|
содержание ..
13
14
15
16 ..
Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 15
??? № 1
Ас қорыту жүйесі АФЕ-сі:
1. асқазан сөлі және өттің мөлшері аз және белсенділігі төмен
2. өңештің асқазанға құйылатын жері толық жабылмайды
3. бауыр салыстырмалы үлкен, функциясы жетілмеген
4. ішек салыстырмалы ұзын, инервациясы нашар, кебіңкі (+)
5. аталғандардың барлығы
??? № 2
Мерзіміне жетіп туған нәрестенің бастапқы кему салмағы құрайды:
1. 5% дейін (+)
2. 10% дейін
3. 15% дейін
??? № 3
Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып
табылады:
1. Дене қызуы 36,6° С
2. Бала белсенді қозғалады
3. Ынталандыру арқылы ғана қозғалады (+)
4. Тыныс жиілігі минутына 40 р
??? № 4
Рахиттің профилактикасы:
1. «Д» витаминін тағайындау, дұрыс күтім (+)
2. темір препараттарын тағайындау
3. тамақтандыруда сүт өнімдерін кеңінен қолдану
??? № 5
Алғашқы патронаждың мақсаты:
1. Ф№112/у-ке сәйкес баланы қабылдап алып, бала күтіміне кеңес беру
2. бала күтілетін бөлме жабдықталуын зерттеу
3. жүйкелік-психикалық дамуды, шартсыз рефлекстерді бағалау
4. баланы жалпы тексеруден өткізу
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 6
Ішек токсикозының ІІ дәрежесі сусыздануында салмақ жоғалту неше пайызды
құрайды:
1. 1-3 %
2. 4-5 %
3. 6-9 % (+)
4. 10-12 %
??? № 7
Ревматизммен ауыратын балалар:
1. Жаңа туған
2. Емшек жастағы
3. Мектепке дейінгі (+)
4. Мектеп жасындағы
??? № 8
5 жастағы балалардың тыныс алу жиілігі (1 минутта):
1. 16-20.
2. 20-30. (+)
3. 30-40.
??? № 9
Ерте неонатальді кезең қай уақытты қамтиды?
1. 10 тәулікке дейін
2. 28 тәулікке дейін
3. 7 тәулікке дейін (+)
4. 1 айға дейін
5. 54 тәулікке дейін
??? № 10
Гипотрофияның І кезеңінде бала салмағының дефициті құрайды:
1. 1-5%
2. 5-10%
3. 11-20% (+)
4. 21-30%
??? № 11
Қай жаста бала ойыншықты ұстай алады?
1. 1 ай
2. 3 ай (+)
3.4 ай
??? № 12
Мешелдің алғашқы кезеңіне тән симптом:
1. Шекедегі және желкедегі анық байқалатын бұдырлар
2. Кеуде клеткасының қисаюы
3. Айқын білінген терлеу, желке шашының түсуі (+)
4. Омыртқаның қисаюы
??? № 13
Бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:
1. кеуде клеткасының ауырсынуы
2. ринит
3. жөтел (+)
4. бастың ауырып, айналуы
??? № 14
Дені сау емшектегі нәрестенің үлкен еңбегінің көлемі:
1. 0,5х0,5 см.
2. 1,0х1,0 см.
3. 1,5х1,5 см.
4. 2,0х2,0-2,5 см. (+)
5. 3,0х3,0 см
??? № 15
Мынадан басқасының бәрі Апгар бағалауына кіреді:
1. жүрек соғуының жиілігі
2. бұлшық ет тонусы
3. артериалды қан қысымы (+)
4.рефлекстердің бар екендігі
??? № 16
Балалардың мешел ауруында ең алдымен қай заттардың алмасуы бұзылады:
a) калийдің, натрийдің
b) кальцийдің, фосфордың (+)
c) калийдің, магнийдің
??? № 17
Бала салмағы мен бойының бір қалыпты төмендеуі- ол:
1. Гипотрофия (+)
2. Гипостатура
3. Гипоплазия
??? № 18
Қан түзу жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. әлсіздік, шаршағыштық, аурушаңдық
2. тері-шырышты қабықтың қуқылдануы, құрғауы
3. гепатоспленомегалия, қан жоғалтуға бейімділік
4. жалпы қан анализіндегі қалыпты көрсеткіштердің өзгерісі
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 19
Көк (қара) типті ақауларға жатады:
1. Үлкен айналым ернеуіндегі жетіспеушілік
2. Тетрада Фалло
3. Аортаның стенозы
4. Митральды стеноз
5. Қолқа коарктациясы (+)
??? № 20
Балаға қосымша тамақ тағайындалады:
1. Емшекпен тамақтандырар алдында (+)
2. емшекпен тамақтандырар алдында 20 минут бұрын
3. Емшекпен тамақтандырған соң
??? № 21
Толық емшекпен тамақтандырылатын баланың ішегінде басым болады:
1. ішек таяқшалары
2. бифидобактериялар (+)
3. протей
??? № 22
Диареяның анықтамасы:
1. тыныс тапшылығы белгілері
2. тәулігіне 3-4 реттен артық сұйық нәжістің болуы (+)
3. аллергиялық жауапқа бейімділік
??? № 23
Қан айналым жүйесі АФЕ-сі:
1. қантамырлар тонусы,қан қысымы жоғары
2. қантамырлар тонусы өте төмен, АД анықталмайды
3. миокард жетілмегендіктен пульс сирек
4. артерия және вена қиындысы өзара жуық, АД төмен, пульс жиі
(+)
5. ересек адамның қан айналым жүйесінен айырмасы жоқ
??? № 24
Қай кезеңде бала гуілдей бастайды?
1. 2 апталығында
2. 1 айлығында
3. 1,5 айлығында (+)
4.4 айлығында
??? № 25
Балалар дисбактериозын емдеу кезіндегі таңдап алынатын препарат:
a) тавегил
b) преднизолон
c) парацетамол
d) бифидумбактерин (+)
e) фестал
??? № 26
Ревматизмнің негізгі клиникалық белгісі:
1. кардит (+)
2. тырысу
3. құсу
??? № 27
Нәресте гемолитикалық ауруында тері сарғаюы байқалады:
1. өмірінің 1 тәулігінде
2. өмірінің 3 тәулігінде
3. өмірінің 5 тәулігінде
4. өмірінің 7 тәулігінде (+)
5. өмірінің 9 тәулігінде
??? № 28
Кеуде сүтінің бөлінуін белсендіретін гормонды көрсетіңіз:
1. кальцитонин
2. тироксин
3. инсулин
4. Окситоцин
5.Пролактин (+)
??? № 29
Қосымша тамақтарды енгізу мерзімі тәуелді:
1. айлық жасына (+)
2. баланы тамақтандыру түріне
3. жыл мезгіліне
??? № 30
Энтеробиоз кезіндегі негізгі симптомдар:
1. тәбеттің төмендеуі
2. іштің ауруы
3. анус маңының қышуы және тырнақ іздері (+)
4. құсу
??? № 31
Бала терісі АФЕ-сі:
1. нәзік, жұқа, қантамырлармен жақсы жабдықталған, қызғылт
(+)
2. созылғыштығы, серпінділігі нашар
3. құрғақ, жарылғыш
??? № 32
Толық емшекпен қоректенетін дені сау балаға берілетін үшінші тағам түрі:
1. Жұмыртқаның сарысы
2. Жеміс пюресі
3. Сүт ботқасы
4. Айран (+)
5. Көкөніс пюресі
??? № 33
Нәрестенің гемолиздік ауруының жиі кездесетін себебі:
1. шала туу
2. гипоксия
3. жатыр ішілік инфекция
4. анасы мен баласының АВ0 қан топтары бойынша сәйкес келмеуі
(+)
5. мерзімінен асып туу
??? № 34
Жас нәрестедегі шекаралық жағдайлар:
1. физиологиялық салмақ кемуі
2. транзиторлық қызба (+)
3. қызару,эритема
??? № 35
Баланы аралас тамақтандырудағы негізгі тамақ:
1. өңделген сиыр сүті
2. ана сүті
3. ана сүті және арнайы құрғақ сүт қоспалары/үстеме тамақ/
(+)
4. қышқыл сүт қоспалары
??? № 36
Бақылап тамақтандыруды жүргізудегі мақсат:
1. бірмезгілде қабылдаған тамақ мөлшерін, қалыппен салыстыру
(+)
2. баланың тәбетін бағалау
3. қақалып-шашалуға жол бермеу
??? № 37
Жедел пневмонияға тән:
1. дене қызуының жоғарылауы
2. улану
3. ұсақ көпіршіктік сырылмен бірлескен тыныстың жергілікті түрде
әлсіреуі
4.перкуторлы дыбыстың жергілікті тұйықталуы
5. бәрі (+)
??? № 38
Шала туылған баланың тамақтану әдісін қандай көрсеткіштер анықтайды:
1. гестациялық бала жасы
2. туылғандағы дене салмағы
3.баланың жалпы жағдайы мен функционалды пісіп жетілуі (+)
4. постнаталды жасы
??? № 39
Балаларға дегельминтизация жүргізу үшін қолданылады:
1. вермокс; (+)
2. карбенициллин;
3. септрил;
??? № 40
Жасырын спазмофилияның белгісі:
1. желке бұлшықеттерінің тартылуы
2. ларингоспазм
3. Керинг симптомы
4. Хвостек симптомы (+)
5. «Батып бара жатқан күн» симптомы
??? № 41
Дене салмағының тапшылығы болатын дистрофия типін таңдаңыз::
1. гипостатура;
2. гипотрофия; (+)
3. паратрофия;
??? № 42
Зәрдің төмен тығыздығы қалай аталады?
1. полиурия
2. анурия
3. энурез
4. поллакиурия
5. гипостенурия (+)
??? № 43
Балалардағы гельминтоз ауруын шақырады
1. бактериялар;
2. саңырауқұлақтар;
3. қарапайымдар;
4. паразитті құрттар; (+)
5. вирустар.
??? № 44
Балаларды емдеу мекемелерінің жұмыс бөлімдері:
1. емдеу, профилактикалық және санитарлық -ағарту (+)
2. көпшілік спорт, арнайы спорт, денешынықтыру
3. мәдени іс-шара, кәсіби-мәдени іс-шара
??? № 45
Гипогалактия дегеніміз:
1. сүт бездерінен сүттің көп бөлінуі
2. сүт бездері бөлетін сүт көлемінің азаюы (+)
3. баланың емшекті сұрау саны
??? № 46
Нәрестелердегі терінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі:
1. капиллярлы торға бой, тер бездері нашар дамыған, май бездері жақсы
дамыған (+)
2. капиллярлы тор айқындығы нашар, тер бездері жақсы дамыған
3. тері ашқызыл боялған, қабаты қалың
??? № 47
Талабына сәйкес жас нәрестенің шамамен тамақ сұрау саны:
1. 6-7 рет
2. 11-12 рет
3. 8-9 рет
4. 4-5 рет
5. талабы бойынша (+)
??? № 48
Стрептококктық инфекциядан кейін ревматизм пайда болады:
1. 2 күннен кейін
2. 2 айдан кейін
3. 2 аптадан кейін (+)
4. 6 айдан кейін
??? № 49
Жас нәрестенің іріңді-септикалық ауруының жалпы(генерализованная) түрі
түрі:
1. Омфалит
2. Сулы кіндік
3. Жас нәресте көпіршіктері
4. Сепсис (+)
5. Псевдофурункулез
??? № 50
Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін
қамтамасыз ету үшін енгізеді:
1. ақуыздармен (+)
2. суда еритін дәрумендермен
3. Майлармен
??? № 51
Гипокальцемияда көптеп бөлінетін гормон:
1. пролактин
2. адреналин
3. инсулин
4. паратгормон (+)
5 трииодтиронин
??? № 52
Табиғи тамақтандырудың артықшылығы:
1. аталғандардың барлығы дұрыс (+)
2. ана мен баланың эмоционалдық байланысын сақтайды
3. баланы инфекциядан қорғайды
??? № 53
Балада кеуде кифозы неше жаста пайда болады:
1. 3 айда
2. 6 айда (+)
3. 8 айда
??? № 54
Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру (+)
3. тікелей қатынастан қорғау
??? № 55
Дені сау баланың 12 айында болады:
1. 4тіс
2. 6 тіс
3. 8тіс (+)
4. 10тіс
5. 112 тіс
??? № 56
Босанғанға дейінгі патронаж саны:
1. ай сайын
2. апта сайын (+)
3. 2 рет
??? № 57
Сарыптың үлкен критериі:
1. гипертеремия
2. полиартралгия
3. мұрыннан қан кету
4. лейкоцитоз
5. полиартрит (+)
??? № 58
Рахиттің клиникасы аталған жүйе тарапынан болатын белгілерден басталады:
1. зәр бөлу
2. жүйке жүйесі (+)
3. ас қорыту
??? № 59
Толық емшекпен тамақтадырылатын балаға бірінші қосымша тамақтандыру
енгізіледі:
1. жеміс шырыны түрінде
2. пісірілген алма түрінде
3. көкөніс пюресі(езбесі) түрінде (+)
4. сүт ботқасы түрінде
5. тартылған ет түрінде
??? № 60
Еркін ана сүтімен тамақтану дегеніміз:
1. әр 3 сағатта түнгі үзіліспен
2. әр 3 сағтта түнгі үзіліссіз
3. баланың талап етуі бойынша (+)
4. белгілі уақытта баланың қажет ету көлемі бойынша
??? № 61
Ашығу – ауырсыну – тамақ ішу – тынышталу – ашығу – ауырсыну ырғағы
асқорыту жүйесі ауруларының қайсысына тән?
1. гастрит
2. асқазан ойық жарасы (+)
3. хейлит
4. стоматит
5. аскаридоз
??? № 62
Ревматизмнің қоздырғышы:
1. Вируспен
2. Ішек таяқшасымен
3. Стрептококк (+)
4. Стафилококк
??? № 63
3 жастағы сәбиде дәм және иіс сезудің бұзылуы, терінің бозаруы, әлсіздік
анықталды. Тексеру кезінде анемияны , сары судағы темір деңгейі
төмендеген. Анемияның қандай түрі дамыған:
1. гемолитикалық
2. темір жетіспеушілік (+)
3. гипопластикалық
??? № 64
Зәрді Сулкович сынамасы бойынша немен емдегенде тексереді:
1. Антибиотиктермен
2. Дәуірмендер В тобы
3. Дәуірмендер А тобы
4. Дәуірмендер Д тобы (+)
5. гепаринмен
??? № 65
Бас және кеуде клеткасының шеңбері теңеледі
1.өмірінің 2-3айларында
2.өмірінің 3-4 айларына (+)
3.өмірінің 5-6 айларына
??? № 66
Дені сау емшектегі нәресте қай кезде басын жақсы ұстайды:
1. 1-1,5 айында
2. 1,5-2,0 айында
3. 2,5-3,0 айында (+)
4. 3,5-4,0 айында
??? № 67
Босанғанға дейінгі патронаждар мерзімі:
1. жүктіліктің әр айы толғанда
2. әйелдің есепке алынған ж/е декретке шығатын кезінде (+)
3. жүктіліктің алғашқы және екінші жартыжылдығында
??? № 68
Буындарға қан құйылу тән:
1. геморрагиялық вакулитке;
2. тромбоцитопениялық пурпураға;
3. гемофилияға; (+)
4. өткір лейкозға;
??? № 69
Алғашқы патронаждың мерзімі:
1. 1 апталығында
2. 1-ай ішінде
3. алғашқы 10 күн ішінде
4. үйдегі алғашқы 3 күн ішінде (+)
5. 3-айлығына дейін
??? № 70
Емшек жасы – ол:
1. алғашқы 28 күндері
2. туғаннан бастап бір жасына дейін
3. 29 күнінен бастап бір жасқа дейін (+)
4. туғаннан бастап 6 айына дейін
??? № 71
Жас нәрестенің ұртында, қызыл иегінде, қатты және жұмсақ таңдайында
нүкте тәрізді ақ жағындылар қосылып, ірімшік тәрізді жағындыға айналған.
Қандай ауру?
1. жаралы стоматит
2. катаральді стоматит
3. автозды стоматит
4. герпестік стоматит (+)
5. кандидозды стоматит
??? № 72
Қосымша тамақтар түрлері:
1. өңделген сиыр сүті
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны (+)
3. арнайы құрғақ сүт қоспалары
??? № 73
Мерзіміне жетіп туған нәресте бірінші айында салмағына қанша қосады
(грамммен):
1. 1000
2. 900
3. 800
4. 700
5. 600 (+)
??? № 74
Мешелдің бастапғы кезеңінің симптомдары:
1. Мешелдік бұдырлар
2. Мазасыздану, тершеңдік (+)
3. Бақа тәрізді іш
??? № 75
Баланың жасын анықтаыз, егер ол жеке буындарды айтса, есімін білсе,
ойыншықтарды қолынан қолына ауыстырса, ішінен арқасына бұрылса,
отырғызған кезде өз бетімен отыра алса.
1. 7 ай
2. 5 ай
3. 4 ай
4. 6 ай
8 ай (+)
??? № 76
Жаңа туған нәрестенің сулы кіндік жарасын мына ерітіндімен тазалайды:
1. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен,70° спиртпен, 1 %
бриллиант жасылымен
2. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 %
калий перманганатымен (+)
3. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % йод
ерітіндісімен
??? № 77
Мерзімінен ерте туылған жас нәресте күтімінің ерекшелігі:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. температуралық режимді бақылауда ұстау
3. жатырдағы жағдайға жақындатылған орта ұйымдастыру
??? № 78
Баланың физикалық дамуы көрсеткіштері:
1. кеуде, бел және жамбас өлшемдері
2. самақтың бойға қатынасы (+)
3. салмақ, бой, бас және кеуде аумағы өлшемдері
??? № 79
Туа біткен жүрек ақауларының симптомы:
1. Жүрек айну, құсу
2. Бұлшық ет пен буындардың ауруы
3. дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі.
4. Жүректе дөрекі систоликалық шу естілуі (+)
5. іштің ауруы
??? № 80
ДДҰ бойынша «денсаулық» ұғымы:
1. Физикалық қалыпты жағдай.
2. Рухани қалыпты жағдай..
3. Әлеуметтік қалыпты жағдай.
4. Аталғандардың барлығы.
5. Аурудың болмауы. (+)
??? № 81
Нәресте гемолитикалық ауруының негізгі клиникалық түрлері:
1.анемия
2. анемия, сарғаю
3.анемия, сарғаю, ісікті (+)
4. анемия, сарғаю, ісікті, ядролық сарғаю
??? № 82
Аллергиялық диатездің алғашқы белгісі:
1. гипертеремия
2. тер бөртпесі
3. тұрақты баздану
4. тырыспалар
5. диарея (+)
??? № 83
Ерте жастағы балалардың құлақ қуыстарын тазалауға қолданады:
a) құрғақ мақта шиыршықтары (+)
b) 1:500 фурацилин ерітіндісімен суланған ширақтар
c) залалсыздандырылған маймен майланған ширақтар
d) мақта шариктері
e) дәке шариктері
??? № 84
Бронх демікпесіне тән клиникалық симптом:
1. ылғалды сырыл
2. экспираторлық ентігу (+)
3. дене температурасының жоғарылауы
??? № 85
Баланы 8 күн қадағалау кезінде, ауыз қуысының шырышты қабатында ақ
дақтар анықталды, жалпы жағдайы бұзылмаған. Жергілікті ем жүргізу үшін,
мына жағдайда қандай препарат қолданылады?
1. 0,25 % генцианвиолет ерітіндісі
2. Интерферон ерітіндісі
3. 1 % фурацилин ерітіндісі (+)
4. 3 % сутегі тотығы ерітіндісі
??? № 86
Жаңа туылған нәрестенің біріншілік тазалауын (туалетін) кім жүргізеді:
1. дәрігер-акушер
2. дәрігер-неонатолог
3.акушерка (+)
4. медбике
??? № 87
Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес
??? № 88
Жас нәресте асфиксиясындағы реанимацияның бірінші кезеңі:
1. өкпеге жасанды вентиляция(желдету) өткізу
2. жүрекке жабық массаж жасау
3. метаболикалық процестерін коррекциялау
4. сыртқы тыныс алуын қалпына келтіру
5. тыныс алу жолдары өткізгіштігін қалпына келтру (+)
??? № 89
Балалардың жедел өкпе қабыну тән ең жиі кездесетін симптом:
1. Гипертеримя
2. Диарея
3. Ісіктер
4. Құрысып тырысу
5. Тыныс жетіспеушілік (+)
??? № 90
Баладағы моторлы сөйлеу мына жаста анықталады:
1. 5-6 айлығында
2. 7-8 айлығында
3. 8-9 айлығында
4.10-12 айлығында (+)
5.12-15 айлығында.
??? № 91
Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:
1. 4-6 сағ (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ
??? № 92
Нәресте антропометриясы кезінде анықталады:
1. бас аумағы, кеуде аумағы, сан аумағы
2. бас аумағы, кеуде аумағы
3. бас аумағы, кеуде аумағы, салмағы, бой ұзындығы (+)
4. бой ұзындығы, бас аумағы
??? № 93
Жас нәрестелердің көз ауруларын (гонобленорея) ерте алдын алу қай
ерітіндімен жүргізіледі:
1. 1:5000 фурацилині
2. 0,5% натрий хлориді
3. 1% тетрациклин маз (+)
4. 30% натрий сульфацилы
??? № 94
Адам ағзасында острицалар қай жерде өмір сүреді?
1. тік ішекте (+)
2. асқазанда
3. тыныс алу жолдарында
??? № 95
Вирусты этиологиясындағы өткір ларингиттің типтік асқынуы:
1. өткір бронхит
2. өткір пневмония
3. көмейдің тарылуы (+)
4. плеврит
??? № 96
Айыршық (тимус)бездің ағзадағы ролі:
1. иммундық жүйенің негізгі ағзасы (+)
2. Т- лимфоциттерді қалыптастырады
3. клетканың иммундық жауабын қамтамасыз етеді
??? № 97
Апгар шкаласымен бағаланатын критерийлер:
1. тыныс алу саны, реттілігі
2. жүрек соғысы саны, ырғағы
3. тері түсі, бұлшық ет тонусы
4. тітіркендіргіштерге жауабы
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 98
Пневмония кезіндегі тыныс жетіспеушілігінің этиопатогенезі:
1. газдар дифузиясы бұзылысы (+)
2. өкпе гипертензиясы
3. жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы
??? № 99
Ішек инфекциясында жүргізілетін зерттеулер:
1. жұтқыншақтан жағынды алу
2. нәжісті бактериологиялық зерттеу (+)
3. қанды биохимиялық зерттеу
??? № 100
Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары (+)
4. 10-20%
содержание ..
13
14
15
16 ..
|