|
содержание ..
34
35
36
37 ..
Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 36
№ 1
Асцит дамиды?:
- холециститте
- бауыр циррозында (+)
- панкреатитте
№ 2
Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4 (+)
- №8
- №9
№ 3
Өт қапшығының ұстамасында ауырады?:
- сол жақ қабырға асты
- оң жақ қабырға асты (+)
- эпигастрий аймағы
№ 4
Ұлтабар жарасының перфорациясындағы ауырсынудың түрі?:
- ауырсыну әр кезде пайда болуы
- «пышак сұққандай» болуы (+)
- ауырсынусыз
№ 5
Бронхоэктаз ауруының асқынуы?:
- өкпелік жүрек (+)
- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
- астматикалық статус
№ 6
Қан қысымының қалыпты көрсеткіші?:
- 120/80 мм сын.бағ. (+)
- 150/90 мм сын.бағ.
- 80/50 мм сын.бағ.
№ 7
Жедел бронхиттің этиологиясы?:
- бактериялар, вирустар (+)
- радиация
- стресс
- туберкулез таяқшасы
№ 8
Миокардтағы зат алмасуды жақсартатын препараттар?:
- рибоксин, АТФ (+)
- аспирин, пенициллин
- мукалтин, травясил
№ 9
Өкпе абсцессінде қақырықтың ерекшелігі?:
- алқызыл түсті көпіршікті
- көп мөлшерде иісі жаман (+)
- «темір тотығы» түстес
№ 10
Асқазан ойық жарасының қоздырғышы?:
- ішек таяқшасы
- Helicobacter pylori (+)
- гемолитикалық стрептококк
№ 11
Аорта жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
- қысқа мерзімге есінен тануы, терісінің бозаруы
(+)
- желке тұсының тартып ауруы, қан қысымының көтерілуі
- төс артының шаншуы, нитроглицериннен басылмауы
№ 12
Диффузды пневмосклероздың негізгі клиникалык белгісі?:
- ентігіп, жөтелу (+)
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау
- дене қызуы көтерілу
№ 13
Энтеритте қабынады?:
- тоқ ішектің кілегей қабаты
- ащы ішектің кілегей қабаты (+)
- сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты
№ 14
Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
№ 15
Сарғаю синдромы қай ауруда кездеседі?:
- энтеритте
- созылмалы гепатитте (+)
- созылмалы нефритте
№ 16
Қозу кезеңінде асқазан ойық жарасының негізгі симптомы?:
- тамақтан кейін 30 минуттан соң асқазан ауруы (+)
- аш қарынға және түнде эпигастрий аймагы ауру
- кіндік айналасы ауру
№ 17
Созылмалы гепатиттің клиникалық белгілері?:
- он жақ қабырға астында ауырлык сезуі, көзінін сарғаюы
(+)
- сол жақ қабырға астынын ауыруы
- белінін ауыруы, зәрде гематурия пайда болуы
№ 18
Миокард инфарктісін анықтау үшін қолданылатын инструменталды тексеру
әдісі?:
- электрокардиография (+)
- электроэнцефалография
- фиброгастродуоденоскопия
№ 19
Жүректің іштен туа біткен ақауларына жатады?:
- митралды қақпақша жетіспеушілігі
- Фалло триадасы (+)
- қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
№ 20
Стенокардияның диагностикасында қолданылады?:
- ангиография
- электрокардиография (+)
- бронхография
№ 21
Сөл бөлу туралы дәлірек мәлімет береді?:
- асқазанның рентгеноскопиясы
- фракциялық тәсілмен зондтау (+)
- ұлтабарды зондтау
№ 22
Созылмалы колиттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы»тәріздес нәжіс болуы, лоқсу (+)
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәріздес болу
- жаман иісті кекірік болу, тәбеті жок
№ 23
Холеретик тобына жататын препараттарды атаңыз?:
- фуродонин, палин
- аллохол, холензим (+)
- эссенциале, гептрал
№ 24
Тахикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
- 125 (+)
- 75
- 60
№ 25
Холестаздың(өттің дұрыс жүрмеуінің)белгілері?:
- «бауыр алақаны»
- терінің қышуы (+)
- «тамыр жұлдызшалары»
№ 26
Миокард инфарктісінің асқынуына жатады?:
- кардиогендік шок (+)
- миға қан құйылу
- гипертониялык криз
№ 27
Н2 - блокаторларға жатады?:
- ранитидин (+)
- интал
- атропин
№ 28
Перикардит дегеніміз?:
- жүректегі зат алмасудың бұзылуы
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы (+)
- миокардтың өлі еттенуі
№ 29
Плевральды пункция жасайтын орын?:
- қолтық астының ортанғы сызық бойымен 5-6 қабырға аралығында
- қолтық астының артқы сызық бойымен 7-8 қабырға аралығында
(+)
- жауырын орта сызығы бойымен 8-9 қабырға аралығы
№ 30
«Қой құмалағы» тәрізді нәжіске тән?:
- энтеритке
- колитке (+)
- гастритке
№ 31
Созылмалы гастриттің жиі кездесетін себебі?:
- темекі шегу
- тамақтану режимін бұзу (+)
- салқын тию
№ 32
Спирометрия дегеніміз?:
- пульсты анықтау
- тыныс көлемдерін анықтау (+)
- физикалық дамуын зерттеу
№ 33
Фонокардиография анықтайды?:
- жүректің жиырылу қасиетін
- жүректегі тондарды, шуларды (+)
- тамырлар қалпын
№ 34
Артериалдық гипертензияда ішкі мүшелерде өзгеріс басталады?:
- ІІ сатысында (+)
- барлығында
- ІІІ сатысында
№ 35
Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар (+)
- эозинофилдер
№ 36
Туберкулездің асқынуы?:
- ишемия
- өкпеден қан кету (+)
- метастаз беру
№ 37
Ылғалды оттегі беру тәсілі қалай аталады?:
- гемосорбция
- оксигенотерапия (+)
- термометрия
№ 38
Астматикалық статустың белгісі?:
- жөтелдің жойылуы
- тұншығу ұстамасының жиіленуі (+)
- плевраның үйкеліс шуының пайда болуы
№ 39
Синусты тахикардияда жүретін соғу жиілігі минутына?:
- 100 (+)
- 84
- 75
№ 40
Аритмия дегеніміз?:
- миокардтың гипертрофиясы
- жүрек ырғағының бұзылуы (+)
- жүректің сирек соғуы
№ 41
Секрециясы жоғары созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- антикоагулянттар
- антацидтер (+)
- нитрофурандар
№ 42
Жүрек тамырлар жүйесін зерттейтін медицина саласы?:
-эндокринология
- кардиология (+)
- нефрология
№ 43
Созылмалы холециститте ауырсыну беріледі?:
- оң жақ иыққа, жауырынға, бұғанаға (+)
- оң аяққа
- сол аяққа
№ 44
№10 диетада шектеледі?:
- көкөністер
- ас тұзы, су (+)
- вегетариандық сорпалар
№ 45
Миокардиттің емінде қолданылады?:
- индометацин, преднизолон (+)
- нитроксолин, фурадонин
- дибазол, папаверин
№ 46
Сүлік бөлетін зат гирудиннің әсері?:
- гипертензивтік
- антикоагулянттік (+)
- аналгетикалық
№ 47
Асқазан пенетрацияның белгісі?:
- эпигастрий аймағының тұрақты ауруы (+)
- қыжыл мазалау
- кекіру
№ 48
Қан аралас қақырық жиі кездеседі?:
- пневмонияда
- туберкулезде (+)
- бронх астамасында
№ 49
Қақырық түсіретін дәрі?:
- бромгексин (+)
- кавинтон
- аскорбин қышқылы
№ 50
Бронхоэктаз дегеніміз?:
- бронхтың тарылуы
- бронхтың кеңеюі (+)
- бронх өзгермейді
№ 51
Ұлтабар зондтауды жүргізу керек?:
- өт тасы ауруында
- созылмалы холециститте (+)
- созылмалы энтероколитте
№ 52
Митралды жетіспеушілік снндромының клиникалық белгілері?:
- күш түскенде ентігу, бет ұшының қызара көгеруі
(+)
- жөтел, мөлдір шыны тәрізді қақырықтың бөлінуі
- бел тұсының ауруы, дизурия
№ 53
Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин, неодикумарин
- викасол, кальций хлорид (+)
- фестал, мезим-форте
№ 54
Ревматизмнің негізгі диагностикалық белгілері?:
- апатия, адинамия
- кардит, көшпелі артрит (+)
- әлсіздік
№ 55
Өкпе абсцесінің бірінші кезеңіндегі қызбаның түрі?:
- тұрақты
- гектикалық (+)
- теріс
№ 56
Артериалдық гипертензия синдромының клиникалық белгілері?:
- төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылуы
- басының желке тұсы ауруы, құлағының шулауы, қан қысымының көтерілуі
(+)
- шөл, полиурия
№ 57
Митралды жетіспеушілікте сол жүрекше ұлғаяды?:
- оңға
- жоғары және солға (+)
- жоғары және оңға
№ 58
Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм (+)
- 2мм
- 1мм
№ 59
Гепатопротекторларға жатады?:
- викалин, алмагель
- карсил, гептрал, гепабене (+)
- холензим, аллохол
№ 60
Созылмалы панкреатитің емінде қолданылатын препараттар?:
- фестал, креон (+)
- панангин, калий оротат
- лазикс, фуросемид
№ 61
Бронхоэктаз ауруының дәлірек диагнозы осы тексеру арқылы қойылады?:
- бронхография (+)
- рентгенография
- рентгеноскопия
№ 62
Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар?:
- циклофосфан, 5- фторурацил (+)
- алоэ, ФИБС, стекловидное тело
- мукалтин, бронхолитин
№ 63
Кекіру дегеніміз?:
- науқастың еркінен тыс құсықтың келуі
- асқазаннан ауызға ауаның келуі (+)
- асқазан сөл қышқылының өнешке шашырауы
№ 64
Өкпе рагының асқынуларына жатады?:
- гипертониялық криз
- қан кету (+)
- коллапс
№ 65
Қалыпты жағдайда ересек адамның 1 минутта тыныс алу жиілігі?:
- 40-60 рет
- 16-20 рет (+)
- 2-3 рет
№ 66
Өкпе абсцесінің екінші кезеңі?:
- қуыс бронхқа ашылғанға дейінгі
- қуыс бронхқа ашылғаннан кейінгі (+)
- кризис
№ 67
Өкпе ауруларында тағайындалатын диета?:
- №15 (+)
- №7
- №9
№ 68
Тоқ ішекті рентгендік зерттеу тәсілі?:
- ирригоскопия (+)
- эзофагоскопия
- гастроскопия
№ 69
Өкпе рагында диагнозын дәлірек анықтайтын тексеру әдісі?:
- бронхоскопия және тін биопсиясы (+)
- рентгенография
- томография
№ 70
Зәр айдағыштарға жатады?:
- фуросемид (+)
- гепабене
- алмагель
№ 71
Экстрасистолиядағы жүрек қызметіндегі өзгеріс?:
- кезектен тыс жиырылуы (+)
- соғысының сиреуі
- соғысының ұстамалы жиілеуі
№ 72
Антацидтерге жатады?:
- викасол, хлорлы кальций
- викаир, викалин (+)
- энтеросептол, фуразолидон
№ 73
Өкпе ауруларындағы дренаж өткізу маңызы?:
- ісікті тарату үшін
- қақырықты оңай түсіру үшін (+)
- қан қысымың төмендету үшін
№ 74
Созылмалы гастритте пальпация жүргізгенде ауыратын жері?:
- оң жақ қабырға асты
- эпигастрий аумағы (+)
- сол жақ қабырға асты
№ 75
Бронх астмасының қақырықтың ерекшелігі?:
- қан аралас қақырық тастау
- аз мөлшерде кілегейлі қақырық тастау (+)
- таңертең ауызы тола іріңді қақырық тастау
№ 76
Крупозды пневмонияда осы асқыну болуы мүмкін
- естен тану
- инфекциялы-токсикалық шок (+)
- уремиялық кома
№ 77
Цианозда тері
- көгереді (+)
- сарғаяды
- қалыпты
№ 78
Бауыр циррозында тағайындалатын диета?:
- №1
- №5 (+)
- №7
№ 79
Өкпе эмфиземасына тән кеуде клеткасы?:
- «бөшке» тәріздес (+)
- нормостеникалық
- семген
№ 80
Өкпе абсцессінің клиникалық белгісі?:
- қан аралас қақырық тастап, науқас тез арада арықтайды
- көп мөлшерде иісі жаман қақырық тастап, жөтеледі
(+)
- ұстамалы тұншығу болады, дистанциондық сырыл естіледі
№ 81
Миокардит дегеніміз не?:
- жүрек бұлшықетінің өлі еттенуі
- жүрек бұлшықетінің қабынуы (+)
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы
№ 82
Улану себебі белгісіз кездегі мейірбикенің тактикасы?:
- құсықты жиып, лабораторияға жіберу (+)
- зәрді Зимницский сынағына жинау
- жылытқыш қою
№ 83
Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
№ 84
Асқазанды жуу керек?:
- өңештен қан кетуде
- астан уланғанда (+)
- миокард инфарктысында
№ 85
Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі?:
- алиментарлық фактор (+)
- салқын тию
- жарақат
№ 86
Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
- пенициллин, стрептомицин
- фуразолидон, энтеросептол (+)
- карсил, сирепар, эссенциале
№ 87
Бауыр циррозының емінде қолданылатын препараттар?:
- гептрал, гепабене (+)
- квамател, трихопол
- фталазол, энтеросептол
№ 88
Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
- күнделікті
- іш кепкенде (+)
- гипертермияда
№ 89
Жедел бронхитте антибиотиктер қолданылады?:
- алғашқы4күнде
- асқынулар қосылса (+)
- бірден қолданады
№ 90
Науқас ентігеді, ішке демді алу қиындайды, ентігудің түрін атаңыз?:
- инспираторлық (+)
- аралас
- құрсақтық
№ 91
Пневмослероздың және өкпе эмфиземасының диагностикасы?:
- рентгенография (+)
- флюорография
- ультрадыбыспен тексеру
№ 92
Ұстамалы тұншығумен сипатталатын ауру?:
- бронх астмасы (+)
- плеврит
- пневмония
№ 93
Асқазаннан қан кету синдромына өзіне тән белгі?:
- басының айналуы
- «кофе қоюы» тәріздес құсық болуы (+)
- терінің бозаруы
№ 94
Қан қысымын өлшейтін құрал?:
- тонометр (+)
- термометр
- стетоскоп
№ 95
Кардиогендік шоктың клиникалық белгілері?:
- төс артының сыздап ауруы, нитроглицериннен басылмауы
- жүректің қатты шаншып ауруы, қан қысымының 80/60 мм сын.бағ болуы
(+)
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы
№ 96
Өкпе гангренасының клиникалық белгілері?:
- шірік иісті іріңді қақырық тастайды (+)
- тахикардия, перикардтың үйкеліс шуы естіледі
- «темір тотығы»түстес қақырық тастайды, крепитация естіледі
№ 97
Талықсу (обморок) дегеніміз?:
- қысқа мерзімге есінен тану (+)
- жүректің тоқтап қалуы
- қан қысымының қалыпты болуы
№ 98
Созылмалы энтеритте рентгенологиялық тексеруде болатын өзгерістер?:
- моторикасының күшеюі (+)
- ішектің ассиметриялық түйілуі
- ішек толуының дефектісі
№ 99
Өкпе рагының себептерінің бірі?:
- канцерогенді заттардың әсері (+)
- инфекцияның әсері
- аллергендердің әсері
№ 100
Тұз қышқылын бөлетін асқазан клеткалары?:
- негізгі
- айнала қоршалған (+)
- қосымша
содержание ..
34
35
36
37 ..
|