Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 55

 

  Главная      Тесты     Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     53      54      55      56     ..

 

 

 

Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 55

 

 

 

№ 1

Пневмонияның этиотроптық бағыттағы емі?:
- антибиотиктер    (+)
- кальций антагонистері
- витаминдер

 

№ 2

Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы»    (+)
- деформацияланады

 

№ 3

Жүректің бірінші тыңдау нүктесі орналасады?:
- 5 қабырға аралықта сол жақ бұғана ортасы сызығынан 1-2см ішке қарай    (+)
- 2 қабырға аралықта төстің оң жағында
- төстің семсерше өскінінің үстінде

 

№ 4

Аритмия дегеніміз?:
- миокардтың гипертрофиясы
- жүрек ырғағының бұзылуы    (+)
- жүректің сирек соғуы

 

№ 5

Жүректің ишемиялық ауруларының этиологиясы?:
- атеросклероз    (+)
- вирустар
- аллергендер

 

№ 6

DOTS бағдарламасының ерекшелігі?:
- ұзақ мерзімді
- қысқа мерзімді    (+)
- жыл бойы

 

№ 7

Холеретик тобына жататын препараттарды атаңыз?:
- фуродонин, палин
- аллохол, холензим    (+)
- эссенциале, гептрал

 

№ 8

Миокардтағы зат алмасуды жақсартатын препараттар?:
- рибоксин, АТФ    (+)
- аспирин, пенициллин
- мукалтин, травясил
 

 

№ 9

Антацидтерге жатады?:
- викасол, хлорлы кальций
- викаир,  викалин    (+)
- энтеросептол, фуразолидон

 

№ 10

Өкпе рагының даму ерекшелігі?:
- басқа мүшелерге тарауы    (+)
- жөтел
- кілегейлі қақырық тастау
 

 

№ 11

Бронхоэктаз ауруының дәлірек диагнозы осы тексеру арқылы қойылады?:
- бронхография    (+)
- рентгенография
- рентгеноскопия

 

№ 12

Гирудотерапияға көрсетпе болып табылады?:
- артериалдық гипертензия    (+)
- миокард инфарктысы
- бронхиалдық астма
 

 

№ 13

1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық    (+)
- қақпалық

 

№ 14

Қан-тамыр жетіспеушілік синдромына жатады?:
- шок, коллапс    (+)
- гипертензия
- гипертрофия

 

№ 15

Артериалдық гипертензия синдромының клиникалық белгілері?:
- төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылуы
- басының желке тұсы ауруы, құлағының шулауы, қан қысымының көтерілуі    (+)
- шөл, полиурия
 

 

№ 16

Өкпе туберкулезінің тарайтын жолы?:
- парентеральды
- ауа тамшы    (+)
- жыныстық қатынас арқылы

 

№ 17

Бауырдың шекарасын анықтайтың тәсілді ұсынды?:
- Стражеско Н.Д.
- Курлов С.К.    (+)
- Боткин С.П.
 

 

№ 18

Сүлік бөлетін зат гирудиннің әсері?:
- гипертензивтік
- антикоагулянттік    (+)
- аналгетикалық

 

№ 19

Пульстік қысым дегеніміз?:
- систолдық және диастолдық қысым арасындағы айырмашылық    (+)
- систолдық қысым
- диастолдық қысым
 

 

№ 20

Проктит дегеніміз?:
- сигма тәрізді ішектің кілегей қабатының қабынуы
- тік ішектің кілегей қабатының қабынуы    (+)
- ұлтабардың кілегей қабатының қабынуы
 

 

№ 21

Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4    (+)
- №8
- №9

 

№ 22

Миокард инфарктісінде ауырғандықты басу үшін қолданылады?:
- бронхолитиктер
- наркотикалық аналгетиктер    (+)
- витаминдер
 

 

№ 23

Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
- күнделікті
- іш кепкенде    (+)
- гипертермияда
 

 

№ 24

Өкпе абсцесі дегеніміз?:
- өкпе тінінің дәнекер тінмен алмасуы
- өкпеде іріңді қуыстың пайда болуы    (+)
- өкпе альвеоласының шамадан тыс кеңейіп кетуі
 

 

№ 25

Спирометрия дегеніміз?:
- пульсты анықтау
- тыныс көлемдерін анықтау    (+)
- физикалық дамуын зерттеу


 

№ 26

Созылмалы холециститте тағайындалатын диета?:
- №7
- №5    (+)
- №1
 

 

№ 27

Бронхоэктаз дегеніміз?:
- бронхтың тарылуы
- бронхтың кеңеюі    (+)
- бронх өзгермейді

 

№ 28

Цианозда тері
- көгереді    (+)
- сарғаяды
- қалыпты


 

№ 29

Өкпе гангренасының клиникалық белгілері?:
- шірік иісті іріңді қақырық тастайды    (+)
- тахикардия, перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- «темір тотығы»түстес қақырық тастайды, крепитация естіледі
 

 

№ 30

Дисфагия синдромы қай ауруда кездеседі?:
- эзофагитте    (+)
- асқазан ойық жарасында
- гастритте

 

№ 31

Ұстамалы тұншығу кезіндегі мәжбүр қалып?:
- активті
- ортопноэ    (+)
- пассивті


 

№ 32

Нейролептаналгезияда қолданылатын препараттардың бірі?:
- гентамицин
- дроперидол    (+)
- фуросемид

 

№ 33

Бауыр циррозының емінде қолданылатын препараттар?:
- гептрал, гепабене    (+)
- квамател, трихопол
- фталазол, энтеросептол
 

 

№ 34

Бауыр циррозында тағайындалатын диета?:
- №1
- №5    (+)
- №7

 

№ 35

Миокард инфарктісінің негізгі клиникалық белгілері?:
- ұстамалы тұншығу, жөтел, мөлдір қақырыктың бөлінуі
- төс артының сығып ауруы, ұзақтығы 15 минуттан көп, нитроглицериннен басылмауы    (+)
- төс артының сыздап ауруы, ұзақтығы 15 минутқа дейін, нитроглицериннен басылуы

 

№ 36

Қан кету осы аурудың асқынуы?:
- өкпенің рагы    (+)
- бронх астмасы
- жедел бронхит

 

№ 37

Эндокардитке тән клиникалық белгілер?:
- жүрек тұсының сыздап ауруы, тері түсінің «сутті кофе» тәрізді болуы    (+)
- бауыр коликасы, ауызына ащы дәмнің келуі
- ұстамалы тұншығу, ентікпе

 

№ 38

Өкпе рагында қарсы көрсетілген емнің түрі?:
- физиотерапия    (+)
- химиотерапия
- сәулемен емдеу
 

 

№ 39

Асқазан катерлі ісігінде тағайындалатын диета?:
- №1    (+)
- №7
- №5

 

№ 40

Созылмалы гастриттің жиі кездесетін себебі?:
- темекі шегу
- тамақтану режимін бұзу    (+)
- салқын тию

 

№ 41

Жүрек ақауларында қолданылатын тексеру әдісі?:
- жүректің 3 проекциясындағы флюорография    (+)
- бронхоскопия
- колоноскопия

 

№ 42

Симптоматикалық артериалды гипертензияны тудыратын себепші ауру?:
- артрит
- гломерулонефрит    (+)
- пневмония

 

№ 43

Созылмалы гастриттің емінде қолданылатын дәрі
- ранитидин    (+)
- рифампицин
- клофеллин

 

№ 44

Коллапс дамыған кезде науқасқа қандай көмек көрсету керек?:
- тіл астына нитроглицерин беру
- мезатон ерітіндісінің 1% 0, 5мл 40 мл глюкозаға қосып көк тамырға жай жіберу    (+)
- оттегіні көпіршікті басатын заттар арқылы беру

 

№ 45

Жүрек демікпесі дамыған кезде науқастың төсектегі қалпы?:
- жартылай отырып, аяғын төменгі жіберуге болады    (+)
- аяғын жоғары көтеріп, жастықсыз шалқасынан жату
- тізе-шынтақ қалпы

 

№ 46

Пневмонияның диагностикасында қолданылады:
- ультрадыбыспен зерттеу
- рентгенография    (+)
- урография


 

№ 47

Бронх астмасының асқынуы?:
- өкпе эмфиземасы    (+)
- өкпеден қан кету
- плеврит

 

№ 48

Крупозды пневмониядағы қақырықтың түрі?:
- кілегейлі
- «темір тотығы » түстес    (+)
- алқызыл көпіршікті

 

№ 49

Сөл бөлу туралы дәлірек мәлімет береді?:
- асқазанның рентгеноскопиясы
- фракциялық тәсілмен зондтау    (+)
- ұлтабарды зондтау


 

№ 50

Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
- пенициллин, стрептомицин
- фуразолидон, энтеросептол    (+)
- карсил, сирепар, эссенциале

 

№ 51

Диффузды жайылмалы пневмосклероз осы аурудың асқынуы?:
- плеврит
- созылмалы бронхит    (+)
- трахеит
 

 

№ 52

Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою    (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
 

 

№ 53

Бронхоэктаз ауруының клиникалық белгісі?:
- үнемі ауызы тола іріңді қақырық тастайды    (+)
- перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- кілегейлі қақырық тастайды
 

 

№ 54

Өкпе эмфиземасының емінде қолданылады?:
- витаминдер
- дене шынықтыру
- негізгі ауруды емдеу    (+)
 

 

№ 55

Асцитте ісік сұйыктығы жиналады?:
- бел аймағында
- іш қуысында    (+)
- плевра қуысында
 

 

№ 56

Ылғалды оттегі беру тәсілі қалай аталады?:
- гемосорбция
- оксигенотерапия    (+)
- термометрия

 

№ 57

Асқазан ойық жарасының қоздырғышы?:
- ішек таяқшасы
- Helicobacter pylori    (+)
- гемолитикалық стрептококк
 

 

№ 58

Флотация әдісімен қақырықты жинайды?:
- туберкулезде    (+)
- пневмонияда
- өкпе рагында

 

№ 59

Гипотонияда қан қысымы?:
- төмендейді    (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді
 

 

№ 60

Холекинетикалық препараттарға жатады?:
- холагол, ксилит    (+)
- папаверин, но-шпа
- фестал, дигестал

 

№ 61

Улану себебі белгісіз кездегі мейірбикенің тактикасы?:
- құсықты жиып, лабораторияға жіберу    (+)
- зәрді Зимницский сынағына жинау
- жылытқыш қою

 

№ 62

Созылмалы энтериттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы» тәріздес нәжіс болуы
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәрізді болуы    (+)
- жаман иісті кекірік болу
 

 

№ 63

Ұлтабар жарасының негізгі рентгенологиялық белгісі?:
- бұлтиып шығып («ниша») көрінуі    (+)
- өңеште барий қоспасының тұрып қалуы
- ішек жиырылуының жоқ болуы


 

№ 64

Асқазан ойық жарасының диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- асқазан сөлін тексеру
- фиброгастроскопия    (+)
- асқазанның рентгеноскопиясы

 

№ 65

5 диета тағайындалатын аурулар?:
- бауыр    (+)
- буйрек
- ішек

 

 

№ 66

Гипертониялық криздің клиникалық белгілері?:
- бастың желке тұсы қатты ауруы, жүрек айну, құсу, қан қысымының көтерілуі    (+)
- төс артының сығып ауруы, сол жаққа тарауы, нитроглицериннен басылуы
- жүрек тұсының шаншуы, дене қызуының көтерілуі

 

№ 67

Қатты демікпеде науқастың мәжбүр қалпы?:
- пассивті
- ортопноэ    (+)
- ауырған жағына жату

 

№ 68

Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ.    (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.

 

№ 69

Манту сынағы жасалынады?:
- диагностикалық мақсатта    (+)
- емдік мақсатта
- профилактикалық мақсатта


 

№ 70

Синусты брадикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 55    (+)
- 75
- 85

 

№ 71

Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал,  креон    (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
 

 

№ 72

Асқазан қалтқысының стенозы болады?:
- гастритте
- асқазанның ойық жарасында    (+)
- холециститте

 

№ 73

Тәж артерияларының атеросклерозы тудырады?:
- жүректің ишемиялық ауруы    (+)
- бронхиалды астма
- эндокардит
 

 

№ 74

Жүректің жүре пайда болған ақауларының жиі кездесетін себебі?:
- ревматизм    (+)
- стенокардия
- артериалдық гипертензия

 

№ 75

Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
- желке тұсына, балтырларға    (+)
- ішіне
- табандарына

 

 

№ 76

Асқазанды рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау?:
- кешке жеңіл тамақтану және ертесіне аш қарынға жасау    (+)
- 1 күн бұрын газ шығаратын түтікшені 2 сағатқа қою
- кешке тазарту клизмасын жасау

 

№ 77

Ревматизмдік полиартриттің клиникалық белгілері?:
- ірі буындардың көшпелі түрде ауруы, қимылының азаюы    (+)
- майда буындардың сырқырап ауруы, таңертеңгі құрысуы
- буындар қуысына қанның жиналуы (гемартроз), ісінуі
 

 

№ 78

Ревматизм емінде қолданылады?:
- аспирин,  пенициллин    (+)
- фуразолидон, 5-НОК
- анальгин, ношпа

 

№ 79

Қан аралас қақырық жиі кездеседі?:
- пневмонияда
- туберкулезде    (+)
- бронх астамасында

 

№ 80

Билиарлы цирроздың себебі?:
- холестаз    (+)
- Боткин ауруы
- тамақтану режимінің бузулуы

 

 

№ 81

Ревматизмде профилактикалық мақсатта қолданылатын антибиотик?:
- тетрациклин
- бициллин    (+)
- мегасеф
 

 

№ 82

Н2 - блокаторларға жатады?:
- ранитидин    (+)
- интал
- атропин

 

№ 83

Өкпе абсцесінде антибиотиктерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- бронхоскоп арқылы    (+)
- тік ішекке
 

 

№ 84

Жедел бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- алғашқы4күнде
- асқынулар қосылса    (+)
- бірден қолданады

 

 

№ 85

Өкпе абсцессінің клиникалық белгісі?:
- қан аралас қақырық тастап, науқас тез арада арықтайды
- көп мөлшерде иісі жаман қақырық тастап, жөтеледі    (+)
- ұстамалы тұншығу болады, дистанциондық сырыл естіледі
 

 

№ 86

Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм    (+)
- 2мм
- 1мм

 

№ 87

Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттар?:
- антацидтер    (+)
- миотроптық спазмолитиктер
- витаминдер

 

№ 88

Ахилиялық гастрит жиі кездеседі?:
- қарттарда    (+)
- жасы ұлгайғанда
- нәрестелерде

 

№ 89

Өкпе эмфиземасы дегеніміз?:
- өкпе альвеоласының кеңеюі    (+)
- өкпеде қуыс пайда болуы
- сұйықтықтың жиналуы
 

 

№ 90

Өкпе ауруларында тағайындалатын диета?:
- №15    (+)
- №7
- №9


 

№ 91

Астматикалық статустың белгісі?:
- жөтелдің жойылуы
- тұншығу ұстамасының жиіленуі    (+)
- плевраның үйкеліс шуының пайда болуы
 

 

№ 92

Жедел журек жетіспеушілігіне жатады?:
- анафилактикалық шок
- жүрек астмасы, өкпе ісінуі    (+)
- кардиогендік шок

 

№ 93

Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин    (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы


 

№ 94

Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету    (+)
- метастаз беру
 

 

№ 95

Миокард инфарктісінің асқынуына жатады?:
- кардиогендік шок    (+)
- миға қан құйылу
- гипертониялык криз

 

№ 96

Өкпе абсцессіне әкеліп соқтыратын ауру?:
- жедел бронхит
- ошақты пневмония    (+)
- трахеит

 

№ 97

Қозу кезеңінде асқазан ойық жарасының негізгі симптомы?:
- тамақтан кейін 30 минуттан соң асқазан ауруы    (+)
- аш қарынға және түнде эпигастрий аймагы ауру
- кіндік айналасы ауру
 

 

№ 98

Жүректегі ауырғандықтың жиі болатын таралу бағыты?:
- сол қолға, сол иыққа    (+)
- оң аяққа
- шат аралығына
 

 

№ 99

Қақырық көп мөлшерде бөлінетін өкпе абсцесінің кезеңі?:
- бастапқы
- бронхқа ашылғаннан кейін    (+)
- терминалды

 

№ 100

Бауыр ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- канның биохимиялық анализі    (+)
- канның жалпы анализі
- копрология

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     53      54      55      56     ..