|
содержание ..
123
124
125
126 ..
Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 125
??? № 1
Жас нәресте қан құрамы ерекшелігі:
1. эритроциттер мен Нв мөлшері төмен
2. ретикулоциттер жоқ
3. лейкопения
4. эритроциттер мен Нв мөлшері жоғары (+)
5 түс көрсеткіші төмен
??? № 2
Баланы асфиксиядан шығару этаптары:
1. регидратация, дезинтоксикация
2. симптоматикалық ем, қалыпқа келтіру іс-шаралары
3. тыныс жолдары санациясы, ылғалданған оттегі беру (+)
4. дезинтоксикация, дегидратация
??? № 3
Аллергиялық диатездің негізгі клиникалық белгілері:
1. бұлшық ет гипотонусы
2. пиодермия
3. артрит, артралгия, гемартроз
4. терідегі сулы-құрғақ есекжем, алл.коньюнктивит- ринит- диарея
(+)
5 ісік, анасарка
??? № 4
Апгар шкаласы көмегімен анықталады:
1. салмақ бой коэфициенті
2. жас нәрестенің туылған сәтіндегі жалпы жағдайы (+)
3. физикалық дамуы
??? № 5
1-жасқа дейінгі балаға қажетті тамақ көлемін анықтайтын тәсілдер:
1. салмақ қосу индексін бағалау
2. асқазан көлемін анықтау тәсілі
3. бақылап тамақтандыру
4. көлемдік, каллориялық (+)
5. тәбетін зерттеу тәсілі
??? № 6
Мұрыннан қан кету кезіндегі жұғыл жәрдем:
1. Науқасты көлденеңінен жатқызу
2. Басын артқа қарай шалқайтып отырғызу
3. Басын біраз алдыға қарай еңкейтіп отырғызу (+)
4. бас жағын жоғары жатқызу
??? № 7
Апгар шкаласымен бағаланатын критерийлер:
1. тыныс алу саны, реттілігі
2. жүрек соғысы саны, ырғағы
3. тері түсі, бұлшық ет тонусы
4. тітіркендіргіштерге жауабы
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 8
Зәрдің төмен тығыздығы қалай аталады?
1. полиурия
2. анурия
3. энурез
4. поллакиурия
5. гипостенурия (+)
??? № 9
Кефалогематомаға тән:
1. бір сүйектің шекарасынан шықпайды
2. бір сүйектің шекарасынан шығады (+)
3. зақымданған жағында ауыз бұрышының төмен түсуі
??? № 10
Бала салмағы мен бойының бір қалыпты төмендеуі- ол:
1. Гипотрофия (+)
2. Гипостатура
3. Гипоплазия
??? № 11
Қай жасқа дейін пуэрильді тыныс естіледі?
1. 1 айға дейін
2. 6 айға дейін
3.1 жасқа дейін
4. 3 жасқа дейін (+)
5. 5-7 жасқа дейін
??? № 12
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гипофункциясы белгісі:
1. фондық аурулардың орын алуы
2. нанизм (+)
3. гигантизм
??? № 13
Балалардағы сарып (ревматизм) кезінде зақымдалатын ұлпа:
1. бұлшық ет (+)
2. сүйек
3. эпительді
4. дәнекер
5. жүйке
??? № 14
Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы бойынша қатерлі топтағы балаларда
мынадан басқаның бәрін бақылау қажет:
1. бұлшық ет тонусы, тұру мен қимыл белсенділігі
2. лоқсу мен құсу сипатына
3. бас сүйек тігістері мен еңбегінің жағдайына байланысты
4.патологиялық неврологиялық рефлекстердің болуына байланысты
5. тері қабатаның құрғақтығына (+)
??? № 15
Балаға қосымша тамақ тағайындалады:
1. Емшекпен тамақтандырар алдында (+)
2. емшекпен тамақтандырар алдында 20 минут бұрын
3. Емшекпен тамақтандырған соң
??? № 16
Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру (+)
3. тікелей қатынастан қорғау
??? № 17
Гемолитикалық аурудың клиникалық формалары:
1. айқын, латентті
2. асқынған, асқынбағын
3. жеңіл, көк, ақ
4. анемиялық, сарғыш, ісікті (+)
5. типті, атипті
??? № 18
Ас қорыту жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. іштің кебуі, кекіру, қыжылдың болуы
2. тәбет бұзылысы, эпигастралды аймақтағы қолайсыздық
3. ауырсыну, лоқсу, құсу
4. іштің қатуы немесе диарея
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 19
Балаларды емдеу мекемелерінің жұмыс бөлімдері:
1. емдеу, профилактикалық және санитарлық -ағарту (+)
2. көпшілік спорт, арнайы спорт, денешынықтыру
3. мәдени іс-шара, кәсіби-мәдени іс-шара
??? № 20
Қосымша тамақтарды енгізу мерзімі тәуелді:
1. айлық жасына (+)
2. баланы тамақтандыру түріне
3. жыл мезгіліне
??? № 21
Мерзімінде туылған нәрестенің қалыпты бойының ұзындығың, көрсетіңіз:
1. 70 см
2.46-56 см (+)
3.45 см
??? № 22
Қай жаста бала ойыншықты ұстай алады?
1. 1 ай
2. 3 ай (+)
3.4 ай
??? № 23
Гипотрофияның І кезеңінде бала салмағының дефициті құрайды:
1. 1-5%
2. 5-10%
3. 11-20% (+)
4. 21-30%
??? № 24
Жаңа туған сәбидің ауыр дәрежедегі асфиксиясы Апгар шкаласы бойынша
сипатталады:
1. 10-8 ұпай
2. 6-7 ұпай
3. 7-8 ұпай
4. 3-1 ұпай (+)
5. 0 ұпай
??? № 25
Алғашқы патронаждың мерзімі:
1. 1 апталығында
2. 1-ай ішінде
3. алғашқы 10 күн ішінде
4. үйдегі алғашқы 3 күн ішінде (+)
5. 3-айлығына дейін
??? № 26
6 айдан кейінгі баланың тәуліктік тамақтануы орта есеппен:
1. 3 рет
2. 4 рет
3. 5 рет (+)
4. 6 рет
.
??? № 27
Жас нәрестелердің гемолитикалық ауруының емі:
1. Оттегілік терапия
2. Антибиотикотерапия
3. Симптоматикалық
4. Ауыстырып қан құю (+)
5. физиотерапия
??? № 28
Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың пульсі мен тыныс алуының қатынасы:
1. 1 : 2,5
2. 1 : 3
3. 1 : 3,5
4. 1 : 4
5. 1 : 4,5
??? № 29
Егер балада құлағының артында ауырсынбалы ісіну болса, онда науқас
баланы жүргізудегі интеграцияланған тәсіл бойынша ауруды анықтаңыз:
1. құлан инфекциясы жоқ
2. құлақтың созылмалы инфекциясы
3. құлақтың жіті инфекциясы (+)
4. жұтқыншақ абсцессі
5. мастоидит
??? № 30
Жас нәрестеде диареяның алдын алу мақсатында жүргізіледі:
1. жасанды және аралас тамақтандыру
2. баланы тек табиғи тамақтандырып,уақытылы қосымша тамақ енгізу
(+)
3. сұйықтықтарды көптеп беру
??? № 31
3 жастағы сәбиде дәм және иіс сезудің бұзылуы, терінің бозаруы, әлсіздік
анықталды. Тексеру кезінде анемияны , сары судағы темір деңгейі
төмендеген. Анемияның қандай түрі дамыған:
1. гемолитикалық
2. темір жетіспеушілік (+)
3. гипопластикалық
??? № 32
Толық емшекпен тамақтандырылатын баланың ішегінде басым болады:
1. ішек таяқшалары
2. бифидобактериялар (+)
3. протей
??? № 33
Сарыптың үлкен критериі:
1. гипертеремия
2. полиартралгия
3. мұрыннан қан кету
4. лейкоцитоз
5. полиартрит (+)
??? № 34
БШАИЖ (ИВБДВ) үлгісі бойынша жедел респираторлы инфекция кезінде ыстықты
түсіру үшін келесі дәрі қолданылады:
1. ибуфен;
2. парацетомол; (+)
3. аспирин;
??? № 35
Шала туған нәрестелерге мешелдің профилактикасы жүргізіледі:
1.бірінші аптаның соңынан
2. үш аптадан бастап (+)
3.4 аптадан бастап
??? № 36
Бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:
1. кеуде клеткасының ауырсынуы
2. ринит
3. жөтел (+)
4. бастың ауырып, айналуы
??? № 37
Айыршық (тимус)бездің ағзадағы ролі:
1. иммундық жүйенің негізгі ағзасы (+)
2. Т- лимфоциттерді қалыптастырады
3. клетканың иммундық жауабын қамтамасыз етеді
??? № 38
Рахиттің клиникасы аталған жүйе тарапынан болатын белгілерден басталады:
1. зәр бөлу
2. жүйке жүйесі (+)
3. ас қорыту
??? № 39
Нәрестенің орталық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне не
жатады:
1. айқын шартты рефлекстер
2. айқын шартты емес рефлекстері (+)
3. көру жақсы дамыған
??? № 40
Көрінетін ауыр жүдеу белгісін көрсетіңіз:
1. бала қапшықты панталондарға киінген сияқты көрінеді
2. бала іше алмайды
3. бала мазасыз
4. балада көздері шүнірейген (+)
5. тері қатпары тез қалпына келеді
??? № 41
Нәресте антропометриясы кезінде анықталады:
1. бас аумағы, кеуде аумағы, сан аумағы
2. бас аумағы, кеуде аумағы
3. бас аумағы, кеуде аумағы, салмағы, бой ұзындығы (+)
4. бой ұзындығы, бас аумағы
??? № 42
Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:
1. 4-6 сағ (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ
??? № 43
Жедел пневмония диагностикалық критерилері болып табылады:
1. барлық аталғандар (+)
2. 3-күннең көп қызба
3. аралас сипатты ентігу
??? № 44
Жалпы профильді балалар ауруханасының құрамына қайсы бөлімше кірмейді?
1. хирургиялық
2. кардиологиялық
3.пульмонологиялық
4.инфекциялық (+)
5.аллергологиялық
??? № 45
Сыртқы кефалогематома-бұл қан құйылу:
1. бастың жұмсақ ұлпаларына
2. ми затына
3. қатты ми қабатының үстіне (+)
4. қатты ми қабатының астына
??? № 46
Жас нәрестелердің көз ауруларын (гонобленорея) ерте алдын алу қай
ерітіндімен жүргізіледі:
1. 1:5000 фурацилині
2. 0,5% натрий хлориді
3. 1% тетрациклин маз (+)
4. 30% натрий сульфацилы
??? № 47
Бақылап тамақтандыруды жүргізудегі мақсат:
1. бірмезгілде қабылдаған тамақ мөлшерін, қалыппен салыстыру
(+)
2. баланың тәбетін бағалау
3. қақалып-шашалуға жол бермеу
??? № 48
Баланың жасын анықтаыз, егер ол жеке буындарды айтса, есімін білсе,
ойыншықтарды қолынан қолына ауыстырса, ішінен арқасына бұрылса,
отырғызған кезде өз бетімен отыра алса.
1. 7 ай
2. 5 ай
3. 4 ай
4. 6 ай
8 ай (+)
??? № 49
Жас нәрестенің іріңді-септикалық ауруының жалпы(генерализованная) түрі
түрі:
1. Омфалит
2. Сулы кіндік
3. Жас нәресте көпіршіктері
4. Сепсис (+)
5. Псевдофурункулез
??? № 50
Шала туылған баланың тамақтану әдісін қандай көрсеткіштер анықтайды:
1. гестациялық бала жасы
2. туылғандағы дене салмағы
3.баланың жалпы жағдайы мен функционалды пісіп жетілуі (+)
4. постнаталды жасы
??? № 51
Гипогалактияның келесі түрін ажыратамыз, тек мынадан басқа:
1. ерте
2. кеш
3. біріншілік
4. екіншілік
5. үшіншілік (+)
??? № 52
Айқын спазмофилияға тән белгі:
1. Ісіктер
2. Дене қызуының көтерілуі
3. Құрысып-тырсу (+)
4. Іш қату
??? № 53
Нәрестенің өмірінің бірінші аптасында терісінде эритематозды дақ
беткейінде құрамы серозды іріңді күлдіреуік көлемі 0,2-0,5см пайда
болған, интоксикация белгілері байқалады. Осы көрініс неге тән:
1. нәресте күлдіреуігі
2. баздану
3. нәрестенің некротикалық флегмонасы (+)
4. себореялы дерматит
??? № 54
Жатырішілік гипотрофиямен шала туған нәрестенің тамақтандыру көлемін
қайдай көрсеткішпен есептеу қажет, егерде оның тамақ деген толеранттылық
болса:
1. орташа салмағы
2. қазіргі салмағы
3. туған кездегі салмағы (+)
4. негізгі салмағы
??? № 55
Стероидсыз, қабынуға қарсы ревматизмде қолданылатын дәрі:
1. ацетилсалицил қышқылы (+)
2. фоли қышқылы
3. лимон қышқылы
??? № 56
Балалардағы асқазан жара ауруына маңызды ролді жатқызады:
a) ішек таяқшасына
b) протеяға
c) стафилакокқа
d) хеликобактериялық микроағзаларға (+)
e) саңырауқұлақтарға
??? № 57
Зәр шығару жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. ентікпе, тахикардия
2. физикалық қалыс қалушылық
3. әлсіздік, улану, дизурия, іштің ауруы,ісік,дене қызуы ↑
(+)
4. жүйкелік-психикалық қалыс қалушылық
??? № 58
Анемия диагнозы қойылатын қан көрсеткіші:
1. Нв – 130 г/л-ден, Эр – 4,5 х10 12/л-ден төмен
2. Нв - 120 г/л; Эр- 4,5х 10 12/л.
3. Нв - 100г/л –ден, Эр-4х10 12/л-ден төмен (+)
4. Нв – 140 г/л; Эр – 4,5 х10 12/л
??? № 59
Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес
??? № 60
Мешелдің бастапғы кезеңінің симптомдары:
1. Мешелдік бұдырлар
2. Мазасыздану, тершеңдік (+)
3. Бақа тәрізді іш
??? № 61
Балалық шақ кезеңдері:
1. 1-жасқа дейінгі, 1-жастағы, 1-жастан кейінгі
2. құрсақтағы жас нәресте, жас нәресте, емізулі, сүт тістері шығу,
мектеп алдына дейінгі препубертатты, пубертатты (+)
3. сәбилік, балдырған, бала, бозбала
??? № 62
Баланы аралас тамақтандырудағы негізгі тамақ:
1. өңделген сиыр сүті
2. ана сүті
3. ана сүті және арнайы құрғақ сүт қоспалары/үстеме тамақ/
(+)
4. қышқыл сүт қоспалары
??? № 63
Жас нәресте асфиксиясындағы реанимацияның бірінші кезеңі:
1. өкпеге жасанды вентиляция(желдету) өткізу
2. жүрекке жабық массаж жасау
3. метаболикалық процестерін коррекциялау
4. сыртқы тыныс алуын қалпына келтіру
5. тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалпына келтру (+)
??? № 64
Аллергиялық диатездің алғашқы белгісі:
1. гипертеремия
2. тер бөртпесі
3. тұрақты баздану
4. тырыспалар
5. диарея (+)
??? № 65
Нәресте гемолитикалық ауруының негізгі клиникалық түрлері:
1.анемия
2. анемия, сарғаю
3.анемия, сарғаю, ісікті (+)
4. анемия, сарғаю, ісікті, ядролық сарғаю
??? № 66
Кандидозды стоматиттің типтік синдромы:
1. гипертеремия
2. құсу
3. тілде көпіршіктер мен афттардың пайда болуы
4. сілекейдің шұбырауы(гиперсаливация)
5. ауыз қуысының шырышындағы ірімшік тәрізді жабынды қабат
(+)
??? № 67
Ерте неонатальді кезең қай уақытты қамтиды?
1. 10 тәулікке дейін
2. 28 тәулікке дейін
3. 7 тәулікке дейін (+)
4. 1 айға дейін
5. 54 тәулікке дейін
??? № 68
Айқын спазмофилияға тән клиника:
1. тершеңдік, шошығыштық
2. тәбеттің болмауы, лоқсу, құсу
3. терідегі ұсақ бөртпе
4. ларингоспазм,карпопедалды спазм, эклампсия (+)
5 ентікпе, жөтел
??? № 69
Нәрестенің гемолиздік ауруының жиі кездесетін себебі:
1. шала туу
2. гипоксия
3. жатыр ішілік инфекция
4. анасы мен баласының АВ0 қан топтары бойынша сәйкес келмеуі
(+)
5. мерзімінен асып туу
??? № 70
Балалардағы гельминтоз ауруын шақырады
1. бактериялар;
2. саңырауқұлақтар;
3. қарапайымдар;
4. паразитті құрттар; (+)
5. вирустар.
??? № 71
Д2 витаминінің профилактикалық мөлшері:
1. 1000 МЕ
2. 800 МЕ
3. 1500 МЕ
4. 200 МЕ
5. 500 МЕ (+)
??? № 72
Емшек жасы – ол:
1. алғашқы 28 күндері
2. туғаннан бастап бір жасына дейін
3. 29 күнінен бастап бір жасқа дейін (+)
4. туғаннан бастап 6 айына дейін
??? № 73
Созылмалы патологияға қатысы жоқ, денесі және жүйке психикасы
қалыпты дамыған дені сау балалар мына топқа жатады
1. 1 (+)
2. 2
3. 3
??? № 74
Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары (+)
4. 10-20%
??? № 75
Бронхит диагностикасында маңызды:
1. жалпы қан анализі, шырыш микроскопиясы (+)
2. өкпе рентгенографиясы
3. бронхоскопия
??? № 76
«Диарея» термин туралы түсінік беріңіз:
1. салмақтың жетіспеушілігі
2. қызба
3. тырысулар
4. дұрыс тамақтанбау нәтижесінен асқорытудың жедел бұзылуы
(+)
5. тамақтанудың созылмалы бұзылуы
??? № 77
«Дабыл таяқшалары» тәрізді саусақтардың өзгеру себебі:
1. ағзадағы созылмалы гипоксия
2. физикалық дамудың артта қалуы
3. интоксикация
4. инфекция (+)
5. тұқым қуалаушылық
??? № 78
Жас нәрестенің салмағы үш есе көбейеді:
1. 4-4,5 ай кезінде
2. 5-6 ай кезінде
3. 7-8 ай кезінде
4. 9-10 ай кезінде
5. 12 ай кезінде (+)
??? № 79
Орталық жүйке жүйесі дамуы көрсеткіштері:
1. дағдысы
2. шартсыз рефлекстердің негізінде шартты рефлекстердің қалыптасуы
(+)
3. жалпы және нәзік қимыл іс-әрекеттері, дағдысы
??? № 80
Толық емшекпен қоректенетін дені сау балаға берілетін үшінші тағам түрі:
1. Жұмыртқаның сарысы
2. Жеміс пюресі
3. Сүт ботқасы
4. Айран (+)
5. Көкөніс пюресі
??? № 81
Жаңа туған нәрестенің гемолиздік ауруында ағзаға улы әсер етеді:
1. Ақуыз
2. Тура билирубин
3. Тура емес билирубин (+)
4. Глюкоза
??? № 82
Ревматизмнің негізгі клиникалық белгісі:
1. кардит (+)
2. тырысу
3. құсу
??? № 83
Жаңа туған нәрестенің сулы кіндік жарасын мына ерітіндімен тазалайды:
1. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен,70° спиртпен, 1 %
бриллиант жасылымен
2. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 %
калий перманганатымен (+)
3. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % йод
ерітіндісімен
??? № 84
Балалардың жедел өкпе қабыну тән ең жиі кездесетін симптом:
1. Гипертеримя
2. Диарея
3. Ісіктер
4. Құрысып тырысу
5. Тыныс жетіспеушілік (+)
??? № 85
Дені сау баланың 12 айында болады:
1. 4тіс
2. 6 тіс
3. 8тіс (+)
4. 10тіс
5. 112 тіс
??? № 86
Конституция аномалияларына жатады:
1. аллергиялық диатез (+)
2. эндокрин жүйесі ауытқулары
3. дистрофиялар
??? № 87
Жасанды тамақтандыру бұл:
1. ананың сүтімен тамақтандыру
2. ана сүті мен бейімделген қоспа
3. қоспалармен ғана тамақтандырылады (+)
4. ана сүтімен бірге қосымша тамақ
??? № 88
Ішек токсикозының ІІ дәрежесі сусыздануында салмақ жоғалту неше пайызды
құрайды:
1. 1-3 %
2. 4-5 %
3. 6-9 % (+)
4. 10-12 %
??? № 89
Тыныс алу жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. іштің бүріп ауруы, диспепсия
2. тахикардия, систолалық шуыл
3. ентікпе, цианоз, жөтел, қосалқы бұлшық еттің тыныс алуға қатысуы
(+)
4. артрит, артралгия, артроз
??? № 90
Тыныс алу жүйесі АФЕ-сі:
1. баланың кеуде қуысы кең, терең, сирек дем алады
2. өкпе экскурсиясы шектелген, үстірт, жиі дем алады
3. өкпе жетілмегендіктен бөліктері тыныс алуда ырғақты емес
(+)
4. тыныс алу мүшелері жақсы жетілген
??? № 91
Келесі қан топтарында АВО сәйкессіздігі бойынша нәресте гемолитикалық
ауруы дамиды:
1. анасында О (І), балада АВ (ІV)
2. анасында О (І), балада А (ІІ) (+)
3. анасында А (ІІ), балада В (ІІІ)
??? № 92
Жас нәрестенің гемолитикалық ауру себептері:
1. баланың жынысы
2. Rh-фактор және АВО –қан тобы сәйкессіздігі (+)
3. көп ұрықты жүктілік
??? № 93
Вирусты этиологиясындағы өткір ларингиттің типтік асқынуы:
1. өткір бронхит
2. өткір пневмония
3. көмейдің тарылуы (+)
4. плеврит
??? № 94
Жас нәрестедегі шекаралық жағдайлар:
1. физиологиялық салмақ кемуі
2. транзиторлық қызба (+)
3. қызару,эритема
??? № 95
Нәрістеге таза ауада серуендеуді тағайындаймыз (температураға байланысты):
1. Перзентханадан шыққаннан кейін
2. 5-7 күннен кейін
3. 2 аптадан кейін (+)
4. 1 айлық жаста
??? № 96
Асқазанда ана сүтінің қорытылу уақыты:
1.1-2 сағат
2.2-2,5 сағат
3. 2,5-3 сағат (+)
4. 3-4 сағат
??? № 97
Ерте жастағы балалардың фондық аурулары:
1. пустулез, везикулопустулез
2. рахит, гипотрофия, анемия, аллергиялық диатез (+)
3. асфиксия, гемолитикалық ауру
??? № 98
Сусыздану белгілеріне сипаттама:
1. ентікпе, цианоз
2. шөл, тері және шырышты қабықтың құрғауы, үлкен еңбектің түсуі
(+)
3. пиодермия
??? № 99
ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға
эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:
1. Өмірінің 0 -4 күні, 2 ай,4 ай
2. 2, 3,4 және 8 ай
3. Өмірінің 0 -4 күні, 6 ай
4.12-15 ай және6 жас (+)
5. 2, 3 және 4 ай және 12-15 ай
??? № 100
Ревматизмнің қоздырғышы:
1. Вируспен
2. Ішек таяқшасымен
3. Стрептококк (+)
4. Стафилококк
содержание ..
123
124
125
126 ..
|