|
содержание ..
3
4
5
6 ..
Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 5
??? № 1
Ішек токсикозының ІІ дәрежесі сусыздануында салмақ жоғалту неше пайызды
құрайды:
1. 1-3 %
2. 4-5 %
3. 6-9 % (+)
4. 10-12 %
??? № 2
Өмірінің 1-ші тоқсанында емшектегі дені сау баланың тәуліктік тамақ
қажеттілігі:
1. 80-85 ккал/кг
2. 90 ккал/кг
3. 95-100 ккал/кг
4. 105-110 ккал/кг
5. 120 ккал/кг (+)
??? № 3
Айыршық (тимус)бездің ағзадағы ролі:
1. иммундық жүйенің негізгі ағзасы (+)
2. Т- лимфоциттерді қалыптастырады
3. клетканың иммундық жауабын қамтамасыз етеді
??? № 4
Нәрестенің орталық нерв жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшелігіне не
жатады:
1. айқын шартты рефлекстер
2. айқын шартты емес рефлекстері (+)
3. көру жақсы дамыған
??? № 5
Диареяның анықтамасы:
1. тыныс тапшылығы белгілері
2. тәулігіне 3-4 реттен артық сұйық нәжістің болуы (+)
3. аллергиялық жауапқа бейімділік
??? № 6
Ревматизммен ауырған науқастар диспансерлік учетта тұрады:
1. Ревматологта (+)
2. Педиатрде
3. Дермотологта
??? № 7
Гипогалактия кезінде әйелге ұсынылады:
1. тұзды шектеу
2. сұйықтықты шектеу
3. ақуызды шектеу
4. емізуге дейін 20 минут бұрын дәмділік (пряность) қабылдауа
5. емізуге дейін 20 минут бұрын сұйықтық қабылдау (+)
??? № 8
Жас нәрестеде диареяның алдын алу мақсатында жүргізіледі:
1. жасанды және аралас тамақтандыру
2. баланы тек табиғи тамақтандырып,уақытылы қосымша тамақ енгізу
(+)
3. сұйықтықтарды көптеп беру
??? № 9
Эмбрионда қан түзу мүшелері болып табылады:
1. бауыр, аталғандардың барлығы (+)
2. талақ
3. жілік майы
??? № 10
Дені сау емшектегі нәресте қай кезде басын жақсы ұстайды:
1. 1-1,5 айында
2. 1,5-2,0 айында
3. 2,5-3,0 айында (+)
4. 3,5-4,0 айында
??? № 11
Жалпы профильді балалар ауруханасының құрамына қайсы бөлімше кірмейді?
1. хирургиялық
2. кардиологиялық
3.пульмонологиялық
4.инфекциялық (+)
5.аллергологиялық
??? № 12
Мерзіміне жетіп туған нәресте денесінің орташа ұзындығы:
1. 40-42 см
2. 42-45 см
3. 46-49 см
4. 50-54 см (+)
5. 55-58 см
??? № 13
Мынадан басқасының бәрі Апгар бағалауына кіреді:
1. жүрек соғуының жиілігі
2. бұлшық ет тонусы
3. артериалды қан қысымы (+)
4.рефлекстердің бар екендігі
??? № 14
Шала туылған баланың тамақтану әдісін қандай көрсеткіштер анықтайды:
1. гестациялық бала жасы
2. туылғандағы дене салмағы
3.баланың жалпы жағдайы мен функционалды пісіп жетілуі (+)
4. постнаталды жасы
??? № 15
Қосымша тамақтарды енгізу ережелері:
1. біртіндеп көбейтіп,10-14 күнде қажетті мөлшерге жеткізіп
2. жылы, түйіршіксіз күйде (+)
3. қоймалжың масса түрінде, бір қосымша тамақ түрін тәулігіне бір рет
??? № 16
Үстеме тағамға жатпайды:
1. ботқалар
2. жеміс пюресі
3. шырын
4. айран
5. ірімшік (+)
??? № 17
Балаларға дегельминтизация жүргізу үшін қолданылады:
1. вермокс; (+)
2. карбенициллин;
3. септрил;
??? № 18
Қан түзу жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. әлсіздік, шаршағыштық, аурушаңдық
2. тері-шырышты қабықтың қуқылдануы, құрғауы
3. гепатоспленомегалия, қан жоғалтуға бейімділік
4. жалпы қан анализіндегі қалыпты көрсеткіштердің өзгерісі
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 19
Гипогалактияның келесі түрін ажыратамыз, тек мынадан басқа:
1. ерте
2. кеш
3. біріншілік
4. екіншілік
5. үшіншілік (+)
??? № 20
Айқын спазмофилияға тән белгі:
1. Ісіктер
2. Дене қызуының көтерілуі
3. Құрысып-тырсу (+)
4. Іш қату
??? № 21
Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып
табылады:
1. Дене қызуы 36,6° С
2. Бала белсенді қозғалады
3. Ынталандыру арқылы ғана қозғалады (+)
4. Тыныс жиілігі минутына 40 р
??? № 22
Спазмофилияда ағзада орын алады:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. ішекте Са, Р тұздарының сіңірілуі күшейеді
3. бүйректе Са, Р тұздарының реабсорбциясы күшейеді, алкалоз
??? № 23
Жаңа туған нәрестенің сулы кіндік жарасын мына ерітіндімен тазалайды:
1. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен,70° спиртпен, 1 %
бриллиант жасылымен
2. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 %
калий перманганатымен (+)
3. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % йод
ерітіндісімен
??? № 24
Пневмония кезіндегі тыныс жетіспеушілігінің этиопатогенезі:
1. газдар дифузиясы бұзылысы (+)
2. өкпе гипертензиясы
3. жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы
??? № 25
Сусыздану белгілеріне сипаттама:
1. ентікпе, цианоз
2. шөл, тері және шырышты қабықтың құрғауы, үлкен еңбектің түсуі
(+)
3. пиодермия
??? № 26
Толық емшекпен тамақтадырылатын балаға бірінші қосымша тамақтандыру
енгізіледі:
1. жеміс шырыны түрінде
2. пісірілген алма түрінде
3. көкөніс пюресі(езбесі) түрінде (+)
4. сүт ботқасы түрінде
5. тартылған ет түрінде
??? № 27
Кандидозды стоматиттің емі
1. баланы оқшаулау
2. облепиха майын қолдану (+)
3. 2% ас содасымен сүрту
??? № 28
Нәрестенің өмірінің бірінші аптасында терісінде эритематозды дақ
беткейінде құрамы серозды іріңді күлдіреуік көлемі 0,2-0,5см пайда
болған, интоксикация белгілері байқалады. Осы көрініс неге тән:
1. нәресте күлдіреуігі
2. баздану
3. нәрестенің некротикалық флегмонасы (+)
4. себореялы дерматит
??? № 29
Рахиттің клиникалық кезеңдері:
1. жас нәресте, емізулі, 1-жастан кейінгі
2. сарғаю алды, сарғаю, айығу
3. бастапқы, қызған, айығу, қалдық (+)
4. жасырын, продрома, клиникалық айқындалу
??? № 30
«Д3» дәруменінің тәуліктік мөлшері:
1. 500 МЕ (+)
2. 1500 МЕ
3. 1000 МЕ
??? № 31
Босанғанға дейінгі патронаж саны:
1. ай сайын
2. апта сайын (+)
3. 2 рет
??? № 32
Бронх демікпесіне тән клиникалық симптом:
1. ылғалды сырыл
2. экспираторлық ентігу (+)
3. дене температурасының жоғарылауы
??? № 33
Балаларды дегельминтиздеу үшін қолданылады:
1. фестал
2. вермокс (+)
3. фуразолидон
4. бисептол
5. тавегил
??? № 34
6 айлық баланың нервті-психикалық дамуының көрсеткіштеріне мынадан
басқаның бәрі жатады:
1. қасықпен тамақ ішуі
2.жеке әріптерді атауы (+)
3. анасының дауысын таниды
??? № 35
Туа біткен жүрек ақауларының симптомы:
1. Жүрек айну, құсу
2. Бұлшық ет пен буындардың ауруы
3. дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуі.
4. Жүректе дөрекі систоликалық шу естілуі (+)
5. іштің ауруы
??? № 36
Жасанды тамақтандыру үшін қолданылады:
1. өңделген сиыр сүті
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны
3. қарапайым ботқалар
4. негізгі тамақ сүт қоспасы болады (+)
5. қышқыл сүт қоспалары
??? № 37
Ревматизмнің екіншілік профилактикасы жүргізіледі:
1. анальгин
2. аспирин
3. вит «Д»
4. пенициллин
5. бициллин-5 (+)
??? № 38
Регидратациядан соң бала жағдайы қайталап бағаланады:
1. 4-6 сағ (+)
2. 1-2сағ
3. 10 сағ
??? № 39
Ауыз қуысының қабынуы қалай аталады?
1. стоматит (+)
2. гастрит
3. хейлит
??? № 40
Ішек инфекциясында жүргізілетін зерттеулер:
1. жұтқыншақтан жағынды алу
2. нәжісті бактериологиялық зерттеу (+)
3. қанды биохимиялық зерттеу
??? № 41
Нәрістеге таза ауада серуендеуді тағайындаймыз (температураға байланысты):
1. Перзентханадан шыққаннан кейін
2. 5-7 күннен кейін
3. 2 аптадан кейін (+)
4. 1 айлық жаста
??? № 42
Аллергиялық диатездің емі:
1. таза ауа
2. видехол беру
3. Антигистаминді препараттар (+)
4. Нистатин беру
??? № 43
Жаңа туылған нәрестенің біріншілік тазалауын (туалетін) кім жүргізеді:
1. дәрігер-акушер
2. дәрігер-неонатолог
3.акушерка (+)
4. медбике
??? № 44
Қай жаста бала ойыншықты ұстай алады?
1. 1 ай
2. 3 ай (+)
3.4 ай
??? № 45
Жас нәрестелердің көз ауруларын (гонобленорея) ерте алдын алу қай
ерітіндімен жүргізіледі:
1. 1:5000 фурацилині
2. 0,5% натрий хлориді
3. 1% тетрациклин маз (+)
4. 30% натрий сульфацилы
??? № 46
Гипотрофияның негізгі себептері:
1. баланың алғашқы босанудан дүниеге келуі
2. алиментарлық, инфекциялық фактор (+)
3. көп балалы отбасында тәрбиеленуі
??? № 47
Нәрестелердегі терінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі:
1. капиллярлы торға бой, тер бездері нашар дамыған, май бездері жақсы
дамыған (+)
2. капиллярлы тор айқындығы нашар, тер бездері жақсы дамыған
3. тері ашқызыл боялған, қабаты қалың
??? № 48
Алғашқы патронаждың мақсаты:
1. Ф№112/у-ке сәйкес баланы қабылдап алып, бала күтіміне кеңес беру
2. бала күтілетін бөлме жабдықталуын зерттеу
3. жүйкелік-психикалық дамуды, шартсыз рефлекстерді бағалау
4. баланы жалпы тексеруден өткізу
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 49
Зәр шығару жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. ентікпе, тахикардия
2. физикалық қалыс қалушылық
3. әлсіздік, улану, дизурия, іштің ауруы,ісік,дене қызуы ↑
(+)
4. жүйкелік-психикалық қалыс қалушылық
??? № 50
Бақылап тамақтандыруды жүргізудегі мақсат:
1. бірмезгілде қабылдаған тамақ мөлшерін, қалыппен салыстыру
(+)
2. баланың тәбетін бағалау
3. қақалып-шашалуға жол бермеу
??? № 51
Балалардың госпитальдық пневмониясының жиі кездесетін себебі:
1. Вирус (+)
2. Ашытқы тәрізді саңыраулақ
3. Менингококк
??? № 52
Ревматизммен ауыратын балалар:
1. Жаңа туған
2. Емшек жастағы
3. Мектепке дейінгі (+)
4. Мектеп жасындағы
??? № 53
Нәресте антропометриясы кезінде анықталады:
1. бас аумағы, кеуде аумағы, сан аумағы
2. бас аумағы, кеуде аумағы
3. бас аумағы, кеуде аумағы, салмағы, бой ұзындығы (+)
4. бой ұзындығы, бас аумағы
??? № 54
Ауру баланы кешенді емдеудің интеграцияланған тәсіліндегі үшінші дәйекті
қадамы болып табылады:
1. Емді анықтау
2. Жалпы қауіп – қатер факторын бағалау
3. Кеңес беру
4. Анықталған белгілер бойынша классификациялау (+)
5. Келесі бақылау
??? № 55
Нәресте гемолитикалық ауруының негізгі клиникалық түрлері:
1.анемия
2. анемия, сарғаю
3.анемия, сарғаю, ісікті (+)
4. анемия, сарғаю, ісікті, ядролық сарғаю
??? № 56
«Д»-витаминінің жеткіліксіз енуі, Р- Са алмасуы бұзылысы себеп болады:
1. пиодермияға
2. пневмонияға
3. рахитке (+)
4. диареяға
??? № 57
Жас нәресте қан құрамы ерекшелігі:
1. эритроциттер мен Нв мөлшері төмен
2. ретикулоциттер жоқ
3. лейкопения
4. эритроциттер мен Нв мөлшері жоғары (+)
5 түс көрсеткіші төмен
??? № 58
Конституция аномалияларына жатады:
1. аллергиялық диатез (+)
2. эндокрин жүйесі ауытқулары
3. дистрофиялар
??? № 59
8 айлық бала. Ішек инфекция ауырымен ауырғаннан кейін 2-ші дәрежелі
гипотрофия анықталды. Емшек сүтімен тамақтанады. Баланы тамақтандыруда
сіздің ұсынысыңыз:
1. емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастыру
2. құрғақ бейімделген қоспалармен жасанды тамақтандыруға көшіру
3. қышқыл-сүтті қоспалармен жасанды тамақтандыру
4. аралас тамақтандыруға көшу (+)
5. анасының тілегі бойынша кез-келген тамақтандыру
??? № 60
Вирусты этиологиясындағы өткір ларингиттің типтік асқынуы:
1. өткір бронхит
2. өткір пневмония
3. көмейдің тарылуы (+)
4. плеврит
??? № 61
Қан айналым жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. ентікпе, жүрек тондары әлсіз, цианоз, шуылдар (+)
2. диспепсиялық белгілер, диарея
3. терінің іріңді зақымдануы
??? № 62
Мерзімінен ерте туылған жас нәресте күтімінің ерекшелігі:
1. аталғандардың барлығы (+)
2. температуралық режимді бақылауда ұстау
3. жатырдағы жағдайға жақындатылған орта ұйымдастыру
??? № 63
Жедел пневмонияға тән:
1. дене қызуының жоғарылауы
2. улану
3. ұсақ көпіршіктік сырылмен бірлескен тыныстың жергілікті түрде
әлсіреуі
4.перкуторлы дыбыстың жергілікті тұйықталуы
5. бәрі (+)
??? № 64
Д2 витаминінің профилактикалық мөлшері:
1. 1000 МЕ
2. 800 МЕ
3. 1500 МЕ
4. 200 МЕ
5. 500 МЕ (+)
??? № 65
Жас нәрестелердің гемолитикалық ауруының емі:
1. Оттегілік терапия
2. Антибиотикотерапия
3. Симптоматикалық
4. Ауыстырып қан құю (+)
5. физиотерапия
??? № 66
Аллергиялық диатез кезінде тіл шырышты қабытының өзгерісі:
1. «Таңқұрай» тіл
2. «Географиялық» тіл (+)
3. «Жылтыр» тіл
??? № 67
Баланың физикалық дамуы көрсеткіштері:
1. кеуде, бел және жамбас өлшемдері
2. самақтың бойға қатынасы (+)
3. салмақ, бой, бас және кеуде аумағы өлшемдері
??? № 68
5 жастағы балалардың тыныс алу жиілігі (1 минутта):
1. 16-20.
2. 20-30. (+)
3. 30-40.
??? № 69
Мерзіміне жетіп туған нәресте бірінші айында салмағына қанша қосады
(грамммен):
1. 1000
2. 900
3. 800
4. 700
5. 600 (+)
??? № 70
Д гипервитаминозының диагностикасы үшін қажет:
1. Жалпы зәр анализі
2. Нечипоренко бойынша зәр сынамасы
3. Зимницкий сынамасы
4. Сулкович сынамасы (+)
5. Зәрді стерильдікке егу
??? № 71
Бала терісі АФЕ-сі:
1. нәзік, жұқа, қантамырлармен жақсы жабдықталған, қызғылт
(+)
2. созылғыштығы, серпінділігі нашар
3. құрғақ, жарылғыш
??? № 72
БШАИЖ (ИВБДВ) үлгісі бойынша жедел респираторлы инфекция кезінде ыстықты
түсіру үшін келесі дәрі қолданылады:
1. ибуфен;
2. парацетомол; (+)
3. аспирин;
??? № 73
Жатырішілік гипотрофиямен шала туған нәрестенің тамақтандыру көлемін
қайдай көрсеткішпен есептеу қажет, егерде оның тамақ деген толеранттылық
болса:
1. орташа салмағы
2. қазіргі салмағы
3. туған кездегі салмағы (+)
4. негізгі салмағы
??? № 74
Кеуде сүтінің бөлінуін белсендіретін гормонды көрсетіңіз:
1. кальцитонин
2. тироксин
3. инсулин
4. Окситоцин
5.Пролактин (+)
??? № 75
Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса,науқас баланы
емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:
1. Мүмкін болатын бактериялық инфекция
2. Жұтқыншақ абсцессі
3. Стрептококксыз фарингит
4. Стрептококкты фарингит (+)
5. Мастоидит
??? № 76
Баланы аралас тамақтандыруға көшіреміз:
1. аталғандардың барлығы дұрыс (+)
2. бақылап тамақтандығанда қалыптан кем мөлшер қабылдаса
3. анасы сүт бездеріне сүттің азайып кеткенін байқаса
4. бала салмақ қоспай қалса
??? № 77
Еркін ана сүтімен тамақтану дегеніміз:
1. әр 3 сағатта түнгі үзіліспен
2. әр 3 сағтта түнгі үзіліссіз
3. баланың талап етуі бойынша (+)
4. белгілі уақытта баланың қажет ету көлемі бойынша
??? № 78
Ревматизмнің активті фазасында науқастар емделеді:
1. Үйде
2. Стационарда (+)
3. Санаториде
??? № 79
Гипофиздің алдыңғы бөлігі гиперфункциясы салдарынан болады:
1. фондық аурулардың орын алуы
2. нанизм
3. гигантизм (+)
4. семіздік
5. жыныстық жетілудің ауытқуы
??? № 80
Бірінші дәрежедегі теміртапшылық анемия кезіндегі гемоглобиннің деңгейі (г/л):
1. 100-120
2. 90-110 (+)
3. 70-90
??? № 81
Шала туған нәрестелерге мешелдің профилактикасы жүргізіледі:
1.бірінші аптаның соңынан
2. үш аптадан бастап (+)
3.4 аптадан бастап
??? № 82
Емшек жасындағы балада бел лордозы дамитын уақытта атаңыз:
1. 5-6 айлық жасында
2. 7-8 айлық жасында
3. 10-11 айлық жасында (+)
4. 15-16 айлық жасында
??? № 83
Жас нәрестелерде өткір кезеңдегі орталық жүйке жүесінің туа біткен
жарақатын негізгі емдеу принципі:
1. Антибиотиктерді тағайындау
2. Электр тогымен емдеу
3. Массаж және емдік жаттығулар (+)
4. Дәрумендерді тағайындау
??? № 84
Жаңа туған сәбидің ауыр дәрежедегі асфиксиясы Апгар шкаласы бойынша
сипатталады:
1. 10-8 ұпай
2. 6-7 ұпай
3. 7-8 ұпай
4. 3-1 ұпай (+)
5. 0 ұпай
??? № 85
Жас нәрестенің физиологиялық жағдайына жатады, тек біреуінен басқа::
1. физиологиялық сарыауру
2. салмақтың физиологиялық азаюы
3. зәрқышқылды инфаркт
4. жыныстық криз (+)
5. жас нәресте күлбіршегі
??? № 86
Темір препаратын жақсы сіңу үшін ішеді:
a) Сүтпен
b) сумен
c) Цитрус шырынымен (+)
d) Минералданған сумен
??? № 87
Қай кезеңде бала гуілдей бастайды?
1. 2 апталығында
2. 1 айлығында
3. 1,5 айлығында (+)
4.4 айлығында
??? № 88
Гемолитикалық аурудың клиникалық формалары:
1. айқын, латентті
2. асқынған, асқынбағын
3. жеңіл, көк, ақ
4. анемиялық, сарғыш, ісікті (+)
5. типті, атипті
??? № 89
Емшек жасы – ол:
1. алғашқы 28 күндері
2. туғаннан бастап бір жасына дейін
3. 29 күнінен бастап бір жасқа дейін (+)
4. туғаннан бастап 6 айына дейін
??? № 90
Сыртқы кефалогематома-бұл қан құйылу:
1. бастың жұмсақ ұлпаларына
2. ми затына
3. қатты ми қабатының үстіне (+)
4. қатты ми қабатының астына
??? № 91
Ерте жастағы балалардың орталық жүйке жүйесі /ожж/АФЕ-сі:
1. ожж жақсы жетілген, қоршаған ортаға жылдам бейімделеді
(+)
2. бала шартты рефлекстермен туылады
3. ожж жақсы жетіліп, туылғандықтан ерекше күтім қажет емес
??? № 92
Кювез аппаратын қолданғандағы мақсат:
1. инфекциядан қорғау
2. шала туылған балаға қолайлы микроклимат ұйымдастыру (+)
3. тікелей қатынастан қорғау
??? № 93
Дені сау емшектегі нәрестенің үлкен еңбегінің көлемі:
1. 0,5х0,5 см.
2. 1,0х1,0 см.
3. 1,5х1,5 см.
4. 2,0х2,0-2,5 см. (+)
5. 3,0х3,0 см
??? № 94
Үстеме тамақты енгізу ережелері:
1. бала толық емшекті сорып алғаннан кейін беріледі (+)
2. емшек алдында талабына сай көлем беріледі
3. көлемі біртіндеп көбейтіледі
??? № 95
Ревматизмнің қоздырғышы:
1. Вируспен
2. Ішек таяқшасымен
3. Стрептококк (+)
4. Стафилококк
??? № 96
«Д» -гипервитаминозының алғашқы клиникалық симптомы:
1. гипертермия
2. жөтел
3. гликемия
4. анорексия (+)
5. бұлшықет тонусының жоғарлауы
??? № 97
Жасырын спазмофилияның белгісі:
1. желке бұлшықеттерінің тартылуы
2. ларингоспазм
3. Керинг симптомы
4. Хвостек симптомы (+)
5. «Батып бара жатқан күн» симптомы
??? № 98
Балалардағы тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері:
1. мұрын жолдары тар, кілегейлі, жұқа бездердің дамуының жетіспеуі,
қанмен бай қамтамасыз етіледі (+)
2. мұрын жолдары кең, қалқандары жұқа, кілегейлі, ісінген
3. қосымша қайнаулары қалыптасқан, жасмұрын өзекшесі кең
??? № 99
Эндокрин жүйесі зақымдануы семиотикасы:
1. дене мүшелері диспропорциясы
2. жыныстық жетілудің ауытқулары
3. тахикардия, тершеңдік, АД↑
4. физикалық-жүйкелік-психикалық ауытқулар
5. аталғандардың барлығы (+)
??? № 100
Қан түзу жүйесі АФЕ-сі:
1. гемограмма балалық шақты 3 кезеңге бөледі (+)
2. жас нәрестеде қан түзу жүйесінде физиологиялық анемия болады
3. ішкі және сыртқы қолайсыз факторларға сезімтал емес
содержание ..
3
4
5
6 ..
|