Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 11

 

  Главная      Тесты     Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     9      10      11      12     ..

 

 

 

Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 11

 

 

 

??? № 1

Жаңа туған нәрестенің сулы кіндік жарасын мына ерітіндімен тазалайды:
1.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен,70° спиртпен, 1 % бриллиант жасылымен
2.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % калий перманганатымен   (+)
3.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % йод ерітіндісімен


 

??? № 2

Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса,науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:        
1. Мүмкін болатын бактериялық инфекция
2. Жұтқыншақ абсцессі
3. Стрептококксыз фарингит
4. Стрептококкты фарингит   (+)
5. Мастоидит




 

??? № 3

Гемолиздік аурудың ауыр түріне шалдыққан жас нәрестені емдеудің ең тиімді жолы:
1.      Гемотрансфузия
2.     Оксигенді терапия
3.     Дәрілік шөптермен емдеу
4.     Қан ауыстыру операциясы   (+)
5.     Тұзды-глюкозалы препараттарды тамырға тамшылатып жіберу

 

??? № 4

Мынадан басқасының бәрі Апгар бағалауына кіреді:
1. жүрек соғуының жиілігі
2. бұлшық ет тонусы
3. артериалды қан қысымы        (+)
4.рефлекстердің бар екендігі

 

??? № 5

Бір жасқа дейінгі дені сау балалардың пульсі мен тыныс алуының қатынасы:
1. 1 : 2,5
2. 1 : 3
3. 1 : 3,5
4. 1 : 4
5. 1 : 4,5



 

??? № 6

Апгар шкаласымен бағаланатын критерийлер:    
1. тыныс алу саны, реттілігі
2. жүрек соғысы саны, ырғағы
3. тері түсі, бұлшық ет тонусы
4. тітіркендіргіштерге жауабы
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 7

Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:    
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру   (+)
3. тікелей қатынастан қорғау


 

??? № 8

Нәресте антропометриясы кезінде анықталады:
1.    бас аумағы, кеуде аумағы, сан аумағы
2.    бас аумағы, кеуде аумағы
3.    бас аумағы, кеуде аумағы, салмағы, бой ұзындығы   (+)
4.    бой ұзындығы, бас аумағы




 

??? № 9

Нәрестенің орталық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне не жатады:
1.      айқын шартты рефлекстер
2.      айқын шартты емес рефлекстері   (+)
3.      көру жақсы дамыған


 

??? № 10

Алғашқы патронаждың мақсаты:    
1. Ф№112/у-ке сәйкес баланы қабылдап алып, бала күтіміне кеңес беру
2. бала күтілетін бөлме жабдықталуын зерттеу
3. жүйкелік-психикалық дамуды, шартсыз рефлекстерді бағалау
4. баланы жалпы тексеруден өткізу
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 11

Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:    
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары   (+)
4. 10-20%


 

??? № 12

Кеуде сүтінің бөлінуін белсендіретін гормонды көрсетіңіз:
1. кальцитонин
2. тироксин
3. инсулин
4. Окситоцин
5.Пролактин   (+)



 

??? № 13

ДДҰ бойынша «денсаулық» ұғымы:
1.       Физикалық қалыпты жағдай.
2.       Рухани қалыпты жағдай..
3.      Әлеуметтік қалыпты жағдай.
4.      Аталғандардың барлығы.
5.      Аурудың болмауы.   (+)
 
 

 

??? № 14

Асқазанда ана сүтінің қорытылу уақыты:
1.1-2 сағат
2.2-2,5 сағат
3. 2,5-3 сағат   (+)
4. 3-4 сағат


 

??? № 15

Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:   
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі    (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес


 

??? № 16

Реанимациялық шараларды жүргізу кезінде өзіндік тыныс алу болмасы өкпені жасанды желдетуді қанша уақыттан кейін тоқтату қажет:
1.      5-10 минут
2.      10-15 минут
3.      15-20 минут
4.      20-25 минут
5.      25-30 минут   (+)

 

??? № 17

Дені сау баланың 12 айында болады:
1.      4тіс
2.     6 тіс
3.     8тіс   (+)
4.     10тіс
5.     112 тіс




 

??? № 18

«Д» -гипервитаминозының алғашқы клиникалық симптомы:

1.      гипертермия
2.     жөтел
3.     гликемия
4.     анорексия   (+)
5.     бұлшықет тонусының жоғарлауы

 

??? № 19

Бала салмағы мен бойының бір қалыпты төмендеуі- ол:
1.      Гипотрофия   (+)
2.       Гипостатура
3.       Гипоплазия
  

 

??? № 20

Гипогалактияның келесі түрін ажыратамыз, тек мынадан басқа:
1. ерте
2. кеш
3. біріншілік
4. екіншілік
5. үшіншілік   (+)



 

??? № 21

Жас нәрестенің физиологиялық жағдайына жатады,   тек біреуінен басқа::
1.      физиологиялық сарыауру
2.      салмақтың физиологиялық азаюы
3.      зәрқышқылды инфаркт
4.      жыныстық криз   (+)
5.      жас нәресте күлбіршегі


 

??? № 22

Жасырын спазмофилияның белгісі:
1.      желке бұлшықеттерінің тартылуы
2.      ларингоспазм
3.      Керинг симптомы
4.      Хвостек симптомы   (+)
5.      «Батып бара жатқан күн» симптомы

 

??? № 23

Ерте жастағы бала салмағының артықшылығын көрсететін термин:
1.      Гиперсомия
2.      Эйтрофия
3.      Паратрофия   (+)
4.      Дистрофия

 

 

??? № 24

Көк (қара) типті ақауларға жатады:
1.     Үлкен айналым ернеуіндегі жетіспеушілік
2.     Тетрада Фалло
3.     Аортаның стенозы
4.     Митральды стеноз
5.     Қолқа коарктациясы   (+)

 

??? № 25

Сусыздану белгілеріне сипаттама:    
1. ентікпе, цианоз
2. шөл, тері және шырышты қабықтың құрғауы, үлкен еңбектің түсуі   (+)
3. пиодермия



 

??? № 26

Мерзіміне жетіп туған нәрестенің бастапқы кему салмағы құрайды:

1.         5% дейін   (+)
2.     10% дейін
3.     15% дейін



 

??? № 27

Егер балада құлағының артында ауырсынбалы ісіну болса, онда науқас баланы жүргізудегі интеграцияланған тәсіл бойынша ауруды анықтаңыз:   
1.       құлан инфекциясы жоқ
2.       құлақтың созылмалы инфекциясы
3.       құлақтың жіті инфекциясы   (+)
4.      жұтқыншақ абсцессі
5.       мастоидит
 

 

??? № 28

Жатырішілік гипотрофиямен шала туған нәрестенің тамақтандыру көлемін қайдай көрсеткішпен есептеу қажет, егерде оның тамақ деген толеранттылық болса:
1.                              орташа салмағы
2.                              қазіргі салмағы
3.                              туған кездегі салмағы   (+)
4.                              негізгі салмағы


 

??? № 29

Жасанды тамақтандыру бұл:
1.    ананың сүтімен тамақтандыру
2.    ана сүті мен бейімделген қоспа
3.    қоспалармен ғана тамақтандырылады   (+)
4.    ана сүтімен бірге қосымша тамақ




 

??? № 30

Бала терісі АФЕ-сі:   
1. нәзік, жұқа, қантамырлармен жақсы жабдықталған, қызғылт   (+)
2. созылғыштығы, серпінділігі нашар
3. құрғақ, жарылғыш


 

??? № 31

Кефалогематомаға тән:
1. бір сүйектің шекарасынан шықпайды
2. бір сүйектің шекарасынан шығады   (+)
3. зақымданған жағында ауыз бұрышының төмен түсуі



 

??? № 32

Зәр шығару жүйесі зақымдануы семиотикасы:    
1. ентікпе, тахикардия
2. физикалық қалыс қалушылық
3. әлсіздік, улану, дизурия, іштің ауруы,ісік,дене қызуы ↑    (+)
4. жүйкелік-психикалық қалыс қалушылық

 

??? № 33

Мерзімінде туылған нәрестенің қалыпты бойының ұзындығың, көрсетіңіз:
1. 70 см
2.46-56 см   (+)
3.45 см



 

??? № 34

Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады:         
1. Дене қызуы 36,6° С
2. Бала белсенді қозғалады
3. Ынталандыру арқылы ғана қозғалады   (+)
4. Тыныс жиілігі минутына 40 р


 

??? № 35

Дені сау емшектегі нәресте қай кезде басын жақсы ұстайды:
1.      1-1,5 айында
2.     1,5-2,0 айында
3.     2,5-3,0 айында   (+)
4.     3,5-4,0 айында



 

??? № 36

Гипотрофияның негізгі себептері:    
1. баланың алғашқы босанудан дүниеге келуі
2. алиментарлық, инфекциялық фактор   (+)
3. көп балалы отбасында тәрбиеленуі

 

??? № 37

Талабына сәйкес жас нәрестенің шамамен тамақ сұрау саны:    
1. 6-7 рет
2. 11-12 рет
3. 8-9 рет
4. 4-5 рет
5. талабы бойынша   (+)

 

??? № 38

Баланы аралас тамақтандырудағы негізгі тамақ:    
1. өңделген сиыр сүті
2. ана сүті
3. ана сүті және арнайы құрғақ сүт қоспалары/үстеме тамақ/   (+)
4. қышқыл сүт қоспалары


 

??? № 39

Қосымша тамақтарды енгізу мерзімі тәуелді:    
1. айлық жасына    (+)
2. баланы тамақтандыру түріне
3. жыл мезгіліне

 

??? № 40

5 жастағы балалардың тыныс алу жиілігі (1 минутта):
1.      16-20.
2.      20-30.   (+)
3.      30-40.



 

??? № 41

Жас нәресте сепсисі кезіндегі инфекция түсудің ең жиі жерлері:
1.      тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары
2.      көз коньюктивасы
3.      жарақатталған тері
4.      кіндік жарасы   (+)
5.      сыртқы жыныс мүшелерінің шырыштылары



 

??? № 42

 Жас нәрестенің ұртында, қызыл иегінде, қатты және жұмсақ таңдайында нүкте тәрізді ақ жағындылар қосылып, ірімшік тәрізді жағындыға айналған. Қандай ауру?
1.      жаралы стоматит
2.      катаральді стоматит
3.      автозды стоматит
4.      герпестік стоматит   (+)
5.      кандидозды стоматит



 

??? № 43

Өмірге келген нәрестеде тыныс алу белгісі байқалмайды, терісі боз, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы 90 рет минутына, қол аяқтары созылыңқы. Алғашқы диагноз :
1.      жеңіл дәрежелі асфиксия
2.      орташа дәрежелі асфиксия
3.      ауыр дәрежелі асфиксия   (+)
4.      өлі туу

 

 

??? № 44

Мерзіміне жетіп туған нәресте денесінің орташа ұзындығы:
1.       40-42 см
2.      42-45 см
3.      46-49 см
4.      50-54 см   (+)
5.      55-58 см



 

??? № 45

Рахиттің клиникалық кезеңдері:    
1. жас нәресте, емізулі, 1-жастан кейінгі
2. сарғаю алды, сарғаю, айығу
3. бастапқы, қызған, айығу, қалдық   (+)
4. жасырын, продрома, клиникалық айқындалу


 

??? № 46

Ревматизмнің активті фазасында науқастар емделеді:
1.     Үйде
2.     Стационарда   (+)
3.     Санаториде


 

??? № 47

Жас нәрестенің іріңді-септикалық ауруының жалпы(генерализованная) түрі түрі:
1.      Омфалит
2.     Сулы кіндік
3.     Жас нәресте көпіршіктері
4.     Сепсис   (+)
5.     Псевдофурункулез

 

??? № 48

Мешелдің алғашқы кезеңіне тән симптом:
1.      Шекедегі және желкедегі анық байқалатын бұдырлар
2.     Кеуде клеткасының қисаюы
3.     Айқын білінген терлеу, желке шашының түсуі   (+)
4.     Омыртқаның қисаюы


 

??? № 49

Мұрыннан қан кету кезіндегі жұғыл жәрдем:
1.      Науқасты көлденеңінен жатқызу
2.      Басын артқа қарай шалқайтып отырғызу
3.      Басын біраз алдыға қарай еңкейтіп отырғызу     (+)
4.      бас жағын жоғары жатқызу

 

??? № 50

8 айлық бала. Ішек инфекция ауырымен ауырғаннан кейін 2-ші дәрежелі гипотрофия анықталды. Емшек сүтімен тамақтанады. Баланы тамақтандыруда сіздің ұсынысыңыз:
1. емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастыру
2. құрғақ бейімделген қоспалармен жасанды тамақтандыруға көшіру
3. қышқыл-сүтті қоспалармен жасанды тамақтандыру
4. аралас тамақтандыруға көшу   (+)
5. анасының тілегі бойынша кез-келген тамақтандыру


 

??? № 51

Жас нәрестеге перзентханада жүргізілетін егу жұмыстары:    
1. ВГВ; БЦЖ   (+)
2. ОПВ; АКДС
3. Хиб- вакцина, ККП


 

??? № 52

Қай жаста бала ойыншықты ұстай алады?
1. 1 ай
2. 3 ай   (+)
3.4 ай

 

??? № 53

Жалпы профильді балалар ауруханасының құрамына қайсы бөлімше кірмейді?
1. хирургиялық
2. кардиологиялық
3.пульмонологиялық
4.инфекциялық   (+)
5.аллергологиялық


 

??? № 54

Баланың тағамына айранды, қышқыл сүт өнімдерін, сиыр сүтін енгізуге болады (ДДҰ мәліметтері бойынша):
1.      9 айынан бастап;
2.      туғаннан бастап;
3.      4 айынан бастап;
4.      5 айынан бастап;
5.      6 айынан бастап   (+)


 

??? № 55

Энтеробиоз кезіндегі негізгі симптомдар:
1. тәбеттің төмендеуі
2. іштің ауруы
3. анус маңының қышуы және тырнақ іздері    (+)
4. құсу



 

??? № 56

Мерзіміне жетіп туған нәресте бірінші айында салмағына қанша қосады (грамммен):
1.      1000
2.      900
3.      800
4.      700
5.      600   (+)



 

??? № 57

Жас нәрестедегі шекаралық жағдайлар:    
1. физиологиялық салмақ кемуі
2. транзиторлық қызба   (+)
3. қызару,эритема

 

??? № 58

Аллергиялық диатез кезінде тіл шырышты қабытының өзгерісі:
1.      «Таңқұрай» тіл
2.     «Географиялық» тіл   (+)
3.     «Жылтыр» тіл

 

??? № 59

Қай жасқа дейін пуэрильді тыныс естіледі?
1. 1 айға дейін
2. 6 айға дейін
3.1 жасқа дейін
4. 3 жасқа дейін   (+)
5. 5-7 жасқа дейін


 

??? № 60

Балаларды дегельминтиздеу үшін қолданылады:
1.      фестал
2.     вермокс   (+)
3.     фуразолидон
4.     бисептол
5.     тавегил
 

 

??? № 61

Ас қорыту жүйесі АФЕ-сі:    
1. асқазан сөлі және өттің мөлшері аз және белсенділігі төмен
2. өңештің асқазанға құйылатын жері толық жабылмайды
3. бауыр салыстырмалы үлкен, функциясы жетілмеген
4. ішек салыстырмалы ұзын, инервациясы нашар, кебіңкі   (+)
5. аталғандардың барлығы

 

??? № 62

Қосымша тамақтарды енгізудегі мақсат:     
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. шайнауды қалыптастыру
3. рационды мин. тұздар, микроэлементтермен байыту


 

??? № 63

Бір жастағы баланың салмағымен бой өлшемі:
1. 5кг., 63см.
2. 7кг., 65см.
3. 10кг., 75см.   (+)
4.15кг., 80см.
 

 

??? № 64

Ревматизмнің негізгі клиникалық белгісі:    
1. кардит   (+)
2. тырысу
3. құсу

 

??? № 65

Рахиттің профилактикасы:    
1. «Д» витаминін тағайындау, дұрыс күтім    (+)
2. темір препараттарын тағайындау
3. тамақтандыруда сүт өнімдерін кеңінен қолдану

 

??? № 66

Балалардағы гельминтоз ауруын шақырады
1.      бактериялар;
2.      саңырауқұлақтар;
3.      қарапайымдар;
4.      паразитті құрттар;   (+)
5.      вирустар.
 

 

??? № 67

Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:    
1. 4-6 сағ   (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ


 

??? № 68

Баладағы моторлы сөйлеу мына жаста анықталады:
1. 5-6 айлығында
2. 7-8 айлығында
3. 8-9 айлығында
4.10-12 айлығында   (+)
5.12-15 айлығында.



 

??? № 69

Кандидозды стоматиттің типтік синдромы:
1.      гипертеремия
2.      құсу
3.      тілде көпіршіктер мен афттардың пайда болуы
4.      сілекейдің шұбырауы(гиперсаливация)
5.      ауыз қуысының шырышындағы ірімшік тәрізді жабынды қабат   (+)
 

 

??? № 70

Диареяның анықтамасы:    
1. тыныс тапшылығы белгілері
2. тәулігіне 3-4 реттен артық сұйық нәжістің болуы   (+)
3. аллергиялық жауапқа бейімділік


 

??? № 71

Жүрек ақауына себеп болмайды:    
1. емізулі баланың фондық аурулары    (+)
2. ата-ана маскүнемдігі
3. әйелдің жүкті кезінде дәрілер пайдалануы

 

??? № 72

Табиғи тамақтандырудың артықшылығы:    
1. аталғандардың барлығы дұрыс    (+)
2. ана мен баланың эмоционалдық байланысын сақтайды
3. баланы инфекциядан қорғайды


 

??? № 73

Жедел пневмония диагностикалық критерилері болып табылады:
1.      барлық аталғандар   (+)

2.      3-күннең көп қызба
3.      аралас сипатты ентігу


 

 

??? № 74

Ерте неонатальді кезең қай уақытты қамтиды?
1. 10 тәулікке дейін
2. 28 тәулікке дейін
3. 7 тәулікке дейін   (+)
4. 1 айға дейін
5. 54 тәулікке дейін



 

??? № 75

Зәрді Сулкович сынамасы бойынша немен емдегенде тексереді:
1.      Антибиотиктермен
2.      Дәуірмендер В тобы
3.      Дәуірмендер А тобы
4.      Дәуірмендер Д тобы   (+)
5.      гепаринмен

 

??? № 76

Ішек инфекциясында жүргізілетін зерттеулер:    
1. жұтқыншақтан жағынды алу
2. нәжісті бактериологиялық зерттеу   (+)
3. қанды биохимиялық зерттеу


 

??? № 77

Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы бойынша қатерлі топтағы балаларда мынадан басқаның бәрін бақылау қажет:
1. бұлшық ет тонусы, тұру мен қимыл белсенділігі
2. лоқсу мен құсу сипатына
3. бас сүйек тігістері мен еңбегінің жағдайына байланысты
4.патологиялық неврологиялық рефлекстердің болуына байланысты
5. тері қабатаның құрғақтығына   (+)


 

??? № 78

Аллергиялық диатездің емі:
1.      таза ауа
2.      видехол беру
3.      Антигистаминді препараттар   (+)
4.      Нистатин беру



 

??? № 79

Келесі қан топтарында АВО сәйкессіздігі бойынша нәресте гемолитикалық ауруы дамиды:
1.      анасында О (І), балада АВ (ІV)
2.      анасында О (І), балада А (ІІ)   (+)
3.      анасында А (ІІ), балада В (ІІІ)


 

??? № 80

Аллергиялық диатез кезінде көбінде зақымданатын ағза:
1.      жүрек
2.      орталық жүйке жүйесі
3.      тері   (+)
4.      бүйрек
 

 

??? № 81

Баланы асфиксиядан шығару этаптары:    
1. регидратация, дезинтоксикация
2. симптоматикалық ем, қалыпқа келтіру іс-шаралары
3. тыныс жолдары санациясы, ылғалданған оттегі беру    (+)
4. дезинтоксикация, дегидратация


 

??? № 82

Еркін ана сүтімен тамақтану дегеніміз:
1. әр 3 сағатта түнгі үзіліспен
2. әр 3 сағтта түнгі үзіліссіз
3. баланың талап етуі бойынша   (+)
4. белгілі уақытта баланың қажет ету көлемі бойынша

 

 

??? № 83

Үстеме тағамға жатпайды:
1.      ботқалар
2.      жеміс пюресі
3.      шырын
4.      айран
5.      ірімшік   (+)


 

??? № 84

Созылмалы патологияға қатысы жоқ, денесі және жүйке психикасы
қалыпты дамыған дені сау балалар мына топқа жатады
1.      1   (+)
2.      2
3.      3



 

??? № 85

Гипотрофияның І кезеңінде бала салмағының дефициті құрайды:
1.      1-5%
2.      5-10%
3.      11-20%   (+)
4.      21-30%




 

??? № 86

Шала туған сәбиде байқалады:
1.      Қатты айқай
2.     Жақсы физиологиялық рефлекстер
3.     Бұлшық ет гипертонусы
4.     Бұлшық ет гипототонусы   (+)
5.     Спонтанды қозғалғыштық белсенділік



 

??? № 87

Толық емшекпен қоректенетін дені сау балаға берілетін үшінші тағам түрі:
1.      Жұмыртқаның сарысы
2.      Жеміс пюресі
3.      Сүт ботқасы
4.      Айран   (+)
5.      Көкөніс пюресі
 

 

??? № 88

Жаңа туылған нәрестенің біріншілік тазалауын (туалетін) кім жүргізеді:  
1. дәрігер-акушер
2. дәрігер-неонатолог
3.акушерка   (+)
4. медбике


 

??? № 89

Балада кеуде кифозы неше жаста пайда болады:
1.       3 айда
2.     6 айда   (+)
3.     8 айда




 

??? № 90

1 жылдағы дене ұзындығының қосылуын көрсетіңіз:
1. 45 см
2. 25 см   (+)
3. 30 см


 

??? № 91

Буындарға қан құйылу тән:
1.      геморрагиялық вакулитке;
2.      тромбоцитопениялық пурпураға;
3.      гемофилияға;   (+)
4.      өткір лейкозға;



 

??? № 92

Лактация дегеніміз:    
1. сүт бездерінен сүттің көп бөлінуі
2. сүт бездері бөлетін сүт көлемінің азаюы
3. баланың емшекті сұрау саны
4. баланы емшекті сору күші
5. сүт бездерінен сүттің бөлінуі   (+)

 

??? № 93

Вирусты этиологиясындағы өткір ларингиттің типтік асқынуы:
1.      өткір бронхит
2.      өткір пневмония
3.      көмейдің тарылуы   (+)
4.      плеврит





 

??? № 94

Толық емшекпен тамақтадырылатын балаға бірінші қосымша тамақтандыру енгізіледі:
1.      жеміс шырыны түрінде
2.      пісірілген алма түрінде
3.      көкөніс пюресі(езбесі) түрінде   (+)
4.      сүт ботқасы түрінде
5.      тартылған ет түрінде
 

 

??? № 95

Жас нәрестенің салмағы үш есе көбейеді:
1.      4-4,5 ай кезінде
2.     5-6 ай кезінде
3.     7-8 ай кезінде
4.     9-10 ай кезінде
5.     12 ай кезінде   (+)



 

??? № 96

Емшек жасы – ол:
1.      алғашқы 28 күндері
2.      туғаннан бастап бір жасына дейін
3.      29 күнінен бастап бір жасқа дейін   (+)
4.      туғаннан бастап 6 айына дейін




 

??? № 97

Ерте жастағы балалардың фондық аурулары:    
1. пустулез, везикулопустулез
2. рахит, гипотрофия, анемия, аллергиялық диатез   (+)
3. асфиксия, гемолитикалық ауру

 

??? № 98

Нәрестенің гемолиздік ауруының жиі кездесетін себебі:

1.      шала туу
2.     гипоксия
3.     жатыр ішілік инфекция
4.      анасы мен баласының АВ0 қан топтары бойынша сәйкес келмеуі   (+)
5.     мерзімінен асып туу

 

??? № 99

Кеуде жастағы бала рационына жеміс шырындары және алма пюресін қамтамасыз ету үшін енгізеді:           
1.        ақуыздармен   (+)
2.       суда еритін дәрумендермен
3.       Майлармен



 

??? № 100

Рахиттің клиникасы аталған жүйе тарапынан болатын белгілерден басталады:    
1. зәр бөлу
2. жүйке жүйесі   (+)
3. ас қорыту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     9      10      11      12     ..