|
содержание ..
69
70
71
72 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 71
№ 1
Асқазан қатерлі ісігінде қолданылмайтын ем?:
- симптоматикалық
- физиотерапия (+)
- химиотерапия
№ 2
Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
- гипоацидтік
- ахилиялық (+)
- қышқылы қалыпты
№ 3
Демікпеде гормондарды қолданады?:
- жүрегі жиі соқса
- бронходилятаторлар көмек бермегенде (+)
- іріңді қақырық тастағанда
№ 4
Ұлтабар жарасының негізгі рентгенологиялық белгісі?:
- бұлтиып шығып («ниша») көрінуі (+)
- өңеште барий қоспасының тұрып қалуы
- ішек жиырылуының жоқ болуы
№ 5
Бронх астмасының қақырықтың ерекшелігі?:
- қан аралас қақырық тастау
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау (+)
- таңертең ауызы тола іріңді қақырық тастау
№ 6
Ішек ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- копрология (+)
- Нечипоренко сынамасы
- Зимницкий сынамасы
№ 7
Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К. (+)
- Боткин С.П.
№ 8
Крупозды пневмонияда рентгенологиялық тексеруінде анықталады?:
- өкпедегі қуыс
- өкпе тканінің тығыздалуы (+)
- сұйықтық
№ 9
Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал, креон (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
№ 10
Бауыр сынағына жатады?:
- тимол (+)
- Амбюрже
- Зимницкий
№ 11
Артериалдық гипертензияның асқынуы?:
- гипертониялық криз (+)
- коллапс
- перикардит
№ 12
Созылмалы обструктивті бронхиттің клиникасындағы негізгі симптом?:
- жөтеліп, ентігу (+)
- жөтеліп, «темір тотығы»түстес қақырық тастау
- қан аралас қақырық тастап, жөтелу
№ 13
Цианозда тері
- көгереді (+)
- сарғаяды
- қалыпты
№ 14
Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1 (+)
- 4
- 5
№ 15
Асқазан катерлі ісігінде тағайындалатын диета?:
- №1 (+)
- №7
- №5
№ 16
Қалыпты жағдайдағы пульс жиілігі?:
- 95
- 74 (+)
- 40
№ 17
Синусты тахикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 100 (+)
- 84
- 75
№ 18
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- төс артының сыздап ауруы, нитроглицериннен басылуы
- аяқтардың ісінуі, оң жақ қабырға астының ауруы, асцит
(+)
- төс артының сығып ауруы, нитроглицериннен басылмауы
№ 19
Жасырын ісікті анықтайтын тәсіл?:
- су балансын анықтау (+)
- бойын өлшеу
- спирометрия жүргізу
№ 20
Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар?:
- циклофосфан, 5- фторурацил (+)
- алоэ, ФИБС, стекловидное тело
- мукалтин, бронхолитин
№ 21
Ахилиялық гастрит жиі кездеседі?:
- қарттарда (+)
- жасы ұлгайғанда
- нәрестелерде
№ 22
Стенокардияда миокардта болатын өзгеріс?:
- атрофия
- ишемия (+)
- некроз
№ 23
Өкпе гангренасында қолданған дұрыс?:
- димедрол
- цефазолин (+)
- 5- нок
№ 24
Созылмалы бронхитте антибактериалды дәрмектерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- эндобронхиалды (+)
- буын ішіне
№ 25
Бронх астмасының асқынуы?:
- өкпе эмфиземасы (+)
- өкпеден қан кету
- плеврит
№ 26
Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
- желке тұсына, балтырларға (+)
- ішіне
- табандарына
№ 27
Пневмонияның диагностикасында қолданылады:
- ультрадыбыспен зерттеу
- рентгенография (+)
- урография
№ 28
Бауырдың калыпты көлемі бұғана ортасы сызығы бойынша?:
- 9-11см (+)
- 11-12см
- 15-17см
№ 29
Бауыр циррозында тағайындалатын диета?:
- №1
- №5 (+)
- №7
№ 30
Өкпе абсцессіне әкеліп соқтыратын ауру?:
- жедел бронхит
- ошақты пневмония (+)
- трахеит
№ 31
Асцит дамиды?:
- холециститте
- бауыр циррозында (+)
- панкреатитте
№ 32
Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4 (+)
- №8
- №9
№ 33
Жүрек аритмиясын анықтау үшін қолданылатын инструменталдық тексеру?:
- электрокардиография (+)
- бронхография
- электроэнцефалография
№ 34
Гирудотерапияға көрсетпе болып табылады?:
- артериалдық гипертензия (+)
- миокард инфарктысы
- бронхиалдық астма
№ 35
Диффузды пневмосклероздың негізгі клиникалык белгісі?:
- ентігіп, жөтелу (+)
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау
- дене қызуы көтерілу
№ 36
Созылмалы бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- егер іріңді қақырық тастаса (+)
- егер кілегейлі қақырық тастаса
- бронхтар тарылғанда
№ 37
Миокард инфарктісін анықтау үшін қолданылатын инструменталды тексеру
әдісі?:
- электрокардиография (+)
- электроэнцефалография
- фиброгастродуоденоскопия
№ 38
Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор
№ 39
Жүрек гликозидтеріне жатады?:
- мукалтин, травясил
- дигоксин, корглюкон (+)
- ампициллин, ципролет
№ 40
Бауыр ауруларының диагностикасында қолданылатын инструменталдық тексеру?:
- ультрадыбыспен тексеру (+)
- колоноскопия
- ирригоскопия
№ 41
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 42
Бронхоэктаз ауруының клиникалық белгісі?:
- үнемі ауызы тола іріңді қақырық тастайды (+)
- перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- кілегейлі қақырық тастайды
№ 43
Жүректің ишемиялық ауруында миокардта бұзылады?:
- жиырылуы
- оттегімен қамтамасыз етілуі (+)
- өткізгіштігі
№ 44
Өкпенің осы ауруында науқасқа позициялық дренаж тағайындалады?:
- пневмонияда
- өкпе абсцесінде (+)
- өкпе эмфиземасында
№ 45
Өкпе абсцесінің бірінші кезеңіндегі қызбаның түрі?:
- тұрақты
- гектикалық (+)
- теріс
№ 46
Крупозды пневмониядағы қақырықтың түрі?:
- кілегейлі
- «темір тотығы » түстес (+)
- алқызыл көпіршікті
№ 47
Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы» (+)
- деформацияланады
№ 48
Диффузды жайылмалы пневмосклероз осы аурудың асқынуы?:
- плеврит
- созылмалы бронхит (+)
- трахеит
№ 49
Асқазан қатерлі ісігіне бейімдеуші ауру?:
- ахилиялық гастрит (+)
- колит
- геморрой
№ 50
Асқазан ойық жарасына тән ауырсыну?:
- эпигастрий аймағы белді айналып ауырады
- эпигастрий аймағы тамақтан кейін 30-40 минут соң ауырады
(+)
- эпигастрий аймағы тамақтан кейін 1-1, 5 сағаттан соң ауырады
№ 51
Жедел бронхиттің этиологиясы?:
- бактериялар, вирустар (+)
- радиация
- стресс
- туберкулез таяқшасы
№ 52
Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы
№ 53
Созылмалы энтериттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы» тәріздес нәжіс болуы
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәрізді болуы (+)
- жаман иісті кекірік болу
№ 54
Симптоматикалық артериалды гипертензияны тудыратын себепші ауру?:
- артрит
- гломерулонефрит (+)
- пневмония
№ 55
Бауыр цирроздарға тән клиникалық белгілері?:
- оң жақ қабырға астында ауырлык сезуі, бауыр және талақ үлкейюі
(+)
- кіндік айналасының ауыруы, іш өтуі
- белінін ауыруы, зәрде протеинурия пайда болуы
№ 56
Асқазан сөлін тексергенде сынақ тамағын береді?:
- 1-ші порциядан кейін
- 4-ші порциядан кейін (+)
- 8-ші порциядан кейін
№ 57
Іштен туа біткен жүрек ақауларын емдеу тәсілі?:
- электртогымен
- хирургиялық (+)
- физиотерапия
№ 58
Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды (+)
- тамырлар қалпын
№ 59
Крупозды пневмонияда қақырықтың микроскопиялық тексеруінде көруге болады?:
- эритроциттерді (+)
- атипиялык клеткаларды
- Куршман спиралін
№ 60
Қан-тамыр жетіспеушілік синдромына жатады?:
- шок, коллапс (+)
- гипертензия
- гипертрофия
№ 61
Митралды жетіспеушілік снндромының клиникалық белгілері?:
- күш түскенде ентігу, бет ұшының қызара көгеруі
(+)
- жөтел, мөлдір шыны тәрізді қақырықтың бөлінуі
- бел тұсының ауруы, дизурия
№ 62
Өкпе ауруларында тағайындалатын диета?:
- №15 (+)
- №7
- №9
№ 63
Өкпе рагында диагнозын дәлірек анықтайтын тексеру әдісі?:
- бронхоскопия және тін биопсиясы (+)
- рентгенография
- томография
№ 64
Астматикалық статустың белгісі?:
- жөтелдің жойылуы
- тұншығу ұстамасының жиіленуі (+)
- плевраның үйкеліс шуының пайда болуы
№ 65
Жүректің ишемиялық ауруларының этиологиясы?:
- атеросклероз (+)
- вирустар
- аллергендер
№ 66
Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар (+)
- эозинофилдер
№ 67
Асқазан ойық жарасының қоздырғышы?:
- ішек таяқшасы
- Helicobacter pylori (+)
- гемолитикалық стрептококк
№ 68
Жүрек ауруларындағы ісіктер дамиды?:
- төменнен жоғары (+)
- жоғарыдан төмен
- тез арада
№ 69
Гипотонияда қан қысымы?:
- төмендейді (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді
№ 70
Қан аралас қақырық жиі кездеседі?:
- пневмонияда
- туберкулезде (+)
- бронх астамасында
№ 71
Өкпе абсцесінде антибиотиктерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- бронхоскоп арқылы (+)
- тік ішекке
№ 72
Бронхоэктаз ауруын дәлелдеу үшін диагностикасында қолданылады?:
- фиброгастроскопия
- бронхоскопия (+)
- ультрадыбыспен зерттеу
№ 73
Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері?:
- желке тұсының, бастың қатты ауруы, қан қысымының көтерілуі
- тұншығу ұстамасы, көбікті қызғылт-күлгін қақырықтың бөлінуі
(+)
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы
№ 74
Қозу кезеңінде асқазан ойық жарасының негізгі симптомы?:
- тамақтан кейін 30 минуттан соң асқазан ауруы (+)
- аш қарынға және түнде эпигастрий аймагы ауру
- кіндік айналасы ауру
№ 75
Жүректегі ауырғандықтың жиі болатын таралу бағыты?:
- сол қолға, сол иыққа (+)
- оң аяққа
- шат аралығына
№ 76
Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі (+)
- канның жалпы анализі
- копрология
№ 77
Ревматизмнің этиологиясы?:
- стрептококк (+)
- пневмококк
- микоплазмалар
№ 78
Асқазан қалтқысының стенозы болады?:
- гастритте
- асқазанның ойық жарасында (+)
- холециститте
№ 79
Пневмослероздың және өкпе эмфиземасының диагностикасы?:
- рентгенография (+)
- флюорография
- ультрадыбыспен тексеру
№ 80
Перкуссияда жүректің жоғарғы шегі анықталады?:
- 5 қабырға аралықта бұғана ортасы сызығы бойынан 1-2см ішке қарай
- 3 қабырға деңгейінде төстің сол жағында (+)
- 2 қабырға аралықта
№ 81
Артериалдық гипертензияның профилактикасы?:
- диета сақтау, сұйыктықты және тұзды шектеу (+)
- ақыл-ой қызметімен көп айналысу
- майға бай тағамдармен әуестену
№ 82
Миокардиттің клиникалық белгілері?:
- кардиалгия, аритмия, жүрек шамасыздығы (+)
- төс артының шаншуы, нитроглицериннен қайтуы
- желке тұсының ауруы, қан қысымының көтерілуі
№ 83
Сарғаю синдромы қай ауруда кездеседі?:
- энтеритте
- созылмалы гепатитте (+)
- созылмалы нефритте
№ 84
Пульстік қысым дегеніміз?:
- систолдық және диастолдық қысым арасындағы айырмашылық
(+)
- систолдық қысым
- диастолдық қысым
№ 85
Созылмалы гепатиттің клиникалық белгілері?:
- он жақ қабырға астында ауырлык сезуі, көзінін сарғаюы
(+)
- сол жақ қабырға астынын ауыруы
- белінін ауыруы, зәрде гематурия пайда болуы
№ 86
Артериалдық қан қысымының шекаралық көрсеткіші ?:
- 210/110 мм сын.бағ.
- 140/90 мм сын.бағ. (+)
- 110/70 мм сын.бағ.
№ 87
Созылмалы панкреатиттің ең жиі кездесетін себебі?:
- маскунемдік (+)
- өт түзудін бұзылуы
- аста белоктың жетіспеуі
№ 88
1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық (+)
- қақпалық
№ 89
Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия
№ 90
Созылмалы панкреатитте тері?:
- сарғаяды (+)
- көгереді
- қызарады
№ 91
Созылмалы колиттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы»тәріздес нәжіс болуы, лоқсу (+)
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәріздес болу
- жаман иісті кекірік болу, тәбеті жок
№ 92
Эндокардит дегеніміз?:
- жүректің ішкі қабатының қабынуы (+)
- миокардта зат алмасудың бұзылуы
- миокардта газ алмасудың бұзылуы
№ 93
Тәж артерияларының атеросклерозы тудырады?:
- жүректің ишемиялық ауруы (+)
- бронхиалды астма
- эндокардит
№ 94
Бронхоэктаз ауруының асқынуы?:
- өкпелік жүрек (+)
- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
- астматикалық статус
№ 95
Өкпе рагының клиникалық белгілері?:
- қан аралас қақырық тастап, науқастың тез арада арықтауы
(+)
- дене қызуының көтерілуі, кеудесінің ауыруы
- іріңді қақырық тастап, жөтелуі, әлсіздік
№ 96
Гепатолиеналды синдром кездеседі?:
- бауыр циррозында (+)
- асқазан ойық жарасында
- калькулезді холецистта
№ 97
Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 98
Миокардиттің емінде қолданылады?:
- индометацин, преднизолон (+)
- нитроксолин, фурадонин
- дибазол, папаверин
№ 99
Өкпе абсцессінде қақырықтың ерекшелігі?:
- алқызыл түсті көпіршікті
- көп мөлшерде иісі жаман (+)
- «темір тотығы» түстес
№ 100
Жедел бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- алғашқы4күнде
- асқынулар қосылса (+)
- бірден қолданады
содержание ..
69
70
71
72 ..
|