінде миокардта болатын өзгеріс?:
- некроз    (+)
- дистрофия
- қабыну

 

№ 100

Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
- қақарықты жалпы анализге алу
- қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу    (+)
- қақырықты атипиялық клеткаға алу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     127      128      129      130     ..