Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 12

 

  Главная      Тесты     Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     10      11      12      13     ..

 

 

 

Терапия. Студенттерге жауаптарымен тесттер (2020) - 12

 

 

 

№ 1

Өкпе эмфиземасының емінде қолданылады?:
- витаминдер
- дене шынықтыру
- негізгі ауруды емдеу    (+)
 

 

№ 2

Созылмалы колиттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы»тәріздес нәжіс болуы, лоқсу    (+)
-  іш өту, нәжісі «ботқа» тәріздес болу
- жаман иісті кекірік болу, тәбеті жок
 

 

№ 3

Ұлтабар жарасының перфорациясындағы ауырсынудың түрі?:
- ауырсыну әр кезде пайда болуы
- «пышак сұққандай» болуы    (+)
- ауырсынусыз
 

 

№ 4

Пневмонияның диагностикасында қолданылады:
- ультрадыбыспен зерттеу
- рентгенография    (+)
- урография


 

№ 5

Диффузды жайылмалы пневмосклероз осы аурудың асқынуы?:
- плеврит
- созылмалы бронхит    (+)
- трахеит
 

 

№ 6

Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
- Боткин ауруы    (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
 

 

№ 7

Ұстамалы тұншығумен сипатталатын ауру?:
- бронх астмасы    (+)
- плеврит
- пневмония
 

 

№ 8

Жедел бронхиттің этиологиясы?:
- бактериялар, вирустар    (+)
- радиация
- стресс
- туберкулез таяқшасы


 

 

№ 9

Асқазан ойық жарасының диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- асқазан сөлін тексеру
- фиброгастроскопия    (+)
- асқазанның рентгеноскопиясы

 

№ 10

Артериалдық гипертензия синдромының клиникалық белгілері?:
- төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылуы
- басының желке тұсы ауруы, құлағының шулауы, қан қысымының көтерілуі    (+)
- шөл, полиурия
 

 

№ 11

Стенокардияда науқасқа қатаң төсек режимі келесі асқынудың алдын-алу үшін тағайындалады?:
- миокард инфактісін    (+)
- атеросклерозды
- миокардитті

 

№ 12

Бронхоэктаз ауруының асқынуы?:
- өкпелік жүрек    (+)
- өкпе артерияларының тромбоэмболиясы
- астматикалық статус

 

№ 13

Плеврит дегенеміз?:
- плевра қабаттарының қабынуы    (+)
- өкпе тінінің қабынуы
- бронх сағасының қабынуы
 

 

№ 14

Созылмалы энтериттің клиникалық белгілері?:
- «қой құмалағы» тәріздес нәжіс болуы
- іш өту, нәжісі «ботқа» тәрізді болуы    (+)
- жаман иісті кекірік болу
 

 

№ 15

Секрециясы төмен созылмалы гастриттің емінде қолданатын дәрілер?:
- гормондар
- табиғи асқазан сөлі    (+)
- антикоагулянттар

 

№ 16

Манту сынағы оң мәнді болады, егер папуланың диаметрі?:
- 6мм    (+)
- 2мм
- 1мм

 

№ 17

Ревматизмде профилактикалық мақсатта қолданылатын антибиотик?:
- тетрациклин
- бициллин    (+)
- мегасеф
 

 

№ 18

Плевриттің себепші ауруы туберкулез болса емінде қолданамыз?:
- цефазолин, мегасеф
- фтивазид, ПАСК    (+)
- эуфиллин, теофедрин

 

№ 19

Өкпенің іріңді ауруларында науқастың саусағындағы өзгерістер?:
- койлонихия
- «барабан таяқшасы»    (+)
- деформацияланады

 

№ 20

Сарғаю, қышыма, алақан эритемасы, «тамыр жұлдызшылары», асцит кездеседі?:
- асқазан ойық жарасында
- бауыр циррозында    (+)
- холециститте
 

 

№ 21

Тоқ ішекті рентгендік зерттеу тәсілі?:
- ирригоскопия    (+)
- эзофагоскопия
- гастроскопия
 

 

№ 22

Асқазан және ұлтабар жарасының емінде қолданылатын жаңа препаратты атаңыз?:
- контролок    (+)
- но шпа
- алмагель
 

 

№ 23

Стенокардияның емінде қолданылатын базистік препарат?:
- витаминдер
- нитраттар    (+)
- антибиотиктер

 

№ 24

Перикардит дегеніміз?:
- жүректегі зат алмасудың бұзылуы
- жүректің сыртқы қабатының қабынуы    (+)
- миокардтың өлі еттенуі
 

 

№ 25

Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
- Шарко-Лейден кристалдары
- атипиялық клеткалар    (+)
- эозинофилдер

 

№ 26

Ішек ауруларында жүргізілетін лабораториялық тексеру?:
- копрология    (+)
- Нечипоренко сынамасы
- Зимницкий сынамасы

 

№ 27

Жедел журек жетіспеушілігіне жатады?:
- анафилактикалық шок
- жүрек астмасы, өкпе ісінуі    (+)
- кардиогендік шок

 

№ 28

Өкпе эмфиземасына тән кеуде клеткасы?:
- «бөшке» тәріздес    (+)
- нормостеникалық
- семген
 

 

№ 29

Гипертензияда қан қысымы?:
- көтеріледі    (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді

 

№ 30

Атеросклероз ауруында тыйым салынатын тағамдар?:
- майлы ет, қою ет сорпалары, тәтті өнімдер    (+)
- жеміс-жидектер, сусындар
- көкөністер

 

№ 31

Созылмалы гепатиттін емінде қолданылатын препараттар?:
- карсил,  левасил, гептрал    (+)
- квамател,  омепразол
- фталазол, энтеросептол
 

 

№ 32

Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
- қақарықты жалпы анализге алу
- қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу    (+)
- қақырықты атипиялық клеткаға алу

 

№ 33

Құрғақ плевриттің аускультациясында болатын өзгеріс?:
- әлсіз везикулярлы тыныс
- плевраның үйкеліс шуы    (+)
- бронхиалды тыныс
 

 

№ 34

DOTS бағдарламасының ерекшелігі?:
- ұзақ мерзімді
- қысқа мерзімді    (+)
- жыл бойы

 

№ 35

Аритмия дегеніміз?:
- миокардтың гипертрофиясы
- жүрек ырғағының бұзылуы    (+)
- жүректің сирек соғуы

 

№ 36

Созылмалы энтеритте рентгенологиялық тексеруде болатын өзгерістер?:
- моторикасының күшеюі    (+)
- ішектің ассиметриялық түйілуі
- ішек толуының дефектісі
 

 

№ 37

Науқас ентігеді, ішке демді алу қиындайды, ентігудің түрін атаңыз?:
- инспираторлық    (+)
- аралас
- құрсақтық
 

 

№ 38

Өкпе туберкулезінің қоздырғышы?:
- пневмококк
- Кох бацилласы    (+)
- Фридлендер таяқшасы
 

 

№ 39

Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
- гипоацидтік
- ахилиялық    (+)
- қышқылы қалыпты

 

№ 40

Билиарлы цирроздың себебі?:
- холестаз    (+)
- Боткин ауруы
- тамақтану режимінің бузулуы

 

 

№ 41

Артериалдық гипертензияның асқынуы?:
- гипертониялық криз    (+)
- коллапс
- перикардит

 

№ 42

Гипотонияда қан қысымы?:
- төмендейді    (+)
- қалыпты болады
- өзгермейді
 

 

№ 43

Созылмалы бронхиттің жиі кездесетін себебі?:
- дер кезінде емделмеген жедел бронхит    (+)
- менингококк
- Кох бацилласы


 

№ 44

Демікпеде гормондарды қолданады?:
- жүрегі жиі соқса
- бронходилятаторлар көмек бермегенде    (+)
- іріңді қақырық тастағанда
 

 

№ 45

Асқазан ойық жарасының ең жиі кездесетін себебі?:
- алиментарлық фактор    (+)
- салқын тию
- жарақат

 

№ 46

Туберкулезге қарсы бағдарлама?:
- «Емшекпен тамақтандыру»
- «DOTS»    (+)
- «Пероральды регидратация»
 

 

№ 47

Өт қапшығының ұстамасында ауырады?:
- сол жақ қабырға асты
- оң жақ қабырға асты    (+)
- эпигастрий аймағы
 

 

№ 48

Дисфагия синдромы қай ауруда кездеседі?:
- эзофагитте    (+)
- асқазан ойық жарасында
- гастритте

 

№ 49

Өкпенің осы ауруында науқасқа позициялық дренаж тағайындалады?:
- пневмонияда
- өкпе абсцесінде    (+)
- өкпе эмфиземасында

 

№ 50

Өкпе гангренасында қолданған дұрыс?:
- димедрол
- цефазолин    (+)
- 5- нок

 

№ 51

Созылмалы бронхиттің асқынуы?:
- тыныс жетіспеушілігі    (+)
- трахеит
- пневмокониоз

 

№ 52

Өкпе ісінуіндегі жедел көмек?:
- стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
- оттегіні спирттен өткізіп беру, зәр айдағыштар    (+)
- антигистаминдік препараттар, глюкокортикоидтар

 

№ 53

Флотация әдісімен қақырықты жинайды?:
- туберкулезде    (+)
- пневмонияда
- өкпе рагында

 

№ 54

Асқазанды рентгенологиялық тексеруге науқасты дайындау?:
- кешке жеңіл тамақтану және ертесіне аш қарынға жасау    (+)
- 1 күн бұрын газ шығаратын түтікшені 2 сағатқа қою
- кешке тазарту клизмасын жасау

 

№ 55

Ішек ауруларында тағайындалатын диета?:
- №4    (+)
- №8
- №9

 

№ 56

«Қой құмалағы» тәрізді нәжіске тән?:
- энтеритке
- колитке    (+)
- гастритке

 

№ 57

Өкпе эмфиземасы дегеніміз?:
- өкпе альвеоласының кеңеюі    (+)
- өкпеде қуыс пайда болуы
- сұйықтықтың жиналуы
 

 

№ 58

Қан кеткеннен кейінгі екі күн бойы ұстайтын диета?:
- аштық диета    (+)
- №10
- №9

 

№ 59

Сүлік бөлетін зат гирудиннің әсері?:
- гипертензивтік
- антикоагулянттік    (+)
- аналгетикалық

 

№ 60

Артериалдық гипертензияда ішкі мүшелерде өзгеріс басталады?:
- ІІ сатысында    (+)
- барлығында
- ІІІ сатысында
 

 

№ 61

Созылмалы панкреатитте тері?:
- сарғаяды    (+)
- көгереді
- қызарады

 

№ 62

Туберкулездің алғашқы белгілері?:
- кеуденің ауырсынуы, дене қызуы -390 С
- жөтелу, әлсіздік, кешке дене қызуы -370 С    (+)
- алқызыл түсті көпіршікті қақырық, тұншығуы

 

№ 63

Жүректің ишемиялық ауруында миокардта бұзылады?:
- жиырылуы
- оттегімен қамтамасыз етілуі    (+)
- өткізгіштігі

 

№ 64

Жүрек ауруларымен науқасты бақылау үшін?:
- бойын өлшейді
- қан қысымын өлшейді, пульс жиілігін санайды    (+)
- бас көлемін өлшейді

 

№ 65

Атеросклерозда қан анализіндегі өзгеріс ?:
- гиперпротеинемия
- гиперхолестеринемия    (+)
- гипогликемия

 

№ 66

Ұлтабар зондтауды жүргізу керек?:
- өт тасы ауруында
- созылмалы холециститте    (+)
- созылмалы энтероколитте
 

 

№ 67

Семіздікте тағайындалатын диета?:
- 5
- 8    (+)
- 9
 

 

№ 68

Жүрек аритмиясын анықтау үшін қолданылатын инструменталдық тексеру?:
- электрокардиография    (+)
- бронхография
- электроэнцефалография

 

№ 69

Миокард инфарктісінде ауырғандықты басу үшін қолданылады?:
- бронхолитиктер
- наркотикалық аналгетиктер    (+)
- витаминдер
 

 

№ 70

Асқазан қатерлі ісігінің диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
- ирригоскопия
- фиброгастродуоденоскопия және биопсия    (+)
- ультрадыбыспен тексеру

 

№ 71

БЦЖ вакцинациясы жүргізіледі?:
- туылғаннан 2-3 күннен кейін    (+)
- туылғаннан 25 куннен кейін
- туылғаннан 1 айдан кейін


 

№ 72

Созылмалы бронхитте антибактериалды дәрмектерді енгізудің тиімді жолы?:
- тері ішіне
- эндобронхиалды    (+)
- буын ішіне

 

№ 73

Асқазан катерлі ісігінде тағайындалатын диета?:
- №1    (+)
- №7
- №5

 

№ 74

Құрғақ плевриттің негізгі клиникалық белгілері?:
- тұншығып жөтеледі, кілегейлі қақырық тастайды
- кеудесі ауырады, өкпеде плевраның үйкеліс шуы естіледі    (+)
- кеудесі ауырады, еріне, мұрынына герпес шығады

 

№ 75

Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
- гепарин,  неодикумарин
- викасол, кальций хлорид    (+)
- фестал,  мезим-форте

 

№ 76

Пневмонияның қоздырғышы:
- Кох бацилласы
- пневмококк    (+)
- спирохета
 

 

№ 77

Іштен туа біткен жүрек ақауларын емдеу тәсілі?:
- электртогымен
- хирургиялық    (+)
- физиотерапия
 

 

№ 78

1 тонның компоненттері?:
- бұлшықет тербелісі
- бұлшықеттік, тамыр тербелісі, қақпалық    (+)
- қақпалық

 

№ 79

Гепатопротекторларға жатады?:
- викалин, алмагель
- карсил, гептрал, гепабене    (+)
- холензим, аллохол

 

 

№ 80

Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
- 1    (+)
- 4
- 5

 

№ 81

Миокардтағы зат алмасуды жақсартатын препараттар?:
- рибоксин, АТФ    (+)
- аспирин, пенициллин
- мукалтин, травясил
 

 

№ 82

Өкпе туберкулезінің тарайтын жолы?:
- парентеральды
- ауа тамшы    (+)
- жыныстық қатынас арқылы

 

№ 83

Созылмалы энтериттің этиологиялық факторы?:
- ішек инфекциясы    (+)
- радиацияның әсері
- стресстік фактор

 

№ 84

Өкпе ісінуінің клиникалық белгілері?:
- желке тұсының, бастың қатты ауруы, қан қысымының көтерілуі
- тұншығу ұстамасы, көбікті қызғылт-күлгін қақырықтың бөлінуі    (+)
- жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы

 

№ 85

Асқазаннан қан кеткенде дәрігерге дейінгі көмек:
- ішке мұзды торсықты қою    (+)
- асқазанды жуу
- жел шығаратын түтікшені енгізу
 

 

№ 86

Өкпе рагының даму ерекшелігі?:
- басқа мүшелерге тарауы    (+)
- жөтел
- кілегейлі қақырық тастау
 

 

№ 87

Жүрек гликозидтеріне жатады?:
- мукалтин, травясил
- дигоксин, корглюкон    (+)
- ампициллин, ципролет


 

№ 88

Некроздан кейінгі цирроздың себебі?:
- Боткин ауруы    (+)
- тамақтану режимінің бұзулуы
- стресс факторы
 

 

№ 89

Созылмалы панкреатитке тән клиникалық белгілер?:
- эпигастрий аумағы белді айналып ауыруы, құсықтың жеңілдік әкелмеуі    (+)
- эпигастрий аумағы 1-1, 5 сагат соң тамақтан кейін ауыруы
- оң қабырға асты ауыруы, ауызына запыран дәмі келуі

 

№ 90

Пневмонияның этиотроптық бағыттағы емі?:
- антибиотиктер    (+)
- кальций антагонистері
- витаминдер

 

№ 91

Созылмалы гастриттің емінде қолданылатын дәрі
- ранитидин    (+)
- рифампицин
- клофеллин

 

№ 92

Холеретик тобына жататын препараттарды атаңыз?:
- фуродонин, палин
- аллохол, холензим    (+)
- эссенциале, гептрал

 

№ 93

Қалыпты жағдайдағы пульс жиілігі?:
-  95
- 74    (+)
- 40
 

 

№ 94

Крупозды пневмонияда қақырықтың микроскопиялық тексеруінде көруге болады?:
- эритроциттерді    (+)
- атипиялык клеткаларды
- Куршман спиралін

 

 

№ 95

Созылмалы панкреатитте нәжістің түрі?:
- жағымсыз иісті, майлы    (+)
- ботқа тәріздес
- патологиялық қоспасы жоқ
 

 

№ 96

Кох бацилла қандай аурудың қоздырғышы?:
- өкпенің рагы
- өкпе туберкулезі    (+)
- өкпе эмфиземасы

 

№ 97

Миокард инфарктісін анықтау үшін қолданылатын инструменталды тексеру әдісі?:
- электрокардиография    (+)
- электроэнцефалография
- фиброгастродуоденоскопия

 

№ 98

«Кофе қоюы» тәріздес құсық болғанда қан кетеді
- асказаннан    (+)
- ащы ішектен
- сигма тәрізді ішектен
 

 

№ 99

Ревматизм емінде қолданылады?:
- аспирин,  пенициллин    (+)
- фуразолидон, 5-НОК
- анальгин, ношпа

 

№ 100

Пневмосклерозда басым болатын синдром?:
- өкпедегі қуыс синдромы
- өкпе тканінің тығыздалу синдромы    (+)
- сұйыктық жиналу синдромы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     10      11      12      13     ..