|
содержание ..
200
201
202
203 ..
Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 202
??? № 1
Ашығу – ауырсыну – тамақ ішу – тынышталу – ашығу – ауырсыну ырғағы
асқорыту жүйесі ауруларының қайсысына тән?
1. гастрит
2. асқазан ойық жарасы (+)
3. хейлит
4. стоматит
5. аскаридоз
??? № 2
Мерзіміне жетіп туған нәресте бірінші айында салмағына қанша қосады
(грамммен):
1. 1000
2. 900
3. 800
4. 700
5. 600 (+)
??? № 3
Айқын спазмофилияға тән клиника:
1. тершеңдік, шошығыштық
2. тәбеттің болмауы, лоқсу, құсу
3. терідегі ұсақ бөртпе
4. ларингоспазм,карпопедалды спазм, эклампсия (+)
5 ентікпе, жөтел
??? № 4
Қай кезеңде бала гуілдей бастайды?
1. 2 апталығында
2. 1 айлығында
3. 1,5 айлығында (+)
4.4 айлығында
??? № 5
Толық емшекпен тамақтадырылатын балаға бірінші қосымша тамақтандыру
енгізіледі:
1. жеміс шырыны түрінде
2. пісірілген алма түрінде
3. көкөніс пюресі(езбесі) түрінде (+)
4. сүт ботқасы түрінде
5. тартылған ет түрінде
??? № 6
БШАИЖ (ИВБДВ) үлгісі бойынша жедел респираторлы инфекция кезінде ыстықты
түсіру үшін келесі дәрі қолданылады:
1. ибуфен;
2. парацетомол; (+)
3. аспирин;
??? № 7
7 айлық балаға шақыру түсті. Шағымдары:"үрме" жөтел, дауысының қарлығуы.
Ауырғанына3 тәулік болған, дене қызуының380 дейін көтерілуі мен жөтелден
басталған. Қарап тексергенде:бала мазасыз, мұрын қанаттарының
желбезденуі байқалады, мазасызданғанда ауыз маңайы
аздапкөгереді.Өкпесінде қатты тыныс,тыныс жиілігі минутына 46 рет. Жедел
жәрдем:
1. Цефазолин бұлшық етке
2. Ингаляция арқылы сальбутомол қолдану
3, Эуфиллин көк тамырға
4.Преднизолон бұлшық етке
5. Амоксициллин ішке (+)
??? № 8
Дені сау адамның ашқарынға гликемия деңгейі:
1. 3,3-7,8 ммоль/л;
2. 3,3-5,5 ммоль/л; (+)
3. 3,3-6,7 ммоль/л;
??? № 9
Рахиттің клиникасы аталған жүйе тарапынан болатын белгілерден басталады:
1. зәр бөлу
2. жүйке жүйесі (+)
3. ас қорыту
??? № 10
Кефалогематомаға тән:
1. бір сүйектің шекарасынан шықпайды
2. бір сүйектің шекарасынан шығады (+)
3. зақымданған жағында ауыз бұрышының төмен түсуі
??? № 11
Ана сүтімен тамақтандырудың тиімділігі:
1. тамақтандырудың қамтамасыздануының кепілдігі
2. ана мен бала арасында эмоциональді қарым-қатынасты туғызады
3. баланың физикалық және интеллектуальді потенциалының тиімді
дамуының белгісі
4. инфекциядан қорғайды
5. жоғарыда аталғандардың барлығы (+)
??? № 12
Ауыз қуысының қабынуы қалай аталады?
1. стоматит (+)
2. гастрит
3. хейлит
??? № 13
Жас нәрестеге перзентханада жүргізілетін егу жұмыстары:
1. ВГВ; БЦЖ (+)
2. ОПВ; АКДС
3. Хиб- вакцина, ККП
??? № 14
Дене салмағының тапшылығы болатын дистрофия типін таңдаңыз::
1. гипостатура;
2. гипотрофия; (+)
3. паратрофия;
??? № 15
Бронхит диагностикасында маңызды:
1. жалпы қан анализі, шырыш микроскопиясы (+)
2. өкпе рентгенографиясы
3. бронхоскопия
??? № 16
Қосымша тамақтар түрлері:
1. өңделген сиыр сүті
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны (+)
3. арнайы құрғақ сүт қоспалары
??? № 17
Бүйректің негізгі қызметі:
1. артериалды қысымды реттеу
2. аминоқышқыл эксекрециясы
3. эндокринді қызмет
4. организмнің ішкі ортасын түрақтылығын қамитамасыз ету (гемостаз)
5. осмосты реттеу (+)
??? № 18
1-жасқа дейінгі балаға қажетті тамақ көлемін анықтайтын тәсілдер:
1. салмақ қосу индексін бағалау
2. асқазан көлемін анықтау тәсілі
3. бақылап тамақтандыру
4. көлемдік, каллориялық (+)
5. тәбетін зерттеу тәсілі
??? № 19
Балалар дисбактериозын емдеу кезіндегі таңдап алынатын препарат:
a) тавегил
b) преднизолон
c) парацетамол
d) бифидумбактерин (+)
e) фестал
??? № 20
Шала туған баланы жылыту үшін жылытқыштағы судың температурасы:
1. 120° - 100°С
2. 100° - 90°С
3. 80° - 70°С
4. 60° - 50°С
5. 40° - 30°С (+)
??? № 21
Жаңа туған нәрестені дұрыс күтпеу салдарына байланысты тері ауруы:
1. Нәресте көпіршіктенуі
2. Псевдофрункулез (+)
3. Пысынаушылық(опрелость)
??? № 22
Мұрыннан қан кету кезіндегі жұғыл жәрдем:
1. Науқасты көлденеңінен жатқызу
2. Басын артқа қарай шалқайтып отырғызу
3. Басын біраз алдыға қарай еңкейтіп отырғызу (+)
4. бас жағын жоғары жатқызу
??? № 23
Жас нәресте қан құрамы ерекшелігі:
1. эритроциттер мен Нв мөлшері төмен
2. ретикулоциттер жоқ
3. лейкопения
4. эритроциттер мен Нв мөлшері жоғары (+)
5 түс көрсеткіші төмен
??? № 24
Мынадан басқасының бәрі Апгар бағалауына кіреді:
1. жүрек соғуының жиілігі
2. бұлшық ет тонусы
3. артериалды қан қысымы (+)
4.рефлекстердің бар екендігі
??? № 25
Эмбрионда қан түзу мүшелері болып табылады:
1. бауыр, аталғандардың барлығы (+)
2. талақ
3. жілік майы
??? № 26
6 айлық баланың нервті-психикалық дамуының көрсеткіштеріне мынадан
басқаның бәрі жатады:
1. қасықпен тамақ ішуі
2.жеке әріптерді атауы (+)
3. анасының дауысын таниды
??? № 27
Жасанды тамақтандыру үшін қолданылады:
1. өңделген сиыр сүті
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны
3. қарапайым ботқалар
4. негізгі тамақ сүт қоспасы болады (+)
5. қышқыл сүт қоспалары
??? № 28
Ішек инфекциясында жүргізілетін зерттеулер:
1. жұтқыншақтан жағынды алу
2. нәжісті бактериологиялық зерттеу (+)
3. қанды биохимиялық зерттеу
??? № 29
Эндокрин жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. дене мүшелері диспропорциясы
2. жыныстық жетілудің ауытқулары
3. тахикардия, тершеңдік, АД↑
4. физикалық-жүйкелік-психикалық ауытқулар
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 30
Темір препаратын жақсы сіңу үшін ішеді:
a) Сүтпен
b) сумен
c) Цитрус шырынымен (+)
d) Минералданған сумен
??? № 31
Өмірге келген нәрестеде тыныс алу белгісі байқалмайды, терісі боз,
тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы 90 рет минутына, қол аяқтары
созылыңқы. Алғашқы диагноз :
1. жеңіл дәрежелі асфиксия
2. орташа дәрежелі асфиксия
3. ауыр дәрежелі асфиксия (+)
4. өлі туу
??? № 32
Бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:
1. кеуде клеткасының ауырсынуы
2. ринит
3. жөтел (+)
4. бастың ауырып, айналуы
??? № 33
Жасырын спазмофилияның белгісі:
1. желке бұлшықеттерінің тартылуы
2. ларингоспазм
3. Керинг симптомы
4. Хвостек симптомы (+)
5. «Батып бара жатқан күн» симптомы
??? № 34
Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:
1. 4-6 сағ (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ
??? № 35
Кандидозды стоматиттің емі
1. баланы оқшаулау
2. облепиха майын қолдану (+)
3. 2% ас содасымен сүрту
??? № 36
Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың пульсі мен тыныс алуының қатынасы:
1. 1 : 2,5
2. 1 : 3
3. 1 : 3,5
4. 1 : 4
5. 1 : 4,5
??? № 37
Жас нәрестелердің көз ауруларын (гонобленорея) ерте алдын алу қай
ерітіндімен жүргізіледі:
1. 1:5000 фурацилині
2. 0,5% натрий хлориді
3. 1% тетрациклин маз (+)
4. 30% натрий сульфацилы
??? № 38
Вирусты этиологиясындағы өткір ларингиттің типтік асқынуы:
1. өткір бронхит
2. өткір пневмония
3. көмейдің тарылуы (+)
4. плеврит
??? № 39
Зәр шығару жүйесі АФЕ-сі:
1. бүйрек салыстырмалы үлкен
2. бүйректің астауша, табақшалары кең
3. несеп ағарлар иілісті, қатпарлы (+)
4. несеп жолдары бұлшық ет қабатының созылғыш- серпінділігі төмен
??? № 40
Мерзіміне жетіп туған нәресте денесінің орташа ұзындығы:
1. 40-42 см
2. 42-45 см
3. 46-49 см
4. 50-54 см (+)
5. 55-58 см
??? № 41
Бұлшық ет жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. артрит, артроз
2. спазм, гипертонус
3. гипотонус, парез, параличтер
4. құрысып-тырысулар (+)
5. кіші хорея
??? № 42
Қосымша тамақтарды енгізу мерзімі тәуелді:
1. айлық жасына (+)
2. баланы тамақтандыру түріне
3. жыл мезгіліне
??? № 43
Балалардағы сарып (ревматизм) кезінде зақымдалатын ұлпа:
1. бұлшық ет (+)
2. сүйек
3. эпительді
4. дәнекер
5. жүйке
??? № 44
Баланың тағамына айранды, қышқыл сүт өнімдерін, сиыр сүтін енгізуге
болады (ДДҰ мәліметтері бойынша):
1. 9 айынан бастап;
2. туғаннан бастап;
3. 4 айынан бастап;
4. 5 айынан бастап;
5. 6 айынан бастап (+)
??? № 45
Бас және кеуде клеткасының шеңбері теңеледі
1.өмірінің 2-3айларында
2.өмірінің 3-4 айларына (+)
3.өмірінің 5-6 айларына
??? № 46
«Д» -гипервитаминозының алғашқы клиникалық симптомы:
1. гипертермия
2. жөтел
3. гликемия
4. анорексия (+)
5. бұлшықет тонусының жоғарлауы
??? № 47
Нәрістеге таза ауада серуендеуді тағайындаймыз (температураға байланысты):
1. Перзентханадан шыққаннан кейін
2. 5-7 күннен кейін
3. 2 аптадан кейін (+)
4. 1 айлық жаста
??? № 48
Ерте жастағы балалардың құлақ қуыстарын тазалауға қолданады:
a) құрғақ мақта шиыршықтары (+)
b) 1:500 фурацилин ерітіндісімен суланған ширақтар
c) залалсыздандырылған маймен майланған ширақтар
d) мақта шариктері
e) дәке шариктері
??? № 49
Мешелдің алғашқы кезеңіне тән симптом:
1. Шекедегі және желкедегі анық байқалатын бұдырлар
2. Кеуде клеткасының қисаюы
3. Айқын білінген терлеу, желке шашының түсуі (+)
4. Омыртқаның қисаюы
??? № 50
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гиперфункциясы салдарынан болады:
1. фондық аурулардың орын алуы
2. нанизм
3. гигантизм (+)
4. семіздік
5. жыныстық жетілудің ауытқуы
??? № 51
Пневмония диагнозы белгіленеді, егер:
1. Рентген суретінде жаңа инфильтрат пайда болуы немесе ескі
инфильтраттың асқынуы
2. қызба болса
3. қан лейкоцитозы
4. іріңді қақырық
5. жоғарыда аталғандардың барлығы (+)
??? № 52
Қан түзу жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. әлсіздік, шаршағыштық, аурушаңдық
2. тері-шырышты қабықтың қуқылдануы, құрғауы
3. гепатоспленомегалия, қан жоғалтуға бейімділік
4. жалпы қан анализіндегі қалыпты көрсеткіштердің өзгерісі
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 53
«Диарея» термин туралы түсінік беріңіз:
1. салмақтың жетіспеушілігі
2. қызба
3. тырысулар
4. дұрыс тамақтанбау нәтижесінен асқорытудың жедел бұзылуы
(+)
5. тамақтанудың созылмалы бұзылуы
??? № 54
ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға
эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:
1. Өмірінің 0 -4 күні, 2 ай,4 ай
2. 2, 3,4 және 8 ай
3. Өмірінің 0 -4 күні, 6 ай
4.12-15 ай және6 жас (+)
5. 2, 3 және 4 ай және 12-15 ай
??? № 55
Конституция аномалияларына жатады:
1. аллергиялық диатез (+)
2. эндокрин жүйесі ауытқулары
3. дистрофиялар
??? № 56
Ревматизмнің негізгі клиникалық белгісі:
1. кардит (+)
2. тырысу
3. құсу
??? № 57
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гипофункциясы белгісі:
1. фондық аурулардың орын алуы
2. нанизм (+)
3. гигантизм
??? № 58
«Д3» дәруменінің тәуліктік мөлшері:
1. 500 МЕ (+)
2. 1500 МЕ
3. 1000 МЕ
??? № 59
Диареяның анықтамасы:
1. тыныс тапшылығы белгілері
2. тәулігіне 3-4 реттен артық сұйық нәжістің болуы (+)
3. аллергиялық жауапқа бейімділік
??? № 60
Еркін ана сүтімен тамақтану дегеніміз:
1. әр 3 сағатта түнгі үзіліспен
2. әр 3 сағтта түнгі үзіліссіз
3. баланың талап етуі бойынша (+)
4. белгілі уақытта баланың қажет ету көлемі бойынша
??? № 61
Егер балада құлағының артында ауырсынбалы ісіну болса, онда науқас
баланы жүргізудегі интеграцияланған тәсіл бойынша ауруды анықтаңыз:
1. құлан инфекциясы жоқ
2. құлақтың созылмалы инфекциясы
3. құлақтың жіті инфекциясы (+)
4. жұтқыншақ абсцессі
5. мастоидит
??? № 62
Темір тапшылық анемиясының ауыр түріндегі гемоглобин деңгейі мына
шамадан бастап төмендейді:
a) 70 г/л (+)
b) 100 г/л
c) 90 г/л
??? № 63
Қан айналым жүйесі АФЕ-сі:
1. қантамырлар тонусы,қан қысымы жоғары
2. қантамырлар тонусы өте төмен, АД анықталмайды
3. миокард жетілмегендіктен пульс сирек
4. артерия және вена қиындысы өзара жуық, АД төмен, пульс жиі
(+)
5. ересек адамның қан айналым жүйесінен айырмасы жоқ
??? № 64
Туа біткен жүрек ақауларының симптомы:
1. Жүрек айну, құсу
2. Бұлшық ет пен буындардың ауруы
3. дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі.
4. Жүректе дөрекі систоликалық шу естілуі (+)
5. іштің ауруы
??? № 65
Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес
??? № 66
Жас нәрестелердегі орта жүйке жүйесінің ошақтық зақымдану белгісіне
жатады:
1. «Ми айқайы»
2. Клоникалық-тоникалық тырысулар (+)
3. Гипертеремия
??? № 67
Нәрестенің өмірінің бірінші аптасында терісінде эритематозды дақ
беткейінде құрамы серозды іріңді күлдіреуік көлемі 0,2-0,5см пайда
болған, интоксикация белгілері байқалады. Осы көрініс неге тән:
1. нәресте күлдіреуігі
2. баздану
3. нәрестенің некротикалық флегмонасы (+)
4. себореялы дерматит
??? № 68
Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары (+)
4. 10-20%
??? № 69
Баланы аралас тамақтандырудағы негізгі тамақ:
1. өңделген сиыр сүті
2. ана сүті
3. ана сүті және арнайы құрғақ сүт қоспалары/үстеме тамақ/
(+)
4. қышқыл сүт қоспалары
??? № 70
Сусыздану белгілеріне сипаттама:
1. ентікпе, цианоз
2. шөл, тері және шырышты қабықтың құрғауы, үлкен еңбектің түсуі
(+)
3. пиодермия
??? № 71
Апгар шкаласы көмегімен анықталады:
1. салмақ бой коэфициенті
2. жас нәрестенің туылған сәтіндегі жалпы жағдайы (+)
3. физикалық дамуы
??? № 72
Аллергиялық диатездің емі:
1. таза ауа
2. видехол беру
3. Антигистаминді препараттар (+)
4. Нистатин беру
??? № 73
Аллергиялық диатездің алғашқы белгісі:
1. гипертеремия
2. тер бөртпесі
3. тұрақты баздану
4. тырыспалар
5. диарея (+)
??? № 74
6 айдан кейінгі баланың тәуліктік тамақтануы орта есеппен:
1. 3 рет
2. 4 рет
3. 5 рет (+)
4. 6 рет
.
??? № 75
Балаларды дегельминтиздеу үшін қолданылады:
1. фестал
2. вермокс (+)
3. фуразолидон
4. бисептол
5. тавегил
??? № 76
Спазмофилияда ағзада орын алады:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. ішекте Са, Р тұздарының сіңірілуі күшейеді
3. бүйректе Са, Р тұздарының реабсорбциясы күшейеді, алкалоз
??? № 77
Зәрдің төмен тығыздығы қалай аталады?
1. полиурия
2. анурия
3. энурез
4. поллакиурия
5. гипостенурия (+)
??? № 78
Жүрек ақауына себеп болмайды:
1. емізулі баланың фондық аурулары (+)
2. ата-ана маскүнемдігі
3. әйелдің жүкті кезінде дәрілер пайдалануы
??? № 79
Қосымша тамақтарды енгізудегі мақсат:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. шайнауды қалыптастыру
3. рационды мин. тұздар, микроэлементтермен байыту
??? № 80
Жасанды тамақтандыру бұл:
1. ананың сүтімен тамақтандыру
2. ана сүті мен бейімделген қоспа
3. қоспалармен ғана тамақтандырылады (+)
4. ана сүтімен бірге қосымша тамақ
??? № 81
Жедел пневмонияға тән:
1. дене қызуының жоғарылауы
2. улану
3. ұсақ көпіршіктік сырылмен бірлескен тыныстың жергілікті түрде
әлсіреуі
4.перкуторлы дыбыстың жергілікті тұйықталуы
5. бәрі (+)
??? № 82
Өткір кезеңіндегі аллергиялық диатезді емдеуде таңдап алынатын препарат:
1. пенициллин
2. преднизолон (+)
3. парацетамол
??? № 83
Мерзімінен ерте туылған жас нәресте күтімінің ерекшелігі:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. температуралық режимді бақылауда ұстау
3. жатырдағы жағдайға жақындатылған орта ұйымдастыру
??? № 84
ДДҰ бойынша «денсаулық» ұғымы:
1. Физикалық қалыпты жағдай.
2. Рухани қалыпты жағдай..
3. Әлеуметтік қалыпты жағдай.
4. Аталғандардың барлығы.
5. Аурудың болмауы. (+)
??? № 85
1-жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері:
1. диетотерапия, режиммен рационалды
2. күнделікті, емдік
3. сүт өнімдері, ет өнімдері, көкөніс
4. табиғи, аралас, жасанды (+)
5. қосымша, үстеме
??? № 86
Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін
қамтамасыз ету үшін енгізеді:
1. ақуыздармен (+)
2. суда еритін дәрумендермен
3. Майлармен
??? № 87
Балалардағы асқазан жара ауруына маңызды ролді жатқызады:
a) ішек таяқшасына
b) протеяға
c) стафилакокқа
d) хеликобактериялық микроағзаларға (+)
e) саңырауқұлақтарға
??? № 88
Дені сау баланың үлкен еңбегінің жабылады:
1. 4-6 айда.
2. 8-10 айда
3. 12-15 айда (+)
4. 18-20 айда
??? № 89
Ревматизммен ауыратын науқастарға тағайындалатын диета №
1. 7
2. 10 (+)
3. 1
??? № 90
Алғашқы патронаждың мақсаты:
1. Ф№112/у-ке сәйкес баланы қабылдап алып, бала күтіміне кеңес беру
2. бала күтілетін бөлме жабдықталуын зерттеу
3. жүйкелік-психикалық дамуды, шартсыз рефлекстерді бағалау
4. баланы жалпы тексеруден өткізу
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 91
Нәрестенің орталық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне не
жатады:
1. айқын шартты рефлекстер
2. айқын шартты емес рефлекстері (+)
3. көру жақсы дамыған
??? № 92
Қосымша тамақтарды енгізу ережелері:
1. біртіндеп көбейтіп,10-14 күнде қажетті мөлшерге жеткізіп
2. жылы, түйіршіксіз күйде (+)
3. қоймалжың масса түрінде, бір қосымша тамақ түрін тәулігіне бір рет
??? № 93
3 жастағы сәбиде дәм және иіс сезудің бұзылуы, терінің бозаруы, әлсіздік
анықталды. Тексеру кезінде анемияны , сары судағы темір деңгейі
төмендеген. Анемияның қандай түрі дамыған:
1. гемолитикалық
2. темір жетіспеушілік (+)
3. гипопластикалық
??? № 94
Шала туған нәрестелерге мешелдің профилактикасы жүргізіледі:
1.бірінші аптаның соңынан
2. үш аптадан бастап (+)
3.4 аптадан бастап
??? № 95
Гипогалактия дегеніміз:
1. сүт бездерінен сүттің көп бөлінуі
2. сүт бездері бөлетін сүт көлемінің азаюы (+)
3. баланың емшекті сұрау саны
??? № 96
Босанғанға дейінгі патронаж саны:
1. ай сайын
2. апта сайын (+)
3. 2 рет
??? № 97
Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру (+)
3. тікелей қатынастан қорғау
??? № 98
Өмірінің 1-ші тоқсанында емшектегі дені сау баланың тәуліктік тамақ
қажеттілігі:
1. 80-85 ккал/кг
2. 90 ккал/кг
3. 95-100 ккал/кг
4. 105-110 ккал/кг
5. 120 ккал/кг (+)
??? № 99
Алғашқы патронаждың мерзімі:
1. 1 апталығында
2. 1-ай ішінде
3. алғашқы 10 күн ішінде
4. үйдегі алғашқы 3 күн ішінде (+)
5. 3-айлығына дейін
??? № 100
Қай жаста бала ойыншықты ұстай алады?
1. 1 ай
2. 3 ай (+)
3.4 ай
содержание ..
200
201
202
203 ..
|