Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 153

 

  Главная      Тесты     Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     151      152      153      154     ..

 

 

 

Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 153

 

 

 

??? № 1

Бронх демікпесіне тән клиникалық симптом:    
1. ылғалды сырыл
2. экспираторлық ентігу   (+)
3. дене температурасының жоғарылауы


 

??? № 2

Үстеме тамақ болып табылады:   
1. қышқыл сүт қоспалары   (+)
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны
3. қарапайым ботқалар

 

??? № 3

Ерте жастағы балалардың құлақ қуыстарын тазалауға қолданады:
a)     құрғақ мақта шиыршықтары   (+)
b)    1:500 фурацилин ерітіндісімен суланған ширақтар
c)     залалсыздандырылған маймен майланған ширақтар
d)    мақта шариктері
e)     дәке шариктері

 

??? № 4

Ана сүтімен тамақтандырудың тиімділігі:
1.      тамақтандырудың қамтамасыздануының кепілдігі
2.      ана мен бала арасында эмоциональді қарым-қатынасты туғызады
3.      баланың физикалық және интеллектуальді потенциалының тиімді дамуының белгісі
4.      инфекциядан қорғайды
5.      жоғарыда аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 5

Дені сау емшектегі нәрестенің үлкен еңбегінің көлемі:
1.      0,5х0,5 см.
2.      1,0х1,0 см.
3.      1,5х1,5 см.
4.      2,0х2,0-2,5 см.   (+)
5.      3,0х3,0 см
 

 

??? № 6

Жүрек ақауына себеп болмайды:    
1. емізулі баланың фондық аурулары    (+)
2. ата-ана маскүнемдігі
3. әйелдің жүкті кезінде дәрілер пайдалануы

 

??? № 7

Жас нәресте асфиксиясындағы реанимацияның бірінші кезеңі:
1.      өкпеге жасанды вентиляция(желдету) өткізу
2.      жүрекке жабық массаж жасау
3.      метаболикалық процестерін коррекциялау
4.      сыртқы тыныс алуын қалпына келтіру
5.      тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалпына келтру   (+)



 

??? № 8

Асқазанда ана сүтінің қорытылу уақыты:
1.1-2 сағат
2.2-2,5 сағат
3. 2,5-3 сағат   (+)
4. 3-4 сағат


 

??? № 9

Балалардағы асқазан жара ауруына маңызды ролді жатқызады:
a)      ішек таяқшасына
b)      протеяға
c)      стафилакокқа
d)      хеликобактериялық микроағзаларға   (+)
e)      саңырауқұлақтарға



 

??? № 10

Балалардың госпитальдық пневмониясының жиі кездесетін себебі:
1.      Вирус   (+)
2.     Ашытқы тәрізді саңыраулақ
3.     Менингококк

 

??? № 11

Толық емшекпен қоректенетін дені сау балаға берілетін үшінші тағам түрі:
1.      Жұмыртқаның сарысы
2.      Жеміс пюресі
3.      Сүт ботқасы
4.      Айран   (+)
5.      Көкөніс пюресі
 

 

??? № 12

Балалық шақ кезеңдері:   
1. 1-жасқа дейінгі, 1-жастағы, 1-жастан кейінгі
2. құрсақтағы жас нәресте, жас нәресте, емізулі, сүт тістері шығу, мектеп алдына дейінгі препубертатты, пубертатты   (+)
3. сәбилік, балдырған, бала, бозбала


 

??? № 13

Баланың физикалық дамуы көрсеткіштері:   
1. кеуде, бел және жамбас өлшемдері
2. самақтың бойға қатынасы   (+)
3. салмақ, бой, бас және кеуде аумағы өлшемдері


 

??? № 14

Эмбрионда қан түзу мүшелері болып табылады:    
1. бауыр,  аталғандардың барлығы    (+)
2. талақ
3. жілік майы


 

??? № 15

Жас нәрестеде диареяның алдын алу мақсатында жүргізіледі:    
1. жасанды және аралас тамақтандыру
2. баланы тек табиғи тамақтандырып,уақытылы қосымша тамақ енгізу   (+)
3. сұйықтықтарды көптеп беру


 

??? № 16

Нәрестенің орталық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне не жатады:
1.      айқын шартты рефлекстер
2.      айқын шартты емес рефлекстері   (+)
3.      көру жақсы дамыған


 

??? № 17

Жедел бронхиттер клиникасына не тән:
1. дене температурасының жоғарлауы
2.жөтел
3.қатты тыныс
4.құрғақ және ылғалды сырылдар өкпенің барлық аланында естіледі
5.барлық аталғандар.   (+)



 

??? № 18

Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:    
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру   (+)
3. тікелей қатынастан қорғау


 

??? № 19

Бүйректің негізгі қызметі:
1.      артериалды қысымды реттеу
2.      аминоқышқыл эксекрециясы
3.      эндокринді қызмет
4.      организмнің ішкі ортасын түрақтылығын қамитамасыз ету (гемостаз)
5.      осмосты реттеу   (+)


 

??? № 20

Жас нәрестенің іріңді-септикалық ауруының жалпы(генерализованная) түрі түрі:
1.      Омфалит
2.     Сулы кіндік
3.     Жас нәресте көпіршіктері
4.     Сепсис   (+)
5.     Псевдофурункулез

 

??? № 21

«Диарея» термин туралы түсінік беріңіз:
1. салмақтың жетіспеушілігі
2.  қызба
3. тырысулар
4. дұрыс тамақтанбау нәтижесінен асқорытудың жедел бұзылуы   (+)
5. тамақтанудың созылмалы бұзылуы


 

??? № 22

Жас нәрестелердегі орта жүйке жүйесінің ошақтық зақымдану белгісіне жатады:
1.      «Ми айқайы»
2.      Клоникалық-тоникалық тырысулар   (+)
3.      Гипертеремия
 

 

??? № 23

Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:    
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары   (+)
4. 10-20%


 

??? № 24

Бала-10 айлық. Көкек айында тырыспа синдромымен ауруханаға түсті. Қараған кезде мешел белгілері табылды. Бала кезінде профилактикалық «Д» витаминін алмаған. Хвостека, Маслова симптомы өң. Қанында кальций-1,6 мкмоль/л. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:
1.      менингит
2.      энцефалит
3.      спазмофилия   (+)
4.      эпилепсия

 

 

??? № 25

Табиғи тамақтандырудың артықшылығын көрсетіңіз:
1.сүт залалсыздандырылғын, құрамында қажетті мөлшерде аминоқышқылдар және кальций, өсу факторы кездеседі, сонымен қатар имуноглобулиндер мен витамін А-ға бай   (+)
2. сүтте көп мөлшерде Са, казеин, В тобынан витаминдері кездеседі, ал витамин А,С, жеткіліксіз
3. сүт залалсыздандырылғын, қажетті мөлшерде микроэлементтер, эритроциттер кездеседі
 

 

??? № 26

Ішек инфекциясында жүргізілетін зерттеулер:    
1. жұтқыншақтан жағынды алу
2. нәжісті бактериологиялық зерттеу   (+)
3. қанды биохимиялық зерттеу


 

??? № 27

Апгар шкаласы көмегімен анықталады:    
1. салмақ бой коэфициенті
2. жас нәрестенің туылған сәтіндегі жалпы жағдайы   (+)
3. физикалық дамуы

 

??? № 28

Асқазан ойық жарасының асқынуы
1.      инфекциялық ауру тудыру
2.      қан кету
3.      тесілу
4.      ракқа айналу   (+)
5.      b ,c, d жауаптары


 

 

??? № 29

Балаларды емдеу мекемелерінің жұмыс бөлімдері:   
1. емдеу, профилактикалық және санитарлық -ағарту   (+)
2. көпшілік спорт, арнайы спорт, денешынықтыру
3. мәдени іс-шара, кәсіби-мәдени іс-шара


 

??? № 30

Сарыптың үлкен критериі:
1.      гипертеремия
2.      полиартралгия
3.      мұрыннан қан кету
4.      лейкоцитоз
5.      полиартрит   (+)
 

 

??? № 31

6 айлық баланың нервті-психикалық дамуының көрсеткіштеріне мынадан басқаның бәрі жатады:
1. қасықпен тамақ ішуі
2.жеке әріптерді атауы   (+)
3. анасының дауысын таниды



 

??? № 32

Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:   
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі    (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес


 

??? № 33

Қай кезеңде бала гуілдей бастайды?
1. 2 апталығында
2. 1 айлығында
3. 1,5 айлығында   (+)
4.4 айлығында



 

??? № 34

Балаларға дегельминтизация жүргізу үшін қолданылады:
1.      вермокс;   (+)
2.      карбенициллин;
3.      септрил;



 

??? № 35

Гипогалактия кезінде әйелге ұсынылады:
1.      тұзды шектеу
2.     сұйықтықты шектеу
3.     ақуызды шектеу
4.     емізуге дейін 20 минут бұрын дәмділік (пряность) қабылдауа
5.     емізуге дейін 20 минут бұрын сұйықтық қабылдау   (+)
 

 

??? № 36

Гемолиздік аурудың ауыр түріне шалдыққан жас нәрестені емдеудің ең тиімді жолы:
1.      Гемотрансфузия
2.     Оксигенді терапия
3.     Дәрілік шөптермен емдеу
4.     Қан ауыстыру операциясы   (+)
5.     Тұзды-глюкозалы препараттарды тамырға тамшылатып жіберу

 

??? № 37

Баланы аралас тамақтандыруға көшіреміз:    
1. аталғандардың барлығы дұрыс    (+)
2. бақылап тамақтандығанда қалыптан кем мөлшер қабылдаса
3. анасы сүт бездеріне сүттің азайып кеткенін байқаса
4. бала салмақ қоспай қалса


 

??? № 38

Бақылап тамақтандыруды жүргізудегі мақсат:     
1. бірмезгілде қабылдаған тамақ мөлшерін, қалыппен салыстыру   (+)
2. баланың тәбетін бағалау
3. қақалып-шашалуға жол бермеу

 

 

??? № 39

Сыртқы кефалогематома-бұл қан құйылу:

1.        бастың жұмсақ ұлпаларына
2.     ми затына
3.     қатты ми қабатының үстіне   (+)
4.     қатты ми қабатының астына

 

 

??? № 40

Мерзіміне жетіп туған нәресте денесінің орташа ұзындығы:
1.       40-42 см
2.      42-45 см
3.      46-49 см
4.      50-54 см   (+)
5.      55-58 см



 

??? № 41

Энтеробиоз кезіндегі негізгі симптомдар:
1. тәбеттің төмендеуі
2. іштің ауруы
3. анус маңының қышуы және тырнақ іздері    (+)
4. құсу



 

??? № 42

Үстеме тамақты енгізу ережелері:   
1. бала толық емшекті сорып алғаннан кейін беріледі    (+)
2. емшек алдында талабына сай көлем беріледі
3. көлемі біртіндеп көбейтіледі


 

??? № 43

Мерзіміне жетіп туған нәрестенің бастапқы кему салмағы құрайды:

1.         5% дейін   (+)
2.     10% дейін
3.     15% дейін



 

??? № 44

Жаңа туған нәрестені дұрыс күтпеу салдарына байланысты тері ауруы:
1.       Нәресте көпіршіктенуі
2.      Псевдофрункулез   (+)
3.      Пысынаушылық(опрелость)

 

??? № 45

Айқын спазмофилияға тән клиника:    
1. тершеңдік, шошығыштық
2. тәбеттің болмауы, лоқсу, құсу
3. терідегі ұсақ бөртпе
4. ларингоспазм,карпопедалды спазм, эклампсия   (+)
5 ентікпе, жөтел

 

??? № 46

Қан айналым жүйесі зақымдануы семиотикасы:   
1. ентікпе, жүрек тондары әлсіз, цианоз, шуылдар    (+)
2. диспепсиялық белгілер, диарея
3. терінің іріңді зақымдануы

 

??? № 47

Рахиттің клиникалық кезеңдері:    
1. жас нәресте, емізулі, 1-жастан кейінгі
2. сарғаю алды, сарғаю, айығу
3. бастапқы, қызған, айығу, қалдық   (+)
4. жасырын, продрома, клиникалық айқындалу


 

??? № 48

Мұрыннан қан кету кезіндегі жұғыл жәрдем:
1.      Науқасты көлденеңінен жатқызу
2.      Басын артқа қарай шалқайтып отырғызу
3.      Басын біраз алдыға қарай еңкейтіп отырғызу     (+)
4.      бас жағын жоғары жатқызу

 

??? № 49

Жас нәресте қан құрамы ерекшелігі:    
1. эритроциттер мен Нв мөлшері төмен
2. ретикулоциттер жоқ
3. лейкопения
4. эритроциттер мен Нв мөлшері жоғары   (+)
5 түс көрсеткіші төмен




 

??? № 50

Қосымша тамақтарды енгізудегі мақсат:     
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. шайнауды қалыптастыру
3. рационды мин. тұздар, микроэлементтермен байыту


 

??? № 51

Стероидсыз, қабынуға қарсы ревматизмде қолданылатын дәрі:    
1. ацетилсалицил қышқылы   (+)
2. фоли қышқылы
3. лимон қышқылы

 

??? № 52

Дені сау баланың 12 айында болады:
1.      4тіс
2.     6 тіс
3.     8тіс   (+)
4.     10тіс
5.     112 тіс




 

??? № 53

Жедел пневмония диагностикалық критерилері болып табылады:
1.      барлық аталғандар   (+)

2.      3-күннең көп қызба
3.      аралас сипатты ентігу


 

 

??? № 54

Жалпы профильді балалар ауруханасының құрамына қайсы бөлімше кірмейді?
1. хирургиялық
2. кардиологиялық
3.пульмонологиялық
4.инфекциялық   (+)
5.аллергологиялық


 

??? № 55

Бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:    
1. кеуде клеткасының ауырсынуы
2. ринит
3. жөтел   (+)
4. бастың ауырып, айналуы


 

??? № 56

Өмірінің бірінші тоқсанында дені сау емшектегі нәресте өседі:
1.      20 см
2.      15 см
3.      12 см
4.      9 см
5.      3 см   (+)



 

??? № 57

Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады:         
1. Дене қызуы 36,6° С
2. Бала белсенді қозғалады
3. Ынталандыру арқылы ғана қозғалады   (+)
4. Тыныс жиілігі минутына 40 р


 

??? № 58

Мерзіміне жетіп туған нәрестелердің физиологиялық эритемасы пайда болады:

1.      өмірінің бірінші күнінде
2.     өмірінің 5-6 күнінде
3.     өмірінің 7-10 күнінде   (+)
4.     өмірінің 10-15 күнінде


 

??? № 59

Темір тапшылық анемиясының ауыр түріндегі гемоглобин деңгейі мына шамадан бастап төмендейді:
a)    70 г/л   (+)
b)     100 г/л
c)     90 г/л


 

??? № 60

Нәрестелердегі терінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі:
1. капиллярлы торға бой, тер бездері нашар дамыған, май бездері жақсы дамыған   (+)
2. капиллярлы тор айқындығы нашар, тер бездері жақсы дамыған
3. тері ашқызыл боялған, қабаты қалың


 

??? № 61

Гипервитаминоз «Д»- да ағзада орын алады:    
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. ішкі ағзаларда кальций тұздарының жиналуы
3. «Д»-витаминінің ағза клеткаларына улы әсері


 

??? № 62

«Д3» дәруменінің тәуліктік мөлшері:
1.      500 МЕ   (+)
2.       1500 МЕ
3.       1000 МЕ
 

 

??? № 63

Ас қорыту жүйесі зақымдануы семиотикасы:    
1. іштің кебуі, кекіру, қыжылдың болуы
2. тәбет бұзылысы, эпигастралды аймақтағы қолайсыздық
3. ауырсыну, лоқсу, құсу
4. іштің қатуы немесе диарея
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 64

Ерте жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі /ожж/АФЕ-сі:   
1. ожж жақсы жетілген, қоршаған ортаға жылдам бейімделеді   (+)
2. бала шартты рефлекстермен туылады
3. ожж жақсы жетіліп, туылғандықтан ерекше күтім қажет емес


 

??? № 65

Пневмония кезіндегі тыныс жетіспеушілігінің этиопатогенезі:    
1. газдар дифузиясы бұзылысы   (+)
2. өкпе гипертензиясы
3. жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы



 

??? № 66

Жасырын спазмофилияның белгісі:
1.      желке бұлшықеттерінің тартылуы
2.      ларингоспазм
3.      Керинг симптомы
4.      Хвостек симптомы   (+)
5.      «Батып бара жатқан күн» симптомы

 

??? № 67

Шала туылған баланың тамақтану әдісін қандай көрсеткіштер анықтайды:
1. гестациялық бала жасы
2. туылғандағы дене салмағы
3.баланың жалпы жағдайы мен функционалды пісіп жетілуі   (+)
4. постнаталды жасы

 

 

??? № 68

Аяқтарының бүгілу гипертонусы жоғала бастайды:
1. өмірінің 3-4 айларында
2.өмірінің 2-2,5 айларына
3.өмірінің 1-2 айларына
 4.өмірінің 5-6 айларына
5.өмірінің 7-8 айларына   (+)
 



 

??? № 69

Бала 4 жаста. Құрғақ жөтел, дауыс дірілі өзгермеген, перкуссияда анық өкпелік дыбыс, өкпенің барлық аландарында қатан тынысалу, құрғақ және ылғалды ірі-орташа көпіршікті сырыл естіледі, ентігу жоқ. Басқа мүшелер өзгеріссіз. Болжам диагноз:

1.      жедел қарапайым бронхит   (+)
2.      жедел бронхиолит
3.      жедел пневмония

 

??? № 70

Гипотрофияның негізгі себептері:    
1. баланың алғашқы босанудан дүниеге келуі
2. алиментарлық, инфекциялық фактор   (+)
3. көп балалы отбасында тәрбиеленуі

 

??? № 71

Емшек жасы – ол:
1.      алғашқы 28 күндері
2.      туғаннан бастап бір жасына дейін
3.      29 күнінен бастап бір жасқа дейін   (+)
4.      туғаннан бастап 6 айына дейін




 

??? № 72

Мерзімінде туылған жас нәресте:    
1. жүктіліктің 36- 38-ші аптасы аралығында дүниеге келген
2. жүктіліктің 38-40 аптасында дүниеге келген   (+)
3. жүктіліктің 42-ші аптасынан кейін дүниеге келген

 

??? № 73

Дені сау баланың үлкен еңбегі жабылады:
1.      3-4 айында
2.      4-6 айында
3.      8-10 айында
4.      12-15 айында   (+)
5.      18-20 айында


 

??? № 74

Гипокальцемияда көптеп бөлінетін гормон:    
1. пролактин
2. адреналин
3. инсулин
4. паратгормон   (+)
5 трииодтиронин

 

??? № 75

1-жасқа дейінгі балаға қажетті тамақ көлемін анықтайтын тәсілдер:    
1. салмақ қосу индексін бағалау
2. асқазан көлемін анықтау тәсілі
3. бақылап тамақтандыру
4. көлемдік, каллориялық   (+)
5. тәбетін зерттеу тәсілі

 

??? № 76

Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:    
1. 4-6 сағ   (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ


 

??? № 77

Мерзімінде туылған нәрестенің қалыпты бойының ұзындығың, көрсетіңіз:
1. 70 см
2.46-56 см   (+)
3.45 см



 

??? № 78

Шала туған баланы жылыту үшін жылытқыштағы судың температурасы:
1.       120° - 100°С
2.      100° - 90°С
3.      80° - 70°С
4.      60° - 50°С
5.      40° - 30°С   (+)

 

??? № 79

«Д»-витаминінің жеткіліксіз енуі, Р- Са алмасуы бұзылысы себеп болады:    
1. пиодермияға
2. пневмонияға
3. рахитке   (+)
4. диареяға

 

??? № 80

Зәрдің төмен тығыздығы қалай аталады?
1. полиурия
2. анурия
3. энурез
4. поллакиурия
5. гипостенурия   (+)

 

??? № 81

Тыныс алу жүйесі АФЕ-сі:   
1. баланың кеуде қуысы кең, терең, сирек дем алады
2. өкпе экскурсиясы шектелген, үстірт, жиі дем алады
3. өкпе жетілмегендіктен бөліктері тыныс алуда ырғақты емес   (+)
4. тыныс алу мүшелері жақсы жетілген


 

??? № 82

Орталық жүйке жүйесі дамуы көрсеткіштері:   
1. дағдысы
2. шартсыз рефлекстердің негізінде шартты рефлекстердің қалыптасуы   (+)
3. жалпы және нәзік қимыл іс-әрекеттері, дағдысы


 

??? № 83

Босанғанға дейінгі патронаждар мерзімі:    
1. жүктіліктің әр айы толғанда
2. әйелдің есепке алынған ж/е декретке шығатын кезінде   (+)
3. жүктіліктің алғашқы және екінші жартыжылдығында

 

??? № 84

Афтозды стоматитті емдеуде таңдап алынатын препарат:
1.      2 % натрий бикарбонат ерітіндісі.
2.     1 % бриллиант жасылының ерітіндісі
3.     Глицеринмен бура
4.     Оксалин майы   (+)
5.     1:5000 фурациллин ерітіндісі

 

??? № 85

Стрептококктық инфекциядан кейін ревматизм пайда болады:
1.     2 күннен кейін
2.     2 айдан кейін
3.     2 аптадан кейін   (+)
4.     6 айдан кейін

 

??? № 86

Жаңа туған нәрестенің гемолиздік ауруында ағзаға улы әсер етеді:
1.      Ақуыз
2.      Тура билирубин
3.      Тура емес билирубин   (+)
4.      Глюкоза


 

??? № 87

Пневмония диагнозы белгіленеді, егер:
1.      Рентген суретінде жаңа инфильтрат пайда болуы немесе ескі инфильтраттың асқынуы
2.      қызба болса
3.      қан лейкоцитозы
4.      іріңді қақырық
5.      жоғарыда аталғандардың барлығы   (+)


 

??? № 88

Мешелдің алғашқы кезеңіне тән симптом:
1.      Шекедегі және желкедегі анық байқалатын бұдырлар
2.     Кеуде клеткасының қисаюы
3.     Айқын білінген терлеу, желке шашының түсуі   (+)
4.     Омыртқаның қисаюы


 

??? № 89

Балаға қосымша тамақ тағайындалады:
1.      Емшекпен тамақтандырар алдында   (+)
2.      емшекпен тамақтандырар алдында 20 минут бұрын
3.      Емшекпен тамақтандырған соң
 

 

??? № 90

Жас нәрестедегі шекаралық жағдайлар:    
1. физиологиялық салмақ кемуі
2. транзиторлық қызба   (+)
3. қызару,эритема

 

??? № 91

Д2 витаминінің профилактикалық мөлшері:
1.      1000 МЕ
2.       800 МЕ
3.       1500 МЕ
4.       200 МЕ
5.       500 МЕ   (+)
 

 

??? № 92

Нәресте гемолитикалық ауруының негізгі клиникалық түрлері:
1.анемия
2. анемия, сарғаю
3.анемия, сарғаю, ісікті   (+)
4. анемия, сарғаю, ісікті, ядролық сарғаю

 

??? № 93

Үстеме тағамға жатпайды:
1.      ботқалар
2.      жеміс пюресі
3.      шырын
4.      айран
5.      ірімшік   (+)


 

??? № 94

Табиғи тамақтандырудың артықшылығы:    
1. аталғандардың барлығы дұрыс    (+)
2. ана мен баланың эмоционалдық байланысын сақтайды
3. баланы инфекциядан қорғайды


 

??? № 95

Реанимациялық шараларды жүргізу кезінде өзіндік тыныс алу болмасы өкпені жасанды желдетуді қанша уақыттан кейін тоқтату қажет:
1.      5-10 минут
2.      10-15 минут
3.      15-20 минут
4.      20-25 минут
5.      25-30 минут   (+)

 

??? № 96

Ревматизмнің активті фазасында науқастар емделеді:
1.     Үйде
2.     Стационарда   (+)
3.     Санаториде


 

??? № 97

Балалар дисбактериозын емдеу кезіндегі таңдап алынатын препарат:
a)      тавегил
b)      преднизолон
c)      парацетамол
d)      бифидумбактерин   (+)
e)      фестал

 

??? № 98

Шала туған нәрестелерге мешелдің профилактикасы жүргізіледі:
1.бірінші аптаның соңынан
2. үш аптадан бастап   (+)
3.4 аптадан бастап


 

??? № 99

Балалардың мешел ауруында ең алдымен қай заттардың алмасуы бұзылады:
a)     калийдің, натрийдің
b)    кальцийдің, фосфордың   (+)
c)     калийдің, магнийдің



 

??? № 100

Қан айналым жүйесі АФЕ-сі:   
1. қантамырлар тонусы,қан қысымы жоғары
2. қантамырлар тонусы өте төмен, АД анықталмайды
3. миокард жетілмегендіктен пульс сирек
4. артерия және вена қиындысы өзара жуық, АД төмен, пульс жиі   (+)
5. ересек адамның қан айналым жүйесінен айырмасы жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     151      152      153      154     ..